• Tidak ada hasil yang ditemukan

КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

Рахымжанов А.Қ., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Заң факультетінің 1курс магистранты

КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

В статье рассматривается состав преступлений в сфере использования компьютерных технологий. Статья освещаеть достаточно серьезную проблему в отечественной правоприминительной практике – это объективная необходимость борьбы с правонарушениями в сфере компьютерных технологий.

Ключевые слова: ЭВМ, компьютерная преступления, интеллектуальная собственность, информация, информационная безопасность.

In the article is considered the composition of crimes in the sphere of computer technologies usage. The Article is called to show it is enough serious problem the domestic law practice person – it is an objective need of the fight with offenses in sphere computer technologies.

Keynotes: computer, computer crime, intellectual property, information, safety to information.

Кӛп мӛлшерде әр түрлі ақпараттарды қолдануға негізделген қазіргі замандағы қоғамның дамуын қоғам ӛмірінің барлық салаларына электронды есептеу

техникаларының енгізілімінсіз елестету мүмкін емес.

Ол жекелеген басқарушылықтың және шаруашылықтың ӛлшемдері деңгейінде сәйкес ақпараттарды сақтау және ӛңдеу үшін немесе азаматтардың арасындағы байланыс құралы ретінде ғана емес, ол сонымен қатар мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кеңінен қолданылады. Бірақ ғылыми-техникалық революция Қазақстанның экономикалық даму факторлары құрамындағы түпкілікті озық ӛзгерістерге ғана емес, сонымен қатар, қылмыстық қол сұғушылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелетін қылмыстық әлемнің теріс тенденцияларының дамуына себепші болып отыр. Бұл қылмыстық топтар мен қоғамдастықтардың ӛз әрекеттерінде ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін белсенді қолдана бастауынан айқын кӛрінеді. Қазақстанды бұл жағдайда компьютерлік техника құралдарын және ақпаратты ӛңдеу технологияларын қолданумен байланысты қылмыстық қол сұғушылықтар мен компьютерлік қылмыстардың пайда болуы және ӛрістеуі алаңдатады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы ҚК «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» деп аталатын 7-тарауында компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарға арналған, компьютерлік қылмыстардың құрамы келтірілген «Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» деп аталатын 227-бап қарастырылған.

Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату негізінен қоғамның экономикалық саладағы қоғамдық қатынастарында орын алатындықтан, заң шығарушы кӛрсетілген норманы Қылмыстық кодекстің 7-тарауына – экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар санатына қосқан.

Заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеуіш машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа заңсыз кіру, сол сияқты ЭЕМ-ге ЭЕМ-жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бӛгеуге, жаңартуға не кӛшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкеп соқса – компьютерлік

(2)

ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату деп танылып, кінәлі Қылмыстық кодекстің 227-бабымен жауапқа тартылады1.

Компьютерлік технология саласында жасалатын қылмыстар құрамын толық ашу үшін элементтеріне тоқталып кетейік. Бұл қылмыстың объектісі – ақпараттардың және ЭЕМ-ді пайдалана отырып оларды ӛңдеу жүйесінің қауіпсіздігін күзетуге байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстың объективтік жағы мынадай әрекеттермен сипатталады:

а) заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы электронды есептеу машинасындағы, ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа заңсыз кіру;

б) ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың пайдалану ережелерін бұзуы;

в) ақпаратты санкциясыз жоюға, беруге, жаңартуға не кӛшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға кӛпе-кӛрінеу алып келетін ЭЕМ-ге арналған бағдарлама жасау (ҚК-тің 227-бабының 3-бӛлігі);

г) қолда бар бағдарламаларға ӛзгерістер енгізу (ҚК-тің 227-бабының 3-бӛлігі);

д)осындай бағдарламаларды бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату (ҚК- тің 227-бабының 3-бӛлігі)2.

Қазақстан Республикасы ҚК 227-бабының 1-тармағында кӛрсетілген қылмыстың субъектісі – 16-ға толған, есі дұрыс адам болып табылады. Сондай-ақ, ЭЕМ-ге ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адам (арнаулы субъект) болып табылады.

Ал, осы баптың 2-тармағында кӛрсетілген қылмыстың субъектісі болып, жай адамдар, сондай-ақ ӛз қызмет бабын пайдаланатын адам (арнаулы субъект) танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстық ниет пайдакүнемдік немесе бұзақылық, кек алу немесе кӛреалмаушылық және тағы басқалары болуы мүмкін.

Егер, зиянды бағдарламаның әрекеті тұлғаның басқа қылмыс жасауына жағдай жасаған болса, әрекеттер жиынтығы басқа қылмыстың ауырлығына қарамай саралануы қажет.

ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды зерделеу, қолдану және тарату – бұл тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыс3.

Уақыт ӛткен сайын, қоғамның одан әрі компьютеризациялануына байланысты компьютерлік қылмыс мәселесі тым ӛзекті сипатта болып отыр және компьютерлік қылмыспен күресуде ең негізгі мәселе – оның үнемі ӛсуі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 227-бабында қарастырылған компьютерлік қылмыстар құрамы қазіргі уақытта жасалатын компьютерлік қылмыстардың барлық түрін толығымен қамтымайды. Ол компьютерлік технология саласындағы қылмыс құрамының үшеуін ғана қарастырады: заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау, қолдану және тарату, ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзу.

Қазіргі интернет және компьютерлік технология дәуірінде осы салада қоғамға қауіпті әрекеттердің басқа түрлері үшін жауаптылықты қарастыратын қылмыстар құрамын заң шығару деңгейінде кеңейту қажет. Ӛйткені, бұл бапты ғаламдық компьютерлік желі – Интернет жүйесінде қолдану мүмкін емес, себебі оның әсері ұйымдардың компьютерлік локалды желілеріне ғана таралады.

Біздің елге арналған желі қауіпсіздігінің мәселесі ӛте маңызды және ӛзекті болып табылады.

Алайда интернет құрылымындағы ақпараттық технологиялардың салыстырмалы жаңалығының арқасында, оның тұтынушыларына жоғары мамандандырылған талап қойылмайды4.

«Қорғалатын» компьютер жүйесіне немесе желісіне кіру үшін қолданушыда пароль болу керек.

1Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бӛлім. – Алматы: «Жеті жарғы», 2003 ж. – 233-бет.

2Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – Алматы, 2004ж., 400-бет.

3Коментарий к УК РК. Общая и Особенная части 2-е издание, исправленное и дополненное. – Алматы: «Жеті жарғы», 2007, 555-бет.

4Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының ғылыми еңбектері. – 2006ж., №1(10), 90-бет.

(3)

Ал, қылмыскер құпия парольді білу немесе жүйенің парольдік қорғанысын айналып ӛту үшін кӛптеген әр түрлі әдістерді қолданады. Компьютерге ӛзінен кейін саусақ іздерін немесе белгі қалдырмай, бір-бірімен күрделі түрде байланысқан компьютерлік жүйе арқылы және телефон желілері бойынша кіру қылмыскерлерді анықтауды және ұстауды қиындатады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың желілерінен ақпарат алу, мемлекеттік емес ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың ақпараттық жүйелерінен ақпарат алумен бірдей квалификацияланбау керек. Бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарында сақталатын және ӛңделетін, яғни жиынтығы мемлекеттік құпияларды құрауы мүмкін мағлұматтардың сипатымен негізделеді, ал жеке деректер шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен қылмыстық құрылымдар үшін белгілі мүдделерді білдіруі және билік пен басқару органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында қолданылуы мүмкін5.

Ақпаратты заңсыз пайдаланудың зардаптары әр түрлі болуы мүмкін: бұл тек қана интеллектуалды меншіктің дербестігін бұзу ғана емес, сонымен қатар азаматтардың жеке ӛмірі туралы мәліметтерді жария ету, тікелей зиян және алынбаған пайда түріндегі мүлік шығыны, кәсіпорынның абыройдан айрылуы, мекемелердің, ұйымдардың, және т.б. қалыпты қызметтерінің бұзылуының басқа да түрлері.

Компьютерлік қылмыстар негізгі объектіге қол сұға отырып, әрқашан қосымша объектіге қол сұғады, яғни жеке саланың жеке құқықтары мен қол сұғылмаушылығы, мүліктік құқықтар мен мүдделер, қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздік, конституциялық құрылыс сияқты нақты қасиеттердің игілігі зардап шегеді. Осындай құқықтық қорғауға жататын тұлғаның, қоғамның және мүдделері компьютерлік қылмыстар қол сұғатын қосымша объект болып табылады. Бұл қылмыстар құрамының құрылысының ерекшелігі олар материалдық түрде жасалады: ЭЕМ және ЭЕМ желілерінің қалыпты жұмыс істеуінің тұтас бұзылуынан тұратын ЭЕМ пайдаланушылар үшін зиян түріндегі қоғамға қауіпті зардаптардың орын алуын қарастырады6.

Компьютерлік технологияларды заңға қайшы қолдану мәселесі техногенді сипатқа да ие, ол аса қауіпті объектілерде экологиялық және нәтижесінде кӛп мӛлшерде адамдардың қырылуы сияқты апаттармен ұштасатын тӛтенше оқиғалардың тууына қауіп-қатер әкеледі.

Сондықтан, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің және қолданыстағы ақпараттық-аппараттық базаның функционалы жетілген сайын қиындайды. Жоғарыда келтірілген ӛте күрделі мәселелерді шешу біздің мемелекетіміз үшін үлкен жұмыс, сондықтан ұлттық қауіпсіздік үшін бұл тұрғыда ең жаңа технологиялар мен компьютерлік технология саласындағы мамандардың пікіріне сүйене отырып, кӛрші мемлекеттер – Ресей Федерациясының, басқа да жақын және алыс шетелдердің тәжірибелері негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне келесі ӛзгертулер мен толықтыруларды енгізген жӛн болады:

- «Компьютерлік технологиялар және телекоммуникация саласындағы қылмыстар» деп аталатын жеке тарау енгізу;

- Мемлекеттік органдардың компьютерлік ақпараттарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіруді жасаудың квалификациялық құрамын мемлекеттік органдардың машиналық сақтағышындағы, ЭЕМ-дегі, ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа қатысты толықтыру қажет. Мұндай норма АҚШ-тың заңнамасында қарастырылған: «АҚШ-тың үкіметтік ведомстволарында тӛтенше қолданылатын компьютерлерге ықпал ету немесе үкімет қолданатын компьютердің жұмыс істеуін бұзу»;

- «ЭЕМ және телекоммуникация желілері арқылы жасалған қылмыс» атты қосымша баппен толықтыру.

- Компьютерлік технология саласында жасалған қылмыстар үшін жазаны ауырлату керек.

Ӛйткені, бұл мұндай жолмен жасалған қылмыстың жоғары кәсіптік біліктілікпен, едәуір зияндылықпен сипатталуымен түсіндіріледі.

Қорыта келгенде, техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыздандыру ақпараттық қатынастарды заңмен қадағалаудан әрқашан озық болатынын айта кету керек. Осыған байланысты, біздің елімізде компьютерлік қылмыстардың даму тенденцияларын уақытында

5Сборник материалов международного семинар-совещания по вопросам борьбы с преступностью, связанной с использованием компьютерных технологий. – Астана, 2003, 87-бет.

6Сборник материалов международного семинар-совещания по вопросам борьбы с преступностью, связанной с использованием компьютерных технологий. – Астана, 2003, 89-бет.

(4)

анықтау және онымен тиімді күресу мақсатында техникалық мамандар мен заңгерлердің бірлескен әрекеттерін нығайту аса маңызды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бӛлім. – Алматы: «Жеті жарғы», 2003 ж.;

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – Алматы, 2004ж., 648 бет.

3. Коментарий к УК РК. Общая и Особенная части 2-е издание, исправленное и дополненное. – Алматы: «Жеті жарғы», 2007, 992с.

4. Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының ғылыми еңбектері. – 2006ж., №1(10)

5. Сборник материалов международного семинар-совещания по вопросам борьбы с преступностью, связанной с использованием компьютерных технологий. – Астана, 2003, 174с.

Referensi

Dokumen terkait