• Tidak ada hasil yang ditemukan

Ділдік лексикондағы сөзді айырып тану үдерістері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Ділдік лексикондағы сөзді айырып тану үдерістері"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Ділдік лексикондағы сөзді айырып тану үдерістері

Кенжеғалиев С.А.

КГТИ-Лингва Орталық Қазақстан университеті (Қазақстан)

В статье анализируется психолингвистический процесс узнавания слова. При этом оцениваются модели и основные понятия этого процесса.

In this article (Paper) is analsed the psycholinguistic process of recognizing the word. Models and essential notions of this process are evaluated with it.

ХХ ғасырдың соңғы шенінен бері қарай зерттеушілердің жеке лексикон мәселесін зерттеуге деген ықыласы едәуір артып отыр. Инсанның ішкі лексиконының құрылымы мен ұйымдастырылуы, әсіресе, сӛзді қабылдау үдерістеріндегі лексиконның рӛлі – қазіргі психолингвистикада қаралатын қызықты да ӛзекті мәселелердің бірі. Сӛзді айырып тану үдерісі кезінде сӛздің қызметіне айырықша назар аударған жӛн. Сӛзді айырып тану үдерісі мәселесіне қатысты отандық және шет ел ғылымында сӛзді айырып танудың кӛптеген үлгілері бар. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік.

Психолингвистикада «Белсендендіру» үлгісі бойынша, сӛзді айырып тану барысында сӛздің бастапқы бӛліктерін тыңдаушы қабылдаған кезде, кез келген таныс дыбыс оны сол позицияда тұрған барлық сӛзбен жедел түрде байланыстырады, ӛзектендіреді. Мұнан әрі осындай белгілі болуға немесе танылуға тиесілі сӛздердің кез келгені оның жорамал мағынасымен үйлестіріледі, яғни семантика іріктелетін қатардың үйлесуіне әсер етеді. Ақпараттың үстемелену шамасына қарай кейбір сӛздердің белсенділігі онан сайын артады, ал басқалардың белсенділігі бұл сӛздің контекске біріктірілуі әсерінен тӛмендейді. Сӛйтіп, бұл үлгі - сӛз саптау әрекетінде іздестіру үлгісіне ұқсас болып келеді және сӛздер, олардың бірі жетекші рӛлге ие болғанша, жандана түседі, ал бұл кезде сәйкес келмеген сӛздер үдемелете ығыстырылады. Мысалы: сӛздік құрамнан мал терісінен тігілген киімнің атын табу керек болды дейік. Біз оның ш, к дыбыстарымен байланысты екенін білеміз, бірақ есімізде жоқ. Біз шұғыл түрде шек, шәк, шекпен, ішік сияқты сӛздерді қатарластыра салғастырамыз. Осының ішінен біз жадымызға сүйеніп іздестіру барысында шек пен шәктің мағынасында күмән болғандықтан қатардан шығарып тастаймыз да іздестіруді үдете түсеміз. Осының біреуі ғана қалуы керек. Бұл жерде шекпеннің графика-фонемалық ерекшелігіне қарап, бұның іш, астармен байланысты екендігін анықтаймыз. Мал терісінен киім тігілгенде сыртынан қапталатындығы есімізге түседі, демек терінің киімнің ішкі жағында екенін анықтаймыз. Сӛйтіп барып «ішік» деген сӛздің мал терісінен тігілген киім екендігін танимыз.

Сӛз саптауда сӛзді іздеу үлгісімен біршама ұқсастығы бар үлгіні психолингвистикада каскад үлгісі деп атайды, мұны қазақша сатылама деп аударуға болады. Бұл үлгі бойынша, алғашқы сатыда белсенділігі танылған барлық ақпараттың кейінгі сатыларда да ӛңделуіне мүмкіндік туады (яғни судың сарқырамадан тӛгілуі кезіндегідей әрекет жүреді). Мұнда бір сӛзді басынан аяғына дейін қадағалау емес, сӛздің мүмкін болған қатарын жалғыз қажетті сӛзге жеткенше бір сӛзден соң келесі сӛзді сатылап іздеу тірек болады.

Сӛзді айырып тану үлгілерінің бұдан да басқа жіктемелері бар. Мәселен, сӛйлеуді қабылдау және сӛзді танудың «пассив» және «актив» үлгілері бір-біріне шендес құбылыс ретінде ұсынылады. Кӛптеген ғалымдардың кӛрсетулеріне қарағанда, мұндай үлгілерді үш үлкен топқа бӛлуге болады: 1) бірліктерді бірізді жолмен іріктеу; 2) кейбір бірліктерді қосамжарластыра ӛзектендіру; 3) осы екі амал-әрекеттің біріктірілуі (гибридті үлгілер). Осылардың ішіндегі гибридтік үлгі (қазақша будан үлгі десе де болады) тек соңғы жылдары ғана анықталды. Бұл үлгілердің түрлері арасындағы негізгі айырмашылық мынадан байқалады. Үлгілердің бірінші түрі сӛзді жадыдан іздеу үдерісінен келіп шығады. Бұл жағдайда жадыда сақталатын бірнешелеген баламаларды тиімді, әрі тез іздестіруді қамтамасыз ететін лексикалық бірлестіктер ӛзіне тән ерекшеліктерге ие болады. Үлгілердің екінші түрі сӛзді айырып тануды белсендендіру үдерісі арқылы үйлестіріледі. Бұл үлгілер бойынша, танылуға тиесілі лексикалық сӛздер олардың ену сигналына қаншалықты сәйкес келетіндігіне орай ӛзектенеді. Жауапты таңдап табуға тірек болатын белгілер үлгілердің әр түрі үшін әр түрлі болып келеді, бірақ кейбір бірліктердің таңдалуы абсолютті (даусыз, күмәнсіз) болмайды, оның белсенділігінің салыстырмалы деңгейде де болуы мүмкін. Үлгілердің үшінші тобы алғашқы екі топ үлгілерінің жорамалдарын үйлестіреді.

Мұндай гибрид үлгілер мынадай сипатта жүзеге асады: алдымен танылуға бірнеше үміткер сӛз тартылады, содан кейін ғана іздестіру үдерісі керекті бірлікті айқындау үшін қолданылады.

(2)

Сӛзді айырып тану үлгісінің тағы бір түрі - А.А.Залевская еңбегінде кӛрсетілген Д.Массаро үлгісі /1, 180/. Д.Массаро мынадай маңызды сауалды ӛлшемдерді таразылайды:

1) сӛзді тура не жанама жолдар арқылы тануға бола ма ( мысалы, фонемаларды тану арқылы түсіну)?

2) сӛздің белгілі бір санатқа тәуелділігі факт ретінде мақұлдана ма, жоқ па әлде осы санаттың бӛлшектенген түрі ретінде түсінідіріле ме?

3) психикада сӛз ӛңдеуді бастамай тоқтата тұруға бола ма немесе түрлі сигналдар арқылы берілетін ақпарат бұл үдерісті тоқтатпай жүргізе бере ме?

4) жадыда сӛзді қайтара ұсыну (репрезентацияға қол жеткізу) жалғасты не қатарласқан түрде бола ма?

5) сӛзді айырып тану үдерісі ӛз бетімен жеке әрекет ете ала ма немесе ол контекске қатысты ма?

Жоғарыдағы сипаттамалардың барлығы сӛзді танудың қолда бар үлгілерін салыстырмалы түрде талдау үшін маңызды. Ділдік лексикон мәселелерін талдау үшін, әсіресе, сӛзді айырып тану мәселесін талқылау үшін оның негізгі сипаттары туралы бүгінгі заманғы кӛзқарасты бейнелейтін Д.Массаро үлгісін тысқары қалдырмауды дұрыс санаймыз, ӛйткені зерттеушіге пайдалы ой түсіреді. Айталық, Д.Массаро тұжырымының негізгі ӛзегі сӛйлеуді қабылдау кӛптеген ақпарат кӛзіне негізделетіні туралы тезисі инсанның лексиконы ақпарат ағымы мен оны қабылдаудың дәрежесіне орай екенідігін дәлелдей түседі. Ӛйткені қабылдаушы адам перцептивті тану мүмкіндігіне қол жеткізу үшін ақпарат кӛздерін бағалап, біріктіреді. Акустикалық сигналдың ӛзінде тыңдаушының хабарды түсінуіне арналған тіректер болады. Тыңдаушы кӛп мағыналы сигналды түсіну үшін жағдаяттық және тілдік контексті іске қосады, сонымен бірге басқа модальдік ақпараттарды (еріннің қозғалысы, ым) пайдаланады. Бұған қазақтың «Шық бермес Шығайбай» ертегісінен мына бір үзіндіні мысал ретінде келтіруге болады:

Бай кетісімен, Алдар оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:

- Ал, қызыңыз Бізбикені киіндіріңіз, - дейді.

- Е, не үшін!

- Баймен келістім, мен қызыңызды алып кететін болдым.

- Жоғал әрі сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, - дейді.

- Әйтпесе, ӛз құлағыңмен естіп қал,- деп, сыртқа шығып, кӛп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:

- Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең,- дейді.

- Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің кӛзін,- деп айқайлайды бай.

- Әне, естідің бе? – дейді Алдар қасында тұрған әйелге.

- Мына кәрі ит алжыған ба ӛзі! Елді құртқан бір қу аяққа қыз беріп құтырған ба? – деп, таң қалады әйелі. Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма! Анау –мынау дегенге кӛнбестен, жасауын буып, қызды атқа мінгізеді [4, 228].

Кӛріп отырғанымыздай, Алдардың «қулығы» есту сигналдарының ерекшеліктері мен модальдік ақпараттарды ӛз мүддесіне оңтайлы етіп пайдалана білуінде.

Сӛздің қайта ӛңделуі кезеңдердің жалғастығы ретінде білінеді. Алғашқы перцептивті тануда үш іс-әрекет орындалады: белгілерді бағалау, белгілерді біріктіру және шешім қабылдау.

Бӛлшектенген күйдегі белгілер жадыдағы прототип сӛздің бейнесімен бағаланады, бірлестіріледі және салғастырылады; прототип сӛз бейнесінің ынталандырушы ақпаратына белгі салыстырмалы түрде сәйкескенде, шешім қабылданады.

Мысал үшін айталық, сіз бұрын «Қарына тартпағанның қары сынсын» деген мақалды естімедіңіз дейік. Мұның ішінде сізге контекске, жағдаятқа байланысты қар сӛзі түсініксіз болып тұр. Сіздегі прототип сӛз «қар» табиғат құбылысының атауы ғана. Онымен бағалап, салғастырып, бірлестіріп кӛрдіңіз, сол прототиптің беріп тұрған ақпаратымен бұл контекст сәйкеспейді. Демек, сіз сӛзді танымайсыз, мойындамайсыз, шешім қабылдау мүмкіндігіңіз жоқ. Басқа прототип іздейсіз. Контекстен қардың әйтеуір бір сынатын нәрсе екенін, адамның бір мүшесі екенін байқайсыз. Фонетикалық ұқсастық іздей бастайсыз: қар-қарындас-қандас, сатылап іздеп тартқанда немен тартасың, қолмен, «қарым талып қалды» деген айтылысты еске түсіруіңіз мүмкін. Міне, осылайша сіз естіген мақалыңызды лексикалық құрам, соған орай мазмұн жағынан қабылдайсыз, сӛйтіп, ол сӛздер сіздің лексиконыңызға кіреді.

Д.Массаро үлгісінің негізгі ұғымы, байқап отырғанымыздай, прототип деп аталады. Бұл - әр түрлі сипаттардың не белгілердің конъюкциясын немесе байланысын құрайтын перцептивті тілдік бірліктердің жиынтық бейнесі болып саналады. Д.Массаро прототипті санат ретінде түсіндіреді,

(3)

мұндай белгілер репрезентациясының дәл формалары беймәлім және ешқашан анықталмауы мүмкін деп есептейді, алайда ділдік репрезентациялар есту арқылы және оқу кезінде қабылданылатын сӛзді ӛзгерту болып табылатын сенсорлы репрезентациялармен сәйкестендірілуі керек, естілген және кӛзбен кӛріп оқылған сӛзді қайта ұсыну бір-бірімен байланысты болуы шарт.

Сӛзді айырып тану үдерістері жайлы сӛз қозғағанда, қазірде психолингвистика мен нейропсихолингвистиканың дамуы нәтижесінде фрейм (М.Минский) және гештальт (Дж.Лакофф) ұғымдары енгізілді.

Фрейм – концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым нобай. Ол концептінің ең жақын семаларынан құралады және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы кӛрініс табады. Фрейм – прессупозициялық модель. Егер адамның тілде таңбаланған заттар мен құбылыстар туралы білімі жеткілікті болса, егер оған белгілі бір оқиға шеңберіндегі жағдаяттардың ӛту кезеңі белгілі болса, онда ол адам сол тілдік құрылымды фрейм ретінде қабылдай алады. Алғаш рет фрейм теориясын жасанды интеллект саласындағы американ ғалымы М.Минский ұсынды. Адам миында белгілі бір стереотипті жағдаяттың кӛрініс табуына арналған белгілі бір ақпарат құрылымы фрейм ұғымымен беріледі, оны бір-бірімен жалғасып жатқан тор ретінде елестетуге болады [2, 34]. «Адам жаңа нәрсені танып білу немесе белгілі нәрсеге жаңа кӛзқараспен қарау үшін жадыдан фрейм деп атаған ақпарат құрылымын оның кейбір тұстарын кең кӛлемдегі құбылыстар мен үдерістерді түсінуге жарамды етіп ӛзгерте отырып, таңдап қолданады»

[2. 35].

Алайда М.Минский ӛзінің теориясында адамның ойлауы мен жасанды интеллект арасының ара жігін ашпайды. Оның пайымдауынша, адам ойлау арқылы бейнелерді кӛзбен кӛре алады, ол – семантикалық фреймдер түрінде кӛрініс береді, яғни адам осының нәтижесінде сӛздердің мағынасын түсіне алады, белгілі бір іс-қимылды қабылдай алады (сценарийлі фрейм) т.б. Егер ақпаратпен толыққан адам жадындағы белгілі бір фрейм сол жағдаятқа сәйкессе, белгілі бір ойды түсіну үдерісі нәтиже бере алады. Алайда, жағдаят пен фрейм кӛбіне сәйкес келе бермейді, сондықтан сол жағдаятқа мейілінше жақын келер фрейм таңдап алуға мәжбүр боласыз. Қазақ осыған орай «Жүйелі сӛз жүйесін табады, жүйесіз сӛз иесін табады», «Аңдамай сӛйлеген ауырмай ӛледі» деген ескертулер жасайды. Сондай-ақ, мына бір жағдаятты мысал етуге болады. Кейде ойы ізгі болса да, жастар үлкен адамға «Асарыңызды асап, жасарыңызды жасаған адамсыз» деп құрмет кӛрсеткен болып жатады. Бұл ойды түсіну жағдаятқа сәйкес келмеуі әбден мүмкін.

Мәселен, ақсақал ақылман адамның кӛзіне осы сӛзді айтсаңыз, ой, шын мәнінде, бұрмаланып шығады («Ӛле беруге болады» дегендей болып түсініледі). Ал оның сыртынан айтсаңыз, фрейм мен жағдаят сәйкес келеді (Сіз ақсақалдың сіңірген еңбегінің мол екенін айтқан болып шығасыз.), сондықтан ой да түсінікті болып шығады.

Бір айтып кететін жайт - М.Минскийдің теориясына қосымша енгізсе де болар еді. Ӛйткені адам әрқашан таныс жағдаяттармен ғана ӛмір сүрмейді, ол, тіптен, бейтаныс жағдаяттарды, оған сәйкес фреймдердің мүлдем әлі түзілмегеніне қарамастан, түсіне алады. Айталық, қарапайым еңбек адамы ғылыми ортаға түскенде, ғылыми әңгіменің тақырыбы, мәселелері оған таныс болмай шығады, яғни, онда фрейм түзілген жоқ. Алайда, мәселенің мәнісін түсінеді. Ӛз менталитетіне қарай лексиконды қолдану арқылы әңгімеге араласуы да мүмкінМына айтып тұрғаның кәдімгі анау ғой» деген сияқты.). Түсінігін ӛзі кӛрген тәжірибесімен байланыстырып сӛйлеуі мүмкін.

Гештальт – ойлауға тән ұғым. Оны алғаш ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымдары болатын. (неміс тілінде Gestalt - фигура, форма, құрылым) психологиялық теория – гештальттық психологиядан бастау алады. Гештальтты құрылым – дәлме-дәл емес, бірақ тұтас, жалпылық сипаттағы түсінік. Аталған термин қандай да бір теорияға негізделеді, яғни оны тұтас теориядан бӛліп қарастыруға келмейді. Ӛйткені гештальт мұндай жағдайда белгілі бір ұғымды таныту қасиетінен айырылған болар еді. Оны теориялық тұтас құрылым болатындықтан нақты бейнелеу мүмкін емес. Алайда, гештальт – образ, форма, бір ғана сӛз болуы да мүмкін. Сонда, жоғарыда кӛрсеткеніміздей, терминдік мағынасының ӛзі «бейне, құрылым, біртұтас форма» дегенді білдіреді [3, 12]. Осы тұста «біртұтас форма» дегенге ділімізге қатысты «ұзын ырға, сом, жалпылық»

сияқты ұғымдардың да саятынын ескеруге тиіспіз. Демек, гештальттың қызметі сан алуан. Сан тарапты нәрсенің ұзын ырғасын біртұтас, сом күйінде қабылдату. Біртұтас дейтін себебіміз – сол:

онда негізгі рӛлді жеке бӛліктер атқармайды, жалпы құрылым атқарады. Мысалы, бұлтты бӛлшекті түрде суреттеу мүмкін болмағандықтан, адамның оны гештальт ретінде тұтас қабылдайтыны сияқты.

Байқағанымыздай, «гешталтьке санамен бӛлшектеп кӛрсету тән емес. Ол тосыннан жарқ

(4)

етіп, ерекше күй арқылы дүниеге келеді» [3, 13-14]. Яғни, ол – тіл арқылы концептілер құрылымының басты стилі болып табылатын белгілі бір жағдаят және этимология арқылы семантикасын айқындау қиын болып табылатын концептуалды кӛрініс, сурет туралы түсініктерді тіл иелері санасында тілдік кодтау тәсілі. Осыған сәйкес адамның түр әлпеті сурет ӛнерінің үлгісі болғандықтан, гештальт ретінде ғана қабылданады. Олай дейтініміз, дара тұлға, эмоция түрлері, ішкі қажеттілік, тілдік сана, бүкіл шығармашылық үдеріс гештальт арқылы жасалады, гештальт арқылы формаға ӛтеді. Мысалы, шахматшы жеке фигуралардың тақтада орналасуын ғана емес, жадында сан алуан гештальттер санын сақтайды да, қажет болған жағдайда оларды жүзеге асырады. Осыдан тиісті объектілердің бүтін бейнесі сақталатынын және бұл бейнелер жиынтығы гештальт болып табылатынын байқаймыз.

Ендеше, гештальт жүзеге аспаса, құрылым да түзілмейді. Бұл тұста біз кӛзбен емес, ми арқылы танимыз деген тұжырым орынды болмақ, яғни ақын Абайдың «ішкі кӛзі» негізгі орынға ие болмақ.

Бұл туралы тілші-ғалым Қ.Ә.Жаманбаева ӛзінің «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері»

атты еңбегінде кӛркем шығарманың құрылымын түзуде гештальттың қаншалықты рӛл атқаратына мысалдар арқылы біраз түсінік береді. Мұнда мысал жанрының кӛркем формаға айналған екінші түрі нысанға алынған. Ғалымның пікірінше, осындай поэтикалық мысалдағы бір-біріне қарама- қарсы екі себеп шығарманың қозғаушы күшіне айналады. Шығарма құрылымындағы нәзік ӛрілген осындай психикалық бағыттар мысал ӛлеңдерде, бір қарағанда, анық байқалмауы да мүмкін. Оны оқырман оқу үстінде талдап, автоматты түрде «ішкі кӛзбен» кӛру арқылы шығарма сюжетімен бір уақытта тұтас қабылдайды. Бірақ оқырман оны үнемі байқап отыруы гештальт теориясында шарт емес. Мысалы, кәдімгі ас ішу құралы шанышқыда қанша тіс бар екенін қапелімде дӛп басып айта алмау сияқты [3, 10-14]. Соңғы жылдары танымдық бағыттағы лингвистикада сӛйлеу әрекеті кезіндегі ӛте бір маңызды жайт айқындалды. Нақтырақ айтқанда, мәтін түзу және оны тыңдаушының түсінуі үдерісі кезінде осы әрекетке қатысатын сӛйлеуші мен тыңдаушы тек тілдік біліммен (тілді білу дәрежесі) ғана емес, сонымен қатар одан тысқары білім жүйесімен де жұмыс істейтіндігі жӛнінде тұжырым жасалды. Тілдік және тілдік емес білім арасындағы ӛзара қатынастың болатындығын және де оларды қатар зерттеу қажеттігін А.А.Залевская ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді [1]. Мәселен, түзу деген сӛзді тілді білетін адам оңға я солға бұрылысы жоқ бағыт деп қана түсінер еді, ал математикадан жақсы хабардар адам (яғни, тілден тыс білімі бар адам) мұны сонымен бірге «екі нүктенің арасындағы ең қысқа қашықтық» деп те түсінеді.

Демек, бұл тұста мәселе антропоцентризммен қабысып жатады. Ал антропоцентризм психилингвистиканың негізгі тірегі екені дәлелдеуді қажет етпейді. Олай болса тілдік білімді когнитивтік құбылысқа ғана теліп қою әділет емес. Ол - адам жанындағы (психикасындағы) ділмен тығыз байланысты айырықша құбылыс.

Оның үстіне, С.Д.Кацнельсон да тілдік тетіктердің сана тетіктерімен, белгілі бір адамның жеке тәжірибесін құрайтын біліммен тығыз байланыста екенін айтады. Дж.Р.Андерсон, В.Дж.Чейз, Х.Х.Кларк және В.Кинч тілдік және тілдік емес білім адам жадында ортақ пропозиционалды формада кӛрініс табады деген пікірді жақтайды. Пропозиция репрезентацияның бірлігі болып табыла отырып, ділдік құрылым ретінде, яғни, белгілі бір жағдаяттың немесе қарым- қатынас түрінің санамызда жалпыланып және белгілі бір жүйелі тәртіпте берілуі ретінде түсініледі.

Сӛзді айырып тану үдерісіне қатысты келесі бір ұғым - «сценарий немесе «скрипт» ұғымы.

Бұл – жадыда белгілі бір құрылым үлгісінде сақталатын бірінен соң бірі келетін сатылы әрекет.

Скрипт – концептілік, мәтіндік құрылымның бір типі. Скриптіні қалыптастыратын басты элемент - фрейм. Скриптінің санадағы кӛрінісі – сценарий құрылымының кеңейтілген формасы.

Скрипт кӛзбен кӛрген нақты тәжірибеден ӛткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттар арқылы немесе басқа адамдардың әрекеттерін мұқият есте сақтау арқылы жинақталған ақпараттардан құралады. Яғни, адам тануға дайын сценарийлер мен фреймдерді топтастырып ұғынады. Скрипт - мәтінді тануда басқа бір оқиғаларды ой елегінен ӛткізіп, одан концептінің бір қырын танытатын фрагменттерді автоматты түрде салыстырып, не ұқсатып ойша табуға деген ептілік. Скрипт кӛмегі арқылы санадағы бүтін концептіні (мәтінді) модельдеуге болатыны айқындалады. Скриптіге тән қасиет – мәтінге енетін фреймдер мен сценарийлердің қайталануы. Скриптіні қалыптастыратын оқиға фрагменттері мынадай мақсатта қолданылады:

локациялық (уақыт пен кеңістіктегі оқиғаны бейнелеу); логикалық (ойлау әрекетін тану);

процедуралық (оқиғаның ӛтілу тәртібі); насихаттау, үгіттеу, иландыру түрінде қолданылады.

Дәлел үшін экспериментімізге қатысқан Бексұлтанның (студент) бұғу деген сӛздің концептісіне

(5)

қалай ой жеткізгенін мысалға келтіруге болады. Ол әуелде бұл сӛзді «жасырыну» деп қана ұққан.

Кейін үлкендердің түсіндіруімен, ӛзінің кӛрген тәжірибесі арқылы бұғудың жасырыну ғана емес,

«басты тӛмен түсіру» екенін де ұққан. Тілдік білімі мол маман оған бұл сӛздің иек астындағы бұғақ мүшенің қозғалысы екенін де түсіндірген. Нәтижесінде бұғу сӛзін Бексұлтан бұқа, бұғалық, бұғақ, бұйығу сӛздерімен салғастыра топтастырып фрейм түзе алатынын кӛрсетті. Сценарий.

Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының тӛңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады. Бұл жүйені құрайтын бӛлшектер – сценарийлер мен скриптілер. Сценарий белгілі бір фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен құралады. Бірақ ол фреймнен уақыт ӛлшемін шешетін факторлар арқылы ажыратылады. Сценарий концептінің идеясын танытатын сюжеттерден құрылады. Сценарий мен скриптінің фреймнен айырмашылығы уақыттық ӛлшем факторында. Сценарий бірнеше сатылы актілер мен эпизодтардан, ал оның әрқайсысы ӛз кезегінде мағыналары мәдени факторлармен шарттасқан белгілі бір бірліктерден тұруы мүмкін. Фрейм белгілі бір оқиғаны бейнелесе, сценарий - әрекетті бейнелейді. Бұл жерде кейбір ғалымдардың фреймді сценарийден ара жігін айырмайтынын айта кеткен жӛн. Жоғарыда баяндалған жайттардан келіп шығатыны сол – фреймнің ділдік лексиконмен белгілі бір дәрежеде қатысы бар, ал сценарий, біздіңше, лексикон мәселесіне тікелей қатысты емес, оны тілдесіммен қатысты мәселе деп қараған жӛн.

Бұлардан басқа сӛзді айырып тану үлгілерінің түрлері кӛп, алайда біз зерттеу бағытымызға керектерін ғана сӛз еттік. Сонымен, сӛзді айырып тану үдерістері жайлы сӛзімізді қорыта келгенде, олардың айырым белгілеріне, сӛзді айырып тану үлгілерінің түрлері мен қолдануына қарап отырып, бұл мәселе келешекте кеңірек зерттеледі, әлі де ӛз жалғасын табады деген үміттеміз. Әрине, бұл турасында алған бағытымыз бен ұсынып отырған пікірлеріміз, айтпақ болған ойларымыз әлі де болса терең ізденістерді, нақты фактілерді талап еткенімен, ӛз алдына белгілі мақсат-мүдде қоя білді деп тұжырымдай аламыз. Ең бастысы сол – сӛзді айырып тануда қандай құбылыстар мен құрылымдар қажет екенін іріктеп шығаруға ұмтылдық.

Әдебиет

1. Залевская А.А. – Ввдение в психолингвистику. –Москва: Российск. гос.гуманит.ун., 2000.

2. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті: филол. ғыл. д-ры ... дис. – Алматы, 2004.

3. Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. – Алматы, 1998.

4. Қазақтың аңыз әңгімелері. – Алматы: Жазушы, 1989.

5. Фрумкина Р.М. – Психолингвистика. – Москва: Академия, 2001.

6. Залевская А.А. Слово в лексиконе человека: Психолингвистические исследования. -Воронеж, 1990.

Referensi

Dokumen terkait

Осы біріккен сӛздер жӛнінде жарияланған зерттеулердің басында қазақ тіл білімі теориясының алғышарттарын ҧсынған бірден бір ғалым А.Байтҧрсынов тҧратыны белгілі.. Ғалым сӛз тҧлғаларын

Түс – адам жан-дүниесіндегі тылсымға құбылыстардың белгілі бір дәрежедегі көрінісі десек, жан дүниесі екіге жарылған адамның түсі де, дәл осындай түсініксіз болуы да күмән тудырмас