ме?! Қҧдaй қaрыстырып қaрa кҥш берген де, кҿжесiне қaтық қылaр aқыл бермеген aқымaқ қой...‖), Сҿдидiң (―Iшiп-жеп iшегi iрiп кеткен сорлы ғой. Ешкiнiң aсығындaй болғaн бейшaрa, тындырдым деп отырғaн шығaр ҿзiнше. Сен мaғaн сырa тaсыдың, мен сенiң бояу сырыңды ҥйге тaсыдым...‖), Лaйық жеңгейдiң (―Жҧрттың еркегi емген тaйдaй тaпырaқтaп тҧрaды. Қҧдaй мынa бiреудi ине жҧтқaн иттей ититтi де қойды. …Еркегi келiспеген қaтынның кҥнi қҧрсын...‖) iшкi ойлaры aрқылы бiр-бiрiне кҿзқaрaсын монологтaрынaн кҿремiз. Ендi бiр жерде aвтор бaяндaу aрқылы дa (―Қaйрaн, денсaулық-aй‖ дедi Тaутaн iшiнен, сaу шaқтaғы сaйрaндaрын еске aлып. Лaйық тa ҿз қиялынa бiр бҽлелердi ойлaп тҧр. Пып еткiзiп ернiн тaртып қояды. Сҿдидiң кҿзi iшiне кiрiп, қaтты жылтырaп қaдaлып қaлыпты қоңырқaй қызғa. Екi езуi сулaнып сҧғы ҿтiп бaрaды...‖) кейiпкерлердiң нaқты жaғдaйғa қaтысты iшкi ҽлемiне бaрлaу жaсaйды.Ҽзiлмен ҿрiлiп ҽдемi жaзылғaн ҽсерлi ҽңгiмеде ирония сaтирa мен юмордың aрaсындa ҽдемi жымдaсып жaтaды десек, сюжет дaмуының бaрысындa ерекше тaнылaтын ирониялық колорит жaзушының субъективтiк-бaғaлaушылық позициясын тaнытaды. Кҿркем мҽтiннiң ҿн бойындa ҿзектендiрiлетiн жҽне осы шығaрмaдaғы бейнеленетiн қaйсыбiр идеяны, қҧбылысты бiлдiретiн мҧндaй иронияны Д.Мюкке ―лейтмотивтiк ирония‖ деп aтaйды [7,196].
Қорытынды. Ирония – кҿп қырлы қҧбылыс, оны зерттеуде кҿптеген зерттеушелердiң ҽр тҥрлi aмaлдaрғa жҥгiнуi мен тҥрлiше тҥсiнулерi осыны кҿрсетедi. Кҿркем ҽдебиеттегi сaтирa, юмор, ирония, сaркaзм секiлдi кҥлкi элементтерiнiң ерекшелiктерi, aрaқaтынaсы мен қолдaнысы секiлдi теориялық мҽселелер ҽлi кҥнге дейiн тaлқылaнып келедi. Кейбiр зерттеушiлер иронияны сaтирa мен юмордың aрaлығындaғы aрaлық жaнр десе, ирония мен сaркaзмның aрaқaтынaсын белгiлеуде де қиындықтaр кездеседi. Тек сaтирa мен юмордың ерекшелiктерi мен aрaқaтынaсы турaлы ой-тҧжырымдaрдa бiркелкiлiк болғaнмен, ҽмбебеп ҽрi бaрғaн сaйын қолдaныс aясы кеңiп, қaзiргi зaмaнның ерекше мҽдени феноменi ретiнде мойындaлып отырғaн иронияның гумaнитaрлық сaлaлaрдaғы бiрыңғaй теориялық aнықтaмaсы ҽлi aйқындaлa қойғaн жоқ. Ол ҥшiн тҥрлi мҽтiндердегi ирониялық мaғынaны тҥрлi aспектiден қaрaстырып, теориялық ой қорытудың мҽнi зор. Бҧл орaйдa бiрыңғaй сaтирaлық немесе юморлық шығaрмaлaрдaғы иронияның берiлуiн қaрaстырудың дa мaңызы бaр.
Ирониялық мҽтiндер кҿбiнесе кҥлкi тудырaды, aлaйдa юмор яки кҥлкi иронияның ең бaсты немесе мiндеттi белгiсi болa aлмaйды. Ирония aщы дa зҽрлi болуы дa мҥмкiн, ол жеккҿрiнiш пен aшу немесе керiсiнше, жaнaшырлық сезiм де тудырa aлaды.Ирония троптың бaрлық тҥрiне қолaйлы келедi, ирониялық метaфорa, метaнимия, гиперболa, литотa мен теңеу тудыруғa болaды, бiр сҿзбен aйтқaндa, ирония сҿйлеу aктiлерi мен тiлдiк жaнрлaрдың бaршaсынa ҿзaрa жымдaсып жaтaды. Иронияның негiзгi сaлaсы – тaбиғи тҧрмыстық сҿйлеу, кҿркем ҽдебиет пен публицистикa болсa, сaтирaлық шығaрмaлaрдa солaрдың бҽрiнiң стилi мен тiлдiк қҧрaлдaрын пaйдaлaну мҥмкiндiгi жоғaры.
Бҧл мaқaлaдa О.Ҽубҽкiровтiң прозaлық шығaрмaлaрындaғы иронияны нaқты мысaлдaрды тaлдaу aрқылы қaрaстырдық. Хaл-қaдырымызшa қaлaмгер қолтaңбaсындaғы иронияның тҥрлерi мен ерекшелiктерiн, прозaлық шығaрмaлaрдaғы қолдaнысын пaйымдaуғa тырыстық. Жинaқтaп aйтқaндa, О.Ҽубiкiров прозaсындaғы ирония aвтордың суреткерлiк шеберлiгiнiң бiр қыры, сaтириктiк тaлaнтының aжырaмaс бҿлiгi, ҿмiрге сыншылдық кҿзқaрaс ҽрi бaғaлaушылықпен бейнелеудiң тиiмдi қҧрaлы деп бiлемiз.
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тiзiмi:
1 Қaбылов Ә. Оспaнхaн Әубәкiровтiң сaтирaсы. Aлмaты. Aрыс, 2007 2 Гуковский A.Г. Реaлизм Гоголя // A.Г.Гуковский. М., Л., 1959 3 Әубәкiров О. Мұрын iшiндегi мұрт. Aлмaты. Жaлын, 1998.
4 Урмaнов A. В. Творчество Aлексaндрa Солженицинa. – М., 2003.
5 Бaхтин М. Aвтор и герой // Бaхтин М.М. СПб: Aзбукa, 2000.
6 Turner G. Styliztics. Harmondsworth. 1975 7 Muecke D. The Compass of Irony. L., 1969.
References:
1 Kabylov A. Ospanhan AubAkirovtin satirasy. Almaty. Arys, 2007.
2 Gukovski A.G. Realizm GogolA // A.G.Gukovski. M., L., 1959.
3 AubAkirov O. Muryn isindegi murt. Almaty. Jalyn, 1998
4 Urmanov A. V. Tvorchestvo Aleksandra Soljenisina. – M., 2003.
5 Bahtin M. Avtor i geroi // Bahtin M.M. SPb: Azbuka, 2000.
6 Turner G. Styliztics. Harmondsworth. 1975 7 Muecke D. The Compass of Irony. L., 1969.
МРНТИ 821.0.378 https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.42 Құлахметова Р.М.1
1 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
ТҤРКІ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӚЗҚАРАСТАРЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Аңдатпа
Мақалада қазіргі заманғы қарым-қатынастың мазмҧнын, сипатын жҽне тҥрлерін зерттеуде оның дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін білмеу кҿптеген қиыншылықтарға апаратындығы жайында сҿз болады.
Автордың негізгі мақсаты – тҥркі ҽлемі ойшылдары мен қазақ ғҧламалары шығармаларында айтылған ой- пікірлер бойынша қарым-қатынастың халық арасында жанама жҥргізу негіздерін анықтау болып табылады.
Мақалада ғалымды ҿткен мен болашақты біріктіретін, материалды жҽне рухани мҽдениетті жаңғыртатын жаңа білімдердің қайнар кҿзін дамытушы ретінде қарастыра отырып, ол дҥниеден ҿткеннен кейінгі кезеңге баға беру арқылы оның даралығын тҥсінуге болатындығы талданады. Оның кейінгі буын ғалымдарының еңбектеріне тигізетін ықпалын айқындау; ғалымның ғылыми еңбектері тҽжірибеде қай салада қолданылатынын анықтау жҽне ҽр кезеңдердегі оның ғылыми мҧрасына қатынасын айқындау сынды ҥш тҥрлі сипаты кҿрсетіледі.
Нҽтижесінде ғалым еңбегінің болашақтағы орны қандай екендігі бағаланатындығы айтылады. Бҧл тҧста қазақтың тҥркі тілдес философиялық кҿзқарастарын қалыптастырған, орта ғасырлардағы мҧсылман ҽлемі ғҧламаларының еңбектеріндегі идеяларға мҽн беру арқылы, олардың ҿз заманына тҽн қоғам қажеттілігіне қатысты қҧндылықтарын айқындау ҥшін ҽл-Фараби, Ж.Баласағҧн, Қ.А.Ясауи, М.Қашғари, А.Йҥгінеки, С.Бақырғани, М.Х.Дулати еңбектері талданады.
Тҥйін сӛздер: қарым-қатынас, мҽдениет, тҥркі ҽлемі ойшылдары, философиялық кҿзқарас, мҽдениеттілік Kulakhmetova R. 1
1―Higher Medical College‖ of the Akimat of the city of Nur-Sultan PVC GKK, Nur-Sultan, Kazakhstan
SOCIO-POLITICAL VIEWS OF TURKISH THINKERS AS A BASIS OF RELATIONS
Abstract
The article discusses the fact that when studying the content, nature and types of modern relations, ignorance of the main historical stages of their development leads to many difficulties. The main goal of the author is to determine the foundations of indirect communication between people according to the views expressed in the works of the thinkers of the Turkic world and Kazakh scientists. The article considers the scientist as a developer of new knowledge that unites the past and the future, revives the material and spiritual culture, and analyzes his individuality, assessing the period after his death. Determine its impact on the work of the next generation of scientists; A scientist has three different characteristics: the definition of the field in which his scientific work is applied in practice, and the relationship of his scientific heritage at different stages. As a result, the future creativity of the scientist will be assessed.
In this regard, the works of al-Farabi, J. Balasagun, K.A. Yassaui, M. Kashgari, A. Yu. Yugnaki, S. Bakyrgani, M. Kh.
Dulati are analyzed.
Key words: communication, culture, thinkers of the Turkic world, philosophical views, culture.
Кула хме това Р.М.1
1 «Высший медицинский колледж» акимата города Нур-Султан ПВХ ГКК, Нур-Султан, Казахстан
СОЦИАЛЬНО-ПОЛИТИЧЕСКИЕ ВЗГЛЯДЫ ТЮРКСКИХ МЫСЛИТЕЛЕЙ КАК ОСНОВА ОТНОШЕНИЙ
Аннотация
В статье обсуждается тот факт, что при изучении содержания, характера и типов современных отношений незнание основных исторических этапов их развития приводит к множеству трудностей. Основная цель автора - определить основы косвенного общения между людьми по взглядам, выраженным в трудах мыслителей тюркского мира и казахских ученых. В статье ученый рассматривается как разработчик новых знаний, объединяющих прошлое и будущее, возрождающих материальную и духовную культуру и анализируется его индивидуальность, оценивая период после его смерти. Определить его влияние на работу следующего поколения ученых; определение области, в которой его научная работа применяется на практике и взаимосвязь его научного наследия на разных этапах. В результате будет дана оценена будущая роль ученых. В связи с этим анализируются работы аль-Фараби, Дж. Баласагун, К.А.Яссауи, М. Кашгари, А. Ю. Югнаки, С. Бакыргани, М.
Х. Дулати.
Ключевые слова: общение, культура, мыслители тюркского мира, философские взгляды, культура
Кіріспе. Жалпы қоғамның даму сатыларына, ҽсіресе, біздің ҿткен тарихымыздағы қоғам мҥшелері ҥшін данышпандардың сҿздері жоғары дҽрежеде ҿз ҽсерін тигізді. Ҿлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ҧжымымен кҥшті болуы насихатталды. Ҿмір туралы, атамекен, туған елдің ҽлеуметтік жҽне қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тҧстары, қатерлері мен мҥмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бҥгінгі кҥнге дейін жеткендігі кҿңілімізді қуантады. Бҥгінгі кҥнде болашақты болжау мен жоспарлау ғылым мен техниканың дамуы мен жетістіктерімен тығыз байланысты, ғылымда уақыт пен сол кезең мҥшелері арасында байланыс бар. Енді ҽл-Фарабидің “Қайырымды қала тҧрғындары”,
“Мемлекеттік қайраткердің нақыл сҿздері”, Жҥсіп Баласағҧнның “Қҧтты білік”, Қожа Ахмет Яссауидің
“Даналық кітабы”, Махмуд Қашқаридың “Тҥркі тілдерінің сҿздігі”, Ахмед Йҥгінекидің “Ақиқат сыйы”, Сҥлеймен Бақырғанидың “Ақырзаман”, “Бибі Мҽриям”, Мҧхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и-Рашиди” атты еңбектеріне тоқталсақ.
Ҽл-Фараби “Қайырымды қала» атты еңбегінде “адамдар шынайы бақытқа тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді” деп тҧжырымдай келіп, қайырымды қаланың келбетін аша тҥсу мақсатында адамдар қоғамдастығы шоғырланған қалаларды жіктеп бҿледі. Қайырымды қалада алдарына іс-ҽрекеттің ҿзара жҽрдем кҿрсете білу мақсатын қойған қоғамдастығы бар қала халқы ғана бақытқа жете алады. Ҽл-Фараби шынайы бақыт жолында ынтымақтастық жолы ерекше дейді [1, 3].
Әдістеме. Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде тҧрақтылықты атай аламыз. Тҧрақтылықты қамтамасыз ету қоғамдық жҽне гуманитарлық ғылымдар институттарының маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды орындауда қоғамдық ҿмірде тҥрлі механизмдер қолданылады. Тҧрақтылық тҥсінігін саяси жҥйеде қолдану барысында ол ішкі жҽне сыртқы ҿзгерістер шарттарында ҿз қҧрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ҧғымды білдіреді. Теорияға сҽйкес, тҧрақты саяси қҧрылым қоғамның кҿп бҿлігі сол жҥйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік тҥрде жҥргізілуін айшықтайды.
Ғалымның “Мемлекеттік қайраткердің нақыл сҿздері” атты трактатында қалаларды қалай басқару керектігі туралы, олардың кҿркеюіне, ондағы тҧрғындар тҧрмысының жақсаруына кҿмектесу, оларды бақыт жолына бағыттап отыруға қатысты ерте заман ойшылдары айтқан кҿптеген негізгі қағидалары қамтитын нақыл сҿздер берілген.
“Қайырымды қаланың тҧрғындарының кҿзқарастары жайындағы” трактатында ҽл-Фараби Бірінші Тҧлғаға тҿмендегідей сипаттама береді: “...барлық жеке біткеннің ҿмір сҥруінің бастапқы себебі. [Жалғыз] сол ғана кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бҽрінде – Одан басқасында – ең болмағанда бір кемшілік немесе бірнеше [кемшілік] бар. Ал Біріншіні алатын болсақ, ол мҧндай кемшіліктің бҽрінен ада, ҿйткені оның тіршілігі кҽміл жҽне болмысында басқасының бҽрінен озық” [2, 220].
Осыдан кҿшбасшылық феноменіне қызығушылық туындайды. Ҽлеуметтік ҥдерістегі басшы, кҿшбасшының орны мен рҿлі, тарихтағы объективті жҽне субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық ҿмір диалектикасын айқындау ҽл-Фарабидің зерттеу еңбектерін оқығаннан кейін орын алады. Қазіргі ҽлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мҽселесі ретінде кҿшбасшылықты тҥсіну болып табылады. Қоғам ҿзіндік қажеттіліктері мен мҥдделері, идеалдары, білімдері, тҽжірибесі, қҧндылықтары, эмоциялары мен мҽдениеті бар субъектілер мен объектілерден қҧралады. Кҿшбасшылықтың мҽселесі нақты шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана туындайды. Оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғамдағы плюрализм, кҿппартиялық, партия ішілік жҽне партияның сыртқы қызметін таниды.
Нәтижелер. Ж.Баласағҧнның моральдық-этикалық мҽселелерді кҿтеретін “Қҧтты білік” дастаны мемлекетті басқару ҽдістерін, қарым-қатынастардағы адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мҽні бар тҥрлі ережелер мен заңдарды, ҽдет-ғҧрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дҽрежеде жазылған кҿркем туынды болып табылады. Дастанның басты идеялары тҿрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дҧрыс басқару ҥшін ҽділ заңның болуы; 2) бақ-дҽулеттің басқа қонуы; 3) ақыл-парасаттың қоғамдық рҿлі;
4) қанағатшылдық мҽселесі. Осы принциптерді ҧстанған еңбектің негізі ҽділдік (Кҥнтолды), бақыт (Айтолды), ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің сҧхбаты іспеттес жҥргізіледі. Адамгершілік, имандылықты насихаттайтын саяси-философиялық трактат идеясы ҽл-Фарабидің “Қайырымды қаланың тҧрғындарының кҿзқарастар жайындағы” ойлармен ҧқсас. Бҧл еңбек ҿз уақытында қытай, ҥнді, араб, парсы ғҧламалары тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Ж.Баласағҧн ҿз шығармасында заманның бҧзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды.
Ол адамдардан кісіліктің жоқтығы, ағайын-достық арасындағы қарым-қатынаста жаттан айырмашылығының болмауы, халық арасында иман, сенім мен жақсы қасиеттің қалмағанын ҿкіне баяндайды. Сонымен бірге, жігіттікке ашынып, ҿкініп, қарттық туралы да айта келе, ол ҿзіне ақыл-кеңес беру арқылы, қоғам мҥшелеріне ықпал еткісі келеді. Ақынның дастан жолдарында айтылған мына сҿздері:
Сҿзді тура, ащы, қатты сҿйледім, Тҥзу сҿзді ҧғар тҥзу ел дедім.
Оқушыға аса ауыр келмесін,
Ашық айтып, кҿрінгенді термедім! [3, 48] - оның шын мҽнінде ел жағдайына немқҧрайлы қарамағандығын кҿрсетеді.
Жалпы ақын адамның кемелдену жолдарын айқындайды. Оның барлық кҿріністері ҿлең жолдарында айтылады жҽне оның сапалық белгілері мынада деп ойлаймыз: 1. Адам баласының қадір-қасиеті – білім мен ақылда. Ол адам кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу – мҧсылманның бір парызы; 2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей; 3. Ізгілік – адамзат ҥшін ең қажетті қасиет; 4. Даңқ пен дҽулетке мастанба, ол бір орнында тҧрмайды; 5. Ҽділеттің жолын қу, шыншыл бол; 6. Сараңдық пен ашкҿздіктен аулақ бол; 7. Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай кҥркірер, ал арыстандардың басшысы ит болса, иттің тірлігін қылар; 8.
Тексіз кісі уҽзір бола алмайды. Бек қандай болса, уҽзірі де сондай; 9. Намысшыл ер бол; 10. Ҿз пайдаңнан гҿрі ел пайдасын ойла. Қайырымды бол [4, 185].
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның кҿрнекті ҿкілі, заманының танымал ақыны, “Тҥркістан пірі” атанған Қ.А.Яссауи ҿзінің “Даналық кітабындағы” жырларында ҽділдік, шапағат, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, тазалық секілді игі істерге ҥгіттейді. Аталмыш еңбегі арқылы негізгі тҿрт мҽселеге мҽн береді:
шариғат (ислам дінінің заңдары мен ҽдет-ғҧрыптардың жинағы); тарихат (сопылықтың идеясы, мҧрат-мақсаты, сопылыққа жеткізетін жол); хақиқат (Қҧдаймен бірігу, оған жақындау); мағрифат (дін жолын танып, оқып білу).
Оның ойынша, шариғатсыз тарихат, тарихатсыз мағрифат, мағрифатсыз хақиқат болуы мҥмкін емес. Бҧлардың бҽрі екіншісіне ҿту ҥшін қажетті басқыш болып табылады [5, 231].
Қ.А.Яссауи бҧл еңбегін адамды имандылыққа, ізгілікке жетелейтін кҥш, айқын бағдарлама деуге болады.
Ол ҽрбір адамның қадір-қасиетін, ҿмірде алатын орнын оның ішкі жан-дҥниесінің тазалығымен ҿлшейді.
Адамның ҿз бойындағы ізгі адамгершілік қасиетінен жҧрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты болып келеді. Мына жалған дҥниеде ақ пен қараны, оң мен солды танытатын, ҽрбір пенденің қҧдай алдындағы парыздарын ҧмыттырмай отыратын, адамды ізгі істерге бастайтын аса қҧдіретті бір кҥш бар. Оны имандылық деп атаймыз. Адам бойындағы имандылықтың ең басты кҿрінісі – мейірімді, кешірімді, ҿзгелерге жаны ашырлықпен қарау болып табылады [6, 179].
69 хикметтен тҧратын ҿлең жолдары биік парасатқа, тҧңғиық сезімге, мол адамгершілік пен таза сҥйіспеншілікке бастайды. Бҧл хикметтер ХХІ ғасырдағы азаматтар ҥшін рухани қҧндылық болатыны анық.
Яссауи осы еңбегі арқылы ҿзінің ҿмір-салтын бейнелеп, сол дҽуірдің қҧндылықтарын кҿрсеткісі келгендей.
Сонымен бірге, ғашықтық пен пҽк махаббат иесі болуды ҥндейді. Алла тағала ғашықтарды ынтықтыратындығын жҽне жалғыз хақты сҥю қажеттілігін баяндайды. Жалпы ол да заманның кейбір қҧндылықтарына кері ойда екендігін мына ҿлең жолдарынан аңғаруымызға болады:
Білгейсің бҧ дҥние барша елден ҿтер, Малға да сенбе, бір кҥні қолдан кетер.
Ата-ана, қарындас қайда кетті ойлап кҿр, Тҿрт аяқты шабан ат бір кҥн саған жетер, Дҥние ҥшін қам жеме, хақтан ҿзгені деме, Сират кҿпірі тҧрар кісі малын жеме.
Ел-жҧрт, туыс ешқайсысы болмас жолдас,
Мҽрт болғайсың: ғҧмырың желдей ҿтер, ғарыб бас [7, 21].
Жалпы хикметтер – адамға ҿзінің Жаратушысы Аллаһты танытатын жырлары. Осы хикметтері арқылы Яссауи кемелдену жолында адам бес нҽрседен сақтануы тиіс: Алланың ақ жолын мойындамау; менмендік пен тҽкаппарлық; арамдық; еріншектік; дҥние-мҥлік жолында арын сату. Бҧл да адами мҽдениеттілік барысындағы қарым-қатынас жасаудың кҿрсеткіші деп кҿрсетсек қателеспесіміз анық.
М.Қашқаридың ХІ ғасырда жазған “Тҥркі тілдерінің сҿздігі” еңбегі Орталық Азия ҿркениетінің тарихы бойынша маңызды дерек кҿздерінің бірі болып табылады. Бҧл еңбек тҥркі тайпаларының мҧсылман ҽлеміндегі ірі ҽскери-саяси жетістіктері дҽуірінде жазылды. Сондықтан тҥрік тайпаларының тілі мен мҽдениетінің байлығы мен алуан тҥрлілігін кҿрсетіп қана қоймай, оны насихаттау ретінде бҧл еңбек ҿз жемісін берді. Еңбек мазмҧнына, ҽсіресе, оның алғы сҿзінде Аббасид халифы ҽл-Мҧқтадиға жазылған арнауына қарағанда, ол сол кезеңде рухани беделі мол басшы болғандығын кҿрсетеді.
М.Қашқари “Тҥркі тілдерінің сҿздігі” еңбегін жазу барысында сол дҽуірдегі тҥркілердің қоғамдық ҿмірі мен рухани дҥниесін, ойтанымын сан алуан ҿзіндік сипатын ҽр жақты қамтып жҽне негізгі материалдарын бес салаға бҿліп қарастырған: белгілі бір тайпаға тҽн мҽндігі дҽл кҿрсетілген сҿздер қоры (лексикасы); тҥркі тайпаларының мекен қоныстары жайындағы мҽліметтер; тҥркі тілдерін топтастыру; тҥркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мҽліметтер; тҥріктердің тарихи географиясы, этнографиясы, поэзиясы жайындағы мҽліметтер [5, 233].
Жалпы бҧл еңбекте 29 тайпаның аты аталады, қазақ халқын қҧраған қыпшақ, оғыз, шығыл, т.б. ру- тайпалар бар. Онда 6600 тҥркі сҿздеріне араб тілінде тҥсініктеме берілген. 242 бҽйіт, 262 мақал-мҽтел кіргізілген. Соның ішінде 675 сҿз, 60 мақал-мҽтел қазіргі қазақ тілінде ешбір ҿзгеріссіз, сол қалпында қолданылады [4, 103].
ХХ ғасыр басында тҥркі тілдес халықтар саяси, географиялық жҽне конфессионалды ареалдарда бір- бірінен алшақ ҿмір сҥрсе де, бҧл еңбектің қолжазба кҿшірмесі тҥркиялық тілтанушылар зерттеулері нҽтижесінде қазіргі тҥркітанудың шын мҽніндегі қҧнды нҽтижелілігін кҿрсетіп отыр. Бҧл аталмыш еңбекті сараптауда танымал шығыстанушылардың еңбектері зор.
Талқылау. А.Йҥгінекидің ҽлеуметтік-саяси кҿзқарастары оның “Ақиқат сыйы” еңбегінде кҿрініс табады.
“Білімдінің сҿзі ҥгіт, насихат, ҥгіт-ҿнеге” дейді бір сҿзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам ҥшін бағалы, ал білімсіз наданның қҧны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай ҥйрену арқылы қоғам ҿмірінің алға жылжитындығына кҿзімізді жеткізеді. Азаматтарға сҿзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін тҥсінеміз.
“Егер ҿкіметке қолың жетсе, мақтанба”, “Бастық болсаң, жайсаң бол, кҽріге де, жасқа да қҧрмет кҿрсет”
деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Бҥгінгі кҥнде кҿшбасшылық мҽселесі толыққанды зерттелуде. Мҽселен, психология кҿшбасшының тҧлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Ҽлеуметтану кҿшбасшылықты ҽлеуметтік жҥйенің негізінде қарастырады. Ҽлеуметтік психология кҿшбасшылықты ҽлеуметтік жҽне психологиялық факторлардың ҿзара қызметтік ҥдерісі ретінде зерттейді.
Ал саясаттану саяси кҿшбасшылықты билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың ҽдістері мен тҽжірибелік ҧсыныстары айқындала тҥседі.
Сопылық дидактикалық сарындағы ҽдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғҧлама, ақын, Яссауидің атақты тҿрт шҽкіртінің бірі, халық арасында “Ҽкім ата” деген атпен белгілі Сҥлеймен Бақырғани сопылық поэзияны жалғастырып, діни хикметтер жазған жҽне ел-жҧртын имандылыққа, адамгершілікке ҥндеген. “Ақырзаман” дастанының мазмҧндық желісін Тажал мен Мҽдінің кҥресі, ақырзаман белгілері, махшар кҥні мен Мҧхаммед пайғамбардың (ғ.с.) ҿз ҥмбеттерін тозақ отынан қҧтқаруы қҧрайды. Ал “Бибі Мҽриям”
дастанында ана мен бала арасындағы сҥйіспеншілік, Аллаға қҧлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мҧхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) ҥмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ҧсталған.
Сҥлеймен Бақырғани шығармаларының басты тақырыптары сопылық ағым қағидалары, Аллаға деген сҥйіспеншілік, оны мадақтау, Аллаға қҧлшылық етуге, исламның шарттарын мҥлтіксіз орындауға шақыру.
Шығарманы ежелгі дҽуір ҽдебиетіне тҽн Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың ҿзі туралы мҽлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сҧлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дҽстҥрлер Сҥлеймен Бақырғани шығармаларынан да байқалады [8].
Бақырғани бҧл еңбектері арқылы шығыс халықтарының тҧрмысы мен тыныс-тіршілігі, тарихы мен мҽдениетін танымал ете тҥседі. Еңбектерінде этика мен эстетика мҽселелері талданып, адамзат рухының гармониясы айқындалады. Ол ҽсемдікті суфизм тҧрғысынан қарастырады. Оның пікірінше сҧлулықтың ҥш тҥрі бар: Алла тағаланың абсолютті сҧлулығы; Жаратушы сҧлулығының шуағы болып табылатын Жер сҧлулығы;
Рухани сҧлулық.
Мемлекет қайраткері, ҽскербасы, тарихшы, ақын, жаратылыстанушы, этнограф, дипломат М.Х.Дулатидің
“Тарих-и-Рашиди” еңбегі Орта Азия халықтарымен қоса, Ҥндістан, Тибет, Ауғанстан, Иран секілді мемлекеттердің халықтарының тарихи, географиялық, топономикалық, этнологиялық жағын зерттеуде деректік мҽні зор.
Еңбек қҧрылымында тарихи ҿмір шындықтары, мемлекет тарихы, мемлекетті басқару, мемлекет қайраткерлерінің саяси, азаматтық келбеті, ҿнер мен білім, мҽдениет, дін, заң, жаратылыстану жҽне басқа ғылым салалары бойынша мол мағлҧматтар беріледі. Автор нақты ҿмір қҧбылыстарын, олардың белгілі бір ортақ немесе дара ерекшеліктеріне, заңды аттарын кҿркемдеп баяндайды, оларды талдап, саралап, тиісті жерінде пікір тҥйіп, ҿз ойларын да ҧсынып отырады. Ол ҿзі кҿрген, естіп не оқып білген ҿмір қҧбылыстарын тҧтасып, жалғасып, ҿзара байланысып, сабақтасып жатқан кҥйде суретейді, болған оқиғаның, істің сипатын, мазмҧнын, мезгілі мен мекенін, себебі мен салдарын, орындалу амалы мен қҧралын, пҽнін, тағы басқаларды кҿрсетеді [5]. Бҥгінде бҧл кітап барлық мҽдениетті елдердің тіліне аударылып, мҽңгі ҿшпейтін дҥние жҥзілік ҽдебиет мҧрасының бірі болып отыр.
Қазақтың тҥркі тілдес ойшылдарының еңбектері бҥгінгі кҥнде ғылымда кеңінен қолданылып жатқан сипатқа ие. Ҿз заманының ойшылдары негізгі ғылыми-зерттеу жҧмыстары арқылы қоғам қажеттіліктерін танумен қатар, адами қҧндылықтарды сақтау тҧрғысында адами мҽдениеттілік негізіндегі қарым-қатынасқа дағдыландыруға тырысты. Ынтымақтастық пен ҽлеуметтенуге шақырған, имандылық пен ізгілікті жырлаған, білімділік пен тҿзімділікке ҧмтылдырған, нҽпсіқҧмарлық, дҥниеқоңыздық, менмендік жҽне тҽкаппарлықты сынаған еңбектері мен ҿмірдің ҿткіншілігі жайлы ой-пікірлері кейінгі кезең қоғам мҥшелеріне ҥлгі-ҿнеге болатыны даусыз деп ойлаймыз.
Қазақ халқының ҿз заманының ойшылдары дҥниенің, болмыстың, ҿмірдің, адамның жай-кҥйін жете тҥсінуге ҧмтылған. Нақты ҿмірден бастау алатын қазақтың философиялық кҿзқарастары қоғам мен табиғат туралы пікірлерге толы. Міне, осы қоғамдық қатынастар турасындағы кейбір тҧжырымдамалар бҥгінгі кҥнде адами мҽдениеттілікті насихаттау сипатына ие.
Қазақ халқының философиялық кҿзқарастарының қалыптасуының алғашқыларының қатарындағы Қорқыт ата мен Асан қайғы, ағартушы-классиктер Шоқан Уҽлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қҧнанбаев, Ахмет Байтҧрсынҧлының еңбектеріндегі тҧжырымдар мен Бҧқар жыраудың жырларындағы ойларға да сараптама жасауды ниет еттік.
Қорқыт ата – қазақ ойшылы, исі тҥркіге ортақ дана. Қорқыттың басынан ҿткен қызықты оқиғалар ХV ғасырда “Қорқыт ата кітабы” деген атпен жазылып, хатқа тҥскен. Қорқыт атаның ел аузында қалған кҿптеген нақыл сҿздері ҽлі кҥнге дейін ҿз ҿзектілігін жоғалтпайтыны анық. “Қҧмды қанша ҥйгенмен тҿбе болмас, Қара
есектің басына жҥген таққанымен тҧлпар болмас”, “Кҥңге сары пай шапан жапқанмен, бҽйбіше болмас”,
“Тозған мақта бҿз болмас, ежелгі жау ел болмас”, “Ананың кҿңілі балада, баланың кҿңілі далада”, “Сырын білмеген аттың сыртынан жҥрме”, “Ең сҥйкімді ҽйел – отбасының қҧты болған ҽйел” [4, 32] секілді қанатты сҿздері қазақ халқының мақал-мҽтеліне айналды. Осы нақыл сҿздердің жолдары арқылы отбасындағы ананың рҿліне ерекше назар аударылғандығын байқаймыз. Бҧл да адами мҽдениеттіліктегі қарым-қатынас кҿрсеткіші.
ХV ғасырда ҿмір сҥрген атақты қазақ ақыны Асан қайғы қазақ халқының тағдыры шешілер тҧста ҿмір сҥрді. Ол шығармаларында тарих пен қоғам алдындағы ҿзінің жауапкершілігін тҥсініп жҽне мҧны ҽр адамға ой салар мҽселе ретінде қояды:
... Ауылдағы жамандар, Ел қадірін не білсін?
Кҿшіп-қонып кҿрмеген, Жер қадірін не білсін! [9, 11].
Жалпы ақын ҿз шығармалары арқылы адамгершілік ілімдерді негізге ала отырып, ҽлеуметтік-ҽділеттілік тҥсініктерін, “ҽділетті хан” идеясын, адам туралы кҿзқарастарын, этикалық жҽне эстетикалық салауаттардың ара-қатынасын айқындайды. Оның пікірінше, ҽділдіктің белгісі – бірқалыптылықта; ақылдының белгісі - ҿткен істі қумауында; надандықтың белгісі – білгеннің тілін алмауда екен. Ол ҽділеттілікті хан саясатынан іздеп, бірақ оны таба алмай, ханға кҿптеген ҿлеңдерін арнап, “ҽділетті хан” идеясын ҧсынады. Асанның саяси- ҽлеуметтік идеясы оның қоғамдық ҿмірге терең ҥңілуінен тарайды. Оның хан алдындағы тҧғырнамасы мына схеманың негізінде қалыптасқан: 1) Мал ҿсіру ҥшін қҧнарлы жайылым мен жер-су керек. Қыста жайлы қоныс қажет; 2) осы шарттар орындалған кҥнде оның ел-жҧрты ҿсіп-ҿркендеп, ҿрісі кеңейіп, тамыры терең жайылады;
3) саяси-ҽскери қақтығыстарды болдырмау ҥшін ел санын кҿбейту мақсатына орай айтылады. [9, 13].
Қазақ қоғамдық ой-пікірлерінің тарихында ағартушылық кҿзқарастарымен ерекшеленетін шығармалардың маңыздылығы ҿте жоғары. Қазақтың ірі ҽдебиетші-ғалымы, драматург, қоғам қайраткері М.Ҽуезов: “Қазақ тарихының ҿткен ғасырын еске алсақ, кҿзге толық, кҿңілге медеу ҥш адамды алдымен айтамыз. Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан ҿлкелерінен шықса да бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар: ҥшеуі ҥш мҧнарадай болған Шоқан, Ыбырай, Абай.
Бҧл ҥшеуінің ҿмір, еңбек майдандары ҥш алуан болуымен қатар, ҥшеуін бір туғандай ететін ҧқсастық та аса айқын. Ол ҧқсастық: олардың нҽр алған тамырынан, аналық топырағынан туған. Бҧлардың бҽрі де қазақтың киіз ҥйінде туып, ҿз елінің ҿкілі болып шығуымен қатар, тек қазақ халқының ғана тіл, ҿнер, тарихи мҽдениет ерекшеліктерінің кҿлемінде қалған жоқ, туысы қазақ болса да бҧлардың ҿрісі, ҿсуі басқаша. Олар ҿздерінен бҧрынғы қазақ баласы бармаған ырыс ҿлкесіне жетті. Сол барысында шын шҧрайлы, анық аналық қазына тапты.
Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы демократиялық озғын мҽдениетін меңгермесе, Шоқан болмас еді.
Ыбырай орыстың мҽдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесі, орыстың адамгершіл, прогресшіл классикалық ҽдебиетінің нҽрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді. Солар сияқты Абай да Крылов, Пушкин, Лермонтов, Салтыков-Щедрин қалдырған ҽдебиетік мҧраны ҧғып, меңгермесе Абай болмас еді” [10, 20-21].
Қазақ ойшылы, этнографы, тарихшысы, географы, ғҧлама ғалымы жҽне ағартушысы Шоқан Уҽлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық кҿзқарастары бҥгінгі кҥнге дейін ҿз қҧндылығын жоғалтпайды.
Оның “Абылай”, “Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары”, “Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка”, “Жоңғария очерктері” [11] атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды.
Мҽселен, “Абылай” мақаласында Шоқан даңқты ханның ҿмір жолына шолу жасайды. Сол заманның қазақтар ҥшін ерлік дҽуірі екендігін айқындайды. Ханның кҿптеген басшылық сынынан ҿтіп, жау қолында тҧтқында болған кезеңдері туралы айтады. Оның тҥбі терең болжағыш саясаткер екені анықталады.
“Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары” атты мақалада ғалым қазақ халқында шамандықтың қалдықтары туралы да ғылыми тҧжырымдар келтіреді. Халқымыздың ислам дінін ҧстанатынын, оның ішінде шаман ғҧрыптары мен ырымдарын тҧтынуы анықталады. Сонымен қатар, ҿлген ата-баба рухтары, аруақтар, немесе оргондар, шамандардың емдеу тҽсілдері мен табыну нысандары, садақаға сойылатын малдар, қазақтардың космологиялық ҧғымдары, жаратылыстағы киелі кҥштер туралы сҿз етеді. Осы мақаласында Шоқан “Ҿлі мен тірі туралы жҽне олардың достығы туралы ертегі” ҧсынады. Ҿлі жігіт пен тірі жігіт арасындағы достықтың мҽнін айқындайды. “Балам, есіңде болсын, елсіз жерде кездессең... моланы қҧр қалдырма, егер оған тҥнде кездессең тҥнемей ҿтпе” деген сҿздері дҽстҥрді ҧстану мен ҿзгенің кеңесін тыңдау, жігіттің жолбарыстарға ҧмтылуы батырлықтың қажеттілігін дҽріптейді. Шоқанның “Жоңғария очерктерінде”
Жоңғар тауларының табиғи ерекшеліктері, жануарлары, бҧл елдің ертеден қалған ескерткіштері жҽне бҧл елдің тҧрған халықтары туралы айтып ҿтеді. Кҿшпелі тҧрмыс ҥстем болған Жоңғарияда отырықшылықтың да болғаны туралы Чига қаласындағы алғашқы тарихи мҽліметті пайдаланады. Сонымен бірге, сол тҿңіректегі діни бірлестіктер жайында да материалдар келтіреді.
Қазақ мектептерін Еуропа жолына, ҿнер жолына бҧрып бастаған ең тҧңғыш жаңашыл оқытушы, тарихта ҿшпестей із қалдырған педагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке қосқан ҥлесі мен еңбегі зор. Ыбырай жастарды оқу-білім, ҿнерге ҥндегенде қҧрғақ насихатқа ҧрынбайды, қайта ҿз ойын
нақтылықпен дҽлелдеуге ҧмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру ҥшін ҽр алуан ҧстаздық амал- тҽсіл қолданады. Ол ең алдымен шешендік қайталауларды ҧтымды пайдаланады. Ақын ҽр шумақ сайын:
Бір қҧдайға сыйынып, Кел балалар, оқылық, Оқығанда кҿңілге
Ықыласпен тоқылық! - деген жолдарды ҽдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала жҥрегіне жол таба білген. Ол білімділік пен надандықтың ара жігін ашып кҿрсету талабында жарық пен қараңғылықты қатар, жарыстыра алып сипаттайды. Автор ҿзі ҥндеп отырған оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына ҥлкен мҽн береді. Ол ҥшін инемен қҧдық қазғандай ыждаһат, сабырлылық қажет екенін ескертеді. Сондай сарыла ізденудің арқасында қол жеткізген оқудың азбас, тозбас ҿнерге айналатынын айтады.
Ақынның ойынша, оқу-білім мҽңгілік, ол жҧтамайды, таусылмайды.
Ыбырайдың “Ҿнер-білім бар жҧрттар” атты ҿлеңі тың мазмҧнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз.
Ақын мҧнда қазақ балалары тҥгіл, ересектердің ҧғымында жоқ техника тетіктері мен қҧрал-жабдықтарының іс- ҽрекет, қозғалысы мен адамға кҿрсетер қызметін суреттейді. Шынында, қҧлақ естіп, кҿз кҿрмеген паравоз, параход, радио, телеграф, телефон, газ, электр, самолет т.б. секілді техника қҧрал-жабдықтарының қызмет- кҿмегі жас балалар ҥшін тек қиялдағы дҥние секілді болатын. Сондықтан бҧларды қазақ балаларына айтып тҥсіндіру талабында ол ел ҿмірінде бҧрыннан бар жҧмбақтау тҽсілін ҧстанады. Мҧның бірден-бір дҧрыс жол екенін дҽлелдеу қажет болмас. Дегенмен мҧның кейбір қырларына зер сала кеткен де артық болмас дейміз.
Автор сол таныс емес техника заттарының іс-ҽрекеттерін алдымен ҿз ҿмірімізде бар нҽрселермен теңеу арқылы ҧғындырмақ болады. Айталық, ол паравозды «аты жоқ қҧр арба» деп бейнелесе, ал суда жҥзген кемені кҽдімгі нҽн балыққа балайды. Бҧл біріншіден, жҧмбақ шешіп ҥйренген қазақ балаларының ойлау қабілеті мен соған деген ықылас-ынтасын арттырса, екіншіден, жаңа заттың болмысы мен қызметінен хабардар болып, нақты тҥсінік алады. Сондықтан бҧл жырлар танымдық сипаты жағынан теңдесі жоқ шығармалар болып саналады.
Ы.Алтынсарин алғаш ҽдебиетімізде проза жанрының да негізін қалады. Ол ҽңгімелерінде жас шҽкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, адал еңбек пен ҽділдікке, ҽдептілік пен сабырлылыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды. Ҿз ҽңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дҽлелдеуге ерекше зер салған жазушы “Қыпшақ Сейітқҧл”, “Киіз ҥй мен ағаш ҥй” секілді шығармаларын жазды.
“Қыпшақ Сейітқҧл” ҽңгімесінде автор мал баққан халықтың жҧт пен барымтаға тҽуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ҧшыраған отыз ҥйлі тобырдың басшысы Сейітқҧлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға ҥлгі етіп ҧсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, ҧрлық істеуге оның тҥбі қорлық деп санап, ҿзен-сулы Қабырға деген жерге елін кҿшіріп ҽкеліп қоныстандырады. Жҧртқа кетпен беріп, жер тегістетіп, арық қаздырып, егін ҿсірумен айналысады. Ҿнімдерін кҿшпелі елдерге сатып, аз жылда малды ауыл болып, байып та кетеді. Ойдан- қырдан келушілер кҿбейіп, артынша тҿрт жҥз ҥйлі ауылға айналады. Сҿйтіп адал еңбек, маңдай терімен байыған жҧрт ҿзгелер батып келе алмайтындай қорған тҧрғызып, қалалардан киім-кешек, азық-тҥлік алдырып, мамыражай ҿмір кешеді.
Сонымен қатар, жазушының “Аурудан аяған кҥштірек”, “Асыл шҿп”, “Малды пайдаға жарату” атты ҽңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлылық пен шыдамдылық секілді ізгі қасиеттерді тҽрбиелеуге арналған. Ыбырай мҧнда балалар ҧғымын ескеріп, оқиғаның қысқа қайырылып, мысал, жҧмбақ іспеттес етіп қҧрылуына мҽн береді. Сол арқылы шҽкірттердің зейін-ықыласын арттырумен қатар, олардың ойлау қабілетін жетілдіруге зер салады.
“Бай мен жарлы баласы” атты ҽңгімесі ҿзге шығармаларынан жеке дара тҧр деп айта аламыз. Мҧнда жазушы бай баласы Асан мен кедей баласы Ҥсенді бас кейіпкер етіп ала отырып, ҽлеуметтік мҽні зор ірі мҽселеге назар аударады. Баланың қалыптасуына орта мен отбасының ҽсер-ықпалын ашып кҿрсету арқылы мҽн-маңызы ҥлкен қорытынды жасайды. Жоқшылық кҿрмей, тек дайынға ҥйренген бай баласы Асанның ҿмірге икемсіздігін, ал бҧған қарсы еңбексҥйгіш, тҽжірибелі кедей баласы Ҥсеннің қиын сҽтте икемділігін нанымды етіп сипаттайды. Сол арқылы ҿмірдің кҥрделілігін аңғартып, қандай қиыншылықты болса да еңбек пен тҽжірибе жеңеді деген байсалды пікір ҧсынады [10, 17].
Қорытынды. Айтылған пікірлердің барлығы қарым-қатынас пен адами мҽдениеттілікті зерделеуге кҿп септігін тигізері анық. Ҿз заманы ойшылдарының ҽлеуметтік-саяси кҿзқарастары арқылы қазіргі қоғам мҥшелерінің санасына жанама тҥрде ақпал жасауға болатыныны анық. Сондықтан бҧл тақырып тҿңірегіндегі зерттеулер алдағы уақыттың еншісінде деп ойлаймыз.
Қазақ данышпандарының қоғам мҥшелеріне ҿз шығармалары арқылы ынтымақтастыққа, бейбітшілікке, ізгілікке, сауатты болып, ғылым қууға ҥгіттеу жҥргізгендіктері байқалады. Сондықтан қазақтың барша ғҧлама ғалымдарының пікірлері бҥгінгі кҥнде де қҧндылықтары мен ҿзектілігін жоймайтындығы ақиқат.
Жалпы қазақтың тҥркі тілдес жҽне қазақ ойшылдарының ҽлеуметтік-саяси кҿзқарастарындағы ой- пікірлердің адами мҽдениеттілікке тҽрбиелеудегі маңызы зор екендігін байқаймыз жҽне қарым-қатынастың негізі ретінде танимыз деген қорытындыға келеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Мекежанов Б.У. Әл-Фарабидің адамдар қоғамдастығы жайындағы классификациясы // ―Әл- Фарабидің шығыс халықтарының мәдениеті мен ғылыми тарихындағы орны‖ атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы, 1994. – 375 б.
2 Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 220 б.
3 Құтты білік / Кӛне түрік тілінен аударған, алғы сӛзі мен түсініктерін жазған А. Егеубай. –Алматы:
Ӛлке, 2006. – 622 б.
4 Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. – 2 том. – Алматы, 2008. – 220 б.
5 Жүншеев Р.Е., Тӛкенов Ӛ.С., Ізтілеуов А.Ә. Философия. –Тараз: Ӛлке, 2007. – 231 б.
6 Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы: Жалын, 1998. – 350 б.
7 Иассауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет: Ақыл кітабы. – Алматы: Ӛнер, 2007. – 360 б.
8 [Электрондық ресурс] // Кӛру режимі: http://www.inform.kz/kaz/article/1226314 - 9 Толысбай К. Асан қайғы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 230 б.
10 Ыбырай Алтынсарин тағылымы // Құраст. М. Жармұхамедов. – Алматы: Жазушы, 1991. – 265 бб.
11 Шоқан Уәлиханов. Мақалалары мен хаттары. – Алматы: Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 1949.
– 269 б.
References:
1 Mekejanov B.U. Al-Farabidın adamdar Kogamdastygy jaiyndagy klassifikasiasy // ―Al-Farabidın sygys halyKtarynyn mAdenietı men gylymi tarihyndagy orny‖ atty halyKaralyK gylymi-teorialyK konferensianyn materialdary . – Alma ty , 1994. – 375 b.
2 Al-Farabi. FilosofialyK traktatta r. – Alma ty : Gylym, 1973. – 220 b.
3 Kutty bılık / Kone turık tilınen audargan, algy sozı men tusınıkterın ja zgan A. Egeubai. –Alma ty : Olke , 2006. – 622 b.
4 Kyraubaeva A. Ejelgı Adebiet. 5 tomdyK sygarmalar jinagy . – 2 tom. – Almaty , 2008. – 220 b.
5 Junseev R.E., Tokenov O.S., Iztıleuov A.A. Filosofia. –Taraz: Olke , 2007. – 231 b.
6 Ke lı mbe to v N. Kazak Adebietı bastaulary . – Almaty : Jalyn, 1998. – 350 b.
7 Ia ssa ui Ko ja Ahme t. Diua ni hikme t: AKy l kı ta by . – Alma ty : One r, 2007. – 360 b.
8 [Ele ktro ndy K re surs] // Koru re jimı : http://www.inform.kz/kaz/article/1226314 9 To ly sba i K. Asa n Ka igy . – Alma ty : Da ik-Pre ss, 2006. – 230 b.
10 Yby ra i Alty nsa rin ta gy ly my // Kura st. M. Ja rmuha me do v. – Alma ty : Ja zusy , 1991. – 265 bb.
11 Shoka n Ualiha no v. Maka la la ry me ha tta ry . – Alma ty : Ka za kstan bırı kke n me mle ke t baspasy , 1949. – 269 b.
МРНТИ 17.82.10 https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.42 Мамедова Б. Г. (Бардали)1
1Институт литературы им. Н.Гянджеви Национальной Академии Наук Азербайджана, Баку, Азербайджан
ИСТОРИЧЕСКИЕ ПОЭМЫ ПЕРИОДА НЕЗАВИСИМОСТИ АЗЕРБАЙДЖАНА Аннотация
В статье анализируются стихи популярных азербайджанских поэтов Сабира Рустамханлы и Нурангиз Гюн, которые занимают особое место в современной азербайджанской литературе. Стихотворение Сабира Рустамханлы ―Встреча с Орханом‖ отражает исторический период становления тюркского этноса. В произведении были изложены в художественной прозе исторические факты о героических страницах становления великого тюркского мира, их генеалогия, корни, исторические реалии тюркизма. Произведение
―Светлячок‖ посвящено Махмудали Чираганлы из Южного Азербайджана, его борьбе с бесправием и социальной несправедливостью. Стихи Нурангиз Гюн показывают ход войны и ее влияние на жизнь человека.
В статье также проявляется отношение к исследованиям ученых, определивших свои взгляды на эти работы.
Анализ указанных произведений позволяет сделать вывод о том, что азербайджанские писатели и поэты всегда стремились воплотить в своем творчестве основные потребности людей в художественном слове. В период становления независимости на первый план выступили вопросы целостности родной жемли и проблема независимости.
Ключевые слова: поэзия, Сабир Рустамханлы, поэма ―Встреча с Орханом‖, ―Светлячок‖, Нурангиз Гюн,
―Ходжалинская симфония‖, война