• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сабақ барысыСабақкезеңдеріЖоспарланған іс-әрекетРесурстар

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Сабақ барысыСабақкезеңдеріЖоспарланған іс-әрекетРесурстар"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Жалгасбаева Лайла Елемесовна Пән: Дүниетану. Тарих компоненті Сынып: 3-сынып

Бөлім: Су - тіршілік көзі

Тақырып: Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

 3.2.3.1 табиғи жағдайларға байланысты адамдардың қоныстануын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)

Сабақтың мақсаты:  Оқушылар - табиғи жағдайлардың адамдардың қоныстануына әсерін анықтау.

Тілдік мақсаттар:  Оқушылар:-ежелде адамдар қайда көбірек қоныстанғандарын әңгімелейді; Терминология: Тау етегі;

Өзен; Көл. Талқылауға арналған сұрақтар: - Неге адамдар қоныстану үшін өсімдіктерге бай және жануарларға мол орындарды таңдаған? Жазуға арналған сұрақтар: -«Қайда өмір сүрген керемет?»

тақырыбына эссе жазу.  

Күтілетін нәтиже:  Оқушылар:-су нысандары (көлдер, өзендері және т. б.) жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; - тау баурайында, төбешіктер жанында

орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; -Ұлы Жібек жолы және оның адамдарды қоныстандырудағы маңызы туралы біледі; -Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; - адамдардың қоныстану себептерін атайды;  

Бағалау критерийлері:  Оқушылар:-су нысандары (көлдер, өзендері және т. б.) жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; - тау баурайында, төбешіктер жанында

орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; -Ұлы Жібек жолы және оның адамдарды қоныстандырудағы маңызы туралы біледі; -Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; - адамдардың қоныстану себептерін атайды;  

Құндылықтарды дарыту:

 Қарсы пікірді талқылау кезінде бір-біріне деген құрмет мейірімділік қарым-қатынас қалыптасады.

Патриоттық сезім өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу арқылы дамиды. 

АКТ-ны қолдану дағдылары:

 Интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс:  Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын дамыту; Картамен жұмыс

Бастапқы білім:  Оқушылар 1 сыныпта « Дені саудың- жаны сау» тарауында су ресурстарының адам өміріндегі қолданылуымен, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың маңыздылығымен танысты. 3 сыныпта «Жанды табиғат» тарауынан климаттың негізгі түрлерін, табиғи жағдайларға байланысты адамдарды әркелкі қоныстануын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

(2)

Сабақтың басы  1. Миға шабуыл (топта) Түрлі табиғи белдеулердің суреттер топтамасы ұсынылады. - Экваторлық белдеу (Оңтүстік Американың солтүстігі, Африка орталығы, Еуразияның шеткі оңтүстігі) - Тропикалық белдеу (Еуразия, Солтүстік Америка, Австралия, Оңтүстік Америка) - Қоңыржай белдеу (Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка) Қазақстан қоңыражай климаттық белдеуде орналасқан. Жылдың барлық маусымы айқынкөрінеді.

- Полярлық белдеу (Антарктида, Арктика мұхиты) Оқушыларұсынылған белдеудің табиғатын (рельеф, климат және т. б.) сипаттайды,осы белдеудің табиғи жағдайларының адамдардың өмірі мен қызметінеәсері туралы айтады. 2. «Волейбол» стратегиясы ( ұжымда) Талқылау үшін сұрақтар: - Қандай негізгі климаттық белдеулер бар? - Әрбір климаттық белдеудегі табиғи жағдайлар қандай? - Қандай климаттық белдеуде адамдар қуана қоныстанар еді? - Ертеде адамдар қандай жерлерде, қай аймақта қоныстанды? Ол аймақтың оңтүстігі мен солтүстігін таңдау себебі неде? - Не себепті адамдар өсімдіктері бай және жануарлар әлемі мол мекендерді таңдады? 3. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда) • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады • Сабақ мақсаты ұсынылады: - табиғи жағдайлардың адамдардың қоныстануына әсерін анықтау.  

Сабақтың ортасы  4. Тақырып бойынша кіріспе "Адамдардың қоныстануы және Жер халқының өсуі" атты бейнематериалдың көрсетілімі Талқылау үшін сұрақтар: - Алғашқы адамдар қайда тұрды? - Бұл табиғи жағдайларға байланысты болды ма? - Неге адамдар су жанында қоныстанды? - Неге адамдар таудың етегінде, төбенің жанында өмір сүрді? Әңгімелесуден қорытынды жасалады. 5. «Картамен жұмыс» тапсырмасы (жұппен) Қала типтес кенттер мен қалалардың атауы жазылған Қазақстан картасы көрсетіледі. № 1 тапсырма. Картадан өзендердің (көлдердің, теңіздердің) атауымен немесе "су" сөзімен байланысты қалаларды табыңдар. № 2 тапсырма. Картадан атаулары «тау», «төбе» сөздері кездесетін қала және ауылдарды көрсетіңдер. Оқушылар жұппен жұмыс істейді және таратпа материалда атауларды тауып белгілейді. Оқушылардың жауаптары ұжымда талқыланады және соңғы нұсқасы дәптерге жазылады. Бағалау критерийлері: -су нысандары (көлдер, өзендері және т. б.) жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; - тау баурайында, төбешіктер жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді. 6.

Мұғалімнің сыйлығы «Ұлы Жібек жолы» Бейне тосын сый 3.28 Ұлы Жібек жолы - Шығыс пен Батысты біріктірген орасан зор сауда бағыты. Оның ұзындығы 12 мың шақырымды құрады, сауда керуенінің бағыттарының бірі Оңтүстік Қазақстан аумағынан өтті. Бағалау критерийлері: - Ұлы Жібек жолы және оның адамдарды қоныстандырудағы маңызы туралы біледі. 7.

Картамен жұмыс (жұппен) жалғасы Қазақстан картасы бойынша жұмысты жалғастыру. Тапсырма № 3. Картадан елдің оңтүстігіндегі көне қалаларды табыңдар: Түркістан, Шымкент, Тараз Алматы. Неге олар осы өңірде пайда болған? Оқушылар Жібек жолының сызбасына сүйене отырып жұппен жұмыс істейді. Жауаптар дәптерге жазылады және басқа жұппен бағаланады. Бағалау критерийлері: - Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді.   

Сабақтың соңы  1. «Сондықтан ...» стратегиясы (жеке) Оқушыларға 3 тұжырымды аяқтау ұсынылады: * Өзен-тіршілік көзі, сондықтан.... * Адам ежелден таудың жанында қоныстанған, сондықтан қазір де ... * Ежелде еліміздің Оңтүстігінде Ұлы Жібек жолы өтті, сондықтан... Бағалау критерийлері: - адамдардың қоныстану себептерін анықтайды.  

Рефлексия  Рефлексия «Менің пікірім» Оқушыларға таратпа парақтар таратылады.

Блогер ретінде сабаққа пікірлер жазу ұсынылады. Сабақ маған ұнады ...

Тағы қалар едім... Рахмет айтқым келеді...  

Дүниетану  

Referensi

Dokumen terkait

Екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелейді Бағалау критерийлері: Тең жиындарды анықтайды Жиын бөлігінің қосылуы мен жойылуын қолданады Құндылықтарды дарыту:

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 9.1.2.1 өнер туындыларының тарихи және мәдени шығармаларындағы материалдар мен стильдерді жариялауда көпшілік назарының әсерін қарастыра

Автор: Тасбауова Сандугаш Койшыбаевна Пән: Биология Сынып: 7-сынып Бөлім: Су және органикалық заттар Тақырып: Жапырақтың құрылысы мен қызметі.. Жапырақтың ішкі

Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы тақырыбында “Джиксо” әдісі арқылы топтасып жұмыс жасату: Топтық жұмыс 1топ Cарматтардың шаруашылығын және қоғамдық құрылысын

Өсімдік жасушасы мен жануар жасушасының ашылу тарихы және қызметі,құрылысының ерекшелігін салыстыруға үйрету Бағалау критерийлері: Жасушаның құрылысымен, жасушаның негізгі қасиеттерін

Бағалау критерийлері Дескриптор - Цинь империясының қалай құрылғандағын есте сақтайды; - Цинь Шихуанди императордың жүргізген саясатымен танысады және бағалайды; - Ұлы Қытай қорғаны мен

Кейбір оқушылар: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептің программасын құрады және нәтиже шығарады; Тілдік мақсаттар: Пәнге қатысты лексика мен

-Жасуша мембранасы мен плазмалемма жайлы ақпарат беру -Өсімдік жасушасы мен жануар жасушасының ашылу тарихы және қызметі, құрылысының ерекшелігін салыстыруға үйрету Сабақ барысы