• Tidak ada hasil yang ditemukan

Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеудің бағыттары

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеудің бағыттары"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz СТУДЕНТТЕРДІ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАҒЫТТАРЫ

Ырымбаева Н.А.

«Астана» университеті http://www.enu.kz

Кӛп ұлтты тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан егеменді еліміз ӛзінің тарихы даму кезеңінде кӛптеген ұлттардың Отанына айналды. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде кӛршілес мемлекеттерге қарағанда саяси-экономикалық жағынан қарқынды дамып, әлемдік деңгейде ӛзін танытқан еліміздің жетістіктері ұлтаралық татулық пен толеранттылықтың, осы бағыттағы Елбасы мен мемлекеттің жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында болып отыр. Әлемде ұлтаралық қақтығыстар мен діни түсініспеушіліктер белең алған тұста бейбіт қатар ӛмір сүрудің озық үлгісін кӛрсетіп келе жатқан қазақстандық толеранттылықтың жарқын үлгісін кӛптеген мемлекеттер мен діни конфессиялар да мойындап отыр, еліміздің тәжірибесіне қызығушылық пен қолдау табуда. Сондықтан да осы қол жеткізген жетістіктерді баянды болуы және алға қойған жаңа белестерге қол жеткізу үшін Қазақстан азаматтарының бойындағы ӛзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікті тұлғааралық үйлесімді қарым-қатынас орнатуға, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды қалыптастыру мәселесі тұр. Бұл мәселені шешудің бір жолы – еліміздің келешегі болып табылатын жастарды ұлттық мәдениет аясында толеранттылыққа тәрбиелеу. Сондықтан да, ЖОО-да студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу мәселесі бүгінгі таңда ӛзекті болып табылады.Сонымен қатар, кейінгі жылдары дүние жүзінде және елімізде болып жатқан түрлі ӛзгерістер адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесінің ӛзекті екендігіне кӛз жеткізіп отыр. Осыны ескере отырып, мемлекетіміз ұлтаралық келісім мен бірлікті дамытуды басты саяси бағыт ретінде ұстанады. Бұл саясат Қазақстан азаматтарының толеранттылығы мен татулығын, отбасындағы бірлікті, аға буын және кіші буын, оқу үдерісінде мұғалім мен оқушы, оқытушы мен студент және т.б. арасындағы ӛзара түсіністікті, ең бастысы, ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан студенттердің мәдениетін дамытуды, студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеуді қамтиды. Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу мен ӛмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үшін жеке тұлғаға бағытталған жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл студенттер арасындағы тәрбие жұмыстарын адамдарға ортақ құндылықтарды: түрлі идеологиялық кӛзқарастарға, қоғамдық-экономикалық жағдайларға, саясатқа, мәдениетке, діни нанымдарға және тӛзімділікті қалыптастыруға бағыттаудан тұрады. Ізгілікті қоғамда білім мекемесі тәрбиеленушінің бойында ӛзара бір- біріне, ата-анаға, айналасындағыларға деген сыйлы қатынасты; жасы үлкен адамдармен жас балаларға қамқор болу, кӛмек беру; табиғат пен қоршаған ортаны қорғау ниетін тәрбиелеуі тиіс. Мұндай тәрбиенің іргетасы отбасында ұлттық тәрбие беру арқылы қалыптасады. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

«Жастардың тӛл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи ӛткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс» - деп кӛрсетілген /1/.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады» делінген болатын /2/.

Бүгінгі Қазақстан Республикасы қоғамы этникалық әртектілігімен ерекшеленеді.

Этникалық әртектіліктің болуы адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы ӛзара қарым- қатынастың сипатына ӛз әсерін тигізеді, кейде бұл ӛзара түсінбестікке, қарама-

(2)

http://www.enu.kz қайшылыққа, қақтығысқа соқтыруы мүмкін. Қазіргі таңда әлемде орын алған әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық және т.б. әртүрлі сипаттағы қақтығыстар ӛршіп тұрған жағдайда, оны болдырмаудың жолдарын іздеуге де ерекше кӛңіл бӛлінуде. Осындай қайшылықтардың алдын алу үшін арнайы ұйымдастырылған механизмдер жасау, оны дамыту қажеттігі туады. Қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтардың алдын алудың мүмкін жолдарының бірі – бұл қоғам мүшелерін толеранттылыққа тәрбиелеу. Сондықтан да бұл мәселе толеранттылықты тереңінен қарастырып, оны дамытуға жол ашады. Қазіргі таңда толеранттылық ұғымының мазмұндық толықтырылу мәселесі жеке тұлға үшін ғана емес, қоғам мен мемлекет үшін де маңызды. Жалпы тәрбие жүйесінде адам құндылықтар қатынасында толеранттлық фактор ретінде, жүйені тұлғаның ішкі жағынан тұрақтандыру, сонымен қатар тұлға аралық қатынаста қоғамда бейбіт ӛмірде бағыт-бағдарын және индивидтің дәстүрі, нормасы, мәдениетін байланыстырып қарастырады. Осыған орай, қазіргі таңда бұл фактордың әсерін назарға алу маңызды. Бірақ қазіргі қоғамның қарқынды даму кезеңінде ӛскелең ұрпақты ӛмірге және толеранттылық дүдамал, күрт ӛзгермелі жағдайға дайындау сонымен қатар тұлғааралық толеранттылық қатынасты қалыптастыру қажеттілігі туындауда. Қоғамда ізгілікті білім берудің мәселелерімен шұғылдана отырып, соның ішінде жастар ортасында толеранттылыққа тәрбиелеу жұмыстарын қатар жүргізу керек. Толеранттылық тек әлеуметтік климат, тұлғааралық қарым-қатынас, саясаттың дамуына ғана әсер етпейді, оның кӛкейкестілігі міндеті қазіргі заман адамы мен оның тәрбиесіне бағытталған. Толеранттылықтың негізі ретінде білім алушы мен оқытушының педагогикалық қарым-қатынасын алсақ болады. Мұнда мәдениетке, ұлтқа деген тәрбиеге, тұлғаның ӛзін кӛрсете алуына мәселелері қарастырылады. ЖОО-да студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеуде тәрбие жұмысының маңызы зор. Осы орайда ЖОО-да студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу барысында ұлттық-мәдени құндылықтарды негізге ала отырып іске асыру ӛзекті болуда.Толеранттылыққа тәрбиелеу - басқа ӛмір салтына, кӛзқарасқа, құндылықтарға деген тӛзімділікке тәрбиелеу. Сыныптан тыс сабақтар, ұжымдық-шығармашылық жұмыстар тәрбиеленушірдің ӛзгелерге деген тӛзімділігін, кез келген жаңа ортаға тез үйреніп, қалыптасуына мүмкіндік береді. Толеранттылыққа тәрбиелеу барысында келесі бағыттарды қарастырған жӛн:

1. Барлық адами қасиеттерге сыйластықпен қарау;

2. Әрбір адам – бірегей тұлға екенін түсіну және адамдар арасындағы айырмашылықты сыйлау;

3. Ӛзара толықтыру принципін дамудың негізгі белгісі ретінде түсіну.

Студенттердің әртүрлілігі бірін-бірі толықтыратын элемент екендігін ӛздері түсінуі керек.

4. Ӛзара тәуелділік принципін заманауи іс-әрекет негізі ретінде қолдану керек.

Студенттерді мәселені біріге шешуге және тапсырманы орындау барысында ӛзара тӛзімділікке үйрету;

Нәтиже ретінде әлем мәдениетіне тарту. Студенттер тәжірибе барысында басқа адамдарға деген сыйластық және тӛзімділікті қалыптастыруына әсер ету;

Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеуде куратордың атқаратын жұмысының маңызды зор. Кураторлар топтағы студенттердің жас ерекшелік, ұлттық индивидуалды ерекшеліктерін, әр бір студенттің топпен қарым-қатынасын ұйымдастырушы.

Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеуде куратордың жұмысы адекватты болып табылады, себебі индивидуалды және эмоционалды күшке ие. Сонмен қатар ЖОО-ғы тұлғааралық, ұлтаралық қарым-қатынастың ұясы болып табылатын студенттер тобымен жұмыс жасайды. ЖОО-да студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеудің әсерлі болуына олардың ұжымда бірлесе жұмыс жасауы әсер етеді. Студенттердің бойындағы толеранттылықтың эффективтілігі ұлттық және ұлтаралық сферадағы мінез-құлықтық дағдының және сенімнің, білімнің қалыптасу тұрғысынан қаралуы керек. ЖОО-ны студенттеріне толеранттылыққа тәрбиелеу үшін күрделілік деңгейіне қарай дәстүрлі және дәстүрлі емес формадағы жұмыс әдістері қолдануға болады, яғни, дӛңгелек

(3)

http://www.enu.kz стӛлдер, дебат, диспут, студенттердің шығармашылық жұмыстарын кӛрсету, конкурстар, тренингтер ӛткізу. Толеранттылыққа тәрбиелеу интеллектуалды, рухани- адамгершілік, эстетикалық, еңбек, патриоттық, құқықтық т.б. бағыттарда да дамиды.

Осыған орай ұлттық тәрбиені негізге ала отырып сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ЖОО-ны студенттерін толеранттылыққа тәрбиелеуді іске асыруға болады. Осылайша, ұлттық тәрбие беру негізінде толеранттылыққа тәрбиелеу үшін ӛткізілетін іс-шаралар жүйелі және кешенді түрде жүргізілсе, топ кураторларының бірлесіп атсалыса, сондай-ақ студенттер қызыға қатысқанда ғана тәрбие жұмыстары мақсатына жетіп, нәтижелі болады.

Әдебиет

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. edu.gov.kz

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. edu.gov.kz

Referensi

Dokumen terkait