• Tidak ada hasil yang ditemukan

Оқу-менің еңбегім

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Оқу-менің еңбегім"

Copied!
1
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Муханова Айжан Айжарыковна Пән: Өзін-өзі тану

Сынып: 3- сынып

Бөлім: Ғасырлар даналығы Тақырып: Оқу-менің еңбегім

Сабақ құрылымы Сабақтың мақсаты: оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқу еңбегінің маңыздылығын ұғындыру, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -қамқорлық туралы түсініктерін кеңейту; - мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту; -еңбексүйгіштікке

тәрбиелеу.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақ барысы (15.11.2019)

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті. Жайлы,баяу музыка қойылады. Топқа бөліну. Ресурстар Оқу құралдары бойынша 2. Үй тапсырмасын тексеру. 5-тапсырма. Өз кітапшаңды жаса. Ат қой.

Кітапшаңның мұқабасына сурет сал, ішкі беттерін безендір. Оған даналық сөздер жазып, достарыңа оқып бер. Өзін-өзі тану. 3-сыныпқа арналған оқулық. 28-бет. 5-тапсырма. 3. Дәйек сөз. Оқу-инемен құдық қазғандай.

Дәйексөзді хормен оқу, қайталау дәптерге көшіріп жазу. Дәйексөздің мағынасын түсініп оқып, жаттап алыңдар. 4. Әңгімелеу (Мұғалім сыйы) Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш (мәтін) Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: – Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр? – Көремiн, өрмек тоқып жүр. – Анау құмырсқаны көремiсiң? – Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады. – Жоғары қара, аспанда не көрiнедi? – Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар. Сонда атасы айтты: – Олай болса, шырағым, ол

кiшкентай жәндiктер саған үлгi. Өрмекшi маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзiне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бiр нанның уалшығын тапқан соң өзi жемей, аузына тiстеп, қуанғаннан үйiне жүгiрiп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя iстеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бiр жан жоқ. Сенi де құ- дайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс iстеуге әдеттену керек, – дедi. Ыбырай Алтынсарин. 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 2- тапсырма. 1-топ. -Өскенде кім болғың келеді? -Ол үшін не істеу керек деп ойлайсың? 3-тапсырма. 2-топ. -Білімді адам қандай болады? Тізбелеп жазыңдар. 3-топ. Сені таң қалдырған білімді адамдар кімдер? 4-топ. Абай атамыздың бес асыл ісін ата. Топтық жұмыс. 6. Топпен ән айту. «Үйретеді мектепте» әні Орыс тілінен аударған:Сатыбалдина Гүлзира 1. Әріптерді жазуды Санау менен қосуды. Үйретеді, оқытады мектебімде. Көбейту мен қосуды Алу менен бөлуді Үйретеді, оқытады мектебімде. 2. Үлкендерге ілтипат, Кішілерге қамқорлық. Үйретеді, оқытады мектебімде. Буыннан сөз құрауды Тәрбиелі болуды Үйретеді, оқытады мектебімде. 7. Үй

тапсырмасы. Оқулықтың 33-34 бетіндегі Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесін оқып, мазмұндап келу. Өзін-өзі тану 3-сыныпқа арналған оқулық. 33-34 бет. 8. Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып еркін

жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған ойларымызды көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзіңізді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Баяу әуен қойылады.  

Оқу-менің еңбегім (15.11.2019)

Өзін -өзі тану пәні бойынша  білім алушылармен өткізілген сабақ жоспары

Referensi

Dokumen terkait

Автор: Кумекбаева Венера Искаковна Пән: Жаратылыстану Сынып: 1-сынып Бөлім: Өсімдіктер Тақырып: Өсімдіктер-тірі ағзалар Сабақтың мақсат міндеттері 1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі

Автор: Елжан Аккумис Елжановна Пән: Қазақ тілі Т1 Сынып: 2-сынып Бөлім: Менің отбасым және достарым Тақырып: Дауыссыз дыбыстардың түрлері Сабақ негізделген оқу мақсаты 2.1.1.1 -

Автор: БИХАН БОЛАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ Пән: География Сынып: 10-сынып Бөлім: Дүниежүзі аймақтары Тақырып: Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары Сабақтың мақсаты: Оқушылар

Автор: Джуманова Хадиша Алиевна Пән: Алгебра Сынып: 7-сынып Бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже Тақырып: Дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы Осы

Автор: Баймендинова Айгерім Нұрланқызы Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 5-сынып Бөлім: Біздің өмірімізде алгоритмдер Тақырып: Алгоритм түрлері

Автор: Жарылкапова Камила Имашевна Пән: Дене шынықтыру Сынып: 5-сынып Бөлім: Өзгертілген командалық ойын Тақырып: Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету Сабақтың мақсаты Оқушыларға

Пән: Математика Сынып: 5-сынып Бөлім: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану Тақырып: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:

Автор: Балмұқанов Нұрболат Қобыланұлы Пән: Көркем еңбек Сынып: 9-сынып Бөлім: Дизайн және технология Тақырып: Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың имитация немесе өз идеялары нобайы,