• Tidak ada hasil yang ditemukan

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы Г. А.

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы Г. А."

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Г. А. ДОСЖАН

АҒЫЛШЫН КІРМЕ ТЕРМИНДЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

http://www.enu.kz

In this article the use of semantic aspects of English loan terms in the Kazakh language are comprehensively analyzed. The also author puts forward a constructive recommendations about unification of international terms in the Kazakh language.

Қазіргі қазақ терминологиясы ӛзінің даму, қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден ӛтті.

Ол кезеңдердің әрқайсысы қоғамымыздың саяси-экономикалық, тарихи-мәдени ӛмірінде болған ӛзгерістермен тығыз байланысты. Қоғам ӛмірінде болған ондай ӛзгерістер терминологиялық лексиканың қалыптасуына тікелей әсер етті. Аяқталған ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап қазақ терминологиясының тағы бір жаңа кезеңі басталды. Бұл кезең еліміздің тәуелсіздігін жариялап, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуымен байланысты.

Термин сӛздердің кӛп бӛлігі жеке сӛздерден құралады. Себебі, қандай да бір құбылыс пен заттың атауын бір сӛзбен беріп, мағынасын ашып кӛрсету – терминге тән қасиет. Ал, сӛз тіркесімен, не күрделі сӛздермен берілетін терминдер кӛп жағдайда құлаққа тосын естіледі, қоғамдық қабылдауға ие болмайды. Кейбір терминдердің ӛзі сӛз тіркесінен тұрады.

Біздіңше, терминдерді морфологиялық тұрғыдан, негізінен, беске бӛліп қарастыруға болады:

1. Атау тұлғалы, жеке сӛзден тұратын термин (мысалы: блокада – ағ. blockade – қазақша баламасын ереуіл немесе қоршау деп жүрміз);

2. Сӛз тіркесінен тұратын термин (мысалы: базовая память – ағ. conventional memory – қазақша – базалық жад);

3. Біріккен сӛзден тұратын термин (мысалы: международный – ағ. international – қазақша – халықаралық);

4. Қос сӛз тұлғасындағы термин (мысалы: Масс-медиа – ағ. mass-media – қазақша – масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралдары деп те қолданамыз);

5. Қысқарған сӛз түріндегі термин (мысалы: ЮНЕСКО – ағ. UNESCO – қазақша - ЮНЕСКО). Термин сӛздердің ағылшын және қазақ тілдеріндегі баламаларын зерттеу барысында анықталғандай,

ағылшын тіліндегі термин сӛздер кӛбіне жеке сӛз түрінде келеді. Бұл ағылшын тілінің кӛп ойды бір сӛзбен бере алатын жиынтық қасиетінде жатыр. Мәселен, ағылшынның «access» сӛзін қазақшаға аударғанда оны дәл ағылшын тіліндегідей бір сӛзбен бере алмай келеміз. Бұл сӛзді сӛздік құрушы мамандар «құрылғыларға кіру мүмкіндігі» деп беріпті. Қазақ тілінде үш сӛзге айналып шыға келген бұл сӛз орыс тілінде «доступ к устройствам» деп аударылыпты.

Орысшасында да жалқы сӛзбен беру мүмкіндігі кӛзге кӛрінбей тұр. Бұл – компьютер саласына қатысты термин сӛз. Жалпы, адам санасына сӛз тіркестерінен гӛрі, жалқы, дара сӛздердің қабылдану, жатталу мүмкіндігі басымырақ. Сондықтан да, қазіргі буын кейбір термин сӛздерді қазақшалап жатудан гӛрі, ағылшын тіліндегі баламасын қолданған жӛн деп есептейді.

Бәрімізге белгілі термин сӛздердің басым бӛлігін латын және грек тілдерінің сӛздері құрайды. Бір ӛкініштісі, латын тілі бүгінде әлемдік жазба тілінің деңгейіне жете қабыл дәрежеге жетіп отыр. Сондықтан да, латын тілі бүгінде бұрынғысынша барлық терминдердің негізін құрайтындай белсенді халде емес.

Оған себеп, бұл тілді тұтынатын халықтардың азайғандығында. Латын тілінің ғылымдағы қызметін сӛз еткен ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммед термин мәселелеріне арналған баяндамасында мы-надай дерек келтіреді: «Латын тілі Рим империясының дәуірлеп тұрған кезінде әлемдегі ең қуатты тіл болғандығы ешкім күмән келтірмейтін ақиқат. Әйгілі император Цезарь, сӛз атасы Цицерон, Вер-гилий, Гораций, Овидийлер осы тілде сӛйлеп, осы тілде ӛлмес туындылар қалдырған. Ол заманда латын тілінің болашағына оның достарын қойып, жаулары да күмән келтірмейтін еді. V ғасырда Рим империясы ыдырағаннан кейін латыннан да қауқар кете бастады, бірақ біржолата құрыған жоқ. Роман тілдер тобын құрайтын (рома-Рим деген сӛз) итальян, испан, француз, португаль тілдеріне ӛмір беріп, ғылыми терминологияның алтын қазығына айналды. Бүгінде латын тілі бір мыңнан асатын халқы бар Ватиканның ғана ресми тілі, бірақ жоғарыда аталған тӛрт тіл оның бүгінгі күндегі жайқалған жапырағы сияқты», - дей келе: «Х-ХV ғасырларда ағылшын, неміс, норвег, дат, швед т.б. дербес тілдерге ай-налды» деп, тілдердің тарихына шолу жасаған [1, 26]. Латын тілінің кең ауқымды қатынас құралы деңгейінен айырылуы ғалымдарды таң қалдырмай қоймайды. Ал, керісінше, қазақ тілінің ауызекі сӛйлеу тіліндегі белсенділігі басым. Қазақтар арасында қазақша шала сӛйлей алатын, бірақ, ӛз тілінде

(2)
(3)

№ 1 (92) 2013 жаза алмайтындар кӛп. Бұлар қазақтың тӛл дыбыстарын таңбалауға келгенде сауатсыздық танытады. Ал, мұндай құбылыстың соңғы кезде жиіліп кеткенін ескерсек, қазақ тілінің лексикалық байлығын қазақтардың ӛзіне жете түсіндіріп, содан соң барып, қазақ тілінің ғылыми тіл бола алатындығын, қазақ тілінде термин сӛздерді айтудың және қолданудың ӛрісі кеңейе түсері даусыз.

Қазақ тілі білімі теориясының негізін салушы лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауызы тиген жұрт ӛз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сӛздерді алмастыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан, мәдениет тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сӛздерінің (кірме терминдер – ред. Д.Г.) даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сӛз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болады» - деп, кірме сӛздер мен тӛл сӛздердің арасындағы ара-қатынасқа абай болуымызды ескерткен [2, 350-351].

Соңғы кездері түбі бір түркі тілдес халықтар терминология саласында біріге қимылдап, ӛзара сӛз алмасып, ортақ тілдік қор құрып, солайша шет елдерден кіретін кірме сӛздерге тосқауыл қою керек деушілер де жоқ емес. Мәселен, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы ӛзінің «Туыстас тілдерге ортақ терминологиялық қор қажет» деген мақаласында мынадай ой айтады: «Ортақ терминдер қорын құру бағытында кезінде Кеңес Одағында кӛп жұмыс жүргізілді. Ондағы мақсат КСРО кеңістігінде ғылым тілі ретінде орыс тілінің ықпалын жүргізу болды.

Одақтың орталығы Мәскеу арқылы жүргізілген жоспарлы жұмыс нәтижесіз қалмады. Орыс тілінің терминологиясына тән мыңдаған терминдерді тілімізге еш ӛзгеріссіз қабылдадық, ӛз тіліміздің тер- мин жасау мүмкіндігін дамытудың орнына, оған шек қойдық. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарына дейін ұлт тілінде сәтті жасалған кӛптеген терминдерімізді қолданыстан шеттетіп, олардың орнын кір- ме терминдермен толықтырдық. Тілімізге қабылданған сол терминдердің белгілі бір бӛлігін туыстас түркі халықтарының тілдерінен қабылдағанда, олар ӛз сӛзіміздей айтуға жеңіл, мағынасы түсінікті болғандықтан, тез сіңісіп, терминологиямызға ұлттық сипат беріп тұрар еді» [3, 30].

Зерттеуші-ғалым бұл пікірін қазақ тілінің негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының кезін-де алға тартқандығын айта келе сӛзін былай жалғастырады: «Ӛз тіліміздің негізінде термин түзу мүмкіндігі болмай жатса, туыстас тілдерден сӛз алу қажеттігін кезінде 1924 жылы А. Байтұрсынұлы айтқан болатын. Ахаң оны терминологияны қалыптастырудың басты бір принципі ретінде ұсынды. 1924 жылдың маусым айында Орынборда ӛткен қазақ ғылыми қызметкерлерінің бірінші съезінде бұл принцип мақұлданып, бекітілді. А.

Байтұрсынұлының орысша жасалған баяндамасында былай делінген: «В отсутсвие в казахском языке подобного рода слов, (термины – Ш. Қ) заимствовать та-ковые из родственных казахскому языков. Это делается по тем соображением, что: 1) большинство слов родственных языков хотя и не имеют общих форм, но имеют общие корни, следовательно, они и для понимания легче, и для слуха, и для выговора не так чужды, как слово неродственного языка; 2) тюркские народности имели и имеют постоянное общение между собою, а потому большинство слов одного языка, без наличия общих корней, может быть знакомо представителям другого языка» [3, 31]. Автор сондай-ақ бұл тәжірибені ӛзге елдердің қалай қолданатынына да кӛз жүгіртеді: «Ортақ терминологиялық қор құрып, туыстас тілдер арасындағы байланысты күшейту үшін соңғы 30-40 жыл ішінде Еуропаның герман тілді елдері мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Австрия, Бельгия, ГДР, ГФР (қазіргі біртұтас Германия), Швейцария елдерінің аумағында туыстас тілдер негізінде арнаулы мақсаттар тілін (SLP) – (Special Language Pecularities – ред. Д. Г.) қалыптастыру идеясын осы елдердің ғалымдары қолдап отыр. Араб елдері мен Шығыс Азия елдерінде де туыстас тілдер арасындағы бай-ланыс, ӛзара сӛз алмасу үрдісі бар. Тәуелсіздігін алған түркі тілдес халықтардың да кезінде саяси се-бептермен шек қойылған табиғи тілдік байланысын қайта жандандырудың маңызы айрықша» [3, 31]. Алайда, бұл айтылған пікірге қарсы шығушы ғалымдар да жоқ емес. Олар да ӛз себептерін келтіріп, туыстас тілдер арасында ортақ терминологиялық қордың болуына қарсы уәж айтуда. Мәселен, лин-гвист-зерттеушілер Ж.Рахимова мен Д. Қадыров жоғарыдағы пікірге қосылмайды. Олардың айтуын-ша: «Терминология проблемасы бүгінде барлық тілдерге, соның ішінде туыстас түркі тілдеріне де тән ортақ құбылыс. Ал солай болса, неге біз, әсіресе тілдері жақын, туыстас халықтар (мәселен, қырғыз, ӛзбек, татар, т.б.) ортақ терминология мәселелерін ортақтаса отырып, тәжірибе алмасу арқылы оп-оңай шеше салмаймыз? Ӛйткені, олардың шығу тегі мен түбі бір бола тұрса да, дербес тіл болып қалыптасу тарихы бӛлек, грамматикалық құрылымы мен дыбыс жүйесінде, лексикалық құрамы мен сӛз саптау мәнерінде, мағына айыру дәстүрінде ӛзіндік ерекшеліктер қалыптасқан. Тілдердің ӛзін жақындатқанымызбен, сол тілді тұтынушы иегерлерін жақындату оңай емес.

Ӛйткені, олардың бол-мысында қалыптасқан ой, сана, жан дүние, сезім, таным, т.б. зиялы қасиеттерде де баяғы бірдейлік жоқ. Міне сондықтан да 30-ға тарта ірілі-ұсақты түркі тілдес халықтар бүгінгі таңда терминология

25

(4)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

проблемасын ӛз тұрғысынан шешуде. Оның тағы басқа (тарихи, саяси, әлеуметтік, географиялық, дәстүр, идеология, жазу, т.б.) себептері де жоқ емес» [4, 12].

Бұл екі автордың пікірлерін салыстыра отырып, ғалымдар жасаған сараптамалардың әрқайсысының да жаны бар екендігін түсінеміз. Терминология кӛп зерттеуді, қоғаммен санасуды қажет ететін ғылым болғандықтан, бұл мәселенің шешімін кӛпшіліктің талқысына қалдырғанды жӛн санаймыз. Ӛйткені, тілде, оның ішінде лингвистикада гипотезаға, яғни болжамдыққа бару ойды ақтай бермейтін, қоғам, заман ауысқан сайын мың құбылатын процесс.

Кірме сӛздердің табиғатын зерттеу барысында тілімізге ӛзге тілден енген сӛздердің кӛпшілігі негізінен термин сӛздер екені назар аудартады. Терминді дәл түсініп, оның негізгі функционалдық қызметі мен лексикалық мүмкіндігіне және оны аударған кезде оның кӛп мағына беретіндігіне, не оның қазақшалаған кезде мәтінге (контекст) қарай құбылатынына мән беріп жүрміз бе? «Ия» деп жа- уап беру қиынырақ. Әсіресе, интернационалдық лексиканы тӛл тілімізге аударуда халықаралық тер- мин сӛздер жинағы мен түсіндірме сӛздіктердің жетіспеушілігі, не сауатты жазылған сапалы, сенімді еңбектердің аздығы бүгінде тек лингвист-филолог мамандарының ғана емес, іс қағаздарын жүргізетін мемлекеттік қызметшілер мен әр түрлі сала мамандарының (заңгер, дәрігер, журналист, мұғалім, ин- женер, кәсіпкер, т.б.) да басты мәселесіне айналып отыр.

Тіл зерттеушісі Худайбергенова Әйгерім банк терминологиясының қазақ тіліне енуіндегі заңдылықтары туралы мынадай ой айтады: «Основное требование, предъявляемое к заимствованию терминов, - не употреблять иноязычное слово, если в родном языке уже функционирует привычный и мотивированный термин с анологичным значением. Терминологические лакуны желательно запол-нять имеющимися интернационализмами. В случае неодинакового уровня мотивированность сино-нимичных терминов предпочтение должно отдаваться наиболее мотивированным термином» [5, 10].

Ғалым Ш. Құрманбайұлы ӛзінің «Халықаралық терминдер туралы» деп аталатын мақаласында: «Қоғам дамуының, терминология қалыптасуының әр кезеңіндегі шет тілдерінен енген сӛздердің түрліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар аудара қоятындай мәселе сияқты кӛрінбеуі де мүмкін. Ал шын мәнінде бұған елеусіз қалдыра салатын ұсақ-түйек нәрсе деп қарауға да болмайды. Ӛйткені, дәл сол атаулар арқылы ұлт зиялыларының, ғылыми жұртшылықтың, кӛпшілік қауымның кірме сӛздерге берген бағасын кӛруге болады. Ӛзге тілден енген терминдердің мұндай атаула-ры тек атауыштық қана емес, сонымен бірге бағалауыштық қызмет те атқарып тұр. Бұл әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыруды, арнайы мән беруді қажет ететін тіл үшін маңызды мәселе» - деген ой түйеді.

Ғылымның белгілі бір саласына арналған терминдерді – салалық терминдер дейміз. Тіл білімінде терминді тек терминолог, филолог, не журналист аударып, баламасын тапсын деген түсінік жоқ. Қазақ тілінің, жалпы қара сӛздің қадыр-қасиетін, мән-мазмұнын терең түсінетін, не белгілі бір салада ұзақ жұмыс істеп, сол салаға қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды бес саусағындай жете білетін аза-маттар араласқанда ғана термин ӛзінің сәтті баламасын табады.

Әсіресе, интернационалдық мәнге ие терминдерді аударуда бір мағынаға ие сӛздердің әр түрлі тілде сыртқы тұлғасы жағынан ұқсас болып келетіндігі белгілі.

Интернацоналдық сӛздер кӛбіне қандай да бір шет тілінен ӛзге тілдің қатысуымен кірігіп келіп, тілдік қорымызға қосылады. Мәселен: ағ: accumulator (аккумулятор); ағ: alpha (альфа); ағ:

alphabet (алфавит, әліппе); ағ: ampere (ампер); ағ: atlas (атлас); ағ: atom (атом); ағ: banjo (банджо); ағ: barbarism (варваризм); ағ: benzol (бензол); ағ: billiards (биллиард); ағ: bulldog (бульдог); ағ: cafeteria (дәмхана); ағ: catastrophe (апат); ағ: energy (қуат); ағ: legal (заңды).

Осы тәріздес ағылшын тілінен еніп, ӛз кезегінде кейбір термин сӛздер ӛздеріне қазақша балама тауып жатса, кейбір ағылшын термин сӛздері еш ӛзгертілместен сол күйінде қалған.

Мысалы: ағ: chaos (хаос); ағ: dynamo (динамо); ағ: economic (экономикалық); ағ: electric (электр- лік); ағ: element (элемент); ағ: film (фильм); ағ: minimum (минимум); ағ: philosopher (философ) т.б.

сӛздер бүгінде ағылшын тілінде сӛйлейтіндерге ғана емес, жалпы қауымға ортақ таныс сӛздер. Бұл сӛздер интернационалдық сипатқа ие болғандықтан, қазақшаға аударған кезде де тұлғалық жағынан кірме тілдегі күйінде қалады.

Біз термин, не кірме сӛздерді аударған кезде әуелі орыс тіліндегі нұсқасына мән беретініміз белгілі. Себебі, ағылшын тіліндегі терминдердің кӛбі әуелі орыс лексикасына сіңісіп барып, кейінірек қазақ тіліне енеді. Кейде біз ағылшын тілінен орыс тіліне енген терминдерді қазақша тәржімалауға ерініп, не қиынсынып, орыс тіліндегі баламасын қолданып жүре береміз. Ал бұл ӛз кезегінде қазақ тіліне орыс лексикасының заңдылықтарын кӛшіргенмен бірдей құбылыс.

Тіл саласының мамандары шет тілінен қазақ тіліне енетін сӛздерді аударған уақытта қазақ тілін- 26

(5)

№ 1 (92) 2013

дегі баламасын қолдануға әлі біршама уақыт керек деп, орыс тіліндегі баламасын ұсынып, оны ӛз қолдарымен ӛміршең етіп жатқандығын байқай бермейді. Мәселен, аудитория сӛзі ағылшын тілі-нен енген. Ағылшын тіліндегі жазылуы – auditorium. Орыс тіліндегі бұл сӛз аудитория читателей, аудитория слушателей (оқырмандар аудиториясы, тыңдармандар аудиториясы) деген тіркесімділікке ие бола отырып қолданылса, ағылшын тіліндегі осы мағынаны беру үшін мынадай эквиваленттер қолданылады: the readership; the reading audience; the readers т.б. Біз де ағылшын тілі тәрізді сӛзді құбылтып, мағынасын сақтап қолдануымызға болады.

Кей сӛздерге балама қарастырған уақытта аудармашылар қателесетін жайттар аз емес. Олар сӛздің негізгі мағынасына емес, сыртқы тұлғалық дыбысталуына қарап тәржімалаймын деп, терминнің мағынасынан мүлдем қашық кетіп жатады. Мәселен, direction сӛзі – дирекция, директорлық деп емес, бағыт-бағдар; magazine сӛзі – магазин, дүкен емес, журнал деп, sympathetic – cимпатичный, тартымды деп емес, контекстке қарай сочуствующий яғни бірлесіп қатысушы, не сезінуші деп қолданылады.

Қорыта айтқанда, халықаралық терминдер мен кірме сӛздерді қолданғанда немесе оларды қазақ тіліне аударғанда сӛздің этимологиялық түпнегізіне, семантикалық мазмұнына, грамматикалық құрылымына, басқа тілдердегі, әсіресе түркі тілдеріндегі баламаларына, қазақ тіліндегі осы сӛздің мағынасын беретін басқа сӛздердің бар-жоқтығына аса мән берген жӛн. Сонда ғана халықаралық кірме терминдер мен салалық терминдердің қазақ тіліндегі нұсқасының терминологиялық қасиеті сақталып, ұлттық бояуы айқындалып, екіұшты мағына беру жағдайы азаяды. Бұған қоса, халықаралық терминдерді қолданушылардың негізгі дені зерттеушілер мен түрлі сала мамандары екендігін ескер-сек, олардың халықаралық терминдерді қазақшаға аударып қолдану барысында Мемтерминком тара-пынан бекітілген терминдер жинағы мен баспасӛздегі, ғылыми әдебиеттердегі нұсқаларын салыстыра отырып, мағынаны дӛп басатын нұсқасын таңдағаны дұрыс деп есептейміз.

Себебі, кей жағдайда Мемтерминком бекіткен терминдердің ӛзінен екіұштылық байқалатыны жасырын емес. Ал баспасӛз бетіндегі терминдердің қазақша баламалары да түрліше болып келеді.

Сол себепті халықаралық не-месе кірме терминдерді пайдаланғанда ғылыми ортада неғұрлым кӛп қолданылатын, танымал лекси-кографтар мен терминографтар тарапынан түзілген сӛздіктердегі нұсқаларын алудың лингвистикалық тұрғыдан маңызы зор.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Құл-Мұхаммед М. Ұлт тірегі – тіл // «Салалық терминология: бүгіні мен болашағы». – Астана:

«Астана полиграфия», 2003.

2. Мәжітаева Ш. Қазақша ғылым тілінің дамуындағы бағыттар // «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын дамыту мәселелері». – Кӛкшетау, 2001. – 350-351 б.

3. Құрманбайұлы Ш. Туыстас тілдерге ортақ терминологиялық қор қажет // «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері». – Кӛкшетау: «Кӛкше-полиграфия», 2001. – 30-31 б.

4. Момынова Б. Қоғамдық-саяси термин қалыптастырудағы газеттердің рӛлі // «Терминология:

теория және тәжірибе». Жинақ. – Астана: «Ақмола полиграфия», 2001. – 12 б.

5. Худайбергенова А. Принципы построения переводного идеографического словаря банковской терминоло- гий (на материале русского, английского и казахского языков). Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. – Алматы: «Издательский дом КазГЮУ», 2003. – С. 10.

Редакцияға 13.10.2012 қабылданды.

27

Referensi

Dokumen terkait

көзбен ой жүгірте отырып, ақпараттық телекоммуникациялық технологияда мәдениет, философиялық категориялармен қатар өнер мен ғылым негізінде Дизайн теориясы мен технологиясы және басқа

и, несмотря на то, что, как верно отметила Г.с.скачкова, «отличие правового статуса руководителя от статуса работника столь значительно, что многие нормы трудового законодательства к