• Tidak ada hasil yang ditemukan

Мемуарлық очерк

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Мемуарлық очерк"

Copied!
10
0
0

Teks penuh

(1)

М.Б.Шындалиева

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан Мемуарлық очерк

«Мемуар, естелік (фран. memoires – еске алу), автордың ӛз кӛзімен кӛрген, қатысып, араласқан оқиғалар жайындағы жазбалары ӛмірбаян түрінде, күнделік түрінде, жол жазбалар түрінде кездеседі» [1,139]. Қандай үлгіде жазылса да мемуарлық очерктер кӛркем шығарманың санатына жатады және оның ӛмірбаяндық, күнделік, естелік ретінде жазылған үлгілері кӛркемдік тәсіл үлгілері болып қабылданады. Мемуарлық очерктерде автор ӛмірде болған оқиғаларды негізге ала отырып, болған, ӛзінің басынан кешкен оқиғалары мен құбылыстарын нақтылы дерек, фактілерге жүгіне отырып, желі етеді. Сонымен қатар, мемуарлық кӛркем очерктерде белгілі бір кезеңнің тарихи, саяси, әлеуметтік кезеңдері қамтылып, жинақталады.

Очеркші ӛзі ӛмір сүрген кезеңдегі әртүрлі адамдарды ӛз кӛркем очеркіне арқау ете отырып, сол кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын, жан- дүниесін бейнелеу арқылы сол кезеңнің әсері мен сипаттарын суреттеуге тырысады. Яғни, бұл мемуарлық кӛркем очерктерді сол кезеңнің уақыт тынысының әсері, ӛткен шындыққа авторлық бағаның берілуі басым түсіп жатады. Бұл кӛркем очерк түрінің басқа түрлерден артықшылығы - ӛткен, болған жайларға баға берушілік, баяндалып отырған оқиғалардың автордан басқа да куәгерлерінің бар екені. Демек, баяндалған оқиға, суреттелген іс- әрекеттер неғұлым деректі материалдар мен нақты фактілерге кӛбірек жүгініп жазылса, соғұрлым ӛмір шындығы да терең ашылғаны болып табылады. Шынтуайтында, мемуарлық очерктерде деректілік пен нақтылық қатар жүрсе де автордың кӛзімен кӛріп, басы-қасында болған оқиғаларды баяндағанда автор ӛз түсінігі, ӛзінің сол оқиға немесе құбылыстарға жеке кӛзқарасы арқылы баға беру жағы басым болады, яғни, авторлық баға берушілікке кӛп мүмкіндік жасалады.

Біріншіден, мемуарлық кӛркем очерктерде нақты фактімен сӛйлеу, деректілік, ӛмірдің шындығымен сӛйлеу жағы басым жатады. Екіншіден, мемуарлық очерктерде ӛмір танытқыштық, ӛткенді жинақтап кӛрсету, қорыта сӛйлеу, жинақты түрде бейнелеу қасиеті де бар. Осы қасиеттер біріккенде де ғана мемуарлық кӛркем очерктің мазмұны мен кӛркемдік сапасы ӛз дәрежесінде шығады. Мемуарлық очерктер жазу үшін автордың ӛмірлік тәжірбиесі мол, сӛз етуге тұрарлық оқиға, құбылыстарды дұрыс таңдап қана қоймай, үлгі-ӛнеге боларлық тұстарды саралау шеберлігі де болуы шарт. Жазушы басынан ӛткен нақтылы ӛмір құбылыстары, оның сыры, қайшылықтары терең ұғылмай, терең зерттелмей, тарихи және қоғамдық шындық сарапталмаса тәлімдік-танымдық қасиеті мол туынды жасалмайды. Очеркші ӛмір шындығын кӛркемдік шындыққа айналдырғанда ғана рухани ләззат аларлық туынды ӛмірге келеді. Мемуарлық очерктердің

(2)

басқа шығармалардан айырмашылығы – құжаттық-деректік тұрғыдан неғұрлым нақты болады және автор ӛз кӛзімен кӛрген, білген оқиғаларын шығармасына арқау етеді.

Мемуар жанрының туу тарихы ерте дәуірлерден басталады дейді, бірақ, шын мәніндегі мемуар жанрының жетілу, қалыптасу кезеңдері ХҮШ ғасыр мен ХХ ғасыр аралығы. Орыс әдебиетіндегі мемуардың классикалық үлгілеріне А.Герценнің «Кӛргендер мен ойлары», Л.Толстойдың «Балалық шақ», «Жастық», «Жігіттік», К.Гольдонидің «Мемуарлары», М.Горькийдің

«Менің университеттерім» т.б. шығармалары жатады. Қазақ әдебиетінің тарихында мемуарлық жанр ХХ ғасыр туып, қалыптасқан. Оған Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың «Менің мектептерім»,

«Ӛсу жолдарымыз», Ғабиден Мұстафиннің «Ой әуендері», «Сыр дәптері», М.Қаратаевтың «Кӛргенім мен кӛңілдегім», Медеу Сәрсекевтің «Сәтбаев», Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние», Сафуан Шаймерденовтің

«Ағалардың алақаны», Мұзафар Әлімбаевтың «Кӛңіл күнделігінен», Асанәлі Әшімұлының «Майраның әні», Әлібек Асқаровтың «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» т.б. ӛмір, әдебиет, мәдениет тарихы, ақын-жазушы, ӛнер адамдары туралы ой толғайтын, мемуарлық сарындағы кӛркем шығармалары баршылық. Бұл кітаптардағы авторлар ӛздерін тек жақсы жағынан кӛрсетуді ғана мақсат етпей, қате басқан, адасқан тұстарына ӛмір ӛте келе баға беру, қиындыққа түскен кездеріндегі кӛңіл-күй, қиындықты жеңген сәттерін де бейнелеуімен құнды.

Сәбит Мұқановтың «Туған жердің тыңында» атты кӛркем очеркінде сол кезеңнің тұрмыстық жағдайларын ғана суреттеп қоймай, ӛзінің ішкі әлемін де әдіптейді. Мұнда тұрмыстық жағдайлармен қоса кӛңіл күй сәттері, жеке басының мінез ерекшеліктері, портреттік суреттемелер кеңінен қамтылады, яғни, автордың жеке басының ӛмірлік тәжірбиесі, ӛмір сүрген дәуірінің қайшылықтары, арман-мақсаттары қатар ӛріледі. Бұл кӛркем очерктің алғашқы тарауы «Бұл жердің тарихынан» деп аталып, азабы ауыр болған балалық шағын ӛткізген, әке-шеше, туыстарының қабыры орнаған Жаманшұбарды ширек ғасыр кӛрмей, қайта оралғандағы әсерлерін очеркші шыншылдықпен баяндайды.

Жазушы бұл тарауда Жаманшұбардың бұлай аталу себебін, Қарағаш жеріне кӛшу себептерін айта келе, ӛзінің қайда, қалай ӛмірге келгені жайында мәліметтерді бергенде жеке адам тағдыры мен қоғам тағдырын байланыстыра отырып былай береді: «... Мен олар жалшылықта жүрген жат ауылда туғанмын. Әкем қырық тоғызда, шешем – қырық екіде. Менен басқа ұл оларда болмаған. Қыздары кӛп болған. Бірақ, ол замандағы қазақ аулының ғұрпында қыз – бала емес, «қалыңмал» ғана.

Кӛп жыл ауыр бейнеттің салмағымен жаншылған менің әкем де, шешем де мен туғаннан кейін еңбекке жарамайтын дәрежеде ауырып, басқа паналар жері болмаған соң, Жаманшұбардағы туыстарына кӛшіп барады. Ол жылы мен бес жастамын. Келер жылы әкем ӛлді, одан келер жылы шешем ӛлді. Менен үш жас үлкен апам – Ұлтуған екеуміз жетім қалдық...» [2,21].

Жазушы ӛзінің балалық шағының елеулі кезеңдерін сӛз еткенде қазақ елінің

(3)

басындағы ауыр халді, панасыз қалған жетім балалардың басындағы ауыр жағдайды суреттегенде табиғат құпияларымен егіз суреттеу арқылы шығармасында кӛркемдік шешім тапқан. «Бірнеше күннің бойына созылған боран, кейде үйлер мен қораларды теп-тегіс қалың және биік күртікпен жауып кетеді. Боран ашылғаннан кейін әр үй ӛз қорасының маңына үйілген күртікті қазып жол ашады, үй мен үй терең қазылған орлар арқылы қатынасады...

Үйлерді күртіктер бұлай баспау үшін қыстың басында, ауылды және үйлерді жағалай, қамыстан қалқан ұсталады. Жазық далада жел айдаған қар, қалқандарға ықтай келе, біраздан кейін қалқан маңы қар тауына айналады.

Қамыс қалқан ол таудың үстіне үстеле тағы да орнайды... Қар аязда тас боп қатып қалады да, адам түгіл жеңіл-желпі малды да кӛтеріп кетеді» [2,22],- деп Жаманшұбар жеріндегі қыстың қаталдығы, кӛктемнің бала атаулыға әкелер қызығы, «құралайдың салқыны» қалай түсетінін, жаз жайлаудың қызығын бейнелегенде очеркші ӛмір оқиғалары мен табиғаттың құбылыстарын қатарластыра отырып, ұтымды іріктеп, келістіре суреттеген.

Мұнда автор табиғат суреттерін ӛзінің кӛзімен, кӛңіл түсігімен орайластыра береді, яғни табиғат пен кейіпкер кӛңіл-күйлері астарласа, қатарласа жүріп отырған. Бұл кӛркем очеркінде жазушы жеке басындағы жайларды ғана шолумен тоқталмайды, сол ӛзінің балалық кезіндегі саяси-әлеуметтік жағдай, қоғамның рухани-мәдени ӛмірінен де хабар бере отырып, одан кейінгі де ӛз жеке басының ӛмірлік тәжірбиелерін тізбектей келе, арман-мақсаттарының қалай орындалғанын шығармашылықпен жазады. Сонымен қатар, мемуарлық очеркте қазақ халқының тарихи дамуының аса маңызды проблемалары кӛтеріліп, қарапайым халықтың ең жарқын мұраты, қадір-қасиеті, сол кезде болған жаңалықтарды автор ӛз бейнесі арқылы кӛрсетеді, осыдан келіп жазушы балалық, жастық шақты тану ӛткінші науқан емес екенін дәлелдейді.

Ӛткенді білмей алға жылжу жоқ, ӛткен күн бүгінгі күннің таразышысы, мемуарлық кӛркем очерктер жазушының халық ӛмірінің ӛткенін жаңа заман биігінен шолуға мүмкіндік беретін ӛте қолайлы кӛркем очерктің түрі болып табылады. Жазушының ӛз кӛзімен кӛрген оқиғаларын, басынан кешірген жағдайларды ғана әсерлі етіп баяндау мемуарлық очерк болады десек жетпейді, сондықтан бұл очерк түрі тарихи шындық фактілерді кӛркемдік жолмен жинақтау арқылы жүзеге асады. Мемуарлық очеркте бұрын болған оқиғаларды рет-ретімен баяндаса болғаны десек аздық етеді. Онда ӛмір танытқыштықпен қоса тағылым берерлік сәттер кӛп кездесіп, бұл очерк түріндегі тарих кӛпті кӛрген, кӛпті білген ұстазға айналса, лирикалық кейіпкердің ӛзі кей жағдайда тарих рӛлін атқарып кетсе, ӛз мақсатын орындағаны. «Бұл жердің тарихынан» атты тарауда автордың балалық шағындағы ӛзі туып-ӛскен аулының портретін толық беруді, барлық жайды жас бала атынан баяндай отырып, сол кездегі ауыл-аймақтардағы ӛзгерістерді қаз-қалпында беруімен құнды шыққан.

Сәбит Мұқанов мемуарлық кӛркем очерктер жазумен ғана шектелмей, кейін мемуарлық романның классикалық үлгілерін ӛмірге әкелген жазушы.

«Ӛмір мектебі» романының бастамасы жоғарыдағы очерктерден туса керек.

(4)

Бұл роман халқымыздың тұтас бір дәуірде бастан кешкен оқиғаларын қарапайым ақиқатымен, адал шындығымен кӛрсете алған, қазақ аулының қыруар жаңалықтарын шыншылдықпен суреттеген шығарма.

Ғабиден Мұстафин «Ой әуендері» кітабын былай бастайды: «Ойсыз күнім болмады. Әр кезде, әр қилы ой келді. Кӛре келе, жүре келе, уақыт, жағдай ӛзгерген сайын ой да ӛзгере берді. Ол ӛзгерістердің бәрі бірдей есте қалмапты. Керексізімен қоса талай керектісі де ӛлген болар. Ал, қағазға түскен ой ӛлмейді, жәрәмдісін бір уақытта біреу болмаса, біреу пайдаланады.

Сондықтан кейінгі ұрпақтың бір керегіне жарар деген үміттемін» [2,7],- дейді. Расында да ұлы жазушының түпкі мақсаты ӛткеннің дұрысы мен бұрысын таразыға сала отырып, адам жанын тәрбиелеуді, рухани азық беруді мақсат еткен сияқты. Осы кітабындағы «Ӛмір белестері» аталатын мемуарлық очеркінде автор ӛзінің туғаннан бастап, ӛмір сүрген ортасы, есейген шағындағы басынан кешкен оқиғалары, жеке тұрмыстық жағдайлары, ӛзі ӛмір сүрген ортаға кӛзқарасы бәрін-бәрін кіріктіріп, арқау етеді. Жазушы ӛзінің арғы аталарының шыққан тегін, туған жерінің жер- суларын, жас кезіндегі алған білімінің бастауларын, Қызылордаға оқу іздеп барып, «Еңбекші қазақ» газетіне мақала жазып, Ғаббас Тоғжанов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтармен танысып, аралас болғанынын қызғылықты баяндаған, ӛзінің басынан ӛткен оқиғалардың елеулілеріне ғана тоқталып, кӛңілге түйген жайларын, оқиғаларын қамтуда шеберлік танытқан.

«Менің ӛскен ортам алпыс үй Елібай ертерек жерінен айрылып, қоныс ауып, кедей болды. Сол кедейдің бірі, түбі ӛзбек, Сейткемелдің Әубәкірі Пәтима деген тұңғыш қызын маған атастырыпты. Әубәкір 1910 жылдан бастап саудаға айналысып, байи бастайды. Байыған сайын бізді менсінбеуге айналды. Үш-тӛрт жылдың ішінде, әсіресе, 1916 жылы Әубәкір бүкіл бір дуан елге ықпалын жүргізді. Қызын бермеуге айналды. Бермегеннен бұрын, ауыл үй отырып, оның қатын-қалаштары, малайларына дейін намысымызды қорлап бақты. Бала кезімде, іңірде, қараңғы үйде шешемнің:

- Қарашығым, кешегі жалғыз үйлі жаман неме менсінбеді ғой,- деп бетімнен сүйе талай еңіреген кӛз жасы ішіме мұз боп қатқан» [2,13],- дей келе кейіннен Әубәкір қызылдар келер алдында қызын амалсыздан беріп, бір жылдан кейін қызының ӛліп қалғанын, сол кездегі саясат, қоғамдық күрес ахуалын тілге тиек етеді. Жазушы салт-сана, саясат майданына кеш келгенін айта келе, кейін-кейін зорлық, зомбылық атаулыға қарсы шығып күрескенін, қиындыққа тап келген сәттерін бейнелеуі орынды шыққан. «Ӛмір белестерінде» очеркшінің жеке басындағы жағдайлардан оның ӛмір сүрген дәуірі, сол кезеңнің саяси-әлеуметтік қайшылықтары, қоғамдық ӛмір ӛзгешеліктері толығымен кӛрініп отырған.

«Туған жерде» мемуарлық кӛркем очеркінде Ғабиден Мұстафин он бес жылдан кейін Нұра жеріне келіп, ол елдің кӛп ӛзгергендігі туралы қызғылықты әңгімелейді. Қарағанды қаласының маңайындағы ӛзгерістерге, Қарағанды маңындағы Бұқпа, Қызыл құдық, Аққұдық, Қампан поселкелері қаламен тұтасып кеткені, Қара Нұра мен Шерубай Нұраның арасы күндік жер екені, Алтай руының мекені болғаны туралы суреттемелер бұл

(5)

шығармасында кӛптеп кездеседі. 1945 жылдың ӛзіндегі Қарағанды қаласы былай суреттеледі: «Батысқа қарай кӛлденең тартқан «темір астау» терең арна толқындарды түйдегімен жұтып жатыр. Осы арна бірнеше километрге созылады. Екі жағы суармалы огород, сонау Сырғабай тӛбешігіне дейінгі кең алқап кӛкпеңбек, ӛнімі ішіне сыймай лық-лық етеді. Арнасынан асқан Нұра алып Қарағандыны ғана емес, ен даланың да түгін түлетіп, түрін құлпыртып жіберген...

Батысы – сол құлпырған дала, шығысы – тау бауырында тулаған Нұра, аралықтан әдемі қала ӛскен. Қаланың кӛп қабатты, алуан түсті, заңғар үйлері бар. Үй маңы ӛрбіп келе жатқан бәйтеректер. Дәл ортада үлкен бақ...»

[2,342],- деп сол кездің ӛзінде Қарағанды қаласы ел мақтаны болып, сәулетті қаланың шапшаң ӛскендігін, кӛмір, темір, электр, егін бәрі де осы қаладан ӛрбіп отырған жайы қызғылықты деректер негізінде баяндалады. Мұнда очеркші ӛзінің ӛмірбаянын айтуды мақсат етпей, сол кезеңдегі адамзаттың, қоғамның, уақыттың ӛкілі ретінде Қарағандының ӛсу қарқынына баға бере отырып, тұжырымды және терең пікірлер айтады. Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі, халықтың сол кездегі әлеуметтік жағдайы мен оған деген кӛзқарас та білініп отырады. Осы ӛмірбаяндық сипаттағы кӛркем очерктері негізінде автор «Кӛз кӛрген» романын жазған. Онда дәуір оқиғаларын, ӛзі ӛмір сүрген кезеңнің жұмбақ сырларына, ӛзінің ұғымы, түсінігі тұрғысынан келген. Бұл аяқталмаған романы Ғабиден Мұстафиннің зерттеушілік, ойшылдық қабілетін танытатын, айтқыштық, пікір түйгіштік қасиеттері мол шығармасы.

Мұхаметжан Қаратаев сардар сыншы, белгілі ғалым ғана емес, кӛргені мен кӛңілге түйгені кӛп, айтары мол очеркші екенін «Кӛргенім мен кӛңілдегім» атты портрет, мемуар очерктер кітабынан байқаймыз. «Ұядан қияға» алғашқы тарауы былай басталады: «Ӛткен ӛмір-сӛнген кӛмір» дейтін сӛздің жаны бар екен. Байқап қарасам, кӛзбен кӛрген, бастан кешкен дүниеден кӛп нәрсе ұмытылған, кӛп нәрсе ӛшкен, ӛзгерген. Әйткенмен солардың бәрін болмағанымен, біразын еске алып, қағазға түсіргің келеді.

Себебі, - бұлар қалай болса да кейінгіге сабақ болсын, жас ұрпақ жақсылығынан үлгі алсын, жаманшылығынан мүмкіндігінше бойын аулақ салсын дейсің, ӛткен ӛмірден аз да болса мағлұмат қалсын дейсің» [4,6],- деп жас шағын, туған жерін, кӛрген жайлары мен сезген әсерлерінің куәгер әңгімелері есебінде баяндаған. Сӛз басында автор мемуарлық очеркін жазудағы негізгі мақсатын айта отырып, әркімнің ӛмір соқпағы әр қилы, үлкен сүрлеуге әр жолдан қосылған адамдардың тағдыры әрқалай тоғысатынын айтады. Ауылы Телікӛлдегі балалық шағы, алғаш әріп таныған молдасы, сол кездегі кӛшпелі ауыл балаларының кӛрген күні, орыс әліппесін үйренген соң, оқу іздеп Ақмешіт (Перовск) қаласына барғанын автор нақты әрі кӛркем баяндайды. «Бастауыш мектепті бітірген соң, 1925 жылы июль айында Қызылордадағы жеті жылдық мектебі бар Ленин интернатына ауыстым. Интернат темір жолдың сыртында Сафаның бауына жайғасқан.

Тәртіп күшті. Қалаға жібермейді. Мен енді 5-ші класқа түсіп оқуым керек.

Оқу әлі басталған жоқ. Қасымда маған үш жас үлкендігімен ықпал жасар

(6)

серігім бар. Ол біздің елде қарғадайынан байдың қозысын, кейін қойын бағып, әбден қара қайыс болған Мәдіқожа Тәжібаев» [4,18],- дей келе орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларының оқығаннан кейін ӛмірге жаңа кӛзқарасы қалыптасқандығын рет-ретімен баяндайды. Автор ӛткен күндерін суреттеу арқылы бүгінгі күн қажетін ӛтеуді ойластырған, ӛзі жайында жаза отырып М.Қаратаев ӛткен ӛмірге бүгінгі күн адамы ретінде зер салып барып, зейін аудартады. Болған оқиғалар мен қоғамдық құбылыстарды ӛз атынан баяндап, сол кездегі қазақ ауылының тіршілігін қаз қалпында жеткізе білген.

Қаршадай баланың білімге, оқуға құштарлығын ӛз бойына шақтап, нанымды шығуын қамтамасыз еткен. Сол жас кезіндегі зерек баланың назарына түскен айшықты оқиғалар туралы жазуына, кейіннен ӛзінің, айналасындағы қоғам қайраткерлері дәрежесіне кӛтерілген ӛнегелі адамдар туралы әлеуметтік суреттерге толы бірнеше мемуарлық очерктер жазуына себепкер болған.

«Арман асуы» атты очеркінде қазақтың атақты жазушысы Сәбит Мұқанов, әдебиет зерттеушісі Белгібай Шалабаев, ақын Тайыр Жароков туралы олардың бойындағы озық қасиеттерін үлгі-ӛнеге етіп, ӛз айналасындағы адамдардың жақсы жақтарына кӛңіл аудару арқылы қасиеттерін алға тартады. «Сонымен Москвадамыз. Үш болашақ әдебиетші Қызыл професура институтында оқитын атақты жазушымыз Сәбит Мұқановтың жатқан жеріне іздеп бардық. Сәбең жатақхананың үлкен бір бӛлмесінде Мәриям жеңгей екеуі тұрады екен. Елді сағынып қалған ба, екеуі қуанып қарсы алды. Сәбең бізді алма-кезек құшақтап:

- Е, қайдан жүрсіңдер, балақандар-ау,- деп жатыр. Сәбеңнің бала

болмасақ та «балақандар» деуі жүрегімізге жылы естіледі. Ол кісінің ӛзі бізге тым үлкен сияқты кӛрінеді. Сонда осы күні ойлап қарасақ, 34 жаста ғана екен ғой. Институтта сүйікті жазушымыздың шығармаларын түгел оқығанбыз»

[4,30],- деген жазушының жылы лебізін, сенім мен жігер бере сӛйлеген сӛздерін, одан алған әсерлерін очеркші сенімді әрі нанымды кӛз алдымызға елестетеді. «Арман азабы» очеркіндегі автор тағдыры, басынан кешкен қиыншылықтар мен жеткен жетістіктері қатар ӛріліп, очеркшінің ӛз тағдыры бірінші орында кӛрінеді, бірақ, соның ӛзінде республика ӛміріндегі болып жатқан оқиғалар мен біраз кезеңдер қамтылып, жеңіл-желпі әңгімеленеді.

Мысалы, алғашқы 1934 жылғы жазушылар одағының бірінші сьезі, 1936 жылғы Москвадағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігі, 1937 жылғы Қазақстан Жазушылар одағының бірінші пленумының оқиғаларын суреттеу арқылы жазушы дәуір оқиғаларына, кезең сырларына ӛз кӛзқарасын мәнерімен бедерлеген.

Мемуарлық очерктерде тек тарихта болған адамдар, оқиғалар, құбылыстар суреттелуімен шектелмейді. Онда адам характерлері ашылып, оқиғалар бір-бірімен тығыз байланысып, сол арқылы ұлттың, халықтың да жан дүниесі кӛрінеді. «Қайран Жәкең» атты очеркінде халық поэзиясының ӛкілі Жамбыл Жабаевпен аралас-құралас болған үш жылдағы елеулі кезеңдері жайлы баяндай келе, очеркші ақынның портретін, ішкі жан дүниесін, жеке басының толғаныс-тебіреністері үстінде де бейнелейді.

(7)

«Ертеде, жырлап жүргенімде, қалың қазақты шарлап аралай-аралай Жетісумен жапсарлас Сырдария облысының, Алатаумен астарлас Қаратау тӛңірегін аралап, бауырмал Сыр еліне, қонақжай Түркістан оязына тақау бардым. Атақты Майлықожа, Құлыншақ, Майкӛт ақындарға кездесіп, ӛнерлерінен үлгі алып, ӛздерін пір тұттым. Сол сапарымда ақындардың ішінде халқының аузынан түспейтін кӛп естіген есімім, алмастай ӛткір тілі бар, ағыл-тегіл жыры бар, шығарған сӛзі шырайлы, ел аузынан кӛп тыңдағаным Шәді тӛре мен Тұрмағамбет болған. Сонда кӛңілім тасып, таңданып қайтқанмын» [4,44],- деп Жамбыл шығармашылығындағы халық ақындарының рӛлін кейіпкердің ӛз толғаныстары арқылы беруі айқын кӛрінеді. «Сәкен аға» мемуарлық кӛркем очеркінде С.Сейфуллин есімінің санамызда айырықша ардақталу себептерін түсіндіруден бастайды. Атақты ақынды алғаш кӛргендегі әсерін автор былай бейнелейді: «1930 жылы Алматыға келіп, сырт таныс ардагер ақынды кӛзбен кӛргенде, әуелгі әсерім едәуір ӛзгерді. Шымқай қара мұртының екі ұшын қиғызып, шағын ғана басқызған. Бұрынғы ашаң жүзі сәл толығып, қоңырқай тартқандай.

Суреттегідей емес, сұңғақты, әсем тік тұлғасымен де айрықша кӛз тартады, кӛңіл сүйсіндіреді.

Ойлы да ӛткір, мӛлдір қара кӛзі бір түрлі от шашатындай кейде кейігенде қаһарлы, зәрлі ұшқын атса, кӛбіне жылы, жұмсақ мейірлі назар аңғартатын. Оның кӛзқарасы ақындық жанының бейне бір айнасы іспеттес»

[4,55],- деген портреттік суреттеуден кейін Сәкеннің ӛзіне қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқығанын, кӛп ретте үлгі, ӛнеге болатын тұстарын жіті байқаған очеркші оның жастар үшін үлкен мектеп болғаны, ұстаздың шәкіртке деген сезімінің, сенімінің молдығы жайында ой тұжырады. Қазақ әдебиеті тарихындағы кейбір бұрылыс, ӛсу кезеңдері, күрделі, жаңашыл сәттердің тууы, тартымды әрі ұсталықпен жеткізген қаламгер Сәкен Сейфуллин мен қазақ әдебиетінің тарихының белестерін де егіз, жаңарулар мен мол оқиғалардың сыры мен шынын жан-жақты әңгімелейді. Автор әдебиетке араласқан шағынан бастап Сәкен шығармашылығын жіті оқып, Сәкен әкелген әдебиеттегі жемістер мен жетістіктердің аса маңызды ағыстарын шебер шежірелейді. Очеркші кейіпкер басынан ӛткен оқиғаларды мол қамту арқылы дәуірдің түрлі тартыстарының, мұраттарының ӛзгешеліктерін жіті білгірлікпен бейнелегеніне куә боламыз. М.Қаратаевтың

«Биаға» очеркі Бейімбет Майлиннің, «Дала жұлдызы» Ілияс Жансүгіровтің,

«Мұрат мұхиты» Мұхтар Әуезовтің, «Халық қалаулысы» Сәбит Мұқановтың,

«Ағайынды Жұбановтар» Ахмет пен Құдайберген Жұбановтар туралы мемуарлық кӛркем очерктерінде ұлы адамдармен қалай кездесіп, аралас- құралас болғанын жай ғана баяндап қоймай, түрлі кездесулер ішінен қашанда ең керекті түйінді оқиғаларды екшеп, іріктеп ала білуімен, ӛмірде ӛшпес сабақ алған сәттерін парасатпен таратып айта білген. Жазушы ӛз ӛмірінде кӛрген, араласқан, таныған адамдарының бәрін емес, елеулі ерекшелігі бар, тарихта алтын әріппен жазылған тұлғаларды ала отырып, олардың тура ӛмірінің үзінділері бұл кӛркем очеркке табиғи растықты дарытып тұрғандай әсер қалдырады. Бұл ұлылар тұлғасы қайырымды, парасатты, жомарт

(8)

адамгершілік иелері болғанына, табиғаттай таза мінезі есте қалады.

Ақындық, жазушылық, азаматтық келбеті барлық кейіпкерде молынан қамтылып, қазақ халқының болашағы үшін қызмет еткендігін суреткер нанымды әңгімелейді.

Сафуан Шаймерденовтің «Ағалардың алақаны» кітабында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы тағы басқа ақын-жазушылар туралы есте қалған оқиғаларға құрылған мемуарлық кӛркем очерктері қамтылған.

Бұл кітапта автор ӛмірдегі кӛрген-білгендерін, естігендерін ӛз очерктеріне арқау ете отырып, ұтымды шрихтар, адамның ішкі сырлары, мінез- құлқындағы ерекшеліктері туралы философиялық түйіндеулерге негіздеген.

«Бір таба нан» атты алғашқы очеркінде жазушының балалық шағы, әкесінің аралас болған адамдарымен қарым-қатынасы, ӛскен ортасы туралы баян еткенде әкесінің орнын, адал жүрегін, таза адами табиғатын әдемі суреттейді.

Әсіресе Сәбит Мұқановқа байланысты ӛз басында болған оқиғалары қызықты. Соның бірі:

«- Мә, машинаңның бір жеріне тыға тұр. Кӛрерсің, Сәбең қазір іздейді қамшысын. Сонысын қызықтайық,- деді. Айтқанындай шықты, Сәбең қамшысын іздеді. Ӛзінің дағдылы тарғыл даусымен: «Әй, қамшымды қайсың алдыңдар?»- деп кӛпке дейін сұрау салумен болды. Біз Хамит екеуміз үлкен кісінің мына бала мінезін қызықтаумен жүрдік. Сӛйтіп қамшы менің машинамда кетті. «Әне апарып берейін, міне апарып берейін» деп жүргенімде қыс түсті. Бір күні жұмыстан келсем, алты жасар ұлым Саян ілулі тұрған қамшының таспаларын тарқатып, кесіп-кесіп конькиін шандып байлап жатыр екен» [5,17],- дей келе, кейін бұл баласының атақты хоккейші атанып, атақ-даңқа ие болуына осы қасиетті Сәбеңнің қамшысының әсері болған шығар деп жориды.

Кӛркем очерктегі кӛркем шындық жолдары әр алуан және мемуарлық очерктерде де жазушы таланты күшті болған жағдайда ғана кӛркемдік шындық та сондай ӛреден кӛріне алады. Демек, Сафуан Шаймерденовтің

«Ағалардың алақаны» атты кітабындағы естелік түрінде жазылған мемуарлық очерктері әр түрлі тақырыпқа арналған, онда ӛзі ӛмір сүрген дәуір, оның қаһармандары жанды, табиғи қалпымен кӛз алдымызда қалады.

Кітаптың екінші тарауы «Қитұрқысы жоқ бірқақпайлар» деп аталып, жеке адамдар мен автордың басынан кешкен қызықты оқиғалар арқау. Қазақ халқының атақты жазушы-ақындары мен әншілері туралы қысқа-қысқа қызғылықты әңгімелер осы ӛнер адамдарының кейбір ӛмір кӛріністерін қадау-қадау елестеткен, ӛздеріне ғана тән ерекшеліктерді дӛп басып, нанымды әңгімелейді.

Мұзафар Әлімбаевтың «Кӛңіл күнделігінен» эссе түрінде жазған мемуарлық очерктері қызықты әрі мағыналы. Ӛзінің балалық шағынан бастап баян еткен ақын ӛмірінің, тіршілігінің бағдарын кӛре отырып, әр тұстан әртүрлі кейіпкерлерді кездестіреміз, түрлі ерекшелік, мінез-құлық жиылып келгенде сол кезеңдегі қазақ ақындарының қалыптасу, есею жолдарын танығандай боламыз. Автор туған жері Маралдыны суреттегенде оның талай ақынның, аққу кӛмей әншінің ӛлең-жырына арқау болғанын тілге

(9)

тиек ете келіп, былай суреттейді: «Маралды! Қозыкӛш жеріндегі қырларында жидегі сыңсыған, қол созым жердегі шілігінде қарақаты мӛлдіреген Маралды! Құс баласынан кӛлдерінің беті кӛрінбейтін Маралды. Жонында жайылған дуадағы тоқтыдай Маралды. Жылыбұлақ кӛлінен ұстағанда қара балығы бір үйді қалжасына қарқ қылатын, шортанын жиырмадағы жігіт әзер кӛтеретін Маралды. Қынасының қызыл реңі қыз жүзіндей алаулаған Маралды. Кӛк майсасынан құлын жоны кӛрінбейтін Маралды. Құяңнан қажыған кәрі шалды кӛктемге жетсе, құлан таза құтқаратын шипа сулы Маралды. Топырағы тоң майдай томырылған, құнарлы қырларында астығы асқар таудай үйілетін Маралды...» [6,6]. Туған жердің қысын да, жазын да, күнін де, түнін де шын сүйе білген ақын жүрегінен осыншама кӛрікті сӛздер туған. М.Әлімбаев туған жерге, елге деген махаббатын осы очеркінде теңдесі жоқ сұлулығын, адамдарының асылдығын небір ӛрнектер арқылы тӛккен.

Жасынан туған жердің қасиетін кӛріп ӛскен автор Ертіс ӛңірінен шыққан Құдайберген, Майра, Бұқар, Кӛтеш, Иса, Естай ӛлең-дастандарын әр дәрежеде естіп, қабылдап ӛскендігі, ӛсіп-ӛрлегендігінің кӛркемдік куәсі де осы адамдар екенін айғақты мысалдармен дәйектейді. М.Әлімбаевтың бұл кітабының «Кӛңіл күнделігінен» атты тарауы бас-аяғы жинақы, кӛздеген мақсаты туған ел мен туған жер, ӛскен орта туралы айтуды мақсат еткен нысанасына дӛп тиген, мұндағы очеркшінің тұжырымдары да нақты, шыншылдық дәстүрде жазылған мемуарлық белгілерге толы шығарма. Бұл кітабы арқылы Мұзафар Әлімбаев ӛмірге деген ӛзінің кӛзқарасын, ӛзіндік ой тебіренісін, ӛз топшылаулары арнасынан кӛрсеткен деуге болады.

Очеркшінің жеке басының ӛмірлік тәжірбиесі, сүйініш, күйініші, ӛмірлік шындықтың ӛзгелер байқай қоймайтын сырлары, құпияларын ашады және соның бәрін ӛзінің тӛл пікіріне айналдырған.

Қорытып айтқанда, мемуарлық кӛркем очерктерден мынадай ерекшеліктерді байқауға болады. Біріншіден, автордың ӛзі куә болған, басынан кешкен оқиғаларды арқау етеді, екіншіден, онда тарихи оқиғалар, белгілі қоғам, ӛнер қайраткерлерінің ӛмірлері туралы да естеліктер немесе күнделіктер түрінде де болуы мүмкін, үшіншіден, сол қайраткерлер не жеке адамның ӛмірі мен тағдыры сол қоғаммен тығыз байланыста суреттеледі, тӛртіншіден, құжаттық, деректік тұрғыда да басқа жанрлардан әлдеқайда нақтылығымен ерекшеленеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Әдебиеттану терминдерінің сӛздігі. Құрастырушылар: Ахметов З, Шаңбаев Т. – Алматы: Ана тілі, 1996.

2. Мұқанов С.Таңдамалы шығармалар. 13 том. – Алматы: Жазушы, 1978.

3. Мұстафин Ғ. 5 том. Ой әуендері. (Әңгімелер, очерктер). – Алматы:

Жазушы, 1984.

4. Қаратаев М. Кӛргенім мен кӛңілдегім. – Алматы: Жалын, 1982.

(10)

5. Шаймерденов С. Ағалардың алақаны. – Алматы: Жазушы, 1990.

6. Әлімбаев М. Кӛңіл күнделігінен. – Алматы: Жалын, 1980.

Referensi

Dokumen terkait