• Tidak ada hasil yang ditemukan

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

Абдигалиева А.Б., Исаева Ж.Қ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты http://www.enu.kz

Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі, яғни мүгедек, тіл кемістігі бар, көз жанарынан айырылған, аутизмге ұшыраған балаларға деген қоғамда өрескел көзқарас қалыптасқан.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту болып табылады, ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуін еңсеруі, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруі, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекке бейімделуі және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

С.Д.Забрамнаяның «Психолого-педагогическая диагностика умственного развития детей», Х.С.Замскийдің «Умственно отсталые дети», Е.Е.Чепурныхтың «Дети с особыми нуждами» » мәселесі бойынша зерттеулері құрады.

Кез келген бала бірінші кезекте қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959ж) Декларациясында былай делінген, «Барлық балалар нәсіліне, ақ- қаралығына, жынысына,тіліне,дініне,саяси және басқада түсінігіне, туған жеріне жағдайына қарамастан өзіне тиісті мүмкіншіліктердің бәріне құқылы.

Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Осы орайда педагог қызметкерлердің ең басты міндеті болып, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып,дені сау балалармен аралас- құралас жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігінде жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлік сезімін туғызуды қамтамасыз ету табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып табылады.

Мүмкіншілігі шектеулі баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалып тастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс.Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес,арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

Мүмкіншілігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бірі - ата-анасы баланы жан-жақты,материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Бірақ ,оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді.Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай от басындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Олардың көңіл күйі түсіп сенімсіздік пайда болады.Ал, психологиялық шеттету баланың зиятына кері әсерін тигізіп, білім деңгейін тежейді.

Екінші бір жағдай,ол- баланы шектен тыс қамқорлыққа алу.Ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, өздерін кінәлі сезініп,оны тым бос ұстап еркелетеді.

Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.

(2)

http://www.enu.kz Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Мүмкіншілігі шектеулі бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне отбасының әр бір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Ата- ана балаға қойылған аңғарымды алғаш естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады. Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы педагог мамандардың, соның ішінде дефектолог,психолог,әлеуметтік-педагогтардың көмектеріне зәру.

Өйткені мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді. Мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы қарым - қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек.

Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туатын еді.

Әдебиет

1. Декларация о правах инвалидов - 1975.

2. Международная защита прав и свобод человека: сборник документов - М.: 2005.

3. Специальная педагогика. // Под ред. Н.М.Назаровой. Учебное пособие.- М., 2000.

4. Ермаков В.П., Якунин Г.А. Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: справочно-методическое пособие для учителей. - М.: Просвещение, 1990 223 с.

5. Зайнышев И.Г. Технологии социальной работы. Учебно-методическое пособие.- М.:

СТИ, 1999. - 264 с. Ковалева А.И.

6. Социализация личности: норма и отклонение.- М., 1996.-224 с.

7. Попов Ю.И., Бгажнова И.М. Из опыта работы по социальной реабилитации подростков с интеллектуальными недостатками // Дефектология. 1995,- №1. С. 46 - 48.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының 7-бабында қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілсе, орыс тілі «ресми тіл» болып белгіленді, яғни ол мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті

Instagram медиа элементі ретінде танымал және дамып келеді — бұл әлеуметтік желі мультимедиялық ақпарат алмасу байланыс құралы болып отыр, өйткені ол бейнелеу өнерінің дизайн, әртүрлі

Азаптау а, зорлы -зомбылы жасау а, бас адай атыгезд к немесе адамды ад р- асиет н орлайтындай ж б р к рсетуге не жазалау а тыйым салу жалпы халы аралы норма болып табылады, ол адам ы

Бұлай тану барысында, біздің алған әсерлеріміз өте маңызды, ал ол қарым- қатынас процесінің реттеушісі болып табылады, атап айтқанда басқа адамды тану, осы ретте қарым-қатынасқа

Олар Европа мен Азия континеттері географиялық жағынан ғана емес, тарихи, мәдени, саяси тұрғыдан да тұтасып жатқан бірегей ӛркениет болып табылады, сондықтан да, ол екеуін бӛліп-жармай,

Банктің қаржылық жағдайын талдау нәтижелері Банк ісі саласында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады және банк қызметінің барлық негізгі жақтарын көрсетуге тиіс: