• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОРГАНДАРЫ МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУДІ ӘЛЕУМЕТТІК –ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ БАСҚАРУ БОЙЫНША ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ САТЫЛЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОРГАНДАРЫ МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУДІ ӘЛЕУМЕТТІК –ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ БАСҚАРУ БОЙЫНША ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ САТЫЛЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗЫ"

Copied!
13
0
0

Teks penuh

(1)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Министерство образования и науки Республики Казахстан Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Международная научно-практическая конференция

«СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной 7-ым Зимним

Азиатским играм

International science-practical conference

«MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT»

devoted to 7

th

winter Asian games

(2)

Астана қаласы – 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Министерство образования и науки Республики Казахстан Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева

«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

МАТЕРИАЛДАРЫ 4-5 ақпан, 2011 жыл

«Современные проблемы физической культуры и спорта»

МАТЕРИАЛЫ

Международной научно-практической конференции

посвященной 7- ым Зимним Азиатским играм

4-5 февраля 2011 года

(3)

Астана

УДК______

ББК______

Қ________

Бас редакторы/Главный редактор

Редакция алқасы/Редакционная коллегия Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск

«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл)/ Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет

«Современные проблемы физической культуры и спорта»:

Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года)/ под общей ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.

ISBN________________

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы Азия ойындарына арналған «Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне» арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми- зерттеу жұмыстарында қолдана алады.

В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм «Современные проблемы физической культуры и спорта». Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.

ISBN _________ УДК_____

Қ ____________ ББК__________

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011

(4)

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОРГАНДАРЫ МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУДІ ӘЛЕУМЕТТІК –

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ БАСҚАРУ БОЙЫНША ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ САТЫЛЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Е.Б. Омаров

П.ғ.к., доцент, профессор міндетін атқарушы,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы

Жоғары оқу орны органдары мен лауазымды тұлғаларының студенттерге тәрбие беруді әлеуметтік — жеке тұлғалық басқару бойынша іс-әрекеттерінің сатылы құрылымын қарастыра отырып, ең алдымен онда басқарудың өкілдік, алқалық және атқарушылық органдарын ажырату қажет А.С. Горшков [1].

Кіріспе. Студенттерге тәрбие беруді басқарудың өкілдік органына — жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі, атқарушы органына — басшылықтың жоғарыдан төмен қарай бағыншпен қалыптасқан құрылымы жатады.

Мақсаты: Өкілдік (заң шығарушылық) және атқарушылық органдардың үйлесуі жоғары оқу орнының тәрбиелік үрдістерді басқаруды жоғары деңгейде бақылау мен міндеттердің бөлінуін қалыптастыруды айғақтау.

Міндеті: Студенттерге тәрбие беруді басқарудың атқарушы органдарына толықтыру ретінде алқалы органдардың жиынтығы (жиналыстар, отырыстар, кеңесулер және тәрбиелік әсердің басқа да іс- әрекетері) жатадығын қарастыру.

Ереже бойынша, олар басқаратын шешімдердің ақпараттық-кеңесшілік қызметері мен кері байланысу рөлін атқарады.

Жоғары оқу орнының ұйымдастырушылық құрылымында студенттерге тәрбие берудің төмендігідей негізгі басқаратын деңгейлері бөлінеді:

- ректор;

- бірінші проректор;

- тәрбие ісі жөніндегі проректор;

- факультет декандары;

- кафедра меңгерушілері;

- профессорлық-оқытушылық құрам.

Жоғары оқу орнының кеңесі, оқу-тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру бойынша негізгі шешімдерді қабылдайды және де тәрбие беру жұмысының жүргізілуі бойынша, оны орындаушылардың есебін тыңдайды, сондай-ақ мазмұны мен бағыттылығын айқындайды.

Атқарушы органдардың өкілеттіктерін бағынушылық деңгейі мен қызмет ету салалары бойынша бөледі.

Ректор өзіне бағынышты басқаратын құрылымдардың қызметін үйлестіреді, тәрбиелік міндеттерді шешудің қағидаларын тұжырымдайды,

(5)

оларды жоғары тұрған және басқа да органдармен келіседі және жоғары оқу орнында тәрбие беру жұмысының жағдайын бақылайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жоғары оқу орнының тәрбие беру үрдісінің жалпы басшылығын өкілді орган - Ғылыми Кеңес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»

Заңына сәйкес, жоғары оқу орнының Кеңесі тәрбие беру үрдісін басқарудың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Кеңес өз кезегнде, студенттермен тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру бойынша негізге алынатын шешімдерді анықтайды және басқарудың әртүрлі деңгейлерінде олардың орындалуын қадағалайды. Тәрбиелік міндеттерді шешуде Кеңес қызметінің негізгі міндеттеріне келесілер жатады: студенттерге тәрбие беруді басқаруда басымды бағыттарды әзірлеу және студенттік жастарға тәрбиелік әсердің тиімді механизмдерін қалыптастыру. Жарғыға сәйкес, жоғарғы оқу орны Кеңесін ректор басқарады.

Кеңес отырыстары арасында шешім қабылдау үшін және Кеңес отырыстарында қаралуға арналған сұрақтарды дайындау мақсатында, сондай-ақ жоғары оқу орнында тәрбиелік жұмыс мәселелері бойынша Кеңес төралқасы құрылуы мүмкін. Оның құрамына: ректор, Кеңес комиссиясының проректорлары мен төрағалары, жоғары оқу орнының негізгі ғылыми хатшысы, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамнан Кеңестің неғұрлым беделді мүшелері (ереже бойынша, 5-7 адам) кіреді.

Жоғары оқу орнының Кеңесі өзінің отырыстарында төмендегі келтірілген іс-әрекеттерді қарайды және қабылдайды:

- жоғары оқу орнының жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлімдерінің, сондай-ақ тәрбие беру жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша даму бағдарламаларын;

- студенттерге кәсіптік тәрбие беру, олардың бойында әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану мен кәсіптік тиімділікке бағдарлану бойынша іс-шаралар жоспарын (тәрбие ісі жөніндегі проректордың ұсынуы бойынша);

- жоғары оқу орнының оқу жылына арналған дене шынықтыру- сауықтыру және спорттық іс-шаралар жоспарын (бірінші проректордың ұсынуы бойынша);

- студент жастар арасында қылмыстық, нашақорлық, шылым шегушілік, ішімдік және әлеуметтік емес іс-әрекеттердің алдын алу бойынша шаралар бағдарламасы;

- дене шынықтыру-спорттық және мәдени сауықтыру базаларын жетілдіру, оны қаржыландырудың көздері мен көлемдері бойынша жоспар;

- жоғары оқу орнында, факультеттерде тәрбиелік жұмыстың жағдайы мен оны жақсарту шаралары туралы есебі;

(6)

- тәрбиелік міндеттерді шешуде жоғары оқу орнының ағымды және перспективті қызметінің ең маңызды жағдайларын жүзеге асыру бағдарламалары.

Кеңестің тәрбие беру жұмысы бойынша шешімдері жоғары оқу орны басшылығының атқарушы органдарының бұйрықтары мен жарлықтары арқылы жүзеге асырылады.

Кеңестің қабылдаған шешімдерін құрылымдық бөлімшелердің басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам, қызметкерлер мен студенттер орындауға міндетті.

Кеңестің жұмыс жоспары әр оқу жылында қабылданады. Кеңес отырысының жоспарына сәйкес әрбір мәселе бойынша баяндама жасауға және де Кеңес шешімдеріне сұрақтар мен жобаларды дайындау үшін комиссия құрылады. Кеңес отырыстарын ректор, ол болмаған кезде Кеңес төрағасының орынбасары жүргізеді.

Ректор студенттерге білім мен тәрбие беру мәселері бойынша Кеңес шешімдерінің орындауына жауап береді және тәрбие беру мәселелері бойынша жоғары оқу орны қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерінің ҚР заңнамасына сәйкестігін анықтайды.

Жоғары оқу орнын басқарудың әлеуметтік-бағдарланған жүйесін қалыптастыру шарттарында, ректор тәрбие беру үрдісін басқару басқарудағы өзінің өкілеттіктерінің жартысын тәрбие ісі жөніндегі проректор мен факультет декандарына бөліп жүктейді. Бұл ретте ректор жоғары оқу орнының тәрбие жұмыстарының нәтижелеріне тікелей дербес жауап береді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдарда, мекемелер мен ұйымдарда өкілдік етеді. Сонымен қоса, жоғары оқу орнының жарғысымен айқындалған өзінің өкілеттіктерінің ауқымына сәйкес, тәрбие мен білім беру үрдістерінің барлық қызметкерлері мен субъектілері орындауға міндетті бұйрықтар, жарлықтар мен қаулылар шығарады.

Ректор жоғары оқу орнының беделінің өсуіне, студенттерге білім мен тәрбие беру мәселерінде дамуы мен ұдайы жетілуіне, отандық және халықаралық білім беру жүйелерінде оның байланыстарының нығаюына жан-жақты басшылық жасауға міндетті. ҚР Үкіметінде, мемлекеттік және жергілікті ұйымдарда жоғары оқу орнының мүдделерін қорғайды.

Ректор студенттерге білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша жоғары оқу орнының стратегиялық шешімдерінің әзірленуіне, оқу орнындағы ережелердің ҚР заңнамасына сәйкестігіне, еңбек және оқу тәртіптерінің нығаюына, құқықтық тәртіп жағдайына, оқу орның құрылымдық бөлімшелеріндегі әлеуметтік-психологиялық ортаның тұрақты қалыптасуына, кафедралардың профессор-оқытушылық құрамдарының сапасы мен студенттердің тіршілікті қамтамасыз етілу деңгейіне жауапты болады.

(7)

Ректор жоғары оқу орнында ҚР Конституциясының, заңнама талаптарының орындалуына және қызметкерлер мен білім алушылардың азаматтық құқықтарының сақталуына тікелей және дербес жауапкершілікте болады. Ректордың қызмет бабындағы нұсқаулығы жоғары оқу орны Кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Әдістемелік кеңес — жоғары оқу орны Кеңесі жанында тұрақты қызмет ететін орган болып табылады. Әдістемелік қызметтің міндеттері:

- жоғары оқу орнында оқу, әдістемелік және тәрбиелік жұмысты жүргізудің қағидалары мен ережелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- оқытушылардың, кафедралардың және басқа жоғары оқу орнының әдістемелік және тәрбиелік жұмыстарының тәжірибесін ұштастыру;

- шығарылатын және қолданыстағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды талдау;

- жеке пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен мамандықтардың оқу жоспарларын қарау, олардың мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігіне бақылау жасау;

- жек пәндер, кафедралар мен факультеттер бойынша оқу-тәрбие беру қызметінің әдістемелік қамтамасыз етілу деңгейін бақылау мен осы бағытта жұмысты жақсарту бойынша Кеңес шешімдеріне сәйкес келетін ұсыныстар әзірлеу;

- студенттерге білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша ғылыми- әдістемелік конференцияларды ұйымдастыру мен өткізу.

Ректордың ұсынуы бойынша жоғары оқу орнының Кеңесімен таңдалатын төраға әдістемелік кеңеске басшылық жасайды. Кеңес құрамында қызметтің жекелеген бағыттары мен тәрбие беру жұмысы бойынша Кеңестің қызметтерін жүзеге асыратын секциялар құрылады.

Секциялардың құрамы жоғары оқу орнының алдында тұрған оқу- әдістемелік қызмет саласындағы міндеттерді ескере отырып, кезекті оқу жылында өзгертіле алады. Әдістемелік қызметтің тұрақты қызмет ететін секцияларына факультеттердің әдістемелік комиссиялары жатады. Кеңес мүшелернің құқықтары: кеңес отырыстарында мәселелерді талқылауға қатысу, кеңес шешімдерінің орындалуына жәрдем беру, жоғары оқу орнында оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмысты жетілдіру бойынша төрағаға ұсыныстар енгізу, кеңес отырыстары мен шешімдеріне мәселелерді дайындау бойынша кеңес төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау.

Әдістемелік кеңестің шешімдері жоғары оқу орны Кеңесі үшін шешімдер жоба түрінде шығарылады, бұйрықтар мен жарлықтардың жобасы ретінде проректормен ұсынылады, жоғары оқу орнының бөлімшелері үшін ұсыныстар түрінде әзірленеді.

Бірінші проректор — жоғары оқу орны жағдайына, дамуына және міндеттемелеріне, түлектерді дайындау мен тәрбие беру сапасына, оқу

(8)

орнында мемлекеттік заң талаптарының сақталуына тікелей жауап береді және заңдық, қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие.

Бірінші проректор жоғары оқу орнының Қазақстандық оқу және ғылыми орталық ретінде беделі мен мәртебесінің өсуіне, оның қызметінің стратегиясы мен қағидаларын жүзеге асырылуына, оқу орнының жалпы және әрбір бөлімдерінің кешенді дамуына жәрдем беруге міндетті.

Бірінші проректор өзінің қызметінде келесілерге істерге бағдарланады: жоғары оқу орнының стратегиялық ресурстарын сақтау мен дамытуға, білім, тәрбие беру және ғылыми қызметтер жүйесінің дамуына;

оқу орнының жалпы және жекелеген бөлімшелерінің қызметтік және даму бағдарламаларының орындалуына; бөлім басшыларының кәсіптік және тәрбие беру қызметтерінде қателіктерді және басқа ұйымдармен қарым- қатынаста оқу орны ресурстарының қиянатын болдырмауға; жалпы мақсаттарды, қабылданатын шешімдердің ағымдық және келешек кезеңдер үшін сандық экономикалық бағалауды ескере отырып, оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінің өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға міндетті.

Бірінші проректор шешімдерін өкім, бұйрық, жарлық түрлерінде жүзеге асырады. Қызметінде ұжым басшылығымен дара басшылықты байланыстыра отырып, проректорларға сүйенеді. Бірінші проректор университет құрамына кіретін ұйым басшыларының, проректорлардың, басқарма басшыларының қызметтерін үйлестіруге тікелей жауап береді.

Басқарма мен бөлім басшылары арқылы жоғары оқу орнының инфрақұрылымын басқарады.

Бірінші проректор сәйкес келетін ресурстық қамтамасыз етілу мен жауапкершілік жағдайында, өзінің құқықтарының жартысын проректорларға, декандарға немесе кафедра меңгерушілеріне беруге құқылы. Ректор болмаған жағдайда Кеңес шешіміне дейін оның міндеттерін бірінші проректор атқарады. Бірінші проректордың қызмет бабындағы нұсқаулығы ректордың шешімімен бекітіледі.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор жоғары оқу орнын басқару құрылымының штаттық қызметкері болып табылады. Ректордың алдында белсенді шығармашылық және тәрбие берушілік қызметке міндетті болып саналады. Сонымен қатар, Проректор лауазымдағы қызметінде ректорға және бірінші проректорға жұмыс бабымен бағынады. Тәрбие ісі жөніндегі проректордың міндеттері: жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми орталық ретінде беделі мен мәртебесінің өсуіне ықпал ету, жоғары оқу орнының тәрбие беру жұмысы жүйесінің дамуының саясаты мен стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруға жәрдем беру, студенттерге тәрбие беру мәселелерін шешуде жоғары оқу орны Кеңесінің қаулылары мен бірінші проректордың тапсырмаларын іске асыру, жоғары оқу орнының сыртқы байланыстарының кеңеюіне ықпал ету, декандардың, басқарма басшыларының университеттегі ұйымдармен жүйелі жұмыс

(9)

қалыптастыруларын, тәрбиелік қызметтерін үйлестіре келіп, олардың күш- жігерлерін тәрбие берудің өзекті мәселелерін шешуге бағыттау.

Тәрбие ісі жөніндегі Проректор тәрбие беру мәселелері бойынша басқа ұйымдармен жоғары оқу орнының мүдделерін білдіруге, өзіне жүктелген жауапкершілігі ауқымында немесе ректор мен бірінші проректордың тапсырмасы бойынша келісім-шарттарға қол қоюға құқылы.

Проректор тәрбие беру субъектісі ретінде кәсіпорындармен, қала әкімшілігімен, Министрліктің ғылым және жоғары мектеп комитетімен, жоғары аттестациялық комиссиямен, Ғылым академиясымен, Үкімет комитеттері және бөлімшелерімен қарым-қатынастарда жоғарғы оқу орнының мүддесін білдіреді.

Декан жоғары оқу орны факультетінің басшысы және факультет қызметінің нәтижелері бойынша ректор мен ғылыми кеңес алдында толық жауапты болады. Декан өзінің тәрбие беру қызметінде қолданыстағы заңнаманы, заңға тәуелді актілерді, жоғары оқу орнының жарғысын, сондай-ақ жоғары оқу орны басшылығы жүктеген бұйрықтар мен міндеттемелерді басшылыққа алады.

Декандық міндетке жеке конкурс бойынша ауыстырылады немесе бұйрық пен уақытша тағайындалады, ал сонымен бірге оқытушылық қызметті де қосымша атқара алатын болып табылады.

Деканның міндеті оқу, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және тәрбиелік жұмысты, университетке дейінгі кәсіптік бейімделу дайындығын, факультет бейіні бойынша ғылыми зерттеулерді, ғылыми- педагогтік кадрлардың біліктілігін көтеру мен дайындауды ұйымдастыру мен жетілдіру, сондай-ақ өз құзырына кіретін шаруашылық, қаржылық және басқа да жұмыстарға басшылық жасау, жоғары оқу орны әкімшілігінің бұйрығы мен нұсқауларының орындалуына бақылау жасау бойынша — факультеттің әкімшілік-басқарушы органы — деканаттар мен құрылымдық бөлімшелерге (кафедрадарға, зертханаларға, кабинеттерге оқу орталықтарына және т.б) тікелей басшылық жасау болып табылады.

Студенттерге тәрбие беруді басқару жүйесінде факультет деканының атқаратын қызметтері:

-жоғары оқу орны әкімшілігі тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады және олардың орындалу барысына басшылық жасайды;

-тәрбие беру жұмысы жоспарларын әзірлеу мен жүзеге асыруды ұйымдастырады және олардың орындалу барысына басшылық жасайды;

-факультетте тәрбие беру жұмысын ұйымдастыруды басқарады;

-бірінші курсқа қабылдауды басқарады, академиялық топтарды қалыптастырады, жас студенттерге тәрбие беруді жүзеге асырады;

-студенттердің оқу үлгерімдерінің есебі мен оқу тәртібінің жағдайын ұйымдастырады, студенттерді келесі курсқа ауыстыруды ұсынады, мемлекетік емтихандарды тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғауға рұқсат береді;

(10)

-ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды, оларды жүзеге асыру сапасын, олардың нәтижелерін оқу-тәрбиелік үрдісті жетілдіру үшін қолдануын бақылайды, тәрбие беру ісінің бюджет қаражаттарын бөледі;

-факультет студенттері арасында өзін-өзі тәрбиелеу мен қоғамдық ұйымдармен байланысты қамтамасыз етеді;

- студенттер арасында шылым шегу, нашақорлық, ішімдік пен қылмыс жасаушылықтың алдын-алуға тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырады;

-студенттердің салауатты өмір салты мен кәсіптік өмірлілікке бағдарлануларының қалыптасуын басқарады;

- тәрбиелік бағыттылықтағы спорттық іс-шараларды жүргізуге қатысады;

- оқулықтар мен әдістік құралдарды баспаға шығаруды жоспарлаумен, кафедралардың әдістік қамтамасыз етілуін бақылайды;

- факультет бойынша нұсқаулар мен тапсырмалар шығарады.

Декан жоғары оқу орнының тәрбиелік қызметінің мынадай түрлеріне жауапты: жоғары оқу орны әкімшілігінің бұйрықтары мен тапсырмаларын факультет бөлімшелерінің уақытылы және сапалы орындауына; тәрбие беру, түлектерді дайындау сапасы, тәрбиелік үрдістің әдістемелік қамтамасыз етілуі, факультет бөлімшелерінің басшыларын таңдау, студенттерге кәсіптік тәрбие беру үшін факультетке бөлінетін қаржылық құралдарды тиімді қолдану, факультеттің материалдық базасының жағдай мен дамуы, инвентаризациялық есептің уақыттылығы, факультет қызметкерлерінің, оқытушылардың, студенттердің, магистранттардың және стажерлердің ішкі тәртіп ережесін, атқарушы және еңбек тәртіптерін сақтау, факультеттің оқу және қызметтік орындарда қолайлы еңбек шарттарын құру, студенттерге тәрбие беру мәселелерінде деканат қызметін ұйымдастыру, факультетте тәрбиелік және спорттық жұмыстың жағдайы мен сапасы, факультеттік жоспарлық, есептік және аттестациялық құжаттардың уақытылы дайындалу мәселелері бойынша басқаруындағы факультетте тәрбие беру үрдісін, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру.

Декан тәрбие беру мәселелері бойынша факультеттің қызметін жоғары оқу орнының басқа бөлімшелерімен үйлестіреді, басқа жоғары оқу орнының салалас факультеттерімен шығармашылық байланыстарды қолдайды, салалас кәсіпорындармен және ұйымдармен әріптестікті дамытады.

Кафедра меңгерушісі факультет деканына тікелей бағынады.

Кафедра меңгерушісі өзінің қызметінде қолданыстағы заңнаманы, заңға тәуелді актілерді, жоғары оқу орнының жарлығын, сондай-ақ жоғары оқу орны басшылары мен факультет декандарының оған жүктеген бұйрықтар мен міндеттерді басшылыққа алады.

(11)

Кафедра меңгерушісі, кафедраның қызметінде студенттерге тәрбие, білім берудің нәтижелері бойынша ректордың, ғылыми кеңестің, факультет кеңесінің алдында толық жауапкершілікте болады.

Кафедра меңгерушісінің міндеті білім беру, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және тәрбие беру жұмысын, университетке дейінгі кәсіптік бейімделу дайындығы, кафедра бейіні бойынша ғылыми зерттеулерді, ғылыми-педагогтік кадрлар біліктілігін ұйымдастыру мен жетілдіру, сондай-ақ өз құзырына жататын шаруашылық, коммерциялық және басқа да жұмыстарға басшылық жасау бойынша кафедра ұжымына тікелей басшылық жасау.

Тәрбие беру мәселелерінде кафедра меңгерушісі мынадай қызметтерді атқарады: кафедрада оқу-тәрбиелеу жұмыстарының жоспарларын әзірлеу мен жүзеге асыруды ұйымдастарады, олардың жүзеге асырылу сапасын бақылайды, кафедра оқытушылары арасында студенттерді тәрбиелеу бойынша міндеттерді үйлестіруді басқарады, оқу- тәрбие үрдісіне, техникалық құралдар мен тәрбиелік білім беру технологияларын қолданылуына бақылау жасайды, магистрлар контингентін анықтайды, кафедра магистранттарын, докторанттарын, стажерлер мен ізденушілерді дайындау сапасын бақылайды, түлектердің әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен жұмысқа орналасуына жәрдем беру бойынша жұмыстар жүргізеді, түлектермен байланыс жасап тұруды ұйымдастырады.

Тәрбие беру мәселелері бойынша кафедра меңгерушісі мынадай іс- әрекеттерді ұйымдастыруға жауапты болады: білім беру үрдісін, кафедрадағы ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік қызметті, түлектерді дайындау сапасын, білім беру үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етілуін, жаңадан қабылданатын оқушылар мен қызметкерлердің біліктілігін, студенттерді тәрбиелеуге бөлінетін қаржы құралдарын тиімді қолданылуын, кафедра мүлкінің сақталуын, материалдық базаның жағдайы мен дамуын, инвентаризациялық есептің уақыттылығын, кафедра қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртіптерін, ішкі тәртіп ережелерін сақтауын, оқытушылардың, студенттердің, магистранттардың, стажерлердің университет әкімшілігінің бұйрықтары мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауын, кафедра ұжымының қызметін ұйымдастыру, қафедрадағы іс-қағаз жүргізу жұмысының жағдайы мен сапасын, кафедраның жоспарлық, есептік және аттестациялық құжаттардың уақытылы дайындалуына.

Кафедра меңгерушісі факультеттің кеңесіне, кафедраның қызметі мен дамуының перспективті және жылдық жоспарын, білім мен тәрбие беру міндеттерін шешудегі кафедра ұжымының жағдайы мен жетістіктері бойынша есебін ұсынады. Тәрбиелік мәселелер бойынша кафедра қызметінің факультеттің басқа бөлімшелерімен, жоғары оқу орнының басқа факультеттерінің кафедраларымен үйлестірілуін қамтамасыз етеді.

(12)

Жоғары оқу орнының тәрбиелік үрдісін басқаруда басшылықтың келесі органдары маңызды орын алады.

Өндірістік кеңесулер жоғары оқу орны тәрбиелік қызметін басқарудың ұжымдық органы болып табылады. Кеңестерді жүргізу уақытында ұжымның тәрбиелік қызметін жедел басқарудың келісілген шешімдері әзірленеді.

Апталық кеңесулерді әдетте ректор жүргізеді (бірінші проректор, проректор). Кеңес қатысушыларына ректор, бірінші проректор, проректорлар, басқарма басшылары, жоғары оқу орнына кіретін, шақырылған ұйымдардың және бөлім басшылары жатады.

Өндірістік қызметтің міндеттері:

- аптаның негізгі іс-шараларының қорытындысын жүргізу;

- кезекті апталық кезеңге негізгі жоспарлы іс-шараларды хабарлау;

- бөлімшелердің біріккен білім мен тәрбие беру қызметтерін келісу;

- кезекті аптаның жұмыс кестесін нақтылау.

Өндірістік кеңестің шешімдері тек бірлескен талқылаудан өткеннен кейін ғана қабылданады.

Кафедра жиналысы (жұмыс жиналысы) студенттерді тәрбиелеуді басқаруда ақпараттық-кеңесші орган болып табылады.

Жиналысты ректор білім мен тәрбие беру саласында мемлекет қабылдаған заңдарды, Білім және ғылым министрлігінен, әкімшіліктен, ғылым және жоғары мектеп комитетінен және мемлекеттік биліктің басқа органдарынан келген нормативтік құжаттарды, жоғары оқу орнының алдағы кезеңге арналған жоспарланған маңызды іс-шараларды, тәрбиені басқару құрылымындағы өзгерістерді, жоғары оқу орны қабылдаған бұйрықтар мен нұсқауларды университет ішілік тәрбие беру қызметінің қабылданған жаңа ережелермен таныстыру үшін шақырады.

Кафедра меңгерушісі жиналыста жоғары оқу орнының даму мен тәрбиелік міндеттерін шешудің мүмкін нұсқаларын талқыға салады, сол кезде нақты көзғарастар айқындалады.

Курстың оқу топтары старосталарының жиналысы жоғары оқу орнында ақпаратты-кеңесші орган болып табылады. Жиналыс тәрбиелік үрдісті басқару жүйесі үшін кері байланысу рөлін атқарады. Жиналысты тәрбиелік қызметке жетекшілік ететін проректор жүргізеді. Жиналысқа ректор, проректорлар мен декандар шақырылуы мүмкін.

Жиналыс жоғары оқу өміріндегі маңызды іс-әрекеттерді білім мен тәрбие беру қызметінің ережелерін түсіндіру, атаулы стипендияларды тағайындауда үміткерлерді талқылау, оқу мен аттестация тәртіптерін ретейтін бұйрықтар мен нұсқауларды хабарлау, жоғары оқу орны қызметіне әсер ететін, факультеттерде білім мен тәрбие беру қызметтерінің жағдайы мен бағытын талқылау, жоғары оқу орны жатақханаларында тәртіп ережелерін көпшілікке түсіндіру үшін шақырылады.

(13)

Кафедра жиналыстары белгілен уақытында дәл жүргізіледі, ереже бойынша ол айына бір реттен кем емес блуы керек. Кафедра отырыстарында: білім мен тәрбие беру қызметтерінің жоспарлары әзірленеді; өткен уақыттың қорытындылары жүргізіледі; оқыту- әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысы тәжірибесімен алмасулар жүргізіледі; ғылыми баяндамалар мен хабарламалар тыңдалады; жоғары оқу орнының басшылығы мен факультетінің соңғы шешімдерімен ұжым ақпараттандырылады; студенттердің үлгерім деңгейі мен магистрлердің жұмыс жағдайы қаралады; оқу-тәрбиелік үрдіс сапасын арттыру мен кафедра байланыстарының кеңеюі бойынша ұсыныстар әзірленеді; кезекті кезеңге оқытушылардың білім мен тәрбие беру жүктемесі жарияланады.

Сонымен қорыта келгенде, жоғары оқу орнында тәрбиелік үрдісті басқаруға ұсынылған сатылы модель бір-бірімен жүйелі өзара байланыспен атқарылатын қызметтердің біршама дербес түрлерін, студенттердің кәсіби тәрбиеленуі мен олардың білім алуларының әр кезеңдерінде әлеуметтік-ұстаздық қамтамасыз етілуі бойынша міндеттерді шешуде, толық құрамды біртұтас басқару циклін қалыптастыратын, тәрбие ісін басқарудың функционалдық буындары айқындалды.

Әдебиеттер:

1. Горшков А.С. Концепция и технология управления региональ ной системой высшего образования: Автореф. дис. ... докт. пед. наук. — СПб., 2003.-50 с.

Referensi

Dokumen terkait