• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сүтқышқылды өнімнің дәрумендік құрамын зерттеу

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Сүтқышқылды өнімнің дәрумендік құрамын зерттеу"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 634.23:581.17

СҮТҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМНІҢ ДӘРУМЕНДІК ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ Аленова А.Б. техника ғылымдарының магистрі, оқытушы

Бердыбаева А.Г. жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., ҚР

E-mail: [email protected]

Сүт-адамның бағалы азықтарының бірі. Ол тағамдағы құндылығы бойынша кез-келген өнім алмастыра алады, бірақ бір де бір өнім сүтті алмастырмайды. Сүт адам тамақтануындағы барлық қоректі заттарды- ақуыз, май, көмірсу көздерін организмге оңай сіңіреді [1].

Қазіргі кезде пастеризацияланған сүтке дәрумендер қосады. Сүттің өзінің құрамы мен физико-химиялық қасиеттері жөнінен пастеризацияланған сүттен айырмашылығы, оған аскорбин қышқылының қосылуында. Біздің елімізде сүтке сондай-ақ А және Д дәрумендерін қосудың технологиясы жасалуда.

Біздің зерттеу жұмысымызда түрлі дәрумендердің сүттің сапасына әсері зерттелді. Сүт сынамалары үш қожалықтан алынды. Дәрумендерді сүтке гомогенденген түрде қостық.

Кесте 1- Әртүрлі сиыр тұқымдарынан алынған сүттің биохимиялық құрамы

«Алатау» «Әулие-ата» «Қырдың

қызыл сиыры»

Құрғақ зат, ℅ 12,5 12,1 11,3

Майлылығы, ℅ 3,82 3,9 3,65

Белогы, ℅ 3,35 3,4 3,3

Лактоза, ℅ 3,9 4,2 4,1

С дәрумені, мг/℅ 1,8 1,89 1,76

Кестедегі нәтижелерден «Әулие-ата» сиыр сүтінің биохимиялық құрамын ескерсек «Қырдың қызыл сиыры» мен «Алатау» сиырларымен салыстырғанда құнды екенін көруге болады.

Сүт және сүт өнімдері құрамындағы дәрумендерді толық сақтау үшін пастерлеу тәртібін және қалыпты сақтау жағдайларын жасау қажет. Сонымен бірге, сүт және сүт өнімдерін жасанды түрде дәрумендермен толықтыруға болады. Бұл тұрғыдан алғанда сүтті ультракүлгін сәулесімен өңдеудің маңызы зор, себебі ультракүлгін сәулесінің әсерінен дегидрохолестерин Д3 дәруменіне ауысады. Сүтті жылумен өңдегенде дәрумендердің біраз бөлігі, әсіресе, В және С тобындағы дәрумендер бұзылатыны белгілі.

Сүтті қыздырғанда, қайнатқанда Е дәруменінің мөлшері тым азайып кетеді.

Сүтті қыздырғанда, қайнатқанда В2 дәруменінің мөлшері азаймайды.

(2)

Сынамадағы зерттелген сүттегі А дәрумені 0,022 мг болды, ал қайнатылған сүтте мөлшері сақталды, ал С дәрумені 1,4 мг болды, ал қайнатылған сүтте С дәруменінің мөлшері 50 ℅-ға дейін азайды. Сүттегі Е дәрумені 0,08 мг болды, ал қайнатылған сүтте Е дәрумені тым азайып кетті, яғни 0,02 мг көрсетті.

Зерттелген сүттегі В1 дәрумені 2,1 мг мөлшерінде болды, ал сүтті қыздырғанда, қайнатқанда оның мөлшері 25 ℅-ға дейін азайғанын көруге болады.

Көктем мезгілінде сиыр сүтінде аскорбин қышқылының концентрациясының күрт төмендеуі көктемдегі авитаминозға, ол сиыр жайылымындағы шөп қорының азаюына байланысты. Алайда жаз мезгілінде көктің шығуына және азық қорының кеңеюіне байланысты аскорбин қышқылының максималді мәні 2,8 мг/л.

Сауылатын сиыр сүтінде С дәруменінің мөлшері азықтың сапасына байланысты. Сүт өнімдеріндегі аскорбин қышқылының концентрациясы сол сүттің құрамындағы мөлшері бойынша ауытқып-ауытқып отырады.

Белгілі дәрумендерге қарағандай аскорбин қышқылы жақсы зерттелген.

Бұл жұмыста жыл мезгілдері бойынша алынған сиыр сүтіндегі С дәруменінің мөлшері зерттелді. (Сурет 1)

Сурет 1 – Жыл мезгілдері бойынша алынған сиыр сүтіндегі С дәруменінің мөлшері

Сүттегі аскорбин қышқылының концентрациясы жаз мезгілінде 2,8 мг/л.

Ал көктемдегі сиыр сүтінде төменгі мөлшері байқалады және ол 1,1 мг/л құрайды. Бұл азық қорының жақсаруына тікелей байланысты, азық қоры жеткіліксіз және құнарсыз болуына байланысты көктем мезгілінде төмен болатынын атап көрсету керек.

Қорытындылай келе, зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша мынадай тұжырым жасауға болады:

- сүт өнімдері iшектердiң жұмысын жақсартады, ауру тудыратын iшек микрофлорасының тіршілігін тоқтатады, артық холестеринді жояды.

2,8

1,1

2,3

0 0,5

1 1,5

2 2,5

3

Жаз Көктем Қыс

Аскорбин қышқылы, мг/100мл

(3)

- сүттегі дәруменнің мөлшері азықтандыру деңгейіне, малдың тұқымдық және жеке ерекшеліктері, лактацияға, малдың азықтану рационына және жыл мезгілдерін ескере отырып, көктем айларында сүтке қосымша С- дәруменін қосу, сүт өнімдерінің құнарлылығын арттыруға септігін тигізеді;

- сүтті қыздырғанда, қайнатқанда В1 дәруменінің мөлшері 10-25%-ға азайып кетуіне байланысты қосымша В1 дәруменін қосуды жүзеге асыру кажет;

- сүт өндірудегі технологияда қолданылатын түрлі әдістер арқылы сүттің құнарлылығы төмендейді, соған орай сүт өнімдеріне қосымша витаминдерді қосу арқылы өнімді құнарлы әрі пайдалы етіп ұсынған өте тиімді.

Қолданылған әдебиеттер

1. Андреева М.А., Молокеев А.В., Молокеева Н.В. и др. Разработка лечебных и диетических кисломолочных продуктов-эубиотиков // Ж - л. Биотехнология.

Теория и практика № 3 - 4, 2005, с.53 - 54.

Referensi

Dokumen terkait

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау Зерттеу нәтижесінде қауын бөліктеріне қысым шамасын арттырғанда шырынның бөлінуі жоғарылайтыны және ол тәуелділік дәрежелік сипатына

Ол келесі компоненттерден тұрады: 1 жоғары оқу орнының ерекшеліктері, факультет және мамандығы, курс айырма- шылығы бойынша, ғылыми-зерттеу қызметі жайлы білім мен дағдыны сапалы