• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сабақ барысыСабақкезеңдеріЖоспарланған іс-әрекетРесурстар

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Сабақ барысыСабақкезеңдеріЖоспарланған іс-әрекетРесурстар"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: ЕСЕТОВА ЛАЗЗАТ ДУЙСЕНКЫЗЫ Пән: Өзін-өзі тану

Сынып: 3- сынып

Бөлім: Ынтымақты отбасы

Тақырып: Бастаулардың бастауы...

Мақсаты Оқушыларға туған үйі бәрінен ыстық болатыны туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілікке құндылығының мәнін ашу

Міндеттері 1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы барлығына  мейірімділікпен қарау керектігін түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, отансүйгіштікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.  

Құндылығы Сүйіспеншілік

Қасиеттері мейірімділік, отансүйгіштік, жанашырлық

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(2 минут)

5 Т – ережесі

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.  

Жағымды күйге келу.

(3 минут)

«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бі рзатты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, соларорын

ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалукерек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады  

Үй тапсырмасын тексеру

(5 минут)

1. №11 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. №12, «Үйді сағындым» мәтінін оқып келу..

Сұрақтар:

1. Қасымды ата-анасы кімнің үйіне апарып тастайды?

2. Қасым үйін сағынды ма?

3. Кіммен еріп кетіп қалды Қасым?

4. Адам туған үйін үнемі сағынып тұруының себебі неде?

5. Туған үйлерің несімен ыстық?

6. Өзің туған үйіңді не үшін жақсы көресің?  

2. Сабақтың дәйексөзі.

(3 минут)

Отбасы – жылылық ұясы       Мақал Сұрақтар:

1. Туған үйге сүйіспеншілігіңді қалай білдіресің?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?   

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар 3. Оқиға айту

(Мұғалім сыйы).

(10 минут)

       Асығыс үкім

Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен.

Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу

сақтандырғышты өшіріп қойған екен. Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді. Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды.

Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді: - Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін! Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді. Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де

тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп - қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»

Сұрақтар:

1. Электр қуаты неліктен өшіп қалды?

2. Әкесі не байқап қалды?

3.Баланың әрекетін қалай атауға болады?.

4. Баласы неліктен осындай әрекетке барды деп ойлайсыңдар?

5. Мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін не істеу керек?

6. Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?  

Мөлдір бұлақтан. Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған хрестоматия. I-II том//

А.Қ.Рысбаева, А.И.Ахметова, Б.Ш.Алиев,Н.А.Аринова, Е.Бақаш. – Алматы, «Бөбек» 

4.

Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

(10 минут)

Оқушылар үш топқа бөлінедіі.

Тапсырма: Суреттерге қарап, әңгіме құрастырыңдар. 60 – бет. 4 – тапсырма  

Оқулық

(3)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар 5. Топпен әнайту.

(4 минут)

Бота Бейсенова «Анажаным»

Анашым анажаным Аялы алақаның Есейіп кетсем дағы Мен сенің балапаның  Анашым анажаным Мейірбан балажаным Бақытым емеспеді Өмірді сыйлағаның Көңілің күндей Өмірің гүлдей Жадыра гүлдей Жан анашым Осы әнді сізге Арнаймыз бізде Келіңіз жүзге Жан анашым Бойыңда мен сүйетін Көп сенің қасиетің Аяулы перзентіңмін Алдыңда бас иетін Балаймыз бағымызға Арайлы таңымызға Аман боп жүре бергін Анашым жанымызда Көңілің күндей Өмірің гүлдей Жадыра гүлдей Жан анашым Осы әнді сізге Арнаймыз бізде Келіңіз жүзге Жан анашым  7. Үй тапсырмасы

(2 минут)

1. №12 – сабақ.6 – тапсырманы орындау. 2. №13, «Біздер сәлем береміз»өлеңін оқып келу.  

8. Сабақтың қорытынды сәті.

(1 минут)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. 

Referensi

Dokumen terkait

Атап айтқанда, "Ӛткен күн" атты ӛлеңінде Еділ мен Ертістің арасын жайлаған қазақтың бір кездегі жайнаған даласы мен кӛкорай шалғынды жайлауын, айна кӛлдері мен алаңсыз күн кешкен

Балалар музыка, сурет, хореография және басқа мектептер мен қосымша білім беретін мекемелер 20 минут кӛлемінде кӛлікпен қолжетімді жерде орналастырылады.. Таңдалған ӛнер саласындағы

күндер саны Текелі қаласындағы орташа жылдық тұманды күндер саны 21, ал ең көп тұманды ай наурыз – 4 күн, қазан-қараша айларында – 3 күн, ең аз күндер шілде-тамыз – 0,5 күн болып

Әлеуметтануда көптеген зерттеулер Еуропа- дағы, соның ішінде Орталық және Шығыс Еу- ропадағы әйелдердің бала туу мәселелерін қа- растырды Spéder, 2014: 503-507, ерлер мен бала

Қазақ халқының таным-түсінігінде уақыттың қайталанатыны, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысып отыратын құбылыс екені тарихи жыр мәтіндерінен алынған тілдік бірліктер арқылы

Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші мына жағдайларда, егер: 1 істі бұл істі қарауға құқығы жоқ судья қараса; 2 сот, істі сот отырысының уақыты мен орны хабарлан- баған, іске қатысушы

Ауаның ағыны концентраторға түседі және шатыр мен конустың арасында қисықсызықты бағыттаушы қабырғаларды жағалай қозғалады.. Күн энергиясының әсерінен шатыр мен құбыр қызады, сол

Кез келген уақыт аралығында классикалық шешімнің бар болуы мен шешімнің жалғыз болуы туралы теоремалар дәлелденген және -дағы шешімнің асимптотикалық жағдайы зерттелген.. Есептің