• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF repository.enu.kz:8080

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF repository.enu.kz:8080"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ӘӚЖ 811.512.122 581 373

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Джусупова Г.С., [email protected]

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ҰЛТТЫҚ

университеті Ғылыми жетекші- Қ.Тұрсынхан

Фразеологизмдер қай тілдің бҽрінде де бар құбылыс. Оларды тілдік бҿлекше бір сипаттағы, шырыны мен сҿлі таусылмайтын дҽмді элементтері деп айтсақ, қателеспеспіз.

Тіл сұлулылығы, тіл байлығы, тіл ҿткірлігі дегеніңіздің айрықша кҿрінері осы фразеологизмдерде. Ойды ҽсемдеп айтуды үйренудің мектебі осы фразеологизмдер. Сҿз нақты, дҽлелді болсын десек, қолқаны қозғайтын дҽрежеде болсын десек, халықтың хас туындысы — айшықты сҿздер, нақыл сҿздер, фразеологизмдер тобының тамырынан басу керек. Сонда ғана біз тілдің қасиеті, байлығы деген не сияқты сұрақтарға нақты жауап қайтара аламыз.

Қазақ жҽне қытай фразеологизмдерінің ерекшеліктерін сҿз етпес бұрын, фразеологизмдерге қысқаша тоқтала кетейік. Фразеологизмдер, тұрақты тіркестер дегеніміз — екі немесе бірнеше сҿздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сҿз тіркестері. Қазіргі уақытта, фразеологизм туралы кҿптеген еңбектерді қарастырғанда, фразеологизмдердің үш негізігі белгісі бар екендігі жазылуда. Олар: құрылым тұрақтылығы, мағына тұтастығы, қолданылу тиянақтылығы. Айтылған еңбектердің қатарында фразеологизм бейнелілігі айтып кҿрсетілмеген, дегенмен бұл да фразеологизмнің бір белгісі екендігін айтып кҿрсеткеніміз жҿн болар. Себебі бейнелілік те басқа белгіліер сияқты ерекше рҿл атқарады. Фразеологизм тұтастығы жай ғана қарапайым тұтастық емес, бейнелі, астарлы, мҽнерлі тұтастық.

Қай ұлттың болмасын сҿздік қорында бір мағынаны білдіретін жеке сҿздерден ҿзге, бір-бірімен қосылып, не жалғасып келіп, тұтас бір ұғымда қолданылатын сҿз тіркестері болады. Яғни, бір сҿзбен айтқанда, ол- фразеологизмдер. Ҽр ұлт тілі ҿзіндік сҿздік

247

(2)

қорымен ғана ерекшелене қоймай, ҿз бойында ұлт мҽдениетін, тҽрбиесін, тарихын қамтиды. Сондықтан да қай болсын ұлттың тілін үйрену үшін, мҽдениеті мен тарихын да жетік білу қажет. Фразеологизмдер соған мысал бола алады. Себебі фразеологизмдер қанша жылдан бері тарих пен мҽдениет арқасында пайда болған ғылымдардың бірі. Қытай тіліне де, қазақ тілі сияқты фразеологиялық фондтың бай болуы ҿте маңызды. Қытай тілі фразеологизмдері- ұлттық компонетті білдіруші, құраушы, ҿткеннің мұрасы. Қытай фразеологизмдерінде байқайтын болсақ, нефрит, айдаһар, халыққа ҽйгілі қаһармандар атаулары кҿп қолданылады. Ҽрине, нейтралды фразеологизмдер де бар, дегенменен аталған айдаһар, нефрит сияқты атаулар осы ұлттыңмҽдениетімен де, тарихымен де ҿте тығыз байланысты. Қытай тілінде фразеология жеке ғылым ретінде бҿлінбейді, оны лексикология құрамында қарастырады, сондықтан олар сҿздіктерге сҿздермен қатар енгізіледі, бұл оларды іздеуді жеңілдетеді.Фразеологияның зерттеу нысаны фразеологиялық құрылымдар, яғни тілде қалай қалыптасса, біздің жадымызда қалай сақталса, солай айтылатын тұрақты сҿз тіркестері.

Қытай тілі фразеологизмдерінің зерттелуіне тоқтала кетер болсақ, «Джуңгуо да бай кы чуан шу, үй ян хы вен цзі» (Қытайдың үлкен энциклопедиясы, тіл жҽне жазу бҿлімі) энциклопедиясында қытай фразеологизмдері жайлы мынандай мҽліметтер жазылған.

Қытай тілі грамматикасында біздегі фразеологизмдерді идиомалар деп атайды. Идиомалар ҿз кезегінде бірнеше түрге бҿлінеді: 成语[chéngyŭ] (мақал-мҽтелдер), 惯用语[guànyòngyŭ]

(қалыптасқан сҿз тіркесі), 俗语[súyŭ] (хикмет сҿздер, нақыл сҿздер), 歇后语 [xiēhòuyŭ]

(аяқталмай қалған сҿйлемнің жартысы) жҽне т.б. Енді осы аталған идиомаларға жеке- жеке тоқталып ҿтейік:

成语 [chéngyŭ] - деп қытай тілінің мақал-мҽтелдерін айтамыз. Қытай тілінде бұл мақал-мҽтелдер кҿп жағдайда тұрақты тҿрт иероглифтен құралып, тұтас бір аталы ойды білдіреді. Жҽне қалыптасқан тҿрт иероглифтің орнын қалауымызша ҿзгерте, ауыстыра алмаймыз. Ҿйткені мақалдың мағынасы мүлдем түсініксіз , айтқымыз келген ойымызға қарсы ұғымның да қалыптасуы ҽбден мүмкін. Айналдырған тҿрт иероглиф айтқың келіп отырған ойды бір ғана сҿзбен түйіндеп, айтушыға жеткізе алады. Таң қаларлығы, ҽрбір қытай мақал-мҽтелінің пайда болған ҿз тарихи аңызы бар, жҽне де бұл қазақ фразеологизмдерінен ерекшеленетін ерекшеліктің бірі. Кез - келген мақалдың тарихының тереңде жатқандығына дҽлел ретінде оның аңыздағы қолданысын, не болмаса тарих беттерінде жазылып қалған жылнамалардан жҽне романдардан, ҿлең-жырлардан тауып кезіктіруге болады. Ҽрбір мақал-мҽтелдің жеке аңыздық түсініктемесі бар екенін атап ҿткен болатынбыз, сондықтан дҽлел ретінде бір мысал келтіре кетейік: «画蛇添足» деген тҿрт иероглифтен тұратын мақалды мысалға алатын болсақ, бұл қазақ тіліне сҿзбе-сҿз

«жыланға аяқ салу» - деп аударылады. Бұл мақалдың аңызы былай қалыптасты: бір күні барлық достар бірге жиналып, демалып, шарап ішіп отырған еді. Олар кешті кҿңілді ҿткізу үшін, ҿз арасында бір-бірімен жарыс ұйымдастырды. Жарыс шарты былай еді:

кімде-кім тез уақыт аралығында бірінші болып жылан салып үлгерсе, сол мына шҿлмектегі шараптың барлығын ҿзі ішеді деген екен. Жарыс басталып, жиналған қауымның арасынан бір адам бірінші болып жыланды салып болады, бірақ ,басқалардың ҽлі де жыланды салып жатқандықтарын кҿріп, ҽлі уақыт бар, үлгеремін деп ойлап, жыланға аяқ салмақшы болады, аяқ салып ҽлек болып жатқанда кезде, басқа адам жыланды салып үлгереді. Нҽтижесінде сол адам шҿлмектегі шарапты ішеді де, жыланға аяқ салмақшы болып ҽлек болған адам құр қалады. Бұл мақал-мҽтелдің мағынасы: жақсы жасаймын деп асыртып жіберу, асырып жасаймын деп, кесірін тигізу. Қазақ тілінде сҿзбе- сҿз мақалмен айтар болсақ, «артық қылам деп, тыртық қылу»-деген мағынаға ие /1,423 б./.

Зерттеуге сүйеніп, қазақ тіліндегі фразеологизмдермен салыстыратын болсақ, жоғарыда жазып келе жатқан чыңүй дегеніміз қазақ тіліндегі мақал – мҽтелдермен бірдей сҽйкес келетіндігін атап ҿту ҿте маңызды. Себебі чыңүйдің орнын, рҿлін, сҿздерін ауыстыратын болсақ , мазмұны мүлдем ҿзгеріп, ортақ бір мағына бермей қалады. Жҽне де ойлаушының

248

(3)

ойын қысқа да нұсқа жеткізеді. Қазақ тіліндегі мақал – мҽтелдер де тура солай құралған.

Мақал-мҽтелдер ойлаушының ойын тура жеткізіп, аса білімді, сҿзге шешен екендігін ғана кҿрсетпей, ҽр мақал-мҽтелдің ҿзіндік нақылдығы мен берер тҽрбиелік мҽні ҿте зор екендігін кҿрсетеді. Ендігінде қытай чыңүйлеріне мысал келтіріп, қазақ тіліндегі мақал- мҽтелдерімен сҽйкестіктерін атап ҿтейік. Мысалға: «不三不四 bù sān bù sì» деген мақалды алып кҿрелік. Бұл сҿзді қазақ тіліне аударатын болсақ, не ары емес, не бері емес, дүбҽрҽ деген мағынаға сҽйкес келеді. Мысалы бір нҽрсені бастап үйренген де, бірақ оның түбіне дейін жетіп үйреніп те алмаған. Не үйренген, не үйренбеген деп те айта алмайсың. Ал, мына «不三不四 bù sān bù sì» деген мақалды ҿзін тура аударатын болсақ, « не үш емес, не тҿрт емес » - деп аударылады. Ал, тҿменде осы мақалдың шын мҽнінде қытай тілінде күллісіне, оны бүгін біреу шығара салмай, бұрыннан қолданылып келе жатқанына дҽлел ретінде 《水浒全传》кітаптан үзінді келтіре аламыз. 出 处 明·施耐庵《水浒全传》第七 回

:―这伙人不三不四,又不肯近前来,莫 不要攧洒家/2, 8 б./.

惯用语[guànyòngyŭ] дегеніміз – қытай тіліндегі қалыптасқан сҿз тіркестері. Бұл сҿз тіркестерінің астарында жоғарыда сҿз еткен成语 [chéngyŭ] мақалдар сияқты айтқандай бір аталы сҿз жатыр дей алмаймыз. Дей тұрғанмен, бұлардың қайсысы болмасын қытай тілінде ерекше орын алады.Ҽдетте, 惯用语 [guànyòngyŭ] - лерді 成语 [chéngyŭ]-лерден оңай ажыратуға оның ҿзіне тҽн бір қасиеті кҿмектеседі. Ол – оның үнемі үш иероглифтен құралып, қалыптасқан сҿз тіркесін құрауы. 打 光 棍 [dă guānggùn] деген сҿз тіркесін қарастыралық. Оқырман назарына осы сҿз тіркестің қытайша анықтамасын ұсынайық.

解释:指单身成年男子适婚年龄后仍未结婚或婚后又失去妻子的男子。 Бұл сҿз тіркесінің мағынасы «сұр бойдақ ҿмірлік күн кешу» дегенді білдіреді /3,424 б./.

俗语[súyŭ] ](хикмет сҿздер) дегеніміз қытай қоғамында қара халықтың арасында пайда болып, ауызекі тарап отырған тұрақты сҿз тіркесінің бір түрі. Айтып отырғанымыздай, суүйлердің пайда болуы шаруа қауымның ұшқыр ойының жемісі.

Қытай хикмет сҿздері қара бұдын халықтың ҿмірдегі мұң-мұқтажы мен арман- тілектерінің айнасы десек те болатын сияқты. 俗语 [súyŭ] (хикмет сҿздер) жоғарыда аталған 成语 [chéngyŭ] (мақал-мҽтелдер) мен 惯用语 [guànyòngyŭ](қалыптасқан сҿз тіркесі) – нен айырмашылығы, олар, суүй жҽне чыңүй сияқты тҿрт иероглифті, я да үш иероглифті болып келеді деген сипаттамаға ие емес. Бірақ, осы жерде айта кетер бір жайт – қытайлықтар қанша жерден бұларды ерекшелеп, ат қойып жатса да, біздің тілімізге аударғанда олардың қазақша баламасы қытайлықтар салып кеткен қалыппен аталмайды.

Яғни, қытай тілінде хикмет сҿздер санатына жататын сҿз тіркесі, қазақ тіліне аударылғанда жай ғана «мақал» - деп қана аталуы мүмкін. Себебі, ҽр тілдің ҿзіндік айырмашылығы бар. Біздің тіліміздің «киімі» иероглифтер емес, ҽріптер екендігін ұмытпау жҿн. Сондықтан сҿзімізге дҽлел болу тұрғысында 八字还差一撇 [bāzì háichà yīpiē] деген тіркеске тоқталайық. Бұл қытайша сҿйлемді қазақшаға аударсақ, істеу керек бір шаруаны ҽлі бастамағанды білдіреді. Қазақтар кейде, «ҽлі мұртын да түртпедім» - деп жатады. Мақалдың ҿзі анық аңғартып тұрғанындай, сегіз деп тұрған йероглифтің бір сызығы да ҽлі жазылмады дегенді білдіртеді./4,424-25 б./.

歇后语 [xiēhòuyŭ] терминін сҿзбе – сҿз қытай тілінен аударсақ «үзіліс жасап барып сҿйлеу» дегенді білдіреді. Орыс сҿздіктерінде бұл сҿзді «намек, недосказанное выражение», ал қазақ тіліне аударған кезде, кейбір ғалымдар сиехоуүйлерді бҿлек мҽтел деп, суүйлерді бҿлек мақал деп кҿрсетеді. Дегенменен бұл тұрақты сҿз тіркес түрін қазақ тіліне аударған кезде, 歇后语 [xiēhòuyŭ] - дің мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілінде «астарлы сҿз, нақыл сҿз » -деп атау ҽлдеқайда дұрыс болатын сияқты. Астарлы сҿздерді орыс қытайтанушылары ішінде ең алғаш зерттеген Михаил Григорьевич Прядохин еді. Ғалым «Китайские недоговорки - иносказания» - деген еңбегінде астарлы сҿздерге семантикалық болмысы жҽне грамматикалық құрылымы жағынан біршама толыққанды сипаттама берген /5, 5 б./. Астарлы сҿздер туралы ҽр түрлі

(4)

сҿздіктер ҽр түрлі түсіндірме береді.《辞海》кітабында астарлы сҿздер туралы былай деп жазылған: «Фразеологизмдердің бір түрі. Кҿпшілікке ҽзіл – оспақ, ҽрі бейнелі сҿз тіркестері деп танымал». Астарлы сҿздердің мынандай негізгі ерекшеліктерін атауға болады: 1) Қолданғанда, астарлы мағынасы сҿздің артында тасалануы мүмкін. Мысалға, 围 棋 盘 里 下 象 棋сҿзбе-сҿз аудармасы: «Дойбы тақтайында шахмат ойнау», яғни дұрыс емес жол, қате тҽсіл деген мағына береді. Қазақ тіліндегі аудармасы ретінде «Дария жанынан құдық қазба» десе болады. 2) Сехоуүйдің алдыңғы-артқы бҿлігі қосарланып келуі мүмкін. Мысалы, 芝 麻开花 – 节 节高сҿзбе-сҿз аудармасы: «Күнжіт гүлдеді – тоқтамай ҿсіп, биіктеп бара жатыр. Мағынасы: істің сҽттілікке басуы. (Қазақ тіліндегі баламасы: Жолы болар жігіттің желі оңынан тұрады) /1, 3/.«Қытай энциклопедиясында»

тіл жҽне жазу бҿлімінде сехоуүйге тҿмендегідей анықтама берілген: «Сҿйлеу барысында жиі қолданылатын сҿз тіркестерінің бір сҿзі немесе жарты сҿйлемінің қысқаруы арқылы жасалған ҽзілдік сипаттағы сҿздер» /6, 425 б./.

Қытай фразеологизмдерін зерттей отыра, жоғарыда қазақ фразеологизмдері де аталып, салыстырылып ҿтті. Дегенменен, ҽр тілдің ҿзіндік ерекшеліктері болады деп айтқан болатынбыз, сол себепті, ендігінде біз қазақ фразеологизмдерінің жалпы зерттелуіне тоқтала кетуіміз артық болмас. Тілімізде қолданылатын жеке сҿздермен бірге кҿптеген ерекше қалыптасқан сҿз тіркестері жҽне сҿйлемшелер бар. Ол сҿз тіркестерінің екі не одан да кҿп компоненттрі болады, бірақ сҿз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: кҿз бояу-ҿтірік айту; кҿзді ашып жұмғанша, кірпік қаққанша-лезде, жылдам; тҿбе шашы тік тұрды - шошынды жҽне т.б. Мұндай тұрақты сҿз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында кҿп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Қазақ ғалымдарының арасында да фразеологизмдердің жалпы қолданылуы мен зерттелуіне кҿңіл бҿлгендер аз емес. «Қазақ тілі» практикалық курсында (авторлары:

Н.Оралбаева, Г.Мадина, А.Ҽбілқаев, жалпы редакциясын басқарған проф. М.Балақаев)

«Лексика» тарауының бір бҿлімі «Тұрақты сҿз тіркестері» деп аталған кітапта, авторлар қазақ фразеологизмдеріне идиома, фраза, мақал-мҽтелдер жатады деп жазған. Қысқа болса да ҽрқайсысына анықтама беріп, нақты тұжырым айтуға тырысқан. Ҽрқайсысына берілген анықтамаларға жеке-жеке тоқтап, қарап шығайық: а) Идиома деп іштей бҿліп, жаруға келмейтін жҽне оның тұтас мағынасы құрамындағы сҿздердің ҽрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сҿздер тобын тұрақты тіркес дейміз. ҽ) Тұрақты тіркестердің енді бір түрін фраза деп атайды да, оған да нақты анықтама бермегенімен, мұның ҿзіндік айырмасын түсіндіреді. Авторлардың түсініктемесін берейік:

«Тұрақты тіркестің бір түрі – фраза. Ол да идиома сияқты түйдекті тіркес қалпында айтылады. Алайда мұның идиомадан айырмашылығы құрамындағы сҿздердің бҽрі не біреуі ҿзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айрылып қалмайды». Шынында бұл келтірілген мысалдар құрамындағы сҿздер ҿзінің негізгі лексикалық мағынасынан онша алшақтамайды. Ендеше идиомалар сияқты, фразалық тіркестер де сҿзімізді ҿткір, кҿрікті, образды ету үшін жұмсалады деген тұжырымды ҽбден қолдаймыз. б) «Мақал-мҽтелдер халықтың ғасырлар бойғы іс-тҽжірибесінен, ҿмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталық сҿзі, ой түйіні». Біз авторлар анықтамасын бұлжытпай беріп отырмыз. Олар мақал-мҽтелдің идиома, фразаларға ұқсас жағы мен ҿзгешелігін ажыратқан. Ұқсас жағы – мұның бҽрінде «сыртқы құрылымы, сҿздердің орын тҽртібі тұрақты» болуындаболса, айырмашылығы – біріншіден, «мақал-мҽтелдің құрамындағы сҿздер ҿздерінің лексикалық мағынасын толық сақтап, сҿйлем мүшесіне талдауға келеді»;

екіншіден, «егер идиома мен фраза сҿйлем ішінде басқа сҿздермен байланысу үшін тұлғалық ҿзгеріске ұшыраса, мақал-мҽтелдер ешбір ҿзгеріске түспей, басқа сҿзбен не сҿйлеммен де етістігі арқылы байланысады».

Авторлар мақал мен мҽтелдің ҿзара айырмасын да ажыратқан: «мақалда ҿмір тҽжірибесінен ерекшеленіп алынған ақыл, ҿнеге, оқушыны жақсыға баулып, жаманнан

250

(5)

қашық болуға үйрететін кеңес берілсе, мҽтел белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайды, онда астарлап, жұмбақтап айту мҽні басым» болады/7, 18-21 б./.

Мұның қай-қайсысы болмасын, айтайын деген ойды нақты, анық етіп жҽне тыңдаушыға бірден аңғартуға немесе сҿйлеген сҿзімізден қысқа, тұжырымды қорытынды шығаруға үлкен жеңілдік жасайды. Бұларды талғамсыз қолдана беруге болмайды. Екінші жағынан мақал-мҽтел ҽдебиеттің бір жанры есепті таптық сипатта болып келеді.

Қытай тілі сияқты, біз де фразеологизмдерге ҿте қатты жҽне кҿп кҿңіл бҿлудеміз.

Бұл ата –бабамыздан келе жатқан алтын мұралардың бірі. Қазақ тілі фразеологизмдерінде де тарих, мҽдени байлық, тҽрбиелік, білімділік, шешендік жатыр. Ана тіліміздің тұрақты тіркестерін ҽрбір қазақ баласы ҿте жақсы түсінеді, себебі біз де тұрақты тіркестерді ҿте жиі қолданып, жадымызда сақтап, дамытып, қазіргі жҽне келер ұрпаққа мұра етіп жалғастырмақпыз.

Қай елдің болсын, қай тілдің болсын, қай жазушының болсын шығармасын алсақ, түгелінде де осындай тілдік элементтер кездеседі. Яғни қаламгерлердің барлығы да халық тілінде, ҽдеби тілде фразеологизмдер мен нақыл, айшықты, бейнелі сҿздерді пайдалануға ҿте бейім. Айтылған сҿздің ҿзінен-ақ фразеологизмдер ҿте қиын, ҿте қызықты ғылым екендігін түсінуге болады. Сондықтан да бұл жасалып отырған зерттеуіміз екі тілдің фразеологизмдерінің ерекшеліктері мен салыстырмасын баяндаудағы ең кіші бҿліктерінің бірі ғана болып табылатындығын ескергеніміз жҿн. Фразеологизмдердің сиқырлы сырын ашу үшін, олардың мҽселесін шешу үшін, оларды тереңдеп түсіну үшін ҽлі талай-талай зерттеу жасау қажет екендігі баршамызға мҽлім. Дегенмен де, қазақ жҽне қытай фразеологизмдерін біріктіріп, екі тілдегі фразеологизмдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қарастыра отырып, оқырманға екі тілдегі фразеологизмдер туралы жалпы ортақ бір мҽлімет қалыптастырғаныма сенемін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1)

«Джұңгуо да бай кэ чуан шу, үй ян вен цзы» (Қытайдың үлкен энциклопедиясы, тіл жҽне жазу бҿлімі). – Пекин: Қытай энциклопедиясының баспаханасы, 1998ж.

2)

Мҽсімхан Д., Ҽбиденқызы А. «Қытай филологиясына кіріспе»: Оқу құралы.

– Алматы: Қазақ университеті, 2002 ж.

3)

Прядохин М.Г. «Китайские недоговорки - иносказания»– Москва, 1977 г.

4)

Войцехович И.В. «Практическая фразеология современного китайского языка» – Москва: АСТ: Восток-Запад, 2007

5)

Н.Оралбаева, Г.Мадина, А.Ҽбілқаев « Қазақ тілі» практикалық курсы- Алматы, 1997ж.

Referensi

Dokumen terkait

Жоғарыда аталған «Ел мен ер» кітабында көркем көсемсөздің табиғатына ауырлау болып тиетін саяси сараптамалар, тарихи талдаулар да аз емес.. Бұл араға келгенде тілге тиек етіп отырған