• Tidak ada hasil yang ditemukan

Шет тілдерін үйренуде мобильді құралдарды қолдану: тəжірибе жəне пікірлер

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Шет тілдерін үйренуде мобильді құралдарды қолдану: тəжірибе жəне пікірлер"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Шет тілдерін үйренуде мобильді құралдарды қолдану: тəжірибе жəне пікірлер

Меруерт Акимбекова Əл Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан

[email protected] Абстракт

Ұлттық білім беру жүйесін жалпы бұқараға қолжетімді, көпқырлы жəне жасампаз ету мақсаты қазіргі жаһандану заманында еліміздің əлемдік экономикаға табысты интеграциялануы үшін жүргізіліп отырған мемлекетіміздің стратегиялық бағытынан туындайды.

Соңғы онжылдықта əлемдік білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану күрт өсті. Бүкілəлемдік ғаламтор желісінде көптеген қазақстандық ғылыми веб-сайттар ашылды, мысалы:www.science.kz, www.gylymkaz.kz (2008 жылы). Білім алу мүмкіндіктері жыл сайын кеңеюде: қашықтан білім алу, виртуалды кеңістіктегі түрлі тренингтер, онлайн-курстар, дыбыстық таспалар, электрондық кітаптар, бейнедəрістер, сандық фильмдер қай мамандыққа болсын үйрену мүмкіндігін береді.

Ал енді осынша түрлі оқыту құралдары мен əдіс-тəсілдер тұрғанда, тағы да бір мобильді білім алу тəсілі қажет пе деген сауал туындайды. Ұялы телефон арқылы шет тілін үйрену бағдарламасын сыннан өткізген Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары бұл сұраққа

«ия,қажет» деп жауап береді.

Кілті: ұялы телефон, шағын формат,қолжетімділік,көпфункциялылық,жеке контент,деңгейлік оқыту, тыңдап-түсіну дағдысы

1.Кіріспе.

Американдық «Video Arts» компаниясының өкілі Мартин Эддисонның айтуынша қазіргі таңдағы жеті үрдіс білім алуда мобильді коммуникация құралдарын пайдалануға итермелейді. Дəлдеп айтса, олар төмендегідей:

1-ші үрдіс. Білім алудың шағын форматына сұраныс болуы.

2-ші үрдіс. Мобильді құралдардың қолжетімділігі жəне көп таралғандығы. Нетбуктер, смартфондар, сенсорлық дисплейі бар планшетті компьютерлер білім алудың жаңа үдемелі түрімен қамтамасыз етеді.

3-ші үрдіс. Студенттерге бейнематериалдар арқылы білім алу ұнайды.

Бейнематериалдар үйренушілердің ойын қозғап қана қоймай, оларға эмоциялық, сезімдік деңгейде əсер етіп, көрініс түрінде есінде қалады, көңілін көтеріп, жаңа қадам жасауға, жаңаша ойлауға жетелейді. Бейнематериалдар аз ғана уақыт ішінде үйренушіге аса күрделі түсінімдерді, идеяларды, мысалы, қоғамдық дағдыларды жеткізеді.

4-ші үрдіс. Онлайн-видеоның дамуы.

Бұрынғы VHS видеокассеталар, компакт-дискілер, DVD- лер қолданыс аясынан ығыстырылып, сандық ағымдық видео заманы туды. Əртүрлі YouTube, Vimeo сияқты желілерінің арқасында ғаламторда видео көру күнделікті əдетке айналды. Бұл бейнематериалды кез келген адам кез келген жерден кез келген уақытта көре алу мүмкіндігін туғызды.

5-ші үрдіс. Жеке контент.

Білімнің мазмұны ерекше əрі есте қаларлық болуына сұраныс туып отыр. Сандық ақпарат ағымы шексіз əрі реттелуі қиын тасқынға ұқсас болғандықтан, көзге түсіп, тұтынушының таңдауына ілігу үшін, өнімнің мазмұны, яғни контенті, басқалардан ерекше, жаңа болуы қажет.

6-шы үрдіс. Білім беруде қызығушылықты арттыруға сұраныс.

Білім мазмұны тым күрделі, ұзақ, бірсарынды болса, үйренушінің тез жалығып, қызығушылығын жоғалтуы мүмкін.

94

(2)

7-ші үрдіс. Əртүрлі электрондық қосымша құралдардың пайда болуы.

Android, Symbian, Windows Mobile платформаларына қосымша құралдар жəне ноутбукке, планшетті компьютерге, смартфонға қосымша құралдар қолданыла бастады.

Олардың шағын көлемділігі, көпфункциялылығы жəне салыстырмалы түрде арзан болуы қолданушылардың қызығушылығын арттыруда. Осы аталып өткен жеті үрдіс мобильді білім берудің қазіргі заманның табиғи талабы екенін көрсетеді.

2.Тəжірибе.

Тіл үйренуде қолдануға болатын мобильді курстар ұялы телефонға арналған қондырма түрінде болады.

Тіл үйренудің күрделі үдіріс екенін əркім де мойындайды. Он бір жыл мектепте шет тілін оқып, жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін де, студенттердің «Шет тілі» пəнін бастауыш деңгейден бастап оқуы соған дəлел. Неге соншама жыл оқып, үйренсе де, шет тілінде еркін сөйлеу дəрежесіне жету мүмкін емес? Батыс тіл мамандары тілді тек оқып, жазып қана үйренбей, өте көп тыңдағанда ғана дұрыс сөйлеп үйренуге болады деген тұжырымға келген. Швед ғалымы Карл Хофсо мырза шет тілін үйрету əдістерін зерттеуде көп еңбек етіп, соңғы жылдары ұялы телефон арқылы (мобильді коммуникация) үйренуге арналған тіл курстарын құрастырған.

Бұл курстар үйренушінің деңгейіне байланысты сатыланып құрылған. Деңгейлер «бастауыш»,

«орташа», «жоғарғы» деп бөлінеді. Бастауыш деңгейге арналған курс үш сатылы. Бірінші сатысында үйренуші ұялы телефон арқылы 100-ден аса сөйлемді тыңдап, қайталап, өзінің тыңдап ұғу жəне дыбыстарды бір-бірінен бөлмей сөйлем түрінде дұрыс айту дағдысын дамытады. Бұл сатыда үйренуші сөйлемнің мағынасын білмесе де, аудармасын іздемей, тек қана тыңдауды үйренеді.

Себебі, сөйлеуді бастамас бұрын түсініксіз болса да, тыңдап үйрену қажет. Екінші сатысында сол сөйлемдерді жазба түрін есте сақтап, ұялы телефонның клавиатурасын пайдаланып, жазып машықтанады. Бұл сатыда үйренуші əрбір əріпке жеке көңіл бөлмей, тұтас сөздерді қамтып тез оқуды, дұрыс əрі тез теріп жазу дағдыларын дамытады. Ал курстың үшінші сатысында естігенін ұялы телефонның микрофонына қайталап айтып жазып, өзін- өзі тыңдап, қаншалықты ағылшынша мүлтіксіз сөйлейтінін тексереді. Бұл курс бағдарламасын игеруге 2 айдан 3-4 айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Ең бастысы мұндай білім алу түрі арнайы дəрісхананы, арнайы уақыт белгілеуді қажет етпейді. Үйренуші қолы босаған кез келген уақытта, кез келген жерде, мысалы, автобуста келе жатып та, не саябақта отырып та үйрене береді. Бағдарламаға іріктеліп алынған сөйлемдер бастауыш деңгейге арналған грамматиканың барлық конструкцияларын қамтиды. Мағыналары жеңіл, көп қолданылатын жəне күнделікті өмірге қатысты қажет ұғымдар.

Мысал ретінде 5 сөйлем келтірейік:

1. Can you make apple pie?

2. Every day brings new opportunities.

3. Betting on horses is big business.

4. Some people say yeah instead of yes.

5. An early start can be a good thing.

Сөйлемдер мағыналық тұрғыдан қарағанда ретсіз, бір-біріне байланыссыз қойылғанымен, дыбыстарды ажыратып үйрену жəне оларды айтып үйрену үшін, яғни фонетикалық тұрғыдан қарағанда, өте қолайлы орналастырылған. Тағы да бір жақсы ойластырылған нəрсе - дикторларды екеу болуы: біреуі əйел адам, екіншісі – ер адам. Екеуі кезек айтқан кезде үйренушіге қай дауыс көбірек ұнаса, соны таңдауына болады. Əрі олар екі түрлі акцентпен (шығыс американдық жəне батыс американдық акцентпен) сөйлейді. Мобильді білім алудың тағы да бір ұтымдылығы – əр адам өз қабілетіне қарай өзіне ыңғайлы жылдамдықпен үйрене алады.

Үстіміздегі оқу жылында Карл Хофсо мырзамен бірлесе отырып Қазақ Ұлттық университетінің он ағылшын тілі оқытушысы жүз студентпен осы ұялы телефон арқылы шет тілін үйрену бағдарламасын сыннан өткізіп, төрт ай бойы проект жұмысын жүргізді.

3.Нəтижелері.

Проект барысында əр оқытушы өз қол астындағы он студенттің жұмысын қадағалап, күнделік жүргізіп отырды. Олардың бағдарламаны сатылап үйренуі, күніне кем дегенде 20 минут тыңдауы жəне барлық тапсырмаларды орындауы маңызды болатын. Төрт айдың ішінде екі рет емтихан қабылданды жəне

95

(3)

олардың нəтижелері талданып, қорытынды шығарылды. Студенттердің деңгейлері əртүрлі болғандықтан, олардың жеткен жетістіктері де бірі озық, бірі орташа қалыпта. Бəріне ортақ нəтиже - олардың тыңдап-түсіну дағдылары тез дамыды жəне ағылшын тілі дыбыстарын мултіксіз айта бастады.

4.Қорытынды.

Жиырма бірінші ғасырдың жаңа технологияларын білім беру саласында белсенді қолдану студент жастардың еркін, əрі қиындықсыз білімдерін ұштауына көмегін тигізеді. Ұялы телефон қазіргі заманда күнделікті қолданатын міндетті құралдың біріне айналғандықтан, оның мүмкіншіліктерін білім алу саласында пайдалану оқу үдірісін жеделдете алады.

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі

Қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары мен перспективалары.

Ұлттық баяндама. ҚазҰУ «Қазақ университеті» баспасы, 2010 ж.

www.ictcenter.org. The Future of Mobile Teaching and Learning. Mike Quaissaunee, Gordon F.Snyder www.trainingzone.co.uk.The Seven Trends of Mobile Learning. Martin Eddison.

Referensi

Dokumen terkait

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық

Ал қазақстандық, Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Акбота Жайсанбаева ―Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы