• Tidak ada hasil yang ditemukan

Квадраттық функция және оның графигі - Bilimland.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Квадраттық функция және оның графигі - Bilimland.kz"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Қайырбай Еламан Сәлімжан Пән: Алгебра

Сынып: 8-сынып

Бөлім: Квадраттық функция

Тақырып: Квадраттық функция және оның графигі

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.4.1.2 y=a(x-m)^2,y=ax^2+n және y=a(x-m)^2+n,a≠0, түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар бөлімнің негізгі терминологиясына сүйене отырып квадрат функцияның графиктерін салу алгоритмін ауызша сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - квадраттық функция; - парабола; - парабола төбесі, парабола тармақтары; - симметрия осі; - функцияның нөлдері; - графикті симметриялы бейнелеу; - х осімен сығу; - х осімен созу; - оңға жылжыту, солға жылжыту.  

Күтілетін нәтиже: Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - парабола тармақтары ... бағытталған; - график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан; - квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >); - берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі

параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту; - у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы алынады; - у = kf(х)

функциясының графигі0<k<1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осіне 1/kесе сығу арқылы алынады.  

Бағалау критерийлері: Оқушылар бөлімнің негізгі терминологиясына сүйене отырып квадрат функцияның графиктерін салу алгоритмін ауызша сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - квадраттық функция; - парабола; - парабола төбесі, парабола тармақтары; - симметрия осі; - функцияның нөлдері; - графикті симметриялы бейнелеу; - х осімен сығу; - х осімен созу; - оңға жылжыту, солға жылжыту.  

Құндылықтарды дарыту:

Жеке-дара оқушыға бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушы бойында өзіне деген сенімділікті, ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беруді жоспарланады. Сонымен қатар бір-бірінің пікірін тыңдауға, ақылдаса отырып шешім қабылдауға үйрету үшін жұптық жұмыс ұйымдастырылады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Квадраттық функцияның графигін салуды іс тәжірибеде көрсету үшін Geogebra бағдарламасы, Desmos графикалық калькуляторы (www.desmos.com/calculator), интербелсенді тақта қолданылады.

Пәнаралық байланыс: Геометрия және физика пәндері.

Бастапқы білім: Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін соның ішінде у = ах2 функциясының салу дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы (2 мин)

Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.  

қосымша 

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың ортасы

(20 минут)

Жаңа материалды меңгеру Диалогтық әдіс арқылы у = х2 функциясының қасиеттерін еске түсіру: 1. Анықталу облысы ... (D(y) = R). 2. Функцияның мәндер облысы...(Е(у) = [0; +∞). 3. х = 0 болғанда... (у = 0), х > 0 және х <0 болғанда... (у > 0) болады. 4. Функция... ((-∞; 0]) аралығында кемидіжәне...

([0; +∞)) аралығында өседі. 5. у = х2 функция графигі...(парабола)деп аталады. 6. у = х2 параболасының төбесі- ... ((0; 0) нүктесі). 7. у = х2 параболасының симметрия осі —...(у осі), яғни... (х = 0) түзуі. 8. Парабола тармағы...(жоғары) бағытталған. - Біз бұл функцияның графигін сала аламыз, ал бүгін осы функцияның графигін түрлендіру арқылы y = ax2, y = a(x – m)2, y = ax2 + n түріндегі функция графиктерін салып үйренеміз.

Топпен жұмыс Сынып 3 оқушыдан топтарға бөлінеді. Алдымен барлығына1- тапсырма беріледі. Әрбір тапсырманы орындап болған соң жалпы

сыныппен қорытынды жасалынады, тақтада дұрыс жауабы көрсетіледі.

Оқушылар алгортимді өздерінің дәптерлеріне жазып алады, келесі тапсырмаға көшеді. 1-тапсырма: 1) y = x2, y = 2x2 , y = 0,5x2

функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің

ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, y = 2x2 , y = 0,5x2 функциясының

графиктерін алуға болатынын анықтап, алгоритмін жазыңыз. 2-тапсырма:

1) у=х2 ,y = (x + 2)2 және y = (x - 2)2 функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, y = (x + 2)2 және y = (x - 2)2 функциясының графиктерін алуға болатынын анықтап,

алгоритмін жазыңыз. 3-тапсырма: 1) у = х2, у = х2+2 у = х2-2

функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің

ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, у = х2+2 у = х2-2 функциясының графиктерін алуға болатынын анықтап, алгоритмін жазыңыз.  

www.desmos.com/calculator 

Сабақтың соңы (10 минут)

Үй тапсырмасы Берілген функциялардың графиктерін салыңыз, салу қадамдарын жазыңыз, нәтижені Desmos графикалық калькуляторы арқылы тексеріңіз: 1. ; 2. ; 3. y=-3+(x-2)^2.  

слайд

Рефлексия (8 минут)

Рефлексия Стикер таратылады, оқушылар өз ойларын жазады. 1. Не үйрендім? 2. Нені білгім келеді? 3. Нені түсінбедім?  

 слайд

Referensi

Dokumen terkait

Автор: Маханбетова Гулайша Данахметовна Пән: Жаратылыстану Сынып: 1-сынып Бөлім: Өсімдіктер Тақырып: Өсімдік бөліктері Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 1.2.1.2

Автор: Хамитова Кымбат Нургалиевна Пән: Әдебиеттік оқу Сынып: 3-сынып Бөлім: Жанды табиғат Тақырып: Табиғат тағлымы Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 3.2.4.1 - өлең, мысал,

Автор: Жумасаева Бибигуль Сагандыковна Пән: Әдебиеттік оқу Сынып: 4-сынып Бөлім: Табиғи құбылыстар Тақырып: Төлеген Айбергенов "Аппақ қыс" Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Автор: Тайшикова Акмарал Асылбекқызы Пән: Геометрия Сынып: 7-сынып Бөлім: Үшбұрыштар Тақырып: ҮШБҰРЫШТАР ТЕҢДІГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 7.1.1.21

Автор: КАЛИЕВА ГУЛЬСТАН ТЕНИЛЬБАЕВНА Пән: Биология Сынып: 7-сынып Бөлім: Жасушалық биология Тақырып: Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Автор: САГИДУЛЛИНА ДАРИГУЛЬ САИНОВНА Пән: Геометрия Сынып: 9-сынып Бөлім: Үшбұрыштарды шешу Тақырып: Үшбұрыштарды шешу Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 9.1.3.6 Кoсинустaр

Автор: БИТАКОВА ФАРИЗА ЕРМЕКБАЕВНА Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті Сынып: 8-сынып Бөлім: Тарихи тұлғалар тағылымы Тақырып: Махамбет Өтемісұлы Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу:

Автор: МІРКЕМЕЛ АЙНҰР МҰРАТҚЫЗЫ Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 8-сынып Бөлім: Махаббат және абырой Тақырып: "Ұшқан ұя" Шығарманың сюжеті Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: