• Tidak ada hasil yang ditemukan

Түйе өркеш майының жетілдіру технологиясы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Түйе өркеш майының жетілдіру технологиясы"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 637.521

ТҮЙЕ ӨРКЕШ МАЙЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Кененбай Ш.Ы., профессор а. а, т.ғ.к., Алибаева Д.К., магистр Алматы Техникалық Университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

[email protected], [email protected]

Еліміздің экономикасының нарықтық жүйеге көшуіне байланысты мал шаруашылығы саласы, соның ішінде түйе шаруашылығы мол өнім алуға тиімді.

Бұған Қазақстанда мал түлігінің жайылуына жарамайтын шөп және шөлейт жайылымның мол болуы түйе шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

Төрт түлік ішіндегі ең ірісі және жер бетіндегі ден tсі едәуір үлкен, ауыр салмақты жануарлардың бірі – түйе. Түйе арқасына май жинайды, оны «өркеш»

деп атайды. Қазақстанда бір және екі өркешті түйелер өсіріледі. Бір өркешті түйе «нар» деп, екі өркешті «айыр түйе» деп аталады. Айыр өркешті түйе көбірек өсіріледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан аймақтары айыр түйе шаруашылықтарымен шұғылданады. Түйенің өркешсіз түрі де бар. Бұлардың түйе тұқымдас жабайы түрлері түйетек (гунако) және түйебас (вакунья) деп аталады. Ал қолда өсірілетін екі түрін таутайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп атайды. Таутайлақты биік тау басына көтерілген кезде жүк артуға пайдаланады. Кекілеш тек жүні үшінөсіріледі. Таутайлаққа 50 килоға жуық жүк теңдеуге болады. Оны таутайлақ таудың тасты жолымен күні бойы 25 шақырым қашықтыққа шаршамай шалдықпай жеткізеді.Түйетектің биіктігі – шамамен 130 см, тұрқы 225см-дей болады, ал құйрығының ұзындығы – 15- 25см. Бұлар Анд тауларын мекендейді, еті мен терісі үшін ауланады. Таутайлақ пен кекілештің арғы тегі түйетек деп есептеледі. Өркешсіз түйелер ешқашан жегінге және сүті үшін пайдаланылмайды [1].

С.Р. Оспанов және З.М. Мусаев ғалымдары ұлттық дәстүрдің негізіне байланысты ұлттық ет өнімдерін дайындауда келесі стандарттардың құрамына енгізу керектігін ұсынды:

- өркеш майы (горбовой жир);

- ком май (казы) – қабырғаның сыртындағы, алтыншы қабырғадан құрсаққа дейінгі май, тік ішек;

- карта (кима) – ішектің жуан, қатпарлы бөлігі, тік ішектің жоғары жағы.

Жұмыстың өзектілігі түйенің өркеш майын көбірек пайдалану ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

- түйе өркеш майын өндіру технологиясы жетілдірілді;

- өркеш майын қолданып, өнім дайындау және олардың органолептикалық, физико-химиялық құрамын зерттеу;

- Экономикалық тиімділігін анықтау.

Түйе өркеш майының ет өнімдер өндірісінде қолданылуы анықталды, түйе өркеш майын өндіру технологиясы жетілдірілді [2].

(2)

Зерттеу нәтижесін қолданбалы құндылығы мен жүзеге асырылуы.

Зерттеу нәтижелері негізінде Алматы Технологиялық Университетінің зертханасында және ЖК «Алатау Дәмі» кәсіпорнында жасалған өнімнің рецептурасы анықталды.

Түйе өркеш майың 15х10см, қалыңдығы 5см етіп кесіп аламыз. Содан кейін сарымсақты ашып, үккіштен өткізіп, қара бұрыш, тұз қосып, өркеш майды жақсылап тұрып араластырамыз. Содан кейін оны тоңазытқышта 2-3 күн ұстаймыз. Алынған өнімді қазанда немесе кастрюльде 2,5-3 сағат бойы пісіреміз. Дайындығына 30 минут қалған кезде, зире, күнзе, лавр жапырағын қосамыз. Содан кейін, оны судан шығарып алып, қызыл бұрышқа саламыз.

Мұздатамыз. Сапаға қойылатын талаптар: өнім бертекті масса болу керек, дәмі мен иісі тағамға сәйкес болу керек. Жіберу.

Тұздалған өркеш май (бақылау) мен тұздалған өркеш майдан жасалған өнімінің (сынаққа алынған өркеш майы) тағамдық құныдығы салыстырылды.

Сынаққа алынған өркеш майы, тұздалған өркеш май (бақылауға) қарағанда ақуыз мөлшері 0,7%-ға, май мөлшері 1,15%-ға, көмірсу мөлшері 0,1%-ға, күлділігі 0,1%-ға артық, ылғалдылығы 0,3%-ға кем екені анықталды. Сынаққа алынған өркеш майының энергетикалық құндылығы 717ккал құрады, бақылаудан 42ккал артық болып шықты.

Дайын өнімнің рецептурасына экономикалық тиімділік есебін анықтауда, өнімнің калькуляциялық картасын есептедік, 1 кг дайын өнімнің өзіндік құны 1100тенге болды.

Түйенің өркеш майынан жасалған өнім экономикалық жағынан тиімді, себебі оның тағамдық құндылығы жоғары және бағасы төмен болып келеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кененбай Ш.Ы., Түйе етінің құрамы мен қасиетіне жылулық өңдеудің әсері// МНПК «Инновационное развитие пищевой, легкой промышленности и индустрии гостеприимства», - Алматы, 2014,-с.205-207.

2. Кененбай Ш.Ы., Таева А.М. Структуро-механические свойства верблюжьего мяса// МНПК «Инновационное развитие пищевой, легкой промышленности и индустрии гостеприимства», - Алматы, 2015,-с.150-151.

Referensi

Dokumen terkait

№ 4 358 ТЕХНОЛОГИЯ ТЕКСТИЛЬНОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ 2015 157 УДК 687.021 ОПТИМИЗАЦИЯ АВТОМАТИЗИРОВАННОГО РАЗМЕЩЕНИЯ ЗАКАЗОВ ШВЕЙНОЙ ПРОДУКЦИИ В УСЛОВИЯХ АУТСОРСИНГА OPTIMIZATION OF

Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың мақсаты өсімдік шикізаттары қосылған түйе еті негізінде дайындалған «Формадағы ет» өнімін зерттеу және әзірлеу болып табылады.. Тақырыптың өзектілігі: