• Tidak ada hasil yang ditemukan

Просмотр «НЕЙРОЛИНГВИСТИЧЕСКИЙ ПРОГРАММНЫЙ ХАРАКТЕР ПОЭТИЧЕСКОГО ЯЗЫКА» | Вестник Серия «Филологические науки»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan " Просмотр «НЕЙРОЛИНГВИСТИЧЕСКИЙ ПРОГРАММНЫЙ ХАРАКТЕР ПОЭТИЧЕСКОГО ЯЗЫКА» | Вестник Серия «Филологические науки» "

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

11 Balandina N.V. Sistema znacheni binominativnyh predlojeni v sovremennom ruskom iazyke // Semantika iazykovyh edenis: Dokl.V Mejdunarodnoi konferensii. T.2M., 1996.

12 Arutunova N. D. O nominativnom aspekte predlojenia // Voprosy iazykoznania. 1976 (1), №6.

13 Tihova L.V. Strukturno-semanticheskaia harakteristika predlojenia s infinitivom v roli podlejasego v sovremennom ruskom iazyke. Avtoref. kand. filolog. nauk, Alma-Ata, 1971.

14 Popov A.S. Predlojenia tipa "katAtsA veselo" i problema sintaksicheskoi neopredelennosti // Sintaksicheskie svAzi v ruskom iazyke: Mejvuz. tematich. sb. Vladivostok, 1978.

15 Olozoeva Ia.V. Osenka i modAlnost // Tendensii i razvitie gramaticheskogo stroia ruskogo iazyka,1994.

16 Lisochenko L.V. Sinonimichnost sintaksicheski svAzannyh konstruksi s povtorami // Sintaksicheskie svAzi i otnosenia: Sb.st. Rostov na/D, 1972

17 Arutunova N. D. O nominativnom aspekte predlojenia // Voprosy iazykoznania. 1976(1), №6

18 Kamynina A.A. K voprosu o predlojeniah s kolichestvennymi slovami v sostave glavnyh chlenov // RAVS. 1961.

№2

19 Kostinski Iu.M. Genetivnye subektnye konstruksii v sovremennom rus skom iazyke: Avtoref.dis. kand. fil. nauk.

M., 1971.

20 Ivanova V.F. Spornye voprosy gramatiki i kolichestvennyh predlojeni // Sintaksis i stilistika. M., 1976. –kniga 21 Babaiseva V.V., Nikolina N.A., Chirkina I.P. Sovremennyi ruski iazyk // Analiz iazykovyh edinis: V 3ch. M., 1995. Ch.3.

22 Severgina E.V. Eksplikasia osenki pri sipolzovanii kolichestvennyh predlojeni v rechi // Sovremennye pragmaticheskie issledovania romanskih, germanskih i ruskih iazykov: Sb. st. Voronej, 1996.

23 Borovikova N.A. osobenosti predikatov, upotreblAiusihsA s semanticheskim subektom v forme roditelnogo padeja bez predloga // AktuAlnye problemy rusistiki 1997.

МРНТИ: 16.21.55 https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.26 Сембаева А. Г., 1 Ескермесова Г. А.2

1,2Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

ПОЭТИКАЛЫҚ ТІЛДІҢ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ СИПАТЫ Аңдатпа

Мақалада поэтикалық мҽтінге жаңаша талдау жасау ҽдісі ҧсынылады. Поэзия тілінің адамның санасына, соның ішінде гипнотикалық тіл паттерндері мен сенсорлық предикаттардың негізінде тҥпсанаға ықпал ету қасиеті айқындалған. Сондай-ақ, поэтикалық нейролингвистикалық қуаты сипатталады. Нейролингвистикалық бағдарламалық зерттеулердің теориялық жҽне практикалық маңызы қарастырылған. Қазақтың ҿлең жырларын нейролингвистикалық бағдарламалық мақсаты мен мазмҧндық тҧрғысынан классификация жасалған.

Поэзиянытілінің нейролингвистикалық тҧрғыдан тыңдаушыға ҽсер ету факторлары кҿрсетілген.

Нейролингвистикалық бағыттың басқа бағыттардан басты айырмашылықтары айқындалып, адамдар арасындағы тілдесу ҥдерісінде коммуникацияның мазмҧнына ҽсер ету қасиетіне аударылған. Сҿйлеу мен ойлау, ес, зейін сияқты психологиялық ҽрекеттер ҿзара байланыста қарастырылып, поэтикалық тілдің қарым- қатынасқа тҥсуші рецепиенттердің психологиясына ҽсер етуші психолингвистикалық-коммуникативтік ерекшеліктері ашылған. Поэзия, жыр-дастандар тілінің нейролингвистикалық, магиялық қуатының мол екендігі, тыңдаушыныны иландыру белгілі бір ҽрекеттерге жҧмылдыру, ізгілікке шақыруға, сонымен қатар, тіл арқылы манипуляуия жасауға да болатыны жҿніндегі ғалымдардың тҧжырымдары қарастырылды.

Тҥйін сӛздер: НЛБ, нейролингвистика, поэзия, поэтикалық тіл, кҿркемдеуіш қҧралдар, антропология, аффирмация, мотивация, медитация

Sembaeva A.,1 Eskemesova G.2

1,2 Kazakh national women's pedagogical university, Kazakhstan, Almaty

NEURO-LINGUISTIC PROGRAMMATIC NATURE OF POETIC LANGUAGE

Abstract

The article considers a new method of analysis of the poetic text and defines the property of the language of poetry to influence the human consciousness, including on the basis of hypnotic language patterns and sensory predicates. The poetic neuro-linguistic power of poetic speech is also described. The theoretical and practical significance of neuro-

(2)

linguistic program research is considered. In the content point of view, the classification of the program neuro-linguistic prisoners and read their poems goal. factors of influence of poetry on the listener from the neuro-linguistic point of view are revealed. The main differences between the neuro-linguistic direction and others are highlighted and translated into the property of influencing the content of communication in the process of communication between people. The interrelation of psychological actions, such as speech and thinking, memory, psycholinguistic and communicative features of poetic language, their influence on the psychology of communicants are considered. The scientific conclusions of scientists about the magical and neuro-linguistic power of poetic language are considered.

Keywords: NLB, neuro-linguistics, poetry, poetic language, artistic means, anthropology, affirmation, motivation, meditation

Сембаева А. Г., 1 Ескермесова Г. А.2

1.2 Казахский национальный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан

НЕЙРОЛИНГВИСТИЧЕСКИЙ ПРОГРАММНЫЙ ХАРАКТЕР ПОЭТИЧЕСКОГО ЯЗЫКА Аннотация

В статье рассматривается новый метод анализа поэтического текста. Определено свойство языка поэзии воздействовать на сознание человека, в том числе на основе гипнотических языковых паттернов и сенсорных предикатов. Также описывается поэтическая нейролингвистическая сила поэтической речи. Рассмотрено теоретическое и практическое значение нейролингвистических программных исследований. С содержательной точки зрения классификация программного нейролингвистическое заключенных и прочитал свои стихи цель.

выявленыы факторы влияния поэзии на слушателя с нейролингвистической точки зрения. Выделены основные отличия нейролингвистического направления от других и переведены на свойство влиять на содержание коммуникации в процессе общения между людьми. Рассмотрена взаимосвязь психологичеких действий, таких как речь и мышление, память, раскрыты психолингвистико-коммуникативные особенности поэтического языка, их влияние на психологию коммуникантов. Рассмотрены научные выводы ученых о магической и нейролингвистической мощи поэтического языка.

Ключевые слова: НЛБ, нейролингвистика, поэзия, поэтический язык, художественные средства, антропология, аффирмация, мотивация, медитация

Кіріспе. Нейролингвистикалық бағдарламалаудың (НЛБ) негізгі тетіктері ретінде сҿзді қабылдау, тҽжірибені бағалау, сондай-ақ сыртқы немесе ішкі стимулдарға жауап берудің жаңа формаларын ашуға мҥмкіндік беретін, сол арқылы ҽлем бейнесіне ҽсер ететін факторлар мен тілдік қҧралдарды атауымызға болады. Осыған байланысты, нейролингвистикалық бағдарламалауды адамның санасына ҽсер ету ҥшін қолданылатын тілдік ҽдістер жиынтығы ретінде қарастырамыз [1, 12]

Практикаға бағытталған басқа психологиялық пҽндерден айырмашылығы - нейролингвистикалық бағдарламалау ҿмірдің ҽртҥрлі салаларында: психотерапия, педагогика, медицина, бизнес, маркетинг, жарнама, басқарушылық жҽне саяси кеңес беруде қоғам мен адам мҽселелерін тез арада шешуге мҥмкіндік береді.

Б.Қ. Ақбердиева тілді антропологиялық бағытта зерттеу барысында тіл жҽне адамның рухани белсенділігі;

тіл мен ойлау; тіл жҽне адам физиологиясы; тіл жҽне индивид психологиясы; тіл жҽне мҽдениет; тіл жҽне таным; тіл жҽне қоғам; тіл жҽне жалпыхалықтық қҧндылықтар; тіл жҽне коммуникация сияқты мҽселелерді алға қою керек дейді [2, 74].

Адам санасында тҧтас кҥйінде қайталанып ҿмір сҥріп отыратын ғалам бейнесін жҥзеге асыратын – тіл.

Адам баласының тілі адам – ҽлем қатынасының нҽтижесінде пайда болатын жалпы адамзатқа ортақ ҽлемдік бейне тіл – ойлау бірлігінің кҿрінісі болып саналады

Ҿнердің басқа тҥрлерімен салыстырғанда, поэзия тілі музыка саласымен етене байланысты. Себебі, ритм қҧру, дыбыстық қатарларды ойнату тҽсілдері жиі қолданылады. Versus (лат.тілінен аударғанда ―ҿлең, тақпақ‖) қатар, тізбек жҽне бҧрылыс деп те аударылады.

Тілдің кеңістік пен уақытқа қатысты тізбектік қатары поэзия мен прозада қайталанып келіп, бастапқы формасына оралады. Осылайша тек кҿлденең бағытта ғана емес, тік бағытта да ассоциативтік байланыс орнайды.

Тіл ежелгі сиқырлы жоралғылардың жадын сақтайды, бірақ біз сҿйлеу формулалары бізге қандай ҽсер ететінін жиі тҥсінбейміз.

Тілдік қарым-қатынас тҽжірибесі эмпирикалық деректер жіктеу негізінде алынған білімді бақылау, ҿлшеу, эксперимент жҽне жалпылау, білім арқылы қабылданған ақпаратты жинақтайды.

Тҽжірибенің тасымалдаушысы бола отырып, адам ҿз ойлары мен нанымдарын толықтырады жҽне модельдейді. Сонымен қатар, тіл тҽжірибе алған білімді қҧрылымдауда, ҽлемді тҧжырымдау жҽне тҽжірибені ҧрпақтан-ҧрпаққа тасымалдауда да маңызды рҿл атқарады.

(3)

Тіл – ана сҥтімен келіп, ҧлттық-тілдік ортаның қҧнарынан ҿрген қҧбылыс болса, поэзиядағы ҽсер – Жаратушы иенің кҥшімен болған кез-кеген табиғи дыбысты тіл мен образ арқылы сазды сҿзге тҥсіріп, ҥндестіре берумен байланысты. Яғни жай сҿзге қарағанда, ҧқсату, теңеу, кҿркемдеу тҽсілдері арқылы ойды бейнелі беретін поэзия тілінің санаға ҽсер ету қуаты айрықша болатыны заңды қҧбылыс.

Зерттеу материалы. Әдістемесі. ХХ ғасырдағы психолингвистикалық зерттеулер поэтикалық тілдің суггестиялық ерекшеліктерін айқындауға ықпал етті. Н. Хомский ҧсынған тілдің терең жҽне ҥстірт қҧрылымдары теориясы тілдегі кез-келген сҿздің тҥпсанадағы сҧлбасы болатынын ескертсе, нейропсихолог ғалымдар адамның ҽрбір ДНК клеткасында генетикалық ақпарат қоймасы бар екенін дҽлелдеді [3, 142]

Американдық ғалым Нилсон ―егер мида екі жасқа дейінгі қажетті тҽжірибелер яғни махаббат, қарым- қатынас, стимул болмаса ми жҧмысы тежеледі‖ деген пікір айтады [3,106].

Нҽресте ҥшін ана сҥтінің маңызы қандай болса, бесік жыры да дҽл солай қҧнды. Сҽби миындағы нейрондар даму ҥшін, бесік жырынан артық дҽрумен таппайсыз. Мҧны ҽлем ғалымдары да дҽлелдеп отыр.

Ендеше адамның поэзияға деген қҧштарлығы генетикалық код арқылы берілетін тылсым қҧбылыс.

Поэтикалық тілдің нейролинвгистикалық ҽсеріне тҿмендегіше жіктеп қарастыруға болады:

Мотивация– бҧл сыртқы жҽне ішкі қозғаушы кҥштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға жҽне қызмет формаларына сҧрау қояды жҽне осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді [4,87]

Біреуді сендіру немесе қызығушылығын ояту барысында жоғарғы деңгейдегі, ҽсерлік қуаты мол тілдік бірліктерді ҿте пайдалы. Осы орайда поэзия тілі эмоцияны сездіру, сезім мен жалынды білдірумен қатар, аудиторияны ҥйіріп ҽкету, игеру, иландыру ҥшін таптырмас қҧрал болып табылады. Бҧл поэзия тілінің нейролингвистикалық пайдалану барысында: тыңдаушыға жақындық пен қарап айту, дауыстың қаттылығы, сезімталдық, дауыс ырғағы, кҿпжақтылық сияқты факторлар да ҽсер етеді. Бҧл жҿнінде, ғалым....: ―Поэтикалық мҽтіндерде қолданылатын лингвистикалық қҧралдардың ішінде хабарламалардың ҧсынымдық жҽне прагматикалық ҽсерін кҥшейтетін трюизмдер, алдын-алу, сҧрақтар мен шартты сҿйлемдерде жасырылған ынталандыру қҧрылымдары ерекшеленеді. Себебі, поэзия тілінде семантикалық қарама-қайшылықтарды, қайталаулар, сондай-ақ символикалық бейнелерді жасауға ықпал ететін тілдік қҧралдар кҿптеп қолданылады‖ - дейді [5,134] Яғни, поэтикалық тілдің санаға ҽсер ету қабілеті, нейролингвистикалық ҽлеуеті жоғары.

Абай, ғҧлама Шҽкҽрім, қазақтың ҽулиесі атанған Мҽшһҥр Жҥсіп шығармалары ҿз ҿміршеңдігін жоймайтын қҧнды мҧра. Бҧлардың алдындағы шығыстың жарық жҧлдызы атанған Ҽл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Жҥсіп Баласағҧн еңбектері, одан соң даналық пен парасаттылыққа қҧрылған жырау бабаларымыздың толғаулары бҥгінгі кҥні жас ҧрпақты ізгілікке, оқу-білімге шақырып, ізгілікке бағыттауда таптырмас мотивациялық қҧрал. Мысалы,

Кҿзіңді аш, оян, қазақ, кҿтер басты, Ҿткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты. (Міржақып Дулатұлы)

Немесе Мағжан Жҧмабаевтың ―Мен жастарға сенемін» ҿлеңін алайық:

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай кҥштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

Кҿздерiнде от ойнар, Сҿздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн!

Поэтикалық тілдің нейролингвистикалық

ерекшеліктері

мотивациялық медитациялық

аффирмациялық

(4)

Жас қырандар – балапан, Жайып қанат ҧмтылған.

Кҿздегенi кҿк аспан, Мен жастарға сенемiн!

―Ҿлеңдегі оян қазақ, кҿтер басты, енді жату жарамас-ты‖ тіркестері ҽр адамның санасына ойтҥрткі – стимул болары сҿзсіз.

Макс Мюллер былай дейді: «Язык существует в человеке: он живет, если им говорят, умирает с каждым словом, которое произнесено и не слышится» Бҧл екі анықтамаларынан тілдің қоғамда ғана дамитындығын, адам сҿйлесе, сол тіл тірі, ал ҿзінің сҿзін ҿзге адамға жеткізе алмаса, сҿзі естілмесе тілдің жойылатындығын кҿреміз. Ал сҿйлеу барысында сҿзін жеткізу, екінші адамға ҿткізу кезінде нейролингвистикалық бағдарламалау тҽсілінің атқарар қызметі аса зор. Мысалы:

...Сен жыладың,:

Мен бірақ селт етпедім,

Білем сені тағдырдың ерке еткенін, Білем сені — ҿр кҿңіл, жомарт едің, Енді бҥгін… қалай бҧл кер кеткенің?

Жҽ, жҽ, жарар, Ҿткен кҥн оралар ма,

Қарау керек, бауырым, саған алға.

Басыңдағы бҿрік пе, орамал ма?...

Жігітке арман жеткізіп пе еді Ҿз сорын ҿзі жеңбесе.

Ҿмірдің барлық сҽтсіздіктері

Бақытсыздық емес, ендеше! (М.Шаханов)

Нейролингвистикалық бағыттың басқа бағыттардан басты айырмашылықтарының бірі – адамдар арасындағы тілдесу ҥдерісінде коммуникацияның мазмҧнына баса назар аударатындығында. Сҿйлеу мен ойлау, ес, зейін сияқты психологиялық ҽрекеттердің ҿзара байланысын зерттей отырып, адамдардың сҿйлесу формаларын, вербальды жҽне вербальды қарым-қатынасы кезіндегі мінез-қҧлқын модельдеу (кҿшірмелеу) техникасын зерттеуді мақсат етеді. Сонымен қатар, қарым-қатынас неғҧрлым тиімді болу ҥшін, қарым- қатынасқа тҥсуші рецепиенттердің тілдесу психологиясына терең мҽн беріп, тілдесудің қыр-сырын нейропсихологиялық тҧрғыдан қарастырады.

Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бҥкіл адамзатқа ортақ қоғамдық қҧбылыс. Тіл аркылы ҽр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мҧрасы ҧрпақтан ҧрпаққа (ауызекі — фольклорда, жазба тҥрде) жеткізіліп отырады. Осы орайда, нейролингвистикалық бағдарламалық сипаты басым, миға, санаға ҽсер етушілік қуаты мол мотивациялық жырлардың қатарына қазақтың кҿңіл айту дҽстҥріне сай кҿңілқҧс жырларын жатқызуға болады. Мысалы, жоқтауға тоқтау болатындай Оспанқҧл ақынның Кененге кҿңіл айтуын алайық:

Атеке, атеке, Ассалаумағалейкум, Аманбысың, Кененім.

Амандаса кеп едім.

Алатауды жаңғыртты Зарлап айтқан ҿлеңің.

Қайтыс бопты қайтесің Базар-Назар бҿбегің.

Жал-қҧйрығың жетілсін.

Ҿткенге кім ҿкінсін.

Ата-анаңнан айрылған Ҿзің де Кенен жетімсің.

Ҿзі беріп, ҿзі алған Жалғанды кім жекірсін.

Әйелің тағы ұл туып, Мойныңа қайта секірсін.

Елуге келген жасың бар, Кӛк ала сақал, шашың бар.

Түскен тұман жарқ етіп, Шыққан күндей ашылар.

(5)

Жырдағы ―Әйелің тағы ұл туып, мойныңа қайта секірсін‖ немесе ―Түскен тұман жарқ етіп, шыққан күндей ашылар‖ деген жолдардан поэтикалық тілдің жан-жарасын жазардай, тіріге ой салардай мотивациялық қуаты бар екенін аңғарамыз.

Нәтижелер. Нейролингвистикалық бағдарламалау – сҿздің жігерлігінің, қуаттылығының, қайраттылығының, пҽрменділігінің, қарқындылығының, дҽрменділігінің ҽр алуан тҥрлерін ҿндіру, пайдалану, тҥрлендіру, тасымалдау мҽселелерін зерттейтін ғылым саласы. Кез келген ҧлт ҽдебиетіндегі секілді жалбарыну мҽнді тіркестер, шумақтар мен арнаулар тҿл ҽдебиетімізге де ежелден етене екендігін жоғарыдағы талдаулар айқын танытады. Мҧндай жырлардың да нейролингвистикалық, ппихолингвистикалық сипаттары айрықша болып келеді [5, 89].

Талқылау. Ғалымдардың пікіріне сҥйенетін болсақ, неміс ғалымы Вильгельм фон Гумбольдт ―Тіл ҽрекет жемісі емес (Ergon), іс- ҽрекет (Energeia)‖ деп атап кҿрсетті. Ол тілдің қуатына қатысты: ―Язык есть не продукт деятельности, а деятельность...‖- деген пікір айтады. Филолог ғалым Юрий Анатольевич Левицкий: ―тілдің ҿмір сҥру тҽсілі – ҥздіксіз іс-ҽрекет‖ дегенге саяды. Олай болса, Energeia сҿзінен шыққан деятельность сҿзінің мағынасы - қызмет, іс-ҽрекет екенін айта келе, тілді қызмет ретінде пайымдау керек екенін қадап айтқан абзал [6, 104]- деген тҧжырымға келеді.

Осы орайда, тілді тек ҿзгені ғана емес, адамның ҿзін-ҿзі жасылыққа бастау, жақсы арнаға бҧру, мақсаттарын айқындау, армандарының орындалуына ықпал етуші қҧрал ретіндегі нейролингвистикалық қызметін баса атап ҿткізіміз келеді. Психологияда бҧл қҧбылыс - аффирмация (латын тілінен аударғанда -

"растау") – деген ҧғымды білдіреді. Поэтикалық тілдің аффирмациялық тҥріне мысал ретінде, С.Торайғыровтың келесі ҿлеңінің алсақ болады:

Қараңғы қазақ кҿгіне, Ҿрмелеп шығып, Кҥн болам!

Қараңғылықтың кегіне, Кҥн болмағанда, кім болам?

Мҧздаған елдің жҥрегін, Жылытуға мен кірермін!

Еңбек, бейнет тарауы Рақатқа сарқылар.

Қыздырып Кҥннің қарауы Надандық теңізі тартылар.

Орны отайып кҿгерер, Қызығын жайлап ел кҿрер.

Тҧрмыс, тағдыр — бірі де Бҧл мақсаттан бҧра алмас.

Ақын ҿлең жолдарынан поэтикалық сҿз қуатының адамның жақсылыққа, ізгілікке сенуіне, ҿзі-ҿзіне деген сеніділігінің артуына ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар жҧртының болашағынан зор ҥміт кҥттіретін сҿздердің қҧдыреті ҧлы мақсаттарға қол жеткізуге тҥрткі болатынын байқаймыз.

Сол сияқты ақын Гҥлнар Салықбайды ҿлең жолдары адамның бақыты ҿз қолында екенін Жҥдетсе де дҥниенің жыртығы,

Кҿңілді аулап Кҥннің қызыл кірпігі.

Айдың аппақ сҽулесіне оранып, Мен бақытты бола салам бір кҥні!

Кҿкке ҧшырып сҧлу сҿздің тҿресін, Кҿктем келер қуып қайғы елесін.

Сҽл мҧңайып келе жатып, Бір кҥні

Мен бақытты бола салам – Кҿресің!

Кҿне ҥнді философиясына сҥйенсек, айтылған идеялар кешені қалыптасқан ойларды қамтиды. Панини, ҿзінің граматтиканы зерттеуге арналған еңбеткерінің ҿзінде қалай дҧрыс сҿйлеп, сҿйлемді қалай дҧрыс қҧруды ҥйретеді. Философиялық тҧрғыдан алғанда ақыл, ой жҽне сҿйлеудің арасында, ақыл мен тҽн арасында, сондай- ақ ақыл мен жан арасында тығыз байланыс бар екені дҽлелденген. Олардың арасында ҥйлесім болса, дені сау, ақылы бҥтін, ойы мен сҿзі дҧрыс тҧлға қалыптасатыны белгілі.

Сҿздің ҽсер ету, сендіру ықпалына арнайы ғылыми тҧрғыдан пікір келтірген, зерттеу объектісіне жол ашқан зерттеу еңбектері баршылық. Профессор Г. Смағҧлова ―тіл білімінде сҿзбен адамды сендіру, иландыру тіпті ҧйытып тастау сияқты тілдік қасиеттерді суггестиялық лингвистикада қарастырады. Мҧндай тілдік фактілер қазақ ауыз ҽдебиетінде біршама жиналып, ҽдеби жанрлық ерекшеліктері жағынан зерттелген‖ [7, 81],

(6)

– дейді. Ҽсіресе, медитациялық (мінҽжат), суггестиялық сипаты айқын сҿздер қазақ тіліндегі бата-тілек сҿдерін жатқызуымызға болады. Батаның, тілектің кҿп жағдайда ҿлең-жырлар арқылы берілетіні белгілі. Сондай-ақ ғалым: ―...тілек бата сҿздерінің, ҽсіресе тыңдаушы ҥшін тілдік ықпалы ерекше. Тілек-бата сҿздері алдымен субъектіге қаратылып ауызша айтылатындықтан, мҽтін мазмҧны кҿпшілік қауымның қҧлағына сіңіп, жадында сақталады. Ал ҧзақ уақыт бойы санадан ҿшпей, керісінше ҽр тақырып, мазмҧн аясында қайталана отырып, тыңдаушының ой-сезімінде жаңғыра тҥсуі осы аталған сҿздердің адам психикасына қатты ҽсер етіп, сендіруі мен иландыруынан‖, – деген пікір келтіреді [7, 81].

Кҿнеден жеткен ауыз ҽдебиеті ҥлгілері, ҽсіресе эпостық жырлар мінҽжатсыз келмейді десек, қателеспейміз. Дегенмен жазба ҽдебиетіміздегі мінҽжат жырларының дербес жанр ретінде тҧтастай тҧлғалануы Йасауи хикметтерінен басталды деуге негіз бар. Тҽңіріге жалбарыну, рухтардың желеп-жебеуін, тылсым кҥш иелерінің жарылқауын тілеу мҽніндегі шумақтарды мінҽжат жырларының ауыз ҽдебиетіндегі алғашқы нҧсқалары ретінде қабылдауға болады. Белгілі жазушы, ҽдебиет зерттеушісі М.Ҽуезов ―Ҽдебиет тарихы‖

еңбегінде алғашқы діни наным-сенімдердің туындауы туралы айта келіп: ―Табиғат басшысын қадірлеу, қҧдайға дҧға оқып, жалбарыну ҽдеті туады.

Ҽдебиеттанушы И.Жеменей парсы ҽдебиетінде ―мінҽжат‖ сҿзінің бес тҥрлі мағынасы бар екендігін кҿрсетеді:

1. Біреумен сырласу, сыбырласу.

2. Алламен сырласу.

3. Біреудің ішкі ойын ҧғыну.

4. Сырласу.

5. Алладан тілеу Мысалы:

Тҧра берсін жерім аман, тауым да аман;

Аман жҥрсін досым да, жауым да аман;

Адам тҥгіл, шҿптер мен жҽндіктердің, Қиналғанын сезіну - ауыр маған...

Кҿңілім бар ешкімге тарылмаған, Аман болсын жат адам, бауыр да аман, Адам тҥгіл, тҧп-тҧнық мына аспаннан, жҧлдыз ағып қҧласа - ауыр маған...

Далам да аман тҧрса екен, бауым да аман, Қалам да аман тҧрса екен, ауыл да аман.

Бір адамның ҿлгенін естіп қалу – Ҿзім ҿліп қалғаннан ауыр маған.

(А.Елгезек. «Мінҽжат») Немесе:

...Тiлейтiнiм ал ендi, Бар болғаны ҥш тiлек:

Бiрiншi:

Ҥзiлген бодан ноқтасы, Еркiндiктiң қақпасы.

Тҥркiлер алтын бесiгi – Ҧлы Даламды сақташы.

...Таусылмас айтсам мың кҥн жыр, Тағы да дҥркiн-дҥркiн бiр.

Ҿзiңнiң адал Ҥмбетiң Қазақты шаңнан сiлкiндiр!

Мединада – Мҧхаммед, Тҥркiстанда – Қожа-Ахмет, Маңғыстауда – Пiр Бекет!

Тiлегенiм ҥш тiлек, Тiлегiмдi қабыл ет!!!

(Айтуар Ҿтегенов. ―Тіледім тілек‖)

Қорытынды. Сҿз негізінен екі қызметті атқарады коммуникативтік, сигнификативтік. Осы қызметтеріне орай сҿз тілдесу қҧралы жҽне ой мен сананың кҿріну формасы ретінде танылады. Сҿз – бҧл дыбыс, белгілі бір

(7)

мағынаға ие дыбыстар толқыны. Ол біздің миымыздың ең мықты қаруы. Кез келген қаруды жақсылыққа да, жамандыққа да пайдалануға болатыны сияқты, сҿзді де қару ретінде жҧмсауға болады. [3,4]

Тіл - сҿйлесу қҧралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жҥйесі, ал сҿйлеу – ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты ҽрекеттік қолданылымы. Тілдің ҿзінде мағына, ой болмайды, ол тек ойды ҿрнектеуге арналған ҽртҥрлі таңба,белгілердің жиынтығынан тҧрады. Ал осы қордан сҿйлеу ҥшін қажетті белгілі тілдік қҧралдар іріктеліп алынған шақта ғана, ой білдіру мҥмкіндігіне ие боламыз.

Біреуді сендіру немесе қызығушылығын ояту барысында жоғарғы деңгейдегі, ҽсерлік қуаты мол тілдік бірліктердің қолданылуы заңды қҧбылыс. Осы орайда поэзия тілі эмоцияны сездіру, сезім мен жалынды білдірумен қатар, аудиторияны ҥйіріп ҽкету, игеру, иландыру ҥшін таптырмас қҧрал болып табылады. Бҧл поэзия тілінің нейролингвистикалық бағдарламалық тҧрғыдан пайдалану барысында: тыңдаушыға жақындық пен қарап айту, дауыстың қаттылығы, сезімталдық, дауыс ырғағы, кҿпжақтылық сияқты факторлар да ҽсер етеді. Поэтикалық мҽтіндерде қолданылатын лингвистикалық қҧралдардың ішінде хабарламалардың ҧсынымдық жҽне прагматикалық ҽсерін кҥшейтетін трюизмдер, алдын-алу, сҧрақтар мен шартты сҿйлемдерде жасырылған ынталандыру қҧрылымдары ерекшеленеді. Себебі, поэзия тілінде семантикалық қарама- қайшылықтарды, қайталаулар, сондай-ақ символикалық бейнелерді жасауға ықпал ететін тілдік қҧралдар кҿптеп қолданылады. Яғни, поэтикалық тілдің санаға ҽсер ету қабілеті, санаға ҽсер ету ҽлеуеті жоғары.

Ҽйгілі ақын Шҽкҽрім Қҧдайбергенҧлының келесі ҿлең жолдарында:

―Жыр, ҿлең, насихат сҿз, мақал, тақпақ,

Тауып айтса дауасыз дерттің емі‖ деп поэтикалық тілдің қуатты сарыны мен санаға ҽсер ету мҥмкіндігінің меңзеп тҧрғандай.

Қорыта келгенде, қазақ халқы жаратылысынан сҿзге тоқтаған, қара сҿздің қадірін тҥсінген халық болғандықтан, поэзияның адамның сана-сезімін оятуға, болашақ жолын ашуға, кҿгеріп кҿктеуге тікелей ҽсер ететін сҿздің ең асылы, қасиеттісі деп санап ҿлең-жырдың қасиеті мен қҧдіретіне иланған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Аскерова Т.А. Теоретические основы нейролингвистического программирования и роль языка и опыта в его структуре // Научное мнение, 2015, №8, с.110-113.

2 Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік танымдық құрылымдар. // Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. Алматы, 2000, 114 б.

3 Хлыстова А.В. Поэтическая модель подсознательной коммуникаций в лирике Осипа Мандельштама//

Автореферат диссертаций на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Москва, 2007г.

4 С. Шипунов. Энергетика речи. Часть 2. М:2007- 288 С.

5 Кара-Мурза С.Г. Манипуляция сознанием. –М: Издательство – ЭКСМО, 2006 - 832 стр.

6 Боронникова, Н.В. История лингвистических учений. Москва: Директ-Медиа, 2013. – 524 с 7 Смағұлова Г.Н. Кӛркем мәтін лингвистикасы. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 152 б.

References:

1 Askerova T.A. Teoreticheskie osnovy neirolingvisticheskogo programirovania i rol iazyka i opyta v ego strukture // Nauchnoe mnenie, 2015, №8, s.110-113.

2 AKberdieva B. Leksika-frazeologialyK juiedegı miftık tanymdyK Kurylymdar. // KandidattyK disertasianyn Koljazbasy. Almaty, 2000, 114 b.

3 Hlystova A.V. Poeticheskaia model podsoznatelnoi komunikasi v lirike Osipa Mandelstama// Avtoreferat disertasi na soiskanie uchenoi stepeni kandidata filologicheskih nauk. Moskva, 2007g.

4 S. Sipunov. Energetika rechi. ChAst 2. M:2007– 288 S.

5 Kara-Murza S.G. ManipulAsia soznaniem. –M: Izdatelstvo – EKSMO, 2006 – 832 str.

6 Boronnikova, N.V. Istoria lingvisticheskih ucheni. Moskva: Direkt-Media, 2013. – 524 s.

7 Smagulova G.N. Korkem mAtın lingvistikasy. – Almaty: Triumf «T», 2007. – 152 b.

Referensi

Dokumen terkait

В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты сөздігінде өс сөзінің бірнеше мағыналары бір сөзжасамдық ұяда берілген: 1 Өс=ус, 2 өс=ос - өшу, сөну, 3 өс=өз, өзі, сол адамның өзі, 4

Ақынның осы философиялық поэмасында планетадағы бүкіл дүниені, адамзат ұрпақтарын сабақтасқан егіз ұғымдармен баламалап бейнелеуі «Тек көп тамыр таратады-ау адам қан, ал қан да – сол

Өзінің саяси-күрескерлік жолында бұқаралық ақпарат құралын басты қару ретінде ұстанған М.Шоқайдың публицистикалық мақалаларынан басқа өз заманындағы рухтас, ниеттес зиялылармен жазысқан

Ҽрине, бір ғана құс атауы қатысқан ҽн мҽтіні емес, ҽралуан құс атауларына тірек болған бірнеше ҽн мҽтінінің танымдық астарына үңіліп, танымдық талшықтардың тілдік ҽлеуетін былайша

рухани құндылықтарының тірегі;  Орнитологизмдер табиғаттың байлығы, адамның қамқорлығына зҽру, табиғат пен адам арасындағы табиғи теңгерімнің кҿрсеткіші;  Орнитологизмдер дүние

Р.Сыздықтың шешендік ӛнер туралы зерттеуінің тағы бір маңызы мынада болатын: сӛз мәдениеті және оған қойылатын талаптар тілдік қарым-қатынастың нормалары ретінде қаралып, риториканың

Графикалық линвгистиканың негізгі объектілері мен нысандарын зерттеген Т.Амирова тіл біліміндегі жалпы грамматология мәселесі дербес семиотикалық жҥйе ретінде жазудың дамуын,оның

Онда нағыз ӛршіл, рухты мықты, Отанына шын берілген, Отан ҥшін малын да жанын да қҧрбан етуге даяр, тҥрік елінің қайсар, қайтпас ӛр ҧлының бейнесі сомдалған.. Әңгіменің басты кейіпкері