• Tidak ada hasil yang ditemukan

РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ – ПУБЛИЦИСТ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ – ПУБЛИЦИСТ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

М.Б.Шындалиева

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан

РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ – ПУБЛИЦИСТ

Публицистика – жазушыны мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы ғана емес, қоғам, ӛзі ӛмір сүріп отырған орта, онда болып жатқан құбылыстарға, ӛзгерістерге үн қосуы және терең ой қозғап, белгілі бір оқиға, ӛзгерістерге қауымды еліктіре білген жағдайда публицистің шеберлігі танылады. Сонымен публицистика саяси кӛркем проза ғана емес, қаламгердің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді толғайтын қаруы, ішкі, сыртқы саясатқа ӛз кӛзқарасын білдіретін, сол мәселелерді айшықты сӛз кестесімен насихаттайтын құралы. Публицистика ақиқат оқиғаларды ғылыми тұрғыда дәйектеуге, жан-жақты ашып кӛрсетуге де мүмкіндік береді.

Публицистика қоғамдағы жағымды-жағымсыз негіздерді сынауға, кемшіліктерді жоюға, кӛкейкесті проблемалардың шешімін табуға да септегін тигізеді. Ал публицист мақсаты - ӛзі ӛмір сүріп отырған қоғамдағы адамдардың ӛмірін, ғылым мен мәдениеттегі жаңалықтарды, тұрмыс пен моральдың ӛзекті мәселелері туралы салиқалы ой-толғаныс айту. Заман тарихын жазу, ӛмір құбылыстарының шын шежіресін жасау, ӛмір кӛшіне ілесе отырып, ӛз дәуірінің ӛнегелі жаршысы болу да публицистің еншісінде.

Филология ғылымдарының докторы Б.Жақыпов публицистке былай анықтама береді: «Публицистер – осы бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі мазмұндық жағынан байытылып, толығуын, басты, қоғамдық маңызы зор ой, идеяларды күн тәртібіне қоюды жүзеге асыратын адамдар. Бірақ нағыз кәсіби публицист – сонымен бір мезетте танымал журналист болып та қызмет атқара береді» [1,31-32].

Публицистика – кең ауқымды ұғым, белгілі бір оқиғалар мен проблемаларды қозғайтын кӛркем шығармалардың барлық түрінде де публицистика кездеседі. Публицистика сарынында кӛркемдеу құралдары мен публицистикалық элементтер де астасып жататын, ӛзіндік функциясы, құрылымы, формалары бар, белгілі жанрлардың жүйесін құрайтын әдебиет пен журналистикаға ортақ түр.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Р. ҰҒА академигі Р.Нұрғали қазақ әдебиеттану ғылымының күрделі міндеттері мен мәселелері тӛңірегінде сүбелі зерттеу еңбектер жазған, қазақ әдебиетінің қисыны, тарихы, сынына ғылыми салмағы бар, игілікті үлес қосып келе жатқан белгілі ғалымдардың ішіндегі бірегейі. Р.Нұрғали тек әдебиет зерттеушісі ғана емес, кӛркем шығармалар жазған шебер жазушы, кӛркем шығармашылығынан әсте бӛліп қарауға болмайтын белгілі публицист. Р.Нұрғали публицистикасының идеялық та, бейнелеу, тақырыптық та аясы кӛркем шығармаларымен астасып жататын, ӛзекті мәселелерді талдауда, сараптауда дәйектілігімен,

(2)

фактілерінің шыншылдығымен, кӛркемдігімен ерекшеленеді. Автор ӛзінің публицистикасын оқушыға түсінікті етіп, ӛте қарапайым тілде жатық жазады. Ол тек ӛршіл, ӛміршең талдауларымен ғана емес, әділ, сергек, сенімді пікір айтуымен оқушысын тәнті ететін қасиеттерге де ие. «Публицист болашақ шығармасының тақырыбын таңдай білуі керек. Оны дамытып және ӛңдей білуі тиіс. Публицистиканың қандай жанрында шығарма жазғанда да журналист осы үш заңдылыққа сүйенеді. Шығарманың тақырыбы ұнамды, мазмұны тартымды болуы публицистиканың негізгі міндеті» [2,129],- дейді публицистика теориясын зерттеген ғалым Т.С.Амандосов.

1977 жылы «Жалын» баспасынан шыққан Р. Нұрғалидың «Дән» [3]

атты үш циклдан тұратын новеллалар жинағы үлкен идеялық-кӛркемдік жүк арқалаған туынды. Бұл кітап «Жігер», «Алау», «Серпін» деген тарауларға бӛлінген және әр тараудың ӛзіндік ерекшелігі бар. Бірінші тарауда тың ерлерінің қажыр-қайраты, ой-санасы, болмысы суреттелсе, екінші тарауда ӛндіріс саласындағы адамдардың басынан кешкен оқиғалар қамтылып, үшінші тарауда екінші тың еңбеккерлерінің ерен еңбегі, қарапайым еңбек адамдарының тіршілігі, ӛзіндік характері сәтті ашылған. «Дән» жинағының формалық ізденісі мен композициялық құрылымы ерекше және автор тек фактілер мен цифрларды беруді мақсат етпей, болған оқиғаларды қысқа да әсерлі баяндай білгендігімен ұтқан. Осы кітаптың игілікті тұстарына белгілі журналист Жанболат Аупбаев былай деп баға береді: «Дән» новеллалар жинағын оқып шыққанда кӛзге ұрып, кӛкейге ұялайтын нәрсе – оның архитектоникалық құрылымы. Қазіргі очерктер кітабында кӛп ескеріле бермейтін бір тиянақтылықты оның «Жігер», «Алау», «Серпін» атты тарауларындағы публицистикалық пафосқа толы авторлық ремаркалары одан сайын жандандырылып тұр. Біздіңше осы бір шағын творчестволық әдістің ӛзі әйтеуір кітап шығару үшін ғана емес, автордың «Дән» новеллалар жинағын керісінше ұзақ уақыт ойда пісіріліп, терең толғанылып, оқырмандаға ӛзінің жан сыры ретінде ұсынған дүние екендігін аңғартады»

[4]. Расында да бұл новеллалар жинағының мазмұны терең, еңбек жолындарғы адамдардың тағдырын кӛркем суретпен бейнелеген ӛмір деректерін боямасыз шындық тұрғыдан табиғи баяндау тәсілдерін орынды пайдаланған деуге әбден болады.

Атақты комбайыншы Михаил Довжик туралы үшінші новеллада оқиғалар желісі шымыр, қарапайым еңбеккердің тек еңбегін ғана кӛрсетіп қоймай, оның ішкі жан-дүниесі, адамдармен қарым-қатынасы, еңбекқор комбайыншы ғана емес жаңалыққа жаны құмар жан ретінде де кӛрсетеді. Бұл шығармадағы оқиғаның ӛрілуі мен шиеленістің дамуы шындыққа негізделіп баяндалады. Тың тӛсіне қара бидай шығару ниетінің дұрыс шешім тауып, ӛніп-ӛсіп кетуі, басқалардан жасырып егіс алқабының ортасына қара бидай

(3)

егіп ӛз мақсатына жетуі бәрі-бәрі Михаил Довжиктің іс-әрекетттерінің тӛңірегіне жинақталып, оның психологиясын, характерін толық ашуға мүмкіндік жасайды. «Алғаш кездесу, алғаш туған әсер. Довжиктің кӛздері тап-таза екен. Жылылық, нұр атаулының ұясы секілді. Жұмыр денесі салмақты қозғалып, балғын қолдарымен қатты қысып амандасты. Бәрінен де кӛзі, анау тап-таза адал, кӛздері әсер етеді» [3,43],- деген портреттік суреттеуден қарапайым еңбек адамының шын болмысын, азамат дидарының қадыр-қасиетін, сабырлы да толғаулы ақылын кӛруге болады.

Бұл кітапқа филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай былай баға береді: «Рымғали Нұрғалиевтің публицистикалық новеллалар жинағының мазмұны терең. Жастардың әр жылдардағы даңқты дәстүрі, еңбек жолы кӛркем суретпен бейнеленген. Жанрлық ізденістері де ерекше назар аудартады. Тек қана диологке, күнделікке, психологиялық шегініске, интервьюге құрылған новеллалардың мазмұны ғана емес, формалық құбылтулары да жүрекке жылы әсер етеді» [5,99]. «Дәннің»

кейіпкерлерінің басынан кешкен оқиғалар заман, ӛмір жайлы айқын түсінігі бар азаматтар. Оларды қайнаған ӛмір ортасынан кӛре отырып, олардың да қуанып, ашуланатынын кӛреміз. Бұл жинақтағы новеллалар қысқа-қысқа эпизодтардан тұрады, бірде тың тӛсіне, бірде ӛндіріс орындарына, бірде жайлауға алып кететін эпизодтар бірімен-бірі заңды жалғасын тауып, оқыған сайын бір арнадан екінші арнаға жетелеп, қысқа да нұсқа қызықты оқиғаларымен есте қалады. Бұл новеллалардағы кейіпкерлер күнделікті ӛзіміз кӛріп жүрген қарапайым еңбек адамдары, автор сол адамдардың іс- әрекеттерін бейнелегенде ойдан ештеңе қосушылыққа бармай ӛзі кӛрген, ӛзі куә болған оқиғаларды ғана арқау етіп алады. Он тӛртінші новелладағы Қайыркен Байтасов, образы қысқа шрихтермен берілсе де есте қаларлық детальдармен суреттеліп, ӛзі ісіне мығым, кішіпейіл, еңбек сүйгіш, ойлы жан ретінде танылады. «Қайыркен Байтасов оң аяғын шұңқырға тығып алды:

ботинкасының лайын тӛгіп, шұлығын сығып жатыр: дір-дір етеді.

- Қырсыққанда қымыран іриді!

Әлдебір ауырлық, әлдебір ашу буғандай қыстығып тұрған

комбайншылардың ӛңі бригадирдің суықтан тоңып тұрған бақайын кӛрген мезетте, күлкінің бұлаң жымиысымен қызғылт тартты.

- Байқа, бақайсыз қалма!

- Бигадир құлап жатыр, комбайн қалай жүрмек?

- Ӛй, сендер де!... – Қолын бірақ сілтеді. – Жоқтан ӛзгені сӛз қылып...

(4)

Ырду-дырду жӛні ме қазір? Аспанға, анау талағы қарс айырылғалы тұрған аспанға бірдеңе десеңші одан да...» [3,84]. Фашистің оғы түк те қыла алмаған бақайға кыркүйектің сүмелек жауыны не істер дейсің деп Қайыркен әзілін айтып қызу жұмысқа кірісіп кеткендігін жазушы ӛмір қиыншылықтарын кӛп кӛрген кейіпкерінің характерін ашу сәтіне жанды ӛмірдің суретін орынды пайдаланған. Прологтағы комбайыншы Кенжебек Алпысбаевтың бейнесі қысқа-қысқа сұхбат диалогтар арқылы ашылған. Комбайыншының бір сәттегі ӛмірінің ӛзінен еңбек ардагерінің ой-ӛрісін, мінезін сәтті және ықшам бере білген очеркші кейіпкерінің психологиялық құбылыстарын дӛп басқан.

Мысалы, Кенжебек ақсақал мен кемпірі Зағыпыран екеуінің диалогы былай берілген:

« - Әй, шал! Әй, Кенжебек! Немене қыжың-қыжың? Ит басына іркіт тӛгіліп, мілиарт деп дүние шулап жатқанда сен неменеге тарыласың-ей?

Тәубаңды айтып, қол қусырып,, шүкіршілік етіп отырсаң етті. Мына шайтан арбаңды екі ӛкпеге тепкілеп, тағы қайда бет түзедің?

Пулеметтен бораған оқ астында қалғандай Кенжебек жасқанып, бұға берді. Машинаның жабуын ӛзі алып, қораның есігін ӛзі ашты. Тілден қалған адам секілді. Кешеден бергі тұтанып жүрген ашуы су сепкендей басылды.

«Москвичті» от алдырып, жүруге бет бұрғанда кемпірі:

- Оразаңды ашпайсың ба? – деді, татулыққа шақырған үн бар» [3,8].

Осы үзіндіден жетпістен асса да қайраты Кенжебек ақсақалдың қайраты қайта қоймаған, мазасыз шағы сәтті суреттелген. Ӛмір бойы жұбы жазылмаған кемпір мен шалдың мінездері осы қысқа диалог арқылы әдемі ашылған. Мұнда хабарламалық сипатпен қоса адам кӛңіл-күйі, мінез- құлқынан да елес бере отырып, жазушы жан-жақты нақышпен сол кезеңнің ортақ ісін қадірлеушілік, қоғамдық борышқа адалдық сияқты идеалдарын да оқушы алдына жайып салады. «Дән» кітабында диалогтарға кӛп орын берілген, әрбір кейіпкердің ойы мен сезімі, кӛңіл-күй толқындары осы диалог арқылы сомдалып, әр қаһарманның мінезі нанымды суреттеледі. Бұл туралы белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов былай дейді: «...Еңбек адамдарының тың игерудегі ерлік істерімен қоса олардың арасындағы психологиялық тартыстар, қиыншылықпен бетпе-бет кездескендегі характерлері әр новелланың оқиға ӛзегіне арқау болған. Бұларда сен ӛзің жүздесіп, сырласқан, зерттеген адамдарыңның ӛмірінен үзік сыр шертесің. Сӛйтіп, жүректі бір шым еткізіп барып, екінші ӛмірдің ӛзегіне қарай кӛшесің» [6].

Ӛмір жайлы ӛзіндік түсінігі бар, еңбек қадірін білетін Р.Нұрғали кейіпкерлері

(5)

бірде қуаныш, бірде реніш үстінде суреттеліп, адам ӛмірінің қайшылықты болмысын жан-жақты ашып беруге арналған.

Үш циклдан тұратын бұл новеллалар жинағының қаһармандары

Кенжебек ақсақал, Константин Топалов, Ыдырыс Нұрбаев, Владимир Лазерец, Тасболат Сырғабаев, Мереке Аяпбергенов, Ӛтеубай Шәкеев, Сәкен Ыдырысов т.б. бірін-бірі толықтырып, бір мақсат жолында еңбек етіп жүрген замандастар екенін бір новелладан екінші новеллаға ауысып отырғанда байқаймыз. Бұл кейіпкерлер бірін-бірі толықтырып, ӛзара үндес, үлкен ӛмір жолында қатар келе жатқан азаматтар. Бір-біріне ұқсамайтын бұл кейіпкерлер әр новеллада жаңа қырынан танылып отырады, тың игеру кезеңіндегі ірі оқиғалары да тыңғылықты қамтылған бұл кітапта ой мен характерлер ашудағы автордың тіл шеберлігін байқау қиын емес. Бейнелі сӛздер мен жеңіл оқылатын оралымдар, образды теңеулер де молынан кездеседі. «Жігердің» бесінші новелласындағы: «Ала кӛбеде оянған Мұраттың денесі сәл тоңазып, дірілдегендей болып тұрды да, кішкенеден кейін жазылып сала берді. Дала қосының іші ақайранданып, қисық кӛлеңке құлап жатыр. Танау пысылдайды, сірә, осы дәу де болса батыр ұйқы тракторшы Ғазиат Ақаевтың мұрны болар» [3,52]. Жаны бар сурет пен адамның мінезі оның еңбектегі белсенділігі, адам мен табиғаттың байланысы әдемі кӛмкерілген. Жан-жақты зерттелген деректі материалдар автордың есте қаларлық образдар жасауына мүмкіндік берген. Мысалы, он сегіз жастағы Мереке Аяпбергеновтің іс-әрекеті, оның болашақта бір жақсы басшы бейнесінде автордың кӛз алдына елестеуі, ӛсіп, ӛркештеніп кететіні туралы жорамалдар жас басшының жігері мен еңбекке деген белсенділігінен кӛрінеді. «...Мерекенің бастықпаған, табанының бұдыры таймаған жас та болса асау жүрегі шын қалауын тапқандай, диқан кӛңіліне, іс жүлгесіне тура жол іздеп қысқа күнде қырық тӛңкеріледі» [3,58] деген жолдардан жас Мерекенің ой-ӛрісі мен мінезін, қиялын, мінезін бейнелейтін сәтті дӛп басқан, психологиялық құбылыстарды беру арқылы оқырманды еліктіреді.

Қорыта айтқанда Рымғали Нұрғалидің публицистикалық шығармаларының тілі шұрайлы, теңеулері астарлы ойға толы, табиғат пен адам бейнесі қатарластырыла суреттелген, қаламгерлік шеберлігі нақты суреттер арқылы кӛрінеді. Деректі шығарма жазуда публицистен үйренер жайттар мен үлгі алуға үндейтін тұстар баршылық.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004.

2. Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978.

3. Нұрғалиев Р. Дән. – Алматы: Жалын, 1977.

(6)

4. Аупбаев Ж. Жүректің сӛзі - ӛмірдің ӛзі. // Білім және еңбек. 1978.

№11.

5. Жұртбаев Т. Жүрекке тұнған сыр. // Еңбек туы. 1978. 6 қыркүйек.

6. Нұршайықов Ә. Деректі кітап дидары. // Қазақ әдебиеті. 1978. 31 наурыз.

Referensi

Dokumen terkait

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан 2Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ НЕГІЗІНДЕ

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын Жиілігі: жылына 4 рет Редакция мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қ., Қаныш

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын Жиілігі: жылына 4 рет Редакция мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қ., Қаныш

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультеті Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесімен бірлесіп ЕҰУда Астана қ.. Сәтбаев көшесі, 2 үй 2018 жылдың 29 тамызында

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан, E-mail: [email protected] XIII-XIV XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ САРЫАРҚАНЫҢ ОТЫРЫҚШЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан 2Әлихан Бөкейханов университеті, Семей қ., Қазақстан ТЕМІР ЖоЛ кӨЛІГІНДЕГІ ТРАНЗИТТІк ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ИННоВАцИяЛЫҚ

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті., Астана университеті, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институты Ғылыми

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан 2Томск мемлекеттік университеті, Томск, Ресей 3AgroShield ЖШС, Алматы, Қазақстан 4Астана медицина университеті,