Орманова Ш.Ш., з.ғ.к. мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының доценті
САЛЫҚ ЗИМАНОВ: ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, ХАЛҚЫН СҮЙГЕН ҚАЙРАТКЕР
Қазақ халқының маңдай алды азаматтарының бірі Салық ағамыз жӛнінде жазу туралы тапсырма алғанымда ӛз-кӛзім ӛзіне сенбеді. Бұл, менің ӛмірімдегі бақытты шақтың бірі деп бағалаймын. Ағамыздың ӛмірін қағазға түсіру ӛжеттілікті, қайсарлылықты қажет етеді. Ең алдымен, ағамызбен талай істің басында бірге болған, ӛткен ғасырдың 90-ыншы жылдары Қазақстан Республикасының жеке, тәуелсіз мемлекет болып құрылуының конституциялық-құқықтық бастауларын жасауға тізе қосып атсалысқан Хабылсаят Әзімбайұлы Әбішевпен Салық ағамыз туралы сұғбаттасып, бірнеше мәліметтер алдым1.
Салық Зимановтың ӛмірін сараптау арқылы ӛмір-жолын, ғылыми- қоғамдық еңбектерін зерделей отырып мынадай сан құрылымнан тұратын Зиманов феноменін қалыптастыруымызға болады. Кезінде заң ғылымдарының докторы, профессор С. Ӛзбекұлы Созақбаев Салық Зимановтың тұлғалық қасиеттерін аша келе оның жеті феноменін кӛрсеткен болатын [1]. Профессор С. Созақбаевтың кӛрсеткендерін жалғастыра келіп, ойы терең, кӛргені кӛп, кӛрегендігі де кенде емес Салық Зимановтың қатпарлы жақтарының тағы бір тұсын ашуға иек артып отырмын. Ол, біріншіден, қазақтың дәстүрлі заңы мен қазіргі құқығының арасын ұштастыра келіп, жаңа қазақи тарихи-құқықтық теориялық тұжырымның бастауы болып отырған Зиманов феномені. Екіншіден, Зимановтың қазіргі құқықтық саладағы ұлттық мүддені кӛздей білуі, яғни, қазақи құқықтық патриотизмі.
Қазақтың тарихи-құқықтық теориялық тұжырымға мысал ретінде соңғы жылдары Салық ағамыз бас болып кӛтеріліп жатқан әділсот – қазақтардың билер сотын жан-жақты: теориялық-ғылыми, заңнамалық- практикалық жандандыру. Билер соты институтын қалпына келтіру, меніңше, сот-құқыққорғау жүйесін түпкілікті реформалалауға және оған адами бет-перде беруге ықпал етері сӛзсіз.
Салық ағамыздың бұл ісі 1991 жылы 17 желтоқсан күні Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына арналған митингте жиналған сан мыңдаған адамның алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, халқымыздың Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарапынан ӛз қолдауын тапты. Президент:
«Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді.
Міне енді сол күнге де жеттік. Қуанышымыз ұзағынан болсын ардақты ағайын! Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ
1 Хабылсаят Әбішев Салық Зимановпен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымында депутат болды. Салық Зимановтың ғылымдағы жолын қуушы оқушысы.
елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын кӛре алмай ӛмірден ӛткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын. Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артары мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек»,- деп толқи сӛйлеген болатын» [2].
Салық Зиманов туралы айта келе академик А.Қ. Қошанов оның феноменінің негізі, бастауы неде, қайдан деген сауал туады: қабілетті жас ғалым жүре білімдар болды ма, әлде тума дарын ба деген сұрақ қояды. Ол сұрақтың жауабын белгілі академик Нарын, Тайсойған құмдарынан іздей келе: «дүние есігін ашып, балалық, жастық шағы еліміздің қиындық-трагедия мен пафосқа толы жолдарына сәйкес келіп, орта білімді алар-алмастан соғысқа аттанған жеткіншектің ӛмірге талпыныс, талаптан басқа мүмкіншілігі шектеулі болғаны сӛзсіз. Майданда жан-пида ерлік кӛрсетіп, 22-23-те майор, артиллерия полкінің командиріне дейін кӛтеріліп, жоғары білімді соғыстан қайтқасын тәмәмдап ғылымдағы үлкен жолың Салық Зимановтың 50 ж.ж. басында бастады. Жарты ғасыр ішінде аты мәшһүр академик дәрежесіне кӛтеріліп, ғылымда ғасырлар қойнауынан сыр тартып, айтулы жаңалықтар ашып, бүгінде халқымыздың, еліміздің егемендігінің ғылыми негізін қалаушылырының бірегейі, кӛш бастаушысы. Бұл бір адамның маңдайына дари бермейтін құбылыс, тағдырдың сыйы. Салық Зиманов бүгінде осыған ие. Ол тындырған істер әрдәйім әлеуметтік деңгейі мен сонылығы, қай тақырыпта қалам тартпасын ғылыми дәлелдер мен ұмтылыс бағдарға толы зерттеулерінде туған халқының болмасы мен болашағын кӛксейтін тұжырымдар, тереңдігі жағынан не бір жоғары мінбелерден мен мұндалап, небір қаскүнем, қара ниеттерді имендірген. 1987 жылдың кӛктемінде Ғалымдар үйінің үлкен залында Г.Колбин бастап бүкіл Орталық комитеттің аппараты қатысқан идеология мәселесіне арналған конференция ӛтті. Қазақ зиялы қауымның маңдай алды ӛкілдері қатысты.
Мәселе – қазақ халқына тағылған имендіріп, дәлелдеу еді», - деп кӛрсетеді академик А.Қ. Қошанов. Одан әрі Салық Зимановтың жиналыста ВКП (б) тарихында орын алған поляк социал-демократтары мен еврей «Бунд»
партиясына тағылған ұлтшылық айптарын сынға ала келіп, бүкіл халықты ұлтшыл деп қаралауды қазіргі партия басшыларының теориялық дәрменсіздігін, халықтар бірлігіне қағылған қауіпті сына екенін, қазақ халқының алдағы уақытта да ӛз сағын сындырмай, биік ұстанатынын паш еткенін мысал етеді [3].
Бұл жолдар ішінде академик А.Қ Қошанов Салық Зимановтың сан- қырлылығымен қатар оның оратор-шешендігін, білімділігімен қатар эмоцияға, керек жерінде пафосқа толы келбетін кӛрсетеді. Жалпы халқымызға тән қасиет шешендік дәстүрмен қатар оның ашық дидактика, софистиқаға ұрынбай, жаналық, ғылымға, аргументке, эрудицияга негізделген ораторлық шеберлігіне тәнті етеді.
Заң саласы, оның философиясында қалыптасқан кӛне грек, римдік дәстүрімен қатар, қазақ топырағындағы әділдік, ұштылық, ӛткірлік пен тапқырлық Зимановтың дүниеауи шеберлігін қалыптастырғаны сӛзсіз. Салық ағамыздың ұлттық құқықтық мәдениетіміздің ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашуы оның бірнеше жүздеген фундаменталды еңбектерінде жарық кӛрді. Соның бірегейі: «История государства и права советского Казахстана» [4], «Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов» [5], «Россия и Букеевское ханство» [6], «О политическом строе Букеевской орды» [7], «Политические взгляды Ч.
Валиханова» [8], «Общая теория прав и ее место в курсе теории государства и права» [9], «Теоретические вопросы советского национально- государственного устройства» [10] және басқа да еңбектері.
Салық Зиманов ӛзінің еңбектерінде бұл мәселеге тек танымдық қана мәні бар деген кӛзқарас тӛңірегінен қарап, сӛйтіп оның тарихи контексіне ден қоюмен ғана шектелмей, құқықтық мәдениетіміздің болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя білді. Ал, бүгінгі түбегейлі ӛзгеріс заманында сан ондаған жылдар ішінде бойына сіңіргенін топтамалап, жанына тарихи құқықтық сананы сіңірушілер мен қазақы құқықтың тарихын зерттеушілерді ерте келе қазақша, орысша, түрікше, ағылшынша «Қазақтың ата заңдары:
Құжаттар, деректер, және зерттеулер - Древний мир права казахов.
Материалы, документы и исследования» атты, таста алтынға тең, аста бидайға тең, құндылығы жағынан еш ӛлшемсіз 10 томдықты шығарды.
Салық Зимановтың Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары халқына, еліне, жеріне, ұлтына атқарған қызметі ӛнегелі елдің ұрпағы үшін ӛрісіне түркі боларлық дүние.
Ӛткен ғасырдың 90-жылдары Салық Зиманов Жоғарғы Кеңестің депутаты ретінде, оның комитетінің Тӛрағасы, Конституцияның жобасы бойынша комиссияның мүшесі ретінде ӛлшемі шексіз еңбек етті. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы,
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Конституциялық заңы, «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын ӛзгерту туралы», «Тіл туралы» заңдар және ӛзге де мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің, елдіктің бастауы болған актілердің қабылдануына жігерлі еңбегі мен қажырлы қайратын қосқаны белгілі. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы»
Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Ӛйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат еді. Сондықтан да егемендік туралы Декларация кейін 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің негізі «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңынан терең үндестік тапты [11].
Мемлекеттік тәуелсіздікті жариялай отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жоғарыда аталған конституциялық заңда Қазақстан Республикасының «ӛз аумағында билік жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын ӛз еркімен айқындайтын, және де барлық елдермен қарым- қатынасын халықаралық құқық принципінде жүзеге асыратын» Қазақстан Республикасының «тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет»
екенін кӛрсеткен болатын. Осы жолдардың пайда болуына заңгер ретінде Салық ағамызда қатысты.
Сұрапыл майданды кӛрген ағамыз ештеңден қорықпастан еліміздің тәуелсіздігіне қарсы, момын халқымыздың қиуын қашыруға дайын кейбір элементтермен де белін шеше күресті. 1995 жылдары елімізді жағалай жайлаған тартыстардың кезінде, республикалық ірі басылым «Егемен Қазақстан» [12] газетінің бір санында Салық ағамыз кӛлемді мақала жариялап, онда елімізге тӛніп тұрған қауіптер туралы ашына айтқан-ды. Осы мақаласында ол республиканың егемендігі мен мемлекет тәуелсіздігін сақтап қалудың мейлінше күрделі әрі қиын болатыны тек экономикалық жағдайларға ғана байланысты емес екендігі әуел бастан-ақ айқын нәрсе еді, дей келіп, үміт артарлық мынадай бірнеше жағдайларды келтіреді:
а) Президент бастаған мемлекеттік ӛкімет билігін қамтамасыз ететін сенімді механизм жасаудың сәті түседі, ол қоғамға басшылық жасауға және оны жаңа жағдайларды ұйымдастыра білуге қабілетті болады;
ә) Қазақстанмен бұған дейін тығыз әрі ерекше қатынас жасап келе жатқан Ресей шын мәніндегі демократиялық елболады және ӛз ішіндегі кешегі империялық шовинистік пиғылдардан арылып, Қазақстан Республикасына риясыз кӛмек қолын созады, нақты жәрдем беретін болады;
б) Бұрын «халықтар достығы республикасы»саналып келген кӛпұлтты Қазақстан ендігі жерде ұлтаралық тұрақтылық пен қазақстандық патриотизм отанына айналатын болады, бұл ретте біздегі халықтың үштен бірін құрап отырған орыс ұлтының ӛкілі үлкен роль атқаратын шығар.
Салық Зимановтың осы келтірген ойлары былтыр сәуір айында бекітілген Ұлт бірілігі доктринасының идеялық негіздеріне айналды десек болады. Ұлт бірілігі доктринасы татулықты ту еткен халқымыздың қуатты және гүлденген мемлекет құруға бағытталған іс-қимылдарының айнасы десек тегін айтпаған болармыз. Ел бірлігін қоғамның мықты факторына айналдыруды Салық Зиманов ӛз кезегінде мемлекет қалыптастырушы қазақ ұлты мен мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдық орнын ең биігіне кӛтермей істің оңға баспайтынын алға тартқан болатын. Салық аға әрбір ӛзінің ортақ Отаны, отбасы, ӛзінің балалары мен келешек ұрпақ тағдыры үшін жауапты азамат алда кӛрсеткен факторларды тығыз қолдап, іс жүзіне асыруы қажеттігін айтты. Ортақ үйіміз Қазақстанда әрқашан достық, ынтымақ, бейбітшілік болсын деп тілейтін әрбір қазақстандық мемлекеттік тілдің
мәртебесін ӛсіруге қолынан келгенше атсалысуы қажеттігі жан-жақты қолдау табуының да сӛзссіздігі ғалым ойының тазалығынан.
Ғылым академиясындағы тыныш ӛмірін таласы мен дауы кӛп, плюрализмнің алғашқы жылдарындағы от ауызды, орақ тілді депутаттардан тұратын он екінші және он үшінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің қызметіне ауыстыруын және еліміздің ел болып қалыптасуына қосқан үлесін Отан соғысындағы Салық ағамыздың кӛрсеткен ерліктеріне сай келеді десем артық болмасы анық-ау.
Одан әрі Салық Зиманұлы мемлекеттіктің конституциялық негіздерін шайқалту әрекеттеріне тоқтала келіп, А.Г. Перегрин, В.Е.Розе, В.Б.
Водолазов, В.М. Галенко, В.Н. Калугин, М.Н. Головков, М.К. Козловский, Жаворонкова сияқты бірнеше шовинистік пиғылдағы Жоғарғы Кеңестің депутаттарының арандатушылық әрекеттерден тұратын, кейде астыртын, кейде ашық істерін әшкереліп, олардың әлі де болса буыны қатпаған жас мемлекеттің болашағы үшін қауіптілігін кӛрсетті. Мысалы, дербес қазақ мемлекетінің негізі қалана бастаған 1990 жылдың ӛзінде-ақ, дейді Салық Зиманов, жергіліктің кеңестердің 28 депутаты халқының басым кӛпшілігі орыстар болып табылатын Шығыс Қазақстан облысы негізінде орыстар үшін
«Ұлттық аумақтық басқару» жүйесін құру жӛніндегі «талап қойғанын»
әшкерелейді. «Қос азаматтықтың», «Тіркелген азаматтықтың» Қазақстан үшін қаншалықты қауіптілігін кӛрсете келіп, бұндай бола қалған «қазақ мемлекетін түптің-түбінде айықпас ауыр дерттің зардаптарына душар ететіні сӛзсіз», - деп турасын айтады.
Салық ағамыздың, қабырғасы қайысып, жиі кӛтеретін мәселелерінің бірі – мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны туралы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған халықаралық конференцияда сӛйлеген сӛзінде ол: «казахским, государственным языком, как во всех передовых странах мира должно владеть все население, особенное служивое сословие, это задача первоочередного программного действия. Следует сказать, что эта задача трудная, возможно она труднее в решении, чем многие социально-экономические задачи. Если говорить открыто, о судьбе быть или не быть казахской нации» [13].
Зобалаң заманның куәгері, кӛпті кӛрген Салық ағамыз сонау ӛткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы Қазақстанда етек алған аштық туралы ашық айтып, сол кездегі халықтың аштан қырылу фактісіне тарихи тұрғыдан баға беру жӛнінде де бірнеше рет, иманы бар адамның санасына жететіндей етіп ұсыныстар жасады. Зобалаң жылдарындағы аштық туралы Салық ағамыз ашына былай дейді: «Аштан қырылғандарды арбамен тасып, қазылған шұңқырларға апарып тастап жататын. Олардың арасында тірілер де бар болатын. Әлі құрып, орнынан тұра алмай қалғандарды да ӛлілермен бірге шұңқырға тоғытатын. Үлкендер жұмыстан қайтып келісімен, әлгі шұңқырға барып, ашық-шашық шыбын үймелеп жатқан ӛліктердің бетін жауып қайтатын. Кемпір, шалдар әр жерде қалатын. Ол кезде негізінен 35-40 жастағылар қырылып жататын. Тіпті, Атырауға арқадан бала әкеліп сатып
жатыр екен деп те еститінбіз. Қаладағы біреулер астыққа айырбастап алатын болуы керек. Базарда тышқанның, иттің етін сатқандар да болды. Жергілікті қазақтар ӛздері әрең күн кӛріп отырса да, аштарды қолдан келгенше паналатуға тырысатын». Салық Зимановтың келтірген деректері бойынша, ашарлық жылдары Қапқазға 5 мың қазақ, Түркіменге 90 мың қазақ, Иранға 15 мың қазақ бассауғалап кеткен. Оның сыртында, Қытайға, Моңғолияға және басқа елдерге ауып кеткендер бар [14].
Әрқашанда халқының мүддесін бәрінен де жоғары қоюды дағды еткен Салық Зиманов қазақтың Ата Заңының қалыптасып, жүйелі түрде дамуына да мынадай алғышарт болған үш факторды келтіреді. Олар, біріншіден, қазақтар және олардың ата-бабалары мекендеген Евразиялық континеттегі жердің байтақ кеңдігі. Екіншіден, кӛбінесе Шығыстан Батысқа қарай дүниені дүрліктіре ауысқан кӛшпелі және жартылай кӛшпелі қоғамдар мен бірлестіктердің жүздеген жылдарға созылған жолдары, осы Евразиялық дала арқылы ӛткен немесе одан басталған. Осы ұлы кӛш барысында, сонымен бірге, Орта Азия мемлекеттік құрылымдардың ауысуы мен ыдырауы барысында, олардың бӛлшектері осы Қазақия деп аталатын еркін аумақты мекендейді. Олар ӛзіндік мәдени-демократиялық, әдеттік-құқықтық дәстүрлердің ӛзін ала келді. Үшіншіден, осы ұлан-байтақ кең далада соғыстар мен жаугершілік рухы бейбітшілік ӛмірге ертерек ауысты. Кӛптеген мыңжылдықтар бойына қазақ сахарасында ауысып отырған ірілі-ұсақты мемлекеттік құрылымдар, әсіресе, түркілер мен түркіленген одақтар ұлан- ғайыр далада ӛздерінің қалыптасқан түрдегі - Әділеттік, Бостандық, Еркіндік идеяларын мұра етіп, артына қалдырды [15].
Салық Зиманұлы ағамыздың елі мен халқына қызметі де Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың назар тыс қалған емес. Елбасының ретімен Салық ағаның ақыл-кеңесін тыңдап отыратыны да белгілі [16].
2010 жылдың желтоқсанында еліміздің тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының Жарлығымен елдің нығайып, жан-жақты дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградаларымен марапатталған азаматтардың ішінде «Отан» орденімен марапатталған академик Салық Зимановта болды. Салық Зимановтың «Отан» орденімен наградталуы бекер емес, оның ӛзіндік бір сыры бар. Оның сыры Ұлы Академиктің Отаным деп жүрегінің соғуы мен ӛмірінің Отанына арналуында.
Әдебиет тізімі:
1. Ӛзбекұлы С. Академик Зимановтың жеті феномені. // Гражданин и выдающийся ученый, академик Зиманов Салык Зиманович (Юбилейный сборник). – Алматы: Атамұра, 2001. – С.38-40.
2. Абдрахманов С.А. Тәуелсіздік шежіресі. – Астана: Елорда, 2001. – 328 б.
3. Қошанов А.Қ. Айшықты дара тұлға // Гражданин и выдающийся ученый, академик Зиманов Салык Зиманович (Юбилейный сборник). – Алматы: Атамұра, 2001. – 20-21 б.
4. История государства и права Советского Казахстана: (В 3-х томах) /Академия наук Казахской ССР. Институт философии и права. – Алма-Ата, 1961-1965. Т. 1. – 447 с.
5. Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов. – Алматы, 1989. – С.22.
6. Россия и Букеевское ханство. – Алма-Ата, 1982.
7. О политическом строе Букеевской орды // Вестник АН КазССР. – № 10. – 1951.
8. Политические взгляды Ч. Валиханова. – Алма-Ата, 1968.
9. Общая теория прав и ее место в курсе теории государства и права. – Алма-Ата, 1979.
10. Теоретические вопросы советского национально-государственного устройства. – Алма-Ата, 1987.
11. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. – Алма-Ата, Жеті жарғы, 1996. – 352 с.
12. Егемен Қазақстан. – 24.01.1995.
13. Зиманов С. Проблемы реформирования правоохранительной системы Республики в контексте исторического опыта правосудия казахских биев. //
Сборник материалов международной конференции «Конституция – основа демократического развития государства». – Астана, 2010. – С.26.
14. http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_famine_starvation_sovet_gove rnment/1820679.html
15. Зиманов С. Ата Заң әрқашанда ардақты. / Ел. – 1.09.2009.
16. Записки Президенту Республики Казахстан, поданные в первом полугодии 2001 года. // Гражданин и выдающийся ученый, академик Зиманов Салык Зиманович (Юбилейный сборник). – Алматы: Атамұра, 2001. – С.134- 153.