• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сабақ барысыСабақкезеңдеріЖоспарланған іс-әрекетРесурстар

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Сабақ барысыСабақкезеңдеріЖоспарланған іс-әрекетРесурстар"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Туребекова Молдир Жантаевна Пән: Дүниежүзі тарихы

Сынып: 10-сынып

Бөлім: Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери-саяси оқиғалар

Тақырып: Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

10.3.2.4 -халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау; • 10.3.2.5 -тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта – ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдау   

Сабақтың мақсаты: Ұлы қоныс аударудың себептерін және оның әлем тарихын дамытуға әсерін талдайды Тілдік мақсаттар: Мәселе және оны шешу туралы өз пікірін білдіреді

Бағалау критерийлері: Халықтардың ұлы қоныс аударуының себептерін атайды және талдайды Халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларына дәлелдер келтіреді;  

Құндылықтарды дарыту:

Еркіндік, теңдік, ұлттық сана, патриотизм, ізгілік, жаһандану, төзімділік.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Ғаламтор желісінен іріктеу материалдарын табу

Пәнаралық байланыс: Географиямен пәнаралық байланыс болуы мүмкін

Бастапқы білім: Оқушылар сондай-ақ қазіргі әлемдегі проблемалар мен олардың ұзақ мерзімді себептері арасында байланыс жасай алады. Олар мұны 6-7-сыныптағы Қазақстан тарихынан халықтардың ұлы қоныс аударуы туралы білімдермен байланыстырады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 мин)

(БЫМ) мұғалім ғұндар бейнеленген слайдты және оған қойылатын сұрақтарды көрсетеді: Ортағасырлық дәуірдің басы қандай оқиғаларға байланысты? (жауап: халықтардың ұлы қоныс аударуымен) Бұл оқиғаның басталуына қандай халық түрткі болды? (жауап: Ғұндар )  

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың ортасы

(25 мин)

 (М/С) (ф) мұғалім сыныпқа сұрақ қояды: Неге ежелгі адамдар көшіп-қонып жүрген? және олардың гипотезалар ұсынуын өтінеді.

\Тақтаға олардың жорамалдарын (3-4-тен кем емес) жазады. Оқушылар шамамен мынандай гипотезалар ұсынуы мүмкін:

• Халықтардың орын ауыстыруы азық-түлік іздеуге, малға арналған жаңа жайылымдарды іздеуге байланысты болды.

• Жаңа дәуірдің алғашқы жылдарында Азия кеңістігіне көшкен тайпалардың белсенділігі күшейе түсуде.

• Бұл белсенділік табиғи құбылыстармен түсіндіріледі.

• Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында мал шаруашылығының

құлдырауына алып келген себеп бұл құрғақшылық салдарынан даланың құрғап кетуі болды.

Жұптық жұмыс: " Халықтардың ұлы қоныс аударуын тудырған себептер»

мәтінін оқыңыз (ресурс 1)– сіздің гипотезаны растайтын фактілерді табыңыз. Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін, мұғалім слайдтағы фактілерді көрсетеді:

• Біздің дәуіріміздің 4 ғасырында күн күрт суытты, бұрын континенттік климаты бар аумақтарда тұрып жатқан этностар өмір сүруге қолайлы аудандарды игеруге мәжбүр болды.

• Қазіргі Италия, Франция және Англия жерінде боран және су тасқындары болып тұрды. • Орталық биліктің әлсіреуі және армияның іс-әрекетке қабілетсіздігі салдарынан Рим империясының құлдырауы

басталды,шекаралық аудандарға көршілес халықтар қоныстана бастады.

• Скифия мен Сарматиядағы демографиялық жағдай жақсарды, себебі,Солтүстік Қара теңізімен және Жерорта теңізімен сауда

байланыстарын дамытудың арқасында бұл жерлер өмір сүруге неғұрлым қолайлы болды, бұл халықтың өсуіне әкелді..

• Мемлекеттіліктің пайда болуы, жаулап алуға ұмтылу тайпалардың одақтарға бірігуінен туындады.

• Орта Азиядан ғұндардың басып кіруі.

Топтық жұмыс: зерттеу "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" ресурсын зерттеңіз: ЭТНИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК, САЯСИ САЛДАРЛАР".

• Бағалау критерийлері: PEST (STEP) талдау жасаңыз

• Карталарды салыстырыңыз( ресурс 3), Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз  

Сабақтың соңы (5 мин)

Рефлексия:Қорытынды жаса және сөйлемді аяқта:

 Халықтардың ұлы қоныс аударуының салдары мынандай…» Сұрақтарға жауап бер:

 Қай кезеңді халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды?

 Халықтардың ұлы қоныс аударуына қандай тайпалар қатысты?

 Халықтардың ұлы қоныс аударуының оң және теріс салдарын атаңыз?    

Referensi

Dokumen terkait

Автор: ЖҰМАҒАЛИЕВА НҰРГҮЛ НҰРЖАНҚЫЗЫ Пән: Математика Сынып: 4-сынып Бөлім: Көбейту мен бөлудің ауызша амалдары Тақырып: Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша бөлу/ Ерте

Автор: Сахиева Шынар Жолдасбековна Пән: Дене шынықтыру Сынып: 4-сынып Бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері Тақырып: Гимнастикалық құралдарға бағытталған тапсырмалар нығыздалған

Автор: Балмұқанов Нұрболат Қобыланұлы Пән: Көркем еңбек Сынып: 9-сынып Бөлім: Дизайн және технология Тақырып: Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың имитация немесе өз идеялары нобайы,

Автор: Кабдыкаримова Мадина Танатовна Пән: Алгебра Сынып: 7-сынып Бөлім: Қысқаша көбейту формулалары Тақырып: Екі өрнектің қосындысының кубы мен айырымының кубы формуласы Оқу

Автор: Досмухамбетова Динара Булатовна Пән: Физика Сынып: 8-сынып Бөлім: Тұрақты электр тогы Тақырып: Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы

Автор: Абугалиева Жазира Сериккалиевна Пән: Физика Сынып: 8-сынып Бөлім: Жарық құбылыстары Тақырып: Көз - оптикалық жүйе, көздің көру кемшіліктері және оларды түзету Көз - оптикалық

Автор: Дынбаева Салтанат Ивановна Пән: Математика Сынып: 1-сынып Бөлім: Уақыт түсінігін зерттеу Тақырып: Апта күндері Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 1.1.3.5 Уақыт

Автор: Жанбауова Маруан Сакеновна Пән: Алгебра Сынып: 7-сынып Бөлім: Қысқаша көбейту формулалары Тақырып: Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру Оқу