• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақ шежіресінің деректері мен материалдары жөнінде (Табын тайпасының шежіресіне қатысты материалдар негізінде)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақ шежіресінің деректері мен материалдары жөнінде (Табын тайпасының шежіресіне қатысты материалдар негізінде)"

Copied!
11
0
0

Teks penuh

(1)

Б. Б. Кәрібаев Алматы қ., Қазақстан Қазақ шежіресінің деректері мен материалдары жөнінде

(Табын тайпасының шежіресіне қатысты материалдар негізінде) http://www.enu.kz

Қазіргі таңда ұлттық санамыздың тереңдей түсуі тарихшылар алдына кӛптеген міндеттер қойып отыр. Менің ойымша, сондай маңызды міндеттердің біріне – халқымыздың ғылыми негізделген шежіресін жазу жатса керек. Ӛкінішке орай, бұл міндетті соңғы жылдары, әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде кәсіби тарихшылар емес, әуесқой тарихшылар мен тарихты жақсы кӛрушілер, кезінде әртүрлі қызметтерде болып, кейіннен қолы босап демалысқа шыққан зейнеткер - ағаларымыз орындауға тырысуда. Бұл, әрине, жақсы, құптарлық іс. Дегенменде, сол жұмыстардың бәріне ортақ бір кемшілікке – оларда деректік базаның аздығы, тіпті қаттырақ айтсақ, жоқтығы жатады.

Тек қана авторлар ӛздері ел арасынан жинаған материалдарына сүйеніп ӛздерінің ата- бабаларының шежіресін тарқатуға тырысады.

2003-2010 жылдары «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» мәселесімен айналысу барысында қазақтың әр тайпасының тарихымен қатар, олардың шежіресін де бір тарау етіп жазу міндеті біздің де алдымызда тұрды. Алғашқы кездегі қиындықтардан соң, үздіксіз ізденістер нәтижесінде біз ғылыми негіздегі қазақ шежіресінің алғашқы нұсқаларын дүниеге келтіре бастадық. Бірте-бірте шежіреге қатысты деректер кӛзі жинала бастады, тіпті олардың кӛбейгені соншалықты оларды игерудің ӛзі жеке мәселеге айнала бастады. Сол себепті де біз қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың ғылыми негізделген шежіресін жазу барысында ең алдымен, шежіреге қатысты жинақталған материалдардың ӛзіне деректанулық тұрғыда қарап, оларды әртүрлі белгілері мен ерекшеліктеріне қарай он топқа бӛліп жіктедік. Олар мынандай топтар: 1) XVIII-XIX ғғ.

орыс тіліндегі архивтік материалдардың мәліметтері; 2) XVIII-XIX ғасыр басындағы орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі мәліметтер; 3) XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында Қазақ жерінің әр уезі бойынша құрастырылған „Материалы по киргизскому землепользованию...” атты статистикалық сипаттағы жинақтардағы мәліметтер жатады; 4) XX ғасырдың басында қазақ халқының ӛз ішінен шыққан ұлт зиялыларының еңбектеріндегі шежірелік мәліметтер жатады; 5) кеңестік кезеңдегі этнографтардың ғылыми зерттеулеріндегі материалдар жатады; 6) XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бері жарыққа шығып жатқан қазақ шежірешілерінің еңбектеріндегі мәліметтер жатады; 7) ел аузындағы шежірелік сипаттағы тарихи аңыз-әңгімелер, ӛлең түрінде айтылатын шежіре- дастандар, сондай-ақ ақын-жыраулардың айтыстарындағы материалдар жатады; 8) мерзімді басылымдарда, оның ішінде қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған шежірелік сипаттағы мақалалардың мәліметтері жатады; 9) жекелеген адамдардың ӛз аталығы, әулеті, руы туралы жазып жіберген қолжазбалық шежірелері жатады; 10) ауызша түрде информаторлардан алынған мәліметтер жатады.

Тӛменде әрбір топтағы материалдарға тоқталып, олардың маңызына, деректік құндылығына қысқаша сипаттама берелік.

1. Орыс деректеріндегі материалдар. Бұл топтағы материалдарға А.И.Тевкелевтің XVIII ғасырдың 40-шы жылдарында жазған ру-тайпалар жӛніндегі материалдары1, XVIII ғасырдың 80-ші жылдары жазылған Кіші Жүз руларының тізімдері2, XIX ғасырдың алғашқы жылдары Орынбор генерал-губернаторы Князь Г.С.

Волконскийдің тапсырмасымен жазылған қазақ рулары туралы мәліметтер3, осы

1 Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). -Алма-Ата, 1961. - 406-407 бб.

2 Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.) –Т. 4. -М.-Л., 1940. -58 б.

3 Сонда, -513-516 бб.

(2)

жылдарда жазылған Орынбор мүфтиі Мұхамеджан Хұсайыновтың Кіші жүз руларының құрамы мен саны туралы мәліметтері4, сондай-ақ „Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828гг.)” атты жинақтың IV томындағы5, „Казахско-русские отношения в XVI- XVIII веках, „История Букеевского ханства. 1831-1852 гг.”6 мәліметтері жатады.

Бұл топтағы шежіреге қатысты мәліметтердің мынадай ерекшеліктері бар.

Біріншіден, ру-тайпалардың шежіресіне қажетті деректер ру-тайпа ақсақалдары мен билерінен жинастырылып, алғаш рет қағаз бетіне түсіріледі. Сондықтан да бұл деректер алғашқы дерек кӛзі ретінде ӛзінің ғылыми маңызын ешқашан жоғалтпайды.

Екіншіден, бұл мәліметтер сол тұстағы белгілі бір тайпаның ішкі құрылымын, оның бӛлімдері мен тармақтарын, рудағы шаңырақ санын кӛрсетіп, тайпаның ру-тайпалық жүйедегі алатын орнын анықтайды.

Үшіншіден, осы бірінші топтағы сандық, статистикалық мәліметтерге сүйеніп, қарастырып отырған тайпаны ӛзіне жақын тайпалармен, тайпалық одақ, жүз құрамындағы басқа да тайпалармен салыстыруға болады. Мысал ретінде айта кетсек, 1803 жылғы Орынбор генерал-губернаторы Г.С.Волконскийдің тапсырмасымен жинастырылған ру- тайпалардың құрамы, саны жӛніндегі мәліметтерден Табын тайпасы Шӛмішті бӛлімінің 9 руы мен ру тармақтары 4000-дай шаңырақпен Арал мен Каспий теңіздерінің аралығында мекендегендігін, Табынның Жамангерей, Жылқышы бӛлімдерінің 11 ру мен ру тармақтарының 6500-дей шаңырағы Айшуақ ханның қарамағында болғандығын, Шӛмішті бӛлімінің бір руы 1100-дей шаңырақпен Орта Жүз руларымен аралас кӛшіп-қонып жүргендігін, сондай-ақ Табынның бір руының 300-дей шаңырағының Сыр бойында орналасқандығын біле аламыз7. Бұл мәліметте Жетіру тайпаларының жалпы саны шамамен алғанда 30500 шаңырақ болса, оның 10900-і табындар болған, яғни-XIX ғасырдың басында Жетірудың 32,4%-ін Табын тайпасы құраған. Ал, Кіші Жүз тайпаларымен салыстырғанда, сан жағынан бірінші орында Шӛмекей-(20 мың), екінші Шекті-(15 мың), үшінші Тӛртқара-(11 мың), тӛртінші Табын (10,9 мың), бесінші Адай- (10мың) тайпалары тұр.

Тӛртіншіден, бұл мәліметтер тек шежіреге ғана емес, сонымен бірге XVIII ғасырдың соңы –XIX ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, этникалық тарихы мәселелеріне де құнды дерек болып саналады.

2. XVIII-XIX ғасыр басындағы орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі мәліметтер. Бұл топқа XVIII-XIX ғасырдың басы аралығында қазақ халқының тарихы, этнографиясы, шаруашылығы жӛнінде жазылған, сонымен бірге шежіреге қатысты материалдары кездесетін авторлардың еңбектері жатады. Олардың қатарына П.И. Рычков, А.И.Левшин, Л.Мейер, И.Казанцев, Н.А.Маев, Н.И.Гродеков, Н.А.Аристов, Г.Потанин және тағы басқа авторларды жатқызуға болады.8 П.И.Рычковтың 1762 жылы жарыққа шығып, 1887 жылы екінші рет баспадан жарық кӛрген еңбегінде Кіші Жүз тайпаларының

4 Cонда, -226-228 бб.

5 Cонда, -47-50; 54; 62-65 бб.

6 Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). -744 б; История Букеевского ханства. 1891-1852 гг. Сборник документов и материалов. -Алматы, 2002. -11-20 б.

7 Материалы по истории Казахской ССР. (1785-1828 гг.) -Т.4.-Л., 1940. -513-515 бб.

8 Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И.Рычкова 1762 года. -Оренбург, 1887.-99-103 бб.;

Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. -292-293 бб;

Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1.

Киргизская степь. Оренбургского ведомства. -Санкт-Петербург, 1865. -89-92 бб.; Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. -Санкт-Петербург, 1867. -62 б.; Ежегодник. Материалы для статистики Туркестанского края.

Под редакцией Н.А.Маева. -Санкт-Петербург, 1872. -115-116 бб.; Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырь-Дарьинской области. Том первый. Юридический быть. -Ташкент, 1889. Приложения №1.- 1-7 бб.;

Аристов Н.А.Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности.

-СПб., 1897. -104-111 бб.; Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки.// Живая старина. -Петроград, 1917. -54-64 бб.

(3)

құрамында Табын тайпасы айтылады.9 Бірақ, мұндағы Кіші Жүз тайпалары толық емес.

А.И. Левшин Табын тайпасында үш бӛліктің бар екендігін және әрбір бӛліктің нақты кӛш- қондарын атап кӛрсетеді.10 Ал, Л.Мейер XIX ғасырдың бірінші жартысында Кіші Жүздің Батыс және Орта бӛліктерінде орналасқан Табындар туралы мәліметтер берсе,11 И.Казанцев Кіші Жүз тайпаларының, оның ішінде Жетіру бірлестігінің қанша тайпадан, қанша бӛлімнен, қанша тармақтан тұратындығын нақтылап кӛрсетеді.12 Н.И.Гродеков еңбегінде ру-тайпалар тарихына, шежіресіне қатысы бар ұрандар мен ру таңбалары туралы мәліметтер баяндалады.13

Н.А.Аристов ӛзінің түркі халықтарының этникалық құрамы мен саны туралы атақты еңбегінде Жетіру тайпалары жӛнінде айта келе, біздің қолымызға түсе қоймаған И.Казанцевтің материалдарына сүйеніп, Табын тайпасы Кӛсеу, Тарақты және Шӛмішті деген үш бӛлімнен тұратынын, Кӛсеудің бес бӛлімшеге, Тарақтының Жамангерей, Жылқышы деп бӛлініп, олар ӛз іштерінде жеті және сегіз бӛлімшеге бӛлінетіндігін келтіреді.14

Біз осы шежірені жазу барысында Н.А.Аристовта айтылатын Табынның 32 бӛлімшесін, яғни, 32 руын басқа да материалдармен, әсіресе қазіргі кездегі шежіремен салыстырғанда, сәл-пәл ӛзгешеліктер болмаса, негізінен сәйкес келетіндігіне кӛзімізді жеткіздік.

3. Үшінші топқа XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында Қазақ жерінің әр уезі бойынша құрастырылған „Материалы по киргизскому землепользованию...” атты статистикалық сипаттағы жинақтардағы мәліметтер жатқызылады. Жинақтардағы құрастырушылар әр уездің нақты болыстығы мен әкімшілік ауылдарында тұратын қазақтар туралы әлеуметтік, экономикалық сипаттағы мәліметтермен қатар, ру-тайпалық шежіреге тікелей қатысы бар материалдарды беріп отырады. Әсіресе, Ақтӛбе, Орал, Қостанай уездері бойынша құрастырылған жинақтарда әрбір болыстықта, әрбір әкімшілік ауылдарда тұратын Табын ақсақалдарының әулеттік, рулық шежірелері, сондай-ақ Табын тайпасының бір бӛлімінің шежіресі келтіріледі.15 Тіпті, Орал уезі Жиренқопа болыстығындағы ауылдарда Табынның Ақдәулет, Амандәулет, Қыдырүмбет, Туатай, Жылқышы рулары мен олардың тармақтарына жататын шаңырақтар туралы ӛте жақсы баяндалады.16 Мұндай материалдардың Табын тайпасының шежіресін жазуда тигізер кӛмегі кӛп.

4. Табын тайпасының шежіресіне қажетті материалдардың келесі бір тобын XX ғасырдың басында қазақ халқының ӛз ішінен шыққан ұлт зиялыларының еңбектеріндегі деректерден аламыз. Бұл топтағы мәліметтердің ӛзіндік бір ерекшелігіне ӛз халқының тарихын, ру-тайпалық құрылымын, рулар шежіресін ӛте жақсы білуі жатады. Сол себепті де қазіргі күнде жарыққа шығып жатқан әрбір ру-тайпа шежіресі XX ғасыр басындағы ұлт

9 Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И.Рычкова 1762 года. -Оренбург, 1887. - 99-100 бб.

10 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. - 293б.

11 Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1.

Киргизская степь. Оренбургского ведомства. -Санкт-Петербург, 1865. - 90-91 б.

12 Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. -Санкт-Петербург, 1867. - 62 б.

13 Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырь-Дарьинской области. Том первый. Юридический быть.

-Ташкент, 1889. Приложения №1. - 1-7 бб.

14Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -110 б.

15Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 7. Актюбинский уезд. -Т. 8. -Воронеж, 1903. Сведения о киргизских ордах и родах по волостям Актюбинского уезда. -7-13 бб.; Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные Статической партией Тургайско-Уральского переселенческого района.

Уральский уезд. -Оренбург, 1909. -88-89 бб.; Материалы по киргизскому землепользованию собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 5. Кустанайский уездь.

-Т.5. -Воронеж, 1903. -219-230 бб.

16 Материалы по киргизскому землепользованию собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 5. Кустанайский уездь. -Т.5. Приложения. -35 б.

(4)

зиялылары құрастырған шежірелермен байланыстырылады. Ш.Ш.Уәлиханов17, Ш.Құдайбердіұлы18, М.Тынышбайұлы19, Х.Досмұхамедұлы20, А. Байтұрсынұлы21, Қ.Халид22 еңбектеріндегі мәліметтердің Табын тайпасының шежіресін жазуда кӛп кӛмегінің тигенін айтамыз.

5. Табын тайпасының шежіресіне қажетті мәліметтер тобын ғылыми зерттеулердегі материалдар құрайды. Бұл топқа жататын материалдар ӛте кӛп емес, дегенмен де баршылық. Материалдардың аз болуының себебін, біз, кешегі Кеңестік дәуірде тарихшыларымыздың ру-тайпалар тарихынан, шежіре мәселесінен қаламдарын алшақ ұстауынан деп түсінеміз. Ру-тайпалар тарихы, шежіреге қатысты мәселелер бұл дәуірде арнайы түрде зерттелмей, тек жалпы мәселелердің кӛлемінде қарастырылады. Ру-тайпа шежірелері осы жылдарда этнографиялық тұрғыда ғана зерттелді. Бір ӛкініштісі, этнографтардың зерттеулері жарық кӛрмегенімен де, олардың ел аузынан жинаған мол шежірелік материалдары жеке жинақ түрінде түгілі кітаптарының қосымшасына да енбей қалады.

Ғылыми зерттеулердегі шежіреге қатысты материалдар С.Аманжоловтың, Т.И.Сұлтановтың, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов және В.Востровтардың еңбектерінде кездеседі.23 Әсіресе, соңғы үш автордың кеңес дәуірінде жазылған және егемендігіміздің алғашқы жылдары „Қазақ шежіресі хақында” деген атаумен жарық кӛрген еңбегінің Табын шежіресін жазуымызда кӛп пайдасы тиді.

6. Ру-тайпа шежірелеріне қатысты материалдардың келесі бір тобына ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарынан жарыққа шығып жатқан қазақ шежірешілерінің еңбектеріндегі мәліметтер жатады. Бұл топтағы мәліметтер тереңірек сипаттама беруді қажет етеді. Неге десеңіздер, біріншіден шежірешілердің кӛпшілігі кәсіби тарихшы болмағандықтан, немесе базалық тарихи білімді игермегендіктен тарихи болмыс, тарихи деректер мен фактілер, тарихтың ортақ және жеке заңдылықтары және тағы басқа түсініктер мен ұғымдар, категориялар жӛнінде шатасады. Олар деректерге ғылыми талдау жасамай, оларды сараптамай ӛздерінің тұжырымдары мен пікірлерін қалыптастырады.

Шикілеу деректің, жалған фактілердің, ӛтірік мәліметтердің, жартылай шындыққа, жартылай мифке негізделген материалдардың ғылыми дерек бола алмайтындығы, оларға сүйеніп жасалған тұжырымдардың қораптан салған ғимараттай, уақыт сынына шыдамайтындығы және оқырмандарды шатастыратындығы белгілі жәйт. Сондай-ақ ӛте қауіпті де.

Екіншіден алғанда, шежірешілердің материалдарында құнды мәліметтер кӛптеп кездесіп жатады. Жеке бір рудың тармағына, бӛліміне, аталығына, әулетіне қатысты, олардың қазіргі күнгі ұрпақтарға дейін тарқатылуы, сол рудан шыққан нақты бір тарихи тұлға (би, шешен, батыр, ақын, жырау, әулие, кӛріпкел және т.б.) туралы сол рудың ӛкілінен артық ешкім білмейді. Тарихи тұлға туралы сол ру адамдары мақтанады, мақтан тұтады, тіпті ӛздерінің ұраны етеді. Сол тарихи тұлғаға қатысты әңгімелер атадан балаға, баладан немере, шӛбереге беріліп отырады. Сондықтан да шежірешілердің еңбектерінде кездесетін осындай сипаттағы мәліметтердің ғылыми құндылығы жоғары деп санаймыз.

17 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. -Т.2. -Алма-Ата, 1985. -148-167 бб.

18 Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. -Алматы, 1991. - 80 б.

19 Тынышпаев М. История казахского народа. Составители и авторы предисловия проф. Такенов А.С. и Байгалиев Б. -Алматы,1993. -224 б.

20 Досмұхамедұлы Х. Аламан.(Құрастырушылар, алғы сӛзін және түсініктемелерін жазғандар-Ғ.Әлесов, А.Мектепов, Ш. Керімов.) -Алматы,1991. -176 б.

21 Букейхан А.Н. Казаки Адаевского уезда. Мына кітапта: Материалы особого комитета по исследованию союзных и автономных Республик, Вып. 3. Серия Казахстанская. Казаки. Антропологические очерки С.Х.Баранова, А.Н. Букейхана и С.И.Руденко. - Ленинград, 1927. -58-82 бб.

22 Халид Құрбанғали. Тауарих хамса: (Бес тарих). Ауд. Б.Тӛтенаев, А.Жолдасов. -Алматы, 1992. -304 б.

23 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Ч.1. -Алма-Ата, 1959. -8-17 бб.

Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. (Вопросы этнической и социальной истории.) -М., 1982. -135 б.; Арғынбаев Х., Мұқанов М., Восторов В. Қазақ шежіресі хақында. (Құрастырған Ә.Пірманов.) -Алматы, 2000. - 464 б.

(5)

Қазақ халқы шежіресі ӛте бай халық. Кеңес дәуірінде осы бай мұра тарихи дерек ретінде мойындалмай, жетім баладай күй кешсе де, ел ішіндегі шежірешілер, әуесқой тарихшылар, тарихқа қызығушылықпен қарайтындар кеңес дәуірінің тосқауылына қарамай ӛз рулары мен тайпаларының, халқының шежіресіне қатысты материалдарды іздестіреді, жинақтайды. Кеңес ӛкіметінің құрдымға кетуімен бӛгетті бұзған тасқын ағындай, жоғары атылған фонтан суындай шежірелер де жеке кітаптар, жинақтар түрінде кӛп шығарыла бастайды. Қазіргі кезде соңғы 15 жыл ішінде жарыққа шыққан шежіре кітаптарын санап шығу ӛте қиын. Біздің ойымызша, олардың саны 100-ден асатын шығар.

Біз, әрине, бұл жерде ӛзіміз сӛз етіп отырған Табын тайпасының шежіресіне қатысты деректер беретін кітаптарды ғана атап ӛтеміз. Бұларға С.Толыбековтың, З.Сәдібековтың, Х.Мадановтың, Х.Табылдиев пен А.Қалмұратовтың, Ж.Бейсенбайұлының, М.Неталиевтың, Қ.Жақыпұлының, Т.Үсенбаевтың, Т.Әбдіұлының24 және тағы басқаларының еңбектері жатады. Тізе берсек авторлар кӛп. Олардың бәрін бұл жерде айтып шығудың онша қажеті жоқ деп санадық.

Аталған авторлардың кейбіреулерінің мәліметтері Табын шежіресін жазуда қосымша, жанама роль атқарса, М.Неталиев, Х.Табылдиев пен А.Қалмұратов және Т.Әбдіұлы еңбектерінің материалдары негізгі дерек ретінде қолданылғандығын ескерте кетеміз.

Біз осы топтағы материалдарға XVIII-XIX ғасырларда Табын тайпасының тарихи тұлғалары жӛнінде сӛз ететін тарихи-кӛпшілік еңбектерді де жатқызамыз. Тарихи деректер мен халық ауыз әдебиетінің материалдарына негізделген мұндай еңбектерде шежіреге қатысты деректер жиі кездесіп жатады. Табын шежіресін жазуда К.Бердәулетовтың „Бұқарбай батыр”25, С.Салқыновтың „Асау-Барақ”26 атты еңбектерінің мәліметтері ӛз жәрдемін берді.

7. Қазақ ру-тайпаларының шежіресін құрастыруда аса қажетті деректер мен мәліметтер тобын ел аузындағы шежірелік сипаттағы тарихи аңыз-әңгімелер, ӛлең түрінде айтылатын шежіре-дастандар, сондай-ақ ақын-жыраулардың айтыстарындағы материалдар құрайды. XIX ғасырдың соңы XX ғасыр басында Г.Потанин, Ә.Диваев тарихи аңыз-әңгімелерді жинастырып, жариялайды.27 Бұларда қазақ халқының шежіресі Үйсін-батырдан (Ұлы Жүз), Болат-Қожадан (Орта Жүз), Алшын-мырзадан (Кіші Жүз)28; Байшорадан, Жаншорадан, Қарашорадан29 немесе Ақарыстан, Жанарыстан және Бекарыстан30 басталады да, одан әрі рулар мен тайпаларға дейін жеткізіледі.

Шежірені жазуда ӛлең түріндегі шежіре-дастан материалдарының тигізер кӛмегі кӛп. Шежіре –дастандардың барлығы да қазақтың түпкі шығу- тегін Адам Ата Хауа Ананың ұрпақтарынан бастап, Нұх пайғамбардың үш ұлының бірі –Яфеске әкеліп тірейді.

Одан әрі түріктерді, содан соң қазақтарды, одан кейін әр жүздегі тайпаларды тарқатады.

Шежіре-дастандардағы материалдардың құндылығына-олардағы ру-тайпалар мен

24 Толыбеков С. Қазақ шежіресі. -Алматы, 1992. -144 б.; Сәдібеков З. Қазақ шежіресі. (Жауапты ред.

Ш.Құрымбайұлы.) -Ташкент, 1994. - 144 б.; Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. -Алматы, 1993. - 168 б.;

Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші Жүз рулары (Шежіресі мен тарихы.) -Алматы, 1994. - 110 б.;

Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен „Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. - 160 б.; Неталиев М. Қазына. -Алматы, 2002. -248 б.;

Жақыпұлы Қ. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алшын шежіресі. -Қызылорда, 2003. -324 б.; Үсенбаев Т. Алшын

шежіресі. -Қызылорда, 2003. -464 б.; Әбдіұлы Т. Кіші жүз-Жетіру-Табын аталығының шежіресі.

-Қызылорда, 2004. - 248 б.

25 Бердәулетов К. Бұқарбай батыр. (Ӛмірі мен ерлік жорықтары.) -Алматы, 1992. -128 б.

26 Салқынов С. „Асау-Барақ” немесе табын тарихына кіріспе. -Алматы, 2004. -320 б.

27 Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки.// Живая старина. -Петроград, 1917. -54-64 бб.; Ә.Диваев. Тарту. (Құрастырған, алғы сӛзін және түсініктемелерін жазған Флора Оразаева).

–Алматы, 1992. - 256 б.

28 Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки. -54-64 бб.

29 Аристов Н.А.Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. - СПб., 1897. - 394-395 бб.

30 Кердері Әбубәкір. Қазағым. Ӛлең, толғаулар, айтыс, жырлар. – Алматы, 1993. -255б.

(6)

бӛлімдердің, аталар мен әулеттер шежіресінің нақты айтылуы жатады. Автор 93 тайпасының шежіресін жақсы білген, сол себепті де оны дұрыс тарқатады.

Біз Табын тайпасының шежіресін жазуда Қуаныш Баймағанбетовтың,31 Әлиакбар Жұматаевтың32, Сақтаған Есмахановтың33, Шоңбай Жұбановтың 34 дастандарындағы шежірелік материалдарды кеңінен қолдандық. Әсіресе, Шоңбай Жұбановтың дастанындағы материалдардың маңызы ерекше.

«...Домбыра жастан қолға алып едім, Кӛз кӛрген кӛп жерлерге мәлім едім.

Қарайтын облысым Қызылорда, Жалағаш ауданының Табыны едім.

Есенбай тайпасынан атым –Шоңбай, Жиналған жиын, тойдың сауығы едім.

Берген соң «шежіренің дұрысы» деп,

Қайқының Бекжанынан алып едім ...”35,– деп ақын ӛзінің Табын тайпасынан екендігін және ӛз шежіресін жазуда ең дұрыс деген шежіре нұсқасын пайдаланғандығын айтады.

Шоңбай ақынның шежіре – дастанындағы мәліметтердің дұрыс екендігіне біз, оларды басқа шежірелердің материалдарымен салыстырғанда кӛзімізді жеткіздік. Тіпті, Табынның үш бӛліміндегі кейбір аталар мен аталықтардың аты-жӛні, үлкен-кішісі, әке- баласына қатысты мәселелерде Шоңбай ақын мәліметтері негізге алынды. Мысал ретінде бір-екі дәлел келтіре кетсек.

Ж.Бейсенбайұлы құрастырған „Қазақ шежіресінде” Табынның Ағым (Кӛсеулі) бӛлімінде Айдар, Теке, Қарамӛңке және Таушан атты тӛрт рудың атауы берілсе36, З.Сәдібеков ӛз шежіресінде „осы тӛрт руға Данда руын қосып, Ағымда бес ру болған деп жазады37. Осы мәселеде Х.Маданов тӛрт руды38, Х.Табылдиев пен А.Қалмұратов та тӛрт руды39 кӛрсетеді. И.Казанцев дерегіне сүйенген Н.Аристов болса Қарамӛңке (деректе- Карамунча), Данда (деректе-Дандак), Таушан (деректе-Тутджан), Қожантай (деректе- Куджантай) және Айдартеке (деректе дәл осылай) 5 руды кӛрсетеді40.

Ал енді Ағымда қанша ру болғандығын Шоңбай ақынның шежіре-дастаны бойынша анықтап кӛрсек. Ол шежірені ӛлең түрінде былайша жырлайды:

«... Ағымнан туған екен алты бала, Үлкені – Айдар, Таушан, Теке және Қожантай, Қарамӛңке, Дандаменен Алтауы түгел шығар аңдап қара.»41

Т.Әбдіұлының 2004 жылы жарық кӛрген Табын шежіресі жӛніндегі кітабында Ағымның осы алты баласы беріледі.42 Н.Аристовтың материалында Айдар мен Теке Айдартеке руы деп кӛрсетілсе, Шоңбай ақын оларды екі ру қылып жазады. Барлық

31 Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Шежіре. - 6 б.

32 Сонда, -11 б.

33 Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Қазақтың шежіресі. -7 б.

34 Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -28 б.

35 Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -26-27 бб.

36 Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен „Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. -160 б.

37 Сәдібеков З. Қазақ шежіресі. (Жауапты ред. Ш.Құрымбайұлы.) -Ташкент, 1994. -123 б.

38 Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. -Алматы, 1993. -107 б.

39 Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші Жүз рулары (Шежіресі мен тарихы.) -Алматы, 1994. -97 б.

40Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -110 б.

41 Шоңбай Жұбанов. Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Шежіре-дастан. -17 б.

42 Әбдіұлы Т. Кіші жүз-Жетіру-Табын аталығының шежіресі. -Қызылорда, 2004. -11 б.

(7)

шежірелерде Айдар мен Теке Ағымның екі руы ретінде жазылады. Осыларға қарап, Шоңбай ақынның дерегін біз, ең дұрысы деп алып, шежірені жазуда оны негізге алдық.

Шоңбай ақын мәліметтерінің дұрыстығына екінші бір дәлел келтіріп кӛрсек.

Жоғарыда аталған шежірелерде Бозымның Тоқсиығындағы Есенбайда бес немесе алты ру болған делінеді43. Ал, Шоңбай ақында Есенбайдың алты баласы болып, олардың қайсысы бәйбішеден, қайсысы басқа әйелдерден туылғандығы тайға таңба басқандай нақтылап айтылады.

Шоңбай ақын ол жӛнінде:

«...Баласы Есенбайдың бесеу еді, Бірі ұзын, бірі қысқа мешеу еді.

Тоқалдың бес баласы тұра тұрсын,

Үлкені бәйбішенің Кӛшей еді ...»,-деп жырлайды44.

Одан әрі ақын Есенбайдың Кӛшейден басқа Жақап, Тӛлей, Дуана, Жамантік және Ӛтей атты ұлдарынан тараған ұрпақтарды жіпке тізгендей етіп ӛрбітеді45.

Міне, осындай дәлелдер арқылы біз, Шоңбай ақынның шежіре-дастанындағы мәліметтердің ӛте дәл, анық және дұрыс екендігіне кӛзімізді жеткіземіз. Сол себепті де ақынның шежірелік мәліметтері Табын тайпасының шежіресін жазуда ӛте құнды дерек болып саналады. Біз, келесі беттерде шежірені жазу барысында әлсін-әлсін Шоңбай ақынның мәліметтеріне жүгініп отырамыз.

Шежіреге қатысты материалдарды тарихи аңыз-әңгімелер мен шежіре- дастандардан бӛлек ақындар айтысының мәліметтерінен де кездестіруге болады.

Айтыстағы шежіре мәліметтерінде мынадай ӛзіне тән ерекшеліктер бар. Біріншіден, мұнда шежіре толық жырланбайды. Айтыскер ӛзінің шыққан тегін кӛпшілікке таныстырғанда, ӛз руынан немесе тайпасынан шыққан белгілі бір тұлғаны мадақтағанда немесе оның руынан шыққан атқамінерді, сараң байды тіліне тиек етіп мінегенде тайпа, ру, аталықтар атаулары айтылады.

Екіншіден, айтыскерлер ӛздерін белгілі бір ру-тайпаға, тарихи тұлғаға туыстығын кӛрсету үшін ру, тайпа, аталықтар атауларын жырға қосады.

Бұл жерде айтыс материалдары шежіре жазуда негізгі дерек бола алмайды.

Дегенменде оның мәліметтері бір рудың тармақтарын, аталықтарын нақтылауда қосымша дерек бола алатындығын ескере кетеміз. Табын шежіресіне қатысты мұндай дерек кӛздеріне „Құлтума, Ер Сейіл, Ырысбай ақындардың айтысын”, „Сейдәлі мен Алтын”,

„Сейдәлі, Молда Бәйім, Ділда”, „Ешнияз сал мен Кенекес” айтыстарының мәліметтерін жатқызуға болады . Бұл айтыстардың үлгісін қосымшадан оқи аласыздар 46.

8. Қазақ ру-тайпаларының шежіресін құрастыруда, сондай-ақ ӛзіміз қарастырып отырған Табын тайпасының шежіресін жазуда қажетті материалдардың келесі бір тобын мерзімді басылымдарда, оның ішінде қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған мақалалар құрайды. XX ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бастап тӛл тарихқа деген сұраныстың күрт ӛсуіне байланысты Алматыда шығатын республикалық газет-журналдардан бастап, облыстық, аудандық газет беттерінде ру-тайпа шежіресіне, белгілі бір тарихи тұлғаның мерейтойына, белгілі бір оқиғаның бірнеше жүзжылдық датасына байланысты орасан кӛп материалдар жарық кӛрді. Олардың бәрін осы жерде айтып ӛту мүмкін емес. Дегенменде олардың бірнешеуін атап ӛткенді жӛн кӛріп отырмыз.

Оларға „Асау-Барақ” ән-дастаны, „Бӛкенбай шоқысы”, „Түмен баба”, „Ер Барақтың жиендері”, „Барақ,Сәрке, Бәйтен батырлар”, „Барақ батырдың тұсындағы елдің саяси және

43 Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен „Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. – 154 б.; Толыбеков С. Қазақ шежіресі. -Алматы, 1992.

-80 б.; Үсенбаев Т. Алшын шежіресі. -Қызылорда, 2003. -32 б.

44 Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан. Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -22 б.

45 Сонда, -22-24 бб.

46 Айтыс. Екінші том. -Алматы, 1965. -71-79; 138-144; 145-163; 210-212 бб.

(8)

әлеуметтік жағдайы”, „Жасыл тулы Ер Барақ”, М.Неталиевтың „Кіші Жүздің шежіресі”,

„Ана тілі” газетіндегі шежіре кітапша және тағы басқа кӛптеген мақалалар жатады47. Табын шежіресін жазу барысында жоғарыда аталған және аталмай қалған газет- журнал беттеріндегі мақалалар материалдарының кӛп кӛмегі тигенін айта келе, мақала авторларына мың алғыс айтамыз.

9. Шежіре жазуда материалдардың тағы бір тобына жекелеген адамдардың ӛз аталығы, әулеті, руы туралы жазып жіберген қолжазбалық шежірелері жатады. Бұл топтағы материалдардың артықшылығына әулет шежіресінің 8-10 буынға дейін анық кӛрсетілуін айтамыз. Табын шежіресін жазу барысында біз тӛмендегідей адамдардың шежірелік қолжазбаларын пайдаланғанымызды айтып ӛтуді жӛн санап отырмыз. Олар:

1. Қызылордалық жазушы-журналист Ахат Жанаев (Қызылорда қаласы, 1934 жылы туылған, руы теке-табын). Ол бізге әр жылдары «Ақмешіт апталығы» газетінде жарияланған «Жүзжасар би», «Бозтай би», «Мысық (Есенжол) би», «Шортанбай би»,

«Беркімбай қалпе» және т.б. мақалаларын ӛз қолымен әкеліп берді. Бұл мақалалардан біз, жоғарыда аталған тарихи тұлғалармен қатар, Сыр ӛңіріндегі Табын тайпасының рулары мен олардың тармақтарының таралуы жӛнінде ӛзімізге қажетті материалдар таптық.

2. Хұсайын Қоразбаев – Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының кӛмекшісі, полиция полковнигі. (Қызылорда қаласы, 1961 жылы туылған, руы теке- табын). Ол бізге факс арқылы Сыр ӛңіріндегі Табын тайпасы, оның руларының таралымы, Табын тайпасынан шыққан Бұқарбай батыр, Қоразбай молда жӛнінде ел аузынан жинаған материалдарын жіберді. Ӛзі басқа салада қызмет істеп жүрсе де, қазақ халқының тарихын сүйетін және бүйрегі бұратын азаматқа мың да бір рахмет.

3. Сайын Садықов – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Республикалық онкология және радиология ғылыми –зерттеу институтының жетекші маманы. (Алматы қаласы, 1953 жылы туылған, руы жылқышы-табын). Біз оның Табынның Жылқышы бӛліміндегі рулардың шежіресіне байланысты материалдарын пайдаландық.

10. Шежіре құрастыруда келесі бір материалдар тобын ауызша түрде алынған деректер құрайды. Ғылымда ауызша түрде материал берген адамдарды «информаторлар»

деп атайды. Біз табын тайпасының шежіресін жазу барысында тӛмендегідей информаторлардың мәліметтерін, кеңестерін пайдаландық. Ол информаторлар мыналар:

1. Оспанов Сейфолла – (Алматы қаласы, 1938 жылы туылған, руы Жақап-табын).

Сыр бойы және Батыс Табындарының аталықтары жайында ауыл ақсақалдарынан жинаған мәліметтері негізінде дерек берді.

2. Әбдірахманов Аманжол - (Алматы қаласы, 1940 жылы туылған, руы Кӛшей- табын). Ол кісі бізге Құланбайұлы Мамыт ақсақал (1890 жылы туылған) 1970 жылдары айтып жаздыртқан шежіресі бойынша Табынның Есенбай, оның ішінде Кӛшей тармағын жікке айырып тарқатып берді. Кӛшей тармағы айналымда жүрген шежіре-кітаптарда тарқатылмайтындықтан, бұл мәліметтің маңыздылығы құнды болып отыр.

Осылайша Табын тайпасының шежіресіне қатысты материалдарға жалпылама түрде шолу жасай келе, біз тӛменде мынадай тұжырымдар жасаймыз.

Біріншіден, кез-келген ру-тайпаның шежіресін жазар кезде, сол ру-тайпаның тарихына, шежіресіне, сол тайпадан шыққан тарихи тұлғалардың ӛміріне қатысты деректерді мол жинастырып, оларды ғылыми тұрғыда талдау қажет деп санаймыз.

Екіншіден, Табын тайпасының шежіресіне қатысты материалдардың кӛптігіне байланысты, біз, оларды деректанулық тұрғыдан он топқа жіктеп, олардың әрқайсысына қысқаша тоқтап ӛттік. Сол арқылы қажетті деректердің жалпы және нақты сипаттарын, негізгі және қосымша маңыздарын анықтадық.

47 Асау-Барақ (Ән-дастан). // Азия. 20 (100) 1994. мамыр; Ілиясқызы Р. Бӛкенбай шоқысы. // Ақтӛбе. 10 ақпан 1993 ж.; Жылқышиев Ж. Түмен баба. // Сыр бойы. 10 қаңтар 2002 ж.; Әбдіров А. Ер Барақтың жиендері. // Ақтӛбе. 18 қыркүйек 1992 ж.; Барақ, Сәрке, Бәйтен батырлар. // Ақтӛбе. 4 қыркүйек 1992 ж.;

Асқаров И. Барақ батырдың тұсындағы елдің саяси және әлеуметтік жағдайы. // Ақтӛбе. 22 маусым 1993 ж.;

Күзенбаев Н. Жасыл тулы Ер Барақ. // Егемен Қазақстан. 7 мамыр 1996 ж.

(9)

Үшіншіден, дерек мәліметтеріне шолу жасау арқылы оларда аз да болса, бірнеше ауытқушылықтардың, шатасулардың, қайшылықтардың бар екендігін білдік. Олардың кӛбі негізінен тайпа бӛлімінің, ру тармағының атауына және шежірелік жүйеде орналасуына байланысты болып келеді.

Тӛртіншіден, кейбір ру-тайпа шежірелеріне қатысты деректер мен мәліметтердің ӛте кӛп екендігіне, ал кейбір рулық бӛлімшелердің шежіресіне ӛқатысты материалдардың мүлде аз екендігіне кӛз жеткіздік. Бұл бӛлімшелердің шежіресіне қатысты мәліметтер әлі де болса іздеуді қажет етеді.

Міне, осындай деректік базаны негіздеп алғаннан кейін ғана ғылыми негіздегі шежірені жазуға болады деп есептеймін.

ӘДЕБИЕТ

1.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). - Алма-Ата, 1961. -406-407 бб.

2.Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.) –Т. 4. -М.-Л., 1940. -58 б.

3.Сонда, -513-516 бб.

4.Cонда, -226-228 бб.

5.Cонда, -47-50; 54; 62-65 бб.

6.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). - 744 б; История Букеевского ханства. 1891-1852 гг. Сборник документов и материалов. - Алматы, 2002. -11-20 б.

7.Материалы по истории Казахской ССР. (1785-1828 гг.) -Т.4.-Л., 1940. -513-515 бб.

8.Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И.Рычкова 1762 года. -Оренбург, 1887.-99-103 бб.; Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. -292-293 бб; Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1. Киргизская степь. Оренбургского ведомства. -Санкт-Петербург, 1865. -89-92 бб.; Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. - Санкт-Петербург, 1867. -62 б.; Ежегодник. Материалы для статистики Туркестанского края. Под редакцией Н.А.Маева. -Санкт-Петербург, 1872. -115-116 бб.; Гродеков Н.И.

Киргизы и каракиргизы Сырь-Дарьинской области. Том первый. Юридический быть. - Ташкент, 1889. Приложения №1.- 1-7 бб.; Аристов Н.А.Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -104-111 бб.;

Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки.// Живая старина.

-Петроград, 1917. -54-64 бб.

9.Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И.Рычкова 1762 года. -Оренбург, 1887. - 99-100 бб.

10.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. - 293б.

11.Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1. Киргизская степь. Оренбургского ведомства. -Санкт-Петербург, 1865. - 90-91 б.

12.Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. -Санкт-Петербург, 1867. - 62 б.

13.Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырь-Дарьинской области. Том первый.

Юридический быть. -Ташкент, 1889. Приложения №1. - 1-7 бб.

14.Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -110 б.

15.Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 7. Актюбинский уезд. -Т. 8. -Воронеж, 1903. Сведения о киргизских ордах и родах по волостям Актюбинского уезда. -7-13 бб.; Материалы по киргизскому землепользованию, собранные

(10)

и разработанные Статической партией Тургайско-Уральского переселенческого района.

Уральский уезд. -Оренбург, 1909. -88-89 бб.; Материалы по киргизскому землепользованию собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 5. Кустанайский уездь. -Т.5. -Воронеж, 1903. -219-230 бб.

16.Материалы по киргизскому землепользованию собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. 5. Кустанайский уездь. -Т.5. Приложения. -35 б.

17.Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. -Т.2. -Алма-Ата, 1985. -148-167 бб.

18.Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. -Алматы, 1991. - 80 б.

19.Тынышпаев М. История казахского народа. Составители и авторы предисловия проф.

Такенов А.С. и Байгалиев Б. -Алматы,1993. -224 б.

20.Досмұхамедұлы Х. Аламан.(Құрастырушылар, алғы сӛзін және түсініктемелерін жазғандар-Ғ.Әлесов, А.Мектепов, Ш. Керімов.) -Алматы,1991. -176 б.

21.Букейхан А.Н. Казаки Адаевского уезда. Мына кітапта: Материалы особого комитета по исследованию союзных и автономных Республик, Вып. 3. Серия Казахстанская.

Казаки. Антропологические очерки С.Х.Баранова, А.Н. Букейхана и С.И.Руденко. - Ленинград, 1927. -58-82 бб.

22.Халид Құрбанғали. Тауарих хамса: (Бес тарих). Ауд. Б.Тӛтенаев, А.Жолдасов. - Алматы, 1992. -304 б.

23.Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Ч.1. -Алма-Ата, 1959. -8-17 бб.

Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. (Вопросы этнической и социальной истории.) -М., 1982. -135 б.; Арғынбаев Х., Мұқанов М., Восторов В. Қазақ шежіресі хақында. (Құрастырған Ә.Пірманов.) -Алматы, 2000. - 464 б.

24.Толыбеков С. Қазақ шежіресі. -Алматы, 1992. -144 б.; Сәдібеков З. Қазақ шежіресі.

(Жауапты ред. Ш.Құрымбайұлы.) -Ташкент, 1994. - 144 б.; Маданов Х. Кіші жүз шежіресі.

-Алматы, 1993. - 168 б.; Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші Жүз рулары (Шежіресі мен тарихы.) -Алматы, 1994. - 110 б.; Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен

„Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. - 160 б.; Неталиев М. Қазына. -Алматы, 2002. -248 б.; Жақыпұлы Қ. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алшын шежіресі. -Қызылорда, 2003. -324 б.; Үсенбаев Т. Алшын шежіресі. -

Қызылорда, 2003. -464 б.; Әбдіұлы Т. Кіші жүз-Жетіру-Табын аталығының шежіресі.

-Қызылорда, 2004. - 248 б.

25.Бердәулетов К. Бұқарбай батыр. (Ӛмірі мен ерлік жорықтары.) -Алматы, 1992. -128 б.

26.Салқынов С. „Асау-Барақ” немесе табын тарихына кіріспе. -Алматы, 2004. -320 б.

27. Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки.// Живая старина. -Петроград, 1917. -54-64 бб.; Ә.Диваев. Тарту. (Құрастырған, алғы сӛзін және түсініктемелерін жазған Флора Оразаева). –Алматы, 1992. - 256 б.

28.Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки. -54-64 бб.

29.Аристов Н.А.Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. - СПб., 1897. - 394-395 бб.

30.Кердері Әбубәкір. Қазағым. Ӛлең, толғаулар, айтыс, жырлар. – Алматы, 1993. -255б.

31.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Шежіре. - 6 б.

32.Сонда, -11 б.

33.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Қазақтың шежіресі. -7 б.

34.Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -28 б.

35.Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан.Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -26-27 бб.

36.Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен „Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. -160 б.

37.Сәдібеков З. Қазақ шежіресі. (Жауапты ред. Ш.Құрымбайұлы.) -Ташкент, 1994. -123 б.

38.Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. -Алматы, 1993. -107 б.

(11)

39.Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші Жүз рулары (Шежіресі мен тарихы.) -Алматы, 1994.

-97 б.

40.Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -110 б.

41.Шоңбай Жұбанов. Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. Шежіре-дастан. -17 б.

42.Әбдіұлы Т. Кіші жүз-Жетіру-Табын аталығының шежіресі. -Қызылорда, 2004. -11 б.

43.Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (Ғылыми дәйектер мен „Ана тілі” газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған.) -Алматы, 1994. – 154 б.; Толыбеков С.

Қазақ шежіресі. -Алматы, 1992. -80 б.; Үсенбаев Т. Алшын шежіресі. -Қызылорда, 2003. -32 б.

44.Шоңбай Жұбанов. Шежіре-дастан. Х.М.Ғабжалиловтың жеке мұрағаты. -22 б.

45.Сонда, -22-24 бб.

46.Айтыс. Екінші том. -Алматы, 1965. -71-79; 138-144; 145-163; 210-212 бб.

47.Асау-Барақ (Ән-дастан). // Азия. 20 (100) 1994. мамыр; Ілиясқызы Р. Бӛкенбай шоқысы.

// Ақтӛбе. 10 ақпан 1993 ж.; Жылқышиев Ж. Түмен баба. // Сыр бойы. 10 қаңтар 2002 ж.;

Әбдіров А. Ер Барақтың жиендері. // Ақтӛбе. 18 қыркүйек 1992 ж.; Барақ, Сәрке, Бәйтен батырлар. // Ақтӛбе. 4 қыркүйек 1992 ж.; Асқаров И. Барақ батырдың тұсындағы елдің саяси және әлеуметтік жағдайы. // Ақтӛбе. 22 маусым 1993 ж.; Күзенбаев Н. Жасыл тулы Ер Барақ. // Егемен Қазақстан. 7 мамыр 1996 ж.

Referensi

Dokumen terkait

ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде Алаш қозғалысының рухани серпілуіне себепкер - «жәдит» әдісі мен танымы еді.. Жәдитшілдіктің негізін қайраткер қырым татары, танымал баспагер,

[r]