• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАПТЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАПТЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ"

Copied!
9
0
0

Teks penuh

(1)

Ыдырыс Г.Ж., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Заңтану»

мамандығының 1 курс магистранты

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАПТЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ

В данной статье рассматриваются основы гражданского иска в уголовном процессе, возмездие материального ущерба, имевшего место во время преступления, причинная связь между преступлением и вредом, а также, правовые отношения истца и ответчика.

Ключевые слова: гражданский иск, преступление, имущественное право, интерес, материальный и имущественный вред, причинная связь

This article discusses the basics of civil action in the criminal process, retribution

property damage that occurred during the crime, a causal relationship between crime and injury, as well as the legal relationship of the plaintiffand defendant.

Keynotes: civil action, crime, property right, interest, material and property damage, a causal relationship

Қылмыстық процестегі азаматтық талаптың, басқа да кез-келген түрдегі талап тәрізді, екі элементі бар – тақырыбы және негіздемесі. Бұл элементтер оны тағайындау туралы талап деп бағалауға және басқа талаптардан айыруға, іс бойынша дәлелдеуге жататын фактілер тобын белгілеуге және сол арқылы тергеу мен сот органдарының, сондай-ақ талапкер мен жауапкердің табысты қызметін қамтамасыз етуге және талап бойынша заңды және негіздемеленген түрдегі шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.

Азаматтық процесте талап тақырыбы ретінде даулы құқықтық қатынастардан туындайтын талапкердің жауапкерге қоятын талабы түсініледі.

Қылмыстық процесте азаматтық талаптың тақырыбына талапкер (жеке немесе заңды тұлғаның) кінәліге немесе кінәлінің әрекеттері үшін материалдық жауапкершілікте болатын тұлғаларға қоятын талаптары жатады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылдың 24 сәуіріндегі №2 «Қылмыстан жәбір шеккен тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңдарды қолданудың тәжірибесі туралы» қаулысының 17-тармағында азаматтық заңдардың нормаларына сәйкес мүліктік зиян үшін жауапты тұлға оны азаматтық талапкерге немесе жәбірленушіге сол түрінде өтеп беруі (сапасы мен түрі дәл сондай затты ұсынып, бүлінгенін жөндеп және т.б.) немесе жәбірленуші оның мүлігінің талан-таражға салынуымен,

(2)

жойылуымен байланысты болатын келтірілген нұқсанды толықтай өтеп беруі тиіс; нұқсан келтіруші жәбірленушінің жаралануына немесе басқа түрдегі денсаулығына келтірілген зиянға байланысты, асыраушысынан айырылуына байланысты – соны жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеп беруге міндетті деп түсіндірілген. Айыптау үкімі шығарылған кезде айыпталушыдан жәбірленушінің пайдасына соңғысының келісім бойынша анықтауға, алдын- ала тергеуге және сотқа қатысқан өкілінің еңбекақысын төлеуге байланысты шығындары өтеліп алынады.

Жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге жұмсалған шығындармен, іс бойынша өндіріске қатысуға орай арқалаған шығындармен, өкілдік етуге жұмсалған шығындарға қатысты болатын залал оның қылмыстық істен туындап отырғанын назарға алсақ, тікелей қылмыспен келтірілген болып табылмағанымен, заң шығарушы осындай түрдегі шығындарды өтеу туралы талаптардың ұсынылуын жоққа шығармайды.

Қылмыстық істе талапты кінәліге немесе соның әрекеттері үшін материалдық жауапкершілікке ие болатын тұлғаларға залалды кінәлі тұлға көрсеткен болса, ол қылмыстың орын алуының нәтижесінде болмаған болса ұсынуға болмайды, сондай-ақ егер залал қылмыспен келтірілген болса, дегенмен де өзі бойынша осы өндіріс жүргізілген кезде талапты ұсынуға болмайды.

Талапқа негіздеме ретінде өздеріне талапкер өз талаптарын шығаратын және өздерінің орын алуымен заң талапкер мен кінәлінің (азаматтық жауапкер) арасындағы құқықтық қатынастарды байланыстыратын әділет фактілері болады.[1] Әдебиетте азаматтық талаптың нақты және құқықтық негіздемелер бөлінеді.

Нақты негіздемелер деп төмендегілерді есептеуге болады:

1. Ақыл есі сау емес тұлғаның қылмысты немесе қоғамдық қауіпті әрекетті жасауы;

2. Талапкердің тарабында мүліктік зиянның орын алуы;

3. Ақыл есі сау емес тұлғаның қылмысы немесе қоғамдық қауіпті әрекеттінің арасында себептік байланыстың болуы.

Жоғарыда аталған фактілер тек жиынтығында ғана қылмыстық процестегі азаматтық талаптың негіздемесі бола алады.

Қылмыстар. Қылмыстық-процессуалдық заң қылмыстық процестегі азаматтық талапты ұсыну мүмкіндігін қылмыспен ол қасақана жасалған ба немесе абайсызда жасалған ба, онысына байланыссыз сонымен байланыстырады. (ҚР ҚІЖК 164-бабы).

Егер қылмыстық іс бойынша өзіне орай ақтау үкімі шығарылатын қылмыс оқиғасы анықталмаса немесе айыпталушының қылмысты жасауға қатысқаны дәлелденбесе, сот азаматтық талапты қанағаттандырудан бас тартады. Талапкер ендігі уақытта сол талаппен сол тұлғаға қылмыстық, сондай-ақ азаматтық процесте жүгіну құқығынан айырылады.

Қылмыс дегеніміз – бұл қылмыстық жауапкершілік жасына толған ақыл-есі сау тұлғаның қылмыстық заңдармен ескерілген жазалануға жататын

(3)

тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі күдіктінің, айыпталушының немесе айыптының әрекетінде қылмыс құрамының болуымен байланыстырады.

Егер де айыпталушының әрекеттерінде қылмыстың құрамы болмаса, онда ақтау үкімі шығарылады, ал азаматтық талап қарастырусыз қалдырылады. Азаматтық талаптар бойынша талаптарды қанағаттандырудан іс төмендегі себептермен тоқтатылған жағдайда бас тартылуы мүмкін:

амнистия актісіне орай – жеке және жеке-көпшілік кінәлау істері бойынша және басқа да жағдайларда. Алайда бұл жағдайда азаматтық талапкердің қайтадан сотқа жүгінуге құқығы сақтала береді, ол тек азаматтық сот өндірісі ретінде ғана жүгіне алады.

ҚР ҚІЖК 37-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс-әрекетте қылмыстың құрамы болмаса және айыпталушының нұқсан келтіруі заңды болған немесе әрекетті айыпталушы Қылмыстық кодекске сәйкес оның қылмыстығы мен қылмыстық жауапкершілігін жоққа шығаратын жағдайларда жасалған болса тоқталылуға жатады. Бұл жағдайда қажетті қорғану, озбырлық жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі нұқсан келтіру, шекті қажеттілік, негізделген тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау, физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу туралы болып.

Жасалған қылмыс үшін жазалауды жоққа шығаратын жағдайлар басқаша мағынаға ие болады: ұзақтылық мерзімінің өтуі, амнистия туралы актінің шығуы, әрекеттің қоғамдық қауіптілігі немесе соны жасаған тұлғаның жоғалуына себеп болған жағдайдың өзгеруі. Олар мәні бойынша талаптың шешілуіне кедергі болмайды, себебі оның негіздемесін құрайтын барлық фактілер айқын болып келеді. Алайда, талапты қанағаттандыру туралы шешім тек егер іс бойынша тіпті жазалауды тағайындаусыз немесе одан босатумен айыптау үкімі шығарылған жағдайда ғана қабылдауны мүмкін.

Аталған жағдайларға байланысты сот істі тоқтату туралы шешім қабылдаса, онда азаматтық талап мәні бойынша шешілуі мүмкін, себебі ол тек қылмыстық іспен бірге ғана шешіледі. Сондықтан, қылмыстық іс тоқтатылған жағдайларда талап қарастырусыз қалдыруға жатады.

Дәл осындай зардаптар істі қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған тұлғаны қылмыстың ізіне түсу мүмкіндігін жоққа шығаратын негіздемелер бойынша (айыпталушының өлімі, заңмен бекітілген қылмыстық жауапкершілік жасына толмауы, жәбірленушінің арызының болмауы, айыпталушының келісуі) тоқтатқан жағдайда орын алады.

Алайда қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған тұлғаның ақыл-есінің сау еместігі әрдайым істің тоқтатылуына әкеле бермейді. Бұл жағдайда ол бойынша қылмыстық іс оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсатымен жалғасуы мүмкін. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған және артынша оларды өз әрекетіне есеп беру және оларды басқару мүмкіндігінен айыратындай ақыл-ес ауруына шалдыққан тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ өздері жасаған қоғамға қауіпті

(4)

әрекетке қатысты ақыл-есі сау емес деп танылған тұлғаларға да қолданылуы мүмкін.

Ақыл-есі сау емес тұлғаның әрекетімен ҚР ҚК-мен тыйым салынған зиян келтірілген жағдайда ҚР ҚІЖК 410-бабы талап еткендей талапты шешу мүмкін болмайды. Заң өз әрекеттеріне есеп бере алмайтын немесе оларды басқара алмайтын тұлғаға әділеттік жауапкершілікті жүктеуге жол бермейді.

Бұл жағдайда талап қарастырусыз қалдырылуы тиіс.

Сонымен қатар, заң осы ортақ ережеден үш ескертуді жасап отыр.

Бірінші ескерту: соттың жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу міндетін жәюірленушінің және зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, сондай-ақ басқа да жағдайларды ескерумен зиян келтірушіге жүктемелеуі. Жәбірленушіні әлеуметтік қорғау жөніндегі бұл шара өзінің мәні бойынша зиянды жасы кіші және әрекетке қабілетсіз тұлғалар келтірген жағдайдағы зиянды өтеу жөніндегі міндеттерді басқа біреуге ауыстырып жүктеу жөніндегі мүмкіндіктерге сәйкес келеді.

Екіншісі: зиян келтіруші егер ол өзін өз әрекеттеріне есеп бермейтіндей немесе оларды басқара алмайтындай күйге спирттік ішімдіктерді, есірткілік құралдарды қолданумен немесе басқаша әдіспен өзі келтірген болса, жауапкершіліктен босатылмайды. Бұл жағдайда зиян келтірушінің жауапкершілігі туралы айтуға болады, себебі оның кінәсі өзін- өзі ақыл-есін танымайтындай күйге келтіргендігінде болып отыр.

Үшінші ескертпе ерекше болып келеді: зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілік оны келтірушінің өзіне емес, оның зайыбына және жақын туыстарына – ата-анасына және жасы кәмелетке толған бала-шағасына жүктелуі мүмкін. Бұл олар зиян келтірушінің психикалық науқас екендігін біліп, сөйтсе де, оны әрекетке қабілетсіз деп тану және оны қамқоршылыққа ал туралы мәселені қоймаған жағдайда мүмкін болады. Бұл жағдайды өзінің орын алуы үшін жоғарыда аталған тұлғалардың кінәсін анықтау қажет болатындай жауакершілік ретінде бағалауға болады. Бұл ретте олар еңбекке қабілетті және психикалық науқас тұлғамен бірге тұрған жағдайда ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мүліктік нұқсанды қылмыс жасау сәтінде өзіне толған жағдайда заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін болатындай жасқа толмаған тұлға келтірген жағжайда нұқсанның орнын толтыру міндетті.

Талапкердің тарабынан мүліктік зиянның орын алуы.

Қылмыстық процесте азаматтық талапты ұсынудың екінші шартына қылмыстан зиянның болуы жатады. Зиян әрдайым адам құқығына келтіріледі.

Әрекеттегі заңдарда тұлғаның құқықтары материалдық (экономикалық) және материалдық емес сипаттағы құқықтарға бөлінеді.

Оның үстіне соңғы топқа саяси құқықтар, сондай-ақ жеке құқықтар да енгізілген, себебі мұның екеуінің де материалдық мазмұны жоқ. [3]

Мүліктік құқықтар – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мүлікті иеленумен, пайдаланумен және билеумен, сондай-ақ экономикалық

(5)

айналымға қатысушылардың арасында сол мүлікті иелену мен алмасу (тауарлармен, қыметтермен, жүргізілетін жұмыстармен, ақшамен, құнды қағаздармен және т.б.) жөнінде туындап жататын материалдық (мүліктік) талаптармен байланысты болып келетін субъективті құқықтары.

Субъективті мүліктік құқықпен мүдде санаты тығыз байланысты болып келеді. Мүдде мәселесі әртүрлі білім салаларында (философия, психология, социология және т.б. салаларда) сәтті түрде әзірлену үстінде.

Кейінгі кезде ол заңгерлердің, әсіресе жалпы құқық теориясы ғылымы өкілдерінің назарын өзіне аударта бастады. Оны қарқынды түрде әзірлеумен салалық ғылымдар да айналысып жатыр: қылмыстық, азаматтық, азаматтық процессуалдық және қылмыстық-процессуалдық. Дегенмен де, мүдденің мәні туралы мәселе әлі де болса пікірталас тудыруда. Бұл жерде келесі үш көзқарас аса айқын түрде көзге түсуде. Олардың алғашқысына сәйкес, мүдде объективті болып табылады, ал оның субъективті бейнесі ұғымның өзінің құрылымына кірмейді. Екінші көзқарасқа сәйкес мүдде – объективті факторлардың әсерін сынайтын субъективті санат, алғашқылары анайда мүдде ұғымына кірмейді. Үшінші көзқарас тұрғысынан алғанда, мүдде объективті және субъективті белгілердің бірлігі ретінде сипатталады.

Мүдденің объективтілігі келесімен сипатталады: ол әлеуметтік ақиқатпен, өмір сүрудің материалдық жағдайларымен, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттерімен негізделген. Ол сана мен ниетпен емес, өздерінде адам өмір сүріп жатқан қатынастардан туындайды. Санада мүдде адамдардың іс-әрекетін реттеу факторы ретінде айқындалады, себебі мүддені ұғыну – бұл оны жүзеге асыру сәті және демек, субъективті жұптарды құруға арналған жағдай. Осылайша, объективті және субъективті нәрсенің ортақтығы мүддені бір жағынан адамнан байланыссыз етсе, енді бір жағынан сонымен басқарылатындай етеді.

Мүдденің құрылымы күрделі болып келеді, ол үш элементтен тұрады:

мүдденің субъектісі, объектісі және мазмұны. Мүдденің субъектілері туралы мәселе бойынша әдебиеттерде, соның ішінде заңгерлік әдебиеттерде келіспеушіліктер жоқ. Мүдденің субъектісі – бұл оның тасымалдаушысы.

Демек, объективті шындықты мүдделердің тасымалдаушыларына жекелеген азаматтар, әлеуметтік топтар, мемлекеттер жатуы мүмкін.

Субъетивті құқық пен мүдде – бұл біртекті ұғымдар болғанымен, өзара тығыз байланысқан ұғымдар болып табылады. Тұлғаның субъективті құқығы заңда көрсетілген:

1) материалдық немесе рухани аипаттағы белгілі бір игілікті, белгілі бір қоғамдық құндылықты пайдалану мүмкіндігі;

2) белгілі бір әрекеттерді жасау және өзге тұлғалардан тиісті әрекеттерді талап ету құзырлығы;

3) әрекеттердегі зеңмен белгіленген шектердегі еркіндік болып келеді.

Мүдде – бұл субъектінің затқа өзі үшін құнды, тартымды болып келетіндей зат ретінде қарауы. Ол субъективті құқықтың алғышарты, оның мақсаты. Мүдде болмай құқықтар мен міндеттемелер болмайды.

(6)

«Азаматтардың субъективті құқықтары ..., - деп Н.И.Матузов дұрыс айтқандай, - олардың мүдделерін заңгерлік құралдармен қамтамасыз етуге, қанағаттандыруға, қорғауға болатындай мақсатқа арнап белгіленген». [5]

«Мүдде» ұғымымен «заңды мүдде» ұғымы байланысты болып келеді.

Заңды мүдденің заң шығаруда кеңінен қолданылатындығына қарамастан, дегенмен де заңды дефинициялау мәселелесі аса даулы болып қалуда.

Заңды мүдде субъективті құқықтармен қатар құқықтық қорғаудың дербес объектілері болып табылады. Сондықтан, менің пікірімше, заңды мүдделерді жеке тұлғаның субъективті құқықтарына қатыстыруға қарсы шығатын ғалымдардың пікірі дұрыс болып келеді. Заңды мүдделерге сондай- ақ өздері нақты құқықтық нормада ескерілмеген болса да, сөйтсе де заңнан туындайтын, соған сәйкес келетін (б.а. нормативтік-құқықтық сипатқа ие болмайтын) мүдделер жатуы мүмкін.

Азаматтық заңдарға негізделсек, мүліктік құқықтар мен игіліктерге (мүлікке) заттар, ақша, соның ішінде шетел ақшасы, құнды қағаздар, жұмыстар, қызмет көрсетулер, шығармашылық зерделік іс-әрекеттің объектілендірілген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері мен бұйымдарды жекелендірудің басқа да құралдары, мүліктік құқықтар және басқа да мүлік жатқызылады. Заң шығарушы мүліктік құқықтар объектілерін мүліктік игіліктер мен субъективті мүліктік құқықтарға бөледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік құқықтар ретінде барлық материалдық заттар мен басқа да құндылықтар, атап айтқанда, өздері құқық субъектілерінің материалдық және басқа түрдегі қажеттерін қанағаттандыра алатын және азаматтық құқықпен реттеліп отыратын қатынастар саласына енгізілген (сондықтан, мысалы, күн мен күн сәулесі, әлбетте, адамзат игілігі болып табылғанымен, азаматтық құқықтар оюъектілері ретінде мүліктік игіліктер қатарына жатқызылмайды) энергия, жұмыстар мен қызметтер түсініледі. Табиғи ресурстар болып табылатын табиғат объектілері ғана, б.а. адамдық іс-әрекеттің объектілері бола алатын және сол себептен заңнамалық актілермен меншік объектілері деп танылатын объектілерді ғана мүліктік игіліктерге жатқызуға болады. [5]

ҚР АК-нде алғаш рет мүілктік құқықтармен байланысты болмайтын жеке мүліктік емес құқықтарға арналған арнайы параграф енгізілді (оның жекелеген ережелері мүліктік құқықтармен байланысты болып келетін жеке құқықтарды да реттеуге арналған болса да). Бұл ең алдымен ҚР АК 21 –б 1-т.

ережелерімен негізделген, оған сәйкес мүліктік құқықтармен қатысты болмайтын мүліктік емес қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, себебі басқасы заңнамалық актілерде ескерілмеген немесе жеке мүліктік емес қатынастың мәнінен туындайды. [6]

Бұл енгізбе сондай-ақ келесі қасиетімен маңызды болып келеді:

құқықтық қатынастарда жеке игіліктерге ие болатын тұлға шығады. Ол игіліктерді бұзу көбінесе тұлға үшін мүліктік құқықтарды бұзуға қарағанда анағұрлым сезімді болуы мүмкін. Жеке игіліктерге қатысты құқықтар мен жеке мүліктік емес құқықтар бірқатар ортақ белгілермен сипатталады: жеке

(7)

құқықтардың жалпыға ортақ сипаты, басқа құқықтарға байланысты болмауы;

жеке құқықтардың мүліктік емес (материалдық емес) сипаты; жеке мүліктік емес құқықтардың объектісі – жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшелігі, олардың жеке тұлғадан шеттетілмеуі; жеке мүліктік меес құқықтардың абсолюттілігі; тұлғаның жекеленуі; адамның тууымен бірге пайда болуы.

Жеке мүліктік емес құқықтар мүліктік емес сипаттағы игіліктерге қатысты туындайды, соған сәйкес олар негізінен жәбірленушінің бұзылған мүліктік саласын қалпына келтіру мақсатын көзделемейтін әдістермен қорғалатындықтан, процессуалдық заңдар мен орындаушылық өндіріс туралы заңдардың нормаларын қолдану кезінде тиісті ережелер.

Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау ісі мүліктік емес сипаттағы әдістермен жүзеге асырылады. Азаматтық кодекс аса заңды түрде моральдік нұқсанды өтеу құқығын енгізген, себебі жеке мүліктік емес құқықтарды бұзған кезде, әсіресе қылмыс жасаған кезде көбінесе елеулі мөлшердегі моарльдық нұқсан келтіріледі.

Осылайша, зиян жәбірленушінің мүлігіне (жою, бүлдіру, тонау және т.б.), сондай-ақ оның материалдық емес игіліктеріне (өмірі, денсаулығы, еркіндігі және т.б.) әсер етудің нәтижесі болуы мүмкін. Соңғылары әрдайым ақшалай түрде көрсетіле бермейді.

Егер қылмыстың зардаптарын өзгертуге, белгілі бір шамаларда бағалауға болатын болса, олар мүліктік (материалдық) нұқсан құрайды.

Қылмыстың зардаптары экономикалық мазмұны мен құндылық нысанға ие болмаған жағдайларда, олар мүліктік емес деп саналады, олардың қатарына моральдік нұқсан жатады.

Моральдік нұқсан ретінде азамат оның жеке мүліктік емес құқықтары мен игіліктерін заңға қарсы бұзу, төмендету немесе солардан айырудың нәтижесінде басында өткеретін әдептік немесе физикалық жәбірін түсінген дұрыс. Атап айтқанда ол төмендегілерден байқалады:

- жарақат алуына немесе денсаулығының басқа да зақымдануына орай бастан өткеретін физикалық ауырсынулар мен жәбірленулерден;

- тұлғаға қатысты оның отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының заңға қарсы әрекеттерімен туындалған рухани жәбірленулерден;

- мүліктің жойылуымен немесе бүлінуімен байланысты рухани жәбірленулерден;

- жеке немесе заңды тұлғаның ар-намысын, іскерлік беделін түсіруден.

Адамның эмоциялық-жігерлік сезімдері ретінде әдептік жәбірленулер деп Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылдың 23 маусымындағы «Соттардың моарльдық зиянды өтеу туралы заңдарды қолдану туралы» қаулысы оның сезінетін ар-намысына тию, ашулану, басылу, ыза болу, ұялу, залалдық сезімдерін, ыңғайсыздық күйін және т.б.

түсінеді.

(8)

Заңды тұлғаларға келтірген мүліктік емес нұқсан ретінде олардың іскерлік беделін түсірумен, фирманың атауына, тауар белгісіне, тауар маркасына қол сұғумен, коммерциялық құпияны жария етумен, сонлай-ақ беделін түсіруге немесе оның іс-әрекетіне деген сенімнен айыруға арналған әрекеттерді жасаумен байланысты орын алған мүліктік емес сипаттағы шығындарды түсіну керек. Жеке және заңды тұлғаға заңға қарсы шешімдерін, әрекеттермен немесе әрекетсіздікпен келтірілген моральдік нұқсанды соны келтірген тұлға, ол кінәлі болған жағдайда өтейді. Моральдік зиян ақшалай, басқа мүлікпен немесе басқа әдіспен өтеледі.

Ақшалай өтеудің көлемі заң бұзушылықтың сипатына, физикалық және рухани жәбірдің тереңдігіне, жәбірленушінің қабілеттерінің нашарлауына немесе оны соларды іске асыру мүмкіндігінен айыруға байланысты, сондай-ақ маңызды мағынаға ие болатын басқа жағдайларға байланысты сотпен белгіленеді. Атап айтқанда, жәбірленушінің денсаулық жағдайы, оның өмірлік және өндірістік қатынастарныдағы мәжбүрлі өзгерістердің ауырлығы, беделінің, іскерлік репутациясының төмендеу дәрежесі, бұрынғы қалпына келу үшін қажет болатын уақыт пен күш-жігер ескеріледі. Моральдік зиян өтелуге жататын мүліктік зиянға байланыссыз өтеледі және сол өтелудің көлеміне байланысты болмайды.

Азаматтық құқықтануда қазіргі кезде азаматқа зиянды нұқсан келтіру мәселесінде оның толық өтелу қағидасына сай әрекет етеді, соның ішінде, тұлғаға залал тигізген жағдайда да. Құқығы тапталған тұлға, егер заңмен немесе шартпен басқалай көзделмеген болса (ҚР АК 9-бабының 4-бөлігі), өзіне келтірілген нұқсандардың толық өтелуін талап етуге құқылы.

Азаматтық кодекс бойынша мынадай зияндар анық белгіленген:

1. Мүлікті жоғалтуға және оған ақау келтіруге, сондай-ақ, өзіне тиген зиянның салдарынан (шын мәніндегі зиян) осы тұлғаның шығын жұмсауы;

2. Осы тұлға өзінің азаматтық құқықтары тапталмаған күнде азаматтық қарым-қатынастарға сәйкес қарапайым жағдайларда алуы қажет болатын, бірақ, өзінің зиян шегуінің кесірінен ала алмаған кірістері (айырылып қалған пайдасы).

Азаматтық талап-арызды қылмыстық процесте қарастыру барысында келтірілген зиянның мөлшерінің де маңызы бар. Ол осы жасалған теріс әрекеттің қоғамға қауіптілігінің деңгейін бағалауға да ықпал етеді, ал кейбір жағдайларда қылмыстың біліктілігін де анықтай алады. Келтірілген зиянды шығынның мөлшерін есепке ала отырып, талапкер талап-арыздың бағасын көрсетеді, ал, сот оның өтелу мөлшерін анықтап белгілейді. Азаматтардың немесе ұйымның мүліктеріне зиян тигізу арқылы шығын келтірген жағдайда (ұрлық жасау, мүліктің жетіспеуі, материалдық құндылықтарды бүлдіру), барлық жағдайлардағы зиянның мөлшері осы жергілікті ұйымның шешім шығару кезіндегі әрекет ететін бағасына қарай есептеледі.

Азаматқа келтірілген моральдік нұқсанды зиянның өтемақысы туралы мәселені Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21

(9)

маусымдағы «Соттардың моральдік зиянды өтеу туралы заңнамаларды қолдануы жөнінде» нормативтік қаулысын ескерумен шешу қажет.

Азаматтық кодекстің 952-бабына сәйкес моральдік шығын ақшалай түрде ғана өтелетіндіктен, ал, өтемақы мөлшерін құзыретті сот анықтайтындықтан.

Соттар өтемақы мөлшерін анықтау барысында әділеттілік пен дәлелдік материалдардың жеткілікті болуы қағидаларын жетекшілікке алғандары жөн.

Қылмыс пен зиян арасындағы себептік байланыс. Қылмыс пен келтірілген шығынның арасындағы себептік байланыс қылмыстық процесте азаматтық талап-арызды қарастырудың бірден-бір қажетті негізі болып табылады.

Қылмысқа араласушы тұлға бар болған жағдайда қылмыстық іс- әрекеттің нәтижесі қылмысқа қатысушы тұлғалардың әрбіреуінің әрекеттерінің өзара себептік байланыстарынан көрінеді. Сондықтан да, қылмысты орындаушылар, оны ушықтырушылар, оған ықпал етушілер материалдық жауапкершілікті бірдей көтереді. Егер қылмысқа араласу барысында қылмысты орындаушы эксцеске жол беретін болса, мұндай жағдайда оған жол берген тұлға ғана материалдық жауапты.

Егер келтірілген зиян сотталушы мен оған қатысты қылмыстық іс доғарылған, басқа бір тұлғамен бірлесіп жасаған іс-әрекеттерімен жүзеге асырылған болса, сот сотталушыға материалдық тұлғаны толық өтеу міндетін жүктеп, азаматтық талапкерге шығынды өтеу туралы талап-арызын оған қатысты қылмыстық іс доғарылған тұлғаға байланысты сотталушымен бірге өтеу туралы талап-арызын азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен беру құқын түсіндіреді.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаның бірінің әрекеті (әрекетсіздігі) қылмыстың басқа тұлғамен жасалуын жеңілдеткенімен, бұл қылмыстың себебі болып табылмайды, осы қылмыстың жасалуына ықпал ететін жағдай болып табылады, зиянды бірлесіп келтіру сипаттары жоқ.

Мұндай жағдайларда осы зиянды тікелей тигізген тұлға жауап береді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Мазалов А.Г. Гражданский иск в уголовном процессе –М.:1977 ж.

76б.

2. Понарин А.Я. Защита имущественных прав личности в уголовном процессе – Изд. Воронежского университета 1994 ж. 5б.

3. Матузов Н.И. Личность. Права.Демократия.Теоретические проблемы субьективного права. – Саратов, 1972 ж. 208 б.

4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1-т. 395-б.

5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне түсініктеме – Алматы. 2003ж. 1-т, 449-б.

6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 37-б.

Referensi

Dokumen terkait

Араларында «иман» ұғымының түпкі мәні мен ақиқатына және өзге де «иман» мәселелеріне қатысты әртүрлі, тіпті бір-біріне кереғар көзқарастар болса да, үлкен күнә мәселесіне келгенде