http://www.enu.kz Б.С. Абдуова Астана қ., Қазақстан СӚЗ ТАҢДАУ ЖӘНЕ СӚЗ ҚҰБЫЛТУ (АБАЙ ӚЛЕҢДЕРІНІҢ
МЫСАЛЫНДА) http://www.enu.kz
Ақындық, оның әлемі туралы сӛз болса, әрине, алдымен Абайға жүгінеміз. Ұлы Абайдың ақындық даралығын, ғажайып сӛз әлемін талай-талай ғалымдар, зерттеушілер, ӛнер сүйер, тіл түсінер кӛпшілік аз айтпайды. Осы бір аса кӛп емес, әйтсе де мұхиттан терең мұраны М.Әуезов, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, І.Жансүгіров, С.Мұқанов тағы басқа да кӛптеген ғалымдар ӛз зерттеулеріне арқау етті. 1950 жылдары Абай поэзиясын талдауға профессор Қ.Жұмалиев кіріседі. Соның негізінде 1960 жылы ғалымның «Қазақ әдебиетінің тарихы және Абай поэзиясының тілі» деген еңбегі жарық кӛреді. 1968 жылы ғалым Р.Сыздықованың Абай ӛлеңдерінің синтаксистік құрылысын зерттеген еңбегі шығады. Осындай іргелі еңбектерден кейін де Абайтану бағытында талай зерттеу еңбектері жарық кӛріп келеді. Азды-кӛпті еңбектердің бәрінде де Абай шығармашылығының барлық қырлары ашылды деген тұжырым жоқ. Ондай пікірдің болуы мүмкін де емес. Ӛйткені Абайдай алыптың сӛз әлеміне қалдырған мұрасы ӛлшеусіз. Сондықтан да болар, адамзаттың Абайы, Жамбылша айтсақ «ӛлең пайғамбары»
қашан болса да ӛзінің сӛз сарайымен ӛзгені баурайды да тұрады. Ешкімнің ойына келмейтін сӛз ойлап тауып емес, кӛптің кӛкейінде жүрген ойды ӛзгеше айта білуімен де Абай ӛлеңі ӛз құдіреттілігін жоймай келеді. Ақынның 8 мыңнан астам ӛлең жолдары, 175 тӛл ӛлеңі, 55 аударма ӛлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сӛзі қалды. Абай ӛз ӛлеңдерінде жүрек, адамгершілік, сөз, ғалым, білім, өлең, махаббат, ғашықтық, сезім, қыз, жігіт, ой, ел, халық, адам, жан, қазақ, тағдыр, дүние, құдай, алла, қала, бала, көңіл, мал, пайда т.б.
сӛздерді кӛп қолданады, оның үстіне бұлар түрлі эпитеттермен, теңеумен, метафора, метонимиямен келіп, ойды айшықты жеткізеді. Ал солардың ішінде еп деген сӛздің ешқандай топ түрлерінсіз – ақ қолданылып, мағынасын түрліше құбылтудың ерекше айтуға болады.
Еп тәуелденеді, септеледі, -ті жұрнағын қабылдап, қатыстық сын есімге айналады да, жіктеледі. Ақын ӛлеңдеріндегі бұл сӛздің түрлі мағынаға ауысуы – қазақ тіліндегі сӛздердің қиюын келтіріп қараса, тура мағынасында тұрып-ақ кӛркем ой беру қабілетін дәлелдей түседі.
Мысалы:
Сұм-сұрқия, сұмдықпен еп берем деп, Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп...
Жұрт жүр ғой арамдықты еп кӛрем деп, Тоқтау айтқан кісіні шет кӛрем деп...
Аз адам шаршайды, Ебіне кӛнбеске...
Амалдап қарағайды талға жалғап
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап,... – деген үзінділердегі ең сӛзін «ыңғай»-дың синонимі ретінде қабылдауға болады, яғни «сұм-сұрқия, сұмдықпен еп беру» - бір істі арам жолмен ебіне келтіру, ыңғайлау деген ойды берсе, «арамды еп кӛру» - арамдықты жақтау (ӛзіне ыңғайлы кӛру), оған бой ұсыну, сондықтан да тоқтау айтқан кісіні шеттету, оған жоламау деген ойға саяды. «Алар жердің ебін қамдау» - амалдап, бірді-бірге жалғап, тіршілік ететін адамдар «алатын жердің ыңғайын келтірер» деген ойды меңзейді.
Егіннің ебін, Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап мал ізде, -
http://www.enu.kz деген ӛлең үзіндісіндегі еп сӛзі егін сӛзіне ассонанс болып қана тұрған жоқ, астарлы ой мағынасын жамылып тұруымен де ӛзгеше. Оны мына мысалмен салыстырсақ, анық кӛз жеткіземіз:
Бұл шал бӛтен шал емес, қыдыр еді, Ебін тауып даруға келді кезі, -
деген үзіндідегі еп те алдыңғы ойға орайлас. Абай бұл жерде «егін салып, іс қыл, ыңғайын келтір, сауданың қыр-сырын үйрен, мал (дүние, байлық, құт деген ұғымда қолданып тұр) тап» деген ой топшылауын небәрі үш ауыз сӛзбен жеткізген.
Алынған үзінділердегі «ебін тауып» - ыңғайын, сәтін келтіріп деген синонимдердің орнына буын үйлесімі сай болғандықтан сәтті жұмсалғанын аңғарамыз. Ал енді:
Ер жігіт таңдап тауып еппен жүрсін...
Аз білгенін кӛпсінсе, Кӛп қазаққа епсінсе, Кімге тиер пайдасы...
Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі, Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
деген үзінділердегі еп-тің жӛні ӛзгеше. Мұндағы еп «ыңғайын» сӛзіне синоним болып тұрған жоқ. «Таңдап тауып, еппен жүру» - ақырын, сақ, анық, қатесіз сӛздерінің синонимі де, екінші үзіндідегі еп –тың сӛз. «Кӛпсіну», «азсыну-азырқау», «жатырқау- жатсыну» деген біраз сӛздерде кездесетін –сін, -сын жұрнағын еп-ке қосу – қазақ сӛзжасамындағы тың құбылыс. Алайда ӛлең ұйқасына қарап, буын санын арттыру, не азайту, қысқарту тәсілі – бұрыннан бар амал. Абайдың жаңа сӛз табудағы, ӛлеңнің құрылысы мен мазмұнына жасаған шеберлігі туралы қайталамай –ақ қойсақ та, «епсіну» -
«ыңғайын», орайын, ебін тауып келтіру» -дің қысқартылған түрі болғандықтан, сонысымен де айшықты екенін айту ләзім. Мағжанша айтсақ, алтын хакім бұл тосын сӛзбен «аз білімін кӛптей кӛріп, кӛп қазақты ӛйтіп-бүйтіп, амалдап, ебін тауып басқарса, ондайлардың кімге пайдасы тимек?» деген ойды жеткізген. Абай шығармашылығында сӛз түбіріне грамматикалық норма бойынша үйлеспейтін осы тәріздес қосымшаларды жалғаудан басқа, сӛз түбірін сақтай отырып, қосымшаның қазіргі (сол тұстағы да) нормаға келмейтін ерекшелігімен қысқарту әдісі болған. Мысалы, ақынның «Кӛкбайға»
деп аталатын ӛлеңі бір ғана шоғырдан (тирададан) тұрады.
Бұралып тұрып, Буыны құрып,
Қисайта тартып мұрының.
Әсемсіп, сәнсіп, Білгенсіп, бәлсіп, Әр нәрсенің орынын.
Керенау, кердең, бір керім, Жақпайды маған сол жерің.
Осындағы алғашқы екі тармақ аллитерациялық тәсілге жатса, -сып жұрнағымен келген тӛрт сӛздің соңғысы, яғни бәлсіп сӛзі қысқартылған түбір күйінде ӛлең ӛлшемін шебер түйіндеп тұр. Бәлсіну сӛзінің мағынасын тарқатып жатудың керегі де жоқ. Мұндағы – сіну жұрнағы – көпсіну, жатсыну, қомсыну, ұмсыну, азсыну сияқты бірқатар сӛздерге жалғанатын ӛнімсіз жұрнақ. Сәнсіп, бәлсіп сӛздеріндегі – сіп жұрнағы кісімсіп деген сӛздегідей ұнамсыз қылықты адамға меңзейді. Ал керенау, кердең, керім деген үш сӛз контекстік синоним жасап, ӛлеңді дыбысталуы жағынан да, мағыналық жағынан да жұп- жұмыр, тақтайдай тегіс шығарған. Осы тәріздес «қысқартылған түбірлі сӛздер» Абайдың
«Әбдірахманға» деген ӛлеңінде де кездеседі.
...Сыйласарлық кісіге
http://www.enu.kz Түк қалмайтын сақтаған.
Бауырларын еркейтіп Не сұраса, қақпаған.
Берілген ӛлең шумағындағы алғашқы жеті буынға кейінгі үш жолдағы барлық буындар сәйкестірілген (бұл ӛлеңнің барлық жолдары жеті буыннан тұрады). Сол себептен де болар, ұлы ақын қазақтың «еркелету, еркелетіп» деген сӛздеріндегі «ерке»
түбірін сақтап отырып, тіліміздегі й+тіп жұрнақтарын (үлкейтіп, кішірейтіп, бадырайтып, дабырайтып деген сӛздерде кездесетін жұрнақ) түбір сӛзге жалғайды. Бұл әдеби тіліміздің заңына қайшы қолданыс болады деп айта алмаймыз, ӛйткені негізгі ұғымды білдіретін түбір сӛз сол қалпында сақталған және «еркелетіп» деген сӛздің қысқартылған баламасын жасайды. Осылай болғанда ғана алдыңғы буындағы ӛлшемдерге дәл сәйкес келеді. Авторлық қолданыстардағы мұндай сӛздер белгілі бір мақсатпен жұмсалған.
«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйіндегі» «ептің» мағынасы ӛзгеше. Онда отар – отар қойдың арасынан кәрі, ауру, ақсақтарын алдырып, аз-аздап сойдырып, ет пен тамақтан қысылмай отырған бай үйінің тұрмысы мен әрекетін дәл берген.
... Ағайдың бек кӛп Айтамын ептеп
Сӛзімді ұғар елім жоқ...
Ептеп бағыт, есерге ем таба алмай,
Тәтті, тамақ жей алман дәмін татып, -деген үзінділердегі «еп»-тің мағынасын «ақырын», «жайлап» деген сӛздерге балама бола алады.
...Не десем саған еп?
Ғашығың да қайғы жеп...
...Жұртпен бірге ӛзіңді қоса алдасып,
Сампылдап сағым қуған бойыңа еп пе? – деген ӛлең жолдарындағы «еп»
«дұрыс», «жарысымды» мағынасында тұр. Алайда әрі ықшам (бір ғана буын), әрі ӛлең ұйқасына сай келгендіктен ғана емес, бұл сӛз мағыналық реңкі ӛзгермелі болғандықтан да ұлы ақынның қаламына жиі іліккенін аңғарамыз.
...Күнде ӛзімшіл ептінің Несін адам ұстасын...
...Еңбегі жоқ еппенен мал табам деп,
Сендіре алмай, сене алмай сенделеді..., - деген үзінділерде екі түрлі мағынада жұмсалған. Біріншісінде, өзімшіл деген анықтауыш епті-ні ұнамсыз мағынаға (пысықтай, қу, ӛз есебін жақсы білетін дегенге) ие етсе, екіншісіндегі еп еңбегі сіңбеген, тер тӛкпеген жұмыс арқылы ебін тауып, байлыққа жеткісі келетін кейбіреулер осы жұмысына ӛзгені сендіре алмай, әрі ӛзі де сенімді болмай, текке әуре болады (сенделеді) деген ұзақ сонар ойды сығымдап, жұп-жұмыр етіп жеткізген.
Абай ӛлеңдеріндегі еп сӛзі бірде қосымшасыз, бірде қосымшамен келіп, ӛлең ӛрімін, оның мағыналық реңкін сан-алуан құбылта жеткізумен ерекшеленді.
Ӛлең пайғамбарының сӛз құбылту ашу үшін жеке сӛзді образ етіп жұмсауы, синонимдер қатарынан «ептісін» таңдаудағы қарымы, қуаты, даралығы айрықша екенідігіне тағы да тәнті боламыз.