• Tidak ada hasil yang ditemukan

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ МЕН ИРРЕДЕНТТЕРІНІҢ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ МЕН ИРРЕДЕНТТЕРІНІҢ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ҼОЖ 327 (100)+[003.344:811.512.1]

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ МЕН ИРРЕДЕНТТЕРІНІҢ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ

Садуақасов А., [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана

Тҽуелсіздік алғалы бері шетелдегі отандастардың елге оралуына, олардың ҽлеуметтік-саяси мҽселелерін шешуге мемлекет тарапынан зор қолдау кҿрсетіліп келеді.

Соған қарамастан олардың басындағы мҽселелер түгелімен шешімін тапқан жоқ.

Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асырып келеді. Бұнымен қатар, алдағы жылдардан бастап мемлекет шетелдегі отандастарды Қазақстанға кҿшірудің «Нұрлы кҿш»

бағдарламасын да қолға алып, оны орындаудың тетіктерін қарастырып та қойды.

Қазіргі кезде Қазақстаннан тыс елдерде 5 миллионға жуық қазақ бар. Қазақтар ҿз Отанынан бҿлек ҽлемнің 45 мемлекетінде, атап айтқанда посткеңестік кеңістіктегі Ресей, Украина, Тҽжікстан, Ҿзбекстан, Түркіменстан, Беларусь, Грузия, Ҽзербайжан, Литва, Армения, Эстония, Қырғызстанда; Батыс Еуропа аймағында – Германия, Франция, Ұлыбритания, Австрия, Голландия, Бельгияда; Скандинавия түбегі елдерінде – Швеция, Норвегия, Данияда; Шығыс Еуропа елдерінде – Венгрия, Польша, Чехия, Болгария, Румынияда; Таяу Шығыс аймағында – Иран, Біріккен Араб Ҽмірліктерінде; Сауд Арабиясы, Иордания, Израиль, Сирияда; Орталық Азия аймағында – Ауғанстан мен Пҽкістанда; сонымен қатар, АҚШ, Канада, Түркия, Қытай, Моңғолия, Австралия, Аргентина, Үндістан, Марокко, Египетте ҿмір сүреді. Қазақтар ең кҿп қоныстанған елдерге келетін болсақ, Ҿзбекстанда – 1,5 миллион, Қытайда – 1,3 миллион, Ресейде – 900 мың, Түркіменстанда – 100 мың, Монғолияда – 80 мың, Қырғызстанда – 45 мың қазақ тұрады.

Дүние жүзіндегі қазақ диаспоралары диалектілерді қоспағанда 75 тілде сҿйлейді.

Оларды мынадай іргелі 5 топқа бҿліп қарастыруға болады:

1. Үндіеуропа тілдері: германдық топ (7), романдық топ (2), үнді тобы (6), армян тобы (1), грек тобы (1), балтық тобы (2), иран тобы (7) , славян тобы (4);

2. Алтай тілдері: түркі тілдері (16), моңғол тілдері (3), қытай-тибет тілдері (4), Қиыр Шығыс тілдері (1);

3. Афроазиялық (семит-хамит) тілдері (2);

4. Орал тілдері: фин-угор тілдері (10);

5. Кавказ тілдері (9).

Сонымен қатар, дүние жүзіндегі қазақтар, негізінен 3 түрлі графикаға негізделген ҽліпбиді қолданады. Олар: кириллица, латын жазуы жҽне араб (тҿте жазу) ҽліпбиі.

78

(2)

Жер бетіндегі қазақтардың 75 түрлі тіл мен 3 түрлі ҽліпбиді қолданатындығын ескерсек, бұл мҽселенің ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық бірегейліккке тигізетін ықпалының орасан-зор екендігін байқаймыз. Шетелдердегі қазақтардың кҿпшілігі қазақ тілінен гҿрі ҿздері ҿмір сүріп жатқан мемлекеттердің тілін жақсы меңгерген. Олардың қазақ тілін білуге деген талпыныстарының іске асуына Қазақстан тарапынан кҿмек қажет. Ҽлемнің ҽр түкпіріндегі қазақтарды бір арнаға тоғыстыратын фактор олардың қазақ болып жаратылуы мен қазақ тілі ғана емес, ұлттық бірегейлікке ҽсер ететін саяси-мҽдени құралдың ең күштісі – жазу (ҽліпби) болып табылады. Жазу жүйесі арқылы дүниежүзі қазақтарының бірі-бірімен қиындықсыз тіл табысуына болады. Дҽл осы мҽселені шешуде негізгі қазақ мемлекеті ретінде Қазақстанның орны ерекше. Осы орайда ғалымдар мен зиялы қауым, жалпы халықтың басым бҿлігі, шетелдегі қазақтар қазақ ҽліпбиін ҽлемдік ақпараттық кеңістікте басымдыққа ие латын графикасына негіздеп қайта қалыптастыруды қолдап отыр. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Тҿрағасының орынбасары Талғат Мамашев: «Дүние жүзінде үш ҽліпбимен жүрген халық – осы қазақ. Біз кирилицадамыз, Қытайдағы қазақтар тҿте ҽрі араб жазуын, Түркиядағы, Еуропадағы қандастарымыз латын ҽрпін қолданады. Кҿршілес елдер де латынға кҿшіп кетті. Бір-біріміздің жазуымызды түсінуден қалдық. Ҿйткені, Қытайдан келген қазақтар қазақша сайрап тұрғанымен, кирилицаны білмейді. Олар жоғары оқу орындарына түсу мен басқа да жағдайларда ҿте кҿп қиыншылықтар кҿріп жүр. Кейінгі жылдары 1500-ден астам оралман жастарымыз дайындық бҿлімдеріне ҿтіп, содан кейін ЖОО-ларға түсіп жатыр. Жұмыс алға жылжығандай. Бірақ, ортақ ҽліпбиге кҿшсек деген бастаманың айналасында ой бҿліспекпіз. Шетелдегі ағайын латын ҽліпбиіне бүгін кҿшіп кетсек те құптайын деп отыр»

[1, 5-б.] – дей келе, жазу мҽселесінің ҿзекті болып отырғандығын тілге тиек етеді.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Мҽдениет жҽне ақпарат министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, «Шетелдерде тұратын отандастардың ҽлеуметтік- экономикалық жағдайының проблемалары» тақырыбында ҽлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Сұрау салу ҽдісі бойынша жүргізілген зерттеу Франция, Германия, Норвегия, Швеция, Дания мемлекеттеріндегі қазақ диаспораларының тіл мҽселелерін айқындап берген. Зерттеу нҽтижелері аталған елдердегі қазақ диаспораларының қазақ тілін ұмыта бастағандығын, жас буынның орта буынмен сҿйлесуі түрік тілінде жүретіндігін, тілдегі еуропалық акценттің күшейіп келе жатқандығын, жастардың қазақшаға қарағанда ҿздері тұратын елдің тілі мен түрік тілін білетіндігін, қазақтардың қарқынды ассимиляцияға ұшырай бастағандығын кҿрсетті [2]. Осы ҽлеуметтанулық зерттеуді талдай келе, Еуропадағы қазақ диаспорасы арасында қазақ тілінің мүшкіл халін байқауға болады.

Мұндағы қазақтардың тілі қазақтық бірегейліктен гҿрі, түріктік, ішінара еуропалық бірегейлікке жақындығы алаңдатарлық жағдай. Бұған тарихи жағдайлар да себеп болғаны сҿзсіз. Ҿйткені, Қазақстаннан кҿшкен қазақтардың кҿпшілігі ҽуелі Түркияны қоныстанғандықтан, түрік тілін меңгеру арқылы түрікше сҿйлеуге дағдыланған. Сонымен қатар, олар латын графикасы түсінікті болғандықтан кей жағдайларда қазақ ҽліпбиінен гҿрі түрік ҽліпбиін пайдаланады. Бұл бағытта Үкімет тарапынан жедел түрде Еуропадағы қандастарымыздың қазақ тілін білу деңгейін дамытуға саяси-мҽдени тұрғыдағы шаралар қолға алынуы керек деп есептейміз. Еуропаны былай қойғанда, кҿршілес Ресей, Қытай, Ҿзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан елдеріндегі қазақтардың қазақ тілін білу деңгейі де кҿңіл кҿншітпейді. Соңғы он жылдың ішінде Ресей мен Қытайдың жылдам дамып, ҿз тілдерінің халықаралық аренадағы қолданысын кеңейтуге барынша талпынып жатқанын ескерсек, онда бұл елдердегі қазақ тілінің қолданысын шамалауға болады. Ҽсіресе, Ресейдегі қандастарымыздың біршама бҿлігі қазақ тілін күнделікті ҿмірде ҽлдеқашан орыс тіліне айырбастап алғаны белгілі. Бұған Ресей Федерациясының орыс тілін дамытудағы идеологиялық саяси шараларының ҽсер етпей қоймасы анық. Ресейдегі қазақтарымыз орыстанып бара жатса, Ҿзбекстан, Түркіменстан, Ҽзербайжан, Түркия елдеріндегі қазақтар латын графикасына бейімделудің нҽтижесінде Қазақстандағы қазақтармен ортақ жазуға қол жеткізуді армандайды. Ҿзбекстандағы тілдік ахуал туралы

79

(3)

Ҿзбекстандағы Қазақ мҽдени орталығы тҿрағасының орынбасары Қ. Піскентбай:

«Ҿзбекстандық қазақтар латын жазуына ҿздігінше кҿше қоймаса керек. Ал егерде Қазақстан латын ҽліпбиіне негізделген қазақ жазуына ҿткен жағдайда ғана ҿзбекстандық қазақтар соны қайталауға мҽжбүр болады» деген пікірге былай уҽж айтар едім.

Ҿздеріңізге белгілі, біздер қазір тҽуелсіз Ҿзбекстан елінде ҿмір сүріп жатырмыз.

Мұндағы білім саласында «Білім туралы» Заңы қабылданып, «Кадрлар дайындау» ұлттық бағдарламасы енгізілген. Соған сҽйкес білім стандарттары, талаптары бекітілген. Биыл оқушылар ҿзбек мектептерінде 9-сыныпты латын ҽліпбиінде бітіріп, колледж, лицейлерге оқуға түсті. Тағы тҿрт-бес жылдан соң жоғары оқу орындарында оқыту латын ҽліпбиіне кҿшуі ықтимал. Ал біздің балаларымыз ҽлі де мектепте кириллицада оқуларын жалғастырып отыр. Бұл қашанға дейін созылуы мүмкін? Бір-екі, ары кетсе 5 жыл шығар, сонан соң не болады? Қазір кириллицада бітірген ұл-қыздарымыз қайда барады? Лицей, колледжге немесе жоғары оқу орындарына қалай барады?! «Қазақ мектебін бітірген бала келешекте қайда оқиды? Онан да ҿзбек тіліндегі мектепке баламды оқуға беремін» - деген, беріп те жатқан бауырларымызға не уҽж айтамыз? Республикамызда қазақ мектептерінің қысқарып жатқанының түп себебі де осы емес пе?» [3, 118-б.] – деп, ҿз алаңдаушылығын білдірсе, Қ. Ғабитханұлы Қытайдағы қазақтардың этнолингвистикалық ахуалы жайында:

«... жалпы шетелдердегі қазақтардың ішінде Қытайда тұратын қазақтардың тіл мҽселесі де ең күрделі жағдайда деуге болады. Себебі соңғы 40-50 жылда басқалардай (мысалы, Моңғолия т.б.) емес Қытайдағы қазақтарда тіл жазу мҽселесі кҿп жағдайда ҿз алдына шешіліп келді. Яғни онда 1965 жылға дейін тҿте жазу қолданылса, 1965 жылдан 1983 жылға дейін латын жазуы, ал 1983 жылдан қазірге дейін қайтадан 33 ҽріптен тұратын тҿте жазу (қытайдағы қазақтардың сҿзі бойынша – кҿне жазу) ҽліпбиін қолданып келеді. Соған сҽйкес қазақ ҽдеби тілінің орфографиялық ережелері ҿзінше қалыптасқан, яғни Қазақстандағы 42 ҽріп қолданылатын орыс-қазақ ҽліпбиі мен оның орфографиялық ережелеріне сҽйкес келе бермейді. Сонымен бірге, ең негізгісі, онда ҿз алдына қазақ тілінде термин жасайтын, жасап қана қоймай оны заңдастырып, жалпыластыратын орындар бар. Ол – ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиясы аудандық тіл-жазу қызметі комитеті» [4, 228-б.] - дейді. Соңғы жылдары елімізде ҽлемдегі қазақ диаспораларын ақпараттық тұрғыдан қолдау мақсатында «Қазақпарат» ұлттық агенттігі қазақ тіліндегі ақпаратты латын графикасымен тарату дҽстүрін қолға алды. Бұл бастама Үкіметтің ресми сайтында жалғасын тапты. Ҽзірше бұл сайттарда академик Ҽбдуҽли Қайдар жасаған ҽліпби жобасы пайдаланылуда. Сонымен қатар, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мемлекет қолдауымен шығаратын «Алтын бесік», «Туған тіл» атты альманахтары мен журналдарын үш ҽліпби бойынша, яғни кирилше, латынша жҽне тҿте жазумен басуды қолға алып отыр. Бұл жағдай шетелдегі қандастарымыз тарапынан жан-жақты қолдауға ие болып келеді.

2011 жылдың 25 мамырында Астанада ҿткен Дүниежүзі қазақтарының ІV құрыл- тайына жиналған ҽлем қазақтары қазақ билігіне шеттегі қандастардың бұйымтайы ретінде латын графикасына негізделген ҽліпбиге тездетіп кҿшуді ұсынды. Осы құрылтайға Түркиядан келген делегат, Мимар Синан университетінің професоры Ҽбдуақап Қара да шетел қазақтары мен Қазақстандағы қазақтардың бірегейлендіру үрдісіндегі ҽліпбидің рҿлін былайша түсіндіреді: «Ҽліпби мҽселесін шешіп, латын қарпіне кҿшуіміз керек.

Шыңжаң қазақтары латынға кҿшуге дайын. Олар Қазақстанды ғана күтіп отыр, латынға кҿшсе, ҽліпби бірлігі болады. Одан кейін тіл бірлігі келеді, тіл бірлігі келсе, идея да, мақсат та бір болады. Ал біздің түпкі мақсатымыз, қазақтың мақсаты – Қазақстанның тҽуелсіздігін баянды ету. Бізде одан басқа мақсат болмауы керек. Бүкіл қазақ – атамекендегісі бар, шетелдегісі бар Қазақстан тҽуелсіздігін сақтап қалу үшін қызмет етуі керек. Себебі, Қазақстанның болашағы зор. Сол болашаққа сенбейтіндер де бар. Ҿйткені олар сана тҽуелсіздігіне жете алмай жүр. Ол тҽуелсіздік бір күнде келмейді, оған уақыт, жылдар керек. Санасы тҽуелді азаматтар балаларын ағылшын, орыс мектебіне береді, ҿйткені, ҿз халқына, мемлекетінің болашағына сенбейді, біз сондай тҽуелді санадан

80

(4)

арылуымыз керек. Құдайға шүкір, Нұрсұлтан Назарбаев сынды Президентінің арқасында Қазақстан ҽлемнің алдыңғы қатарындағы 50 елдің қатарына енді, ендігі мақсат 25 елге кіру болса, барлығымыз сол жолда жұмыс істесек, жетеміз деп сенемін» [5].

Шындығында да, жер бетінде тарыдай шашырап жүрген қазақтың басын бір біріктір- се, ҽліпби мен тіл біріктірері хақ. Ҿйткені қазіргі күнге дейін дүниежүзі қазақтары үш түрлі графикаға негізделген ҽліпбиді қолданып, соның салдарынан ортақ бір ҽріппен хат- хабар алмасуға, отандық оқулықтар мен ҽдебиеттерді оқуға келгенде тілі күрмелген мүшкіл жанның кейпін киіп келеді.

Шетелдегі қазақтардың Қазақстандағы қазақтармен ортақ ұлттық бірегейлікте болуын қалыптастыру – мемлекеттік деңгейдегі мҽселе. Ол үшін шетелдегі қазақ диаспораларын жан-жақты қолдап, олардың қазақ тілін, қазақ жазуын меңгеруіне атсалысу қажет.

Қазіргі таңда шетелдегі қазақ диаспорасының мҽселелерін шешумен нақты ҽрі толыққанды айналысып отырған мемлекеттік органның жоқтығы – елдігімізге сын.

Мҽселен, шетелдегі қандастар мҽселесімен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Білім жҽне ғылым, Мҽдениет жҽне ақпарат, Еңбек жҽне халықты ҽлеуметтік қорғау министрліктерімен қатар, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Қазақстан халқы Ассаблеясы айналысып келеді. Алайда, осы ұйымдардың ҽрқайсысы отандастар мҽселесін белгілі бір дҽрежеде ғана шеше алады. Егер біз шын мҽнінде шетелдегі қазақтар ісін қолға аламыз деп шешетін болсақ, онда Президенттің тікелей қарамағандығы Шетелдегі қазақтар ісі жҿніндегі мемлекеттік орган құрылуы қажет. Шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирредентеріне қазақ тіліндегі ҽдебиеттер, қазақша фильмдер мен қазақ тілін үйрететін электронды оқулықтар жеткізу жҽне қазақ диаспорасы бар ҽр мемлекетте қазақша білім беретін мектептер ашу ісін де қолға алған абзал. Бұл ретте ескеретін бір жайт, Қазақстаннан жіберілетін оқулықтар мен ҽдебиеттердің сол елдегі қазақтардың қолданатын ҽліпбиіне сҽйкестігіне назар аудару. Ең дұрысы, қазақ жазуын латын ҽліпбиіне кҿшіру. Сонда ғана, жалпы ҽлемдегі қазақ ұлтының ҽлемдік қауымдастықтағы бҽсекеге қабілеттілігі артып, жаһандану үрдісінде жұтылып кетпей, ұлттық бірегейлігі күшті ұлтқа айналарымыз сҿзсіз.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Есали А. Алыстағы ағайынның артында іздер елі бар. Талғат Мамашевпен сұхбат //

Егемен Қазақстан. – 2007. – 28 ақпан. – 5 б.

2. Шетелде тұратын отандастардың ҽлеуметтік-экономикалық жағдайының проблемалары (Франция, Германия, Норвегия, Швеция, Дания). Ҽлеуметтанулық зерттеу.

http://www.sana.gov.kz.

3. Піскентбай Қ. Ҽлем қазақтары үшін ортақ латын ҽліпбиі қажет // Тіл жҽне қоғам. – 2005. – №2. – 118 б.

4. Ғабитханұлы Қ. Шетелдегі қазақтардың термин жасау үрдісі жҽне қазіргі проблемалары // Қазақ терминологиясының ҿзекті мҽселелері: республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Астана: Ланг-Сервис, 2002. – 228 б.

5. Қара Ҽ. Диаспора министрлігі құрылуы керек. // Айқын. – 2011. – 28 мамыр.

(5)

81

Referensi

Dokumen terkait

Өскелең ұрпақтың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, олардың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін

Ендігі тың міндеттер қазақ тілінің қҧрылымы мен мазмҧнын жаңғырту, қазақ тілінің грамматикалық, лексика-фразеологиялық, оның ішінде терминологиялық және ономастикалық ресурстарын