Палермо университетіндегі докторанттардың ғылыми тағылымдамасы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D011100 - «Информатика»мамандығының 2 курс докторанттары Ельтинова Р.А. және Байгушева Б.М. Палермо университетінде (Палермо қ., Италия) ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми жетекшісі - п.ғ.д., профессор, Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Нурбекова Жанат Кунапиановна. Тағылымдама CNIT (Телекоммуникациялар бойынша ұлттық аралық консорциум) президенті, профессор Gianni Vernazza және Палермо университетінің профессорлары Pierluigi Gallo және Ilenia Tinnirello шақыруымен өткізілді. CNIT - 37 итальяндық университеттен тұратын коммерциялық емес консорциум, ол 7 ұлттық зерттеу кеңестері (CNR), 4 ұлттық зертхана және 44 зерттеу бөлімшесінде ұйымдастырылған. CNIT ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы зерттеулерді, инновацияларды және білім беруді дамыту үшін құрылған.
Палермо университеті
Палермо университетіндегі ғылыми тағылымдамадан өтудің негізгі мақсаты заманауи технологияларды меңгеру, заманауи білім беру технологиялары саласында тәжірибе жинақтау және толықтырылған шынайылық технологиялар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.
1806 жылы құрылған Палермо университеті (Università degli Studi di Palermo) - Италиядағы беделді және көне университеттердің бірі. Университетте 5 ғылыми мектеп және 20 кафедра бар. Университет 23 докторантура, 44 магистр және 122 бакалавриат мамандықтары бойынша білім береді.
Ғылыми тағылымдамадан өту кезінде докторанттар ғылыми іс-шараларға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге белсенді қатысты, Палермо университетінің ғылыми кітапханасының ресурстарымен және Палермо қаласындағы кітапханасымен жұмыс жасады. «European Research: Innovation In Science, Education And Technology» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ғылыми мақалалар жарияланды.
Диссертациялық зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми материал жиналды.
Университет кітапханасы
Тәжірибе кезінде докторанттар 2018 жылдың 27 қазанында 2018 жылғы «Linux Day 2018» конференциясына және 2018 жылғы 4 желтоқсандағы «Digitalformov» (Digital Transformations - Digital Innovator) қатысты.
«Linux Day 2018» конференциясы, 2018 жылғы 27 қазан
Тағылымдама барысында толықтырылған шынайылық технологиясын қолданудың әдістемелік және практикалық аспектілері зерттелді. Палермо қаласындағы жетекші халықаралық «ETT SpA» компаниясының филиалы мен Рим қаласындағы атақты сәулет- құрылыс кешені «Термы Каракаллы» (Terme di Caracalla) қолданбалы аспектілерде толықтырылған шынайылық технологияларын қолданудың ұйымдастыру-әдістемелік шарттары зерделенді. Палермо қаласындағы ETT SpA компаниясының филиалында қызметкер Maria Giovanna Giambelluca компания қызметі мен толықтырылған және виртуалды шынайылық өнімдерімен таныстырды. «Terme Caracalla»
Ғылыми тағылымдама барысында инновациялық білім беру технологияларын үйрену мақсатында Палермо университетінің виртуалды шынайылық зертханасына және толықтырылған шынайылық технология траекториясындағы пәндер тобын зерттеу үшін университет профессорларының дәрістері мен практикалық сабақтарына қатысып тәжірибе алды.
Палермо университетінің virtual reality (VR) зертханасында
Профессор А.Fagiolini сабағына қатысуы
Сондай-ақ ЕҰУ докторанттардың қатысуымен 2018 жылдың 5 желтоқсанында, 2018 жылдың 7 желтоқсанында және ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Палермо
университетінде энергетика, ақпараттық инженерия және математикалық модельдер кафедрасында толықтырылған шынайылық технологияларды ғылыми зерттеулер ұсынылды және оқу үрдісінде толықтырылған шынайылық технологиялардың қолдануы тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізлді.
Тағылымдама барысында ғылыми кеңесшілер Gianni Vernazza, Pierluigi Gallo және Ilenia Tinnirello профессорлардан пайдалы ақпарат пен құнды кеңестер алынды. Олармен бірге оқу үдерісін визуалдандыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды (оқу үрдісіндегі толықтырылған шынайылық және блокчейн).
Докторанттар Ельтинова Р.А. және Байгушева Б.М. CNIT президенті, професссор Gianni Vernazza, Палермо университетінің профессорлары Pierluigi Gallo мен Ilenia Tinnirello ғылыми тағылымдаманы сәтті ұйымдастыру үшін алғыстарын айтады. Сонымен қатар Палермо университетінде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі үшін Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне және ғылыми жетекшісі, профессор Нурбекова Жанат Кунапиановнаға шын жүректен алғыстарын білдіреді.