София Техникалық университетіндегі оқытушылардың тағылымдамасы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ серіктес болып келетін жоғары білімдегі біліктілікті көтеру мақсатында ERASMUS++ бағдарламасы бойынша
«Микроэлектрондық инженерия саласындағы екідеңгейлі инновациялық оқу бағдарламасын құру» жобасы аясында 2017 жылдың 18 маусымнан 1 шілдеге дейін София Техникалық университетінде(Болгария) екі апталық тағылымдама өтті. Біздің университеттен тағылымдамаға «Ғарыштық техника және технология» кафедрасының өкілдері PhD докторант Пазылбек С.А., аға оқытушы Демесинова С.С. және оқытушы Абдрашев Ө.К.
барып келді.
Жобаның басты мақсаты САПР сандық пен аналогты тізбекті және микрожүйелерді дайындау және жобалау, микроэлектроникадағы наноматериалдарды қолдануға қатысты тәжірибелік сұрақтарды егжей- тегжейлі қарастыру болып табылады.
Ғылыми тағылымдаманың нәтижелері ретінде оқытылған курс бойынша сертификаттар тапсырылды.