1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
146
семьях родителей-одиночек, более социально адаптированы и благополучны, чем те, кто вырос в полных, но конфликтных семьях.
Взаимоотношения с сиблингами играют важную роль в социализации подростка и служат моделью построения отношений с другими людьми, в частности с противоположным полом. Бабушки и дедушки, являясь хранителем семейных традиций и истории, могут оказать позитивное влияние на формирование ценностной системы подростка. Большинство подростков считают семью значимой ценностью будущей жизни, однако их представления о семейной жизни достаточно схематичны. Девушки более заинтересованы и осведомлены в вопросах семьи и брака, юноши относятся к ним, как к отдаленной перспективе. Мотивами вступления в ранний брак являются добрачные беременности, стремление уйти из родительской семьи, попытки решить личностные или материальные проблемы, однако такие браки редко становятся успешными.
Дополняя характеристику уникальности семейного воспитания, отметим, что, будучи малой группой, своего рода “микроскопом”, семья наиболее полно соответствует требованием постепенного приобщения ребенка к социальной жизни и поэтапного расширения его кругозора и опыта. В ней представлены различные по возрасту (старшие и младшие члены семьи), полу (мужчины и женщины), а подчас и по профессии
“подсистемы”. Это позволяет ребенку наиболее широко проявлять свои возможности, быстрее и полнее реализовать свои потребности (Ю.П. Азаров, И.В. Гребенников, А.Г.
Харчев) [5; 48]
Список использованных источников
1. Леоненко Е.Детская метафорическая психотерапия.-М.: Институт метафорической психотерапии, 2014.
2. Выготский, Л.С. Детская психология [Текст] / Л.С.Выготский. – М. – 1982.
(Собрание сочинений: в 6 т. / Л.С.Выготский; т. 4).
3. Петровский, А. В. Дети и тактика семейного воспитания [Текст]/ А.В.Петровский. – М.:
Знание. – 1981.
4. Пухова, Т.И. Развитие представлений о семейных отношениях у детей [Текст] / Т.И.
Пухова // Вопросы психологии. – 1996. – №2.
5. Мацкевич И.К. Изучение индивидуально-психологических особенностей членов ремиссионной семьи в условиях полиэтнического государства:На материалах РеспубликиКазахстан. Диссертационная работа – М. - 1999.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Наубаева Х.Т.
психология ғылымдарының докторы, И. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің профессоры
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі өркениетке қол жеткізудің қайта жандануы мен дамуының негізгі міндеттерінің бірі “жаңа құрылымдағы жаңаша көзқарас және ойлаудың шығармашылық түріне ие болған адамды қалыптастыру” екені анық. Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығында қоғамымыздың дамуы сан-саналы жақтардан хабары бар, өзгермелі жағдаяттарға бейімделе алатын тұлғаны қажетсінумен бірге, адам әрекетінің қозғаушы күші ретіндегі қарым қатынасты қалайды.
Психологиядағы қарым-қатынас мәселесі өзінің теориялық, эксперименттік және қолданбалы зерттеулеріндегі мағынасы тұрғысынан психологиялық іс-әрекет, тұлға, сана т.б. басты мәселелерінен кем түспейді.
147
“Қарым-қатынас” – бірлескен іс-әрекеттегі қажеттіліктен туындаған адамдар арасында ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны дамытудың күрделі, көп жоспарлы процесі. Мұнда ол қарым-қатынас бойынша серіктердің өзара әрекет, қабылдау және түсінудің бірдей стратегиясын жасау болып табылады. Сондықтан қарым-қатынас – біріншіден, бірлескен іс-әрекеттегі қажеттіліктен пайда болатын адамдар арасында бірнеше жоспарлы байланыстарды орнату мен дамытудың күрделі процесі. Ол ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің бірыңғай стратегиясын өңдеу, серіктесті қабылдау және түсінуден тұрады. Ал, екіншіден бірлескен іс-әрекет қажеттіліктерінен туындайтын күй және мінез-құлық пен серіктестің тұлғалық-мәндік құрылымдарына бағытталған екі немесе одан да көп субъектілердің өзара әрекеттерінің белгілік құралдарымен жүзеге асырылады. Мұнда ол заттық және эмоциялық аспектілерде өзара хабарлама алмасудан тұрады. Сондықтан қарым-қатынаста адам өзінің жеке дара ерекшеліктерін меңгергендігі байқалады [1, 435б].
Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Тұлғаның қарым-қатынас және қабілетін, саналы көзқарастарын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына, дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Шет ел және отандық психологияның бағыты ең алдымен қарым-қатынас мәселесі.
Оларды зерттеуде көптеген ғалымдардың еңбектері бар, атап айтсақ: Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Э.Берн, Г.А.Ковалев, А.А.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, Л.А.Петровская, К.Роджерс, М.Форверг, А.У.Хараш және т.б. Аталған ғалымдардың еңбектерінен басқа қарам-қатынас мәселесі жөніндегі маңызды пікірлер М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов т.б.
еңбектерінде көрініс тапқан. Қарым-қатынас мәселесінің мән-мағынасын, тұлға дамуында маңыздылығын, қолданылу аясы туралы қазақстандық психолог ғалымдардың (С.М.Жақыпов, Ә.Ж.Алдамұратов, С.Қ.Бердібаева, Қ.Т.Шерьязданова, Н.А.Ладзина, Н.Қ.Тоқсанбаева, Ү.А.Уақпаева, С.А.Елеусізова т.б.) да еңбектерінің алатын орны ерекше.
Сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен қалыптасуында қазақ халқының тарихы мен ұлттық құндылықтарын пайдалану белсенділігі (М.М.Мұқанов, Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов, С.Қ.Бердібаева, Л.К.Көмекбаева т.б.) жоғарылап, оны қолдануға деген қызығушылық артып келеді [2, 3-5б].
Психологиядағы қарым-қатынас мәселесі туралы психолог Н.Қ.Тоқсанбаева:
“Қарым-қатынас, бұл белгілі-бір өзара қатынас қалыптастыру мақсатындағы мазмұны мен идеяларымен, қызығуларымен, көзқарастарымен, көңіл-күйлермен және т.б. өзара әрекеттермен дамиды. Қарым-қатынасты зерттеуде мына нәрселерге сүйенеміз:
- біріншіден, қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше типі – коммуникациялық іс- әрекет;
- екіншіден, қарым-қатынас – кез-келген іс-әрекеттің іске асырылу шарты;
-үшіншіден, қарым-қатынас – арнайы берілген іс-әрекеттің нәтижесі” деп, қарым- қатынасты зерттеуде іс-әрекеттің маңыздылығына түсініктеме берген. Осы түсініктемелерден адам өмірінде қарым-қатынастың қаншалықты мәнге ие екендігі көрінеді.
Белгілі кеңес психологы А.Н.Леонтьев тұлғаның әртүрлі кезеңдерінде психикалық дамуды зерттеу арқылы ең алдымен оның қарым-қатынас ерекшеліктері туралы алынған түсініктері маңызды болып табылады. Ол тұлғаның қоғаммен қарым-қатынас жүйесін толығымен айқындайтын және психикалық дамуда басты орын алатын іс-әрекеттерінің сәйкес түрлері және жетекші іс-әрекеті туралы пайымдаған.
Қарым-қатынас тұлғаның танымдық іс-әрекетінің дамуында маңызды орын алады.
Кез келген адамның психикалық дамуы қарым-қатынас процесінен тыс болмайды.
Тұлғаның ақыл-ойының даму деңгейі оның теориялық білімі мен практикалық іс-әрекеті барысында жүзеге асырылады.
148
Тұлғаның іс-әрекетінің қарым-қатынас процесіндегі ерекшеліктері бірлескен іс- әрекет негізінде көрінеді. Бірлескен іс-әрекет жалпы мақсат пен қарым-қатынастың бірлігімен сипатталады. Бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекетті қалыптастыру процесі қарым-қатынаста жүзеге асатындығын С.М.Жақыпов еңбектерінен көреміз. Ол үшін қарым-қатынастың вербалды тәсілдері танымдық мақсатты қайта құру процесіне жағдай туғызады, ал осы кезде қарым-қатынастың вербалды емес тәсілдеріне мақсаттарды қайта құрудағы тұлғалық мағына беріліп, қарым-қатынасқа түсетін субъектілердің “мотив- мақсат” қатынасын қайта құруға мүмкіндік береді [3, 8б].
Ал, Е.В.Зинченко тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеуді негізгі психологиялық мәселелердің бірі деп қарастырады. Ол қарым-қатынастың тұлғалық күйі мен қасиетінің көптеген сипатының қалыптасуына ықпал ететіндігін айтып өтті. Сондықтан оның тұжырымынша, тұлғаның танымдық іс-әрекеті тек қарым-қатынаста дамиды және көрінеді.
Егер қарым-қатынасты іс-әрекет ретінде ұғынатын болсақ, онда біз үшін аксиома болып, біріншіден, оның интенционалдығы (өзіндік мақсатының саны, өз бетінше және бағынатын басқа мақсатта, өзіндік мотивтерінің саны); екіншіден, оның нәтижелілігі – белгіленген мақсатпен қол жеткізген нәтиже өлшемінің сәйкес келуі; үшіншіден, бәрінен бұрын айтылатын қарым-қатынас актысының ағымы мен нәтижесін міндетті әлеуметтік бақылау фактісіндегі нормативтілік есептеледі. Осы тұстағы А.А.Леонтьевтің “Қарым- қатынас” психологиясы еңбегінде берілген қарым-қатынас мәселесін талдау деңгейіне қатысты пікірлеріне сүйене отырып, қарым-қатынас психологиясының позициясын анықтау үшін, бірден бізге бірқатар категорияларды кіргізуге тура келеді. Бұл осы жүйеде қарым-қатынас тиісті орынын табуы керектігін көрсетті. Мұндай категориялардың мәнісі:
1) іс-әрекет, 2) өзара әрекет (интеракция), 3) қарым-қатынас, 4) өзара қатынас, 5) қоғамдық қатынас.
Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің маңыздылығы қарым-қатынас процесіндегі оның дамуынан көрінеді. Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады: вербалды (тілдік) (С.Л,Рубинштейн, К.Менг, Л.Р.Мошинская, О.В.Самарова) және вербалды емес (тілдік емес) қарым қатынас (Е.И.Фейгенберг, А.Г.Асмолов, В.Биркинбил, Е.А.Ермолаева).
Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес тәсілдері бірлестігінің адам үшін өте үлкен психологиялық мәні бар, сонымен қатар осындай бірлестіктер негізінде “қарым- қатынас бірлігі” пайда болады. Бұл бірліктер әр түрлі тәртіп формаларының ерекшеліктерін анықтайды және тұлғамен қарым-қатынасқа қатысушылардың мінез- құлқы негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар қарым-қатынаста вербалды және вербалды емес қатынастық кедергілер де бар. Вербалды кедергілер – сөзді бөлу, талас, эмоционалды сөздер, жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы болса, ал вербалды емес кедергілер – екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді, көзіне тіке қараудан қашады, қайта-қайта сағатына қарап, арақашықтық сақтап және т.б. әрекеттер жасайды. Мұндай қарым-қатынастық кедергілер немесе қиындықтар тұлғаның жеке дара ерекшеліктеріне, мінез-құлық бітістеріне, өзіндік баға, өскен ортасына т.б. бір сөзбен айтқанда танымдық іс-әрекетінің дамуына да байланысты.
Тұлғаның қарым-қатынас белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Профессор С.М.Жақыповтың мазмұны бойынша танымдық және формасы бойынша бірлескен-диалогтық іс-әрекеттің қалыптасу процесі индивидуалды іс-әрекет мақсаттары, мағыналары және мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы мен түйісуі барысында жүзеге асатындығы туралы негіздемесі бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынастың бірлігі болып саналады. Бұдан тұлғаның танымдық іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынастың тікелей ықпалының маңызды екендігін байқауға болады [4, 66б].
149
Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Кең мағынада – бұл адамның ұйымдастырушылық- коммуникативтік іс-әрекетке психикалық дайындығы болып табылады. Сондықтан қарым-қатынас серіктердің коммуникативті іс-әрекетінсіз болмайды. Ал, коммуникативтік іс-әрекеттің өзі екі немесе одан да көп адамдардың үйлесімді қатынас орнатуы мен ортақ бір мақсатқа қол жеткізуге (А.А.Леонтьев, К.А.Абульханова-Славская) бағытталған өзара бірлескен әрекеті. Нәтижесінде қарым-қатынас пен коммуникативтік іс-әрекет – бұл бүтін мен бөлшек құрылымдардың қатынасы.
Тұлғаның жан-жақты дамуын қарастыру С.М.Жақыповтың “психологиялық күй”
категориясымен сипатталған тұлға дамуындағы өзгерістерді тұлғаның үйлесімді дамуының психологиялық шарттарымен мақсатқұрылым, мотивқұрылым және мағынақұрылым процестерін зерттеудегі мамандықты меңгеруші тұлғалардың бірлескен- диалогтық танымдық іс-әрекет концепциясына негізделеді [4,11б].
Ал тұлғаның танымдық іс-әрекетін оның дамуының ең жоғарғы деңгейі бірлескен мақсаттар мен іс-әрекет құралдары негізінде қалыптастырылған бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет болып табылады.
Бірлескен іс-әрекет аймағында тұлғаның жеткен жетістіктері қарым-қатынассыз болуы мүмкін емес. Олай болса қарым-қатынас феномені қолданбалы аспектіде іс- әрекетті тиімді ұйымдастыру құралы болып табылады. Адамның кез келген іс-әрекетінде ақпаратты тасушы ретінде нақты жақтарын сипаттау мен олармен байланысты мүмкіндіктерін анықтау қарым-қатынастың барлық саласын ерекшелеумен сәйкес келеді.
Басқа жағынан, адамның интегралды жеке даралық құрылымын қарастыру оның бірлескен іс-әрекетте қарым-қатынас қабілетін нақтылауға мүмкіндік береді.
Бірлескен іс-әрекет үнемі сол қоғамдық мінез құлықпен, яғни сол іс-әрекеттің дамуына нақты ықпал ететін реттеуші ретінде бірлесе жүзеге асады. Ал қарым-қатынас – адамдар арасында байланыс құру мен дамытудың күрделі, көпжоспарлы процесі, өзіне ақпарат алмасу, өзара әрекеттің ортақ стратегиясын жасау, басқа адамды қабылдау мен түсінуді кіргізеді [5, 5б].
Белгілі кеңес психологы Г.М.Андреева қарым-қатынастың үш негізгі қызметін ерекшеледі. Атап айтсақ: ақпараттық, интерактивті және перцептивті. Ал Б.Ф.Ломов қарым-қатынастың үш қызметін анықтады: ақпараттық-коммуникативтік (ол ақпаратты қабылдау мен жеткізу процесін қамтиды), реттеуші-коммуникативтік, өзара бірлескен іс- әрекетті жүзеге асырудағы қимылды түзетуге байланысты және адамның эмоциялық саласына жататын аффективті-коммуникативтілік.
Осылайша, бірлескен іс-әрекетте қарым-қатынастың үш саласын анықтауға болады: жеке даралық (бірлескен іс-әрекет тапсырмасын шешуде нақты қимылдармен байланысқан инструменталды (қарым-қатынас түрінің таратылуы); бірлескен іс-әрекетте маңызды ақпаратты қабылдау мен өңдеумен байланысты танымдық қарым-қатынас, сонымен қатар, субъект-субъектік қатынаста эмоциялық аспектіні көрсететін тұлғааралық қарым-қатынас. Мұнда тұлғааралық қатынас – бұл объективті тіршілік ету, түрлі дәрежедегі ұғынатын адамдар арасындағы өзара байланыс. Бірлескен іс-әрекеттің ерекшелігі (инструменталды), тұлғааралық қатынас кей жағдайда олардың эмоциялық мазмұндылығын ерекшелейтін экспрессивті деп аталады.
Қарам-қатынастың аталған үш саласы бірлескен іс-әрекетте оның мақсатқа сәйкес ерекшелеу жеке даралық-тұлғалық доминант, ал танымдық – ақпараттық, тұлғааралықта – эмоциялық доминант болып табылады. Олар бір-бірімен субъект-объекті және субьект- субъекті қатынаспен өзара байланысты. Кез келген іс-әрекет үнемі өзіне тікелей немесе жанама түрде адамдардың өзара қатынасын кіргізеді, ал қарым-қатынас процесі бірлескен іс-әрекет құралымен деттерминантталады [6, 13б] .
Адамдардың қарым-қатынас процесінде бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі барысында олардың өзіндік қарым-қатынас қызметтерінің маңызы бар. Қарым-қатынас – белгілі бір өзара қатынас қалыптастыру мақсатындағы – мазмұны мен идеялармен,
150
қызығулармен, көзқарастармен, көңіл-күйлермен және т.б. өзара әрекеттермен дамиды.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс- әрекетте өзара қатынасының дамуы ретінде көрініс береді [7,21б].
Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс ғана емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдардың бірін-бірі қабылдауы және ақпарат алмасуы болып табылады. Тұлғаның жеке бас қасиеттері қарым-қатынас процесінде дамиды. Қарым-қатынас оның танымдық іс- әрекетіне, психикалық процестерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Тиімді ұйымдастырылған оқу-білім, еңбек, іс-әрекет немесе жалпы айтқанда психологиялық дамыту іс-шаралары тұлғаны қалыптастырып, оның өмірлік дұрыс бағыт таңдауына және сол мақсатта игілікті қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиет
1. Головкин С.Ю. Словарь психолога-практика.-Минск:Харвест, А.:АСТ, 2001.-974с.
2.Мандыкаева А.Р. Тұлға қабілеттерін дамытудағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері. Психология ғыл.доктор. дисс.авторефераты. Алматы, 2009.
3.Турдалиева Ш.Т. Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамыту.
Психол.
ғыл. доктор. дисс.авторефераты. Алматы, 2009.
4. Жақыпов С. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. Алматы, 2008.
5. Тоқсанбаева Н.Қ. Танымдық іс-әрекетке кіріспе. А: Қазақ университеті, 2007.
6.Джакупов С.М.Психология познавательной деятельности. Алма-ата.:Изд. КазГУ.1992.
7. Журавлев А.Л. Совместная деятельность: методология, теория, практика. М.,1988.
БАЛА АУТИЗІМІ СИНДРОМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕХАНИЗМДЕРІ Наурызбаева Айзат Айтмуханбетовна
2 курса магистранты, 6М050300 «Психология» мамандығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Казахстан.
Ғылыми жетекші- Г. Айкинбаева
Бала аутизімі – бұл қарым-қатынас және эмоционалдық қабылдау аймағындағы қиындықтардан тұратын, жүріс-тұрыстың стереотиптілігімен көрініс беретін психикалық дамудың туа біткен бұзылыстары болып табылады [1]. Бала аутизімінде: орталық жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігі, бұзылыстың ерте жастан (сәбилік немесе нәрестелік кезден басталуы) басталуы және ремиссия мен рецидивтерсіз психикалық бұзылыстармен байланысты болатын биологиялық сипаты бар.
Бала аутизімі туа пайда болса да, психикалық бұзылыстар айқын көрініс беруі көбіне 2,5-3 жас көлемінде болады. Бұзылыстар психиканың барлық жақтарын: танымдық және эмоционалдық аймағын, сенсорлық және моторлық дамуын; жоғарғы психикалық қызметтер, жүріс-тұрыс, сананы, тұлғалық дамуды қамтиды. Балалардағы аутизмде психикалық дамудың реттілігі (асинхронды болуымен) бұзылуымен сипатталады.
Мәселен: бір жағынан бала уақытынан ерте жүріп, тілі ерте шығып, жасына сай келмейтің күртелі сөздерді үлкендерше айтып жатса, ал екінші жағынан қарапайым жасына сай танымдық тапсырмаларды орындай алмай жатады. Демек, оларды дамуы қалыпты балалардың дамуынан да және дамуы тежелген балалардың дамуынан да ерекшеленеді.
Психолог О.С.Никольскаяның пікірінше аутизмдік дамудың бұзылыстары:
қабылдау түрлеріндегі қиындықтар, сөйлеу тілі және жалпы танымдық түсінігі көрініс бере бастағанда, бала өз мүмкіндіктерін шыңайы өмірде қолдануға, айналасындағы адамдармен өзара іс-әрекет жасауға, қатынас жасауға тырыспайтындығымен байқала