• Tidak ada hasil yang ditemukan

ШЕТТЕРІ СЕРПІМДІЛІ АРҚАЛЫҚҚА ТІРЕЛІНГЕН ТҰТАС ТЕМІРБЕТОН ЖАБЫННЫҢ ТЕРБЕЛІСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ШЕТТЕРІ СЕРПІМДІЛІ АРҚАЛЫҚҚА ТІРЕЛІНГЕН ТҰТАС ТЕМІРБЕТОН ЖАБЫННЫҢ ТЕРБЕЛІСІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ШЕТТЕРІ СЕРПІМДІЛІ АРҚАЛЫҚҚА ТІРЕЛІНГЕН ТҰТАС ТЕМІРБЕТОН ЖАБЫННЫҢ ТЕРБЕЛІСІ

Л.Ә.Әбдірәсілов

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Құрылыс»

кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты e-mail: [email protected]

Аннотация. Қырларымен серпімділі арқалықтарға тірелінген тұтас темірбетон жабынның еркін өшу тербелісінің экспериментальдік осциллограммалары жазылып алынды. Арматурасы құрылыс барысында кернелетін жүйенің қуыстары бетондалған кезіндегі ұяшық плитасының тербеліс жиілігі мен формасының тәжірибелік мәні анықталынды.

Экспериментально получены записи осциллограмм колебания свободного затухания железобетонной сплошной пластинки опертой по контуру на упругие балки. Установлены опытное значение частоты и формы колебания плиты с напрягаемой арматурой в построечных условиях при замоноличенных швах.

Abstrakt. Experimentally obtained disturbance recording vibration of reinforced concrete continuous damping plate supported on a loop on the elastic beam.

Experimental set the frequency and waveform slab tendons in-built conditions when rendered monolithic joints.

Қырларымен серпімділі арқалықтарға тірелінген тұтас темірбетон жабынның еркін ӛшу тербелісінің экспериментальдік осциллограммалары жазылып алынды. Арматурасы құрылыс барысында кернелетін жүйенің қуыстары бетондалған кезіндегі ұяшық плитасының тербеліс жиілігі мен формасының тәжірибелік мәні анықталынды.

Экспериментально получены записи осциллограмм колебания свободного затухания железобетонной сплошной пластинки опертой по контуру на упругие балки. Установлены опытное значение частоты и формы колебания плиты с напрягаемой арматурой в построечных условиях при замоноличенных швах.

Югославиялық IMS жүйесі [1,2] бойынша арматурасы құрылыстың басында кернелетін ғимаратты құрастыру кезеңінің бір сатысында ұстындар ұяшықтарының біріндегі орнатылған тұтас темірбетон жабын шеткі қырларымен “кӛрінбейтін” арқалыққа тірелетін жағдайға душар болады.

Мұндай жағдайда жұмыс істейтін тұтас темірбетон жабынның санақтық схемасын қырлары бойынша серпімділі арқалықа тірелінген шаршы пластинка ретінде қабылдауға болады.

Монтаждаудың бұл сатысында, ғимарат жабындарының арасындағы қуыстарға бетон қоспалары құйылады. Құйылған бетонның беріктігі жобаланған деңгейге жеткен шақта, кернелген ширатпалы арқандар домкраттардан босатылады. Монтаждаудың келесі сатыларындағы

(2)

жүргізілетін құрылыстық жұмыстар (келесі қабаттың ұстындарын монтаждау, ұстындарға уақытша үстелшелерді бекіту, келесі қабаттың плиталарынын монтаждау т.б.с.с.) осы жабынның бетінде атқарылатындықтан, жабын статикалық жүктемемен қоса динамикалық жүктемеге де жұмыс істейді, яғни вертикаль тербеліске ұшырайды.

Арматурасы құрылысты жүргізу барысында кернеуге негізделген жүйе бойынша (IMS жүйесі) тұрғызылатын ғимараттың қабатаралық жабынын құрайтын тұтас темірбетон жабын тербелісінің (үдеуінің және жылжуының) осцилограммаларын жазып алу үшін арнайы динамикалық сынақ жүргізілді.

Тұтас темірбетон жабынның динамикалық сипаттамаларын (тербелістің жиілігі мен периоды,) анықтау мақсатында, горизонталь жазық бойынша ӛлшемдері 4,2 х 4,2 м, ұстындық торлары 2,1 х 2,1 м қос адымды темірбетон жабынның моделі күш еденіне жинастырылды (1-сурет). Динамикалық сынақ модельдің тұтас темірбетон жабыннан құрастырылған бӛлігінде іске асырылды (суреттегі жақын орналасқан ұяшық).

1-сурет. Күштік еденге орнатылған қос адымды темірбетон жабынның моделі

Құрамалы - құймалы тұтас жабынның бірінші ұяшығы ӛлшемдері 2,1 х 2,1 м тұтас жазық бір плитадан құрастырылып, жабынның биіктігі бойынша екі деңгейде орналастырылған Ø15 мм ширатпалы арқандардың әр қайсысы, модель осьтері бойынша ӛзара перпеньдикуляр екі бағытта домкрат арқылы 15 тн күшпен созылды.

Сынақтың ӛткізудің мақсаты - екі бағытта сығылған тұтас темірбетон плитаның шеткі қырлары бойынша серпімділі темірбетон арқалыққа тірелінген кезеңіндегі динамикалық сипаттамаларын анықтауға қажетті еркін ӛшу тербелісінің (жылжу мен үдеу) осциллограммаларын жазып алу үшін және де /3/ жұмыстағы келтірілген теориялық формулалардың пайдалану дәлдігін анықтау болды.

Плитадағы вертикальдік тербелісті туындату үшін салмағы белгілі бір жүкті элементтің бетіне еркін тастауға негізделген ұру әдісін немесе конструкцияға әсер етіп тұрған белгілі бір жүктемені жабынның үстінен лезде алып тастау әдісін қолдану мүмкін болды. Бұл әдістер конструкциялардағы динамикалық тербелісті туындадатын басқа әдістерге қарағанда қолдану жағынан ӛте қарапайым. Алынатын нәтижелердің дәлдігін салыстырмалық жолмен нақтылау үшін жабын екі әдіспен кезек тербетілді.

(3)

Бірінші ұру әдісінде еркін құлатылатын жүк ретінде салмағы 1,85 кг сфералық металл шар пайдалалынды. Соққының салдарынан жабын вертикальдік тербеліске душар болады. Шар құлайтын биіктік жазып алынатын осциллограммалардың түрлеріне (үдеу, жылжу) байланысты ӛргеріп отырды.

Жүктемені лезде алып тастау әдісінде жабынның астынғы бетіне күш еденіне арнайы орнатылған иін (рычаг) арқылы берілетін жүктеме иіннің қарама-қарсы жағын жоғары қарай кӛтеріп жіберу арқылы, лезде алынып отырылды. Бұл әдіс бойынша жабынның қақ ортасындағы нүктесі алдымен жоғарыға қарай кӛтеріледі, одан соң жабынға әсер етіп тұрған бұл жүктеме лезде алып тасталынады да жабын вертикаль тербеліске ұшырайды.

Жазылынып алынуға тиісті осциллограммалардың мәні неғұрлым айқын болуы үшін, тербеліс амплитудасы ең үлкен болады-ау деген аймақ, соққы берілетін және алынып тасталынатын жүктеме әсер ететін нүкте ретінде қабылданды (2-сурет).

а) б)

2-сурет. Шеттері серпімділі арқалыққа тірелінген тұтас темірбетон плитаға берілетін динамикалық сынақ әдістері: а) соққылау әдісі; б) жүктемені лезде алып тастау әдісі.

Жүк құлайтын биіктік; я болмаса лезде алынып тасталынатын жүктеменің мӛлшері, қошымша орнатылған С-54 электрондық осциллограф экранында туындайтын тербеліс амплитудасының құлашына қарай, кӛзбенен нақтыланып отырды.

Жабынның белгіленген нүктелерінің механикалық қозғалысын электрлік сигналдарға айналдыру және оны күшейту үшін 2ПА-20 ӛлшегіш вибраторлары пайдалынылды. Күшейтілген электр сигналдар жарық сәулелі НО44.1 осциллографының кӛмегімен фотоқағазға түсірілді.

Бір мезетте тербеліс үрдісін кез келген бағытта жазып алуға мүмкіндік бар болғанымен, сынақта плита нүктелерінің тек вертикаль бағыттағы тербелістері қарастырылды.

Датчиктерді орналастырарда құрамалы-құймалы тұтас темірбетон жабынның симметриялығы ескеріліп, вибродатчиктердің орналасуының ең соңғы схемасы (3-сурет), тұтас плитаның вертикаль тербелісінің формасын айқын анықталынатындай етіп тағайындалды.

(4)

3-сурет. Вибродатчиктердің орналасу схемасы

Суреттегі кӛрсетілген плита нүктелерінің вертикаль тербелісінің осциллограмалары фотоқағазға екі рет жазылды: бірінші рет - нүктелердің еркін ӛшу тербелісі үдеуінің осциллограммасы жазылды (4а сурет), екінші рет - тербеліс жылжуының осциллограммасы жазылды (4б сурет). .

а)

б)

4-сурет. Шеткі қырлары серіімділі арқалыққа тірелінген тұтас темірбетон жабын тербелісінің фотоқағазға түсірген осциллограммалары: а) удеудің: б) жылжуды

Фотоқағазға жазып алынған осциллограммалар ӛңдеуден ӛткізілгеннен соң, ұяшықтағы орналасқан тұтас жабынның амплитудасы ең үлкен болып саналатын нүктесінің (3-суретегі 1-ші нүкте) ӛшу тербелісі үдеуінің осциллограммасы (5а- сурет), және жылжуының осмциллограммасы (5б- сурет) қағаз бетіне қайта түсірілді.

5-ші-сурет. Қырларымен серпімділі арқалыққа тірелінген тұтас темірбетон жабын тербелісінің осциллограммалары: а) үдеудің; б) жылжудың

Ӛңделінген осциллограммалары бойынша анықталынған тұтас темірбетон жабынның динамикалық сипаттамалалық мәндері келесі кестеге енгізілді.

(5)

1-ші кесте

Жабынның шекаралық жағдайлары

Тебелістің формасы Динамикалық сипаттамалар Тербеліс үдеуі,

Гц Тербеліс периоды, сек

Қырлары серпімділі арқалыққа тірелген

тұтас жабын

43,3 0,0233

Қорытынды:

Жүргізілген динамикалық сынақтың нәтижесі бойынша құрамалы темірбетон плитадан құрастырылатын, ортогональ екі бағытта кернелетін жабын, динамикалық жүктемеге тұтас бір жүйе ретінде жұмыс істейді.

Жабынның негізгі нүтелелерінің тербелгендегі амплитудалары бойынша тұрғызылған жазықтықтың формасы, модель ұяшығының жабыны жалпақ шаршы пластинка ретінде ӛз бетінше бӛлек тербелетіндігін кӛрсетті.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Әбдірәсілов Л.Ә. Құрылыстың индустральді монтаждық жүйесі (IMS жүйесі). Механика моделирование процессов технологии. Тараз: 2003 №2 - с.235-239.

2.Әбдірәсілов Л.Ә. Арзан үй саламын десеңіз... . Республикалық қоғамдық- саяси апталық газет “Евразия”, Шымкент: 2006 – 6 бет.

3.Әбдірәсілов Л.Ә., Мамырқұлов М.Ы., Сүлейменов Ұ.С. Тӛрт бұрышына ғана тірелінген анизотропты тік тӛрт бұрышты пластинканың тербелісі. Проблемы науки, образования и устойчивого социально-экономического развития общества в начале XXI века. труды международной научно-практической конференции. Шымкент: ЮКГУ им. М.Ауезова, 2003 том IV, с. 138-139.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Астана

Referensi

Dokumen terkait

1-кесте – Аувера және Плунгиан ұсынған модальділік түрлерінің жіктемесі Мүмкіндік Бейэпистемологиялық мүмкіндік Эпистемологиялық мүмкіндік сенімсіздік Ішкі мүмкіндік динамикалық,

Нурсеитов Решение обратной задачи для уравнения теплопроводности методом итераций Ландвебера .... Асқарова Параметрлік теңдеулерді, теңсіздіктерді шешуде туындыны қолдану