• Tidak ada hasil yang ditemukan

Шағын кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудағы ерекшеліктер

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Шағын кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудағы ерекшеліктер"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

www.enu.kz ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН

ТАЛДАУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Т. Төлегенқызы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: turs_92@mail.ru

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үрдісінде кәсіпорын басшылығының алдында ӛз кәсіпорнының қаржылық жағдайын бағалау мәселесі туындайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның ӛндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтерінің нәтижесіне байланысты. Егер кәсіпорын ӛнімдерін немесе қызметтерін сәтті жүзеге асырса, онда бұл оның қаржылық жағдайына оң әсерін тигізеді. Тұрақты қаржылық жағдай ӛз кезегінде ӛндірістік жоспарлардың орындалуына және ӛндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге қолайлы әсерін тигізеді. Сондықтан қаржылық қызмет, шаруашылық қызметтің құрамдас бӛлігі ретінде, ақша қаражаттарының жоспарлы келіп түсуі мен шығындалуын қамтамасыз етуге, меншікті және қарыздық капиталдың үйлесімді пропорциясына қол жеткізу және оны неғұрлым тиімді пайдалануға қол жеткізуге бағытталған [1, 37 б.].

Талдаудың негізгі мақсаты – қаржылық қызметтегі кемшіліктерді уақытылы анықтап және оларды жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тӛлемқабілеттілігін арттырушы резервтерді анықтау [2, 152 б.].

Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы олардың қаржылық есептілікте кӛрінетін құралдарының күйі мен қолданылуын сипаттайды.

Қаржылық есептіліктің ролі – ол қаржылық талдаудың негізгі ақпараттық базасы. Қаржылық есептіліктің құрамындағы бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық күйін бағалау мен талдау үшін ақпараттық база болып табылады. Әдетте бухгалтерлік баланс кәсіпорын туралы жалғыз шынайы ақпарат кӛзі ретінде қолданылады. Егер ірі және орта кәсіпорындарда аналитикалық жұмыстармен арнайы ұйымдастырылған топ айналысса, шағын кәсіпорындарда қаржылық талдауды бухгалтер жүргізеді.

Шағын бизнес анықталған жағымсыз құбылыстарға қарамастан даму үстінде. Статистикалық ақпараттарға сүйенсек, Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар арасында шағын бизнеспен айналысатындар 87%-ды құраса, қалғандары орта және ірі кәсіпкерлікпен айналысады екен [4]. Бұдан шағын бизнестің артықшылықтарын байқай аламыз. Табыстылықтың басты шарты –

(2)

www.enu.kz жағдайларға сәйкес ӛзгере алу қабілеттілігі. Ол үшін бухгалтерлік есептілікті қолдана отырып, үнемі кәсіпорынның ағымдық қаржылық жағдайына талдау жүргізіп отыру керек. Қаржылық талдау жүргізу шаруашылық субъектінің алдағы уақытта табысты жұмыс атқаруына әсерін тигізеді. Тек осындай талдаудың ақпараттарының негізінде кәсіпорынның қаржылық күйін кӛре отырып, уақытылы шешім қабылдауға болады. Шағын кәсіпорындардың ерекшеліктерін ескеру міндетті:

 негізгі кӛрсеткіштердің орташа мӛлшерлері (жарғылық капитал, табыс, активтер);

 қаржы ресурстарын алудағы қиыншылықтар (несие);

 қызмет түрі;

 ірі кәсіпорындарға тәуелділік;

 басшылықтың тӛмен мамандандырылуы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы құралдардың (активтердің) орналасуы мен пайдаланылуы және олардың құралу кӛздерімен сипатталады.

Аталған ақпараттар бухгалтерлік баланста кӛрсетіледі. Бухгалтерлік баланстың жолдары негізінде шағын кәсіпорынның қаржылық жағдайын толық сипаттай алатын кӛрсеткіштер жүйесін есептеуге болады: ӛтімділік;

мүліктік қатынас; қаржылық тұрақтылық; іскерлік белсенділік; қызметтің тиімділігі. Кӛп жағдайларда талдаудың салыстырмалы, тік және кӛлденең түрлерін қолдануға болады. Ӛтімділік коэффициентін есептеу барысында кәсіпорынның қызмет түрін ескеру маңызды болып табылады. Мысалы, жалпы ӛтімділік коэффициенті айнымалы активтер мен кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарының қатынасы арқылы анықталады [3, 78 б.]. Ол кәсіпорынның алдағы уақыт үшін тӛлемқабілеттілігін кӛрсетеді және қалыпты мәні 2 не одан жоғары болуы тиіс. Егер кәсіпорын балансында тауарлы-материалдық құндылықтардың қалдықтары жоғары сомада есепке алынса коэффициент мәні де жоғары болады. Алайда, қорладың құрамын анықтап алу маңызды. Табыс әкелмейтін, қолданыста жоқ қорлар да болуы мүмкін, соған сәйкес ӛтімділік коэффициенті тӛмен мәнге ие болады. Оның себебі бұндай кәсіпорынның негізгі қызмет түрі айнымалы активтердегі шикізаттар мен материалдардың қорына тікелей байланысты болмауынан.

Сондықтан кәсіпорынның несиеқабілеттілік коэффициентін зерттеу барысында ӛтімділік кӛрсеткішіне мән берілмейді.

Кӛптеген кӛрсеткіштер есебі меншікті айналым құралдарының болуына байланысты есептеледі. Меншікті айналым құралдары немесе айналымдағы меншікті капиталды тұрақты капиталдан (капитал және резервтер + ұзақ мерзімді пассивтер) айналымда жоқ активтер сомасын азайту арқылы анықтауға болады. Алынған мән оң болса, кәсіпорын

(3)

www.enu.kz айналымда меншікті капиталын пайдаланады. Кәсіпорын айналымында меншіктік құралдардың болуы жағымды құбылыс болып табылады. Кейде ол коммерциялық банктерден қысқа мерзімді несие алуда тапсырысты қабылдаудың шешуші факторы болады. Екінші жағынан, қарыздық құралдарды пайдалану меншікті капиталдың рентабельділігін арттыруға жақсы әсерін тигізеді. Басты шарт - несие бойынша пайыз мӛлшерлемесі кәсіпорынның негізгі қызметінің рентабельділігінен тӛмен болмауы керек.

Айналымдағы меншікті капиталдың жетіспеушілігі кәсіпорынның шаруашылық қызметтер үшін қарыздық және тартылған қаражаттарды пайдаланғандығын кӛрсетеді. Бірақ, осындай жағдайда қарыздарды қайтару мерзімдерін үнемі қадағалап, айналымға жаңа қаражат кӛздерін тартуды іздестіру қажет. Мұндай кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақты емес деп айтуға болады. Тәжірибе жүзінде шағын кәсіпорындардың талдауында бухгалтерлік баланстағы пассивтің меншікті капитал сомасы есептелетін

«капитал және резертер» бӛлімінің теріс мәнге ие болатын жағдайлары кездеседі. Оған меншікті капиталдың тӛмен құны, ӛткен жылдардың және есептік кезеңдердің шығындары себеп бола алады. Мұндай жағдайларда талдаудың тӛлемқабілеттілігі жоқ кәсіпорындарға арналған әдісі пайдаланылады.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы кезінде кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін тексеру үшін ӛзінің тӛлемқабілеттілігін алты ай ішінде қалпына келтіруі қажет. Егер оның мәні бірден жоғары болса, онда мүмкіндіктің бар болуы туралы шешім қабылданып, баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы кейінгі қалдырылады.

Қорытындылай келсем, бухгалтерлік есептілік шағын кәсіпорынның қызметі туралы жалғыз қолжетімді ақпарат болып табылуы қаржылық талдаудың құндылығын кӛрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалауда басқару есебінің ақпараттары пайдаланылады. Алайда, шағын кәсіпкерлікте басқару есебі жүйесі бола бермейді. Сондықтан бухгалтерлік есептіліктің талдауын ескермеуге болмайды, ӛйткені оның нәтижелері кәсіпорын қызметін жан- жақты кӛруге мүмкіндік береді. Еліміздің әл-ауқатын кӛтеруде, әсіресе посткризистік кезеңде еліміздің экономикасының тұрақты дамуында шағын кәсіпкерлік қандай маңызды орын алса, шағын кәсіпкерлікке дұрыс қаржылық талдау жүргізе отырып, оны дамыту жолдарын зерттеу де маңызды болары анық.

(4)

www.enu.kz Әдебиет:

1. Крейнина М.Н. Финансовое состояние предприятия. Методы оценки. - М.: ИКЦ «ДИС»

2. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - Минск: Новое знание.

3. Финансово-экономический анализ деятельности предприятий /Под ред. Ю.М. Воропаева. - М.: Финансы и статистика, 2001.

4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми сайты:

http://www.kaz.stat.kz.

Referensi

Dokumen terkait

Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының математика пәніне деген құштарлығын арттыру, мотивация беру, ынтасын, ойлауын арттыруда Stem технологиясының алатын ролін анықтау болып табылады,