ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ
А.А. Налибаев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: [email protected]
Кез келген ел үшін ӛз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл бағыттағы олардың негізгі міндеті аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы болып саналады. Шаруашылығының басты саласы – ӛнеркәсіп. Оның құрамында кен ӛндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар ӛнеркәсібі, ағаш ӛңдеу, тамақ және жеңіл ӛнеркәсіптері дамыған.
Бүгінгі таңда ӛнеркәсіп ӛндірісіндегі жетекші сала бұрынғыдағыдай түсті металлургия болып табылады, оның ӛнірдің жалпы әлеуетіндегі үлес салмағы 55%-ға жуық және ол іс жүзінде толығымен экспортқа жіберіледі. Сондай-ақ машина жасау және металл ӛңдеу, орман және ағаш ӛңдеу, жеңіл және тамақ ӛнеркәсібі салалары, электроэнергетика, агроӛнеркәсіп кешені де жеткілікті түрде дамыған.
Нарықтық экономикаға ӛту барысында Қазақстанның әр облысы жаңа жағдайларға икемделіп, қандай да бір жолдармен әлеуметтік тығырықты мәселелерден шығып, ӛндіріс құлдырауын тоқтату үшін экономикалық дамудың ӛзіндік үлгілерін дайындауға талпынды. Нарықтық экономикаға ӛтудің мұндай жолы әрине тиімді болып табылмайды. Ӛйткені, республикалық маңызды стратегиялық мақсаттарды шешу сияқты мәселелер аймақтық басқару органдарының басқару шегінен тысқары қалды. Бұл жерде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару мәселелерін қайта қарастыру қажеттігі туындады және ол ӛлкелік шаруашылық жүргізудің жаңа принциптеріне негізделуі керек:
- табыс пен шығынның ӛлшемделуі, яғни шаруашылық қызмет нәтижесінде алынған ӛз табыстар есебінен шығындарды ӛтеу (ӛтімділік);
- табыстардың шығындардан артуы (ӛзін-ӛзі қаржыландыруды қамтамасыз ету);
- шаруашылық қызмет нәтижелеріне материалды және моральды жауапкершілік;
- аумақ деңгейінде алынған табыстар есебінен әлеуметтік және аймақ ішілік мәселелерді шешу.
Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты ӛсуі елдің проблемалық аймақтарындағы ӛмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды [1]. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын тӛрт топқа бӛлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроӛнеркәсіптік;
- дағдарыстық.
Аймақтардың экономикалық дамуының және экономикалық рефораларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аймақтарын беске бӛлеміз:
- Батыс Қазақстан;
- Солтүстік Қазақстан;
- Шығыс Қазақстан;
- Оңтүстік Қазақстан;
- Орталық Қазақтан.
Аймақтардың қысқаша түсініктемесі келесі кестеде кӛрсетілген (1- кесте): Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты.
Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар ӛз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек қана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет.
Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін кӛтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Кесте 1 - Қазақстандағы аймақтардың қысқаша сипаттамасы
Аймақ Территория, мың шаршы шақырым
Сипаттамасы
Орталық Қазақстан
398,8 Құрылыс индустриясының, қара және түсті металлургияның, химия ӛнеркәсібінің және кӛмір ӛнеркәсібінің ӛндірістік- ӛнеркәсіптік орталықтары
Шығыс Қазақстан 277 Түсті металлургия,
электроэнергетика, химия және ағаш ӛңдеу ӛнеркәсібі
Солтүстік Қазақстан
600,9
Жылу-энергетика, кен ӛндіру салалары, аллюминий және ферроқорытпа ӛндірісі, агроӛнеркәсіптік кешен және
тамақ ӛнеркәсібі
Батыс Қазақстан 728,5 Мұнай және газдың бай кен орындары, хромит, марганец, никель, фосфорит, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, мұнай- газ химиясы, балық ӛнеркәсібі Оңтүстік
Қазақстан
712,2 Бақшагерлік, жүзім, мақта, қант
қызылшасы, күріш
шаруашылықтары, Фосфорит, фосфорлы тыңайтқыштар, тұз ӛндірудің әлемдегі ірі кешендері
Ұзақ мерзімді экономикалық саясатқа ӛту – бұл аймақтық басқару органдарының әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен мәселелерді шешетін ӛзара байланысты құжаттар жүйесін дайындауды қарастырады.
Республиканың үлкен аумағында саралау тек табиғатты құрастырушыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуда да орын алады.
Қазақстанның әр аймағы әсіресе, табиғат ресурстарын игеруде, тұрғындардың әр түрлі жиілікпен орналасуы, қала мен ауыл тұрғындары үлесіндегі әртүрлі қатынастар ӛзінің айқындалған ӛндірістік мамандануына ие.
Алдын ала келісілген объективті айырмашылықтардан шығара отырып, Қазақстан аймақтары тӛрт топқа бӛлінеді:
Бірінші топ: Атырау, Ақтӛбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бір бӛлігі. Бұл аймақтар минералды ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы (негізінен кӛмір сутекті) және әлемдік шаруашылыққа жылдам қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті қарқынды дамудағы ғылыми-ӛндірістік әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз құрылымы бар.
Бұл топтардың басымдылығы - стратегиялық бай жер қойнауын (кӛмірсутегі), сондай-ақ шикізаттың басқа түрлерін (хромиттер, калий тұзы, бораттар, никель, кобальт және т.б) қарқынды игеруде; кең шығарудың базасында және кӛмірсутекті шикізатты қайта ӛңдеу кешенінде жаңа
технологияларды енгізу; жоғары дамыған ӛндірісті, әлеуметтік және рыноктық инфроқұрылымды құру.
Екінші топ - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр индустрияның айқын кӛрінетін мамандандырылған салалары бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты ӛндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен ӛзін - ӛзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми ӛндірістік әлеуетімен сипатталады.
Топтардың басымдылық санатында – ғылымды қажетсінетін жаңа ӛнімдерді, электр құралдарын, ақпараттықты, автокӛлік құрылысын (Павлодар және Қарағанды облысы); жаңа композиті, тазалығы жоғары, жоғары ӛткізгіш материалдарды (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары);
лазерлік технологияны дамыту, автоматты басқару жүйесі мен приборларды (Солтүстік Қазақстан облысы) шығаруды ұйымдастыру.
Үшінші топтар – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл облыстардың агроӛнеркәсіптік кешендері республиканың ӛндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде танылған.
Үшінші топтағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары - әр түрлі бағыттағы меншік нысанын реформалау бағытының жалғасы; ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіруді тиімді мамандандыру.
Тӛртінші топтар – Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, яғни әлеуметтік - экономикалық және техника-технологиялық жағдаймен, экстремальды топырақты климаттық тоқыраулы аймақтардың экономикалық оңтайлығының қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын деңгейге жетті.
Тӛртінші топ үшін басымдықтар – экологиялық кризистің тереңдеу үдерісін болдырмау; жергілікті ресурстарды, тәжірибені және осы аймақта тұратын тұрғындардың дәстүрін пайдалануды есепке ала отырып, шаруашылық кешендерін түбірлі қайта құру.
Сӛйтіп, бірінші топтың аймағы үшін, аймақтық инфрақұрылым (әсіресе кӛліктік), рынок инфрақұрылымын құруда мемлекеттік қолдау жүйесі, сондай-ақ шетел инвесторын тарту маңызды.
Екінші топтардағы аймақтарда мемлекеттік реттеудің әдістері орасан жекешелендіру арқылы экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпал етуге бағытталады.
Үшінші топтағы аймақтарда экономикалық тұтқалар мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы ӛндірісін реформалау бойынша бағытты жалғастыруға шоғырландырады.
Тоқыраулы (тӛртінші) топтар үшін мемлекеттік ретеу әдістері – оның ішінде: олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізілетін белгілі бір жобаларға қаржылық кӛмек кӛрсету басым жағдайда қалады.
Мұндай тәсіл аймақты басқару проблемасын шешуде жемісті болуы мүмкін, ӛйткені ол жергілікті шаруашылықты қарқынды дамытуға, аймақтық экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Ӛңірдің әлеуметтік–экономикалық дамуын басқару аумақтың нақты ӛзін-ӛзі басқаруы, ӛңірлік ұтымды басқарудың саналы орталықтандырылып жүргізілуімен байланыстырылады.
Аймақтық саясатты қалыптастыру негізінде оңтайландыру мен елдің ӛндіргіш күшін орналастырудың объективті қажеттілігі жатыр. Оның мәні мемлекет пен аймақтың мүдделерінің ұтымды ұштасуында, экономикалық ӛсудің аймақтық факторын тиімді пайдалану үшін жағдай жасауда, тұрғындардың ӛмір сүру деңгейін кӛтеруде және экологиялық қауіпсіздікті сауықтандырумен қорытындыланады.
Аймақтық саясат деп мемлекеттік басқару органдарының қызметінің маңызды бағытталуын түсіну керек. Аймақтық саясат бұл - аймақтың, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында кӛзделген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік басқару органдарының қоғамның территориялық құрылымдарына принциптер, басым бағыттар, әдістер және іс-шаралар арқылы әсер етуі. Концепция – бұл ұзақ мерзімді кезеңге арналған аймақ экономикасының тиімді бағытталуын және оның әлеуметтік–экономикалық негіздемесін білдіретін құжат болып табылады. Ол әлеуметтік–экономикалық ӛзгеріссіз табиғи және ӛндірістік базаның тұрақты жағдайдағы кезеңін қамтиды.Экономикалық саясат (негізгі бағыттар) – концепцияда жасалған бағыттарды нақтылайтын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді іс–шаралар жүйесін, негізгі ресурстар мен оларды тиімді қолдану есебін және әлеуметтік нәтижелерді қамтиды. Әлеуметтік–экономикалық саясаттың негізгі бӛлігі болып табылатын экономикалық саясат 10-15 жылға дайындалады [2].
Аймақ экономикасы дамуының факторлы болжамы - ӛз және басқа да тартылған ресурстарды тиімді қолдану шарттарын, мүмкіншіліктерін, кӛлемін, ресурсты тарту кӛздерін, тауарлы нарықты дамытуды және дайындалатын экономикалық саясатты жүзеге асыру нәтижесінде халық шаруашылығының тиімділігін жоғарылату мүмкіншіліктерін қамтиды. Бұл құжат орта мерзімді (5-10 жыл) және қысқа мерзімді (3-5 жыл) перспективаға дайындалуы мүмкін
Аймақтық жоспарлаудың ӛзара байланысты тӛрт кезеңін бӛліп алып қарауға болады. Олардың әрқайсысында ӛзіндік міндеттерін шешу үшін методикалық ғылыми жобалау және жоспарлау дайындықты талап етіледі.
Бұл кезеңдерге мына тӛмендегілерді жатқызуға болады:
1. Түрлі аймақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикасының даму перспективасының жоспарлау алдындағы ғылыми техникалық – экономикалық негізделуі.
2. Мемлекеттік ұлттық бағдарламалардың негізінде маңызды экономикалық мәселелер бойынша әлеуметтік - экономиканы ұзақ мерзімді аймақтық жоспарлау.
3. Түрлі аймақтық құрылымдардың перспективалық жинақты жоспарлауы.
4. Облыстар, қалалар, аудандар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы жалпы жоспарлауы.
5. Әлеуметтік–экономикалық дамуды аймақтық жоспарлау кезінде облыстар, қалалар мен аудандардың комплексті дамуының түйінді мәселелерін жүйелі шешуге баса назар аудару керек.
Аймақтың комплексті жоспарлар Қазақстан Республикасының экономикасының даму жоспарының базисі болып табылатын, республиканың облыстары мен қалалары, аудандарымен ауылдарының экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының критериі жоспарлардың ӛзара байланысты жүйесін құрайды.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының 2006 ж. 28 тамыздағы Жарлығы
2. Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.