УДК
Салықжанов Р.С.
МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ – ЖАСТАР:
АЖЫРАМАС ТҮСІНІКТЕР
(СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР АҚИҚАТЫ) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қоғамның дамуы, қоғам мүшелерінің тұрақты кӛңіл күйде ӛмір сүруі бірінші кезеке мәдениеттің, әсіресе ұлттық мәдениеттің элеметтері мен формаларының ұдайы қайта тууына байланысты. Осы тұрғыдан біз ұрпақтар сабақтастығы дегенді ең алдымен әр ұрпақ құндылықтары, демек субмәдениет құндылықтарының сабақтастығы деп қабылдауымыз керек. Бұл туралы отандық және шетелдік социологтар соңғы кезде кӛп талқылап жүр (1, 2, 3).
Мәдениеттегі ӛзгерістер болашақта да үзілмейтіні сӛзсіз, сонда күндердің бір күнінде мүлдем модернизация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениеттің аясында болмақпыз ба? Қазақ жастары келесі 50-60 жылдан кейін қаншалықты ӛз бойларынан қазақ мәдениетін кӛрсете алады? Ұлт келбетінің болашақтағы түр-сипаты, бүгінгі жастармен байланысты болса, олардың ұлттық тәрбиесіне, мінез-құлық үлгілеріне кім жауапты, оны социологтар қалай зерттеп жүр және Қазақстандық социологияның орныныда қандай, міне осындай сұрақтар тӛңірегінде сӛз қозғамақшымыз.
Халықаралық деңгейде әлем социологтары атап ӛтетін кәсіби мейрам 14 қарашада ӛтті.
Студент жастардың әлеуметтік жағдайдың талабына сәйкес іс-әрекеттер жасауы (4), олардың ӛмір жолында жақсы жетістіктерге жетуге кепіл береді емес пе, бұл мәселені осы тұрғыдан қарастырғанда жас қазақстандықтардың ұстанымдар жүйесі қандай деген сұрақ кез келген конференцияға қатысушыларға ӛте қызықты болады. Ӛйткені, жалпы шет елдерде жылдан жылға Қазақстанға деген қызығушылық ӛсуде. Елдегі саяси тұрақтылық негіздері, болашақта бұл үрдісті жалғастырушы жастардың қандай әлеуеті бар, экономикалық даму жалғасын таба ма, жалпы тұрғындардың кӛңіл-күйі қандай деген сұрақтар шет елдік сарапшылардың, ғалымдардың кӛкейлерінде жүргені анық. Мысалы, осыдан тура бір жыл бұрын Люблин (Польша) қаласында 14 шет елдің ғалымдары алдында жасаған баяндамам 15 минут болса, оны талдау, сұраққа жауап тағы 15 минутке созылған еді.
Сол сұрақтардың арасында қазақ елінде социология ғылымының дамуы қандай деген сұрақ та болды. Орынды сұрақ. Ӛйткені, шетел түгелі ӛз елімізде социология ғылымы туралы білетіндер жоқтың қасы. Десек де, Қазақстан әлеуметтану ғылымы дамуының институционалды кӛрсеткіштері бірнеше.
Біріншіден, ғылыми негізде социологиялық зерттеулер жүргізіп жүрген оншақты орталықтар бар, олар мелекеттік және жеке меншік мекемелердің құрамында немесе дербес, бӛлек ұйымдар. Бұлардың қатарына кӛптеген жоғары оқу орындарындағы социологиялық зерттеулер бӛлімдердің қосыңыз.
Солардың бірі Еуразия ұлттық университетіндегі социологиялық зерттеулер мен болжау бӛлімі.
Екіншіден, елімізде жоғары білікті социолог мамандар дайындайтын, лицензиясы бар 11 жоғары оқу орны бар, оларды жыл сайын жүзден астам социология бакалавры, магистры және докторлары бітіреді.
Үшіншіден, ғалымдардың жоғары біліктілігін куәландыратын докторлық диссертация тек ЕҰУ-де. Жалпы бүгінгі күнде Қазақстанда тек қана социология ғылымдарының саны отызға жуық, ал социология ғылымдарының кандидаттары одан екі есе артық. Әрине, олардың тең жартысы Астана мен Алматыда жұмыс істейді. Мысалы, ЕҰУ-де бес доктор, тӛрт кандидат және социологиядан PhD доктор 6 жас ғалым бар.
Тӛртіншіден, ғалымдардын жетістіктерін кӛпшілікке жеткізетін, ғылыми ортада талдайтын арнайы басылымдарды айтуымыз керек. Олардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы, ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазПҰУ және Павлодар мемлекеттік университеттерінің басылымдары, республикалық
«Ақиқат», «Мысль», «Саясат» және тағы басқа ғылыми журналдар.
Бесіншіден, екі жылда бір Қазақстан социологтары мен Түркі тілдес елдер социологтарының, тӛрт жылда бір Дүниежүзілік социологтар конгресі ӛтіп тұрады. Мысалы, 2011 жылы Гетеборгта ӛткен дүниежүзілік конгреске профессор Айгүл Забирова қатысты. Ӛзім 2008 жылғы Мәскеуде ӛткен Бүкілресейлік социологиялық конгресіне қатыстым. 2011 жылдың қарашасында Үфіде ӛткен Түркі тілдес елдер социологтарының конгресіне ЕҰУ-дің профессоры Тыныштық Қалдыбаева қатысты.
Алтыншыдан, бүгінгі күнде жоғары оқу орындарында социология пәні міндетті пән ретінде оқытылады, сондықтан аға буынға қарағанда қазіргі жастар, оның ішінде әсіресе студенттер социология ғылымынан хабардар.
Жетіншіден, бүгінде Қазақстан социологтары бірі қолданбалы және іргелі зерттеуді ұйымдастырушылар болса (К.Биекенов, М.Аженов, А.Забирова, А.Коновалов, Т.Қалдыбаева, Г.Илеуова, Л.Гуревич, А.Сәдуақасова, Б.Рақышева), бірі жоғары оқу орындар оқытушылары (М.Садырова, С.Утешов, Б.Смағамбет, О.Нұсқабаев, Ш.Жаманбалаева, Л.Нұрқатова, Г.Әбдірайымова, Г.Әбдікерова, З.Жаназарова, Қ.Жаманқұлов, Н.Шеденова, Ж.Нурбекова, Т.Жақиянов). Социологтардың арасында қоғам (Қ.Ғабдуллина, З.Шаукенова, Р.Сәрсенбаева) және мемлекет (М.Тажин, Ғ.Есім, С.Сейдуманов, Ғ.Телебаев, С.Коновалов) қайраткерлері де бар.
Жоғарыда айтқанымдай, социолог мамандарды дайындайтын оншақты ЖОО бар. Бірақ, білім мен маман сапасын кӛтеру үшін жеке факультет керек деп ойлаймын. Бүгінде бізде социологиялық зерттеулерді кездейсоқ адамдар, мекемелер ӛткізеді. Мысалы, кез келген ЖШС, үкіметтік емес ұйым тендерге қатысып, ең тӛмен баға ұсынса болды, лотты ұтып алады. Егер бұл процедурада біз міндетті түрде олардың құрамында социологтар болсын десек, социологтарға сұранысты ұлғайтамыз және зерттеулер сапасын жақсартамыз деп ойлаймын. Әйтпесе жақында бір облыста тендерге түскен лот бойынша бір жарым миллион теңгенің зерттеуін 200 мың теңгеге ӛткізем деген мекеме алып кетті. Ол ақша зерттеудің бағдарламасын дайындауға ғана жетеді. Бүгінде осы
«шолақ» социологтар теңгенің ұзын құйрығын ұстаймын деп, бүкіл отандық социологияның атына кір келтіріп жүр. Оны тиюдың уақытты жетті.
Сондықтан бізге социологтарды ЖОО дайындаумен қатар қосымша социологиялық білім беретін, біліктілікті жетілдіретін мекемелер керек деп ойлаймын. Мысалы, Ресей ғылым академиясының социологиялық институтында социологиялық және политологиялық білім беру орталығы жұмыс атқарады. Жыл сайын онда 9-10 курста үш жүзге жуық маман ӛз біліктілігін жетілдіреді. Ал бізде университетте білім алған, ӛз бетімен ғылыми ізденістерді, қолданбалы зерттеулерді ӛткізетін социолог мамандардың мүмкіншілігін ешкім дамытпайды.
Бұл бағытта менім ойымша, Қазақстан социологтар қауымдастығының рӛлі зор. Қауымдастық халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейлерде іс-шаралар ұйымдастырып, зерттеулер жүргізіп жүр. Арнайы тағайындалған сыйлықтарға конкурстар және қысқы, жазғы мектептер ұйымдастырады. Бірақ, жалпы алғанда барлық соцологтардың тыныс тіршілігі осы қауымдастықтың аясында ӛтіп жатыр деуге болмайды. Ол үшін қауымдастықтың жұмысын тұрақты бір жерден бірнеше адамдар басқаруы қажет деп ойлаймын, әйтпесе әлемдік социологтар кӛшіне ілесе алмаймыз. Тың жобалар атқарып, жаңашыл әдіс-тәсілдерді игеруіміз қажет. Мысалы, жақында осы қауымдастықтың атқарушы директоры профессор Зарема Шаукенова ханыммен Қазақстан жоғары оқу орындарындағы социологиялық бӛлімдерін ассоциацияда бір комитетке біріктіруге келістік. Ӛйткені олар жастардың ең жаңашыл, елдің жарқын болашағының әлбетін қалыптастырушы – студенттер арасында кӛптеген зерттеулер жүргізеді, ал олардың нәтижесі, ұсыныстары республика бойынша нақтылы шешім шығаруға ықпал жасамайды және стратегиялық болжауда негіз болмайды. Мысалы, тек қана ЕҰУ-дің социологиялық орталығы соңғы 1 жылдың ішінде 26 зерттеу жүргізген.
Бӛлімнің зерттеулер нәтижесі бойынша дайындалған кейбір ұсыныстары университеттің құзырлығынан кең аяны қамтиды. Осыған байланысты 2011 жылдың 18 ақпанында социологтардың республикалық мәжіліс-семинары ӛткізілді, келесісі де сол уақытта ӛтеді деп жоспарлап отырмыз. Қазір біз дайындық шараларын атқарудамыз.
Кӛпшілік пікірінде жалпы Орталық Азия кӛлемінде социология ғылымның шекесі қызып тұрған жоқ деген тұрақты ұстаным бар. Шынында да Орта Азияда әлі де социология ғылымы аса бір қаурыт, адымды даму үстінде емес. Бірақ, біздің аумақта, регионда, Қазақстандық социологтары алғашқылардың бірі болып халықаралық деңгейде зерттеулер жүргізіп, шет ел профессорларымен қарым қатынас орнатқандардың біріншісі.
Мысалы, біздің ЕҰУ-ге жыл сайын бірнеше беделді социологтар келіп кетеді. Атап айтсақ, Пал Тамаш – Венгрия ғылымдар академиясының социология институтының директоры, Ситни Каплан – Калифорния университетінің профессоры, Н.Нарбут РУДН-ның социология факультетінің деканы, ал Ксавиьер Жиро – Барселона Автономды университетінің профессоры. Олардың бәрі оқытушылардың алдында дәріс оқып, ӛздерінің
зерттеулерінің нәтижесімен бӛлісті, болашақта біздің магистрант және докторант ғалымдармен ортақ жобалар бойынша ымыраға келді.
Соңғы бір жылда біздің оқытушыларымыз Д.Әшімханова, О.Қалдыбаева, Қ.Жаманқұлов, Ж.Батталова, Е.Королева шет елдерде - Ресей, Монголия, Венгрия, Грузия социологтары ұйымдастырған ғылыми жиындарда болып қайтты. Профессор А.Забирова «Болашақ» стипендиясы бойынша Англияға ғылыми тәжірибеден ӛтті. Ӛзім Польшаның Люблин қаласында ӛткен халықарылық конференцияға қатысу үшін грантқа ие болып, Еуропа мен Америка социологтарының басын қосқан үлкен жиынға қатыстым. Сонымен қатар ЕҰУ-дің социология кафедрасының Мәскеулік халықтар достығы университетінің (РУДН) социологиялық факультетімен біргіп тӛрт елдің жастары арасында құндылықтар жүйесін талдау туралы жүргізілген зерттеу тағы бар.
Мен ӛзім тӛрт ірі халықаралық зерттеулерге қатысушымын. Біреуі неміс социологтарымен репатрианттар мәселелері жайында, екіншісі фин зерттеушілерімен жастар арасындағы ұлттық мәдениетті қабылдау мәселесі, оның дәріптелуі туралы. Тағы екеуі Қытай, Ресей және Қазақсатан шалғай аудандарының мектеп түлектерінің білім, кәсіби және кӛші-қон траекториялары және Астана, Мәскеу, Рига мектеп түлектерінің әлеуметтік құндылықтар жүйесі деп аталады.
Неміс, қазақ оралмандары туралы зерттеудің қортындысын мен 2010 жылдың 12 қарашасында Мәскеудің МГИМО-сында ӛткен жиында баяндадым.
Онда репатрианттардың ана тілін қолдануы, қоғамдық шараларға араласуы және ӛздерін жаңа ортада сезінуі туралы сӛз болды. Сондықтан, отандық социологтардың шет ел мамандарымен тәжірбие алмасу, бірлесіп зерттеулер жүргізу қарқыны жылдан жылға ӛсіп келеді деуге әбден болады.
Болашақта жоғары оқу орындары Болон процесінің талаптарына сай оқу жұмыс жоспарларына ӛзгерістер енгізулері шарт. Оның ішінде жалпы білім беру пәндердің саны азайуы, атаулары ӛзгеріске ұшырайды. Сондықтан қазірден бастап біз жалпы социологияның аясында элективті пәндер дайындаудамыз. Мысалы, Николаева Ольга деген магистрантпен «Иоанн Павел ІІ. Дінаралық кӛшбасшының феномені» атты зерттеуді аяқтап қалдық. Ол болашақта студенттерге таңдау пәні болып ұсынылуы мүмкін. Ӛздеріңізге белгілі елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Иоанн Павел ІІ Астанаға келгенде «Біз, қазақстандықтар, жер бетіндегі кӛптеген адамдардың, Иоанн Павел екінші ұлы адам және адамгершіліктің нақ бейнесі, деп есептейтін пікірлеріне қосыламыз», деген еді. Сондықтан, ұлтаралық және дінаралық келісімді насихаттайтын зерттеулер аса маңызыды деп ойлаймын. Осы жобаның аясында Польшадағы Люблин католикалық университетінде, Ватиканда зерттеу жұмыстары және Құранды орысшаға аударушы Иман Валерия Пороховамен кездесулер жоспарланған.
Социология ғылымы ел игілігі үшін қызмет етсе деп ойлаймын. Елімізде жылдан жылға жастардың саны ӛсіп келеді. Егер 2006 жылы 14-29 жастағылардың саны 4 млн. 229 мың болса, 2010 жылы олардың саны 4 млн.
365 мың болды. Бүгінде олар жалпы халықтың құрамында 27,22 пайызды
құрайды. Ал олардың арасында материалды дифференциация, саяси белсенділікпен қатар саяси апатия, дінге қызығушылықта дәстүрлі емес ағымдарға бой ұру, жыныстық қатынастарда бұрын соңды болмаған жүріс- тұрыс моделдерін қабылдау, мамандық таңдауда жалған құндылықтарға сүйену, шет елдік мәдениеттің тӛмен үлгілеріне еліктеу және т.б. сол сияқты жастар арасында зерттеуді талап ететін, сол мәселелермен айналысатын республикалық жастар зерттеу орталығын ашу қажет деп есептеймін.
Ол үшін білікті мамандармен, қажетті қаражат табылады. Бұл зерттеулер негізінен ұлттық мүддені кӛздеп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты болады, осы тұрғыдан ол орталық міндетті түрде, бұл айдай анық, мемлекеттік мекеме болуы қажет. Сонда шын мәнінде, елдің болашақ сипаты, даму бағыты және әлеуметік-мәдени, саяси келбеті туралы ақпарат болады, оны басқару, ұлттық мүдде тұрғысынан қалыптастыру мүмкіншіліктері пайда болады. Қытай даналығы басқа елді басып алам десең, бірінші сол елдің жастарын азғыр дейді екен. Демек, жастардан айырылып қалсақ, болашақтан айырылғанымыз.
Қоғам тірегі мәдениет болса, сол мәдениеттің құрамдас бӛлігін туғызушы жас ұрпақ, және де бүгінгі жастар ертеңгі қоғамның келбеті. Демек, сол келбеттің қандай болатынын алдын ала болжап, ел мүддесі үшін жағымдысын жасауға әбден болады. Ол үшін тұрақты зерттеулер мен үзбей жалғасатын әлеуметтік мониторинг керек. Менің ойымша, Қазақстан социолгтары, оның ішінде Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары ондай үлкен іске дайын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Абдирайымова Г.С. Ценностные ориентации современной молодежи (социологический анализ). Алматы, 2005 г.
2. Биекенов К.У., Садырова М.С., Сайран Садуакас. Языковая социализация и формирование социального поведения личности. Алматы, 2007.
3. Филоненко В.И. Современное росийское студенчество в транзитивном обществе: противоречия и парадоксы социализации. – Ростов н/Д: ИПО ПИ ЮФУ, 2009.
4. Социальная компетентность и технологии ее формирования в современном обществе (сфера социальной работы) / Под научн.ред.
В.Н.Келасьева, И.Л.Первой. – СПб.: Изд. дом С-Петерб. ун-та, 2010.