• Tidak ada hasil yang ditemukan

(1)(2)2 ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ сәуір, 2018 жыл Білім берудің мультиұлттық мүмкіндіктері талқыланды Жеңімпаздармен кездесті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­ шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, оның ішінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Л.Н

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "(1)(2)2 ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ сәуір, 2018 жыл Білім берудің мультиұлттық мүмкіндіктері талқыланды Жеңімпаздармен кездесті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­ шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, оның ішінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Л.Н"

Copied!
16
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

2 ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9-10 (262-263) сәуір, 2018 жыл

Білім берудің мультиұлттық мүмкіндіктері талқыланды

Жеңімпаздармен кездесті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­

шаққа бағдар: рухани жаңғыру»

мақаласын, оның ішінде «Туған жер»

бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Менің Елім» тарихи өлкетанымдық жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – студент­

жастарды отансүйгіштікке баулу, еліміздің тарихи мұраларын насихаттау.

Жобаның бірінші бөлімі «Қазыналы Оңтүстік» деп аталған болатын. Осы жолғы бағыт «Түркі Тамыры – Алтай»

деп аталатын Шығыс Қазақстан Облысы.

Сапардың бірінші аялдамасы ­ қара Ертістің бойында орналасқан қарт Семей қаласы. Студенттерімізді Семейлік белсенді жастар қара домбырамен арнау айтып қарсы алды. Семей қаласындағы сапар Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғырудағы жастардың рөлі» атты бейресми конференциядан басталды. Алғы сөзді университеттің оқу­тәрбие жөніндегі

Әл­Фараби атындағы Қазақ ұлт тық уни­

верситетінде өткен Х Рес пуб ли калық студенттік пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінде Л.Н.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

«Әлеуметтік педагогика және өзін­өзі тану»

мамандығы 3 курс студенттерінің «Ізгілік кемесі»

атты командасы І орынды иеленген болатын.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі – бірінші проректоры Ә. Молдажанова олимпиада жеңімпаздармен арнайы кездесіп, жеңістерімен құттықтады.

Әлеуметтік педагогикалық білім кеңістігінде «Өзін­

өзі тану» пәнінен студенттеріміз өздерінің теориялық және практикалық білімдері мен шығармашылық біліктіліктерін биік деңгейде дәлелдеп шықты.

Студенттердің пән олимпиадасына дайындығын ұймдастыруға басшылық жасаған кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Қ. Шалғынбаева, пән оқытушылары Ф. Жұмабекова және топ жетекшісі п.ғ.к., доцент А. Омарбекова студенттердің мүмкін­

діктерін барлық қырынан көрсетуге басшылық етті. Доцент А. Омарбекова 2014 жылдан бастап, республикалық пәндік олимпиадаға жыл сайын

«Әлеуметтік педагогика және өзін­өзі тану»

мамандығы студенттеріне жетекшілік етіп, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Республикалық жоғары оқу орындары бойынша олимпиадаға қатысқан командалар арасынан «Ізгілік кемесі» командасының озық ойымен басымдық көрсеткеніне, теориялық және практикалық білім деңгейлерінің жоғары екендігіне әділ қазылар алқасының берген әділетті бағасы дәлел болып отыр.

Л.Н. Гумилев атын­

дағы ЕҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін­

өзі тану» кафедрасында

«Ғылым декадасы ­2018»

шеңберінде «Қазақстан Республикасында жо­

ғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің мазмұнын жаң­

ғырту» тақырыбында ғы­

лыми­практикалық се­

минар өткізілді.

Семинардың мақсаты:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің мазмұнын жаң­

ғырту туралы іргелі білімдерді өзектендіру және жүйелеу.

Семинарда педагогика ғылымдарының док торы, профессор Гүлбахыт Жол дасбекқызы ба ян ­ да ма жа сады. Док то­

ранттарға, ма гист ранттар

мен кафедра оқытушыларына жоғары кәсіптік білім беруді жаңғырту мәселесіне қатысты заманауи тұ ғырлар, жаһандану жағдайында білім маз мұнын әлеуметтік­

мәдени жаңғыртудың міндеттері ұсынылды.

Семинар жұмысына «әлеуметтік пе да гогика және өзін­өзі тану» ка ­ федрасының мең герушісі, п.ғ.д., про фессор Қ.Шал ғынбаева, п.ғ.д., про­

фессор Г.Ураз бае ва, п.ғ.к., до цент С.Байсарина, пс.ғ.к., до цент Б. Бай жұманова, доцент, PhD Ж.Абды халықова және «Әлеуметтік пе дагогика және өзін­өзі тану»

кафедрасының докторанттары мен ма гистранттары қатысты.

Жаңа білім па радигмасына сәйкес жо ғары кәсіптік білім мазмұнын жаңғыртудың негізгі мәселелері, әлемдік тәжірибені ес кере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мультиұлттық білім бағдарламалары мазмұнын жаңғыртудың мүмкіндіктері тал қыланды.

Баспасөз қызметі

Ақпараттар айдыны

Туған жер

Ғылыми-практикалық семинар

жастарының ЕҰУ Шығысқа

сапары

проректоры Марат Абдикаримов бастап, Барақбай Асылмұрат рухани жаңғыру тақырыбында өз баяндамасын оқыды.

Тақырып төңірегіндегі қызу талқылаудан соң, жастар Абайдың мол мұрасымен танысу мақсатында Абайдың «Жидебай­Бөрілі» музейін аралады. Студенттеріміз Семей полигонының жабылуына орай ашылған саябаққа барып, полигон зардаптарын бейнелейтін «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ЕҰУ­лық жастар Семей қаласынан кейін ат басын киелі мекен, Абай Құнанбайұлының туған жері – Жидебайға бұрды. Жидебайға барғандағы мақсат орындалды.

Себебі, Абай атамыздың жары Еркежанмен өмірінің соңғы жылдарын өткізген қыстаудағы үйін студенттер

өз көзімен көрді. Абай атамыздың көзі тірісінде қолданған бағалы дүниелері бүгінде сол үйде музей жәдігерлері ретінде сақталыпты.

Келесі бағыты әйгілі махаббат дастанының кейіпкерлері «Еңлік­

Кебекке» арналып ашылған ескерткіш болды. Студенттер күн еңкейіп ұясына батар уақытта Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музейіне жетті. Музей қызметкері кемеңгер жазушы туралы ой айтып, жазушы мұрасымен етене таныстырды.

Адам тәні азықты қалай қажет етсе, жаны да солай қажет етеді, осы сапарда тұнып тұрған тарихты көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы рухани жаңғырып қайтқан ЕҰУ жастары осындай мүмкіндік сыйлаған ЕҰУ басшылығына өз алғыстарын айтады.

Айдана АЛДОҢҒАРОВА,

"Көзқарас" баспасөз клубы

Филология факультеті, Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасы университетте өткізіліп жатқан «Ғылым күні» аясында студенттердің «Мәдениет пен тілдердің өзара қатынасындағы аудармашылық қызмет» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Аталған конференция 3 секция бойынша жұмыс істеді, әрі оған отандық және шетелдік университеттен, атап айтқанда, Ресей, Монғолия, Белоруссия және Түркия мемлекеттерінен 60­тан астам студенттер қатысты. Конференцияны құттықтау сөзімен Филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Ш. Жарқынбекова ашып, конференцияның ашылу салтанатымен құттықтады.

Деканнан кейін сөз алған Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор С. Сәтенова аудармашылық өнер және қазіргі әлемде аудармашылар атқарып отырған қызмет аясында сөз қозғады.

Ғылыми конференцияға қатысқан барлық білім алушылар қазіргі аударматану саласының өзекті мәселелерін өз баяндамаларына арқау етіп, өзара пікір алмасты.

Аударматанудың өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары мен болашақ аудармашылар алдында тұрған міндеттер мемлекеттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өз шешімін табады деп сенеміз.

«Еуразия ақпарат»

Аударма мәселесі

қозғалды

(3)

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9-10 (262-263) сәуір, 2018 жыл

Средняя цитируемость публикаций по БД Web of Science. Средняя цитируемость одной статьи ученых ЕНУ за последние 5 лет составляет 3,05.

Этот показатель превышает средне республиканский показатель более чем в 2,5 раза.

ТОП 20 стран – научных партнеров ЕНУ по БД Web of Science на 2017 г.

Международные со­публикации являются значимым показателем результативности выполненной работы и подтверждения международного научно­технического сотрудничества.

В 2017 году количество стран­научных партнеров университета увеличилось. В пользу интенсивной коммуникации ученых свидетельствует тот факт, что публикации ученых и сотрудников в журналах, входящих в БД Web of Science, выполнены совместно с зарубежными соавторами из 42 стран, с 24 странами имеется свыше 1 совместной публикации.

Наиболее устойчивые контакты налажены с учеными из России – 71 совместные публикации, Беларуси – 14, США ­ 14, Индии – 11, Италии ­ 7 совместных публикаций и т.д.

Стимулирование за публикации, опубликованные в журналах, индексируемых БД Web of Science.

Ученые, опубликовавшие статьи в журналах, индексируемых БД Web of Science получают стимулирование в соответствии с действующим Положением.

За 2011­2017 гг. университетом выплачены материальные вознаграждения по 483 публикациям, индексируемых библиометрическими базами данных Web of Science: в 2011 г. – 36, 2012 г. ­ 79, 2013 г. – 78, 2014 г. – 80, 2015 г. – 110, 2016 г. – 66, 2017 г. ­ 34 публикаций.

Республиканский конкурс научных проектов студентов. Ежегодно студенты университета принимают участие в Республиканском ежегодном конкурсе научно­исследовательских работ студентов по естественным, техническим, социально­

гуманитарным и экономическим наукам в вузах Республики Казахстан

Динамика участия и результаты в 2015 году подано 94 работы, из них 23 работы признаны победителями, в 2016 г. ­ 105, из них 29 работ победителей. В 2017 г.

– поданы в базовые ВУЗы 172 работы, победителями признаны 48 работ.

Научные журналы индексируемые в международных наукометрических базах данных. Журнал «Eurasian Mathematical Journal» с 2016 года входит в расширенную коллекцию Web of Science Core Collection компании Clarivate Analitycs.

Журнал «Eurasian Mathematical Journal» с 2015 года индексируются наукометрической базой данных Scopus. Также журнал входит

(Окончание. Начало на 1-стр.)

в специализированные базы данных Mathematical Reviews (США), Zentralblatt fur Mathematik (Германия), Referativnyi Zhurnal Matematika (Россия .

Научные журналы индексируемые в международных наукометрических базах данных. В 2017 году открыт журнал

«Eurasian Journal of Physics and Functional Materials». Выпущено два номера журнала в 2017 году, в 2018 году вышел 3 номера.

Одним из основных требований Web of Science и Scopus, является публикация оригинальных статей, приносящих научный вклад в область знаний.

Привлечение грантовых средств и коммерциализация РННТД. В настоящее время департаментом коммерциализации технологий подготовлено 25 проектов на основе завершенных НИР с анализом рыночного спроса, с финансовыми расчетами, необходимыми для реализации, срока окупаемости, с вовлечением партнеров со стороны предприятий, включая софинансирование от бизнес­

структур. Все проекты были подготовлены для участия в конкурсах на грантовое финансирование коммерциализации РННТД.

На конкурс по Программе

«Стимулирование продуктивных инноваций» по линий Всемирного банка от университета подано:

• По Компоненту 1 «ГСНС и ГМНС»

­ 24 заявки (ТЭФ­10, ФИТ­5, АСФ­3, НИИ/

НИЛ­3, ФТФ – 2, ФЕН­1);

• По Компоненту 2 «Консорциумы производственного сектора» (КПС1­КПС2) – 9 заявок;

По Компоненту 3»Развитие офисов коммерциализации» – 1 заявка (Департамент коммерциализации технологий).

На конкурс АО «Фонд Науки»

на коммерциализацию РННТД от университета подано 19 заявок ( НИИ­6, ТЭФ–4, ФЕН–3, ФИТ–3, ФТФ–2, АСФ­1).

За отчетный период было привлечено следующие грантовые средства:

Это по проекту профессора Алимгазина А.Ш. «Проект коммерциализации блочно­

модульной теплонасосной установки для утилизации низкопотенциальной сбросной теплоты систем технического водоснабжения промышленных предприятий» получил одобрение по грантовому финансированию от АО Фонд науки, на сумму 183 000 000 тенге.

В настоящее время идет реализация проекта, на 1 этапе было освоена 50 млн.

тг. По решению ННС от 19 января 2018г была замена грантополучателя на бизнес­

партнера ТОО «КСП Стилл». Запланирована поездка в г Павлодар по заключению лицензионного соглашения.

В рамках Программы «Стимулирование продуктивных инноваций» подкомпонента 3. Повышение потенциала существующих Офисов коммерциализации технологий в крупных университетах Казахстана (Офисы коммерциализации) Департамент коммерциализации технологий университета получил одобрение по грантовому финансированию.

По выполненным работам офисов коммерциализации Экспертная комиссия Всемирного банка оценил работу ДКТ с наивысшим баллом, был одобрен грант на сумму 116 300 000 теге.

Испытательная лаборатория Научно­

производственный центр «ENU­Lab» была создана 12 мая 2017 года. Сегодня НПЦ

«ENU­Lab» представляет собой единую строительную лабораторию ЕНУ, включает в себя 4 приоритетных направления строительного профиля:

* Строительных материалов и изделий

* Бетонные и железобетонные изделия и конструкции

* Неразрушающего контроля

* Геотехническое

На сегодняшний день сотрудниками ИЛ НПЦ «ENU­Lab» разработанно более 50­

ти методик для выполнения различных испытаний с сфере строительства.

А также более более 40 инструкции по использованию оборудований, находящихся на баллансе НПЦ ИЛ НПЦ

«ENU­Lab». Все вышеуказанные документы могут быть использованы в учебном процессе и находятся в электронном документообороте университета для общего пользования сотрудников и ППС университета. В январе текущего года был получен аттестат аккредитации о том что Испытательная лаборатория Научно­

производственный центр «ENU­Lab»

является аккредитованной лабораторией по стандарту ГОСТ ИСО/МЭК 17025

«Общие требования к компетентности испытательных и калибровочных лабораторий» (приказ №KZ.T.01.1994 от 29.12.2017 года). Сегодня сотрудники ИЛ НПЦ «ENU­Lab» занимаются созданием официального веб­сайта, рекламными брошюрами и раздаточным материалом для создания положительного имидж, а также ведутся переговоры для подписания меморандума о взаимном сотрудничестве с ведущими строительным компаниями для дальнейшего оказания услуг.

Департамент науки и инноваций.

Департамент коммерциализаций технологий.

О ПРИОРИТЕТАХ И ДОСТИЖЕНИЯХ НАУКИ

в Евразийском национальном университете им. Л.Н.Гумилева

(4)

4 ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9-10 (262-263) сәуір, 2018 жыл

Шетелдіктер қызығушылық танытты

«Білім-болашақ ел жетістігінің іргелі факторы»

Н.Ә. Назарбаев

Олимпиадаға Қазақстан Рес­

пуб ликасының жоғары оқу орындарынан, атап айтсақ Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

«Астана Медициналық университеті»

АҚ, «ҚазГЮУ» АҚ, Қазақ технология және бизнес университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,

Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық, университетінен барлығы 121 студент қатысты.

Олимпиаданың ашылу салтана­

тында Республикалық Олимпиада қатысушыларына арнап филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Жарқынбекова құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол студенттерге көптілділіктің рөлін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың, қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын атап өтті. Факультет деканы республикалық олимпиада ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, барлық қатысушыларға сәттілік пен табыс тіледі.

Олимпиадаға қатысушыларды ағылшын тілінде құттықтаған Ж. Сағымбаева ағылшын тілін үйрену мен білудің маңыздылығын, ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Республикалық Олимпиада

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары тілдік емес мамандықтарының 1­2 курс студенттері арасында ағылшын тілі пәні бойынша Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына арналған Республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ­і филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Сағымбаеваның басшылығымен шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырды.

бағдарламасы бастамасының біре­

гейлігін ерекше атап өтті.

Олимпиада екі кезең бойынша өтті:

I кезең. Тестілеу ­ B1 / B2 деңгейлері;

II кезең. «Рухани жаңғыру»

жобасын ағылшын тілінде қорғау.

Бірінші кезеңде тыңдау, лексика, грамматика және оқу дағдыларын бағалаудың халықаралық стандарттары материалдарына негізделген тест тапсырмалары болды.

Ең көп ұпай санын жинап, олимпиаданың екінші кезеңіне өткен студенттер өздерінің «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Сөз сөйлеу уақыты 7 минут болды. Осындай қысқа уақыт ішінде студенттер материал мазмұнын ашып көрсетуге, коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын, ауди­

ториямен жұмысты көрсете білуге, қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына логикалық және қисынды жауап беруге тиіс болды.

Студенттердің Қазақ стандық­

тардың рухани құнды лықтарының және қоғамдық сананың жаңғыруының маңыздылығына аса мән беріп, үй тапсырмасын асқан жауапкершілікпен орындауы шетелдік мамандардың қатты қызығушылықтарын туғызғанын атап өткен жөн.

Marcelo Lopez Lara өз пікірін былай деп жеткізді: «Конкурсқа

қатысу ­ бұл студенттер үшін де, жалпы мен үшін де жақсы тәжірибе болып табылады, өйткені спикерлердің сөздері және олардың Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­

зарбаев бағдарламасын өзде рін ше пайымдауын тыңдау барысында мен осы бағдарламаның маңыздылығы жоғары деген тұжырымға келдім».

Студенттік жастардың басым бөлігі мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі мәселесіне баса назар аударды, қазақ тіліндегі ақпаратты әлемдік қоғамдастықтың түсінуінің артықшылығын, сондай­

ақ бәсекеге қабілетті маман болу мүмкіндігін атап өтті. Мәдени сана­

сезімді жаңғырту да талқылау тақырыбы болды. Студенттер өз мәдениетін, мәдениет ерекшелігін сақтау және сонымен бірге әлемдік мәдениетті қабылдауға даяр болу, сананы әрі қарай байыту қажет деп атап өтті. Студенттер Бағдарламаның мықты және әлсіз тұстарын атап өтті, бұл әділ қазылар алқасы мен спикерлер арасындағы қызу пікірталасқа себеп болды.

Құрамында Білім PhD Марсело Лопес Лара, ағылшын тілі мұғалімі Ференц Даниэль Магиар, филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.Заркешева және Назарбаев Университетінің PhD кан­

дидаты А.Нүрпейісова бар білікті әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

1­орын Әсел Ахметуллаева (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Тимур Кабентаев (Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Астана қ.).

2­орын Әсет Алдабергенов (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), Айжан Мухаметжанова (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ.), Әсел Еркенова (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті), Елена Клушина (Павлодар мемлекеттік педагогикалық уни­

верситеті), Айзада Нөгербекова (ҚазҰАУ, Алматы қ.).

3­орын Сарвар Қасымов (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), Сара Айқын (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ),Толғанай Сейдығали (М.Қозы­

баев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл қ.), Алмасхан Хабибола (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Әнел Бижанова (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Кулман Туранхан (ҚазГЮУ» АҚ, Астана қ.), Сұлтан Қожамбердиев (Қостанай мемлекеттік педаго­

гикалық институты), Айсұлу Сейсембаева (ҚазҰАУ Алматы қ.), Алмат Сайлаухан (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ.), Карина Рамазанова («Астана Медициналық университеті» АҚ).

А.Масанчи бастаған "InterPress International House" Халықаралық тіл орталығы демеуші болып, Олимпиада жеңімпаздарына есте­

лік сыйлықтар ұсынды. Ференс Даниэль Магиар өзінің марапаттау рәсіміндегі сөзінде былай деді:

«Бұл іс­шараға қатысу мен үшін үлкен құрмет болды. Олимпиаданың мінсіз ұйымдастырылғанын жә­

не ұйымдастырушылардың қонақ­

жайлылығын атап өткім келеді.

Бүгін қазақстандықтардың қазақ халқының мәдениеті мен салт­

дәстүрін сақтауға ерекше назар аударатынының куәсі болдым.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамдық сананы жаңғыртуда қуатты серпін болып табылады».

Шетел тілдері кафедрасы

(5)

5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9-10 (262-263) сәуір, 2018 жыл

Ғалымдар мұрасы

Құндылықтар жүйесінде білімді

бәрінен

биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев

(Академиктер С.Қирабаев пен Ә.Бейсенованың мұражай-кітапханасы туралы)

Рухани құндылықтың көзі

Елбасы

Н.Назарбаевтың «Бола- шаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласы халқымызға рухани жол сілтеген нақты бағдар екені белгілі.

Мақала жарияланғаннан бастап, елімізде түрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып іске асуда. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, отандық ғылым мен білім үшін өте құнды көптеген материалдар, тың деректер жинақталған университет ғылыми

кітапханасының «Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде» де біршама жұмыстар атқарылуда.

Қордың негізгі бөлігі Қазақстандағы әдебиет және

мәдениет саласының ғалымдары өткізген жеке кітап қорларынан тұрады. Соның бірі қос академик Серік Смайылұлы Қирабаев пен Әлия Сәрсенқызы Бейсенованың мұражай- кітапханасы.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қа­

зақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан және Қырғызстан Республикалары ғылымдарына еңбек сіңір­

ген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Ода ғы ның мү­

шесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый лығының иегері Серік Қирабаев қазақ әдебиетінің тарихы мен әдеби сынына қатысты 800­

ден аса ғылыми мақалалары мен еңбектер, 40­тан аса монография және жоғарғы сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазды.

Ғалымның жетекшілігімен әде биеттану саласы бойынша бірнеше ғылым кандидаттары мен ғылым докторлары дайындалды.

Ғалымның жұбайы Әлия Бей сенова қазақ қыздарының

арасынан шыққан

жаратылыстану ғылымдары бойынша алғашқы ғалым, географ­эколог, география ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

Қос академик өздерінің жеке кітапханасынан Еуразия ұлттық университетінің ғы­

лыми кітапханасына жалпы саны жеті мыңнан аса басылымдарды тарту етті.

«Біздің адал досымыз осы кітаптар болды, енді ұрпақ игілігіне пайдасы тиер деген ниетпен кітапханаға тапсырып отырмыз» ­ деді академик Серік Смайылұлы мұражай­

кітапхананың 2007 жылғы ашылу салтанатындағы жи­

ында. Барлық басылымдар ғылымның әр саласынан, яғни, тарих, география, тіл білімі, ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиет, қазақ, орыс

әдеби сынына байланысты кітаптарды қамтиды, кі­

тап қоры кітапханалық­

библиографиялық жүйе бойынша сөрелерге ор­

наластырылған. Мұражай­кі­

тапханада С.Қирабаев пен Ә.Бейсенованың өмірі мен шығармашылығына арналған әр түрлі тақырыпта көрмелер қойылған.

Кітап қорындағы ерекше атап айтатын басылымдардың бірі – мерзімді басылымдар қоры. Қазіргі архивтен болмаса басқа жерден табылуы қиын

«Қазақ әдебиеті» (1955­

2005), «Ана тілі» (1991­2004) газеттерінің және «Әдебиет және искусство» (1946­

1957), «Жалын» (1969­1998),

«Жұлдыз» (1957­2005), «Қазақ ССР ҒА­ның хабарлары»

(1974­1991) журналдарының аталған жылдардағы бар­

лық нөмерлері, Ресей басылымдары «Вопросы ли тературы» (1957­1993),

«Литературная учеба»

(1978­1990), «Литературное обозрение» (1975­1990) жур­

налдарының барлық нөмерлері және «Дружба народов»,

«Мысль», «Простор», «Па­

расат», «Пионер», «Са­

рыарқа» журналдарының әр жылдардағы жекелеген нөмерлері бар және барлығына дерлік кітап иесінің жеке мөрі қойылған.

Барлық кітаптардың сақ­

талымы өте жақсы, ғалымның кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін, ұқыптылығын, оқу мәдениетін осыдан аңғаруға болады.

Мұражай­кітапханада ға­

лымның жұбайы академик Ә.Бейсенованың еңбектеріне арналған «Географиялық идея мені осындай ойлы пікірлерге жетеледі» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылған.

Көрмеге оның көп жылдардағы еңбегінің жемісі өз қаламынан туындаған «Қазақстан гео­

графиялық атласы», «Ис­

торические основы гео­

графических исследовании Казахстана», «Приоритетные направления развития

гео графической науки в Казахстане» т.б. ғылыми еңбектері қойылды. Ғалымның жеке кітапханасынан жа­

ратылыстану ғылымына байланысты көптеген ғылыми кітаптар мен журналдармен танысуға болады.

2015 жылы ғалымдар мұражай­кітапхана қорын жаңа басылымдармен то­

лықтырды. Жаңа қабыл­

данған кейбір кітаптарға жеке тоқталып өтсек:

Абай Құнанбаев «Шығар­

маларының екі томдық толық жинағы», 1­том.

(1957), «Қазақ әдебиетінің тарихы», 1­том (1948, 1964), С.Сейфуллин «Әңімелер мен повестер» (1958), Е.Исмаилов

«Ақын және революция»

(1964), С.Қирабаев «Сәкен Сейфуллин» (1964), Спан­

дияр Көбеев «Таңдамалы шығармалары» (1960), С.Дө­

нентаев «Шығармалары»

(1957).

Қазақ жазушыларының көп томдықтары: І.Жансүгіровтің

«Шығармалары» 5 томдық (1960­1964 жж.), Б.Майлиннің 6 томдық «Шығармалар»

жинағы (1960­1964 жж.),

С.Мұқановтың 16 томдық

«Таңдамалы шығармалары», М.Әуезов Шығармаларының елу томдық толық жинағы, М.Шоқай «Шығармаларының толық жинағы» 12­томдық, С.Сейфуллин «Көп томдық шығармалар жинағы» 10 томдық, Б.Майлин «Көп томдық шығармалар жинағы»

10 томдық, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы

«Бес томдық шығармалар жинақтарын» қордан көруге болады. Құнды басылымдар болып саналатын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдар­

ламасы аясында жарыққа шыққан «Бабалар сөзінің»

100 томдығы, «Әдеби жәдігерлерінің» 20 томдығы,

«Классикалық зерттеулердің»

34 томдығы да жеке кітапхана қорын толықтырып тұр.

Елбасы Н. Назарбаев:

«Мен қазақстандықтарға, әсіресе жастарға тағы да

айтамын: Кітап оқыңыздар!

Бүгінде ұлттың бәсекеге қабылеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан­жақты дамытады, ой­өрісін кеңейтеді» деп кітап оқудың маңыздылығына тоқ­

талып өткен болатын.

Қазіргі ақпарат ғасырында кітапхана саласы адам мен ақпараттың, ақпарат пен технологияның арасында дә некер рөлін атқарады.

Қай заманда болса да кітап өз маңызын жоймайды, өз оқырманын табады. Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкерлері, оқырман игілігіне айналып отырған ғалымдардың же­

ке кітапханасындағы мұра­

ларды жинап, сақтаумен ғана емес, ондағы ба­

сылымдарды оқырманға на сихаттау бағытында та­

қырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру, республикалық және ресейлік мерзімді басылымдарда мақалалар жазу жұмыстарын да жолға қойып отыр. Қос ғалымның жеке кітапханасы қорынан университет көлемінде өт­

кізілетін конференцияларға көрмелер қойылып оқыр­

мандар назарына ұсынылып отырады. Оған мысал ретінде ғалымдардың ме­

рейтойларына арналған «Ке­

лісім тапқан кемел тұлғалар»,

«Тұлға тұғыры және ғылыми дәстүр сабақтастығы» т.б.

көрмелерді атауға болады.

Биылғы жылы қаңтар айында ғалымдар қорынан алынған сирек кездесетін көне басылымдардан «Көзге ыстық көне кітаптар» атты кітап көрмесі қойылды.

Көрмеге латын әліпбиіндегі қазақ жазушыларының шығармалары, атап айтсақ, Абай шығармаларының 2 томдық жинағы (1939, 1940), Т.Жароковтың «Неп­

тістан» поэмасы (1933), Ә.Сәрсенбаевтың «Ант»

дастаны (1940), Ғ.Мұстафиннің

«Өмір және өлім» романы (1941), «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» (1935), Нармамбеттің өлеңдері (1939), «Ер Тарғын» жыры (1937), С.Мұқановтың «Те­

міртас» романы (1935), А.Тоқмағамбетовтың «Өлең­

дер жинағы» (1939), С.Мұқановтың «Айтыс»

поэмасы (1936), Д.Әлімбаев

«Толғау» өлеңдер жинағы (1941), «Қазақ әдебиеті»

хрестоматиясы (1940), «Қа­

зақстан» (1940), С.Көбеевтің

«Қалың мал» романы (1934), І.Жансүгіровтың «Мін де, шап» пьесасы (1934), т.б. көне кітаптар оқырман назарына ұсынылды. Бұл басылымдар ғалымдар қорының баға

жетпес құндылықтары болып саналады. Кітап көрмесі туралы толық мағлұматты ғылыми кітапхана сайтынан алуға болады.

Осы жылдың наурыз айында ғалымдардың туған күндеріне арнап әзірленген

«Еңбегім – есімімді елге таныс етті» атты кітап көрмесінен оқырмандарымыз ға лымдардың шығар машы­

лығымен жете таныса алады.

Көрмеге қос ғалымның өз қаламынан шыққан еңбектері, атап айтсақ С.Қирабаевтың:

«Ғ.Мұстафин» (1956), «Әде­

биет және дәуір талабы»

(1976), «Шындық және шығарма» (1981), «Шындық және шеберлік» (1983),

«Уақыт және қаламгер»

(1983), «Революция жә­

не әдебиет» (1983),

«С.Сейфуллин» (1983),

«Талантқа құрмет» (1983),

«Тәуелсіздік рухымен» (1983),

«Көп томдық шығармалар жинағы» 8 томдық (2007) т.б. ғылыми еңбектері және орта мектептің 8­11 сыныптарына арналған 1956 жылдан бастап жазған

«Қазақ әдебиеті» оқулықтары мен хрестоматиялары және Ә.Бейсенованың «Қазақстан географиясы» (2014), «Дина­

мическое развитие географии и экономики Казахстана»

(2015), Қазақстанның гео­

графиялық атласы (2003),

«Исследования природы Ка­

захстана» (1979) т.б. кітаптар қойылған. Кітап көрмесіне ғалымдардың өз еңбектерінен басқа, олар туралы айтылған қаламгерлердің дәйексөздері мен фотосуреттері қо­

йылған. Кітапхананың бас ғимаратында орналасқан

«Ака демиктер С.Қирабаев пен Ә.Бейсенованың мұра­

жай­кітапханасында» уни­

верситет студенттері мен магистранттарына дәрістер жүргізіледі, конференция, семинарлар өткізіледі.

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, баға жетпес байлығымыз. Осы қазыналы ордамыздан орын алып отырған ғалымдар мұрасы – рухани құндылықтың қайнар көзі болып табылады.

К.АМАНЖОЛОВА, М.ЕРМАҒАНОВА, Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі Қос академик өздерінің жеке кітапханасынан

Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасына жалпы саны жеті мыңнан аса басылымдарды тарту етті.

(6)

6 ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9-10 (262-263) сәуір, 2018 жыл

«Ахмет Байтұрсынұлы-тәуелсіздік жаршысы»

Республикалық конференция

Ұрпағым дейтін ұлт болмаса, Ұлтым дейтін ұл қайдан туады.

Ахмет Байтұрсынұлы Қазыбек бидің: «Атадан ұл туса құл болам деп тумайды, Анадан қыз туса күң болам деп тумайды» ­ деуі қазақ халқының ерте замандардан­ақ өз азаттығын қорғай білген ержүрек ел екендігін аңғартады.

Қай замандарда болмасын даңқты, ержүрек бабаларымыз өзінің ұлттық рухын асқақтатып, патриоттық санасын дәріптеп, азаттығын сақтай білді.

Міне, сондықтан да бабаларымыздың ұлт азаттық күрестері әлемдік тарихта бұрын­соңды болмаған ұлы құбылыс ретінде саналған. Бірақ, сол ата­

бабаларымыздың қай­қайсысы болса да елінің болашағы үшін жан аямай соғысты, күресе білді. Дегенмен, ұлт тәуелсіздігі жолында күрескен қаһарман бабаларымыз халқының тәуелсіз ел болғанын аңсап, осы күнді көре алмай кетті. Бірақ, қазіргі атқан азаттықтың ақ таңы – қасиетті тәуелсіздікке тікелей сол батыр бабаларымыздың жанқиярлық кү­

ресінің арқасында жеткендігіміз анық. Тағдыр бізге осындай қасиетті де тәуелсіз, азат өмірді нәсіп етсе, оның өзі сол бабаларымыздың осы тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресінің жемісі екендігі анық.

Егер де біздің даңқты ата­

бабаларымыз осы тәуелсіздік жолында қандай жанқиярлықпен күрессе, біздің де алдымызда сондай ұлы міндет тұрғандығы анық. Егер де отаршылдар біздің тәуелсіздігімізді жою үшін ғасырлар бойы небір жымысқы саясат жүргізгендігін ескерсек, біз де тапталған рухымызды қалпына келтіру үшін сондай белсенді әрекет жасауымыз қажет. Әрине, ол үшін, қайтпас қайсарлық, қажымас қайрат, кемімес күш қажет. Ондай әрекетті ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының, «Bilim­orkeniety»

ұлттық инновациялық ғылыми­

зерттеу орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен Министрліктер үйінде Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы­тәуелсіздік жаршысы»

атты республикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: бүгінгі ұрпаққа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау арқылы Қазақ еліне деген құрметін күшейту, ұлттық, патриоттық санасын ояту.

Ғылыми конференцияға рес­

публикамыздың әр түпкірінен ЖОО­

ның оқытушылары мен педагогтар, магистранттары, докторанттары жә ­ не мектеп мұғалімдері қатысты. Кон­

ференцияның негізгі бөлімінде: ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Аяған Бүркітбай, ҚР БҒМ ҒК Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институының директоры т.ғ.д., профессор Зиябек Кабулдинов, Л.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Мақ ­ сат Алпысбес, ҚР БҒМ Мем лекет тарихы институты ғылыми­ақпарат бөлім басшысы, п.ғ.к., Жабай Қалиев, Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы Дайра

Әмірғалиева, Астана қаласы №40 орта мектебінің директоры Ербол Іргебай, Астана қаласы № 65 мектеп­

гимназиясының директоры Әділбай Әлжанов сынды ғалымдар баяндама жасады.

Ғылыми конференцияның бары­

сында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің про­

фессоры, т.ғ.д., Мақсат Алпысбес және т.б. ғалымдар «Ұлт ұстазы»

атты төсбелгімен марапатталды.

Ұлтымыздың біртуар ұлы Ахмет Байтұрсынов мұраларын бүгінгі

ұрпаққа қанша насихатталса сон­

шалықты ұлттық келбетіміз кемелдене түсері сөзсіз. Өйткені, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай:

Қазағым елім Қайқайып белің

Сынуға тұр таянып... ­деп, сондай қызыл империяның қылышынан қан тамған қаһарлы күндерінде,

«Ел бір күншіл менікі ертеңгі үшін»

деп ұлт болашағы жолында бар өмірлерін арнап, сол қиын­қыстау, аласапыран дәуірдегі қазақ ұлтының барлық қиындығын көтере білген

тұлғаларымызды бүгінгі ұрпаққа дәріптеп, жеткізу біздің басты міндетіміз екендігі сөзсіз.

Қазақ халқының ұлттық мемлекетін құруды басты мақсат тұтып, сол ұлы мұрат жолында өмірінің соңына дейін табандылықпен күрескен Ахметтердің ерлігі бүгінгі ұрпаққа мәңгі мұра болып қала бермек.

Саят НАБИЕВ, Тарих факультетінің докторанты

ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ МҰРАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ

рухы мықты елдің ұрпақтары ғана жасай алмақ.

Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсын ұлы­

ның: «Баланы ұлша тәрбиелесең ұл, құлша тәрбиелесең құл болмақшы»,

­ дегенін ескерсек, қазақ елінің рухы асқақ, тәуелсіз еліміздің мәртебесі жоғары болуы үшін қазақ жастарының бойына асқақ рух дарыта отырып, ұлттық идея негізінде тәрбиелеуіміз қажет. Нақтырақ айтсақ, жастарымызға қазақы рух пен ұлттық мәдениет негізінде тәрбие берсек қана бүгінгі ұрпақ төл руханиятымыздың уызына жарып өсері анық. Ал, төл мәдениетіміздің уызына жарымаған ұрпақ болашақта ұлт қызметкері бола алмасы анық.

Мағжан Жұмабаев: «Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналап, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Әне әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті», – деп ұлт тәрбиесінің жастар тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өткен.

Ахмет Байтұрсынұлы: «...әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те халықтық та – оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастарымыздың да заманы жетер.

Жаңалыққа жастар мойнын бұрып қайырылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен

жоғары қойылатын жұмыс» – деп, жастар тәрбиесін «бәрінен жоғары тұрған жұмыс» деп атауында үлкен мән бар екендігі анық. Өйткені, «бүгін жастарға бет бұрмасаң ертең жастар теріс айналады» деген қағиданың жастар тәрбиесінің аса маңыздылығын көрсетсе керек.

Біздің «Bilim­orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми­зерттеу орта­

лығы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын қоғамда кеңінен насихаттау мақсатында ғылыми конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізіп келеді. Бұл іс­шараларды өткізуде «Bilim­

orkeniety» ұлттық инновациялық орталығы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор ғалымдарымен, қоғамға кеңінен танымал тұлғалармен, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты ғалымдарымен, Астана қаласы Білім басқармасы мамандарымен және Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығымен тікелей тығыз жұмыс істеп келеді.

Атап айтсақ, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әртүрлі форматта іс­шаралар өткізіп келді. Енді сол шаралардың жалғасы ретінде биыл елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған бірнеше қоғамдық шаралар ұйымдастыруды көздеуде.

Тәуелсіз Қазақ елінің тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекетіміздің өркендеуі жолында әрбір қазақ азаматы жанын салып қызмет етсе ғана еліміздің болашағы баянды, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болмақ!

Ұлым дейтін ұлт болмаса,

Ұлтым дейтін ұрпақ қайдан туады

­ деген Ахмет Байтұрсынұлы. Міне, қазір біз ұлттық мақсатты көздеген

кез­келген бағыттағы игі іске қолдау көрсетіп, оған ұйытқы болып жүрген жастарға жәрдем етсек, сонда ғана ұлт жұмысы өркендеп, ел мерейі өспек.

Соның нәтижесінде «елім», «жерім»

деген жастар қоғамда көбейіп, ел болашағы жолында жанын салып қызмет етері анық.

Кез­келген дамыған өркениетті мемлекеттердің даму тарихына үңілсек, әуелі ұлт пайдасын көздеген тұлғалардың шығып және сол ұлттық идея негізінде елдің дамып өркендегенін аңғара аламыз.

Міне, біздің қазақ азаматтары да қазіргі жаһандану дәуірінде өз ұлтын жанынан артық сүйіп, ұлттық мүддеге шынайы қызмет етсек қана біз осы тәуелсіздігімізді сақтап қала аламыз және болашағымыз да баянды болмақ!

Өзін «мен – қазақпын!», «мен елімді сүйемін», «мен қазақ еліне қызмет етемін!» деген қазақ азаматына және патриот жастарға айтарымыз:

Қазақ елінің жарқын болашағы және азаттығы сіз бен біздің қолымызда екендігін ұмытпау керек. Әрқашан ұлт мерейі, ұлттық идея жолында барымызды сала жүріп бірге қызмет етейік!

Еліміздің болашағы баянды болсын!

Азаттығымыз айбынды, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мәртебесі биік болып күннен күнге дамып өркендей берсін!

Әрбір қазақ өзін ұлт болашағы үшін жауапкершілігін сезінуі керек!

Қазақ азаматы: «мен қазақ елін көркейтемін» деген ұлттық мақсатты көздеп еліміздің жанашыры болуымыз қажет!

«Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы

Referensi

Dokumen terkait

The results suggest that there is a reciprocal influence between an organization’s IT governance maturity level and how the organization plans its IT capability, the