• Tidak ada hasil yang ditemukan

І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «КҾШПЕНДІЛЕР» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОМҼДЕНИ ЖҼНЕ СИМВОЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «КҾШПЕНДІЛЕР» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОМҼДЕНИ ЖҼНЕ СИМВОЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «КҾШПЕНДІЛЕР» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОМҼДЕНИ ЖҼНЕ СИМВОЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ғазизов Ғ.

Ҽрбір жекелеген ҧлт тҥ сінігінде ҽлем ҽр тҥ рлі кҿрініс табады. Яғни, тілдегі ҽлем бейнесі – адамның ҽлемді тануының негізі.

Кҿшпенділер танымында, салт-санасында жылқы – интеллект (ақыл-ой) белгісі, ата- бабалар символы. Мҽселен, батырлар жырында, жылқы кҿ лік қызметін атқарушы ғана емес, ақылшысы ретінде кҿ рініп, иесін қорғап жҥреді. Жылқыны қазақ ең бірінші орынға қояды.

Қаза болған адам жерленген соң, оның мінген атының жал-қҧйрығын кесіп, «тҧлдаған».

62

(2)

«Тҧл» ат иесінің асына дейін мінілмей, бос жіберіп, жыл толған соң, асына сойылып, еті атақты адамдарға таратылған.

Жылқыға қатысты табу, эвфемизмдер кҿп емес. Қазақ жорыққа аттанған кезде аттан түс, атты байла деп айтпайды. Жамандыққа бастамасын деп, сол мағынаны білдіретін қон, бекіт, кір деген сҿздерді қолданады. Жорыққа аттанғанда ҿлең айтпайды, жыламайды.

Саптыаяқты жолдыаяқ деп, мінгені байтал болса – ат деп атайды. Жорыққа байтал мінсе, жол болмайды деп есептеген. Байтал – жорық кҿлігі емес, қҧлындайтын, сауылатын мал.

Теңеу – барлық кҿркемдеу қҧралдарының негізі, сонымен бірге ҧлттық менталитеттің айнасы.

Теңеуде этнос болмысының табиғаты кҿркем бейнеге айналады. Теңеу этностың дҥниетанымын, ҧлттық ерекшеліктерімен, кҿркем ойлау негізін байқатып тҧрды. Ҿйткені теңеу

– тіл мен ойлаудың, ҧлттық дҥниетанымның тоғысуынан туындайтын кҥрделі қҧбылыс.

Романдағы жылқыға қатысты теңеулерді топтауда Т.Қоңыровтың жіктеуі негізге алынды [6,41].

Т.Қоңыров: «Кҿру теңеулерінің негізгі алатыны – заттардың ҥш белгісі: біріншісі – заттардың тҧлға-тҧ рпаты, формасы; екіншісі – олардың қимыл-ҽрекеті; ҥ шіншісі – заттардың тҥр-тҥсі, бояуы»,- дейді [6,41]. Жылқыға қатысты кҿру теңеулерінің ішінде осы ҥш белгінің алғашқысы кҿп кездеседі. Ҿйткені халық ҧғымында жылқы – сҧлулықтың, беріктіктің, шыдамдылықтың символы. Бҧл топқа жататын теңеулер шығарманың ҿң бойында кездесіп отырады. Олардың кейбірінде негізге жылқы алынатын болса: Адамға тесіле қарайтын үлкен сұрғылт кӛзді, ат жақты, ақсұр жігіттің топ жылқының ішіндегі ақалтеке, арғымағындай, бойшаң келген дене бітіміне қарағанда, оны он тӛрт-он бес жастарда деу қиын еді [1,319], енді бірінде тҥ рлі жанды-жансыз заттар (жануарлар, жҽндіктер, бҧйымдар т.б.) алынады.

Әсіресе, бұлардың кӛзге түсері батыр Қобыланды мен астында есік пен төрдей қара сирақ тұлпары бар Жәнібектің екінші баласы Қамбар болатын [1,209].

Кҿру теңеулеріне негіз болатын заттардың екінші белгісі – олардың қимыл-ҽрекеті. Мұның да жалғыз жолы бар: Ол бүкіл Дәшті Қыпшақты ӛзіңе бағындырып, жылқыдай жусатып, қойдай ӛргізуің керек [1,226]. Теңеудің бейнесі де, заты да деректі, нақты. Теңеу затының, яғни, Дҽшті Қыпшақтың қимылы бейненің, яғни, жылқының, деректі, нақты қимылына ҧқсатылып отыр.

Салыстырудың, теңеудің нҽтижесінде Дҽшті Қыпшақтың қимылы нақтылық сипатқа ие болып, эмоционалды-экспрессивті бояуы қанық кҿ ркем бейне жасалған. Жазушы қалың бҧқараны ашса, алақанында, жҧмса, жҧдырығында ҧстаған, халыққа дегенін орындатқан деген мағынаны осындай кестелі теңеу арқылы жеткізген. Кҿ ру теңеулеріне негіз болатын заттардың ҥшінші белгісі – олардың тҥр-тҥ сі, бояуы. Бҧ л теңеулердің мҽні – заттардың қҧ р бояуын хабарлап қана қоймай, олардың бояуларының тҥсін қанықтыру, заттың реңін ашып, кҿріктендіре тҥсті. Мҽ селен, жазушы: Ал, біз тайлы-таяғына дейін айдап алдық десек, арғы түбекте әлі әлі үш мыңдай кілең ақ шағала асаулары қалыпты [3,134] деген сҿйлемдегі теңеудің жылқылардың тҥсін ҽншейін ғана ақ не боз емес, кілең ақ шағала(дай) деп суреттеу арқылы ҿте бір ҽ сем, тіл жетпес сҧ лу тҥске айналдырған.

Жылқыға қатысты есту теңеулері аз кездеседі. Олар дыбыстың кҿмегімен адамның мінез- қҧлқын, тҥ рлі ҽрекеттерін бейнелейді. Тұтқын қыздың сұлулығына күйіндім бе, «сен нәзік сұлусың ғой, бауырыңды құлындай шыңғыртып жатқанда сенің сұлу түрің қандай болады екен, кӛрейін» деп қыл бұрауды тұтқын қыздың кӛзінше салғыздым [1,350]. Теңеуде асау қҧлынды бҧғалықтап ҧ стағанда, қасқыр тартқанда шошып, қиналғанда шығаратын ҥні арқылы теңеу затының мҽні ашылады. Жазушы қыл бҧрау салынған жігіттің қиналып шығарған ҥнін басына ноқта тҥсіп, шошынған асау қҧлынның шыңғыруына ҧ қсата отырып, эмоционалды-экспрессивті ҽсері мол картина жасап, оқырман кҿңіліне жол тапқан.

Жылқыға қатысты сезім-кҥй теңеулері де шығармада кездесіп отырады.

Бейнесі де, заты да деректі сезім-кҥй теңеулеріне деректі заттар негіз болады. Бірақ ақиқат ҿмірде зат пен бейнеге негіз болған заттар мен қҧбылыстардың бір-біріне еш ҧқсастығы болмайды: Қалың ойға шомып кетіп, басын тӛмен салып, үн-түнсіз отырған қарт жырау,

шапқан дүбірді естіп, тыпыршып қалған кәрі тарландай, кенет басын кӛтеріп алды [1,55].

63

(3)

Бірақ ӛр мінезді, жалын жанды Қазтуған Қотан толғауынан мойымады. Қамшы тиіп, ырши түскен жүйріктей енді тіпті долданып кетті [1,55].

Бейнесі деректі, заты дерексіз сезім-кҥй теңеулері рухани заттарды материалдық заттарға ҧқсату арқылы жасалады. Бҧлардың заты абстракциялық ҧғымдардан тҧрады, дҽлірек айтқанда, бҧл теңеулердің затына адамның жан-дҥниесінің тҥрлі кҥйін бейнелейтін ҧғымдар алынады.

Ҽдеби тілдегі ұшқыр жылқыдай (қиял), ит қуған тайдай қаша жөнелген (арман), тұсаған жылқыдай (ой) теңеулерінде қиял, арман, ой тҽрізді адамның жан-дҥниесіндегі психологиялық қҧбылыстар, дерексіз заттар ұшқыр жылқыға, ит қуғандай қаша жөнелетін тайға, тұсалған орнынан ұзай алмайтын жылқыға баланып, рухани қҧбылыстар материалдық сипатқа ие болған.

Осылайша, кҿзбен кҿріп, қолмен ҧстауға болмайтын абстракциялық қҧбылыстарға жан бітіп, бейнелене тҥседі, белгілі бір қасиеттерге ие болады. Былтыр ӛзі айтқан жоқ пе еді,

«мінез деген бір асау байтал ғой, талай асауды үйреткенде ӛз сезімімді ӛзім үйрете алмаймын ба» деп [1,235] . Мҧнда адамның мінезі байталға, асау байталға ҧқсатылады.

Шығарма жылқыға қатысты теңеулерге ҿте бай. Шығармада кҿру теңеулері мен бейнесі нақты қимыл-ҽрекетке негізделген сезім-кҥй теңеулері мол. Жазушы жылқыға теңеулерді қолдану арқылы халық танымына жақын, ҧ лттық менталитетімізге сай, ҽ сем де кҿркем бейнелер жасап, шығарманың кҿркемдік, психологиялық, эмоционалды-экспрессивтік сапасын кҥшейте тҥскен.

Қазақта нҽресте дҥниеге келгенде ҧл баланың кіндігін «ат құлағында ойнасын» деген тілекпен, аттың жалына, байлап қоятын дағды бар. Баланы бесікке сапарда «Тақымынан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабандоз болсын» деген тілек айтады. Бала ес біліп, етек жия бастаған кезінен-ақ нағашылары жиендерін баулып, ҥйірлі жылқының ішінен таңдап жҥріп, тай мінгізеді. Ол жиеннің бәсіресі, бәсіре той немесе «жиенқұрық» деп аталады. Кҿшпенділер ҿмірінде жылқыға байланысты сан қилы қуаныштар кездесіп, оған ел-жҧртын ортақтастырып жатады. Атап айтсақ, атқа (ашамайға баланың ері) мінгізу тойы, ашамайдан кейінгі үзеңгілі ерге міну, жайдақ тайға міну, бәйгеде тайға, құнанға, атқа мініп шабу, тоқымқағар, сайысқа түсу, асау үйрету. Бҧл дҽстҥ рлер баланы азамат болып, атқа мініп, ел қорғауға ҥйрету мақсатын кҿздеген. Бҧлардан басқа биебайлар (қымызмұрындық), сіргежияр (сіргемӛлдіретер)

сияқты салт-дҽстҥрлер де бар.

Қазақ біреуге ат мінгізгенде я сатқанда, ноқта-жҥген бермейді. Малдың қҧты, бағы басында, жылқының басына пайдаланған ноқта мен жҥгенде де қҧттың демі бар, бҧлар атпен қоса берілсе, ҥйдің байлығы, қҧты кетеді деп ырымдаған. Ҥйірлі жылқысынан мал бергенде сол жылқының жалынан бір тал қылды жҧ лып алып, ырыс бірге кетпесін деп қылға оның сілекейін жағып, қалтаға салып сақтаған. Бҧл «сілекей сірне» деп аталады.

Қазақтар жылқыны ҧ рып-соғу былай тҧрсын, киелі санап, киесі атады деп, жылқының қҧрығынан, бақанның ҥ стінен аттап ҿтпеген. «Бақан аттаған байымайды, балта аттаған жарымайды» деген сҿз содан қалған. Сҥрінген атты да ҧрмайды. Сайтан аттың кҿзін басып тҧрса, кетсін деп, кҿзін оң қолымен сҥ ртіп, тазалайды. Жолаушы келе жатып, аттың сауырынан ҧрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр ата аттың сауырында отырады деп жориды.

Сондай-ақ, халқымыз тҥ ске сенгіш. Жақсы тҥс кҿ рсе, балаша қуанып, жаман тҥс кҿрсе, мҽн бермеуге тырысса да, кҿ рген тҥсін жоруға шебер-ақ! «Тҥсіңде ақ боз ат кҿ рсең, ісің оңалады, қара ат кҿрсең сҽтсіздікке ҧ шырайсың, жылқы сатып алсаң, жаңа хабар аласың, жылқы мініп жҥрсең – қуаныш» деп жорыған. Шығармада Бҧқар жырау Абылай ханның тҥсін былайшы жориды: Жалынқұйрыққа мінгенің –хан тағына мінгенің [3,382]. Жалынқҧйрық – Абылай ханның жорыққа мінетін аты.

Қазақ біреуге алғыс білдіргенде де жылқы малын аузына алады. Мысалы: Жайлауың байсалды болсын, Айғырың байталды болсын! Атыңның басы ойнақты болсын, қораңның іші торпақты болсын!

Қарғыс мҽнді фразалар да кездесіп қалады: Атың арып, тулақ болсын, ерің арып, аруақ болсын! Ат қадірін білмесең, жаяушылық берсін сазайыңды!

64

(4)

Кҿшпенді халықтың ҿмірінде жылқының маңызы зор болғандықтан, жылқыға байланысты салт-дҽстҥрлері мен ырым-пайымдар кҿп кҿрініс тапқан. Шығармада рухани мҽдениетіміздің, тҧрмыс-тіршілігіміздің негізгі кҿзі болып саналатын жылқы бағу дәстүрі сипатталады.

Қорыта келе, шығармада жылқы атауына қатысты мол дҥние замандастарымның тілдерін байытуға, дҥниетанымын кеңейтуге мол септігін тигізетініне кҽміл сенемін.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Есенберлин І. Кҿшпенділер. Тарихи трилогия. Алматы: Жазушы, 1986. Он томдық шығармалар жинағы. 6-том. 1-2 кітап.

2. Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы:

Ғылым, 1969.

3. Есенберлин І. Кҿшпенділер. Тарихи трилогия. -Алматы: Жазушы, 1986. Он томдық шығармалыр жинағы. 7-том. 3 кітап.

4. Қайдаров Ҽ., Ахтамбердиева З., Ҿмірбеков Б. Тҥр-тҥ стердің тілдегі кҿрінісі.

Алматы: Ана тілі, 1992.

5. Шота Қ.Н. Дыбыстық еліктеуіш етістіктердің этнолингвистикалық негіздері.

Алматы: А. Байтҧ рсынов атындағы Тіл білімі институты, 2004.

6. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері.-Алматы: Мектеп, 1978.

7. Тоқтабай А., Сейтқҧ лова Ж. Тҿрт тҥ ліктің қасиеті.-Алматы, 2005.

Referensi

Dokumen terkait

Несмотря на возросшие возможности ранней диа- гностики и лечения, число женщин, страдающих маст о- патиями, в том числе – их формами, представляющими большой риск в отношении