http://www.enu.kz
ОҚУШЫЛАРДА ДАРЫНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ахтанова С. К. 2 курс студенті Шарипова Қ. С.
«Астана» университеті
http://www.enu.kz
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, еліміздің шет елдерімен тенесуге мүмкіндік беруде. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама білім беру қызметі, білім беру басқарудың мемлекеттік – қоғамдық жүйесін қалыптастыруға, жеке тұлғаның еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейтуге, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуіне бағытталған.
Еліміздің қоғамдық геосаясаты, экономикалық және әлеуметтік күйі, жалпы дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кірігуі еліміздің білім жүйесін жаңғыртуды, яғни, білім беру мазмұның, мақсатын, құрылымы мен құрамын, технологияларын қайта қарауды қажет етеді.
Болашақ ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсын ел назарынан түспеген өзекті мәселелердің бірі де бірегейі десек, артық айтқанымыз емес. Бүгінгі XXI ғасырдағы толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму барысы ағымында өмір сүріп, жетіліп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын таныту» тәрізді күрделі мәселе енгізіліп отыр.[1] Дарынды тұлға мемлекетіміздің басты байлығы болып саналады, сондықтан да бүгінгі таңда мектептерде дарынды бүлдіршіндердің білімге ізденісін, шығармашылығын, зор қабілетке ие екенің анықтай отыра, оларды тек педагогтармен ғана емес сондай – ақ отбасымен жұмыс жасауға бағыт бағдар береді.
«Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл – ой дамуының қарқыны бойынша – басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарынан озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған. Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдың шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі.»[2] Меңінше, оқудың барлық сатысында дарынды және шығармашылыққа жақын балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселесі, сондай – ақ, балалардың өзінің шынайлы дарының және оқу немесе басқа да өнерін көрсету үшін жеке басының жауапкершілігін түсіну мәселесін мұғалім, психолог және ата – ананың бірлесе отырып шеше білуі ең маңызды болып келеді.
Ғалым Қ.Т. Әтемова «Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы» деген еңбегінде отбасы баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде білім, әдет, мінез – құлықпен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын нақты дәлелдеп, отбасының тәрбие берушілік қызметін үш аспектіге бөлген, олар:
http://www.enu.kz
1. Баланың жеке басын қалыптастыру, оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту;
2. Үйдегі әрбір адамның жеке басына отбасы ұжымының үнемі жүйелі түрде тәрбиелік ықпал етіп отыруы;
3. Отбасындағы балалардың үнемі ересектердің қамқорлығында белсенді түрде тәрбиелеп отыруына мәжбүр ететіндей әсер етуі», - дейді.[3]
Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруда әлеуметтік жағдайлар, оқушының биологиялық ерекшеліктері негіз болумен қатар, олардың бірлік нәтижелігі баланың ақыл-ойы әрекетінің мәндік мазмұнына байланысты, оқушының сана-сезімі мен практикалық іс-әрекетінің сапасымен сипатталынады. А.Н. Леонтьевтің пікірінше, «Біздің көз алдымызда өткендей, жеке тұлғаның ішкі және сыртқы іс-әрекеттері бір-бірімен байланысып кеткені сонша, мәселе дене еңбегінде бір заттарды жасағанда қолдың ептілігімен бірге ақыл-ойдың қатысын қажет етеді» – дейді 4, 584 б..
Осы тұжырым оқушылардың, таным және қоғамдық еңбек іс-әрекеттерін ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық негіздері мен олардың бір-бірімен ішкі байланыстарын айқындап береді.
Жеке тұлға іс-әрекеттер жүйесінде қоғамдық қарым-қатынастарға қатынасады. Олар оқушының мінез-құлықтарына ықпал жасап, саналы бағыт-бағдарын, ынта-ықыласын, мұқтаждықтарын қалыптастыруға обьективті жағдайлар туғызады. Осы мүмкіндіктерді дұрыс басқара білсек жеке тұлғаның іс-әрекет мақсаты, қоғамдық мәні, табиғи бейім-қабілеті, әлеуметтік бағыт-бағдары іс-жүзіне асырар міндеттері айқындалып, оқушының іс-әрекеттері үнемделіп, көптеген жетістіктерге жеткен болар еді.
Жеке даралық, дербестік жағынан алғанда да іс-әрекет жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігіне байланысты, оның ақыл ойы мен сана-сезімін, өмірлік бағыт-бағдарын іске қосып жүйелі дамытатын процесс деп атаймыз. Сол себептен де, оқушылардың іс-әрекеттер тиянақты құра білу - оларды жан-жақты қалыптастырудың негізі болмақ.
Сондықтан, бастауыш сынып оқушылардың ойын, танымдық істері, бір-бірімен қарым- қатынас, сырластық, жолдастық әрекеттері әлеуметтік- психологиялық сипаттарынан көрінеді.
Оқу іс-әрекеттерін де шындықты тікелей көрсететін және адам психологиясына әсер ететін факторлар жайлы психологиялық, педагогикалық ғалымдар жетістіктері негіздерін басшылыққа ала отырып, (С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Д.В. Эльконин, Л.И. Божович, П.Я. Гальперин, Ш.А.
Амонашвили, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, М.М. Мұқанов, Н.А. Менчинская, Ж.И. Намазбаева және т.б.) біз оқушылардың психикаларының дамуы бір кезеңнен келесі кезеңге көшу барысында өрбіп, өсіп отыратындығын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Жоғарыдағы ғылыми, психологиялық, философиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау оқушы жеке тұлғасының және оның ішкі мүмкіндіктерінің дамуы объективті және субъект – субъективті қатынастары арқылы қалыптасып отырады деген қорытынды жсауға алып келеді.
Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Б.Т. Лихачев, М.М. Мұқанов, Ж.И.
Намазбаева және т.б. пікірінше, оқушылар заттар мен нәрселер жасағанда немесе құбылыстарды танып білудегі оқу материалдарымен жұмыс жасағанда, оның қоғамдағы орны, мән-мазмұнымен ерекшеліктерін біліп қана қоймай, әлеуметтік тәжірибе жинақтай бастайды.
Сыртқы (оқу мазмұндары, практикалық істер) және ішкі (танымдық қызметтер) әрекеттерінің ара қатынасын түсінуде, Л.С. Выготский айтқандай, интериоризация ұғымының мәнін түсіну өте маңызды. Себебі, оқу процесінде сыртқы дүние заттары оқушының ішкі дүниесіне айналғандықтан, мұндай маңызды түрдегі ұғым, сезімдер сөз арқылы айналысындағы
http://www.enu.kz
адамдарға жеткізіледі 5, 58 б.. П. Я. Гальпериннің айтуынша, тіл, сөйлеу мәдениеті арқылы әлемдік өзінің құрылысын, мән-мазмұнын айқындауда, түсіндіру және оны санада бекітуде алатын орны, сөйтіп, баланың ақыл-ойын дамытуда, мінез-құлқын басқарып зерттеп отыруда, жоғарыдағы айтылған құралдардың маңызы ерекше 6, 84 б..В.В. Давыдовтың пікірі бойынша, А.Н. Леонтьевтың психология ғылымына енгізген,
«баланың әлеуметтік дамуы» ұғымын оқушының іс- әрекет бастауы болып саналатынын мойындайды 7. Сонымен, іс- әрекет психикалық дамуының динамикасын және қалыптасу кезеңдерін күрделендіріп, әлеуметтендіру қатар негізінде оқушының білімі сапалы болып, оның ақыл-ой және адамгершілік қасиеттерінің жетіле қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қасиеттерін қалыптастыруда психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті керек. Бала бір – біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке ие болатынын тек тәрбие шешеді.
Мектептік жастың басталуына қарай (4 – 5 жас шамасында) қалыпты дамудағы баланың қабылдауы салыстырмалы түрде жоғары деңгейге жетеді: объектінің қасиеттері мен қатынастарын бөлу тек практикалық түрде емес, сонымен бірге көру арқылы, перцептивті әрекет арқылы жүреді. Балалар түсті, пішінді, өлшемді, материалды және заттардың басқа да қасиеттерін ажырата отырып, сондай – ақ, олардың арасындағы кеңістіктік қатынасты да бөле отырып үлгі бойынша жұмыс істей алады.
Оқушылармен жылы сөйлесіп, сенімділіктерін, батылдықтарын арттыруға көңіл бөлу тиімді тәсіл. Сондай – ақ әр аптаның бесінші күні оқушылармен кездесіп, олардың жаңалықтарын тыңдап, жаңа тапсырмалар беру, дарынды оқушылармен кездесу кештерін, ата – аналармен бірге ұйымдастырылған сайыстар, сынып сағаттарын уақытымен өткізу өте маңызды.
Қорыта айтқанда, «ата-ананың және мұғалімдердің бірігуі жағдайында дарынды балаларды тәрбиелеудің» әдіснамалық, педагогикалық – психологиялық мазмұнын қарастыру және балаларды тәрбиелеудің арнайы жобасын, құрылымын теориялық жағынан негіздеу, мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы арқылы теориялықтан тәжірибе үлгіде зор мәнге ие деп ойлаймыз.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы, - Алматы: Юрист, 2002.
2. Авторлар ұжымы: Ұ.Ә.Асылов, Н.С.Ахтаева. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «педагогика және психология», - Алматы «Мектеп» 2002/72 – 73 беттер.
3. Әтемова Қ. Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы – 1999ж
4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. 4-е изд. – М., 1981. С. 584.
5. Выготский Л.С. Игры и ее роль в психическом развитии ребенка // Вопросы психологии. – 1966. - №6. – С. 45.
6. Гальперин П.Я. Развитие исследованя по формированию умственных действий // В Сб.: Психологическая наука в СССР. –1986. – С. 442.
7. Давыдов В.В. Виды об общения в обучении педагогика. – М., 1972.