Ағыбаев А.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ БІРІЗДІЛІГІ – ЗАҢДЫЛЫҚ
ПЕН ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ
Қазіргі уақытта заң терминдерінің басқа тілдерден қазақшаға дұрыс аударылмауы қолдданыстағы заңдарда жиі дау туғызып отыр. Кӛп жағдайда халықаралық ортақ тіл терминдерін қазақшаға аударып босқа әуре болудамыз. Мысалы, принцип, экстрадиция, патенттілік, коррупция, амнистия, рецидив, т.б. сияқты терминдерді қазақшалаудың қажеті жоқ.
Коррупция термині барлық мемлекеттерде осылай қолданылады. Ол латын тілінде берілген термин, мағынасы лауазым адамдарының, қызметкерлердің сатылғыштығын білдіреді. Біз бұл терминді заң жүзінде сыбайлас жемқорлық деп аудардық. Сӛйтіп коррупция терминінің мәнінен шығып кеттік.
Біріншіден, сыбайластық деген сӛз бұл тұрғыдағы қылмыс ұйымдасып істелетіндігін білдірсе, екіншіден, жемқорлық деген терминді тауып алып, қылмыс субъектілеріне басқа атау бердік. Жалпы, коррупция деген терминді аудармай-ақ, сол ӛз атымен беруіміз керек еді. Мұның ӛзі біздің ел мен мемлекетімізде де осы құбылыспен пәрменді күрес жүріп жатқанын бір ғана термин арқылы дүние жүзі білер еді. Сондай-ақ, барлық елдердің қылмыстық заңдарында рецидив деген термин біркелкі қолданылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 13-бабының 1-бӛлімінде (орысша нүсқасында) «Рецидивом преступлений признается совершение умышленного преступления лицом, имеющим судимость за ранее совершенное умышленное преступление»деп кӛрсетілген. Осы баптың қазақша аудармасында: «Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады» делінген. Сӛйтіп, рецидив деген халықаралық термин қазақшасында қайталану деп берілген. Ал осы қайталануды орыс тіліне аударсақ, ол «повторность» деген мағына береді. Осыған байланысты рецидив деген заң терминін аудармай-ақ, сол күйінде берген дұрыс болар еді.
Рецидив термині ҚазақССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде де қолданылған.
Қылмыстық кодекстің орысша нұсқасында деяние деген термин жиі кездеседі. Мысалы, ҚК-тің 9 бабы 1-бӛлімінде (орысша мәтінде):
«Преступлением признается совершенное виновно общественно опасное деяние (действие или бездействие), запрещенное настоящим Кодексом под угрозой наказания» деген ұғым бар. Ал осы ұғымның қазақшасы «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» деп
аударылған. Бұл жерде деяние деген орыс тіліндегі термин әрекет болып, действие - әс-әрекет, бездействие - әрекетсіздік болып аударылып отыр. Ал оның анық аудармасы: деяние – іс-әрекет, действие - әрекет, бездействие - әрекетсіздік болып аударылуы керек. ӛйткені орыс тіліндегі деяние сӛзі действие и бездействие деген сӛздердің жинағы. Осыған байланысты қазақ тіліндегі деяние – іс-әрекет деген мағынаны білдіреді. Іс-әрекет деген сӛз тұрған жерде қоғамға қауіпті қылмыстық қол сұғушылық әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалатынын білеміз. ҚазақССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде осылай берілген еді. Заңымызда қолданылатын халықаралық терминдерді тиісінше пайдаланғанымыз жӛн. Ӛйткені, оларды аударғанда термин ӛз мәнін жойып, мағынасы ӛзгеріп кетеді. Сондықтан, қоғамға заман үрдісімен енген халықаралық ортақ терминдерді сол қалпында қолдана берген дұрыс. Бұл мемлкеттік тілдің ӛркендеуіне, халықаралық деңгеймен ұштасуына оң әсерін тигізеді. Дегенмен, халықаралық тіл терминіне жатпайтын кейбір заң терминдерінің дұрыс аударылмауы заң нормаларын қолдануда әр түрлі қиындықтар туғызуда. Осы себепті Әділет министрлігі еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық-атқару, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің мемлкеттік тілдегі мәтіндері мен орыс тіліндегі мәтіндері арасындағы қайшылықтарды бір ізге келтіру жұмысын қолға аламыз деп ӛткен жылы мәлімдеп еді, бірақ қозғалыс жоқ. Кодекстердің орыс тіліндегі мәтіні дау туғызбайды. Ӛйткені, заң сол тілде жазылып қабылданған, ал қазақ тіліндегі аудармасында кӛптеген қателіктерге жол берілген.
Енді әр кодекс бойынша орын алған қате аудармаларға тоқталып кетейік. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша оның 1-бабындағы алдын алу (предупреждение) сӛзі сақтандыру, 9-баптағы айыпты сӛзі кінәлі (виновный) деп аударылуы керек. Тағы осы баптағы әрекеттің деген сӛзден кейін немесе әрекетсіздіктің (или бездействие) сӛзі жазылмай қалған, 10-баптағы қылмыс санаттары онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр деп кӛрсетілген, барлық кодекстерде дәл осылай жазылуы керек. Яғни, бұл терминдер 3 кодексте бірыңғай кӛрсетілуі шарт. 23-баптағы жазықсыз деген сӛз кінәсіз (невиновный) деген мағынаны білдіреді, ол солай түзетілуі керек, 24-баптағы ерекше ауыр деген сӛз аса ауыр деген сӛзбен, 52-баптағы айыпты сӛзі кінәлі (виновный) сӛзімен, айыпкердің жеке басы кінәлінің жеке басымен деген аудармамен ауыстырылуы қажет. Қылмыстық кодекстегі айыпкер деген термин кінәлі деген сӛзбен ауыстырылғаны жӛн.
Ӛйткені, орыс тілінде ол виновный, виновность деп кӛрсетілген, 55-баптағы себептерге деген термин ниеттерге деп ауыстырылуы керек. Ниет (мотив) дегеннің дәлме-дәл мағынасын береді. Меншікке қарсы қылмыстар (6-тарау) – осы тараудағы «хищение» сӛзі ұрлық түрінде қате аударылған.
«Хищениенің» қазақшасы – талан-тараж. Бұрынғы заңдардың бәрінде солай жазылатын. Соған байланысты аталмыш тараудағы «хищение» талан-тараж сӛзіне ауыстырылуы қажет. ҚК-тің 206-бабы бойынша изготовление жасау деп қате аударылған. Ол дайындау, ал «сбыт» сӛзі өткізу делінуі керек еді.
Заңда «сбыт» сату түрінде қате аударылған. Сондай-ақ, 208-баптағы
значительный сӛзі айтарлықтай емес, едәуір болып кӛрсетілуі тиіс, басқа баптардың бәрінде бұл сӛз едәуір ретінде берілген. Ал 251-бапты приобретение сатып алу емес, алу, сбыт сату емес, өткізу деп ӛзгертілуге жатады. 259-бапта да осындай қателіктерге жол берілген, 287-баптағы
«добыча» сӛзі олжалау деген мағынаны білдіреді (алу емес). 292-баптағы ұқыпсыз сӛзі абайсыздықпен сӛзімен ауыстырылғаны дұрыс (неосторожность). Мағынасы Конституцияға, басқа да кодекстерге сәйкес келмейтін сӛздер түзетіліп, жекеленген баптарда атап кӛрсетілгені жӛн.
Екінші, ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде де жекеленген терминдердің дұрыс аударылмауынан қателіктер кеткен. Сол себепті кодекстегі
«осужденный» деген термин сотталған, сотталған адам (сотталғандар) болып мағынасына қарай тура аударылуы тиіс. Кішігірім деген термин онша ауыр емес, орта ауырлықтағы ауырлығы орташа терминдерімен (69-бап) Қылмыстық кодекстегідей болып кӛрсетілуі керек. Ал осы кодекстің соңында сот үкімі бойынша тәркілеуге жатпайтын мүліктер тізбесінде инвентарь құрал-саймандар түріне ӛзгертілуі қажет. Оның бұрынғы аудармасы мукаммал екен, мұндай сӛз еш уақытта қазақта болған емес. Басқадай жекелеген баптардағы терминдер ортақ терминологиялық ӛзгертулерге сәйкес болғаны мақұл.
Үшінші, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі қате аудармалар түзетіліп, олар былай жазылуы керек. Свидетель – куәгер, понятой – қалыс адам, подозреваемый – күдікті, отвод – қарсылық білдіру, относимость – қатысты, допустимость – жол берушілік, достоверность – сенімділік, достаточность – жеткіліктілік, подсудность – соттылық, доказательство – дәлелдеме, правосудие – сот төрелігі, судебная власть – сот билігі, значение – маңызы, невменяемый – есі дұрыс емес, показания – жауап, жауап беру (айғақ емес) деп кӛрсетіліп, барлық кодекстердегі осындай аудармаларға бірізділік берілуі шарт. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жекелеген баптарындағы кемшіліктер бап мәтіндерінде тікелей кӛпе-кӛрінеу кӛрініп тұр. Сӛйтіп, заң терминдерінің түсінігі бір ізге түсірілуі керек. Сонда ғана барлық кодекстердегі терминдер бір мағына береді. Жалпы, заң терминдерінің сапалы аударылуы, заң, құқықтық нормаларда дұрыс қолданылуы, заңдылықты жүзеге асырудағы маңызы жӛнінде Республика Бас Прокуратурасының, Жоғарғы Сотының, Ішкі істер министрлігінің, басқа да құқық қорғау, құқық қолдану органдарының бірлесіп, арнайы ғылыми- теориялық конференцияның ӛткізілгені жақсы болар еді.
Сондай-ақ қазіргі уақытта қолданыста жүрген Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріндегі кездесетін терминдер қайшылықтарын жойып, оларды тиісті мемлекеттік терминология комиссиясының бекітуімен баспадан басып шығаратын уақыт жетті.
Заң терминдерінің дұрыс аударылуы, мінсіз қолданылуы – мемлекетіміздегі заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудың кепілі.