• Tidak ada hasil yang ditemukan

СӚЗЖАСАМДЫҚ ЖҦРНАҚТАРДЫҢ СӚЗЖАСАМДЫҚ ТИП ПЕН ҤЛГІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КӚРІНІСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "СӚЗЖАСАМДЫҚ ЖҦРНАҚТАРДЫҢ СӚЗЖАСАМДЫҚ ТИП ПЕН ҤЛГІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КӚРІНІСІ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

СӚЗЖАСАМДЫҚ ЖҦРНАҚТАРДЫҢ СӚЗЖАСАМДЫҚ ТИП ПЕН ҤЛГІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КӚРІНІСІ

Мырзатаева А.Р.

Еуразия Ҧлттық университетінің ізденушісі Ғылыми жетекшісі- ф.ғ.д.,профессор Әбдіғалиева Т.Ә.

Тілімізде кез келген жаңа туынды сӛз қалыптасқан белгілі бір сӛзжасамдық тәсіл арқылы, оның тілде қалыптасқан ҥлгісі тип бойынша жасалады. Сӛзжасамдық тип пен ҥлгі – жеке топтарға бірігетін, белгілі бір тәсіл арқылы жасалған туынды сӛздердің ҥлгісі.

Сӛзжасамдық типке бірігетін туынды сӛздерді ҥш тҥрлі белгісіне қарап топтайды. Олар:

27

(2)

1. Сӛзжасамдық типке бірігетін туынды сӛздердің тҥп негіз сӛзі бір сӛз табынан болуы керек.

2. Сӛзжасамдық типке бірігетін туынды сӛздердің сӛзжасамдық мағынасы бірдей болуы керек.

3. Сӛзжасамдық типке бірігетін туынды сӛздер бір сӛзжасамдық жҧрнақ арқылы жасалу керек [1; 43-44].

Олай болса, біз мақалада жаңа сӛз тудырудың синтетикалық тәсіл яғни сӛзжасамдық жҧрнақ арқылы жасалу жолын ғана қарастырамыз.

Қазақ тілі грамматикаларында ӛздеріне тән «мағыналары мен қызметтеріне қарай сӛзден сӛз тудыратын қосымшалар (морфемалар) жҧрнақтар деп аталады. Сонымен бірге қосымшалар бір ыңғайда жҧрнақ пен жалғау болып жіктеліп, соның ішінде «мағынасы мен қызметіне қарай жҧрнақтарды сӛз тудыратын және форма тудыратын жҧрнақтар деп екі салаға бӛлеміз. Тіпті кейде «кейбір жҧрнақтар әрі сӛз тудыратын, әрі форма тудыратын синтетикалық морфема есебінде де қызмет ете береді»[2;181].

Сӛзжасамдық жҧрнақтардың қызметі сӛзжасамдық типте кӛрініс береді. Олай болса, жҧрнақ арқылы бір сӛз табынан жасалған ҧқсас мағыналы туынды сӛздердің жасалуын сӛзжасамдық тип деп атаймыз. Жалпы сӛзжасамдық зерттеулерден бір сӛзжасамдық типке белгілі бір жҧрнақтың бір сӛз табынан болған негіз сӛздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды тҥбірлер жататынын білеміз. Сӛзжасамдық тип қатыспайтын ешбір сӛз табының сӛзжасам жҥйесі жоқ. Тілімізде туынды тҥбір сӛздер қаншама кӛп болса, олардың бәрі тҥрлі сӛзжасамдық типтер арқылы жасалған, сӛзжасамдық типсіз жасалған ешбір туынды тҥбір сӛз жоқ. Міне, бҧл сӛзжасамдық тип мәселесінің сӛзжасамнан алатын ҥлкен орны мен маңызды қызметіне айғақ болатындығына дәлел.

Бҧдан біз сӛзжасамдық типті –тілдің синтетикалық сӛзжасам жҥйесінің негізгі мәселесі екендігін кӛруімізге болады. Сӛзжасамдық тип ҧғымы жалпылық қасиетке ие, сондықтан ол бір сӛз табына, белгілі топқа байлаулы емес. Барлық сӛз таптарының синтетикалық сӛзжасамын зерттеуге Сӛзжасамдық типті қолдануға болады. Ӛйткені сӛзжасамдық типтің қалыптасқан жалпы схемасы, формуласы бар, ол тӛмендегідей: бір сӛз табынан болған уәждеме + жҧрнақ = туынды сӛз, оның сӛз табы. Бҧдан сӛзжасамдық типтің ҥш мҥшелі тілдік қҧбылыс екені анықталды. Сӛзжасамдық типтің бҧл ҥлгісі тҧрақты, оны ӛзгертуге болмайды. Сондықтан ол сӛзжасамдық типтің бір белгісі саналады.

Сӛзжасамдық типтің жоғарыда берілген қҧрамын схемаға, формулаға тҥсірсек, ол тӛмендегідей болады: УСТ + Ж = ТС. Мҧнда УСТ –уәждеме сӛз табы + Ж –сӛзжасамдық жҧрнақ = ТС –туынды сӛз. Осы формула, ҥлгі арқылы кез келген сӛз табының синтетикалық сӛзжасамын зерттеуге болады деп ойлайыз. Бҧл ҥлгі арқылы әр сӛз табының нақты сӛзжасамдық типтері жасалуы керек. Мысалы, зат есімнің нақты бір синтетикалық сӛзжасамдық типін мысалға алайық: оны З+ші=З ҥлгісі арқылы берсек, ол былай болады:

етік (зат есім)+ші=етікші, (зат есім) сол сияқты орманшы, қобызшы, добырашы, қойшы, балташы, ерші, азаншы т.б. Бҧл –бір сӛзжасадық тип. Осы сӛзжасамдық тип немесе сӛзжасамдық жҧрнақтар арқылы тілге ӛте кӛп туынды тҥбір зат есімді сӛздер қосылған. Оны А.Ибатовтың «Қазақ тілінің туынды сӛздер сӛздігі» еңбегінде жасалған талдауда анықталған мысалдар дәлелдейді [3]. Сын есім сӛзжасамынан бір сӛзжасамдық типті мысалға келтірсек:

З+лы(лі)=С. Бҧл сӛзжасадық тип арқылы 750 туынды сын есім сӛздер жоғарыда аталған сӛздікте берілген.

Фонетикалық қҧрам, буын саны тҧрғысынан және сӛзге пара-пар келуі жақтарынан топтап кӛрсетілген бҧл тҥбір морфемаларды одан әрі сӛз таптарына қарай салалауға болады.

Ӛйткені синтетикалық сӛзжасам тәсілінің шартты соңғы сыңары – жҧрнақтар бҧл жағынан келгенде конверсиялық және инверсиялық болып екі ҥлкен топқа бӛлінеді.

Синтетикалық модель –жҧрнақтар қосылған сӛздерді ӛзге сӛз табына айналдырып жіберуі (конверсиялық қызметі) –ең кең тараған әрі аса жиі қолданылатын жҥйелер тобына жатады.

Бҧл жағынан келгенде олар, мысалға, зат есімдерден:

а) ой-ла, кӛз-де, қол-да, ас-а, бау-ла, бай-ы, т.т. етістіктер;

28

(3)

б) ой-лы, ақша-лы, бой-шаң, сӛз-шең, ұлт-шыл т.т. сын есімдер;

Етістік морфемалар:

а) тара-қ, күре-к, тіле-к, кес-пе, туы-с, піс-кі т.т. зат есімдер; б) іш-кіш, оң-ғақ, бүк-ір, и-р-ек, и-ір т.т. сын есімдер;

Осы келтірілген мысалдардағы тәрізді сын есімдерден зат есім, етістік, ҥстеу т.т сӛз таптарының туынды тҥбірлері жасалады.

Сӛйтіп, конверсиялық жҧрнақтар белгілі сӛз таптарының лексика-грамматикалық сипаттарын беруде тҥбір морфемаларға қарағанда, кӛп функционалдығымен ерекшеленеді.

Жҧрнақ деп, сӛзжасам жҥйесінің, жҧрнақша деп форма жасайтын аффикстерді атасақ, оларды шатастырмай ажыратып қараған болар едік. Осыдан келіп, ӛзі қосылған тҥп морфемалардан ӛзге сӛз таптарын жасайтындар ғана синтетикалық сӛзжасам ҥлгісі бола ма деген сҧрақ туады. Бҧндайлардың сӛз тудыратын жҧрнақтар екенін білеміз.

Ендігі мәселе – сол сӛз табының ӛз ішінде қосылып, олардан туған туынды сӛздердің сол аяда қалып қоятын тобы жӛнінде. Қой сӛзінен қой-шы, бас сӛзінен бас-шы, жол-жол-шы, жол-дас, қарын-

қарын-дас сияқтылардың жаңа мағыналы сӛз туғызып тҧрғаны айқын. Іні- іні-шек, келін- келін-шек, құлын- құлын-шақ, қала –қала-шық т.б. ойын-шық дегенмен салыстырсақ, соңғы

ойын-ойын-шық болып, екеуі де зат есім деп есептелгенмен, қой-қой-шы тәрізді екеуі екі тҥрлі сӛз екендігі айдан-анық кӛрініп тҧр. Сондықтан да алдыңғылардағы: -шақ, -шек, - шық

форма тудырушылар да, ойын-шық, қоян-шық, ірім-шік, текпі-шек, буын-шақ, түйін-шек сияқтағылардағы: -шық, -шік, -шақ, -шек –сӛз тудырушылар. Біз осы ӛзар омоформа жасайтын аффикстердің алғашқыларын жұрнақша, соңғыларын жұрнақ деп бӛліп атауын қостаймыз.[4; 78 ]

Бҧл келтірілген тілдік деректерден мынадай қорытынды жасауға болады.

Сӛзжасамдық тип ӛте жалпы болғандықтан, оны барлық сӛз табының синтетикалық сӛзжасамына қолдануға болатынын жоғарыда келтірілген мысалдар дәлелдейді.

Сӛзжасамдық типтің қҧрамы сӛзжасамдық жҧрнақтар арқылы нақтыланып бір белгісіне айналды. Сӛзжасамдық тип бойынша әр сӛз табының синтетикалық яғни жҧрнақ арқылы сӛзжасамын нақтылы модельдер арқылы зерттеу ол модельдің ӛнімділігін я ӛнімсіздігін, туынды сӛздің мағынасын анықтауда ҥлкен қызмет атқарады. Оны сӛзжасамдық типтің қызметі деуге болады. Жоғарыда келтірілген сӛзжасамдық типтің ҥлгілері бойынша жасалған туынды тҥбір зат есімдер мен туынды тҥбір сын есімдердің сандық қҧрамы сӛзжасамдық жҧрнақтардың ӛте ӛнімділігін дәлелдеді. Бҧл сӛзжасамдық жҧрнақтар туынды сӛз жасауда ӛте белсенді қызмет атқарған.

Сӛзжасадық типте оның ҥшінші мҥшесінің, туынды сӛздің, мағынасы тек жҧрнақ қызметіне қатысты емес, уәждеме мен жҧрнаққа бірдей қатысты. Демек сӛзжасамдық тип тҥзуде сӛзжасамдық жҧрнақтардың бір белгілі орны яғни қызметі бар екені танылады.

Сӛзжасамдық типтің ӛзіндік белгілерін туынды есімдердегі сӛзжасамның синтетикалық жҥйесімен қатар аналитикалық жҥйесін ҧтымды зерттеуде де заңдылық ретінде пайдалануға қол жеткізуіміз керек деп ойлаймыз.

Әдебиеттер 1. Салқынбай А.Тарихи сӛзжасам –Алматы,1999 2. Қазақ грамматикасы, 2002.

3. Ибатов А.Қазақ тілінің туынды сӛздер сӛздігі, А.,1988.

4. Қазіргі қазақ тілінің сӛзжасам жҥйесі, 1989.

Referensi

Dokumen terkait

Егер басқа адам менің алдымда басқа «Мен» арқылы жеке тұлға ретінде ашылса, әрі олардың арасында өзара түсіністік пен өзара түсіністіктің белгілі бір саласы пайда болса, конгрестер

Қашқари түркі тілдеріндегі жаңа сөздердің сөзжасам арқылы жасалуындағы өнімді қосымшалардың бірі -лығ анықтап, үш түрлі мағынасына иелік; жасалған іс және мекенге қоса, белгілі бір

Егер белгілі бір b нақты саны мен кез келген оң саны үшін f функциясының анықталу жиынында жататын жәнеx  теңсіздігін қанағаттандыратын барлық х сандары үшін f x b 