• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы

Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ»

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Қопабаева Г.Қ

№10 мектеп-гимназия. Астана қаласы.

[email protected]

Бүгінгі таңда жаппай экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданып жатыр. Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтану, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек.

Қазақстандағы экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды.

Экологиялық қауіпсіздік – мемлекет аймақтарының стратегиялық міндеттерінің бірі, ерекше атап айтқанда, халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігін көрсетеді.

Сондықтан Қазақстандағы экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдылықтарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Экологиялық Білім беру төмендегідей адам іс-әрекеттерінің дамуына негізделген:

- табиғи ресурстарды үнемдеу;

- қоршаған ортаның ластануын тоқтату;

- табиғи экожүйені сақтау;

- қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру;

Экологиялық білім беру ерекше қалыптасқан жүйе, болашақ ұрпақтың мүддесі мен қажеттілігін және алғышарттарын сақтау, жер жүзіндегі адам өмірінің жоғары бағалануы, ақпараттық-экологиялық қоғамның жүзеге асырылуы.

Экологиялық білім дегеніміз – үздіксіз оқу үрдісі және ғылыми- тәжірбиелік білім мен іскерлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар ол тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуінің, экологиялық өмір салтын қалыптастырудың, тұрақты табиғатты пайдалану мен тұтынудың, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі мен тәртібінің құндылық бағдарлары болып табылады.

Экологиялық білім жүйесі ұйымдық формалардың іс-әрекетін үйлестіретін үздіксіз экологиялық білім жиынтығының міндеті мен мақсатын жүзеге асыру үшін керек. Олар – экологиялық білім инфрақұрылымы,

(2)

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы

Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ»

басқарудың нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік және экономикалық реттеу.

Экологиялық білім стратегиясы – экологиялық білім аймағындағы мемлекеттік саясат негізін құрайтын, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтайтын экологиялық мәдениетті қалыптастыру, яғни «адам- табиғат», «қоғам-табиғат» қарым-қатынас саласындағы қоғамдық ой-сана ғана емес, оның терең қажеттілігінің өзгерісін түсінетін ұстанымдар, мақсаттар, ойлар басымдығының жүйесі.

Экологиялық мәдениет – әрбір адамның және елдің экологиялық қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыру, қоршаған табиғи орта мен адам қызметі қарым- қатынасының ежелден келе жатқан тәжірбиесі.

Еліміздің білім беру жүйесінің құрылымына сәйкес қабылданған экологиялық білімінің бірнеше сатысы бар:

Бірінші- мектепке дейінгі мекемелерде және отбасындағы тәрбие;

Екінші- бастауыш, жалпы орта мектеп және орта кәсіби оқу орындарында білім беру;

Үшінші- жоғарғы оқу орындарынан білім алу;

Мектептегі экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің жеке пәндерде біріктірілген мазмұны болуының мүмкіндігі оны әрбір пәннің өз тұрғысынан қарастырылуын, зерттеуін қажет етеді.

Экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары

Білім беру үрдісінде Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу

үрдісінде 1.Қазақ тілі мен әдебиеті

2. Орыс тілі мен әдебиеті 3. География

4.Химия 5.Биология 6.Тарих 7.Технология 8. Музыка

1.Конференциялар, кештер, кездесулер

2.Экскурсиялар, жорықтар, экологиялық соқпақтар 3.Мерекелер, табиғат

ескерткіштерін қорғау, табиғатты қорғауға арналған іс-шаралар

(3)

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы

Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ»

Оқушылардың экологиялық тәрбиесін бағалауда іс-тәжірбиеде қолданылып жүрген мынадай мотивтерді жіктеп көрсетуге болады:

1. Азаматтық-патриоттық мотив-табиғат байлығын байыта түсуге ынталануы, табиғатты қорғауды қоғам алдындағы борышы деп ұғынуы.

2. Эстетикалық мотив – табиғат сұлулығын ұғынып, ол арқылы рухани күш алуы.

3. Гуманитарлық мотив – оқушылардың іс-әрекеттері мен қылықтарында барлық тіршілікті қорғауға ынталануы, жақсылық жасау, жамандыққа күйіну сезімінің көрінісі.

4. Ғылыми-танымдық мотив – табиғатты тану, адамның табиғатқа әсерінің салдары мен табиғат заңдылықтарын білуге ұмтылу.

5. Экономикалық-практикалық мотив – табиғи ресурстары адамның тұрмыс-тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.

6. Гигиеналық мотив – табиғаттың адам денсаулығына пайдасын ұғыну зиян келтірмеуге тырысу.

«Табиғаттың өмірі үздіксіз даму»- деді Герцен. Бұл пікірді қоғам өміріне қолдана отырып, әлеуметтік өмірдің үздіксіз даму идеясын В.Г.Белинский барынша қорғады: «Адамзаттың дамуында шек жоқ... адамзат тоқта, жетті, енді одан әрі баратын жер жоқ деп ешқашан айтпайды»,- деді ол.

Осы айтылған ой-пікірлерді қорытындылай келе, мына тұжырымды келтірілген орынды болар: бүгінде, адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділіктегі жеке тұлғаны дамытудағы міндеттерді шешу үшін қоғам мен жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке, экологиялық және экономикалық саналыққа ғылыми дүние таным негізінде тәрбиелеу керек.

Әдебиеттер:

1. Ишмұхамедова Н.Б. Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың әдістемесі. Алматы: «Ғалым», 2006

2. Мамбетқазиев Е, Сабанбаев Қ. Табиғат қорғау. Алматы: «Қайнар», 1990

Гуманитарлық

Оқушылардың экологиялық тәрбиесін

бағалаудағы мотивтер Азаматтық-

патриоттық

Эстетикалық

Ғылыми- танымдық

Гигиеналық Экономикалық- практикалық

(4)

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы

Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ»

3. Республикалық әдістемелік журнал. География, Биология, География орта мектепте»№4 -2008 5- бет; №1-2009 31- бет; №5 -2009 34 –бет.

4. Қазақстан географиясы және экология мектепте және ЖОО-да оқыту.№2-2010. 19- бет.

Referensi

Dokumen terkait

Респонденттердің қоршаған ортаның ластануына деген көзқарастары -50 0 50 100 150 Визуалды ластану экологиялық эстетика экологиялық мәселелерлдің шешімін табу Болашақтағы экологиялық

Міндетті экологиялық аудит өзінің сипаты бойынша Мемлекеттік болып табылады және әдетте, экологиялық қауіпті кәсіпорындар мен қызмет түрлеріне қатысты міндетті түрде жүргізіледі: 1Егер