Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
ӘЛЕУМЕТТІК – САЯСИ ІЛІМДЕР МОДУЛІ: МӘДЕНИЕТТАНУ
Семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған)
Алматы 2019
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
ҚҰРАСТЫРУШЫ: Кабдушев Б.Ж. Әлеуметтік-саяси ілімдер модулі:
Мәдениеттану. Семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған). – Алматы: АЭжБУ, 2019 – 18 б.
Ұсынылып отырған Мәдениеттану барлық мамандықтар үшін семестрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
Пікір беруші: профессор Орынбекова Д.С.
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2019 ж.
Кіріспе
Жоғары оқу орындары студенттері үшін саяси-әлеуметтік білімдер модулінің үлгілік бағдарламасына сәйкес жеке пән ретінде терминологиясы мен зерттеу әдістері бар төрт ғылыми пәнді – әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияны оқыту көзделіп отыр. Аталған ғылыми пәндер арасындағы пәнаралық байланыс яғни бірін-бірі толықтыру, зерттеу тәсілдерінің ұқсастығы;
ортақ оқыту әдістемесі; қалыптасатын қабілеттер мен нәтижелер жиынтығы біртұтас білім жүйесін, ұстанымды құрайды. Әлеуметтік және саяси білімдер тұрғысынан бұл бағдарламаға есептелген сағат көлемі жоғары білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес 240 академиялық сағатты (8 академиялық кредитті) құрайды. Оның ішінде «Мәдениеттану» пәні 2 кредитке шақталып, пәннің қарастыратын мәселелерінің ауқымы қазіргі жаһандық және отандық тарихи, мәдени, әлеуметтік даму құбылыстарымен тікелей байланысты болып отыр.
Мәдениеттің формаларын қоғам өмірінің барлық саласынан көруімізге болады. Бүгінде қоғам мен табиғат арасында шиеленіскен көптеген сан – салалы мәселелер туындап отыр. Сондықтан «адам», «мәдениет», «қоғам», «өркениет»,
«мемлекет» ұғымдарының арасындағы өзара тығыз байланысты анықтаудың маңызы зор. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету барысында, көптеген теориялар мен концепцияларды жинақтай алды. Мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыруда әлі де көптеген іс – шаралар, жаңалықтар толастамасы анық. Мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметтерін есепке ала отырып, бұл пәннің студенттер үшін қаншалықты маңызды екендігін көреміз.
Пәннің басты мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу, білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Бұл пәнде бүгінгі дүниежүзілік өркениет тудырған өзекті мәселелер талданады. Әр толқындағы әлемдік және ұлттық зиялы қауымның мәдени мұраларымен танысып, білім алушының дүниетанымдық ой-өрісін кеңейтуде пәннің алатын орны ерекше. Курс мазмұны бүгінгі демократия принциптеріне негізделген азаматтық қоғам қырларының мәдени астарымен таныстыруға бағытталған. Сонымен қатар техногендік өркениет кезеңіндегі құндылықтарды бұрынғы мәдени құндылықтарымен салыстыра отырып қарастыру, дүниежүзілік мәдениеттер мен өркениеттердің тарихымен таныса келе, ұлттық мәдени құндылықтардың өркениетпен қарама- қайшы тұстарын анықтау, қазіргі жаһандану тұрғысындағы туындап отырған мәселелерге терең көңіл бөлу көзделген. Студент курсты дәрістер мен практикалық сабақтарда мәселені жан-жақты, терең оқу және семестрлік жұмыс жазу арқылы ғылыми ізденіске және зерттеудің әдістемелік тәсілдеріне дағдыланады.
1 Семестрлік жұмыс жазуға әдістемелік нұсқау
Мәдениеттану курсын игеру барысында студент 1 семестрлік жұмыс жазуы керек яғни дәріс және семинар сабақтарынан бөлек оқу бағдарламасында студенттің өз бетінше дайындайтын жұмысының маңызды түрі семестрлік жұмысты орындау болып табылады. Семестрлік жұмыс жазбаша орындалады.
Ғылыми ізденуде тәжірибесі қалыптаспаған I курстың студенті үшін ұсынылған әдістемелік құрал семестрлік жұмысты орындауда көмекші бағдар болады.
Мәдениеттану бойынша семестрлік жұмыс жазу барысында студент адамзат қоғамының тарихи-мәдени даму кезеңінің мәдени жетістігі, әлемдік өркениетке қосқан үлесі және жеке тұлғалардың рөлі турасында зерттеу жүргізу арқылы толыққанды білімін, ойының тереңдігін, көзқарасын, ұстанымын айқындап, өз бетінше шығармашылық жазбаша жұмыс жазады. Тіпті бұл қателіктерге ұрынып, дәстүрлі емес туындысының өзі жас зерттеушінің жеке білімі мен көзқарастар жиынтығын құрайды. Біз үшін маңыздысы студенттің тақырып бойынша шығармашылық ізденісі, білімін жинақтай алуы және оны дәлелдеп, қорғай білуі қажет. Мұндай ұстаным таңдаған тақырыбы бойынша түпдеректерді, зерттеу еңбектерін (монография), ғылыми-теориялық мақалаларды терең зерделеу барысында қалыптасады. Берілген әдебиеттер тізімінен тақырыпқа қатысты әдебиеттермен қатар, арнайы мерзімді басылымдардағы деректік материалдарды іріктеу қажет. Мәселен мәдениеттану, философия, тарихи бағыттағы журналдардан тың материалдар табуға болады.
Қосымша әдебиеттерді кітапханадан, интернеттен ізденіп, оқу, талдау, салыстыру, қорыту сияқты сүзгіден өткен ғылыми-шығармашылық сипатындағы студенттің өзіндік зерттеу жұмысы болып табылады. Оқулықтан ешбір мағынасыз көшіріп алуға болмайды, өйткен жағдайда студенттің жұмысы
«қанағатсыз» деп бағаланып, жұмысы сапалы орындауға кері қайтарылады.
Семестрлік жұмыс нақты бекітілген мерзім шеңберінде орындалуы тиіс.
Студент семестрдің I-ші аптасында семестрлік жұмысты әдістемелік құралда берілген тәртіп бойынша айқындап алады. Семестрлік жұмыстардың тапсырылу уақыты: №1 жұмыс – 5 аптада, №2 жұмыс – 10 аптада (15 апталық сабақ барысында). Тапсыру тәртібін сақтау студентке аттестация қою мен оның емтихан тапсыруына рұқсат берудің шарты болады.
Мәдениеттану бойынша студент семестрлік тақырыптар тізімінен ұсынылған кесте арқылы (А қосымшасы) сынақ кітапшасындағы соңғы екі санға сәйкес екі бөлімге бөлінген жұмысты таңдайды. Кестені ескермей, дұрыс таңдалмаған жұмыс есептелмейді. Мысалы, соңғы екі сан 0,4 болса, студент 4-ші тақырыпты таңдауы тиіс, егер соңғы сандар 43 болса 43-ші жұмысты таңдауы тиіс.
Негізгі дерек көздері мен әдебиеттермен терең танысып, зерделеп алған соң жақсылап ойластырып төмендегі талаптарды ескеретін жоспар құрастырған жөн:
Кіріспе. Онда семестрлік жұмысты жазу барысындағы тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі (тарихнамасы), мақсаты мен мәселенің қойылысы негізделеді. Ол жұмыстың жоспарында бірінші қойылып, нөмірленбейді, тек қай бетте (3-б.) екендігі көрсетіледі.
Негізгі бөлім. Ол тақырыптың негізгі мазмұны, оқиғасы Сіздің көзқарасыңыз бойынша мәнін айқындайтын екі-үш сұрағын құрайды. Екі-үш сұрақ арқылы Сіз таңдаған тақырыптың қырлары ашылып, толыққанды мәселе баяндалады. Әр сұрақ тақырыпша атауымен 1, 2, 3 сандарымен белгіленеді.
Жұмыстың ішінде ол атаулар толық нөмірленіп беріледі және мұқабасынан кейінгі екінші беті жоспарда атаулары толық беріліп, беттері сандармен қойылады.
Қорытынды (жұмыстың соңы). Мұнда зерттелген мәселелердің әр тақырыпша бойынша қысқа ғана негізгі нәтижесі, тұжырымы жасалып, түйіні шығарылады. 1-2 беттен аспауы тиіс. Мазмұнында беті көрсетілгенімен, тақырыпша сияқты нөмірленбейді.
Дерек көздері мен әдебиеттер. Ол жұмыс бойынша пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің толық тізімінен тұрады. Бұл әдебиеттер сапасы студенттің семестрлік жұмысын қаншалықты маңыз беріп, орындағанын сипаттайды. Әдебиеттер тізімі тақырып бойынша кем дегенде екі-үш түп деректік материалдар мен арнайы зерттеу еңбектерден тұрады. Интернет арқылы да материал қолданғанда, оның шарты механикалық түрде көшіріп алмай, сайтқа сілтеме жасалынады. Зерттеу әдебиеттерін қолданғанда соңғы талаптар тұрғысынан жазылған еңбектерді қараған жөн. Егер бір мәселеге қатысты әртүрлі көзқараста жазылған бірнеше еңбектер болса, семестрлік жұмыста өз көзқарасыңызды айқындап, мүмкіндігіңізше түсіндіріп беруге тырысыңыз.
Жоспардың сауатты құрылуы, тақырыптың ашылуы яғни зерттеу дәрежесінің көрінісі. Жоспарды дұрыс құрастыру мәселені дұрыс (немесе теріс) түсініп жазғандығын білдіреді. Сондықтан жұмыстың құрылымына қарап-ақ жалпы семестрлік жұмыстың дәрежесін айқындауға болады. Ендеше жоспар құрастыру жұмыстың шешімінің айнасы.
Семестрлік жұмыстың жоспарының үлгісі төмендегідей болуы тиіс:
Тақырыбы: «Шығыс, батыс және түрік өркениеті: дамуындағы жалпы және жеке мәселелер»:
Кіріспе. Мұнда өркениет ұғымының мәнін, сипатын ашып, бүгінгі таңдағы қоғамымыздың даму барысындағы алатын орнын белгілеу барысында ғылыми зерттелуі дәрежесін айқындау қажет.
1 Шығыс және батыс өркениеті (тақырыптың бірінші сұрағы). Екі аймақтағы өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін сипаттай отырып, жалпы және жеке белгілерін анықтау қажет.
2 Түрік өркениеті (тақырыптың екінші сұрағы). Ол шығыс және батыс өркениетіндегі аралық қызметті атқаруы, өзіндік түбірлі ерекшеліктерін жан- жақты ашып көрсету керек.
Қорытынды (жұмыстың соңы). Семестрлік жұмыстың мазмұны бойынша жалпы қорытынды шығарып, түрік өркениетінің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін бағалау керек.
Студенттің оқулықтан, интернеттен көшіріп алынған немесе мазмұны сәйкес келетін бірдей жұмыстар қабылданбайды. Семестрлік жұмысты жазуда деректер, зерттеу еңбектері (монографиялар), ғылыми мақалалар, тақырыпқа қажетті деген материалдар (тарихи деректер, статистикалық мәліметтер т.б.) бірінші кезекте жинақталады, оқып-тоқылады. Ой елегінен өткізіліп, қорытылады. Нәтижесінде тақырып мазмұны ашылатын, толықанды жұмыс қалыптасады. Сіз қолданған материалдар белгілі бір зерттеуші авторлардың еңбектерінен алынған, сондықтан ғылыми этика тұрғысынан ол еңбектерге сауатты сілтеме жасалу керек. Еңбектерден алынған әр мәлімет ретімен нөмірленеді.
Егер Сіз автордың ойын еш өзгеріссіз беретін болсаңыз ол «пікірін келтіру» болып табылады. Онда бар мәтін өзгеріссіз көшіріліп, тырнақшамен беріледі. Мысалы былай: «ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық пәндерде ғылыми зерттеудің жаңа жетістіктері мен әдістері мен әдістемелік принциптері белсенділікпен қолданыла бастады» [1]. Семестрлік жұмыстың мәтінінің соңында «Пайдаланылған әдебиеттер» атауын беріп, Сіздің ондағы 1 сілтемеңіз былай болып шығады: 1 Самашев З.С., Фозшов К.Ш., Базарбаева Г.А.
Археологические памятники и палеопочвы Казахского Алтая. –Алматы, 2002. – С. 4.
Егер де пікірін бермей тек деректер немесе сандық материалдар алсаңыз, оны қайдан тапқандығыңыз жөнінде сілтеме бересіз. Ол жағдайда көшіру де, тырнақшамен беру де қажет емес, мәліметке сілтеме жасалады. Мысалы:
Төңкеріске дейін қазақ қоғамындағы еуропаша сауаттылық деңгейі 2 пайыз көлемінде болса, дәстүрлі діни бағыттағы сауаттылық мөлшері 12-14 пайызды құраған [2]. Осылайша көрсетілетін сілтеме семестрлік жұмыстың соңындағы пайдаланылған әдебиеттердің реттік тізімінде былай келтіріледі. 2. Казахстан:
особенности перехода демократии. - Алматы, 2004. - С. 5. Келесі сілтемені журналға жасайтын болсаңыз оның тәртібі мынадай: автордың аты жөні, мақаланың атауы, басылып шыққан жылы, журналдың нөмірі және беті. Ахтанов И.К. Қазақстандағы мәдени жүйенің қалыптасуы // Қазақ тарихы. -2018. –№ 4. – Б.15; газетке: газет атауы, басылған жылы, күні мен шыққан нөмірі беріледі.
Мысалы: Егемен Қазақстан. – 2015. –21 қаңтар. Әдебиеттер жиынтығы семестрлік жұмыстың ғылыми-анықтамалық аппаратын құрайды және оның сауатты берілуі зерттеушінің мәдениетін көрсетеді. Сондықтан студенттерге бірінші курстан зерттеушінің жұмыс жасау мәдениетін сіңіру керек.
Семестрлік жұмыс студенттің өз бетінше оқытушының ақыл-кеңесінің көмегімен орындалады. Жұмысын орындау барысында зерттеуші өз ойларын нақты бейнелеп, жеткізуі керек. Материалдарды пайдалануда қайталауларға жол
бермегені жөн. Бір мәселеге қатысты түрлі көзқарастар мен пікірлерді салмақтай отырып бағасын береді, дұрысын таңдайды, өз ұстанымын да айқындайды.
Семестрлік жұмыстың көлемі қолмен жазылғанда негізгі мазмұны 11-12 бетті құраса компютермен терілгенде 15-17 беттер шамасында болу керек.
Талапға сай тәртіпке келтіріледі, беттерінің реттік сандары қойылады яғни 1-бет мұқабасы, 2-беті жоспары, 3-бет кіріспесінен беттері нөмірлене бастайды және жинақталып, тігіледі.
Семестрлік жұмысты студент оқытушыға өз қолымен, сабақ барысында тапсыруы тиіс. Оқытушы жұмыспен танысып, деңгейін анықтайды, сыртқы мұқабасына қысқаша пікір жазады. Жұмыс мазмұны талапқа сай орындалмаған жағдайда қайта өңдеп, кемшіліктерін жөндеу үшін студентке семестрлік жұмысы қайтарылады. Студент оқытушы белгілеген күндері бойынша семестрлік жұмыс бойынша ақыл-кеңесін алады. Қайта өңдеген жұмысын студент оқытушысына кемшілігі көрсетілген сыртқы мұқабасымен бірге өткізеді. Қажет болған жағдайда студент жұмысын қорғайды. Қорғау жұмысқа көрсетілген кемшіліктермен танысу, қойылған сұрақтарға дәлелдермен қорытындылау арқылы жүзеге асырылады. Семестрлік жұмыстың сыналып, қабылдануы оның мазмұнының сапасы мен қорғау нәтижесінде бағаланады. Бекітілген уақытында семестрлік жұмыстарын тапсырмаған, яғни сынақтан өтпеген студенттер емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Әр семестрлік жұмыс 9 балдық немесе 100 % көрсеткішпен бағаланып, шектік бақылау мен емтиханға жіберілу рейтингісін есептеуде ескеріледі. Тек өз уақытында, сапалы семестрлік жұмысты өткізген, семинар сабағынан қарызы жоқ студент емтихан тапсыруға рұқсат алады.
2 Семестрлік жұмыстардың тақырыптары
1 Мәдениет типологиясы: мәдениет типі түсінігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғайлы құрылымдар.
2 Мәдениеттің жан-жақты түрлері.
3 Евроцентризм және мәдениет типологиясы: кемшіліктері мен артықшылығы.
4 Мәдениет және өркениет.
5 Мәдениет кеңістігінің ерекшелігі.
6 Материалдық және рухани мәдениет.
7 Мәдени формалар мен артефактілердің олардың әлеуметтік, тарихи, географиялық бөлінуіне қарай өзгеруі.
8 Этнограф және мәдениет тарихшысы Э. Тайлордың «Первобытная культура» (1871 жыл) еңбегінің мәні мен маңызы.
9 Құндылықтар: ұғымы, топтау және қоғамдық эволюция барысында өзгеруі.
10 Мәдениет мағынасы мен мәнін теориялық тұрғыдан талдау.
11 Мәдениет: дәстүрлік пен жаңашылдық ерекшеліктері.
12 Мәдениетті зерттеудегі психосараптаудың рөлі.
13 М. Вебердің мәдениетті зерттеудегі идеалды-типтік әдісі.
14 Ойшылдар Н.Я. Данилевский, И.А. Ильин және Н.А. Бердяевтың мәдениет теориялары.
15 А. Тойнби өркениет түрлері теориясы.
16 Ортега – и – Гасеттің мәдениет философиясы.
17 К. Ясперс теориясындағы «Өстік дәуір» ұғымының мәні.
18 О. Шпенглер, П. Сорокиннің мәдениет туралы теориясы.
19 Л.Н. Гумилевтің өркениетке көзқарасы.
20 Мәдениет және көне мұралар.
21 Таңбалардың негізгі типтері мен жүйесі.
22 Мәдениет тілі таңбалар жүйесі ретінде.
23 Жасанды тілдер және олардың мәдениетті дамытудағы рөлі.
24 Мәдениеттің негізгі белгілері.
25 Түркі аңыздарының белгілері. Діннің белгілері.
26 Мәдениет этосы.
27 Грек ойшылдарының еңбектеріндегі «мәдениет» категориясының талдануы.
28 Белдеулік мәдени формалар: когнитивті парадигмалар, құндылықтық парадигмалар, реттеуші парадигмалар.
29 Мифология: аңыздардың мәні және типтері, аңыздардың сипаты, мифологиялық ойлардың логикасы, аңыздардың функциясы, қазіргі мифология.
30 Технология мәдени феномен ретінде.
31 Техника: техника әлемі, табиғат, адам.
32 Суфийстік Ренессанс
33 Мәдениеттегі техника бейнесі.
34 Алтын Орда кезеңінің мәдениеті.
35 «Адамгершілік», «құндылық», «этика» ұғымдары.
36 Қоғамның мәдени өміріне діннің әсері.
37 Мәдениеттегі саясаттың орны
38 Ежелгі дәуірдің техникалық табысының негізгі ескерткіштері.
39 Сақтар мен массагеттердің мәдениеті.
40 Сақ өркениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеті.
41 Көне түріктердің дәстүрі мен рәсімдері. Аруақтарға сену.
42 Көне түріктердің өркениеті мен жетістігі.
43 Әль-Фараби: философиялық, әлеуметтік-этикалық және эстетикалық көзқарасы.
44 Ортағасырлық Қазақстан және Орта Азияда ағарту ісінің дамуы.
45 Ортағасырлық философия ғылымының дамуы.
46 Батыс европалық ортағасырлық өркениеттің ерекшеліктері.
47 Ортағасырлық мәдениет әлемінің келбеті және христиан дінінің құндылық бағыттары.
48 Әль-Қашқаридың түркі мәдениеті мен тілін қалыптастырудағы рөлі.
49 Тимурид дәуіріндегі ағартушылық пен ғылымның рөлі.
50 Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы. Табиғат пен қоғам арасындағы қарама – қайшылық.
51 Қазақ халқының аңыз-жырлары.
52 Қазақтың ұлы билері.
53 Адам өмірінің кезеңдері: туу, ер жетуі, өлуі.
54 Ш. Уәлихановтың мәдениеттанулық ізденістері.
55 XIX- XX ғғ. қазақ қоғамдық ойлары мен әдебиетінің даму бағыттары.
56 Қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі мәдениет мәселесі.
57 Түріктердің космогониясы мен мифологиясы.
58 Сакральді қазақ мәдениеті.
59 Қазіргі заман мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен иновациялық үрдістер.
60 Қазақстандағы қазіргі бұқаралық мәдениет.
61 Қазақ киноиндустриясының мәселелері мен болашағы 62 Қазақстанда қазіргі заманғы теледидардың дамуы.
63 XVII – XIX ғғ. Қазақстанның музыкалық мәдениеті.
64 Қазақ мәдениеті тарихындағы шешендік өнер.
65 XIX- XX ғғ. қазақ әдебиетінің дамуы.
66 Аң стилі және оның қазақтың ою-өрнегіндегі көріністері.
67 Отырықшылыққа көшу және геноцид.
68 Ұлттық зиялылар және мәдениет.
69 Шәкәрімнің мәдениеттанушылық көзқарасы.
70 Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі.
71 Қазақстандағы мәдени мейрамдардың қалыптасуы.
72 Қазақстанда ортағасырлық қала мәдениетінің дамуы.
73 Қазіргі замандағы қала мәдениетінің дамуы.
74 Мәдени және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері.
75 Мәдени саясаттың қазақстандық моделі.
76 Қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа құндылық бағыттарының қалыптасуы.
77 Қазақтың көшпелі мәдениеті.
78 ЮНЕСКО халықаралық ұйымының мәдени мұра бағдарламасын дамытудағы рөлі.
80 Гендерлік мәдениеттің басты құндылықтары.
81 Қазақтың ұлттық ойын түрлері.
82 Экологиялық мәдениет: қиындықтар мен проблемалары.
83 Махмуд Қашқари және Жүсіп Баласағұнның еңбектері.
84 Нұр-Сұлтанның архитектуралық келбеті.
85 Қазақ халқының мәдени-этикалық жадын сақтаудағы мұражайлардың рөлі.
86 Өнерді коммерцияландыру.
87 Қазақстан кинофестивальдарының халықаралық мәдени байланысты нығайтудағы рөлі.
88 Қазіргі заманғы қазақ өнерінің негізгі жанрлары.
89 Қазақ ағартушылығының феномені.
90 XVIII-XIX ғғ. Қазақ халқының мәдени мұрасы.
91 Ақын – жыраулардың музыкалық шығармашылығы.
92 Қазақтардың технологиялық жетістігі.
93 Батырлардың мәдени құндылықтары мен этикасы.
94 Кұрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса, Ақан сері т.б. музыкалық шығармашылығы.
95 Ұлы Жібек жолының маңызы.
96 «Сакральді Қазақстан» бағдарламасы.
97 Алишер Навои (1441-1501) – түріктердің ұлы ақыны.
98 ХХ ғасырдағы қазақ өнерінің дамуы.
99 Қазақ интеллигенциясының қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі.
100 Қазақтың этникалық бірлігі мен халықты қалыптастырудағы мәдениеттің рөлі.
3 Семестрлік тақырыпты таңдаудың кестесі
Шифр Тақырып
нөмірі
Шифр Тақырып нөмірі
Шифр Тақырып нөмірі
01 1 38 38 75 75
02 2 39 39 76 76
03 3 40 40 77 77
04 4 41 41 78 78
05 5 42 42 79 79
06 6 43 43 80 80
07 7 44 44 81 81
08 8 45 45 82 82
09 9 46 46 83 83
10 10 47 47 84 84
11 11 48 48 85 85
12 12 49 49 86 86
13 13 50 50 87 87
14 14 51 51 88 88
15 15 52 52 89 89
16 16 53 53 90 90
17 17 54 54 91 91
18 18 55 55 92 92
19 19 56 56 93 93
20 20 57 57 94 94
21 21 58 58 95 95
22 22 59 59 96 96
23 23 60 60 97 97
24 24 61 61 98 98
25 25 62 62 99 99
26 26 63 63 100 100
27 27 64 64
28 28 65 65
29 29 66 66
30 30 67 67
31 31 68 68
32 32 69 69
33 33 70 70
34 34 71 71
35 35 72 72
36 36 73 73
37 37 74 74
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер 1 Назарбаев Н.А. «НА пороге ХХI века». – Астана, 2016
2 Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». – Астана, Ак Орда, 2017 / http://www.akorda.kz/ruұ
3 Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее». – Астана, 2017.
Негізгі әдебиеттер тізімі
1 «Аль-Фараби социально-этические трактаты». – Алма-Ата, 1972.
2 Баласагуни Ю. «Благодатное знание / пер. С.Н. Иванова». – М., 1983.
3 Бейсенова Г.А. «Проблемы глобализации и идентичности» – А., Print, 2009.
4 Бейсенова Г.А. «Проблемы образовательного знания в диспозитиве культуры». – Алматы: Искандер, 2005.
5 Барнард Алан. «Антропология тарихы мен теориясы» /пер. на каз.яз.
Под руков. Кульсариева А.Т., Масалимова А.Р. – А., 2017.
6 «Всеобщая история живописи». – М., ЭКСМО, 2010.
7 Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
8 Габитов Т.Х. «Казахи: Опыт культурологического анализа». – Saarbrücken: Germany Academic Publishing GmbH & Co. Кg lap lambert. - Heinrich- Böcking-Str. 6-8, 66121. - KG LAP LAMBERT, ГЕРМАНИЯ, 2012.
9 Габитов Т.Х., Абдигалиева Г.К., Исмагамбетова З.Н. «Философия культуры»: Учебник для студентов вузов и колледжей. – Алматы: Эверо, 2013
10 Ғабитов Т.Х., Затов Қ. «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі». - Алматы:
Раритет, 2013.
11 Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. «Культурология». - Алматы, Раритет, 2008.
12 Gabitov. «Actual Problems of Kazakh Culture. Kazakh Culture Challenges».
- Саарбрюкен: Ламберт. - Publishing, 2016.
13 «Древние цивилизации». - М., 2009.
14 Жолдубаева А.К. «Культурология: практикум». - Алматы: Казну им.аль- Фараби, 2014.
15 «История культурологии под ред. Огурцова А.П». - М., Гардарики, 2006.
16 Каиржанова А. Palaeoturcica. «Мир древних тюрков». – Алматы, 1999.
17 Карабаева А.Г. «Эпистемологические этюды». – Монография. - А., Қазак университеті, 2016.
18 Кондыбаев С. Введение в казахскую мифологию. – Алматы. 1999.
19 Курмангалиева Г.К., Нысанбаев А.Н., Соловьева Г.Г., Сейтахметова Л.Н. «Наследие аль-Фараби и современная философия взаимопонимания». – Алматы. 2011.
20 Малов С.Е. «Памятники древнетюркской письменности». – М-Л, 1951.
21 Маргулан А. «Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана». - Алма-Ата, 1979.
22 Масалимова А.Р. «Культура и цивилизация». – А., 2005.
23 Махмуд аль-Кашгари «Дивани Лугат ат-Турк» / М. Ауэзова. – Алматы, 2005.
24 Мирзабекова А.Ш. «Проблема культурной идентичности в социальной философии». – Караганды: Болашак-Баспа, 2006.
25 «Мир ценностей аль-Фараби и аксиология ХХI века». Книга.2. – Алматы, 2006.
26 Молдабеков Ж.Ж. «Қазақтану». - Алматы, 2015.
27 Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.
28 «Наследие аль-Фараби и формирование нового интегрального мировоззрения коллективная монография» / под общей редакцией З.К.Шаукенова. – Алматы: 2012.
29 Никонов А.Ю. «Алутун билиг. Тенгрианство». – Алматы. 2000.
30 Нуржанов Б.Г., Ержанова А.М. «Культурология». - Алматы, 2011.
31 Нуржанов Б.Г. «Модерн. Постмодерн. Культура». – Алматы, 2012.
32 Раев Д.С. «Влияние тюркской цивилизации на средневековую европейскую культуру» //Известия Казахского университета международных отношении и мировых языков имени Абылай хана, №4 (26), 2016. (с.13-21).
33 Раев Д.С. «Тенгрианство как религиозно-духовное мировоззрение тюрков-кочевников» // «Тенгрянство и наследие народов Евразии стоки и современность»: сборник статей ҮІ-й Межд. науч.-прак. конф. (14-16 июня 2017 года, Астана, Казахстан) 1-ое изд., стер. –Астана: ТОО Мастер По, -2017. -495 с.
(323-327 с.).
34 Раев Д.С. «Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау». – Алматы: Ценные бумаги. –2001. –228 с.
35 Сарсенбаева З.Н. «Этнос и ценности». – 2-е изд. перераб. и доп. – Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОНРК, 2018.
36 Старр С.Ф. «Утраченное Просвещение: Золотой век Центральной Азии от арабского завоевания до времен Тамерлана». – М.: Альпина Паблишер, 2017.
37 Стеблева И.В. «Поэзия тюрков VI-VIII веков». – М, 1965.
38 «Полная энциклопедия живописи». – М., Астрель, 2009.
39 Шәлекенов У.Х. «Қазақ өркениеті – Алматы»; Қазақ университеті, 2009.
Жалпы әдебиеттер тізімі
1 Вебер М. Избранное. Образ общества. – М., 1994.
2 Гумилев Л.Н. Коне туріктер. – Алматы, 1995.
3 Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии. Эпохи и цивилизации. – М., 1993.
4 Гумилев В.И. Загадки погибших цивилизаций. Проблемы философии культуры. – М., 1984.
5 Габитов Т.Х. Культурология. – Алматы, 2003.
6 Григорьев В.И. Человек. Культура. Творчество. – М., 1991.
7 Данилевский Н.Я. Россия и Европа. – М., 1991.
8 Миллер О.В. Мировая культура: Традиции и современность. – М., 1991.
9 Межуев В.М. Культура и история. – М., 1983.
10 Ортега – и – Гассет. Эстетика. Философия культуры. – М., 1991.
11 Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1992.
12 Тойнби А. Постижение истории. – М., 1992.
13 Токарев С.А. Ранние формы религии. – М., 1990.
14 Швейцер А. Культура и этика. – М., 1973.
15 Шпенглер О. Закат Европы. – Новосибирск, 1993.
16 Ясперс К. Смысл и назначение истории. – М., 1994.
17 Актуальные проблемы культуры ХХ века. – М., 1993.
18 Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М., 1991.
19 Кравченко А.Н. Культурология. – М., 2000.
20 Тимошинов В. Культурология. – Алматы, 2003.
21 Вебер М. Протестантская этика и дух капитализма. – М., 1990 22 Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахов. – Алматы, 1991.
23 Культурные контексты Казахстана: история и современность. – Алматы, 1998.
24 Нуржанов Б.Г. Культурология: Курс лекций. – Алматы, 1994.
25 Толубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. – Алматы, 1991.
26 Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.
27 Васильев Л.С. История Востока. В 2-х т. – М., 1993.
28 Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева Т. Культурология: Учебник. – Алматы, 2002.
29 Жизнь Мухаммеда. Книга о пророке. – Алма-Ата: Жазушы, 1990.
30 Ислам в истории народов Востока. – М., 1981.
31 Ислам: религия, общество, государство. – М., 1984.
32 Идрис Шах. Суфизм. – М., 1994.
33 Курманбаева Н. Культура Востока и Запада. – Алматы, 1996.
34 Культурные контексты Казахстана: история и современность. – Алматы, 1998.
35 Послание Президента РК народу Казахстана от 28 февраля 2007 года. – Алматы, 2007. «Новый Казахстан в Новом мире».
36 Степанянц М.Т. Философские аспекты суфизма. – М., 1987.
Қосымша әдебиеттер тізімі
1 Акимбеков С.М. «История степей: феномен государства Чингисхана в истории Евразии». – Алматы: ТОО «Институт Азиатских
2 исследований». 2-е издание, исправленное и дополненное, 2016.
3 Акимушкин О.Ф. «Средневековый Иран: культура, история, филология».
– СПб, 2004.
4 Акишев К.А. «Искусство и мифология саков». - А., 1984.
5 Байпаков К.М. «Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути». – Алматы, 1998.
6 Барманкулов М. «Хрустальные мечты тюрков о квадронации». – Алмат, 1998.
7 Бичурин Н.Я. (Иакинф). «Средняя Азия и Восточный Туркестан». – Алматы, 1997.
8 Ганиев Р.Т. «Восточно-тюркское государство в VI - VIII веках». - Екатеринбург: Издательство Уральского университета, 2006.
9 Геродот История. В 9 кн. Кн.4. – М., 1999.
10 Гумилев Л.Н. «Ритмы Евразии: Эпоха и цивилизации». - М., 1993.
11 Гумилев Л.Н. «Древние тюрки». – М., 2008.
12 Грушевицкая Т.Г. «Культурология»: учеб.пособие /Т.Г.Грушевицкая, А.П.Садохин. – М.: Альфа -М: ИНФРА-М, 2015.
13 Данильян О.Г. «Культурология»: учебник /О.Г.Данильян, В.М.Тараненко. – 2-е изд. – М.: ИНФРА-М, 2014.
14 Даукеева С. «Философия музыки Абу Насра Мухаммада аль-Фараби». – А., 2002.
15 Делез Ж. «Кино». – М.: Ад Маргинем, 2004.
16 «Закон о культуре». - А., 2000.
17 Ибраев Ш. «Поэтика огузского героического эпоса». – Алматы, 1997.
18 Касымжанов А.Х. «Стелы Кошо-Цайдама». – А.: ТОО «Компания Printing Systems», 1998.
19 Касымжанов А.Х. «Пространство и время великих традиций». - А., 2001.
20 Кастельс М. «Галактика. Интернет». – Екатеринбург: У-Фактория, 2004.
21 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И., «Казахстан. Летопись трех тысячелетий». – Алма-Ата, 1992.
22 Кляшторный С.Г. «Памятники древнетюркской письменности и этнокультурная история Центральной Азии». – СПб, 2006.
23 Кляшторный С.Г. «Древние рунические надписи». – М., 1964.
24 Крадин Н.Н., Скрынникова Т.Д. «Империя Чингис - хана». - М.:
Восточная литература, 2006.
25 Крадин Н.Н. «Кочевники Евразии». - Алматы: Дайк-Пресс, 2007.
26 «Культурология. Антология». Т. 1-4. - М., 2012.
27 «Культурология»: учеб. / под ред. А.С.Мамонтова. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Изд-во Юрайт, 2016.
28 «Культурология»: учебник /под научн. ред. Г.Д.Драча. – 2-е изд., стер. – М.: КНОРУС, 2014.
29 Луман Н. «Реальность массмедиа». – М.: Праксис, 2005.
30 «Лукиан из Самосаты. Избранная поэзия». – М., 1991.
31 Маклюэн Г.М. Галактика Гутенберга. «Становление человека читающего». – М.: Академический проект, 2005.
32 elikoff I. Ahmad Yesevi and Turkic Popular Islam, Electronic Journal of Oriental Studies - 2003. №6, № 8. (Меликоф Ай. Ахмад Есеви анд Туркик Популар Ислам, Электроник Жунар оф Ориентал Стадиес – 2003. №6, №8)
33 Молдабеков Ж.Ж. «Интеллектуальная нация. Стратегический курс и культурно-национальные факторы становления». – А.: КазНУ им.аль-Фараби, 2015.
34 Мутанов Г.М., Таджикова К.Х., Хасанов М.Ш., Нурышева Г.Ж., Курмангалиева Г.К., Сейтахметова Н.Л., Сыргакбаева А.С., Джаамбаева Б.А. / под общ.ред. Г.М. Мутанова. «Аль-Фараби и современность»: учебное пособие - Алматы: казак университеті, 2014. – 223 с.
35 Нурышева Г. Ж., Сыргакбаева А.С., Хасанов М.Ш., Джаамбаева Б.А., Мутанов Г.М., Сейтахметова Н.Л. «Әл-Фараби және қазіргі заман» - А., Қазақ университеті, 2014 год.
36 Орынбеков М.С. «Предфилософия протоказахов». - Алма-Ата, 1994.
37 Отенияз Самат «Атилла». – Алматы, 2000.
38 Раевский Д.С. «Модель мира скифской культуры». – М., 1985.
39 Раев Д.С. «Қазақ шешендігі адамның рухани болмысы хақында» //Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. №4 (58), 2013. (75- 82 с.).
40 Раев Д.С. «Тюркское влияние на Европейсую культуру в эпоху раннего средневековья» //Научный журнал «Austria Science», №8 2017, (20-23 с.).
41 Раев Д.С. «Қазақ шешендігі адамның рухани болмысы хақында» //Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. №4 (58), 2013. (75- 82 с.).
42 Разлогов К.Э. «Мировое кино. История искусства экрана». – М.:
ЭКСМО, 2011.
43 Рахманалиев Р. «Империя тюрков. История великой цивилизации» / науч.ред. Н.Н. Цовма. – М.: РИПОЛ классик, 2017.
44 Сарткожа-улы К. «Гуннское письмо» // Алем. Альманах. Вып.1. – Алма- Ата, 1991.
45 Сегизбаев О.А. «История казахской философии: от первых архаичных представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ столетия»: Учебник для вузов. Алматы: Гылым, 2001.
46 Сыргакбаева А.С. «Некоторые особенности урбанизма в Казахстане» / ҚазҰУ хабаршысы. Серия: Философия, политология, культурология сериясы. - Алматы, 2010. №1, с. 87-91.
47 Стеблева И.В. «Жизнь и литература доисламских тюрков: историко- кульутрный контекст древнетюркской литературы». – М.: Вост. Лит. т 2007.
48 Тер-Минасова С. «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» / пер на каз.яз. – А, 2018.
49 Фромкин В., Роберт Родман, Нина Хайамс «Тіл біліміне кіріспе» /пер.
На каз.яз.». - А., 2017.
50 Ли Энн Гек, Гайс Рип Медиа «Этика жас мамандардың тәжірбиесінен» / пер. На каз.яз. – А., 2017.
51 Хантингтон С. «Столкновение цивилизаций». // Геополитика:
Антология, - М., 2006.
52 Шваб Клаус Мартин «Төртінші индустриалық революция» / пер на каз.яз. – А., 2017.
Мазмұны
Кіріспе ... 3
1 Семестрлік жұмыс жазуға әдістемелік нұсқау ...4
2 Семестрлік жұмыстардың тақырыптары ...7
3 Семестрлік жұмысты таңдау кестесі ...11
Әдебиеттер тізімі ... 12
2019 ж. қосымша жоспар, реті 22
Болат Жоламанович Кабдушев
ӘЛЕУМЕТТІК – САЯСИ ІЛІМДЕР МОДУЛІ: МӘДЕНИЕТТАНУ Семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
(барлық мамандықтарға арналған)
Редактор: Изтелеуова Ж.Н.
Стандарттау бойынша маман: Мухаметсариева Г.И.
Басуға __________ қол қойылды Пішіні 60х84 1/16 Таралымы 50 дана. №1 типографиялық қағаз
Көлемі 1,13 оқу. – басп.ә. Тапсырыс _____. Бағасы 570 т.
«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы 050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126/1