• Tidak ada hasil yang ditemukan

МЕКТЕПТІҢ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА КӨПТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "МЕКТЕПТІҢ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА КӨПТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

3591 УДК372.857(574.25)

МЕКТЕПТІҢ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА КӚПТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ

Орынбай Жанаргҥл [email protected]

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтты, Жаратылыстану факультетінің студенті, Павлодар, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – А.Шайхимова

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына жүгінсек, бүгінгі мектеп түлегі – кӛптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, кӛпмәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға.

Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту процесінде кӛптілділікті дамытудың басты тұжырымдары: тәуелсіз Қазақстанның үш тілді қатар пайдалана алатын мемлекет ретінде дамуы; «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы – қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы;

кӛптілділік – тілдер мен мәдениеттер байланысын дамытушы құбылыс.

Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, мемлекетімізде ӛмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс қалған жоқ. Ӛйткені, мәдениет мен тілдердің саналуандығы – бұл Қазақстанның ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез-келген этностың ӛкілі қай тілде білім алатынын ерікті түрде таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр.

Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндет- терін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі – мектепте кӛптілді білім беруді жолға қою болып табылады.

Кӛптілді білім – кӛп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың ӛзегі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-ӛрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар кӛптілділікті меңгертуді жолға қою – бүгінгі таңда орта білім жүйесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі бағыттарының бірі.

Тілдердің үштұғырлығы туралы идея 2006 жылдың қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында ресми түрде мәлімделді. Ол мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастыққа енуіндегі ӛмірлік қажеттіліктерге негізделді. Дамыған әлемдік тілдер ішінде ағылшын тілі ел мен халықтың коммуникациялық және интеграциялық қабілеттерін кеңейтетін тіл ретінде таңдалды. Президент 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды бастауды ұсынды.

Кез – келген шет тілін үйренуде баланың сол тілді меңгеруге деген ынтасының болуы қажет. Себебі балаға оның кӛңілі қаламайтын нәрсені істету мүмкін емес. Сондықтан тіл үйренуде ынтаның, қызығушылықтың болуы ең маңызды критерий болып табылады.

Тақырып бойынша жұмыс істей отыра ӛз ара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде оқушылардың ағылшын тілінде деген қызығушылықтары арта түсіп қана қоймай сонымен қатар сабақтан тыс іс шараларға да қызығушылықтары арта түсетін болады. Орта буыннан бастап ағылшын тілінен мектеп ішілік, қалалық, облыстық және олимпиадаларына, республикалық, халықаралық интеллектуалды ойындарына қатысулары артып отыр.

(5)

3592

Кӛптілді білім беру тұжырымдамасын ойдағыдай жүзеге асыру үшін біздің пікірімізше онша бағалана бермейтін пәндік, тілдік, жалпы педагогикалық (дидактикалық, коммуникативтік, ұйымдастыру, қабілеті) қосымша («делдалдық») құзіреттіліктерді қоса алғанда, кӛпжақты құзіреттілікті меңгерген мамандар даярлау маңызды рӛл атқарады.

Шет тілі арқылы пән болмысын оқушыларға жеткізу педагог қабілеттілігіне байланысты. Оқытушы отандық оқу мәдениетінің ерекшеліктеріне қарай пәннің мазмұнын шет тілге икемдейді. Кӛптілді шетел мектептерінде мұндай мамандар тілді қолданушы - пән мұғалімдерімен қатар пайдаланылады.

Қазіргі заман педагогі ойластырылып таңдап алынған білім мазмұнын әртүрлі әлеуметтік, ӛндірістік, экологиялық, коммуникативтік және басқа жағдаяттарда қолдана білуі міндетті. Құрылмыдау – жасампаздық, зерттеушілік, ұйымдастырушылық, тәжірибелік қызмет тәжірибесіне ие болу қолдау табады. Сонда ғана ол ӛзін жақсы жақтарымен кӛрсете алады.

Ӛкінішке орай, мұндай тәжірибені жалпы білім беретін мектептер мен жоғарғы оқу орындары бере алмайды. Сондықтан ҚР білім беру жүйесінің әлемдік стандарттар деңгейінен кейін қалып қойғанын сипаттайтын кӛрсеткіштер ішінде нәтижеге бағдарланған білім құзіреттілік түрінде сипатталатын қасиеттің жоқтығын кӛрсетеді.

Қоғамның кӛптілді мұғалім – маманды қажет етуінің себептерін бірнеше аспектіде белгілеген жӛн. Оның бірі бүгінгі жаһандық ӛзгерістерге бейім, сол ӛзгерістер мен жаңалықтарды ел мүддесіне ыңғайлай прайдаланатын ұрпақ тәрбиелеу міндетінен туындаса, екіншісі әлемдәк ғылымның мүмкәндәктері ғаламдық мәнімен ӛлшенетін кезең екенін ескеруден келіп шығуы шарт. Қазақстан кейінгі жиырма жылда оқу – білім саласында кӛптеген реформаларды таразылап, оларды ел болашағына қатысты маңызына қарай салмақтап, саралай түскені мәлім. Бұл реформалардың ӛз кезегінде пайдалы – пайдасыз тұстары, қазақстандық қоғамға ыңғайлы, ыңғайсыз жақтары жан – жақты сараланып жалпы жұртшылық талқысына салына қоймауы да – істің оңтайлы бағыттарын нұсқауға кедергі болғаны сӛзсіз.

Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт кӛшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында білім беру саласындағы стратегия мен саясатты қайта пайымдау жүргізілуде.

Елбасы «Қазір біз балаларымыз қазақ тіліменқатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» деп, осы мәселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін белгілеп берді. Аталған үш тілдің әрқайсысының функционалдық мүмкіндіктері мен ӛзіндік орындарын барынша ашу қажет.

Ұлттық бірлік доктринасындамемлекеттік тіл негізгі басымдықпен, сонымен қатар рухани және ұлттық бірліктің басты факторы екендігі айқындалған. Тілдерді меңгеру - әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті, бұл олардың қоғамдық ӛмірде бәсекеге қабілеттілігі мен белсенді-лігін айқындайтын болуы тиіс.

Осы бағдарламаны іске асыруда отандық білім беру жүйесінің үлесі басым болмақ.

Алдымен қазақстандық білім жүйесі бәсекеге қабілетті болу үшін, мектеп түлектері кез келген шет елде оқуын жалғастыра алатын деңгейге жетуі қажет. Оның негізі - әлемдік тілді жетік білу. Қазақстан білімінің жақсы дәстүрін сақтай отырып, оқушыларды халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз ету кейінге қалдырылмайтын мәселе.

Мектептегі кӛптілдік білім берудің жағдайы: 2011-2012 оқу жылында республикамызда кӛптілді білім беретін 33 «Мұрагер» арнайы мектептері; дарынды балаларға арналған 115 арнайы мектептер, 6 Назарбаев зияткерлік мектептері, 2 «Мирас»

мектебі, 2 «Хэйлибери» мектебі, 29 қазақ-түрік лицейлері жұмыс істеді. Қазақ-түрік лицейлерінде оқыту тӛрт тілде жүргізіледі. Яғни, математика, информатика және жаратылыстану циклі пәндері ағылшын тілінде, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы

(6)

3593

мен Қазақстан географиясы, «Адам. Қоғам. Құқық», дүниежүзі тарихы қазақ тілінде, дүниежүзі географиясы, түрік тілі пәндері түрік тілінде, орыс тілі мен әдебиеті пәндері орыс тілінде оқытылады.

Біздің елімізде 2000 жылдан бері кӛптілді білім беру бойынша мол тәжірибе жинақталды. Атап айтсақ:

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісі

- Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 19.03.2004ж. ғ228 және 22.04.2004ж.

ғ346 бұйрықтары);

- Тӛрт тілде білім берумен айналысатын қазақ түрік лицейлері (мемлекеттік тілдерге мән беріледі және жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылады);

- Кӛптілді білім беретін (жекеленген пәндерді ағылшын тілінде оқытатын) халықаралық және жеке меншік мектептері;

- Қазақстан Республикасының ӛзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерінде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚҰЫ) аз ұлттар істері бойынша Жоғарғы Комиссары қолдауымен оқушылардың әлеуметтік кірігуін арттыру

мақсатында кӛп тілді және билингвалды білім беру жобасы іске асырылып отыр.

Құзіреттілік тек қана мектепте алған білім процесінде ғана емес, жан – жақты алынған ӛз бетінше жұмыс нәтижесі, сондай- ақ ӛз бетінше білім алу арқылы клубтан, үйірмеден, бұқаралық, ақпарат құралдарынан, экономикалық, әлеуметтік – мәдени ортадан, солармен ӛзара әрекет, ӛз бетімен іздену нәтижесінде қалыптасады. Білім берудің құзіреттілік парадигмасы білім беру мазмұнын айтарлықтай жаңартуды ұйғарады. Осы жоспарды жүзеге асырудағы ең басты мәселе – оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны жоспарлау мен қалыптастыру үшін қажетті негізгі, түйінді және жан – жақты құзіреттерді іріктеу болып табылады.

Бүгінгі күні мынадай аспектілер анағұрлым ӛзекті болып отыр:

- түйінді – құзіреттіліктердің қажеттілігін объективті негіздеу және оларды таңдау;

- ұлттық мектептердегі қазақ, орыс, шет тілдерін оқытудың ӛздеріне тән ерекше- ліктерін ескере отырып коммуникативтік, тілдік, ұлттық, этно – мәдени құзірет-тіліктерді айқындау.

Егер біз бүкіл әлемді толғандырып жүрген маңызды мәселелерді шеше алатын болсақ, яғни жағымды ішкі орта қалыптастыратын болсақ, тиісті оқу материалдық базаны қамтамасыз ете алсақ, оқушылар мен ата – аналар оң мотивация қалыптастырсақ – онда кӛп тілді білім берудің болашағы бар деп сенімді айтар едік

Кӛптілді білім берудің мақсаты: Кез келген жағдайда коммуникативтік қызмет операцияларын тӛрт тілде жүргізе алатын, тілдерді еркін меңгерген кӛпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Кӛптілді білім беру- тұлғаны әлеуметтендіру құралы / Қ. Қайыпбайқызы // Ұлағат . - 2013. - ғ3. - С. 3 - 11

2. Кӛптілділік білім беру арқылы оқушылардың сӛйлеу әрекеттерін арттыру мәселелері / Н. А.Аринова// Қазақстан кәсіпкері. - 2007.-ғ7. - С. 35-36

3. Кӛптілді білім беруге құзіреттілік қатынас / К. Л. Қабдолова // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы - Справочник руководителя образовательного учреждения. - 2008.-ғ7. - С. 6-9

УДК 579.68

КӚКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЫРЗАКӚЛСОР ЖӘНЕ АХМЕТЖАНСОР

Referensi

Dokumen terkait