• Tidak ada hasil yang ditemukan

Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс беруі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс беруі"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс беруі

Қожахметова Г.А.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан) Перемещение слов между языками в процессе коммуникации, приобретение ими новых понятии и обозночении является закономерным явлением. В казахском языке, наряду с русскими заимствованиями, наблюдается активное проникновение английских слов. Они могут наблюдаться в различных сферах деятельности общества. Изменения, происходящие в последнее время в общественно-политической, экономической и других сферах, а также вступление Казахстана в мировую общественно-политическую арену взаимоотношений вызвали изменения и в нашем языке.

The role of mass communication is increasing. Influence of borrowings is important in language development. As the result of communication, words are borrowed from one language into another. It’s natural that borrowings bring new notions to the language. It is connected with the history of the language. The use borrowings, especially English borrowings in mass media are connected with the development in social, political and economical sphere of our country.

Қоғамдағы барлық салада тілдің бұқаралық қарым-қатынас аясындағы қызметі артуда.

Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сӛйлеу, тыңдау, түсіну, айту және т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты. Сондықтан тілдік қатынасқа байланысты айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін айқындау; сол сияқты, қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын белгілеу қазіргі кезде ӛзекті мәселелер қатарына жатады.

«Жаңа номинациялық атаулар, жаңа қолданыстардың пайда болуында газет атаулының қызметі ерекше, ӛйткені газет арқылы кӛптеген сӛздер жүйеге түсіп, нормаланады, кейбірі терминденеді, сонымен қатар бейтерминденудің айқын белгілерін байқауға болады» [1, 176]

Бүгінгі таңда жиі кездесіп жүрген ӛзге тілден ауысып келген сӛздер сол тілде сӛйлеушілерге әр түрлі әсер беруі мүмкін. Әрине, арнайы бір салада ақпаратты нақты, дәл беру үшін шетелдік терминологиялық лексиканың маңызы зор. Сол сияқты, сӛздердің бір тілден екінші тілге ауысуы жаңа құбылыстарды атаумен байланысты болуы да заңды нәрсе. Қазақстанның алғашқы басылымдарында кейбір тілдік бірліктердің, терминдердің тілімізде ұғымы жоқтығынан ӛзге тілдік айтылу формасы мен жеткізілу мазмұны сол күйінде сақталып берілетін кездері жиі кездеседі. Мысалы, «Қазақ» газетіндегі: Переселен законы шықбай тұрғанда қазақ жерінде мұжық қаласы жоқ ба еді? [«Қазақ», 1913, №34] Бұл мысалда мәтіннің түпнұсқасын сол күйінше беру принципі басшылыққа алынғандығы байқалады әрі функционалдық қызметі қосалқы ешқандай элемент жоқ; мақсат – түпнұсқаның мазмұнын дәл, айқын, анық жеткізу дейді Б.Момынова [1, 179].

Бұқара-әлеумет пен газет арасындағы тығыз байланыстың болуы оның тіліне үнемі ықпал етіп отырады. Сондықтан да алғашқы газеттер, 1920-50 жылдардағы басылымдар тіліне тән кейбір тілдік тәсілдер бүгінгі таңда, оқырман деңгейінің жоғарылауына сәйкес, қолданыла бермейді.

Қазіргі кезде шет тілдік сӛздер ғылыми стиль ғана емес, публицистика, радио, теледидар, интернет арқылы аудармалар жасау жолымен де енуде. Алғашқы қазақ басылымдарында әскери терминдер, қару-жарақ атауларын сол күйінде орыс тілінде берілуі оларға баламаның ұғымды дәл бере алмауынан туындады. Сонымен қатар басылымдар бұрын болмаған атауларды беруде жаңа номинациялық атаулар ретінде калька тәсілін қолданды.

Әлеуметтік ортаның газет тіліне әсері нәтижесінде газет типтері пайда болады. Алғашқы қазақ газеттері универсалды басылымдар болды, ӛйткені олардың бетінде қазақ қауымы үшін ӛзекті деген проблемалардың бәрі де кӛтеріліп отырды. Қазіргі таңда сол алғашқы басылымдардың атқарған қызметін ондаған салалық, сан түрлі деңгейлік газеттер жеке-жеке атқарады. Олардың әрқайсысының лексикасында айырмашылықтар байқалып отырады, әсіресе, салалық және оқырмандардың жас мӛлшері ескерілетін басылымдар тіліне бұл айырмашылықтар анығырақ кӛрінеді дейді [1, 211].

Қазіргі кезде тілімізге орыс тілімен қатар заман талабына сай ағылшын тілінен тікелей еніп жатқан сӛздер күннен күнге кӛбеюде.

Крысин ӛз еңбектерінде арнайы шет тілдік терминологияның әр түрлі салада қолданылуын кірме неологизмдердің пайда болуына байланысты олардың белсенді қолданылу процесі туралы айтады [2, 142].

Кӛптеген лингвисттер қазіргі кезеңдегі тілдік дамудағы құбылыстың бірі термин сӛздердің жалпы қолданыстағы сӛздерге айналуы дейді. Мысалы компьютерлік терминдер оны

(2)

қолданушылар күн сайын кӛбейгендіктен барлық жерде қолданылады, яғни оның қолданылу аясы да кеңейеді. Ағылшын тілінің дүние жүзінде таралуы, ғылым, ӛнер, техниканың халықаралық сипат алуы кӛптеген сӛздердің осы тілден келуіне себеп болады.

Тілдің даму барысына біздің тілімізге әр түрлі жақтан құйылған шетелдік сӛздердің әсері кӛп. Соңғы кездерде біздің тілімізде шет тілдік сӛздердің, соның ішінде ағылшын тілінен енген кӛбеюі еліміздің саяси ӛмірі, экономикасы, мәдениеті және қоғамның ӛркениеті бағыты саласындағы ӛзгерістермен байланысты. Бұл бұрын қалыптасқан сӛз құралдарымен қатар жаңа әдістерді, сӛз бет алысының ерекше үлгісін қажет етеді. Шет тілдік сӛздердің кең таралуы қоғамның барлық салаларын қамтиды. Соның ішінде, әсіресе, қоғамдық-саяси лексика – үнемі жаңарып, ӛзгеріп отыратын лексика. Саяси салада кездесетін (президент, парламент, инаугурация, спикер, фракция, импичмент, департамент, консенсус т.б.), экономика саласында (инвестор, дефолт, брокер, дилер, холдинг, ипотека, банкомат және т.б.), ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы салаларында (компьютер, принтер, файл, драйвер, модем, мониторинг, плейер, пейджер, грант), мәдениет саласындағы (бестселлер, шоу, триллер, хит, шоу-мен т.б.) сӛздер басылым беттерінде жалпы қолданыстағы қалыпты сӛздерге айналуда. Мұның себептерін біз қоғамның барлық салаларында болып жатқан жаңалықтармен байланыстырамыз. Ал бұқаралық ақпарат құралдары оқырмандар мен тыңдаушыларды болып жатқан соңғы оқиғалармен, әр түрлі саладағы жетістіктермен таныстырып отыруды кӛздейді. Қоғамдық-саяси лексиканың кезеңдік сипаты газет тілін кезеңдерге бӛлуге әкеледі. Мысалы, «инаугурация» сӛзі еліміздің президентін сайлаумен байланысты келген болса, «хай тек» қоғамның компьютерлендірілуімен, «роуминг» байланыстың жаңа түрлерінің қажеттілігінен туындаған, ӛзіміз күнде қолданып жүрген ұялы телефондарға байланысты ақпарат құралдарында жиі қолданысқа енді.

Ӛзге тілден ауысып келген сӛздер кӛбінесе ағылшын тілінде болғанмен, басқа тілдерден де енген сӛздер жетерлік. Мысалы, итальян тілінен (папрацци), жапон және қытай тілдерінен (фэн- шуй, суши, караоке) енген сӛздер.

Жаңаша атаулар басылымдарда алғаш қолданысқа енгенде аналитикалық тәсіл арқылы түсіндіріледі. Біраз уақыт ӛткен соң бұл атаулар жиі қолданылғандықтан түсініктемелерсіз беріледі.

Басқа тілдер тәрізді қазақ тілінің де құрамы бұрыннан ӛзге тілден енген сӛздер арқылы толығып, дамып отырады. Елімізде соңғы жылдары жүріп жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да салалардағы ӛзгерістер тілімізге де ӛзгерістердің, соның ішінде кірме сӛздердің пайда болуы арқылы толығуына әкелді. Тілімізге шет тілдік сӛздердің қарқынмен енуі кірме сӛздерді зерттеуді ӛзекті мәселеге айналдырады. Сӛздердің бір тілден екінші тілге енуіне экстралингвистикалық факторлар әсер етеді. Бұл факторлар: мемлекетаралық қатынастың кеңеюі, елдің қоғамдық-саяси ӛміріндегі ӛзгерістер, әлемдік экономикалық кеңістікте глобализация және интеграция процесінің ӛсіп, кӛптеген ұғымдар мен терминдердің халықаралық сипат алуы.

Бұқаралық коммуникация құралдары қоғамның барлық саласын қамтиды және күнделікті ӛмірде теледидар, радио, баспа беттерінен, кӛркем және ғылыми-кӛпшілік әдебиетте кеңінен қолданылатын біздің тілімізге енген шет тілдік лексиканың актуалдануы оның белсенді қолданылуынан кӛрінеді.

Әдебиет

1. Момынова Б. Газет лексикасы. – Алматы: Арыс, 1999.

2. Крысин Л.П. Иноязычное слово в контексте современной общественной жизни. Русский язык конца XX столетия (1985-1996).- М., 1996. -142-161 б.

3. Крысин Л.П. Иноязычные слова в современном русском языке. - Москва: Наука, 1968. -188 б.

Referensi

Dokumen terkait

Білім берудегі Инновация-бұл өзекті проблемалық жағдайды шешуге арналған инновация оқу процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыру немесе материалды игерудің

Сондықтан білім берудің талаптарының бірі – оқу үдерісіне жаңа технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу десек, осы арқылы білім алушының шығармашылық құзіретін дамы- ту,