• Tidak ada hasil yang ditemukan

БАСҚАРУ НЫСАНЫ МЕН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "БАСҚАРУ НЫСАНЫ МЕН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Садыков Т.К., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы

БАСҚАРУ НЫСАНЫ МЕН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Мемлекеттің басқару нысаны Конституцияға әсер етеді. Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлемдегі кӛптеген елдердің Конституцияларының кӛбінесе алғашқы баптарының ӛзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар кӛзі болып табылатын табиғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.

«Конституция: ол – мемлекетке кигізілген киім, егер де бұл киім халықтың менталитетіне сәйкес келсе (яғни «дәл шақ» болса) – онда бұл халық тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізеді. Егер басты заң саяси мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе – онда халық тұтастай күрделі мәселелерге тап болып, ақырында ӛз дамуынан ажырап, тіпті кейде қайғылы күйге душар болады». Әрбір мемлекет ӛзінің дамуында Конституцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді.

Латын тілінен аударғанда «constitutio» сӛзі «бекітемін», «құрамын» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі ұғымдағы алғаш жазылған Конституция АҚШ–та 1787 жылы және Францияда 1791 жылы қабылданды.

Америка азаматтарының индивидуалдығының тарихи тамыры терең. Сол секілді АҚШ Конституциясы индивидтер ұлты, индивидуалистер ұлты секілді америкалық ұлттың менталитетін есепке ала отырып қабылданған. Қазіргі таңда америкалық құндылықтар салт-дәстүрі, тарихы, тӛл мәдениеті алға басқан.

Жапония секілді азиялық елдің тарихына кӛз салып кӛрейікші. VIII ғасырдың ӛзінде-ақ жапондықтардың санасында императорлық биліктің ел басқаруда күмән туғызбас заңдылық қағидаты орнығып үлгерді. Яғни әрбір жапондықтың жүрегінде императордан басқа ешкім мемлекет басшысы бола алмайды деген сенім ұялады. Алайда ұзақ уақыт бойы Жапонияда әскери диктатураның ӛзінше бір үлгісі саналатын, бар билік сёгунның – «ұлы қолбасшының» қол астына шоғырланған. Араға үзіліс сала отырып, сёгунат жүйесі 1192 және 1868 жылдар аралығында биліктің басқару тетігіне айналды. Сёгунатқа тән сипатқа императорды бірқатар ӛкілдік және салтанаттылық функцияларына ие мемлекеттің номиналды басшысы ретінде сақтаушылық жатады. Императорға оның мәртебесіне лайық барлық құрмет рангілері берілгенмен, алайда оның қолында шын мәніндегі саяси күш болған жоқ. Жапонияның ел Конституциясын қалай әзірлеп, қабылдағаны жӛнінде айтар болсақ.

1881 жылдың 12 қазанында император елге Конституцияны сыйға тарту жӛніндегі қаулын жариялады. Ал 1889 жылдың 11 ақпанында Токиода Жапонияның Конституциясының қабылданғанын салтанатты түрде жариялау рәсімі ӛтті. Конституцияны қабылдағанға дейін жапондар оны әзірлеу бойынша аянбай тер тӛкті. Императордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік саладағы уәкілетті адамдар, ғалымдар мен заңгерлер тарапынан бірқатар елдердің конституциялары зерделеніп, сарапталды.

Кӛршілес Қырғызстанның мемлекет құрудағы қайғылы тәжірибесі демократиясы дамыған Батыс елдерінің Конституциясын кӛшіріп, Қырғызстан халқының менталитет ерекшеліктеріне кӛз жұма отырып, ахуалды мүлдем ӛзгеше азиялық әлеуметтік-саяси ландшафтқа енгізулің қауіпті екендігін кӛрсетті.

Ақаевтың саяси аңқаулығы мен оның жанындағы шенеуніктердің қырғыз мемлекеттілігін батыстық ӛлшем бойынша Орталық Азиядағы демократия аралын, орталықазиялық Швейцарияны құру жолындағы қадамдары мен басқа да саяси сандырақтары бүгінгі жағдайға душар етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясы концептуалдық, жекелей алғанда институционалдық және қызмет етуі жӛнінен Француз Республикасының V Конституциясына бағдарланып әзірленген. 1946 жылғы Конституцияға қарағанда, Францияның жаңа Конституциясы Президенттің ӛкілеттігімен бірге мемлекеттік биліктің негізгі органдарының құзыретіне мән берді. Содан бері Президентке мемлекеттегі жетекші рӛл берілді. Францияның Президенті Конституцияның сақтаушысы, ұлт тәуелсіздігінің, елдің аумақтық тұтастығының кепілі. Сонымен қатар ол билік тармақтарының қалыпты қызмет етуін және мемлекеттік саясаттың сабақтасуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Тұжырымдамасының негізінде Еуразиялық идея жатыр.

Бүгінгі біздің Конституциямыз ӛзіне Азияға тән жеке-даралық, яғни күшті президенттік билік (бұл Конституцияның баптарында кӛрініс тапқан) пен еуропалық дәстүрге негізделген Парламенттің болуына негізделген. Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңнамалық актілерінің басым бӛлігі 1995 жылда қабылданған.

Қарақалпақстан Ӛзбекстанның солтүстік-батыс территориясында орналасқанмен, бұл елдің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Конституциясы мен Үкіметі бар. Тіпті Конституциясының 1- бабында «Қарақалпақстан – Ӛзбекстан құрамына енетін егеменді, демократиялы республика» деп

(2)

кӛрсетілген. Бұл туралы Ӛзбекстанның Конституциясында да «Қарақалпақстан тәуелсіздігін алуға құқылы»

деп жазылған. Егер Ресейдің құрамындағы елдерді Президенттері билесе, Қарақалпақстанда елдің жоғарғы басшысы, заң шығарушы орган – Жоғарғы Кеңестің тӛрағасы басқарады. Мемлекеттік символдары болғанмен, қарақалпақтардың тӛл ақшасы жоқ.

Норвегия – конституциондық монархия. Норвегияда кӛптеген кейінгі толықтырулар мен түзетулер жүргізілетін 1814 жылғы конституция жұмыс жасайды. Монархия мұрадан мұраға беріледі және 1990 жылдан бастап тақ үлкен қызына немесе ұлына беріледі. Король ресми түрде барлық политикалық тағайындауларды орындайды, церемонияларға қатысып, мұрагер ханзадамен бірге мемлекеттік кеңесте күнделікті формальды отырыстарды жүргізеді. Министрлер кабинеті премьер-министр және сәйкесінше департаменттерді басқаратын 16 министрден тұрады. Құқықтық билік Стортингке (парламент) тиесілі, 2005 жылдан бастап 169 депутаттан тұрады (бұрын 165).

Қандай да сұрақ болмасын басқарушылар әрбір министрдің ӛз ойын білдіру құқығына қарамастан, барлығына ұжымдық жауапкершілікпен қарайды. Министрлер кабинетінің мүшелері кӛпшіліктің немесе парламентте коалициялық Стортингте сайланады. Олар парламенттік сайлауларға қатыса алады, бірақ дауыс бере алмайды. Мемлекетік қызметкерлердің орындары конкурстық экзаменнен ӛтілгеннен кейін ғана беріледі.

Құқықтық басқару Стортингке тиесілі, ол партиялық тізім бойынша әрбір 19 облыстан (фүлке) мерзімі тӛрт жылға сайланатын 165 мүшеден тұрады. Стортингтің әрбір мүшесі үшін орынбасар сайланады.

Осылайша басқару құрамына енген әрбір Стортинг мүшесі үшін орынбасар болады. Сайлау құқығына Норвегияның барлық, яғни 18 жасқа толғандар және елде бес жылдан кем тұрмаған азаматтардың құқығы бар. Стортингке сайлану үшін азамат Норвегияда он жылдан кем уақыт тұрмауы және сайланатын облыста тұрақты тұратын орны болу қажет. Сайлаудан кейін Стортинг екі палатаға жіктеледі: Лагтинг (41 депутат) және Одельсинг (124 депутат).

Бразилияда монархия жойылғаннан кейін бірінші республикалық Конституция 1891 жылы басқарудың президенттік жүйесін енгізді. Биліктің 3 тәуелсіз тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы, сот билігі. Бұл құрылым келесі 6 конституцияда сақталды. 1988 жылы Конституция жаңашыл политикалық концепцияны қамтиды – қоршаған ортаны қорғаудан атқарушы қызмет үстінен заң шығарушы билік функциясын күшейтуге дейін.

Бразилияда – 26 штат пен федералдық округке бӛлінген федеративті республика. Штат үкіметі федерал үкіметімен ұқсас құрылымды иемденеді және барлық ӛкілдікті иемденеді. Штаттың атқарушы үкіметінің басшысы тікелей сайлаумен 4 жылға сайланған губернатор. Штаттардың заң шығару ассамблеясы және сот билігі федералдық схемамен жүргізіледі.

Тек XV ғасырдың басында ғана Малакка аралында тұңғыш мемлекет пайда болған. Жер шарындағы ӛзге мемлекеттер сияқты, Малайзия да тәуелділікті бастан кешірді. Жан басына шаққандағы табыс ӛте тӛмен болған. Әйтсе де мемлекетті басқару саясатын дұрыс жолға қоя білген малайзиялықтар біртіндеп қиындықтар мен кедергілерді жеңуді де үйренді.

Басқару жүйесі – конституциялық монархия. Елдің негізгі заңы – 1957 жылы қабылданған Федералдық Конституция. Малайзияның жоғарғы басқарушысы – мұрагер сұлтандарының бірі. Кезек бойынша 5 жылға басқарушылар кеңесі сайлайды. Мемлекет басшысы конституциялық монрахқа тән прерогативалары мен привилегиялары, парламентті басқару ӛкілеттігі бар. Заң бойынша ол ел қарулы күштердің бас қолбасшысы болып табылады. Сонымен қатар ол – атқарушы билігінің де басқарушысы, бірақ ӛзінен шығатын барлық актілер олардың жауап беретін министрлермен келісіледі. Монархтың парламентті шақыруға, сессияны тоқтатуға құқы бар. Осы тәртіппен ол тыйым салу құқын іске асырады, жолдамаларымен парламентке үндеу жасайды. Конституция бойынша, Жоғарғы басқарушысы Премьер—

Министрді, оның ұсынысымен министрлерді тағайындайды.

Малайзия парламенті екі палатадан тұрады: Сенат және Ӛкілдер палатасы. Сенатта барлығы 69 орын бар. 43 сенаторды премьер-министрдің ұсынысымен Жоғары басқарушы тағайындайды, ал 26-сын штаттардың заң шығарушы ассамблеялары жібереді (әр штаттан екі сенатордан). Тағайындалған сенаторлар ӛз лауазымында 6 жыл отырады. Ӛкілдер палатасы – тӛменгі палата. Оның ӛкілеттері әлдеқайда кең. Оның құрамында жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде бір мандатты округтерден сайланатын 219 депутат кіреді. Тӛменгі палата алты айдан кем емес мерзімінде бір рет жиналады және премьер-министрдің ұсынысымен оны Жоғарғы басқарушысы тарата алады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет құқық теориясы. – Алматы, 1998.

2. Т. Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясының проблемалары. Оқу құралы. – Алматы, 2006.

3. Қ. Жоламан, А. Мұхтарова, А. Тәукелов. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 1999.

(3)

4. Д. Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. – Алматы, 2001.

5. Ғ. Сапарғалиев. ҚР Конституциялық құқығы. Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

6. А. Сагиндыкова. Конституционное правот РК. Курс лекций. – Алматы: Білім, 1999.

7. ҚР Конституциясының түсіндірме сӛздігі. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

8. Зиманов С. Конституция и Парламент РК. Общественно-политическая литература. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

9. ҚР Конституциясына ғылыми-құқықтық түсіндірме. – Алматы, 1999

10. Н. Б. Ермекбаев, Г. Т. Қойшыбаев, К. К. Лама Шариф. Қазақстан және әлем елдері. – Алматы: Ӛнер баспасы, 2007.

Referensi

Dokumen terkait

Тәңірбергенов Әділбек Жұматайұлы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Механика- математика факультетінің алгебра және геометрия кафедрасының аға оқытушысы Байланыс деректері: e-mail:

–Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтынының аға оқытушысы, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Филология факультеті деканы м.а.. - Абай атындағы Қазақ

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің іргелі және қолданбалы математика кафедрасының, информатика кафедрасының аға оқытушысы; 2002 – 2008.. Букетов атындағы Қарағанды

Гумилев атындағы ЕҰУ, «Сәулет» кафедрасының аға оқытушысы 6 Жолдыбаева Дюсенгулова Асия Бакытжановна Шымкент қаласындағы көп қабатты автотұрақ жобасы Проект многоуровневого

Кулмаганбетова Жупар Ерсайновна Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Байланыс ақпараты: Эл.адрес: [email protected] моб.: +7 778 778 8931 Ғылыми дәрежесі,

– Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы кері хроноогиялық тәртіпте жұмыс/практика/сынақ мерзімін, ұйым атауын, лауазымы мен негізгі міндеттерін көрсету;

Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультеті «Қаржы» Кафедрасының аға оқытушысы Байланыс деректері: [email protected] 8-701-462-86-86 Кәсіби тәжірибесі: -

Заң факультеті және мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы университеттің бөлімшесі бола отырып, ҚазҰУ-дың халықаралық білім беру