Автор: Бекешова Светлана Киргизбаевна Пән: Сауат ашу
Сынып: 1-сынып
Бөлім: Дені саудың – жаны сау
Тақырып: Заттың сынын білдіретін сөздер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
1.2.5.1* мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру; 1.3.7.1* мұғалімнің көмегімен сөз/ сөйлем/ мәтінді тексеру және қателерін түзету. Жалпы мақсаты Спортшы Илья Ильин туралы түсінік беру. Заттың сынын білдіретін сөздерді ажырата білуге үйрету.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы орындай алады: • мәтін мазмұнын түсінеді; • суреттің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқи алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: • мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады; • сөйлемнің қатесін тауып, байқағанын түсіндіре алады. Кейбір оқушылар орындай алады: • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады. • сөйлемдегі сөздердің орнын
ауыстырып, дұрыс сөйлем құрастырып жаза алады.
Бағалау критерийлері • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды; • мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарағ жауап береді; • сөз, сөйлем, мәтінде жіберілген қателерді анықтайды; • мұғалімнің көмегімен қатені түзетеді.
Тілдік мақсат Спортзал, секция, зілтемір, олимпиада, дүркін, чемпион Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:ауызша, жазбаша Талқылауға арналған сұрақтар:
- Илья Ильин саған неліктен ұнайды?
- Тағы қандай чемпиондарды білесіңдер? - Қазақстандық зілтемірші қыздар туралы не білесіңдер?
- Спортпен шұғылданған адам қандай болады?
- Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Құндылықтар ды дарыту Ынтымақтастық, бір – біріне құрмет көрсету, топта дұрыс жұмыс істеуге, топтағы
сыйластыққа, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Дене тәрбиесі АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым Алдынғы оқу: Спорт – денсаулық кепілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Жоспар (Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Басы 4 мин Айтылым 4 мин Ортасы 2 мин Тыңдалым Айтылым 3 мин2 мин Айтылым Оқылым Жазылым 7 мин Оқылым Жазылым)
Жоспарланған жаттығу түрлері
І. Ширату. Ынтымақтастық орта құру.
- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Керемет!
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша!
-Ынтаңыз ше?
- Ғажап!
2. «Пазлқұрастыру» әдісі.
Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқабөлу. 3.
Ережелерді еске түсіру.
1.Уақытты тиімді пайдалану.
2.Сыныптарыңныңойын жеткізуіне кедергі жасамау. 3.Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысу.
Топтық жұмыс 4. «Кім шапшаң?»/өткен материалды еске түсіру/. Таңдаған сурет бойынша (зілтемір, бокс қолғабы, футбол добы)мысал келтіру.
Келтірген мысалдардан қимылды білдіретінсөздерді табу.
Дескриптор: - оқушы топпенжұмыс жасай алады;
-сурет бойынша мысал келтіре алады;
- қимылды білдіретін сөздерді таба алады.Оқылымалды
тапсырмасы Спорт құралдарының (зілтемір, боксқолғабы, футбол добы) иесін табу. Криштиану Роналдо Илья ИльинСерік Сәпиев
Оқылым тапсырмасы Мәтінді түсініп оқу.
Сұрақтарға жауап бер.
1) Мәтінкім туралы?
2) Илья Ильин саған неліктен ұнайды?
3) Тағы қандайчемпиондарды білесіңдер?
4) Қазақстандық зілтемірші қыздар туралы не білесіңдер?
Сергіту. Opнымыздaн тұрамыз, Қoлды бeлгeқoямыз, Бұрылaмыз oңғa бip, Бұрылaмыз coлғa бip, Бiз бақыттыбaлaмыз Гүл-гүл жaйнaп
жaнaмыз, Жaттығyлap жacaсақ, Шымыр болыпқaлaмыз Жұптық жұмыс 1-тапсырма. «Ойлан, бірік,талқыла» әдісі.
2)Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Илья Ильин қай жерде дүниеге келген?
А) Алматы В)Қарағанды С) Қызылорда Д) Ақтөбе 2. Илья Ильин кім?
А) зілтемірші В) боксшы С)футболшы Д) баскетболшы 3. 3.Илья – арнайы жаттығуға неше жасынан бастап барған? А) алты В) жеті С) сегіз Д) тоғыз 2) Мәтін бойынша екісұрақ құрастырып жазыңыз.
Жұптар бірін-бірі «Бас бармақ» арқылы бағалайды. Дескриптор: - мәтін бойынша қойылған сұрақтарғажауап береді;
- мәтіннің мазмұны бойыншасұрақ құрастырып жазады.
Жекежұмыс.
2-тапсырма.
Суреттің орнына тиісті сөздердіқойып, сөйлемдерді оқыңыз.
Не байқадыңыз?Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып, дұрыс сөйлем құрастырыпжазыңыз.
- зілтеміршісі Қазақстанның. Илиякөтереді.
Дескриптор: -сөйлемдегі сөздердің байланысында жіберілген қатені анықтайды; -сөздерді дұрыс байланыстыра отырып, сөйлем құрастырады. - сөздердің орын тәртібін сақтай отырып,сөйлемдер жазады.
«Бағдаршам» арқылыбағалау.
3-тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, заттың сынын білдіретінсөздің астын сызыңдар. Бақыты боп бар елдің, Тұрар биікорында.
Чемпионы әлемнің Болар күні әлі алда.
Сабақты қорыту:
- Бүгінгі сабағымыз кім туралы болды?
- Спортпен шұғылданған адамқандай болады?
-Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Кері байланыс. «Желкенді қайық» арқылы керібайланыс жасату.
Үлестірме қағаздар Слайд Суреттер Слайд Кемені үш түске бояуға арналған қима қағаздар
Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Мақтау, мадақтау арқылы деңгейі төмен оқушыларға қолдау көрсетемін. Жеңілдетілген тапсырмаларды орындатам. Логиқалық есептерді деңгейі жоғары оқушыларға ұсынып отырамын. Қайсысы жеңіл: 1 кг мақта ма, әлде 1 кг тас па? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Топтық жұмыс кезінде: бірін-бірі «Бас бармақпен» бағалайды.
Жұптық жұмыс кезінде: бірін-бірі «Бағдаршам» бағалайды.
Жеке жұмыс кезінде: Әр оқушы «Жетістік баспалдағына» өздерін орналастырады. Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Сауат ашу.
Топтық жұмыс кезінде бірлесе жұмыс істеуге,бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.Оқу құралдарын ұқыпты ұстауға үйрету.