• Tidak ada hasil yang ditemukan

Күндізгі оқу факультеті

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Күндізгі оқу факультеті"

Copied!
64
0
0

Teks penuh

(1)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті

Өрттің алдын алу кафедрасы «Қорғауға жіберілді»

ӨАА кафедрасының бастығы __________Қ.Қ.Карменов

Дипломдық жұмысы (жоба)

Тақырыбы: «Шымкент қаласындағы орналасқан «Hyper House» сауда орталығының өртке қарсы инженерлік шешімі»

Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауiпсiздiгi» Бакалавр

Орындаушы: ___________Тұрысбеков Ғ.Т.

Жетекшi:______________Рахметулин Б.Ж.

Көкшетау 2015 ж.

(2)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті Өрттің алдын алу кафедрасы

5В100100 «Өрт қауiпсiздiгi» мамандығы бойынша диплом жұмысын (жобасын) орындауға байланысты

ТАПСЫРМА

Жұмыстың (жобаның) тақырыбы: «Шымкент қаласындағы орналасқан «Hyper House» сауда орталығының өртқе қарсы инженерлік шешімі»

« 26 » караша 2014 жылғы №170 Институт бұйрығы бойынша бекiтiлген 2. Аяқталған жұмысты «жобаны» тапсырған мерзiмi « » 2015ж.

3. Жұмысқа «жобаға» бастапқы берiлуi: мектеп ғимаратының жобасы

4. Бөлiмдердi орындау барысында қарастырылған сұрақтар тiзiмi және қысқаша мазмұны.

№ п/п

Атау іс-шарада Орындалудың

мерзімі

1. Кiрiспе 30.01.2015ж.

2. Ғимараттың жалпы сипаттамасы 02.02.2015ж

3. Өрт қауіптілігінің сиапатамасы 10.02.2015ж

4. Жобалық материалдардың сараптамасы 18.02.2015ж 5. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-

шаралар

23.02.2015ж

6. Жобаның есептік бөлімі 15.03.2015ж

7. Өртке қарсы қорғанысының экономикалық тиімділігінің сараптамасы

10.04.2015ж 8. Қорытынды 20.04.2015ж

9. Графикалық бөлім 22.05.2015ж

10. Дипломдық жобаны алдың ала қорғау 24.05.2015ж 5. Тапсырманы берген мерзiмi _______________

6. Бекiтемiн:

Өрттің алдын алу кафедрасының бастығы

өртқе қарсы қызмет полковнигi Карменов Қ.Қ.

7.Жетекшi: ө.қ.қ.подполковнигі___________________ Рахметулин Б.Ж.

8. Тапсырманы орындауға алдым__________________ Тұрысбеков Т.Ғ.

(3)

Мазмұны

Кіріспе ………...4

1. Объектінің сипаты 1.1. Көлемді – жобалы шешімдер ...7

...7

2.Ғимараттың көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдерінің сараптамасы. 2.1.Құрылыс конструкцияларының сараптамасы 2. 2 Ғимараттың ішкі жоспарлауының сараптамасы. ...8

...8

...18

2.3 Өртке қарсы бөгеттердің сараптамасы. 2.4 Эвакуациялық жолдар сараптамасы. 2.5 Эвакуациялау жолдарының конструктивті- жоспарлау шешімдері 3.Көшу жолдары мен шығулардың сараптамасы ...20

...24

...30

...34

3.1Ғимараттың түтінге қарсы қорғауын тексеру. 3.2Желдету жүйесінің сараптамасы 3.3Жылыту жүйелерінің сараптамасы ...31

………...45

...46

4.Өртке қарсы қорғаудың экономикалық тиімділігі. ………...56

Қорытынды ………61

Әдебиеттер тізімі ………62

(4)

Кіріспе

Өртке қарсы қорғау дамуының басты бағыты өрт пайда болуын ескерту болып табылады. Бірақта келтірілмеген себептер шартында өрт пайда болмайды деп есептей алмаймыз. Өрт пайда болғанда өрт қауіпсіздігіне жету үшін белгілі функцияларды атқаратын әр түрлі техникалық жүйелерді қолданады: олар өз уақытында пайда болған өртті жояды, технологиялық жабдықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділігін арттырады, өрт бола қалған кезде адамдарды көшіру қауіпсіздігін тудырады.

Объектінің өрт қауіпсіздігі жүйесін жобалағанда математикалық аппараттың тиімді басқару теориясын қолданумен тапсырма оңтайлы шешілуі керек.Бұл жағдайда кез келген нақты объектіге берілген шектеулерді есептегенде белгіленген өрт қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз етуге ең аз шығын шығатындай мәселенің шешімін табуға болады.Және де практикада жүйенің кешенді оңтайландыруын , сондай-ақ жанама жүйелерді бір-бірден немесе бірнешеуден оңтайландырған жөн. Екінші жағдайда басқа жанама жүйелердің әсері тиісінше шектеуліктермен есептелуі керек.

Өрт кезінде денсаулықты қорғау бағыттарының бірі адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Өрттерді ескерту және өрт кезінде адамдар өліктерін болдырмау өрт күзетінің барлық олдын алу жұмыстарының басты мақсаттарының бірі болып қала береді.

Қоғамдык ғимараттардағы өрттердің негізгі себептері болып табылады:

-өртке абайсыздық таныту (темекі шегу, ашық өрт және т.б.);

-электроқұралдар мен электротұрмыстық құралдардың ақаулықтары немесе оларды дұрыс пайдаланбау ;

-жылу беру, жылыту құралдарының ақаулықтары немесе оларды дурыс пайдаланбау ;

- найзағай разрадтары.

Қоғамдық ғимараттардың өрт қауіпсіздігі жану ортасы, тұтану көзімен және өртпен түтіннің таралуымен анықталады. Қағамдық ғимараттарда құрылыс конструкциялары , жиһаз, кілем өнімдері, жылудыбысоқшаулар және әрлеу материалдарды және т.б., жанулары мүмкін.

Тұтану көздері ашық өрт, электро энергияның жылу беруі және басқалары болып табылады.

Қоғамдык ғимараттарда өртке абайсыздық танытқанда немесе ұстап тұрған күйінде электро тұрмыс техникасын, газ аспаптарын тастап кеткенде адам өліміне соқтыратын өрт шығады.

Қоғамдык ғимараттардағы өрттің тез өрбуінің жағдайын бөлмелер, дәліздер, саты жақтары қабырғалары мен төбелерін жанғыш материалдармен әрлеу, тігінен жүргізілген коммуникациялардың барлығы (лифт шахталары, қоқыс құбыры, желдеткіш каналдары) және конструкциялардағы ауа қабатшалары жасайды. Қоғамдық ғимараттардағы өрт қауіпсідігін басқа түрде қолдануға арналған көп қабатты ғимарат бөлмелеріне қосымша салынған

(5)

қоймалар орналасқан, сату мекемелері, қоғамдық тамақтандыру, халыққа комуналды-тұрмыстық қызмет көрсету сияқты орындардың жертөлелер мен шатырлар арттырады.

Өрт шығу жағдайында ғимараттар мен имараттардағы адамдар қауіпсіздігі көлемді-жоспарлау және конструктивті шешім және ұйымдастыру шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі. Адамдарды қазіргі эвакуациялау үшін бар эвакуациялық жолдар мен шығыстардың саны мен көлеміне ерекше көңіл бөлінеді.

Өрттен келетін материалдарды шығынның едәуір көлемі құрылыс конструкциялары мен ғимараттың толығымен қирауының салдарынан болады.

құрылыс механикасының барлық ережесіне сай есептелген юәне бәрнеше ондаған жылдар бойы тұрған құрылыс конструкциялары өрт әсерінен бірнеше сағаттарда немесе минуттарда қиралуы мүмкін. Және де шығын өрттің ұзақтығынан арада және құрылыс конструкциялар қираған кезде шығын ең жоғары деңгейде ие болады. Бұл жағдай капитал салымы құрылымымен расталады.

Осылайша конструкциялар опырылып құлағанда технологиялық жабдықтардың қирауына байланысты өрттен келген шығын капитал салымының 90 % сомасын құрауы мүмкін.

Құрылыс монтаж жұмыстарына жұмсауларды азайту қазіргі кездегі жоғары зауат дайындауында тиімді материалдардан әзірленген жеңілдетілген құрылыс конструкцияларын ұолдануға жағдай жасайды. Өкінішке орай, бірқатар мынадай конструкциялар қрт кезінде жоғары қызуға кедергі жасайтын қасиеттерге ие емес, бүл олардың қолдануының аймағын шектейді. Бқдан құрылыс конструкцияларының өрттен қорғау саласындағылыми зерттеу және конструктивтік жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындайды.

Адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселені шешу өзінің ерекшелігін байланысты өте күрделі болып табылады және құрылыс конструкцияларын қорғаудан басқа жолдармен жүзеге асырылуы керек.

Өрт салдарынан адамдарды қорғау ерекшелігі ГОСТ 12.1.004-76

«ССБТ» Өрт қауіпсіздігі. Жалпы тапқа сәйкес тұрады. Құрылыс конструкцияларын сақтауды қамтамасыз етуден ерекше адамдар қауіпсіздігі барлық жағдайларда және экономикалық тұрғыдағы тәуелсіз кепілдендіруі керек. Ол адамдарды көшіру жолында жанатын әрлеу материалдарын шектеулі қолдануға, адамдар қозғалысы кезіндн кедергі тудырмайтын жағдай жасау және түтін көздерін оқшаулауға бағыталған конструктивті және көлемді жоспарлау шешімдерімен жүзеге асырылады.

Диплом жобасының мақсаты болып табылады:

1. Мамандар дайындығының деңгеін, олардың білімдерінің кеңейлігі мен тереңдігін, шығармашылық ойлау қабілетін , ғылыми техникалық прогреске қатысу белсенділігін анықтау.

(6)

2 Мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту, бұл білімдердін нағыз ғылыми, техникалық, экономикалық және ұйымдастыру тапсырмаларын шешу үшін қолдану.

3 Есептеу графикалық дағдыларды дамыту және бекіту.

4 Өрттен қорғау негізі ұйымдастыру техникалық және инженерлік тапсырмаларын шешуде зерттеу әдістемесі мен тәжірибе жүргізу және өз бетінше шығармашылық жұмыстарын дағдыларына ие болу.

5 Таңдалған диплом жобасы тақырыбына сәйкес өрт сөндіруді ұйымдастыру мен дайындай мәселелерін терең зерделеу.

Диплом жобасының негізгі міндеті қалалық мәдениет ғимаратын өрттен қорғауды жақсартудың техникалық шешімдерін әзірлеу. Өрттен қорғау жобасында ұсынылатын техникалық шешімдер бағыттаулары керек:

1 Өрттің шығуын ескерту,

2 Оның шығуы кезінде өрбуін шектеу,

3 Сәтті сөндіру мен адамдарды көшіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

1. Объектінің сипаты 1.1. Көлемді – жобалы шешімдер.

(7)

«Hyper House» Сауда орталығы. Нысынаның сипаттамасы.

«Hyper House» Сауда орталығы. Шымкент қаласының Солтүстік – Шығыс жағында орналасқан.

Мекен жайы: Рысқұлов көшесі нөмірсіз, Дулати көшесінің қиылысында.

Ғимарат 3 қабаттан тұрады.1,2,3 және жертөле. Ғимарат сериясы А.

Нысына аумағында 70 автокөлікке арналған тұрақ орналасқан. Құрылыс ауданы: 3145,1 м 10164,8 м.

«Hyper House» Сауда орталығында киім кешек, тұрмыстық техника және басқа заттар сатылады.

Жер төледе жалпы бөлме саны 37, оның ішінде 20-сы СО-ның әкімшілігінің кабинеттері, 4 әжетхана бөлмелері, 5 техникалық бөлімшелері және 8 бөлмесінде қойма орналасқан.

1-ші қабатта сауда бутиктері, дәмхана орналасқан. Сауда бутиктерін бөлетін қабырға шыныдан тұрады.

2-ші қабатта сауда залы мен әкімшілік 9 бөлмелері бар.

3-ші қабатта сауда бутиктері орналасқан.

Қабат аралығы арасындағы байланыс эскалатор, лифт және тепшек арқылы жабдықталған.

Объектаның аумағына Дулати көшесімен автотұрақ арқылы өтуге болады. Рысқұлов көшесінен ғимараттың алдына авокөлік кіретін жол бар.

Ғимарат сызбадағы көлемі 48х54 м.

Сыртқы қабырғалары- кірпіштен;

Ішкі қабырғалары- пеноблок және шлакаблок;

Іргетасы- темір бетон;

Қабат аралығы -темір бетон плиталары;

Шатыр- профильді темір жабын;

Жарқтандыру- орталық электірмен;

Жылыту- автономды;

Ауа алмасу -aвтомат жүйесінде және табиғи;

Едені -кафель, бетон.

Су құбыры

Объекта аумағында 2 өрт сөндіру су құбыры бар. 1-сі ғимараттан 10 м ара қашықтықта автотұрақ аумағында, екіншісі 15 м ара қашақтықта орналасқан. Су құбырының түрі сақиналы, диаметр – 150 мм, қысымы 2 атм.

Өрт сөндіргіш су құбырлары іске жарамды.

2. Ғимараттың көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдерінің сараптамасы.

2.1.Құрылыс конструкцияларының сараптамасы.

(8)

«Hyper House» сауда орталығынның құрамына: сауда залдары, тауарды қабылдау, өңдеу және сақтау бөлмелері, ұсақ-түйек заттар сататын бутиктер, компьютер тұрмыстық техникалар сататын бутиктер, биляард, әкімшілік- тұрмыстық және техникалық бөлмелер кіреді.

«Hyper House» сауда орталығың өрт қауіпсіздігі жанғыш болып келетін тауардың көп болуына және түрлі тұтану көздері және өрттің тарау жолдары болуына байланысты.

«Hyper House» сауда орталығында қатты жанғыш материалдар мен заттар (жиһаз, қағаз, мата), сұйықтықтар және газдар жануы мүмкін. Көбіне өрт пайда болу себебі тауар сату және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс пайдаланбау болып табылады.

Жану өнімдері және жалын сауда орталығында көлденең, тік, есік, терезе өтпелері, баспалдақ торлары, желдету жүйесі және басқа да инженерлі коммуникациялар арқылы таралуы мүмкін. Сауда өндірісі орнындағы заттар мен материалдардың ылғалдылығы 8 – 10 % құрап, осы материалдардың тез тұтануына және оттың таралуына әсерін тигізеді. Осы кезде түтін тігінен тез тарайды, бірінші қабатты түтіннің басуы сонымен түсіндіріледі.

Тез тұтанғыш және өрт қауіпті тауары бар сауда бөлімдерін (аэрозолды қораптағы парфюмерия, пластмасс және синтетикалық материалдардан жасалған бұйымдар, тұрмыстық химия тауарлары) бірінші қабатта, құтқару жолдары мен есіктеріне жақын орналастырылмауы адамдарды құтқаруды қиындатады.

«Hyper House» сауда орталығында өрт кезінде адамдардың мерт болуы мүмкін, себебі мұндай ғимараттарда адам көп болады, бөлмелердің орналасуын дұрыс білмегендіктен, адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға әсерін тигізеді.

Ғимараттың қалыпты жағдайда пайдалану кезіндегі жүктемесімен ықпал етуін құрылыс конструкцияларының мықтылығын есептеу кезінде есептеледі.

Алайда өрт кезінде қосалқы жүктемемен ықпал ету туындайды, бұлар көп жағдайда жекелеген конструкциялар мен ғимараттың түгел қирауына әкелуі мүмкін. Өрт кезінде конструкциялары әсер ететін жағымсыз факторлар: жоғары температура, газдар мен жану өнімдерінің қысымы, қираған ғимарат элементтерінің құлайтын бөлшектері мен ағатын судың динамикалық жүктемелері, температураның шұғыл өзгеруі.

Құрылыс конструкцияларының сараптамасы ғимараттың өртке төзімділігі дәрежесін амалдандырылған салалық нормативті құжаттар бойынша анықтаудан бастаймыз.

Құрылыс конструкцияларының өртке төзімділігі шегі берілген конструкциялар үшін бір немесе бірнеше шектеулі жағдайлар белгілерінің уақытын (минуттар) бойынша анықталады:

- негізгі қабілетінің жоғалуы (R);

- бүтіндігін жоғалту (Е);

- жылуоқшаулау қабілетін жоғалту (І);

(9)

Құрылыс конструкциялары шегімен олардың шартты белгілері ГОСТ 30247 бойынша белгіленеді. Бұл кезде терезелердің өрт төзімділігі тек бүтіндігін жоғалту шегі бойынша белгіленеді (Е)

Өрт қауіпті Құрылыс конструкциялары төрт топқа бөлінеді:

- К0 (өрт қауіпсіз);

- К1 (өрт қауіпі шамалы);

- К2 (өрт қауіпі орта);

- К3 (өрт қауіпті);

Құрылыс конструкцияларының өрт қаупі тобы ГОСТ 30403 бойынша белгіленеді.

Өртке төзімділіті дәрежесі бойынша ғимарат және өрт сөндіру бөлігі ҚНжЕ 3.02-02-2009 1-кестеге сәйкес бөлінеді.

Қоғамдық ғимараттардың талап етілетін өртке төзімділігі дәрежесі олардың қолданылуы, қабаттың ауқымы, неше қабаттылығы және сыйымдылығы (4) бойынша белгіленеді.

Мамандырылған және салалық құжаттардың тиісінше тармақтары бойынша ғимараттың талап етілетін өртке төзімділігі дәрежесін біле отыра, нормативті құжаттар баптарымен талап етілетін құрылыс конструкциялары шегі мен құрылыс конструкциялары бойынша өрттің жайылу шегі анықталады, ал ондай мәліметтер болмаған жағдайда талап етілетін өрт төзімділігі мен өрт жайылу шегін 1-кесте ,(10)әдебиет бойынша анықталады. Құрылыс

конструкциялары сараптамасының кестесіне (2.1 кесте) ғимаратта қолданылған барлық құрылыс конструкцияларын енгіземіз.

Конструкциялар тізімі мен олардың қысқаша сипаттамасын жобаның түсініктеме жазбасы, сызбалар (жоспарлар, ғимарат кеспелері, жабу мен оқшаулау жоспарлары), сондай-ақ жекелеген бөліктер мен ғимарат конструкциясы бойынша таңдаймыз.

Кейбір жағдайларда жоба бөлігінің сәулет-құрылыс сызбаларынан басқа сараптама кезінде конструкциялар, темірбетон бұйымдарының бөлшектері, есіктер және т.б., каталогтары пайдаланылады, және жобаның түсініктеме жазбасы немесе жұмыс сызбаларында олардың сериялары мен нөмірлеріне сілтеме жасалады.

Әдетте,бір ғимаратта біртипті біріңғай конструкциялар қолданылады, сол себепті жекелеген бөлмелер немесе олардың әрқайсысы үшін сәйкестікке тексерудің қажеттілігі жоқ. Жоғарғы өрт қаупі бар бөлмелер ерекшелікті құрайды.

Жобалау материалдарына сараптама жүргізгенде тексереміз:

1.Сыртқы, ішкі (негізгі) қабырғалар, сондай-ақ саты торларының қабырғаларын.

2.Қаңқа қабырғалар: бағаналар, ригельдер, қаңқаны толтыру, қаңқа қабырғалары элементтерін біріктіру түйіндерін.

3. Аралықтар.

4. Бағаналар.

5.Жабулар (еден, қабатаралық, шатыр үстін).

(10)

7. Ішкі қабырғалар, аралықтар, жабулар, саты элементтерін әрлеу.

8. Негізгі жабулар: негізгі элементтер, (арқалықтар, фермдер, прогондар, арқалар), төсенділер, жылытқыш,жабын.

9. Аспалы төбелер.

10. Есіктер(есік сауыттары мен қорапшалар): ішкі қабырғалар мен аралықтар, сыртқы қабырғалар, саты қабырғаларындағы, шатырға кіре берісте, өртке қарсы бөгеттерде.

11. Терезе ойықтарын толтыру сыртқы қабырғалар: ішкі қабырғалар мен аралықтарда, саты торлары қабырғаларындағы, шатырға кіре берісте, өртке қарсы бөгеттерде.

Конструкциялардың нақты өртке төзімділігі шегі мен өрт жайылу шегі кестелермен тармақтар (10) бойынша анықталады. Құрылыс конструкцияларының өртке төзімділігі шегі көптеген факторларға тәуелді, олар жиі тек жекелеген конструкциялар түрлеріне ғана тән.

Қабырға мен аралықтардың нақты өртке төзімділігі шегі консрукциялары жасалған материалдары, қалыңдығы, өрттен қорғау қабатының түріне (ағаш конструкциялар үшін) тәуелді және нұсқау бойынша анықталады (10):

- бетон және темірбетон арқалары үшін 3-кесте бойынша;

- бетон және темірбетон қабырғалары үшін 4-кесте бойынша;

- тас қабырғалар және аралықтары үшін 10-кесте бойынша;

- ағаш қабырғалар және аралықтары үшін 12-кесте бойынша;

- асполы панелдер мен листар үшін 14-кесте бойынша;

Бағаналар мен тіреулердің өртке төзімділігі шегі (темірбетонды бағаналар үшін ) материалдарға, көлдененнен айырылу өлшемдеріне, арматура осі дейінгі қашықтықтағы қыздыру тәсіліне, (ағаш және металл конструкциялары үшін ) өрттен қорғау қалыңдығы мен түріне тәуелді және нұсқау бойынша анықталады (10):

- кірпіш тіреулер үшін 10-кесте бойынша;

- металл бағаналар үшін 11-кесте бойынша;

- ағаш тіреуше үшін 12-кесте бойынша;

- темірбетон бағаналар үшін 2-кесте бойынша.

Темірбетон аралықтарының өртке төзімділігі шегі арқалықтың жалпақтығынан көлдененнен айырылуы, арматура осі қашықтығы, арматура классы, арқалық қабырғасының жалпақтығына тәуелді және нұсқама бойынша анықталады (10):

-ауыр бетон аралықтары үшін 6-кесте бойынша;

-жеңіл бетон аралықтары үшін 7-кесте бойынша ( т. 2.18, 2,20, және 2.талабы есебінен);

Біржақты қыздыру кезінде аралықтардың өртке төзімділігі шегі темірбетон аралық және жабу плиталары үшін алынады.

Темірбетон аралық және жабу плиталарының өртке төзімділігі шегі олардың түрлеріне (толығымен жабу, көпбас, қабырғалы), тіреу тәсілінен (екі

(11)

жағынан), пішінінен, бетон түрінен(ауыр, жеңіл), арматура класынан жцне нұсқама бойынша анықталады (10):

-бір қабатты плиталар үшін 8-кесте бойынша;

-екі қабатты плиталар үшін 9-кесте бойынша (жеңіл және ауыр бетоннан ) т.

2.18, 2.21. талабы есебінен.

Қабырғаларымен төмен қаратылатын қабырғалы темірбетонды плиталардың өртке төзімділігі шегі 6және 7-кестелер арқалықтар үшін де, және де қабырға қалыңдығы ретіенде екі аралас плиталар қабырғаларының қалыңдығының сомасы алынады.

Темірбетон фермдері мен арқалықтардың өртке төзімділігі шегі конструктивті элементтің минималды жалпактығына, бетон түріне (ауыр немесе жеңіл), ос арматурасына дейінгі қашықтыққа, арматурасына дейінгі қашыңтыққа, арматура класына тәуелді және 5 (10)-кесте бойынша т.2.18 талабы есебінен анықталады.

Болат және ағаш арқалықтары, болат және ағаш фермдер, рамалар, арқалар байынша аралықтардың өртке төзімділігі шегі дайындау материалына, элементтер мен тораптар аз айырылуына, өрттен қорғау тәсіліне тәуелді және 11,12 (10)-кестелер бойынша анықталады.

Есіктер мен терезе ойықтарының толтырудың өртке төзімділігі шегі дайындау материалына, конструкивті элемент қалыңдығына, конструктивті дайындау ерекшеліктеріне тәуелді және 14 (10)-кесте бойынша анықталады.

Аспалы төбелер бар аралықтар мен жабулардың өртке төзімділігі шегі аспалы төбе түріне (қаңқа материалымен толтыру материалына), аспалы төбе қалыңдығына тәуелді және 13 (10)-кестесі бойынша анықталады.

Конструкциялар бойынша нақты өрт жайылуының шегі (10) нұсқаулар бойынша анықталады: т.2.8-2.11, 2.24, 2.30, 2.32, 2.36 және 13 14 кесте. Бұл кезде есепке алу керек:

-жанбайтын материалдардан жасалған конструкциялар өрт тартпайтын деп есептеледі (өрт тарту шегі нөлге тең); Жанатын материалдардан жасалған конструкциялар;

-жанатын материалдардан жасалған конструкциялардың өрт тарту шегі көлденеңінен 25 см, тігінен 40см аса.

-қиын жанатын материалдардан немесе өртте және жоғары температурадан жанбайтын материалдармен қорғалған жанатын материалдардан жасалған конструкциялар, әдетте, өрт тарату шегі көлденеңнен 25см, тігінен 40см кем.

Әрбір конструкция 1-кесте бойынша нақты өртке төзімділігімен өрт тарау шегін анықтағаннан кейін, (8) оны қолдану саласы бар (ғимаратта қарастырылып отырған конструкцияның қандай өртке төзімді дәрежесін қолдануға болады). Бұл ғимараттың нақты өртке төзімділігі дәрежесін анықтауға қажет, ал ол құрылыс конструкцияларының ең төменгі саласынан алынады.

Құрылыс конструкцияларына нақты және талап етілетін өртке төзімділігі шегі туралы және конструкциялар бойынша өрт тараудың нақты және талап етілетін шегі туралы барлық мәліметтерді құрылыс

(12)

конструкцияларының сараптама кестесіне енгізгеннен кейін ғимарат конструкцияларының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасалады.

Бұл кезде ғимараттың толығымен және параметрлері үшін төмендегідей өрт қауіпсіздігі жағдайы сақталуы керек:

2-кесте

№ Конструкц иялар атауы және олардың қысқаша сипаттама сы

Жобамен қабылданғ ан

Нұсқау тармақтарынасілтеме Ғимараттың өртке төзімділікдәрежесі Норма бойынша талап етіледі Норма тармақтарына сілтемелер

Қорытын ды

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Қалындығ ы 640мм кірпітен сыртқы қабырғала р

≥330 К0 Нұсқау 2.24 4-кесте

І,ІІ 120 К0 ҚНжЕ ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Қалындығ ы 380мм кірпітен ішкі

қабырғала р

≥330 К0 Нұсқау 2.30 10- кесте т.1

ІІ 120 К0 ҚНжЕ

ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Ішкі

гипсоталш ықты негізгі емес

қабырғала р

(аралықтар )

қалыңдығ ы 10 см

130 К0 Нұсқау 2.44 14- кесте т.2

ІІ ЕІ 45 К0 ҚНжЕ ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Балшықты кірпіштен

150 К0 Нұсқау 2.30 10-

ІІ 15 К0 ҚНжЕ

ҚР 2.02-

Сәйкес келеді

(13)

ішкі

қабырғала р

қалыңдығ ы

кесте т.1

02- 2009 т. 3.33 2-кесте Балшықты

кірпіштен ішкі саты алаңдары қалыңдығ ы 380мм

330 К0 Нұсқау -кесте

ІІ 120 К0 ҚНжЕ

ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Жаппа тақтайшал ары

қалыңдығ ы 120мм және

арматура осіне дейінгі арақашықт ық 20мм

120 К0 Нұсқау -кесте

ІІ 45 0 ҚНжЕ

ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Саты алаңдарын ың

баспалдақт ары мен марштары

30 0 Нұсқау

-кесте

ІІ 60 0 ҚНжЕ

ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Арқалықта р

қалыңдығ ы 120 мм және

арматура осіне

дейінгі ара қашықтық 45мм

90 0 Нұсқау

-кесте

І 60 0 ҚНжЕ

ҚР 2.02- 02- 2005 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Гипсобито н

тақтайшал арынан өрттен

НН 0 Нұсқау

-кесте

ІV 120 0 ҚНжЕ

ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

(14)

қорғаныс қаптамасы бар болат бағаналар Жертөле үстіндкгі жаппа плиталар:

ауыр т/б қалыңдығ ы 155мм, арматура осіне дейінгі қашықтық 70мм

180 0 Нұсқау

-кесте

ІІ 60 0 ҚНжЕ

ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Балшықты кірпіштен өрттен қорғау аралықтар қалыңдығ ы 120мм желдету камерасы

150 К0 Нұсқау

-кесте ІІ 45 К0

ҚНжЕ ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Желдету камерасын ың өрттен қорғау аралықтар ы

180 К0 Нұсқау -кесте

ІІ

45

К0 ҚНжЕ

ҚР 2.02- 02- 2009 т. 3.33 2-кесте

Сәйкес келеді

Қорытынды: Құрылыс конструкцияларының сараптамасы кезінде ҚНжЕ – нің бұзылуы анықталған жоқ.

Адамдарды қабаттардан көшіру уақытын анықтау үшін келесілерге назар аудару қажет.

Бөлмедегі жану жабық терезелі бөлмеде, есік түібінен және коридордан келген ауа арқылы болады. Жану өнімдерінің темперутурасын Тпг берілген интервал уақытында мына тәуелділіктерге негізделе аламыз.:

Тпг=100+273, мұндағы  - жану ұзақтығы, мин.

Жану өнімдері ыдырайды және коридордың жоғарғы бөлігін алады, ал таза ауа төменгісін. Адам қозғалысы мүмкін болады, егер жану өнімдері есік ойықтарынан төмен емес және коридордағы темепратура 450 С – тан аспайды.

(15)

Ойықтағы тең қысым жазықтығының жағдайы мына формуламен анықталады:

h2= hЉ

2

(

3

ρρ•‹‰+1

)

,

мұндағы h2 – соруға жұмыс жасайтын есік ойығынан тең қысымды жазықтыққа дейінгі қашықтық , м;

hдв – есік ойығының биіктігі, м;

пг – жану өнімдерінің тығыздығы, кг/м3;

в - tв=200С, кг/м3 кезіндегі коридордағы ауа тығыздығы.

Коридордағы есіктің 1 мин. ашық жағдайындағы бөлінетін жану өнімдерінің qпг көлемі мына формуламен анықталады.

q

gu

=60 ⋅F

Љ‰

j ⋅ √ 2 g h

2

ρ ( ρ

•‹‰

ρ

•‹

) ,

мұндағы Fдвв – есік ойығының сору ауданы, м2;

 - шығын коэффициенті;

g – ауырлық күшінің үдеуі, м/с2.

Есептеу жолымен алынған пг, h2, Тпг және gпг, мәндері кестеде келтірілген :

, мин 1 2 3 4 5

tпг, 0С 100 200 300 400 500

пг, кг/м3 0,95 0,75 0,625 0,525 0,45

h2, м 0,52 0,54 0,555 0,57 0,58

qпг, м3/мин 59 94 123 146 172

Адамдарды көшіру уақыты (коридордың жану өнімдерінің толуына дейін) мына формуламен анықталады

t•‹Š”•=hˆ•⋅‰⋅ l q•‹ ,

мұндағы hзап - коридордың жану өнімдермен толу биіктігі, м;

вк, lк – сәйкес коридордың ені мен ұзындығы, м.

ауамен жану өнімдерінің аралас температурасының шегінде адамдарды көшіру уақытын келесі формуламен:

t

Š”•t

= W

R

( t

–“

t

‰

)

q

•‹

⋅ ( t

•‹

t

–“

) ,

келесі шартармен қабаттардан адамдарды көшіру уақытын анықтаймыз.

(16)

Коридордың ұзындығы lк=48 м; коридор биіктігі hк=3 м; ені в=1,3 м, коридор бөлмесінен шығу есігінің биіктігі 2 м; ені 1,1 м.

1. көршеру уақытын доп=1,6 мин деп аламыз. Бұл шарты анықтау үшін сызықтық интерполяция әдісі бойынша кестеден tпг=1600С; qпг=80 м3/мин аламыз.

Адамдардың көшіру уақыты (коридордың жану өнімдерімен толуы бойынша)мынаған тең болады:

τ

доппг

= в

к

l

к

h

зап

q

пг

= 2 ⋅ 1 ⋅48

80 =1,2 мин

шекті тепмератураның мәніне жету уақыты бойынша көшіру уақыты мынаған тең:

τ

допt

= ( t

ст

t

в

) W

к

( t

пг

t

ст

) q

пг

= ( 45−20 )⋅ 3 ⋅ 2 ⋅ 48

( 160− 45)⋅ 80 =0 , 78 мин =46 , 8 сек

көшіру уақытының ең төменгі мәні 46,8 с аламыз.

2. қатты жанғыщш материалдардың жану шартында жеке бөлмелерден (палаталардан) көшіру уақытын анықтаймыз, келтірілген жылу баланының деңгейін шеңберлі өрттің тарау жағдайында мына формуламен анықтаймыз.:

τдопt =к

3 η

(

1−ϕWс

)

(

tπWпрпtυн2

)

Qнр

мұндағы

τ

допt - қауіпті температуралар туғанда көшіру уақыты ;

с – өрттің бастапқы даму стадиясындағы ауаның жылу сыйымдылығы tпр=60- 100 0С кезінде с=1,32 кДж/(м3×0С) ;

W – бөлме көлемі, м3;

t

Wпр - орта көлемдік температура ;

 -қоршаған заттарды қыздырудағы жылудың жоғалуын сипатайтын коэффициент, 0,25 тең;

n – жану жылдамдығы, палаталар үшін 40 кг/(м2×ч);

 - жалын таралуының сызықтық жылдамдығы , м/мин;

Q – қатты заттар мен материалдардың жану жылуы 15000 кДж/кг;

к – II –ші ОТД ғимараттар үшін қауіпсіздік коэффициенті 0,7 ;

 - толық емес жану коэффициенті 0,9;

tWкр=333

0,8+0,2⋅2⋅h H

−273 мұндағы

h – адам мекендеу аймағының деңгейі 2 м;

Н – бөлме биіктігі

(17)

Бөлмедегі орта көлемдік температураны анықтаймыз tWкр=333

0,8+0,2⋅2⋅0,4 3

−273=177

0С жеке бөлмеден көшіру уақытын анықтаймыз

 

1 0,25

3,14 0,6 1,5 15000 0,58

9 , 0

20 177 32 , 1 7 120

,

0 3 2

 

t

доп

мин Өрт кезіндегі температураны есептеу

Қоғамдық ғимарат бөлмесіндегі “Температура-уақыт” өрт режимі кезіндегі өрттң температурасын есептейміз.

Қоғамдық ғимарат бөлмелеріндегі өрт кезінде температура бойынша есептеулерді жүргізу үшін мына формулаларды қолднамыз:

t

о.с.

=345 lg( 8 τ+ 1 )

(1)

t

о.с.

=504 τ

0,148 (2) мұндағы:

t о.с. – қоғамдық ғимараттағы стандарттыөрт кезіндегі бөлменің температурасы ,

(0С);

 - өрт ұзақтығының уақыты , мин (сағ).

Мысал 1: 90 минут өткен соң бөлмедегі өртің дамуы стандартты режимде болған жағдайда темеператураны есептеу

шешуі:

1. 90 минут өткен соң бөлмедегі өртің дамуы стандартты режимде болған жағдайда темеператураны есептеуін жүргіземіз:

1.1. (1) формула бойынша

tо.с.=345 lg(8τ+1)=345lg(8⋅90+1)=345 lg 721=345⋅2,858=985,90С 1.2. (2) формула бойынша

t

о.с.

=504 τ

0,148

(2) формуланы түлендіреміз:

lg t

о.с.

= lg504 + 0 , 148 ⋅ lg90

2. мәндерді қойып есепті шығарамыз:

(18)

lg t

о.с.

=lg504 +0 , 148 ⋅lg90=2 , 702+ 0 ,148 ⋅ 1 , 954 =2 , 992 lg t

о.с.

= 2, 992

t

о.с.

=10

2,992

=981

0

С

Қорытынды: өрт басталған соң 90 мин өткен соң бөлмедегі температура мынаны құрайды:

1. 985 о С; 2. 981 о С

есептеулер нәтижесінде t ортаарифметикалық мән мынаны құрайды:

tо.с.=985+981

2 =9830С

Құрылыс конструкцияларының бетінің есептік температурасын есептеу Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігін бағалау үшін

“Температура - уақыт” (2) стандартты қисығын қолданамыз. өндіріс қоймаларында және ғимараттың өзге подвал бөлмелерінің мәні нақты температура режимінен стандартты режимге қарағанда ерекшеленеді.

t, 0С 110 0 100 0 900 800 700 600 500 400 300 200 100

t = 345 lg (8 + 1)

, мин t, 0С 5 556 10 659 15 718 30 821 60 925 90 986 120 1029 180 1090 0 1 2 3 4 5 , ч

Сурет. 3. «температура-уақыт» стандартты қисық сызығы

2.2 Ғимараттың ішкі жоспарлауының сараптамасы.

(19)

Функционалды өрт қауіптілігі бойынша мәдениет үй ғимараты Ф2.1 (ҚНжЕ ҚР 2.02-05-2009 т.3.37) класына жатады.

Ғимараттың ішкі жоспарлау сараптамасы кейбір өрт шығу себептерінен құтылуға көмектеседі, бірақ оларды толығымен жоймайды, ал өрт шыққан кезде оларды сәтті сөндіру мен адамдарды көшіруге септігін тигізеді.

Ғимараттың ішкі жоспарлау сараптамасы кезінде негізгі үш принципті аламыз, атап айтқанда:

1. Ғимаратты немесе имаратты өрт бөліктеріне бөлу: Ғимараттың жылу өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша, рұқсат етілген қабаттар санынан және өртке төзімділігі дәрежесі санатына байланысты; ғимараттың функционалдық қонуы бойынша.

2. Ғимараттың немесе имараттың өрт бөліктерін қажеттіліктен өрт секциясына немесе жекелеген бөлмелерге бөлу:

- әртүрлі жарылыс өрт қауіпсіздігі бойынша өндіріс процестерін бөлу;

- функционалды арналуы бойынша процестерді бөлу немесе бөлмелерді оқшаулау;

- сөндіру құралдарын қолдану түрі бойынша процестерді бөлу немесе материалды құндылықтарды сақтау;

- сақталатын жүктемелердің саны мен өрт қауіпсіздігіне байланысты материалды құндылықтарды сақтау орындарын бөлу;

- жарылыс өрт қаупі бар өндірістердің ашық жалын немесе жылу беру процестерін оқшаулау;

- қалыпты электроқұралдармен жұмыс істейтін бөлмелерден жарылу қаупі бар процестерді оқшаулау;

- өрт қауіпсіздігіне сәйкес келмейтін процестерді оқшаулау;

- аса құндылықты материалдар мен жабдықтар бөлмесін оқшаулау;

- адамдар көп жиналатын бөлмелерді өрт және өрт жарылу қаупі бар процестерден оқшаулау;

- жабық көлемді қысылған немесе сығылған газбен толтырылған бұйымдарды сақтау орындарын оқшаулау;

- пайдалану немесе өрт кезінде аса зиянды өрттерді бөлетін процестер мен материалдық құндылықтарды сақтау орындарын оқшаулау;

- жертөле бөлмелерін ғимараттың жер қабаты өрт бөлігі шегінде өртке қарсы аралықтармен оқшаулау;

- жертөле қабаттарын жекелеген бөлмелерге бөлу.

Өрт секцияларын немесе жекелеген бөлмелерді аралас бөлмелерден немесе көшіру жолдарынан оқшаулау олардағы есік немесе технологиялық ойықтар қорғау нормаларына сәйкес өртке қарсы қоршау конструкцияларымен жүзеге асырылады.

3. Көлемді элементтерді жоспарлау және ғимарат қабаттарында орналастыру.

Жоспарлау шешімдерін нормалағанда келесі негізгі принциптер қалыптасты:адамдар тобының саны жағынан аз топтарға бөлу, қалыпты қозғалыс ырғағын, адамдардың кедергісіз қозғалысын, өрт сөндірушілердің

(20)

сәтті жұмысын істеу жағдайын, көшіру жолдарында түтін болмауын, қабылданған шешімдердің техникалық мүмкіндігі мен экономикалық дәлдігін қамтамасыз ету.

Ғимараттың жекелеген бөлмелері арасындағы байланыс дәліз арқылы іске асады. Дәліз ені мен ұзақтығы көшушілерді тез сатыға немесе сыртқа шығуын қамтамасыз етуі керек.

Адамдардың кедергісіз қозғалысы үшін дәліздер тар емес, шұғыл бұрылыссыз, тұйық жолдар мен адам бойы деңгейінде шығып тұратын конструкциялар мен құралдарсыз жобаланады.

Көшіру кезінде жақсы көруді және түтін кезінде дәліздер мен сатыларды жөндету мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін олардың табиғи жарық берулері болуы керек. Табиғи жарық беруі жоқ дәліздерге әдетте апаттық көшіру жарығы мен түтін жою қондырғылары орнатылады.Эвакуацияланушылар сыртқа немесе сатыға жолды көруі керек. Осы мақсатпен дәліздің шығу есіктері

«Шығу» жарық көрсеткішімен жабдықталады.

Эвакуацияланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көшіру дәліздері мен сатылардың қабырғаларының өртке төзімділігі мен жану үлкен маңызға ие. Сол себепті дәлізбен саты қабырғалары (аралықтар) әдейі жанбайтын материалдардан орындалады.

Сатылар қалыпты қозғалыс ырғағын және эвакуацияланушылардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуі керек.

Сыртқы сатыға шығу балконға шығатын немесе эвакуациялық шығыстар деңгейінде орнатылған алаңға апаратын есіктер арқылы жүзеге асырылады. Есіктерде құлыптар жәнеде қиын ашылатын ілмектер болмауы керек.

Тігінен байланысатын ғимарат бұрыштарында орналасқан сатылар арқылы жүзеге асырылады.

Жекелеген бөлмелерге бөлу немесе жекелеген бөлмелерді оқшаулау мәселелерін шешу кезінде бұл жобада автономия принципі басшылыққа алынады. Бұл принциптің мәні әртүрлі функционалдық процестер бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асуы керек.

Сонымен қатар автономия принципін сақтау әртүрлі функционалды процестер арасындағы байланыс бұзбауы керектігін атап өтуі керек. Барлық бөлмелер оқшауланады және ерекше шығу жолдарына ие. Әрі қарай эвакуациялық шығу жолдары мен шығыстары сараптамасында жоба шешімінің талап етілетін еормаға сәйкестігі дәрежесән анықтаймыз.

Мәдениет үй ғимараты:

ІІ-класқа;

ІІ-дәрежелі ұзақмерзімдіге;

ІІ-дәрежелі өртке төзімді ғимаратқа жатқызылады.

Қорытынды: ғимараттың ішкі жоспарлануына сараптама жүргізу кезінде ҚНжЕ бұзушылық анықталған жоқ.

(21)

2.3 Өртке қарсы бөгеттердің сараптамасы.

Өртке қарсы бөгеттер өрттің және жану өнімдерін бөлмеден немесе өрт бөлігінен өрт ошағының басқа бөлмелерге таралуына жол бермеуге арналған.

Өртке қарсы бөгеттерге өртке қарсы қабырғалар, аралықтар жабулар жатады.

Өртке қарсы бөгеттерге өрт төзімділігі және өрт қауіпсіздігімен сипатталады.

Қондырғымен өртке қарсы бөгеттерге типінің қажеттігі бөлмелердің функционалды өрт қауіпті, өрт жүктемесі көлемінен, өртке төзімділігі дәрежесі және ғимараттың конструктивті өрт қауіпсіздігі класы есебінен анықталады.

Функционалды өрт қауіпті әртүрлі жарылу өрт қаупі санатты ғимарат бөліктерімен бөлме кластары, әдетте, өртке қарсы бөгеттермен бөлінеді.

Өртке қарсы бөгеттерден фундаментке жүк түсіретін немесе өртке қарсы бөгеттер тұрақтылығын қамтамасыз ететін конструкциялар осы бөгеттер үшін қажетті өртке төзімділігі шегінен кем емес негізгі тіреу қабілетінен айырылу белгісі бойынша өртке төзімді шегі болуы керек.

ҚНжЕ талаптарыа өртке қарсы бөгеттердің конструктивті орындалуының сәйкестік дәрежесін анықтау үшін тексеруге жататын сұрақтар тізімін қарастырамыз.

Өрттен қорғау қабырғалар саны.

1.Бөлмелерді өрт сөндіру бөліктер шегіне бөлу үшін өрттен қорғау қабырғалар саны.

2. Өрттен қорғау қабырғаларының өртке төзімділігі:

-өртке төзімділік шегі;

-өрт таралу шегі.

3. Қаңқалы өрттен қорғау қабырғаларының өртке төзімділігі:

-қаңқа бағаналары;

-қаңқа ригелдері;

-қаңқа толтыру;

-қаңқа панельдер бекіту.

4. Өрттен қорғау қабырғаларының фундаментінің бар болуы.

5. Өрттен қорғау қабырғаның тұрғызудың биіктігі.

6. Ғимараттың конструктивті элементтерінің өртке қарсы қабырғасына сүйенуі.

7. Өрттен қорғау қабырғаларының жабу үстінен көтерілуі.

8. Ғимататтың сыртқы қабырғаларын өрттен қорғау қабырғаларының келісуі.

9. Тұтас жолақталған әйнектелуді өрттен қорғау қабырғалардың келісуі.

10. Конструкцияның бір жақты құлауына өртке қарсы қабырғалардың құламау тұрақтығы.

11. Өртке қарсы қабырғаға түтін және желдету каналдарының құрылғысы.

12. Мүмкін болатын құрылғы және өрттен қорғау қабырға ойығы алаңы.

13. Өрттен қорғау қабырға есік ойықтарының болуы және оларды қорғау.

14. Өрттен қорғау қабырға терезе ойықтарының болуы және оларды қорғау.

15. Өрттен қорғау қабырғасының технологиялық ойықтары мен кішкентай тесіктерінен қорғау.

Referensi

Dokumen terkait

Тексеріс нәтижелері бойынша прокурор: 1 наразылық енгізеді; 2 заңдылық бұзушылықты жою жөнінде бұйрық береді; 3 қылмыстық іс қозғау, тәртіптік өндіріс немесе әкімшілік-құқық

оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;  дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді; 