• Tidak ada hasil yang ditemukan

Коммерциялық емес

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Коммерциялық емес"

Copied!
19
0
0

Teks penuh

(1)

Коммерциялық емес акционерлік

қоғам

АЛМАТЫ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

Электртехника кафедрасы

ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

5В060200 – Информатика мамандығының студенттері үшін №1- 3 есептік – сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен

тапсырмалар

Алматы 2018

(2)

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРЫ: Айтжанов Н.М, Естаева Ш.А., Электр тізбектерінің негіздері; 5В060200 – Информатика мамандығының студенттері үшін №1-3 есептік - сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен тапсырмалар. - Алматы: АЭжБУ, 2018. – 17 бет.

Әдістемелік нұсқауда «Электр тізбектерінің негіздері» пәні бойынша

№1, 2, есептік - сызба жұмыстарын орындауға ұсынған тапсырмалары келесі тақырыптар бойынша құралған: «Тұрақты токтың тәуелді энергиялық көздері бар сызықты электр тізбектерін есептеу», «Бірфазалы синусоидалы токтың тармақталған сызықты электр тізбектерін есептеу», «Төрт ұштықтарды есептеу». Әдістемелік нұсқауда есептік – сызба жұмысты безендіру, орындаулар талап етіледі. Есептік – сызба жұмыстарының тапсырмалары 5В060200 - Информатика мамандығының барлық түрінің студенттері үшін пәннің оқу жұмыс жоспарын оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

Без. - 21, кесте - 6, әдебиет көрсеткіші - 9 атау.

Пікір беруші: к.т.н. доцент Гали. Х.О.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2018 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

 «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2018 ж.

(3)

1 Есептік-сызба жұмыстарын орындау мен безендіруге қойылатын талаптар

1.1 а) титульдық бет (үлгі келтірілген);

б) тапсырма:

в) мазмұны;

г) кіріспе;

д) негізгі бөлім;

е) соңы (қорытынды;) ж) әдебиеттер тізімі;

к) қосымша.

1.2 Мәтіннің берілуі (есептердің шарты) толығымен жазылуы тиіс, сондай - ақ барлық суреттер мен өз нұсқауының сандық мәндері болуы керек.

1.3 Есептік-сызба жұмысының әр бөлімінің атаулары болуы тиіс.

1.4 Есептік – сызба жұмысы қолжазба әдісі немесе компьютерлік терілім арқылы Times New Roman тобының бағдарламасы 14 шрифтпен жазылады.

Мәтіннің берілуі А 4 форматты ақ қағазының біржақ бетінде жазылады.

Қағаздың барлық төрт жағынан орын қалу керек: сол жағынан – 25 мм, оң жағынан – 18 мм, жоғарғы жағынан - 20 мм, ал төменгі жағынан – 25 мм.

1.5 Пәндік жұмыстың барлық парақтары нөмірленген болуы тиіс (негізгі парақпен қосымшаны қоса). Бірінші парақ әдістемелік нұсқаудың титул беті, ол бетке нөмір қоймайды. Келесі парақтардың нөмірлерін араб цифрларымен мәтінге симметриялы ретінде (Times New Roman 14 шрифтпен) нүктесіз колонтитулдарды қолданып белгілеу керек.

Қашықтығы парақтың шетінен жоғарғы колонтитулға 1,0 см, ал төменгі колонтитулға дейін- 1,6 см болу тиісті.

1.6 Есептеулер түсініктемелерімен жазылуы тиіс. Тек есептеу кейіптемелері мен есептеу қорытындыларын келтіру жеткіліксіз. Пәндік жұмысында есептеулер мен түсініктемелері қысқартылған жағдайда қорғауға жіберілмейді және студенттерге жөндеуге қайтарылып беріледі.

1.7 Электр тізбектерінің сұлбалары және сызбалары қарындашпен, циркульмен және сызғыш көмегімен сызылады. Сұлбалармен сызбалар нөмірленген болуы керек

1.8 Сызбаларда көрсеткіштердің электрлік шамаларын және өлшем бірліктерін көрсету керек. Диаграммаларды және сызбаларды ыңғайлы қолдану үшін масштаб таңдалынуы керек.

1.9 Белгілі бір өлшемді шамаларды қорытынды мәнімен және өлшем бірлігін жазу керек. Барлық белгілеулердің электрлік шамалары МЖБС-қа сәйкес болуы тиіс.

1.10 Кіріспеде жұмыстың мақсаты, әдістемелік анализы және электр тізбектің жұмыс істейтін режимдерінің есептеу әдістері кіруі тиісті.

1.11 «Кіріспе» атауын белгілі үлкен әріптармен көрсету керек.

(4)

1.12 Қорытындыда пәндік жұмысты қолдана отырып, есептеу әдістеріне талдау жасап, алынған әдістердің нәтижелерін салыстырып, істелінген жұмыска баға беру керек.

1.13 Есептік-сызба жұмысты тексеруге оқу кезеңнің кестесіне сәйкес уақытында тапсырылуы керек, егер орындалмаса қорытынды балы төмендетіледі және қосымша тапсырма немесе басқа нұсқау (оқытушының шешімімен) беріледі. Сондай –ақ қорытынды балы төмендетіледі.

2 Есептік-сызба жұмысы №1. Тұрақты токтың сызықты электр тізбектерін есептеу

Мақсаты: тұрақты ток тізбектерін контурлық токтар, түйіндік потенциалдар және эквиваленттік генероатор әдістерімен есептеуден икемділік алу.

Тұрақты токтың электр тізбектеріндегі (2.1-2.10 суреттер ) тәуелсіз ЭҚК және J – тәуелсіз ток көздері бар сұлбаларды анықтап, зерттеу үшін келесілерді орындау қажет:

1) Кирхгоф заңдары бойынша теңдеулер жүйесін құру.

2) Контурлық токтар әдісі бойынша электр тізбегінің барлық тармақтарының токтарын есептеу.

3) Түйіндік потенциалдар әдісі бойынша электр тізбегінің барлық тармақтарының токтарын есептеу.

4) Эквиваленттік генератор әдісімен R кедергі бар бір тармақтағы токты есептеу керек (2.3 кесте).

5) Қуаттардың тепе-теңдігін тексеру керек. Есептік-сызба жұмысының нұсқасын (вариантын) таңдау үшін 2.1-2.3 кестелерін қолданамыз [1-7].

Сұлба нөмірі 2.1 кестесі бойынша анықталынады, тізбек параметрлерінің сандық мәнін 2.2 және 2.3 кестеден сынақ кітапшасына және тегінің бірінші әрпіне сәйкес таңдап алынады.

2.1 кесте Оқуға түскен жылы

Студенттік билетінің соңғы саны

Жұп 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0

Тақ 0 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Сұлбаның

2.1 2.2 2.3 2.4 2.5 2.6 2.7 2.8 2.9 2.10 Е1, В 120 60 70 65 90 85 110 115 90 95 Е2, В 80 70 60 50 110 80 100 75 50 70 Е3, В 90 65 80 85 50 90 60 70 95 65 Е4, В 100 120 90 75 100 70 85 90 60 70

(5)

2.2 кесте Оқуға түскен жылы

Студенттік билетінің соңғы саны

Жұп 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0

Тақ 0 9 8 7 6 5 4 3 2 1

R1, Ом 60 55 65 85 70 60 90 100 95 75 R2, Ом 76 88 90 66 80 75 82 76 80 62 R3, Ом 86 60 88 65 75 95 46 84 56 68 R4, Ом 78 70 60 55 90 66 77 78 80 85

2.3 кесте Оқуға түскен жылы

Тегінің бірінші әрпі

Жұп БЛҚ Кh ВМҒ ГНҢ ДОӘ ЕПҰ ЖСI ТЭҮ УЮФ АЩ

Тақ КО ВМҚ ГНh БЛҮ ЕПI ДОӘ ТЭҮ ЖСҢ АҒ УЮФ

E5, B 100 60 80 90 78 88 65 56 76 82 J, A 0,02 0,035 0,04 0,022 0,06 0,04 0,03 0,07 0,05 0,08

Rx, Ом R3 R2 R1 R4 R2 R1 R4 R2 R3 R1

2.1 сурет 2.2 сурет

(6)

2.3 сурет 2.4 сурет

2.5 сурет 2.6 сурет

2.7 сурет 2.8 сурет

(7)

2.9 сурет 2.10 сурет

3 Есептік –сызба жұмысы № 2. Бір фазалы синусоидалы токтың тармақталған сызықты электр тізбегін есептеу.

Мақсаты: синусоиданы ток тізбектерін есептеуден векторлық диаграмма құрудан икемділік алу.

Синусоидалы кернеу көзі u=Um sin ωt тармақталған сызықты электр тізбегіне қосылған (3.1-3.10 суреттер). Кернеудің әрекеттік мәндері және тізбектің параметрлері 3.1, 3.2, 3.3 кестелерде келтірілген.

Электр тізбегі үшін келесіні орындау:

1) Индуктивті ХL мен сыйымдылықты ХC кедергілерді, әр тармақтың кешенді кедергілерін және бүкіл тізбектің эквиваленттік кешенді кедергісін есептеу керек.

2) Сұлбаның барлық тармақтарындағы токтарды есептеу керек.

3) Барлық тармақтардағы токтардың лездік мәнін жазу керек.

4) Тізбектегі комплексті (кешенді) қуаттардың балансын тексеру керек.

5) Сұлбадағы барлық элементтердің кернеулерін есептеу керек.

6) Токтың бірліктерін векторлық диаграммасы мен кернеулердің топографиялық диаграммасын тұрғызу керек.

Есептік-сызба жұмысының нұсқасын таңдау үшін 3.1- 3.3 кестелерін қолдану керек.

Сұлба нөмірі 3.1 кестесі бойынша анықталынады, тізбектің параметрлерінің сандық мәнін 3.2 және 3.3 кестеден сынақ кітапшасына және тегінің бірінші әріпіне сәйкес таңдап алынады.

(8)

3.1 кесте Оқуға түскен жылы

Студенттік билеттің соңғы саны

Жұп 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0

Тақ 0 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Сұлбаның

4.1 4.3 4.2 4.4 4.7 4.6 4.5 4.9 4.8 4.10

U, В 70 88 95 65 90 60 80 75 50 68

, рад/с 5000 3000 4000 5500 6500 7000 8500 6000 7500 6800

3.2 кесте Оқуға түскен жылы

Студенттік билетінің соңғы санының алдынғысы

Жұп 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0

Тақ 0 9 8 7 6 5 4 3 2 1

L1,мГн 4,0 3,0 5,0 5,5 6,5 4,0 4,5 3,2 4,6 3,0 L2, мГн 3,2 4,8 5,6 5,5 3,7 6,0 3,5 4,0 5,5 4,7 L3, мГн 5,0 4.0 6,5 3,0 4,5 5,5 3,5 4,5 3,8 5,8

3.3 кесте Оқуға түскен жылы

Тегінің бірінші әрпі

Жұп БЛҰ КХӘ ВМӨ ГНШ ДОI ЕПҢ ЖСH ТЭИ УЮУ АҚ

Тақ КХҢ ВМР ГНF БЛҚ ЕПӘ ДОҰ ТЭI ЖСY АЩӨ УЮФ

R1,Ом 70 60 80 90 78 80 78 80 90 80

R2,Ом 66 84 90 88 72 88 96 64 50 74

R3,Ом 80 80 70 64 84 82 76 68 80 76

С1,мкФ 3,2 4,4 3,8 2,4 3,6 4,2 4,8 2,9 2,6 3,5 С2, мкФ 2,0 1,8 2,8 2,4 3,0 2,18 1,6 2,5 1,9 2,3 С3, мкФ 2,5 2,0 2,0 1,9 1,7 1,8 3,1 4,0 3,4 1,8

3.1 сурет 3.2 сурет

(9)

3.3 сурет 3.4 сурет

3.5 сурет 3.6 сурет

3.7 сурет 3.8 сурет

3.9 сурет 3.10 сурет 4 Есептік- сызба жұмысы №3. Төртұштықтарды есептеу

Екі симметриялы төртұштық каскадты түрде жалғанған. Екі төртұштықтың сұлбалары (3.1 сұлба және 3. сұлба) және төртұштықтардың кедергілері берілген. Анықтау керек:

1) Әрқайсысының А- параметрлерін;

2) Төртұштықтардың каскадты жалғануының А- параметрлерін:

- әрқайсысының А- параметрлерін.

(10)

- баламалы төртұштықтың сұлбасын қолдана отырып анықтау.

3) А-параметрлерді, бос жүріс және қысқа тұйықталу режимдерін қолдана отырып, төртұштықтың екінші реттік параметрлерін (Zc1, Г, А, В) анықтау.

4) Шығыстық қысқыштарға Rн жүктемесін жалғау кезіндегі, бірінші реттік қысқыштарға қатысты кірістік кедергіні.

5) Төртұштықтың бірінші реттік қысқыштары жағынан Rг жүктемесі кезіндегі, екінші реттік қысқыштарға қатысты кірістік кедергіні.

Жұмыс нұсқасы 4.1-4.3 кестелері бойынша, сынақ кітапшасының нөмірі және тегінің бірінші әріпіне сәйкес таңдалады.

4.1 кесте Оқуға түскен

жылы

Сынақ кітапшасының соңғы саны

Жұп 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0

Тақ 0 9 8 7 6 5 4 3 2 1

1 төртұштық

сұлбасының № 2.1 2.2 2.3 2.4 2.5 2.6 2.7 2.8 2.1 2.2 L, мГн 70 60 50 65 80 55 75 85 95 100

f, кГц 1 2 3 4 5 1 2 3 4 5

4.2 кесте Оқуға түскен

жылы

Сынақ кітапшасының соңғы санының алдыңғы саны

Жұп 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0

Тақ 0 9 8 7 6 5 4 3 2 1

R, кОм 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Rн, кОм 0.5 0.6 0.8 0.9 0.4 0.7 1.1 1.2 1.3 1.0 4.3 кесте

Оқуға түскен жылы

Тегінің бірінші әріпі

Жұп БЛ

Ц

КХ ВМЧ ГНШ ДОЯ ЕПР ЖСЗ ТЭИ УЮФ АЩ

Тақ КХ ВМЧ ГНШ БЛЦ ЕПР ДОЯ ТЭИ ЖСЗ АЩ УЮ

Ф

2 төртұштық сұлбасының

4.9 4.10 4.11 4.12 4.13 4.14 4.15 4.16 4.12 4.15 С, мкФ 0,

1

0, 3 0, 2 0, 4 0, 5 0, 6 0, 7 0, 8 0, 9 0, 6 Rг, кОм 0.2 0.19 0.18 0.17 0.16 0.15 0.14 0.13 0.12 0.11

(11)

4.1 сурет 4.2 сурет

4.3 сурет 4.4 сурет

4.5 сурет 4.6 сурет

4.7 сурет 4.8 сурет

(12)

4.9 сурет 4.10 сурет

4.11 сурет 4.12 сурет

4.13 сурет 4.14 сурет

4.15 сурет 4.16 сурет

(13)

5 №1- 3 есептік-сызба жұмыстарын қою әдістемелік нұсқаулар Тізбекте тәуелсіз кернеу көзі мен тәуелсіз идеал ток көзі әрекет етілсе Кирхгофтың екінші заңының теңдеулері текқана тәуелсіз ток көзі кірмеген контурларға ғана жазылады.

Егер электр тізбегінде идеал ток көзі Nт болса, онда контурлық токтар әдісі бойынша теңдеу құру кезінде контурлық токтарды, әрбір ток бір ток көзі бойымен жүретіндей етіп таңдау керек (бұл контурлар сәйкесіне ток көзінің токтарына сәйкес келіп, есеп шартымен беріледі).

Қалған контурлық токтардың (К=Nтарм ----N түйін +Nт) құрамында ток көздері жоқ тармақтары бойымен өтетіндей таңдап алынады

(К = Nтарм –Nтүйін+1—Nт), Nт - белгісіз контурлық тоқтар саны;

Nтарм – тармақтар саны;

Nтүйін - түйіндер саны;

Nт - тоқ көздерінің саны.

Қалған контурлық токтарды анықтау үшін Кирхгофтың екінші заңы бойынша К- контурлық теңдеулер құрастырылады. Мысалы, тұрақты токтың тізбегі үшін контурлық токтар әдісі бойынша келесі теңдеулер жүйесін құрамыз (4.1 сурет).

2 3 4 11 2 22 4 2 3

2 11 1 2 22 1 1 2 5

( )

( )

R R R I R I R J E E

R I R R I R J E E E

      

      .

4.1 сурет

Түйіндік потенциалдар әдісі жүйенің теңдеулерінің санын кішірейтуге рұқсат береді:

У= N түйін – Nи -1.

Мұнда Nи – идеал ЭҚК – энергия көзі кіріп отырған тармақтардың саны.

(14)

Түйіндік потенциалдар әдісінің мәні электр тізбегінің түйіндерінің потенциалын анықтауға арналған, тармақтың токтары Ом заңы бойынша анықталады. Түйіндік потенциалдар теңдеулерін құрастыруда, бір түйіннің потенциалын (түйіндес болған жағдайда ) + Е тең болады деп алуға келеді.

Қалған түйіндердің потенциалдарын анықтау үшін теңдеулер жүйесін құрамыз (4.1 сурет).

4 0,3 E5,

1 1 2 4 2 4 1 1 2 2 5 1

1 4 2 3 4 3 3

( )

( ) .

g g g g E g E g E g

g g g E g J

 

 

      

     

Бірфазалы синусоиалды токтың тармақталған тізбегін есептеу үшін кешенді сандар әдісін қолданамыз. Белгілі кіріс кернеу мен тізбектің кешенді кедергілері арқылы барлық тармақтардағы тоқпен кернеулерді анықтаймыз:

Алдымен раективті кедергілерді анықтаймыз:

. 2

2 1 1

fL L

С fC

L С

;

Кейін бүкіл тізбектің жалпы кіріс кедергісін есептеу керек.

Тармақтардағы есептелген кешенді токтармен кернеулер арқылы электр тізбектің векторлық диаграммасын тұрғызамыз.

Есептелінген кешенді токтар мен кернеулердің мәндерін кескінді векторлар арқылы кешенді жазыққа тұрғызу керек.

Кешенді қуаттардың тепе-теңдік теңдеулері;

n

k

ê êàá n

k

k êîçi

ýí

S

S

1

. 1

. .

~

~

. Энергия көзі ЭҚҚ-нің кешенді қуаты

k k k

êîçi

S

ýí

 

.

~

,

мұнда  – кешенді ток, кешенді токтың  түіндес тогы.

Қабылдағыштардың кешенді қуаты

k k

k

êà á

Z

S ~

2

.

(15)

Каскадты жалғану автоматика, байланыс және телемеханика тізбектерінде жиі кездесетін жалғану болып табылады.

Жеке төртұштықтардың параметрлері арқылы каскадты жалғану нәтижесінде алынған төртұштықтардың параметрлерін анықтау үшін, А- параметрлер жүйесін пайдалану тиімді болады. Бұл кезде толық жалғанудың А- параметрлер матрицасы, осы жалғануды құраушылардың А-параметрлері матрицаларының көбейтіндісімен анықталады. Басқаша айтқанда, каскадты жалғанудың қандайда бір А-параметрін анықтау үшін, жеке төртұштықтардың сәйкесті А-параметрлерін өзара көбейтіп алу керек.

Төртұштықтардың каскадты жалғануы кезінде, әрбір кейінгі төртұштықтың кірістік қысқыштары, алдыңғының шығыстық қысқыштарына жалғанады.

3.1 сурет

A A11' 11''A11, A A12' 12''A12, A A'21 ''21A21, A A'22 ''22A22.

3.2 сурет

Төртұштықтың коэффициенттері А-параметрлер теңдеулер жүйесінен, бос жүріс және қысқа тұйықталу режимдері бойынша белгілі кернеулер мен токтар бойынша анықтала алады.

1 11 2 12 2

1 21 2 22 2

U A U A I . I A U A I

  

  

Пассивті төртұштықтың коэффициенттері келесі сәйкестікпен байланысты:

11 22 12 21 1.

A AA A

(16)

Кірістік кедергі, төртұштыққа жалғанған генератор үшін жүктеме болып табылатын кедергіні сипаттайды:

11 12 22 12

1 2

21 22 21 11

; .

H H

ВХ BX

H H

A Z A A Z A

Z Z

A Z A A Z A

 

 

 

А-параметрлері арқылы анықталатын төртұштықтың екінші реттік параметрлері:

11 12 22 12

1 2

21 22 21 11

; ;

C C

A A A A

Z Z

A A A A

 

 

1 1

11 22 12 21

2 2

lnU ln I ln .

Г A A A A

U I

   

Сипаттамалық кедергілерді бос жүріс және қысқа тұйықталу параметрлері арқылы өрнектеуге болады:

1 1 1 ; 2 2 2 .

C КЗ C XX КЗ

ZZ Z ZZ Z

бос жүріс және қысқа тұйықталу параметрлері арқылы сипаттамалық беріліс тұрақтысы:

21 12 1

1

11 22 1

КЗ ;

XX

A A Z

thГA AZ

12 21 2

2

11 22 2

КЗ ;

ХХ

A A Z

thГA AZ

2 2 1

1 .

Г A jB thГ

e e

thГ

 

(17)

Әдебиеттер тізімі

1 Основы теории цепей. Бакалов В.П. -Москва. «Горячая линия- Телеком» 2013.-592 с.

2 Жолдыбаева З.И., Зуслина Е.Х., Применение MathCad в теории электрических цепей. Учебное пособие. – Алматы: АУЭС, 2012.- 86 с.

3 Жолдыбаева З.И., Зуслина Е.Х., Теория электрических цепей 1.

Примеры расчета установившихся процессов в линейных электрических цепях. Учебное пособие. – Алматы: АУЭС, 2009. – 93 с.

4 Жолдыбаева З.И., Зуслина Е.Х., Коровченко Т.И. Теория

электрических цепей 1. Конспект лекций (для студентов всех форм обучения специальности 050719- Радиотехника, электроника и телекоммуникации, 050704- Вычислительная техника и программное обеспечение). – Алматы: АИЭС, 2007. -90 с

5 Жолдыбаева З.И., Коровченко Т.И. Теория электрических цепей 1.

Учебное пособие. – Алматы: АИЭС, 2006.- 75 с

6 Демирчян К.С., Нейман Л.Р., Коровкин Н.В., Чечурин В.Л., Теоритическое основы электротехники. – т.1.- Санкт- Петербург: Питер, 2003.- 463 с

7 Балабатыров С.Б., Электротехниканың теориялық негіздері. 1 бөлім.

-Алматы. «Бастау». 2010. – 254 б.

Мазмұны

1 Есептік-сызба жұмыстарын орындау және безендіруге қойылатын

талаптар...3 2 Есептік- сызба жұмысы № 1. Тұрақты токтың сызықты электр

тізбектерін есептеу...4 3 Есептік - сызба жұмысы №2. Бірфазалы синусоидал токтың тармақталған

сызықты электр тізбегін есептеу...7 4 Есептік - сызба жұмысы №3.Төртұштықтарды есптеу...9

Әдебиеттер тізімі...17

(18)

2018 ж. жиынтық жоспары, реті 59

Нургали Мухамбетсагиевич Айтжанов Шынар Естаева Абдібайқызы

ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

5В060200 – Информатика мамандығының студенттері үшін №1- 3 есептік – сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен

тапсырмалар

Редактор Ж.Н. Изтелеуова

Стандарттау бойынша маман Н.К. Молдабекова

Басуға «__» «__» «__» Пішімі 60×84 1/16

Таралымы 50 берілген Баспаханалық қағаз №1

Көлемі 1,0 баспа таб. Тапсырыс___.Бағасы 500 теңге

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013 Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126 үй.

(19)

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ Электротехника кафедрасы

БЕКІТЕМІН Академиялық қызмет

жөніндегі проректор __________ С.В. Коньшин

“____”____________ 2018ж.

ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 5В060200 – Информатика мамандығы үшін

№ 1- 3 есептеу-графикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

КЕЛІСІЛДІ ЭТ кафедрасында АЖД бастығы қаралды және бекітілді _____ Р.Р.Мухамеджанова Хаттама №6 “8” 02. 2018 ж.

“___”_______ 2018ж. ЭТ кафедрасының меңгерушісі ____________ З.И. Жолдыбаева

Стандарттау бойынша бас маман

________ IT-инжиниринга кафедра меңгерушісі

“__”_______ 2018 ж. ____________Картбаев Т.С.

Редактор___________

“___”_______ 2018 ж.

Құрастырушылар:

_____________ Айтжанов Н.М.

УМК бойынша МО және Э төраға _____________ Естаева Ш.А.

________ Б.К.Курпенов “__”_______ 2018ж.

Алматы 2018

Referensi

Dokumen terkait

2020 жылы 11 желтоқсанда Журналистика және саясаттану факультеті «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасы ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25

ЯР-МҰХАМЕДОВА2 1 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., 2«Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» АҚ НАНОКОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОЛИТТІК

Алматы технологиялық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы [email protected] Еттің химиялық құрамын анықтау ет және ет өнімдерінің сапасын, тағамдық құндылығын, құрамындағы

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Нур-Султан, Қазақстан Витулева Е.С.-докторант, Алматы энергетика және байланыс университетi, Алматы, Қазақстан Молдахан И.-докторант,

Адам денесінің кедергісі 17 4.3 Токтың әсер ету ұзақтығы 18 4.4 Электр тогының түрі және жиілігі 19 4.5 Адамның физиологиялық жағдайы 19 4.6 Адам денесі арқылы токтың жолы 19 4.7

Сызықты емес тұрақты ток электр тізбектері және оларды есептеу тәсілдері 3.1 Негізгі анықтамалар Құрамына Сызықты емес элементтер кіретін тізбектер Сызықты емес деп аталады..

«Электротехника және электроника негіздері 1» пәні бойынша есептік – сызба жұмыстарының тапсырмалары және әдістемелік нұсқаулары келесі тақырыптар бойынша келтірілген: «Тұрақты токтың

Кернеуі U = 380 В болған үш фазалы үш сымдық бейтарабы оқшауланған торапқа және үш фазалы төрт сымдық бейтарабы терең жерге қосылған торапқа адам бір фазалы жанасып қосылғанда адам