ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
Мемлекеттің саясаттың ұлттық мектебі қолжазба құқығында
Нұғман Аманқос Сибатұлы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЭТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ
«7М041-Бизнес және басқару» дайындық бағыты бойынша
«7М04119-Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы
Бизнес және басқару магистрі дәрежесін иелену үшін магистрлік жоба
Ғылыми жетекші:________________ Абдыкаликова М.Н.,
психология ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару
Академиясының МСҰМ-нің профессоры
Жоба қорғауға жіберілді: «____» ____________ 2022 ж.
Мемлекеттік саясаттың
ұлттық мектебінің директоры: _____________ Абдыкаликова М.Н.
Нұр-Сұлтан, 2022
2
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР...3
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР...4
КІРІСПЕ...5
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ...8
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ...16
ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР... 41
3
Нормативтік сілтемелер
Осы магистрлік жобада келесі нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер пайдаланылды:
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы 30 тамызда республикалық реферундамда қабылданған)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» №150 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы №152 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілернің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»
№153 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы» №156 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №814 Жарлығы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы №416 Заңы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың білітілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратун білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
№125 Қаулысы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Қазақстан Республикасының Заңы
4
Белгілер мен қысқартулар
ҚР – Қазақстан Респбликасы
ҚР МҚІА – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі БАҚ – Бұқаралық ақпараттар құралдары
АҚШ – Америка Құрама Штаттары РФ – Ресей федерациясы
ЖОО – жоғары оқу орындары
СҚО – Солтүстік Қазақстан облысы БҒМ – Білім ғылым министрлігі ЭМ – Экономика министрлігі Әділетмині – Әділет министрлігі Еңбекмині – Еңбек министрлігі
ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы т.б. – тағы басқа
ж. – жыл
5
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің саясатын жүргізумен және мемлекеттің атынан негізгі экономикалық әлеуметтік және саяси бағдарламаларды іске асырумен байланысты қызметтің ерекше түрі.
Мемлекеттік қызметшілер еліміздегі реформалардың сәтті жүргізілуіне, халықтың тұрмысын, тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмаларадың орындалуына тікелей әсер етуші күш.
Осыған сай, олар атқарып жүрген лауазымының бейініне қойылатын біліктілік талаптарына толықтай сәйкес келуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың алдына қойған талап-міндеттерді ұтымды шешу үшін кәсіби және жеке этикалық келбетінің жоғарғы деңгейіне ие болуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет әуел бастан мемлекеттің маңызды институттарының бірі болған, қазіргі уақытта да ол мемлекеттік басты институттарының бірі, келешекте де солай болып қала береді.
Мемлекеттік қызметті атқару – ол әр тұлғаның мемлекет пен қоеғам алдындағы үлкен жауапкершілікн, үлкен міндет.
Өз ісін жоғары кәсіби деңгейде орындап атқаруы үшін мемлекеттік қызметшінің бірнеше рухани моральдік қасиеттері бойынан табылуы керек, соның ішінде ең маңыздысы-өзге адамдармен өзара қарым-қатынаста сабыр сақтау және төзімді болу.
Осы мақсатта елімізде қоғамның алдында жоғарғы сенімге ие кәсіби және этикалық келбеті жоғары мемлекеттік қызметшілерді даярлауға Стратегиялық құжаттарда талаптар қойылып келеді.
«Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Н.Ә. Назарбаев «Біз әкімшілік- әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарушылардың заманауи әрі тиімді корпусын құруға тиіспіз. Барлық азаматтар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болатын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың біз жасаған жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі, этикалық келбеті мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді» және «Мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек» деп айқындаған [1].
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдебі 1997 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерімен қаланып, біртіндеп оған өзгерістер енгізіліп келеді. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметке бәсекеге қабілетті мамандарды тарту мақсатында жасалып отыр.
Алайда, аталған жылдар ішінде этикалық келбеті дамыған мемлекеттік қызмет аппараты қалыптасқан деп айту қиын.
Өйткені, мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипатқа ие болып, қоғамға бағдарлануы үшін түбегейлі өзгерісті
6
талап ететінін атап өткен болатын [2]. Осыған байланысты мемлекеттік аппарат жүйесі де қоғамның талабына сай өзгеруі тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, кәсіби деңгейі мен олардың адами қасиеттері өзара үйлесім табуы керек.
Осы айтылған мәселе магистрлік жоба тақырыбының өзектілігін айқындай түсетін түйін.
Зерттеудің мақсаты. Мемлекеттік қызметшілердің әдебін арттыру мәселесі бойынша әдеп кодексіне түсіндірме дайындау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
- мемлекеттік қызметшілер әдебінің теориялық негіздерін ашу;
– мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормативтік құқықтық актілерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдебінің мәселелерін анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын жетілдіру жолдары.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Магистрлік жобаның теориялық зерттеу әдісі ретінде іріктеуге қатысты тақырып аясындағы шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері мен нормативтік құқықтық актілер қаралды. Жұмысымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдебі жөнінде нормативтік құқықтық актілер талданды.
Зерттеудің ақпараттық базасы «Қазақстан Республикасы қызмет істер»
Агенттігінің деректері, отандық және шетелдік авторлардың жұмыстары, нормативтік құқықтық актілер, халықаралық ұйымдардың материалдары мен ұсынымдары болып табылады.
Зерттеудің теориялық әдістері зерттелетін құбылыстардың немесе процестердің жасырын заңдылықтарын, жалпы және маңызды тұстарын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.
Зерттеу әдістері. Магистрлік жұмысымда сапалық және сандық әдістерді қолдандым. Сапалық зерттеуде құжаттарды талдау, контентті талдау тәсілдерін, сондай-ақ, сандық талдауда әлеуметтік сауалнама жүргізу тәсілдерін қолданылды.
Эмпирикалық зерттеу құралы ретінде сауалнама таңдалды. Бұл әдістің артықшылығы зерттелетін тақырып аясында респонденттердің пікірін жинаудың ең ыңғайлы тәсілі әрі зерттеліп отырған мәселені жан жақты қырынан талдауға және анонимдікті сақтау арқылы нақты әрі объективті жауаптар алуға көмектеседі.
Мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы әдеп кодексі нормаларын және мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін айқындау, оны жетілдіру
7
бойынша практикалық ұсыныстар алу мақсатында респонденттер арасында сауалнама жүргізілді.
Зерттеуден күтілетін нәтижелер (Гипотеза). Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне түсіндірме әзірлеу және ұсыныстар дайындау – мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жетілдіруге, нормаларын айқындауға көмектеседі. Мемлекеттік қызметшілердің әдебін арттыруға, сол арқылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, кәсіби деңгейі мен олардың адами қасиеттерін дамытып, азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімінің артуына әкеледі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы жүргізілген зерттеу кезінде әзірленген ұсынымдар мемлекеттік қызметшілердің әдебін арттыруға арналған зерттеу жұмысы ізденушілерге, сарапшыларға, заңгерлерге, барлық мемлекеттік қызметшілерге, мамандарға келешек әдістемелік құрал ретніде көмегін тигізуі мүмкін.
Зерттеу құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
8
Әдебиетке шолу
Әдептің ұғымы мен негіздері
Әдеп ұғымы барлық адамдардың мінез-құлық ережелерін белгілейді және қоғамның сәйкес келу туралы идеяларын қолдайды. Қазіргі заманғы негізі мен мағынасында этика сөзі алғаш рет Франция королі сотында қолданылды.
Сот отырысына қатысушыларға олардың өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде карточкалар (жапсырмалар) беріліп, осылайша, мінез-құлық нормалары мен ережелерінің белгілі бір жинақтары ежелден қарастырылған [3].
Әдеп әр дәуір мен мәдени ортаға байланысты әртүрлі жағдайларда айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Оның негіздері белгілі бір түрде ситуациялық және кәсіби (әскери, дипломатиялық), зайырлы және іскерлік деп ажыратуға болады, әйтседе олардың арасындағы айқын шекараларды белгілеу жиі қиын, өйткені әдептің әртүрлі бөлімдерінің ережелері қайталанады, басқа бөлімдердің ережелерін қамтиды (кейде сәл өзгертілген), мінез-құлықтың негізгі нормаларынан туындайды [3].
Мемлекеттік басқарудың менеджериалдық моделінің өкілдері жаңа ережелер ұсынды, оған сәйкес мемлекеттік қызметшіге жұмыс орнында бастама көтеру мүмкіндігі ұсынылып және басты назар рәсімдерден нәтижеге ауыстырылды.
Бұл мoдельдің пaйда болуы В.Ниcканенге бaйланысты, оның ғылыми көзқарасы өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында Паркинсонның мемлекеттік қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруға ғылыми негізделген ұстаным болды. Нисканеннің менеджерлік моделі, ал одан әрі "good governancе" ("Белсенді мемлекет") тұжырымдамасы мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қойды [4].
Мемлекеттік қызмет транспарентті, тұтынyшыға бaғдарлaнған, азаматтардың проблемаларына мұқият, нәтижелі, пәрменді және жұртшылыққа есеп беруге тиіс. Ал "good governancе" тұжырымдамасы оны этикалық стандарттармен толықтырды: ашықтық, eсептілік, тиімділік, реттілік (coherence) [5].
Бұл Қазақстанда іске асырылып жатқан "азаматтарға арналған үкімет"
жобасы да "good governancе" тұжырымдамасын іске асырудың үлгісі болып табылады.
Осылайша, мемлекеттік басқарудың менеджериалдық моделі транспаренттілік пен тәуелсіздікке әкелетін мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың сервистік сипатын болжайды.
Ал, Г.Беккер кез-келген жеке тұлғаның экономикалық ұтымдылығына негізделген ұтымды таңдау теориясын ұсынды. Бұл теорияның постулаттары, өкінішке орай, отандық шенеуніктердің қазіргі қызметінде орын табады[6].
Осылайша, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен пайда мен шығыстар арақатынасын бағалау көбінесе мемлекеттік қызметшілерді пара алудан түсетін пайда оны қабылдаудан болатын тәуекел мен шығыстан әлдеқайда жоғары
9
деген қорытындыға (ең болмағанда ойға және ең көп іс-әрекетке) алып келеді [6].
Осы жерден біз таңдалған мәселенің өзектілігі туралы тағы бір қорытындыға келеміз, тұтастай алғанда, осы тақырыпты зерттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру жүйесін оңтайландыру арқылы отандық мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтауға және жоюға бағытталған.
Бюрократия мәселелерін зерттеуге деген көзқарасы тұрғысынан адам мемлекеттік биліктің үлкен механизмінде кішкентай бұранда болып қала берді.
Кейінірек, ұтымды таңдау теориясы аясында жеке жұмыстар пайда болды, онда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру және ынталандыру мәселелерін зерттеуге басты назар аударылды.
Оларға Э.Даунстың "Inside bureaucracy" ("бюрократия саясаты", 1967) және Таллоктың "Bureaucracy Politics" ("бюрократия ішінде", 1974) сияқты еңбектері кіреді. Теориясына сәйкес Э. Даунс мемлекеттік қызметшінің мақсаттарының жиынтығы бар, оған сәйкес ол бюрократтардың екі мотивациялық түрін енгізді [7,8].
Осылайша, моральдік мұраттар, қағидалар, жалпылама мақсаттар әрбір қызметте әрбір өкімет азаматтардың негізгі мінезін, құлқын айқындайды, ал енді мемлкеттік қызметшілер – азаматтар мен өкіметтің өзіндік іс-қимылын қамтитын саясатын жүргізетіндер.
1 сурет - Қызметкерлердің кәсіби әдебі «Кәсіби абырой», «кәсіби қадір- қасиет, «кәсіби борыш» деген ұғымдары
Ескерту – Сурет автормен құралған
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі :
1) кәсіби абырой 2) кәсіби қадір-қасиет
3) кәсіби борыш 4) қоғам мен мемлекет .
10
Қызметшілердің әдебі - қызметтегі басшылар мен оған бағыныштылар, әріптестер арасындағы олардың бірлескен қызмет жүзіндегі мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды жетелейтін бірлескен құндылықтар мен қағидалар негізі.. Бұл кәсіби міндеттерді орындау кезінде қызметкерлердің моральдік құндылықтарын жүзеге асыруға септігін тигізетін мемлекеттік әдеп болып табылады [9].
Әдептіліктің салалас бөлігі ретінде мемлекеттік қызметтің тиімділігіне кәсібилік пен құзіреттілікке қарағанда үлкен әсер етеді.
Осындай түсініктер жоғарыда аталған мамандықтың аса қажет деген ішкі сезімін жүйелейді. Бұл кәсіби қадір-қасиетті, өзін-өзі бағалауды, кәсіби ар- намысты қалыптастырады.
Сонымен қатар, бұл ұғым азаматтық ар-намысты және қызметтік ар- намысты (мемлекетке, Отанға, халыққа қызмет ету) білдіреді. Кәсіби ар-намыс пен кәсіби қадір-қасиет "кәсіби әдептілік" сияқты ұғымды қамтитын кәсіби адамгершіліктің негізін қалыптастырады [9].
Кәсіби әдептің негізгі ұғымдары мен принциптері мемлекеттік қызметші әдебінің негізін құрайды. Mемлекеттік қызметтегі ең бастысы пайда емес, абырой екенін негізге алды.
Мемлекеттік қызметтегі жағымсыз құбылыстардың алдын алу көбінесе әкімшілік мораль қағидаларын, әдеп қағидаларын таратуға бағытталған. Бүл қағидалар әдеп нормалары мен әдеп кодекстерінде бекітілген..
Әдеп кодексі моральдік нұсқаулар беруге жасақталған. Оның негізгі мақсаты: өздеріне берілген ережелерді бұзу әрәптестерін айыптауғанемесе қандай болмасын бір санкцияға әкелетінін біледі.
Дүние жүзіндегі мемлекеттік қызметті реформалау тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұл үрдістің негіздерінің бірі мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртібіне қойылатын талаптардың артуы болып табылады [10].
Осыған байланысты халықаралық құқық нормаларын зерттеудің маңызы зор және шетелдік тәжірибе. Салыстырмалы талдау анықтауында, мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі тенденцияларының бірі Батыс елдерінде де (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция және т.б. Азияда ( Жапонияда,Оңтүстік Корея және т.б.) мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқына қойылатын талаптарды күшейтеді. Мемлекеттік басқарудың этикалық құндылықтар және азаматтар қажеттіліктерне жауап берудегі этика кодексі) қабылданды, оның ережелері кейінірек бірнеше рет нақтыланып, басқа актілермен толықтырылды. 1978 жылғы Үкіметтегі этика актісімен, АҚШ Сенатының мүшелерінің этикалық мінез-құлық кодексімен түзетілген
«Америка Құрама Штаттарының үкімет мүшелері мен қызметкерлерінің этикалық мінез-құлқының жалпы принциптерін» 1990 жылы Америка Құрама Штаттарының Президенті бекіткен. 1977 жылы АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы мүшелерінің этикалық мінез-құлық кодексі оларды қабылдаудың ең маңызды мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық ережелерін (нақты құқықтық және моральдық-этикалық талаптар) қатаң түрде орындау ғана емес
11
(мұндай ережелер, мысалы, АҚШ Конституциясы мен заңдарын және кәсіби түрде атқарып қана қоймай, сонымен қатар этика нормаларын бұзушылықтар ретінде қарастырылуы мүмкін әрекеттер. Кемшіліктерге қарамастан, бұл актілер болуы мүмкін теріс әрекеттерге елеулі тосқауыл болып, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың дамуына тежеуші әсер етеді [10].
Канадалық мемлекеттік қызметтің этикалық кодексі (барлық мемлекеттік қызметшілердің келісім-шартының бхөлігі болып табылатын Канаданың қазынашылық ережесі ретінде) Канаданың Конституциясы мен заңдары мен жауапты басқару принциптері мемлекеттік қызмет қызметінің негізін құрайтын оның міндеттері мен құндылықтары [10].
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары туралы жекелеген актілер қабылданады. Мысалы Америка Құрама Штаттарында сонау 1958 жыл Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық колексі (Мемлекеттік қызметтің этика кодексі) қабылданды [10].
Өйткені, екі жүйріктің арасында «бәйге» жүріп жатыр-бір жағынан реформалар, екінші жағынан шенеуніктер арасындағы ыдыраушылық, жемқорлық.
Сингапурдың мемлекеттік қызметінің негізгі қағидаларының бірі-оның елдің тәуелсіздігі мен егемендігін, қауіпсіздігі мен көркеюін қамтамасыз етуге бағытталғандығы. Сонымен бірге, оның негізгі тәсілдер -бұзылмаушылық, меритократия (мемлекеттік қызметшілердің жұмысының нақты еңбегі мен нәтижелерін объективті бағалау), ішкі өзін-өзі құрметтеуге қол жеткізу және жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.
«ХХІ ғасырдың мемлекеттік қызметі» арнайы бағдарламасында.
Мемлекеттік шенеуніктерге арналған жалпы ережелер мен министрліктер қызметкерлерінің жарғылары «өзін жақсы шенеунік ретінде ұстауды» талап ететін Нидерландыда бұл мәселеге үлкен назар аударылады. Бұл ретте заңдар мен қызмет көрсету стандарттарын сақтау талабы мемлекеттік қызметке кіру кезінде берілетін антта (салтанатты уәдеде) көрсетілген [10].
Тоқтала кету керек, Нидерландыда Жоғары мемлекеттік қызмет бюросы құрылды және жеке атқарушы орган ретінде емес, ішкі істер министрлігінің департаменті ретінде жұмыс істейді. Бұл осы құрылымның хөкілеттіліктерін айтарлықтай шектейді, ол мемлекеттік қызметті дамытуға «нақты әсер ету»
мүмкіндігі принципі бойынша жүргізіледі. Жоғары мемлекеттік қызмет бюросы құзыретіне мыналар көрсетіледі:
а) басшы лауазымдарға – министрліктердің «топ-менеджерлері» (бас хатшылар, бас директорлар, директорлар) бойынша бос орындар туралы ақпаратты жинау;
б) осы деңгейдегі бос орындарға үміткер тұлғалардың кандидатураларын қарауға қатысу [10];
Сонымен бірге, Бюро мемлекеттік қызметшілерді бес жылда бір рет ротациялауды қамтамасыз етуді өзінің негізгі міндеттерінің бірі деп есептейді.
Бюро ұсынымдарын қарайтын министрліктердің бас хатшыларының бірлескен
12
отырысына есеп береді, бірақ оларды сөзсіз орындау қажеттілігімен қатаң байланысты емес.
Оның негізгі шарты – мемлекеттік қызметшілердің мінезқұлқының этикалық стандарттарын нығайту және бюро қызметі негізінде кадр саясатындағы бытыраңқылықты реттеу.
Нидерландтық мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып Нидерланды Корольдігінің Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі ретінде де құрылған Мемлекеттік басқарудағы этика жіне адалдық жөніндегі бюро-BIOS (бұдан әрі: Бюро) жұмыс істеуі көрсетіледі [10].
Cебебі оның қызметі мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алуға және қызмет саласындағы қажетті моральдық құндылықтарды қалыптастыруға әсер етеді. азаматтық қоғам күткен мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік қызметшіде құқықтық идеологоияның тиісті деңгейін яғни, құқыққа әлеуметтік бағалаушы қатынасты маңызды бірлікпен сусындаған идеялардың, теориялардың тұжырымдамалардың, нанымдардың тұтас жүйесі) қалыптасуы күмән тудырмайды. Түптеп келгенде, мемлекеттік юасқаруды бір жақсы жүйеге келтірге септігін тигізетін бюрократия мен нигелизмнің алдын алуеға бағытталған заңдылық принциптерін жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Заманауи жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық этикасы бойынша заңнамалық нормаларды, тіпті ең озық және теориялық тұреғыдан тиімді де практикаға енгізу маңыздырақ болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Нидерландының қарастырылған тәжірибесі үлкен қызығyшылық тудырады[10].
Мемлекеттік қызметтерді дамытудың қазыргі заманғы үрдістері толықтай алғанда, мемлекеттік басқарудың дәстүрлі моделі қазір әлемде белгілі бір
«заңдылық дағдарысын» яғни азаматтардың оған, оның адами құрамдас бөлігі- шенеунікке деген сенімінің төмендеуін, сондай-ақ бүгінгі және одан да ертеңгі күннің сын-қатерлеріне тиімді әрекет етудің қағидаттық қабілетін сезінуде.
Осыған байланысты Мемлекеттік қызметтің әлеуметтік беделі және тиісінше қызметшілердің өздерінің қоғамдық мәртебесі төмендеді. Мемлекеттік қызмет мәдениетін жетілдірудің басты бағыты оны «этикаландыру», яғни мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының моральдік- этикалық аспектілеріне назар аударуды арттыру болды. Сонымен көптеген елдерде әдетте құқықтық және моральдік нормаларды қамтитын қызметшінің мінез-құлық кодексі бар немесе күшіне енеді. Этикалық компонентсіз кез-келген әкімшілік реформалардың сәттілікке жету мүмкіндігі аз деп есептеледі [11].
Жалпы алғанда Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі ең алдымен жұмыс түрі боынша мемлекеттік атқарушылық-өкімдік қызметі саласында шешімдерді дайындауға, қабылдауға және іске асыруға тікелей қатыстылығы, бұл ретте бірқатар жағдайларда көрсетілген іс-әрекеттер бүкіл қоғам немесе оның қандай да бір бөлігі үшін елеулі экономикалық және өзге де әлеуметтік салдарларға әкеп соғады;
Сонымен қатар әлемдік тәжірибені талдау барысында төмендегідей әдістер мен нұсқаулар қолданылатындығы анықталды [11].
13
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және адалдық саясатының бір бөлігі ретінде этикаға оқыту:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және адалдықты сақтау жөніндегі кешенді саясаттың бөлігі ретінде басқа құралдармен бірге пайдалана отырып, этикалық білім беру мемлекеттік басқару жүйесіндегі этиканы ілгерілетудің және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пайдалы құралы болып табылады.
Этикалық оқыту ұзақ мерзімді перспективада өзінің оң нәтижесін береді.
- Басшылық тарапынан қолдау көрсету:
Этикалық білім беруде саяси қолдау тек құр ақпаратпен, есеппен ғана емес, басшылық тарапынан тәжірибелік іс-әрекеттермен мысалы: этикалық мінез-құлықтың жеке үлгісімен, сондай-ақ әдеп бойынша білім беру бағдарламалары үшін қаражат пен мамандар бөлумен көрсетілуі тиіс.
Басшылық тарапынан мұндай қолдаулардың болмауы мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыруға кері әсерін тигізеді.
Этикалық білім беру кеңірек және жан-жақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық саясатының, мемлекеттік басқару реформасының бөлігіболуы және бағдарламалық құжаттарда көрініс табуы керек. Бұл ретте стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген этика бойыншаоқытуды қамтамасыз ету туралы талап қана оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Мысалы, актілерге әдеп бойынша оқытуды ұйымдастыру және алу туралы заңнамалық немесе басқа да ресми талаптарды енгізу қажет [11].
- Әдеп жөніндегі оқытуды үйлестіру және жетекші орган
Этиканы оқытудың жалпы негіздеріне, орталықтандырылған, жоспарлауға, нәтижелерді үйлестіруге және бағалауға жауапты болатын, кем дегенде бір мемлекеттік органды анықтау қажет. Бұл рөлді этиканы сақтау органдары атқаруы мүмкін, осы институттардың міндеттерін нақты мәлімдесе олардың қызметін өзара және орталық және жергілікті деңгейде этика бойынша оқытуды жүзеге асыратын басқа органдармен дұрыс үйлестірумен толықтырылуы тиіс.
Сонымен қатар, этика мемлекеттік мекемелерді күнделікті басқаруға біріктіріліп, басшылықтан осы мекемелерде этика нормаларының орындалуына ықпал етуді талап ету керек [11].
- Мемлекеттік қызметшілердің мақсатты топтарын оқыту:
Оқыту бағдарламаларына бөлінген шектеулі бюджет жағдайында басым мақсатты топтарды анықтау қажет. Бұл бөлу сонымен қатар оқытуды мемлекеттік қызметшілердің нақты тобының практикалық қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді, бұл олардың ынтасын арттырады.
Әдеп бойынша оқыту бірнеше топқа бағытталған болуы керек. әдеп бойынша оқыту барлық жаңа мемлекеттік қызметшілерге, жоғары лауазымды тұлғаларға және тәуекелге бейім салаларда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге берілуі керек. Мұндай мақсатты топтар үшін этика бойынша оқытуды міндетті ету ұсынылады. Сондай-ақ саяси сайланған лауазым иелеріне бағытталеған этика бойынша оқыту баеғдарламаларын әзірлеу ұсынылады.
14
Ақырында салалық министрліктердегі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы этика кадр мамандары да өз ұйымына адалдық саясатын жүзеге асыру жауапкершілігін алу үшін оқытылуы керек [11].
- Этикалық тренингті практикалық ету:
Оқыту бағдарламаларын белгілі бір топтың қажеттіліктеріне бейімдеу үшін оқыту қажеттілігін баеғалауда жүргізу қажет. Мұндай қажеттіктерді бағалау үшін арнайы этика зерттеулері пайдалы құрал бола алады.
Бағдарламаны белгілі бір мекеменің нақты қажеттіліктеріне бейімдеу үшін оқыту бағдарламасын әзірлеу кезінде оқытуды жүзеге асыратын орган мен мемлекеттік мекемелерге кадрларды іріктеумен айналысатын орган арасында тығыз ынтымақтастықтың болуы да маңызды. Оқытудың заманауи әдістерін қолдану оқу үдерісінде формальдылықты азайтып және тәжірибені көбірек қолданады, сондай-ақ әдеп бойынша оқытуеға бөлінген онсыз да шектеулі уақытты тиімді пайдаланады. Мұндай әдістер лекция пішіміндегі оқыту теориясының топтарға арналған кейс-стадилер мен практикумдар комбинациясын қамтуы мүмкін [11].
Сондай-ақ тренигке қатысушылардың алған, білімін бағалау әдістемесін, қолдану және оны одан әрі жетілдіру үшін тренинг туралы олардың пікірлерін сұрау ұсынылады. Ақырында елдер тағылымдамадан өтушілердің болашақ оқу баеғдарламаларына қатысу үшін жекелеген жоспарлар, осындай жоспарларды жүзеге асыруды қолдау үшін жұмыс орнында қосымша коучинг секілді этикалық бақылау шараларын әзірлеуді қарастырғысы келуі мүмкін.
- Ережелерді, құндылықтарды және сұр аймақтарды зерттеу:
Жарғылық этика ережелерін, этикалық кодекстерді басқа да нормаларды зерделеуді этикалық құндылықтарды зерделеумен ұштастыру маңызды, бұл қатынасты өзгертуге және қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес реформаларының қажеттілігі мен мүмкіндігінтүсінуін тереңдетуге мүмкіндік береді. Ресми ережелер дәстүрге қайшы келетін немес нақты жағдайларда өзін қалай ұстау керек деген сұраққа нақты жауап бермеген жағдайларда этикалық мінез-құлық бойынша практикалық нұсқаулар беру де маңызды. Бұл әсіресе көптеген сұр аймақтарда әлі ресми ережелермен қамтылмаеған сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдерге қатысты.
Ережелерді оқуды лекция форматында ұйымдастыру орында болеған,ымен интерактивті және жеке бейімделген тәжірибелер тәуекелді жағдайларды мінез-құлық құндылықтары мен этикасын үйренуде пайдалырақ болуы мүмкін [11].
- Оқытудың тиімділігін қалай бағалауға болады:
Этикалық оқытудың тиімділігін бағалау оңай мәселе емес. Бағалаудың заманауи әдістері негізінен, оқудан өткен мемлекеттік қызметшілер санының көрсеткішіне бағытталған. Оқыту мемлекеттік қызметшілердің нысаналы тобы өкілдерінің этикалық мінез-құлқының жақсаруына әкелді деген тікелей көрсеткіш жоқ; этикалық оқытудың жалпы нәтижесіне ұзақ мерзімді перспективада ғана бағалауға болады.
Трендтерді талдау
15
- Елдер не үшін мемлекеттік қызметкерлерді этикаға үйретеді:
Мемлекеттік қызметкерлерді әдептілікке үйретудің негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз ету. Осы зерттеу қамтылған елдің барлығында мемлекеттік қызметшілер этикаға үйретілетін, олардың арасында сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары немесе төмен елдер бар. Елдердің екі тобы да мемлекеттік басқаруда адалдықтың жай күйі туралы алаңдаушылықты растағанымен, олармен кездесетін қиындықтардың ауқымы әртүрлі [11].
Бұл тәжірибелер әр елде әр түрлі салдармен қолданылады.
16
Зерттеу әдістері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдебінің мәселелерін анықтау
Магистрлік жұмысымда сандық зерттеу әдісіне әлеуметтік сауалнама жүргізу тәсілін қолдандым. Эмпирикалық зерттеу құралы ретінде сауалнама таңдалды. Бұл әдістің артықшылығы зерттелетін тақырып аясында респонденттердің пікірін жинаудың ең ыңғайлы тәсілі әрі зерттеліп отырған мәселені жан жақты қырынан талдауға және анонимдікті сақтау арқылы нақты әрі объективті жауаптар алуға көмектеседі.
Бұл зерттеуімнің негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамаға мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің этикасының стандарттарын реттейтін жаңа ережелерді енгізу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін айқындау.
Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жұмыс істеген уақыт ішінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мәселесі өзекті болды және сол күйде қала береді, өйткені әдептілік мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Мұндай қағидаттардың жиынтығы мемлекеттік қызметшінің біртұтас бейнесін қалыптастырады. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер кәсібиліктің, әділдік пен адалдықтың эталоны болуға, қабылданатын іс-шаралардың әділдігі мен шешімдерді нақтылауы тиіс [12].
Осы әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейі туралы халықтың пікірін бағалауға, анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл зерттеу, қызметтік әдеп нормалары саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесінде көмектесетін ұсынымдық сипатқа ие.
Негізгі міндеттер:
• Қоғамда мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейіне деген көзқарасты анықтау;
• Қызметтік әдеп саласындағы нормативтік құқықтық базаны бағалау және талдау;
• Қызметтік әдеп нормалары саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Әлеуметтік сауалнамаға жалпы Атырау облысы, Жылыой ауданынан 3633 тұрғындар қатысты. Оның негізгі бөлігі 2553 респондент өндірістік кәсіпорын қызметкерлері, 680 респондент немесе спорт, білім, денсаулық, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, 93 респондент жеке кәсіпкерлер және 307 респондент ауыл тұрғындары. Бұл зерттеуді қоғамның әртүрлі сала қызметкерлерінің арасында жүргізу себебеміз, мемелекеттік қызметтерді алу кезінде барынша жан-жақты қамтуға тырыстым. Аталған зерттеу қорытындысы MS Power BI базасында талданып, есептелді (2-сурет).
17
2-сурет. Қатысушы респонденттер
Ескерту – Сурет автормен құралған
Сіздің ойыңызша мемлекеттік қызметшілердің қандай бөлігі Әдеп Кодексінің талаптарын сақтайды деген сұрағына келесідей - барлық мемлекеттік қызметшілер деген жауапқа 57,6%, мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі деген жауапқа 17,7%, мемлекеттік қызметшілердің жартысы деген жауапқа 11,7%, мемлекеттік қызметшілердің жартысынан кемі деген жауапқа 6,9%, ешкім ұстанбайды деген жауапқа 0,2%, жауап беруге қиналамын деген жауапқа 5,9% өздерінің әр түрлі жауаптарын берген. Аталған сұрақтың жауаптарына қарап тұрғындардың қоғамда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігіне деген көзқарас деңгейі ортадан сәл жоғары екендігін көрсетіп отыр.
Бұл жауаптан аңғарғанымыз мемлекеттік қызметшілердің әдептілігімен әлі де көбірек жұмыс жасау қажеттігін көрсетті (3-сурет).
3-сурет. Әдеп кодексінің сақталуы
Ескерту – Сурет автормен құралған 2553
680
93 307
Өндірістік кәсіпорын қызметкерлері
Спорт, білім, денсаулық және мәдениет саласының
қызметкерлері
Жеке кәсіпкерлер Ауыл тұрғындары
363 614 406 197 52
2001
Жауап беруге қиналамын Мемлекеттік қызметшілердің
жартысынан көбі Мемлекеттік қызметшілердің жартысы
Мемлекеттік қызметшілердің жартысынан кемі
Ешкім ұстанбайды Барлық мемлекеттік қызметшілер
18
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық әдебіне қатысты жағдайды бағалаңыз, ол жақсарды ма әлде нашарлады ма деген сұрағына келесідей - жағдай жақсарып келеді деген жауапқа 64,7%, жағдай өзгерген жоқ (жақсы) деген жауапқа17,7%, жағдай өзгерген жоқ (нашар) деген жауапқа 7,8%, жағдай нашарлап келеді деген жауапқа 2,5%, жауап беруге қиналамын деген жауапқа 7,3% өздерінің әртүрлі жауаптарын берген (4-сурет).
4-сурет. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық әдебіне қатысты жағдайды бағалау
Ескерту – Сурет автормен құралған
Сіздің ойыңызша мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қатысты нелер мүлдем қолайсыз деген сұрағына келесідей - сыйлық алу жауабына 10,8%, Сыртқы келбеті, киімі іскерлік стильге сәйкес келмеу 5,3%, өз туыстарын, таныстарын қызметтік саты бойынша ілгерлету жауабына 16,6%, мемлекеттік тілді білмеу жауабына 27,2%, халықпен кері байланыстың болмауы жауабына 18,5%, дөрекілік, халықпен қарым-қатынасты қалыптастырмау жауабына 21,6% әртүрлі жауаптарын берген (5-сурет).
2250
617
270
88
408
Жағдай жақсарып келеді
Жағдай өзгерген жоқ (жақсы)
Жағдай өзгерген жоқ (нашар)
Жағдай нашарлап келеді
Жауап беруге қиналамын
19
5-сурет. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қатысты нелер мүлдем қолайсыз?
Ескерту – Сурет автормен құралған
Мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқы жаңдайында қандай әрекеттер жасауға дайынсыз деген сұрағына келесідей - оның басшылғына әдепсіз мінез-құлыққа шағымдануға бару (ауызша) жауабына 28,2%, мен мәселені, жағдайды өз бетімше шешуге тырысамын жауабына 34,1%, мемлекеттік қызметшінің әдепке жат мінез-құлқына шағым жазу жауабына 14,7%, мемлекеттік қызметшінің әдепсіз мінез-құлқы туралы сотқа талап арыз беру жауабына 2,9%, жауап беруге қиналамын жауабына 20,1%
өздерінің әр түрлі жауаптарын берген (6-сурет).
937
744
638 572
372
187 183
Мелекеттік тілді білмеу
Дөрекілік, халықпен
қарым қатынас қалыптастыра
алмауы
Халықпен кері байланыстың
болмауы
Өз туыстарын, таныстарын
қызметтік саты бойынша
ілгерлету
Сыйлық алу Сыртқы келбеті, киімі
іскерлік стильге сейкес
келмеуі
Жауап беруге қиналамын
1182
975
508
101
867
Мен мәселені, жағдайды өз бетімше шешуге
тырысамын
Оның басшылығына
әдепсіз мінез- құлыққа шағымдануға бару (ауызша)
Мемлекеттік қызметшінің әдепке жат мінез-
құлқына шағым жазу
Мемлекеттік қызметшінің әдепсіз мінез- құлқы туралы сотқа талап арыз
беру
Жауап беруге қиналамын
20
6-сурет. Мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқы жаңдайында қандай әрекеттер жасауға дайынсыз?
Ескерту – Сурет автормен құралған
Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір рәсімдерді тездеткені немесе атқарған жұмысы үшін алғыс ретінде және тағы басқа сыйлықтар (оның ішінде іс-шараларға билеттер, кешкі астар, сертификаттар, ақшалай сыйақылар, кәдесый өнімдері жіне тағы басқа) беруге тура келді ме деген сұрағына келесідей - иә, тура келді сыйлық қабылданды жауабына 9,7%, иә, тура келді, сыйлық қабылданған жоқ жауабына 3,9%, жоқ, ондай болған жоқ жауабына 77,4%, жауап беруге қиналамын жауабына 9% өз жауаптарын жазған (7-сурет).
7-сурет. Мемлекеттік қызметкердің қандай да бір іс әрекеті үшін сыйлық алу жағдайлары
Ескерту – Сурет автормен құралған
Сіз мемлекеттік қызметшінің БАҚ-тағы әдептілігіне, мінез-құлқына назар аударасыз ба сұрағына келесідей - иә, назар аударымын жауабына 85,6% жоқ, назар аудармаймын жауабына 10,4%, жауап беруге қиналамын жауабына 4%
жауаптарын берген (8-сурет).
2682
338
134
479
Жоқ, ондай болған жоқ
Иә, тура келді, сыйлық қабылданды
Иә, тура келді, сыйлық қабылданған
жоқ
Жауап беруге қиналамын
21
8-сурет. Сіз мемлекеттік қызметшінің БАҚ-тағы әдептілігіне, мінез-құлқына назар аударасыз ба?
Ескерту – Сурет автормен құралған
Сіз мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілердегі әдептілігіне, мінез- құлқына назар аударасыз ба сұрағына келесідей - иә, назар аударымын жауабына 83,3% жоқ, назар аудармаймын жауабына 13,5%, жауап беруге қиналамын жауабына 3,2% жауаптарын берген (9-сурет).
9-сурет. Сіз мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілердегі әдептілігіне, мінез-құлқына назар аударасыз ба?
Ескерту – Сурет автормен құралған
2964
359 310
Иә, назар аударамын Жоқ, назар аудармаймын Жауап беруге қиналамын
2884
468 281
Иә, назар аударамын Жоқ, назар аудармаймын Жауап беруге қиналамын
22
Сіз мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелерінің әлеуметтік желілердегі әдептілігіне, мінез-құлқына назар аударасыз ба сұрағына келесідей - иә, назар аударымын жауабына 55,2% жоқ, назар аудармаймын жауабына 39,9%, жауап беруге қиналамын жауабына 4,9% жауаптарын берген (10-сурет).
10-сурет. Сіз мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелерінің әлеуметтік желілердегі әдептілігіне, мінез-құлқына назар аударасыз ба?
Ескерту – Сурет автормен құралған
Сіздің ойыңызша, мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілердегі, БАҚ- тағы мінез-құлқы мен әдебі мемлекеттік қызметшілердің жалпы бейнесін қалыптастыруға әсер ете ме деген сұрағана келесідей - иә, әсер етеді жауабына 70,7%, жоқ, әсер етпейді жауабына 19%, жауап беруге қиналамын жауабына 10,3% жауаптарын берген (11-сурет).
1912
1383
338
Иә, назар аударамын Жоқ, назар аудармаймын Жауап беруге қиналамын
2449
659 525
Иә, әсер етеді Жоқ, әсер етпейді Жауап беруге қиналамын