УДК 327.5:070
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТЕРДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС ҚҦРАЛДАРЫНЫҢ РӚЛІ
Сейтбекова А.А., [email protected]
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекші – с.ғ.к. А.Ж. Тұрханова
Қазіргі таңда халықаралық қатынастарда ақпараттық қысымды жаһандық бҽсекелестіктің пҽрменді тетігі ретінде пайдалану үрдісі қарқын алып келеді. Ҽлемнің ҽр түрлі елдерінде экономикалық, саяси жҽне ҽлеуметтік жағдайларды дамытуға жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық тетіктердің рҿлі мен ықпалы күшейе түсуде. Ақпараттық соғыс пен ақпараттық экспансияның ҽр түрлі құралдарын пайдалану саяси қақтығыстарды шешудің де ажырамас құралына айналды.
Халықаралық қатынастардың акторлары ҿз мүдделеріне жету жолында барынша тиімді ҽрекеттер қолдануға тырысатыны анық. Бүгінгі таңда мұндай ҽрекеттер алуан түрлі тҽсілдермен жүзеге асырылуда. Олардың бірі – ақпараттық тҽсілдер. Ақпарат бүкіл ҽлемдік дамудың аса ықпалды да қауіпті ресурсы болып табылады. Қазір ақпаратты қарудың бір түрі деп қарастыруға тура келеді. Бұл «қаруға», ең алдымен, бұқаралық ақпарат құралдары ие. Ал бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық қатынастар шеңберінде, белгілі бір мемлекеттік мүдделердің кҿлеңкесінде ҽрекет етуі жиі кездеседі.
Мҽселен, халықаралық деңгейге кҿтерілген қақтығыстардың шығу себептері, шиеленісу барысы, ҽдетте, белгілі бір дҽрежеде бұқаралық ақпарат құралдарының ҽрекеттерімен байланысты болады. Ҽдетте, бұндай ҽрекеттер ақпараттық соғыс ретінде қарастырылады.
Ал ондай жағдайлардың түпкі мҽнінде белгілі бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының мүдделері жататыны мҽлім. Бүгінгі зерттеушілер қазір ҽлемде үшінші дүниежүзілік соғыстың – ақпараттық соғыстың жүріп жатқандығын да жиі айтады.
«Ақпарат кімнің қолында болса, сол ҽлемді билейді» деген тіркес те осы мҽселеге қатысты айтылады.
Егер ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің бір құрауышы деп қарастырсақ, онда бір мемлекет екінші бір мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру арқылы оның ұлттық қауіпсіздігіне де қауіп тҿндіреді деп айтуға болады. Ал бұл – шабуылдың бір түрі, яғни ақпараттық сипаттағы соғыс ҽрекетінің бір кҿрінісі. Демек, ақпараттық қару кҿмегімен белгілі бір актор ҿзінің объектісіне дҽстүрлі соғыс тҽсілдерін қолданбай-ақ ықпалын жүргізе алады. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іске асырылатын тҽсілдер дҽстүрлі соғыс жағдайында да, яғни, ҽскери ҽрекеттермен қатар да қолданылуы мүмкін. Саяси реализм тұрғысынан қарасақ, ірі актор ҿз мүддесіне жақындаған сайын күшейе түсіп, объектісін ҽлсірете түседі. Ал ондай күшке ие болу үшін мемлекет ақпараттық тетіктерге де ие болуы тиіс, мысалы, ықпалды бұқаралық ақпарат кұралдарына иелік ету арқылы немесе басқа да ақпараттық тҽсілдердің кҿмегімен белгілі бір шиеленістің ҿз мүддесіне қарай шешілуін қамтамасыз ете алады.
Яғни, ақпараттық тетіктерге ие мемлекет ҿзінің мүддесі үшін басқа бір мемлекетке идеологиялық ҽмірін де жүргізе алатынын, соғыс тҽсілдері бойынша да ұтымды жағдайда болатынын айта аламыз.
Ақпараттық ҽдіс-тҽсілдер соғыстың кҿптеген құрауыштарын, кем дегенде, қақтығысқа дейінгі кезеңді виртуалдандыруға, ал кейбір жағдайларда бүкіл ҽскери науқанды «виртуалды» нұсқада жүргізуге мүмкіндік берді. Оның үстіне, соғыстың ҿзі виртуалды күйге ҿтуі мүмкін. Алайда соғыс нҽтижелері ҽлдеқайда шынайы болмақ.
Демек, бірде-бір сарбазды қатыстырмай, тек ақпараттық желілерде жҽне ақпаратты ҿңдеу жүйелерінде белгілі бір операцияларды жүргізу арқылы қарсыластың экономикасы мен саясатын бағындыруға болады. Мысалы, тасымал, байланыс жҽне қорғаныс саласындағы негізгі объектiлердің басқару жүйелерiне ҽсер ету мақсатында ақпараттық қару
82
қоданылған жағдайда мемлекет басқыншы тараптың алдында қорғаныс қабiлетiн жоғалтады жҽне ҿзiн ҿзi қорғаудың заңды құқығын пайдалана алмайды; ақпараттық инфрақұрылымдар объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн бұзу, соның нҽтижесiнде мемлекеттерде басқару жҽне шешiмдер қабылдау жүйесi iстен шығады, ал бұл аса маңызды құрылымдарға ыдыратушылық ҽсер ету болып табылады. Шабуылға ұшыраған тарап кең мағынада орасан зор шығынға ұшырайды, ал агрессор тіпті бірде-бір оқ та атқан жоқ.
Осылайша, жеңіске жеткізетін виртуалды шайқас – бұл ақпараттық соғыстың мінсіз моделі.
Шиеленісті жағдай кезінде мемлекеттің қоғамдық-саяси жҽне ҽлеуметтiк- экономикалық жүйелерiне, рухани, адамгершiлiк жҽне мҽдени ортасына нұқсан келтiретiн ақпарат тарату үшiн ақпараттық инфрақұрылымды пайдаланатын мемлекеттер, ұйымдар, адамдар тобы немесе жеке адам да қауiп кҿзi болып табылады. Оның белгiлерi электрондық (радио жҽне телевизия) жҽне ҿзге де бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернетте, түрлі ақпарат алмасу желiлерiнде: мемлекеттегi саяси жүйе, қоғамдық құрылыс, iшкi жҽне сыртқы саясат, маңызды саяси жҽне қоғамдық процестер, халқының рухани, адамгершiлiк жҽне мҽдени құндылықтары туралы түсiнiктi бұрмалайтын;
лаңкестік, сепаратизм жҽне экстремизм идеясын насихаттайтын; ұлтаралық, нҽсiларалық жҽне конфессияаралық ҿшпендiлiктi тұтататын ақпараттың пайда болуы жҽне таралымға шығарылуы болып табылады. Оның ішінде, интернет желісінде, теледидар арналарында насихаттық сипаттағы ақпараттың таралуына қатысты, келесі бір мысалдарды қарастырып ҿтуге болады.
2009 жылдың 7 сҽуірінде Молдава астанасында ҿткен қайғылы оқиға кезінде ондаған мың студенттер мен ересек оқушылар қарсылық митингісіне жиналды. Оқиғаның соңы бұқаралық қақтығыс пен парламент ғимаратын ҿртеумен аяқталды. Ақыры сол қарсылық акциясы ҽлемдік баспасҿзге «Твиттерлік тҿңкеріс» деген атпен таралып кетті.
Наразылық шеруіне шығушылар ҿз ҽрекетін реттеу үшін ҽлеуметтік желіні жҽне тез хабарлама жеткізу қызметін пайдаланды. Бұған хабарлмаға жиі қолданылатын «pman»
синтагмасы дҽлел бола алады. Себебі, сол күні Кишиневтің орталық алаңына жиналған ашулы жастар бір-бірін «pman» деген белгімен шақырған. Ұйымдастырушылардың
«Twitter»-дегі үндеулері мен тапсырмалары қысқа уақыттың ішінде рекордтық кҿрсеткішке жеткен, яғни, 20 минут ішінде «pman» анықтамасы бар 200 хабарлама таратылған. Ақырында митингіге қатысушылар бір сағаттың ішінде алаңды толтырып тастаған. Бұл нені білдіреді? Заманауи техника мен технологиялар бұқаралық сипаттағы қарсылықты ұйымдастыруда үлкен басымдыққа ие дегенді білдіреді. Бұны есепке алмау мүмкін емес. Оның үстіне қарсылық дүмпуі тұрғындары бейбітсүйгіш, Еуропадағы кішкентай елде орын алды. Оқиғаның желісін тұрақты кҿрсетіп отырған румын телеарнасының ҽрекеті де «тҿңкеріске» дем бергенін есепке алу керек [1, 32].
Сонымен қатар, НАТО елдерінің Ливияға қарсы операциясын жаңа үлгідегі ақпараттық-психологиялық операциялардың мысалы ретінде қарастыруға болады.
Мҽселен, Каддафи режимін тұрақсыздандыру үшін қолданылған тҽсілді қарастырып кҿрейік: осыған дейінгі қақтығыстарда қалыптасқандай, операцияның бастапқы кезеңінде ең алдымен Еуроодақ, араб елдерінде жҽне халықаралық қауымдастық ішінде қоғамдық пікір қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Осы шаралардың негізгі мақсаты Ливиядағы Каддафи режиміне қарсы ішкі күштерді қоғам тарапынан қолдауға жҽне Еуропа мемлекеттері үкіметтерінің тарапынан оларға ҽскери жҽрдем беруге шақыру болды [2, 192].
Жалпы, Ливиядағы соғысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау үдерісінде қолданылған ақпарат тарату ережелерін (тактикаларын) тҿмендегідей сипаттауға болады:
Объектіге нақты бір мҽселе бойынша емес, кҿптеген пунктілер бойынша кінҽ тағылды, сонымен қатар, реакцияны мұқият бақылай отырып, барынша кҿп пікірлерге іліккен бағыттары дамытылды.
83
Дҽлел келтіретін негізге жүгінбеу жҽне ақпараттың анық екендігіне де басымдық жасамау. Мҽселен, кез келген жағдайда да ондай ақпараттың ҽсері бҽрібір қалады, ал БАҚ-ты жалған айтқаны үшін кінҽлау қиынға соғатыны айқын.
Жалпы сҿзбен айтылған ақпаратты барынша нақты ҽрі егжей-тегжейлі хабарламалармен кезектестіріп отыру ҽдісі шынайылық береді.
Арнаулы аудитория мҽселенің ҿзегін түсіне алмауы үшін, байланыс каналдарын кездейсоқ ақпаратпен толтыру.
Кҿптеген пунктілер бойынша қарама-қайшы ақпарат беру, бірақ нақты бір мҽселе бойынша жалпы ақпарат беру, себебі бұл ҽдіс жалпы ақпаратты константа, аксиома – ақиқат ретінде кҿрсетуге мүмкіндік береді.
Күрделі талдауды қарапайым ақпаратпен бірге беру, тҿмен жҽне жоғары жанрларды араластыру, қасіретті күлдіргіге айналдыру, жҽне керісінше.
Назар аударту мақсатымен жҽне қорқытып, жауап қайтаруы үшін репортаждар мен сұхбаттарда максималды натурализмді қолдану.
Жиі жауласушы сарапшылар, спикерлер, түрлі медиалардың арасындағы шиеленістерді кҿтермелеу, ал олар болса, жеке нҽрселер жайында барын салып дауласса да, мҽселенің ҿзегіне келгенде бір-бірімен толық келіседі.
Оқиғалардың даму үдерісін драматургия заңдары сарынында кҿрсету – басталуы, алғашқы бұрылыс нүктесі, оқиғалар желісінің дамуы, екінші бұрылыс нүктесі, кульминация – арнаулы аудиторияның назарын ҽрдайым ұстап тұру.
Синергетикалық ҽсерге қол жеткізу үшін, айтарлықтай қысқа уақыт мерзімі ішінде бір мезгілде кҿптеген ақпараттық сылтауларды шығару.
Түрлі схемалар бойынша, ҽр түрлі мақсатты кҿздей отырып, бірақ міндетті түрде алдын ала ойластырылған бір нүктеде тоғысатындай етіп, белсенділікті ҽр түрлі деңгейлерде дамыту [3].
Ҽскери шиеленістердің тҽжірибесі кҿрсеткендей, бір мемлекет ішіндегі немесе екіжақты шиеленістің ҿзінде, басқа да мемлекеттердің ортақ мүдделерінің болуы, жағдайға қатысты мҽселелерді бірігіп шешу, жағдайға араласу мүмкіндіктерін береді. Бұндай жағдайда сол елдердегі қоғамдық пікірдің қолдауынсыз белгілі бір мҽселені ҽскери жолмен шешу мүмкін емес. Ал бұл дамыған демократиялық елдердің қауіпсіздігіне тікелей нұқсан келтірмейтін операцияларда олардың одақтарының ҽскери ұйымдасуы мүмкіндігін күрт тҿмендетеді. Сондықтан аса күрделі саяси мҽселелерді шешудің негізгі ҽдістері экономикалық жҽне мҽдени экспансиялар, халықаралық экономикалық жҽне саяси санкциялар түрінде кҿрініс табуда, жҽне кейде, тараптардың адам шығынына ҽкелу қаупі болмаған жағдайда, күш қолдану мүмкіндігімен қорқыту ҽдісі де қолданылады. Бұндай жағдайда ақпараттық қару кҿптеген шиеленістерді қарулы күрестің дҽстүрлі ҽдістерін қолданбай-ақ шешуге мүмкіндік беретін аса тиімді, күш ҽдісіне айнала алады. Ақпараттық қару осындай шиеленістерде ең оңтайлы ҽскери ҽдіске айналуда [4, 22].
Ақпараттық қару ретінде ҽр түрлі қаруларды қарастыруға болады: басқару органдарын немесе бҿлек радиоэлектрондық құралдарды істен шығаруға арналған жоғары дҽлдігі бар қару, радиоэлектронды күрес құралдары, қуатты электромагниттік импульс кҿздері, бағдарламалық вирустар, психологиялық ықпал ету тҽсілдері жҽне т.б.
«Ақпараттық қару» қатарына жатқызудың критерийі ретінде белгілі бір қарудың ақпараттық соғыстың мҽселелерін шешу кезіндегі тиімділігі назарға алынады.
Ақпараттық қару қолданылатын шабуылдық операция жеке түрде де, дҽстүрлі шабуылдық ҽрекеттердің кешенінде де ҿткізілуі мүмкін, сонымен қатар, дҽстүрлі ҽрекеттердің алдында немесе оларға кҿмек ретінде қолданылуы мүмкін. Кҿп жағдайда ақпараттық шабуылдық операция шиеленіс барысында «ақпараттық үстемдікті»
қамтамасыз етуге бағытталады, мысалы ақпарат жинау, оны ҿңдеу жҽне сақтау құралдарына ықпал ету арқылы жүргізіледі.
Ал дҽстүрлі ҽрі ең ықпалды ҽмбебап ақпараттық қару – бұл үгіт-насихат, ол, ҽдетте, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы іске асырылады. Ҽдетте, бұндай ақпараттық соғыстың тиімді ҽдістеріне жалған мҽліметтерді тарату, немесе ақпаратты ҿзіне тиімді бағытта беру жатады. Аталған ҽдістер қарсылас аумағындағы халықтың болып жатқан оқиғаларға беретін бағасын ҿзгертуге, кҿңіл-күйлерін жеңіліс жағдайына бағыттауға, жҽне, келешекте ақпараттық ықпалды жүргізуші тараптың жағына ҿтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [4, 69].
Сондықтан қазіргі таңдағы ақпараттық соғыстың айқын бір кҿрінісі мен құралы ретінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылатын ҽрекеттер қарастырылады.
Мысал ретінде Сириядағы жағдайды алуға болады.
2011 жылы бірқатар араб елдерінде жаппай наразылық кҿрсету шаралары орын алды, олар жаппай тҽртіпсіздіктердің ақпараттық штабына айналған Лондоннан басқарылды деп саналады. Ақпараттық қолдаудың басты медиялық реттеушісі ретінде Би- Би-Си, сонымен қатар, тҽуелсіз деп саналатын, бірақ шындығында британ-американ элитасының бір бҿлігімен басқарылатын катарлық телеарна Аль-Джазира айналысты.
Мысалы, Би-Би-Си хабарлауынша, БҰҰ Сарапшы-құқық қорғаушылардың халықаралық тҽуелсіз коммиссиясы Сирияның басшылығын үкіметке қарсы акцияларды басып жаныштау барысында жасалған адамзатқа қарсы қылмыс бойынша айып тағып отыр. Алайда француз тілшісі Тьерри Мейсанның шығарған қорытындысына сҽйкес, комиссия мүшелері фактілерді бұрмалағаны анық. Мысалы, БҰҰ комиссиясының мҽліметтері бойынша, сириялық қарулы күштер 3500 бейбіт демонстранттарды ҿлтірген.
Бірақ бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты жақын екендігі күмҽн туғызады, себебі оның дерек кҿзі Observatoire syrien des Droits de l'homme (OSDH) атты бір сириялық құқық қорғаушы ұйым болып табылады, оның штаб-пҽтері Лондонда орналасқан.
Мейсанның айтуы бойынша, сириялық қарулы күштермен ҿлтірілген болып саналатын 3500 бейбіт тұрғындардың кҿпшілігі, шындығында аман-сау – ал OSDH арқылы жарияланып, аты-жҿндері жазылған тізімдер қарапайым анықтамалықтың негізінде құрастырылған. Тілші Сирияға қарсы ақпараттық соғыстың жүріп жатқанына сенімді болды, ал Сириядағы жағдайға байланысты катарлық Аль-Джазира арқылы тараған кадрлар, кҿбінесе, сол үшін арнайы тұрғызылған, Сирияның ірі қалаларының басты алаңдарына келтірілген түсіру павильондарында жасалғанын айтады. Сонымен қатар, Триполида 2011 жылдың 23 тамызында болған шабуылдар да Катардағы түсіру павильондарынан кҿрсетілген, ал бұл ақпараттық соғыстың жаңа технологиясы болды.
Кейін Сирия басшылығы iPhone смартфондарын қолдануға да ресми түрде тыйым салған болатын. Сирия үкіметі бұндай шараға наразылық білдіруші азаматтар арасындағы жалған ақпараттың тарауына шектеу қою мақсатында барды. Наразылық білдіруші азаматтардың кейбіреулері, контрабандалық смартфондарды пайдаланып, тексерілмеген, күмҽнді мҽліметтерді, дайындалып жатқан наразылық акциялары жайлы ақпаратты таратумен айналысады, сонымен қатар, Syria Alone қосымшасы арқылы үкіметке қарсы мағлұматтармен алмасады. Аталмыш қосымша оппозиция ҽрекеттерін үйлестіріп отыру үшін арнайы түрде британ-американ мамандарымен шығарылған. Syria Alone кҿмегімен ақпараттық соғыс мамандары тұрақсыздандыруға септігін тигізетін арнайы мҽліметтер жариялайды, құқықтық тҽртіп күштерінің ҽрекеттеріне теріс баға беріледі. Сирияның билік ҿкілдерінің пікірінше, iPhone-ға тыйым салу шарасы жалған ақпарат легін тҿмендетуге мүмкіндік береді.
Сирияға қатысты тек АҚШ пен Еуроодақ елдері ғана емес, Араб мемлекеттерінің лигасының (АМЛ) мүшелері де қарсы шықты, олар алдымен Дамаскті ұйым құрамынан шығарып, кейін бұл елге қарсы бірқатар қатаң санкциялар енгізгені белгілі. Сирияға қарсы қысым кҿрсетудің ақпараттық науқанының бастамашысы британ-американдық элитаның бір бҿлігі болып табылады, мҽселен дҽл осы топ Ливияда ақпараттық соғыстың ҽдістері арқылы елдегі режимнің құлауына қол жеткізген болатын, ал бұл НАТО-ның ашық түрде
85
ҽскери араласуына сылтау болды. Демек, кҿп жағдайда ақпараттық соғыс технологиялары қайталанады. Мысалға Сирияның АМЛ құрамынан уақытша шығарылуы жайлы шешімді алуға болады, яғни, сол арқылы бұл ел халықаралық оқшаулануға одан сайын жақындады, ал бұл Батыстың кҿксегені болған еді [5, 201].
Сонымен қатар, ақпараттық соғыстың бір түрі ретінде ҽлеуметтік жүйелерге бағытталатын «ақпараттық-психологиялық соғыс» қарастырылады. Яғни, бұл – адамдардың психологиялық мінездерін (кҿзқарастарын, құндылықтарын, мақсаттарын, кҿңіл күйлерін, ҽрекеттерін), топтық нормаларды, бұқаралық кҿзқарасты, жалпы қоғамдық сананы ҿзіне қажетті бағытта ҿзгерту мақсатында қолданылатын, адамдарға ҽсер ету тҽсілдері, амал шаралары, құралдарының жиынтығы. Мемлекет оны ҿз саяси мүдделерін жүзеге асыру үшін қолданады жҽне ақпараттық соғысты жүргізудің басты нысаны құпия ақпараттық психологиялық соғыс болып табылады. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:
• Ақпараттық психологиялық немесе дезинформациялық операциялар, яғни теле-, радио-, аудио-, электронды ресурстар арқылы халыққа арнайы дайындалған ақпаратты жеткізу, адамдардың санасына ҽсер ету, яғни, қоғамдық санаға ықпал ету, т.б;
• Диверсиялық операциялар, яғни ақпараттық жүйеге, мемлекеттің, қоғамның ақпараттық жҽне интеллектуалдық ресурстарына жасырын зиян келтіру, істен шығару, вирустар енгізу, қалыпты қызметін бұзу, құпия ақпаратқа қол жеткізу, т.б.
Ақпараттық-психологиялық соғыстың алғашқы үлгілерінің бірі ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қырғи қабақ соғысты атап кҿрсетеді. Ал, қазіргі кезде АҚШ тың Иракта жүргізген соғысын, Израиль-Палестиналық қақтығысты айқын кҿрініс деп атауға болады, ҿйткені оларға қатысты мыңдаған ақпарат кҿздері мен оларды тарату, ҿзгерту, түрлі кҿзқарастар арқылы жеткізу қолданылып отыр. Немесе 2011 жылғы араб ҽлеміндегі жағдайдың ақпараттық сарапталуын да айтуға болады. Сондай-ақ, 2008 жылғы грузин-осетин қақтығысының ақпарат кҿздерінде жариялану, ҽлемдік дейгейде сипатталуын алып қарастырсақ болады. Мҽселен, 2008 жылы Оңтүстік Осетияда орын алған қақтығыста Ресей мен Грузия ақпараттық соғысқа ҿте үлкен кҿңіл бҿлді.
Ақпараттық соғыс «кімді агрессор, кімді құрбан санау керек?» деген сұраққа жауап беруі тиіс болды. Трансұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының кеңістігінде жаһандық ақпараттық соғыс негізінен Грузияны құптаушы бағытта жүріп отырды. Кҿптеген Ресей сарапшыларының пікірінше, батыстық бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын талдау Ресейге қарсы ақпараттық соғыс ұйымдастырылғанын кҿрсетеді [2, 174].
Сонымен қатар, НАТО-ның Югославияға қарсы ҽскери операциясы (1999) барысында ақпараттық ықпал жасау ҽдістерінің қолданылуын да айқын мысал ретінде қарастыруға болады. Батыс елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында НАТО-ның Югославияға қарсы операцияға дайындығы кезеңінде жарық кҿрген мақалаларды талдау теле- жҽне радиокомпаниялар, газетттер, интернет ауқымды ақпараттық кампания жүргізу үшін қолданылғанын дҽлелдейді. Ақпараттық соғыс кезінде шындыққа жанаспайтын, жалған ақпараттың кеңінен таратылғанын атап ҿту керек. Осындай шаралардың басты мақсаты ҽлемдік жұртышылықты НАТО-ның Балқандағы операциясын қолдауға шақыру болмаса да, оның операцияны жүзеге асыруға кедергі келтірмеуін қамтамасыз ету болды.
Ақпараттық соғыстың негізгі арналарының қызметін «The Washington Post» басылымы,
«CNN» теле-, радиокомпаниясы, ағылшындардың «The Times» газеті жҽне «The Economist» журналы, «BBC» компаниясы жҽне немістің «Die Welt» газеті атқарды [2, 111]. Ал негізгі тҽсілдері оқиғалар жайлы репортаждар кҿрсету, хабарламалар мен сұхбаттарды жариялау болды. Оларда Косоводағы этникалық албандардың мҽселесіне басты назар аударылды. Сондай-ақ негізгі мақсаттары ҽлемдік жұртшылық алдында Югославияның ҽскери-саяси басшылығының абыройын түсіру, сербтердің теріс имиджін қалыптастыру, Косоводағы «гуманитарлық апаттың» кҿлемін асыра кҿрсету болды.
Сонымен қатар, шиеленіс барысында ҽскери басқару жүйесі мен байланыс жүйесін
ҽлсіретіп, істен шығару; ақпараттық ағындарды үзіп тастау сияқты ҽдіс, тҽсілдер қолданылды [6].
Халықаралық мҽселелерді шешудегі ақпараттық құралдардың мүмкіндіктерін кҿптеген фактілер айғақтайды. Бірқатар шолушылардың пікірінше, 2000 жылы Израиль- Палестина шиеленісіне қатысты араб елдерінің ерекше күшті реакциясы айтарлықтай мҿлшерде БАҚ-қызметімен байланысты, себебі алдыңғы жылдарға қарағанда, бұл елдердің кҿпшілік халқы ҽскери ҽрекеттердің барысын теледидардан бақылап отыру мүмкіндігіне ие болды.
Келесі бір мысал Сомали мен Руандадағы жағдайға қатысты. Мҽселен, бұқаралық ақпарат құралдары, ҽсіресе, кҿптеген телеарналар аталмыш елдердегі апаттарға қатысты халықаралық қауымдастықтың ҿзгеше ынтымақтастығына ықпал етті. Үкіметтер мен БҰҰ мекемелері сол оқиғалар жайлы телевизиялық бағдарламалардың жҽне радио мен баспасҿз хабарламаларының үлкен қысымына тап болған еді. Нҽтижесінде олар қалыптасқан жағдайда тез ҽрі сапалы түрде ҽрекет етті. Яғни, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары сыртқы саясатты қалыптастырудың да аса ықпалды факторына айналуда [7].
Демек, түрлі ақпараттық құралдар қазіргі кезде халықаралық шиеленістерде белсенді түрде қолданып келе жатқан, белгілі бір тараптың мүдделерін жүзеге асырудың, басқаларға жасырын түрде ықпал етудің басты жолы болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары жҽне аса дамыған интернет желісі – осындай «ақпараттық соғыстың» басты қаруы. Сондықтан ҽрбір мемлекет ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны жан жақты қорғауға, дамытуға, ақпараттық соғыс жағдайында қажетті шараларды пайдалана білу үшін ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіріп отыруға тырысуы қажет.
Жақын болашақтың ҿзінде ақпараттық қару ҽскери операцияларды жүргізудің сипатына орасан зор ықпалын тигізе алатынын, тіпті бүкіл ҽскери кампанияны бҿлек бір үлкен ақпараттық шабуылдық операцияға айналдыруы мүмкін екендігін ескеріп, осы мҽселе аясында халықаралық-құқықтық реттеу үдерісіне кҿңіл бҿлінуі тиіс жҽне ақпараттық қару түрлерін шектеу саласында келіссҿз үдерісін нығайту керек.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. Морару Д. Теп-тегіс дүние // da Қазақстан. – 2012. – №4. – Б.32-33
2. Бұхарбаев Б.С. Қарулы қақтығыстардағы ақпараттық технологиялар: ҽлемдік тҽжірибе жҽне келешегі. Монография. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2012. – 260 б.
3. Волков М. Информационная война в Ливии. Начало // http://eot- info.livejournal.com/23434.html
4. Федоров А.В., Цыгичко В.Н. Информационные вызовы национальной и международной безопасности. – М.: ПИР-Центр, 2001. – 328 с.
5. Панарин И.Н. СМИ, пропаганда и информационные войны. – М., 2012. – 336 с.
6. Гриняев С. Особенности информационной войны во время агрессии НАТО против Югославии // http://www.agentura.ru/equipment/psih/info/yugoslav/
7. Edwin Leigh Armistead. Information Operations: Warfare and the Hard Reality of Soft Power. – Potomac Books, Inc. – 2004