Н.С. ДОСМАҒАНБЕТОВ, Ә.С. БАҚТЫМБЕТ
ЭКОНОМИКАНЫ КЛАСТЕРЛЕНДІРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ӨНДІРІСІНІҢ
ТИІМДІЛІГІ
Құрылыс материалдары ӛндірісінің тиімділігін арттырудың қажеттілігі бірқатар себептермен шартталады, олардың ең бастысы – ӛзіндік құнның жоғары деңгейіне байланысты ӛнімнің бәсекелік қабілеттілігінің тӛмендігі.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың резервтерін іздеу шығарылатын ӛнімнің сапасын арттыруды және кӛлемін ұлғайтуды, тауарлық ассортиментті жаңартуды және кеңейтуді, ӛндірістің технологиясын жетілдіруді және дамытуды қамтамасыз етеді.
Қазақстанның қаржы жүйесінде орын алған жағымсыз үрдістер, тӛлемсіздік дағдарысының тереңдеуі мемлекеттің, меншіктің барлық формаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық белсенділігінің тӛмендеуіне алып келді.
Осындай жағдайларда құрылыс индустриясының дамуы кӛбінесе кәсіпорындардың ӛзгергіш экономикалық жағдаятқа бейімделу қабілеттілігімен, ӛздерінің ішкі резевтерін толық іске асыра алу мүмкіндіктерімен анықталды. Құрылыс кешені күрделі кӛп деңгейлі жүйе ретінде, ӛзара байланысқан жүйеішілік жүйеден құралып, барлық кешеннің дамуында кӛрініс табатын әрекет етудің оңтайлы тәртібін таңдауда белгілі бір тәуелсіздікке ие болып табылады.
Құрылыс материалдарының ӛндірісі материалдық ӛндіріс сферасының аса маңызды салаларының бірі болып табылады, ӛйткені оның даму деңгейі соңғы құрылыстың жалпы алғандағы даму қарқынын анықтайды.
Саланың басты проблемасы болып ӛнімнің ӛзіндік құнының тым жоғары болуы табылады, бұл ӛндіру мен ӛткізу кӛлемдерінің тӛмендеуіне алып келеді және кәсіпорын қызметі тиімділігінің тӛменгі деңгейін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты кластериза- ция жағдайында құрылыс материалдары ӛндірісінің тиімділігін арттыру бойынша резервтерді зерттеудің қажеттілігі туындайды.
Кластерлік бірігулердің қазақстандық қоғамның ӛміріне бейім- делу механизмдерін зерттей келе, ҚР-ң инновациялық жүйесі
жаһанданудың талаптарына бейімделуі кезінде дәстүрлі инновация- лық үрдістің («технологиялық секірісті» қажет ететін) жүйелік интеграцияға және осы үрдістің қатысушыларының желілік ӛзара әрекеттесуіне негізделген инновациялық дамудың жаңа, қазіргі заманғы моделіне ауысуын ескеруі қажет екенін айтып ӛткеніміз жӛн.
Алайда бұл жерде «технологиялық секірістерді» болдырмай- тын, тіпті Қазақстандағы инновациялық үрдістерге жағымсыз түрде әсер ететін бірқатар шоктік (сілкініс) факторлардың орын алатындығымен келіспесе болмайды.
Мысалы, инновациялық ӛнімге деген сұраныстың тарапынан болған сілкініс, ең алдымен, ғылыми-техникалық жасалымдарға мемлекеттік тапсырыстардың қысқаруымен орын алса, онда қосыл- ған құнының үлесі аса жоғары отандық ӛнімге деген ӛнеркәсіптік және тұтынушылық сұраныстың қысқаруына алып келеді.
Ұсыныс тарапынан болған сілкініс мемлекеттің ғылымды мүлдем қаржыландырмауынан, жаңа енгізілімдер мен несие ресурстарының жоқтығынан, салықтық және кедендік саясаттың жетілдірілмеуінен туындайды десек, онда бұл отандық ғылыми- зерттеушілік және академиялық мекемелерге ӛндіріске жаңа инновациялық жасалымдарды ұсынуына мүмкіндік берер емес еді.
Бәсекелестер тарапынан болған сілкініс бастапқыда ӛзінің арзандығымен және сапасының тӛмендігімен кӛзге түсіп, кейіннен кӛптеген отандық тауар ӛндірушілердің банкротқа ұшырауына алып келетін шетелдік тауарлар үшін ішкі нарықты орынсыз және күтпеген жерден ашып жіберудің салдарынан орын алады.
Дегенменде, жоғарыда атап ӛткеніміздей, кәсіпорындарды біріктірудің кластерлік модельдерін енгізу кәсіпкерлік құрылымдар-дың іскерлік белсенділігінің артуына және отандық экономиканың дамуына әсер ететін жоғарыда кӛрсетілген жағымсыз факторлар-дың алдын алуға мүмкіндік береді.
Кластерлердің құрылуын экономиканың даму жолындағы оң қадам ретінде қарастырсақ, сондай-ақ, осы үрдістерге әртүрлі оң және теріс факторлардың әсер етуін есепке ала отырып, кластерлік модельдердің қазақстандық қоғамның шын ӛміріне біртіндеп бейімделіп келе жатқандығын байқауға болады, және ең алдымен, бұл келесі механизмдер арқылы орын алады:
- азаматтық қоғамның дамуы қоғам мүшелерінің ӛмір сүру деңгейін жақсартатын мемлекеттік, жеке және қоғамдық құндылық-
тарды жасау арқылы; азаматтардың әлеуметтік, экономикалық және саяси мүдделерін үндестіруге кӛңіл бӛлу арқылы; қоғам мүшелері- нің білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау деңгейлерін жақсарту арқылы жүзеге асырылады;
- азаматтардың менталитетін ӛзгерту;
- кластерлік экономиканың дамуы дамудың сәйкес әлеуетті мүмкіндіктері бар басым бағыттарды іздеу арқылы; еңбек, қаржы және материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы;
кәсіпкерлік құрылымдардың территориялық орналасу артықшы- лықтарын қолдану арқылы болуы мүмкін;
- экономикалық және ақпараттық желілердің дамуы территориялық және салалық бағыттар бойынша желіге кластерлік экономикалық құрылымдарды біріктіру арқылы; билік органдары- ның, бизнес-құрылымдар мен мекемелердің, ассоциациялардың, нарықтық инфрақұрылымның арасында пайдалы ақпаратпен алмасудан ынтымақтастық жасаудың артықшылықтары арқылы орын алуы мүмкін;
- білім мен ғылымның дамуы ӛнеркәсіптік секторлардың барлық қатысушыларының, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың білім деңгейлерін кӛтеру арқылы; кәсіпкерлік құрылымдардың нарықтық мүмкіндіктерін зерттеу, ӛнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру жолдарын зерттеу, консультациялық желілерді құру, басқарудың жаңа технологияларын енгізу, инжинирингті енгізу, жұмыстар мен ӛндірісті ұйымдастыру арқылы; ғылымды дамыту, «ноу-хауды»
іздеу, ӛндірістің жаңа технологияларын енгізу, дизайнды енгізу, ӛндірушіден тұтынушыға ӛнімді жылжытуды тездету арқылы орын алады;
- отандық тауар ӛндірушілерді қолдау, шетел инвестицияларын тарту мақсатында отандық ӛндірушілердің басымдықты жобаларын несиелеу, сонымен қатар, оны отандық ӛнімдегі қосылған құнды арттыруға бағыттау, ел территориясында басым ӛндірістерді дамыту бойынша іс-шараларды лоббилеу ӛте маңызды болып табылады.
Кластерлердің дамуы жаһандану дәуіріндегі экономикалық белсенділік кластерлік экономиканың әлемдік даму үрдісі үшін аса маңызды болып келе жатқандығын дәлелдейді.
Сондықтанда әрбір жеке алынған елдің белгілі бір территориясының даму жетістігі ел экономикасын ең биік
шыңдарға алып шыға алатын және ұлттық әл-ауқаттылықтың ӛсуін қамтамасыз ете алатын ӛсудің сол бір нүктелерін табу (ерекше тауарларды, қызметтерді, кен орындарын, «ноу-хауларды», салалық және территориялық артықшылықтарды табу) арқылы болуы мүмкін.
Экономикалық қызмет тәжірибесінде ӛсудің нүктесі дәстүрлі географиялық кеңістікте ӛте анық кӛрінеді және әдетте ӛнеркәсіп салаларында орын алады. Бұл кәсіпкерлік құрылымдардың кластерлік модельдерін жасаудың негізгі ұстанымы, демек ӛнеркәсіп салалары басқа салалардың, соның ішінде қызмет кӛрсету саласының дамуына ӛте қатты әсер етеді [1].
Экономикада кластерлік модельдердің қалыптасуы екі жүйенің арасында орын алады: құрылушы және қызмет етуші (Сурет 1).
Ӛсу нүктелері
Сурет 1 Кластердің тиімді қызмет етуінің моделі
КЛАСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУШІ ЖҮЙЕСІ КЛАСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛУШЫ ЖҮЙЕСІ
КЛАСТЕР мамандандыру
синергия
ынтымақтастық
шоғырландыру
коммуни- кация
бәсекелестік
Құрылушы жүйе мыналарды ӛзіне қосады: шоғырландыру, коммуникация және бәсекелестік, ал кластерлерді құру нәтижесінде сапалы ӛзгерістерге мүмкіндік беретін қызмет етуші жүйе мыналардан құралады: мамандандыру, ынтымақтастық және синергия.
Құрылушы жүйенің элементтері жекелеген әкімшіліктік- территориялық бірліктерде кластерлер типіндегі жаңа құрылулар- дың пайда болуына объективті түрде алып келетін жаһанданудың қосымша шарттары болып табылады.
Шоғырландыру, ӛндіріс құралдарын, жұмыскерлерді, ғылыми зерттеулерді, ақпараттық жүйелерді белгілі бір территорияларда немесе кәсіпорындарда жұмылдыру үрдісі ретінде салалардың кӛшбасшылық жайғасымдарын қамтамасыз ету үшін жоғарыда аталған факторлардың күшін кӛбейтуге және ӛсудің болашақ полюстеріне алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.
Коммуникациялар кластерлік бірлестіктердің тұрақты қатысушылары арасында ақпаратпен үздіксіз алмасу үрдісінің болуын қалайды.
Кластерлік бірлестіктердің қатынастары мен құрылымдары- ның ерекшеліктеріне байланысты тәжірибеде коммуникацияның әртүрлі типтері қолданылуы мүмкін: тік коммуникация — бұл жерде ақпарат ағындары басқару жүйесінің тӛменгі және жоғары деңгейлері арасында жүріп отырады, кӛлденең коммуникация — бұл жерде ақпаратпен алмасу кәсіпорындардың иерархиялық деңгейлері бойынша бірдей бӛлімшелері мен қызметтері арасында, кластерлік бірлестіктердің қатысушылары арасында орын алып отырады.
Бұл жүйеде ӛнімді ӛндіру мен сатудың аса қолайлы жағдайла- ры үшін, әсіресе экономикалық қызмет нәтижесінен максималды пайда табу жолында кәсіпкерлік құрылымдардың (ӛнім ӛндіруші- лердің), соның ішінде делдалдардың экономикалық таластары мен күрес жүргізуі ретінде бәсекелестік факторы ӛте маңызды орын алады.
Кластерлердегі бәсекелестік, бір жағынан, кластердің қатысу- шылары арасында сәйкес ӛнімнің нарығын бӛлісу жағдайлары кезінде бизнестің даму жетістіктеріне мүдделі кәсіпорындарды бір саланың шеңберіне біріктіруіне мүмкіндік береді. Бұл ӛндірістің бір саласындағы тауар ӛндірушілердің арасында шығындарды, бағаларды тӛмендету, ӛнімнің сапасын жақсарту, ӛнімді ӛткізу
нарықтарын кеңейту үшін күрес тудыратын сала ішілік бәсекенің дамуына мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, кластер қатысушыларының аса тӛмен шығындармен ӛндіретін ӛнімінің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, бәсекелестік кластерлік бірлестіктердің және тұтастай нарықтың ӛзін сыртқы нарықтарда бәсекелік қабілеттіліктерін арттыруға оң әсерін тигізеді.
Қызмет етуші жүйенің элементтері құрылушы жүйенің элементтерінен туындайтын факторлар болып табылады, бұлар экономикада кластерлік модельдердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қабілетті.
Кластерлер шеңберіндегі мамандандыру кәсіпорынды немесе оның бір бӛлімшесін жеке бір ӛнімді немесе оның бір бӛлігін шығаруға бӛліп алу үрдісі жүріп отыратын ӛндірісті ұйымдастыру- дың бір формасының классикалық нұсқасы ретінде қарастырылады.
Ол шоғырландыру сияқты, сәйкестендіру, жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру арқылы шығарылатын ӛнімнің сапасын кӛтеруге алып келеді.
Кластерлердегі ынтымақтастық бәсекелік күрес үрдісінде және қосымша пайда алуда үлкен жоғалтулардан сақтану мақсатын-да жекелеген кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың (олардың экономикалық мүдделері біртіндеп сәйкес келгенде) бірлескен іс-әрекеттері үшін күш біріктіруді қалайды. Дегенмен, әртүрлі салалардағы әртүрлі кластерлік модельдер ынтымақтастық- тың әртүрлі түрлерін қолдануы мүмкін:
- стратегиялық ынтымақтастық – іс-әрекетті инвестицияның аса маңызды бағыттарында, инновациялық және ғылыми саясатта үйлестіру;
- ӛндірістің алдындағы ынтымақтастық – маркетингтік зерттеулерді, құрастырма жұмыстарының күрделі зерттеулерін бірлесе орындау, ресурстар кӛздерін, ӛткізу нарықтарын іздеу;
- ӛндірістік ынтымақтастық – материалдарды, шикізаттарды, жинақтамаларды бірігіп жеткізу, күрделі ӛнімді ӛндіруге қатысу.
Кластерлік құрылымдардағы күштерді біріктіру, сондай-ақ мамандандыру мен ынтымақтастықтың нәтижелері жаңаша ӛнімді күштің немесе дамудың жаңа сапалы кӛздерінің – синергияның пайда болуына, жекелеген бӛліктерді, элементтерді, факторларды жүйелік тиімділіктің есебінен біртұтас жүйеге біріктіру нәтижесін- де іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға алып келеді.
Қазіргі заманғы техника, заманауи технологиялар жекелеген тұрғыдан аса жетілдірілген болса да, олар экономикалық игіліктердің едәуір бӛлігін ӛндіре алмайды, тек олардың бірігуі бірнеше есе ӛнімділік беретін жаңа ӛнімді күшті туындатуға қабілетті болып табылады.
Міне осы, жекелеген аймақтарда немесе жекелеген территорияларда ӛсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру ретінде экономикада кластерлік модельдерді қолдануда жетістіктерге жетудің кілті болып саналады.
Сонымен қатар, екі жүйенің арасында біріктіруші үрдістердің аса маңызды байланыстырушы элементтері болып үйлестіру мен кооперация табылады.
Үйлестіру басқарудың құрамдас элементі ретінде жүйенің әртүрлі бӛліктерінің қызметтерін келістіру үшін кластерлік модель- дерде қолданылады. Үйлестірудің негізінде ӛндірістік және басқарушылық қызметтерді орындаудың логикасы орналасқан.
Ӛндіріс жүйесіндегі үйлестіру кластердің ішіндегі және оның сыртында-ғы материалдық ағындарды ӛңдеудің ӛзара байланысқан жоспарларын әзірлеуді болжайды, ал басқару жүйесіндегі үйлестіру орындаушылардың, бӛлімшелердің немесе тұтас кәсіпорындардың әрекеттерін келістіруді қалайды.
Кооперация кластерлік модельдердің микромоделі ретінде қолданылуы мүмкін, себебі ол шаруашылық қызметтің әртүрлі салаларында жалпы мақсаттарға жету үшін меншік пен еңбекті ерікті түрде біріктіруді сипаттайды.
Меншік субъектілерінің (ұсақ тауар ӛндірушілердің, жұмыскерлердің, қызметкерлердің, тұтынушылардың және т.б.) және меншік объектілерінің (ақшаның, еңбек және ӛндіріс құралдарының, соның ішінде жердің) бірігуі, сондай-ақ, интеллек- туалдық меншік түрлерінің (патенттердің, лицензиялардың, ноу- хаулардың), ақпараттық ресурстардың бірігуі тиімді кластерлік құрылым-дардың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Осыған орай, әртүрлі ғалымдар мен практиктер кәсіпорындар- дың тиімді экономикалық құрылымдарға бірігуінің кластерлік модельдерін әртүрлі кӛзқарас тұрғысынан қарастыра отырып, мынадай ойға келеді, яғни, бұл модельдер ӛндірісті дұрыс шоғыр- ландыру, оның мамандандырылуы, коммуникацияның, үйлестіру- дің, кооперацияның және ынтымақтастықтың қазіргі заманғы жетістіктерін пайдалану кезінде әрбір нақты аймақтың, оған
бәсекелік күресте ӛмір сүре алуын және жеңіске етуін қаматамасыз ете отырып, ӛсу нүктелерін табуға кӛмектесудің импульстеріне айнала алады деген тұжырымға келеді.
Осы тәрізді, әртүрлі елдерде кластерлерді қалыптастыруға және қолдауға деген қызығушылық (және үкіметтік саясатты белсендіру) күннен күнге артып келеді.
Осының бәрі әлемде болсын, Қазақстанда да кластерлік бірлестіктердің санын арттырудан күтілетін нәтижені жылдамдата- ды, ал соңында экономика-лық ӛсуге оң әсерін тигізеді.
Кластеризация жағдайында «құрылыс материалдары» ӛндірісі- нің тиімді-лігін кӛтерудің аса маңызды факторлары болып мыналар саналады:
- ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату, ӛндірістің, ӛндірілетін және игерілетін ӛнімнің техникалық деңгейін (оның сапасын кӛтеру) арттыру, инновациялық саясат;
- экономиканы құрылымдық қайта құру, ғылымды кӛп қажет ететін, жоғары технологиялық салаларды тез қарқынмен дамыту;
- ӛндірістің әртараптандырылуын дамытуды, мамандандыры- луын, үйлестірілуін, кооперациялануын, құрамдастырылуын және территориялық ұйымдастырылуын жетілдіру, кәсіпорындарда және бірлестіктерде ӛндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру;
- мемлекеттік реттеуді, шаруашылық есепті және еңбекке деген мотивация жүйелерін жетілдіру;
- жұмыскерлердің жалпы және кәсіби білім деңгейлерін кӛтеру, еңбек жағдайларын және қауіпсіздік техникасын жақсарту, ӛндірістің мәдениетін арттыру.
Сызба түрінде тиімділікті кӛтерудің барлық негізгі жолдарын кӛрсетейік [2]:
Сызба 1 Ӛндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
Әлемдік тәжірибеде кластерлердің даму тиімділігін бағалау- дың жалпы қабылданған ӛлшемдері жоқ. М. Портердің бағытына негізделген, бағалаудың «әмбебап» әдістемелері (кластерлік баста- малар ӛнімділігінің моделі, кластердің бәсекелік қабілеттілігі туралы есеп) бар.
Алайда, бұл әдістемелер кластердің барлық қатысушылары үшін белгілі бір кластерлік бастаманың тиімділігі туралы сұраққа
Жұмыс уақытын
үнемдеу
ҒТП-нің жетістіктері
Адам факторын жандандыру
Басқару жүйелерін
жақсарту
Еңбек сиымдылығын
тӛмендету
Прогрессивті технологияларды
кеңінен игеру
Басқаруды демократизация-
лау және орталықсыздан-
дыру
Кәсіпорындарды жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
Еңбек заттарын үнемдеу
Ӛндірісті автоматтандыру
және механизациялау
Жауапкершілікті және бастаманы
арттыру
Мемлекеттік реттеуді жетілдіру
Ӛндірістің техникалық деңгейін арттыру
Материалдар- дың жаңа түрлерін жасау
және қолдану
Жұмыскерлер- дің кәсіби
біліктілік деңгейін кӛтеру
Шаруашылық есепті жетілдіру
Материалдық ынталандыру жүйесін енгізу
Ӛнімнің сапасын жақсарту
Еңбек жағдайларын
жақсарту
Еңбекке деген мотивация жүйелерін жетілдіру
жауап бере алмайды. Десек те, бізге «Құрылыс материалдары»
кластерінің табыстылығы туралы жалпы сипаттама бере алатын жанама параметрлердің жиынын ұсынуға мүмкіндік туып отыр (кесте 1).
Кесте 1 Кластеризация жағдайында құрылыс материалдары ӛндірісінің тиімділігін бағалау параметрлері
Параметр
1 2 3 4 5
Кластердің экономикаға
әсер етуі
халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің кӛрсеткіші (кластерде қамтылғандард ың үлесі %)
кластердің
резиденттерінен түсетін
салықтық түсімдердің кӛлемі
компанияның,
кластердің және сектордың ӛнімдері деңгейінде қосылған құнның ӛсу
кӛрсеткіштері
кластер
кәсіпорындарын ың ЖІӚ-гі үлестік
кӛрсеткіші
Жеткізушілерг е жақындығы
жеткізу сапасын талдау
1-ші, 2-ші, 3-ші қатардағы жеткізушілердің саны
нақты
жеткізушілерді бағалау
Капиталдың қол жеткізілімдігі
мемлекеттік және жеке инвестициялар ың кӛлемі
тартылған
инвестициялард ың кӛлемі
банктердің
кластердің қызметіне қатысуын бағалау
тартылған венчурлік құралдардың кӛлемі
Қызмет кӛрсету секторының
ӛсуі
аутсорсингке (қаржылық мағынада) берілген жұмыстар кӛлемінің
кӛрсеткіштері
тартылған
консультанттард ың саны
кластердің қажеттіліктері үшін
ӛнімдер мен қызметтерді
ұсынатын компаниялардың саны
Сыртқы байланыстарды
ң даму деңгейі
бірлескен кәсіпорындард ың саны
ӛнеркәсіптік
одақтардың саны
сыртқы
алмасулардың саны
Әлеуметтік белсенділік
деңгейі
кәсіби, іскерлік және саудалық ассоциациялард ың саны, ассоциациялард ың белсенділік деңгейі
олардың ӛзара әрекеттерін талдау
әрбір
ассоциациядағы қатысушыларды ң саны
Іскерлік климаттың
сапасы
кластерде қайта ашылған
кәсіпорындард ың саны
орта мерзімдік
күтулер
кластерге
тартылған
компаниялардың саны
бағаланып отырған кезеңде
кластердің қызметі туралы кластердің қатысушылары-
кәсіпорындардың жеке сауалдарын интегралды бағалау
Кластерде инновациялард
ың дамуы
кластер шеңберінде ҒЗТКЖ-на мемлекеттік және жеке кӛздерден тартылған құралдар кӛлемінің кӛрсеткіштері
кластердің
қатысушылары- компаниялармен тіркелген
патенттердің саны
кластердің
кәсіпорындары шығарған жаңа ӛнімдердің саны
жаңа
технологияларға тартылған инвестициялар кӛлемі
Кластер резиденттеріні
ң бәсекелік қабілеттілік
деңгейі
кластер ӛнімдерін экспорттау кӛлемі
аймақтан тыс
жерлерде кластер
резиденттерінің ӛнімдерін сату кӛлемдері
шетелдік
валютамен операциялар жүргізу кӛлемдері
кластер
резиденттерінің жүргізген келісімдерінің саны
Адам капиталының
даму деңгейі
еңбек
ӛнімділігінің деңгейі
дипломы бар
мамандардың
саны
кластердің
қызметіне тартылған адам саны
кластерге
тартылған практиканттар мен
оқушылардың саны
Ұсынылып отырған модельге сәйкес, кластердің қызмет етуінің тиімділігін есептеуден басқа, «Құрылыс материалдары»
кластерінің бәсекелік қабілеттілігін анықтауға да болады. Бәсекеге қабілетті кластерлер келесідей белгілерге ие болып табылады [3]:
- нарықтағы (кӛп жағдайда әлемдік нарықта) тұрақты немесе кӛшбасшылық жайғасым, ӛйткені кластердің бәсекелік қабілеттілігі
оның сыртқы нарықтардағы үлесіне, сондай-ақ, осы үлестің ӛсу қарқынына да байланысты болып келеді;
- ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қабілеттілік және технологиялық артықшылықтарды сәтті ӛткізілетін ӛнімге аудара білу;
- ӛзін-ӛзі жаңартып отыруға қабілеттілігі, ӛйткені кластерлер ӛзін-ӛзі қолдау және ӛзін-ӛзі басқару бойынша қызметті жүзеге асырулары қажет.
Осы аталған белгілерден басқа кластердің бәсекелік қабілет- тілігі келесі элементтер бойынша анықталады:
Нарықтағы жайғасым
Әлемдік нарыққа қатысу
Экспортты дамыту
Экспорт үшін жаңа нарықтардың табылуы
Әлемдік нарықта кластер үлесінің ӛзгеруі
Кластер үшін экспорт кӛлемдерінің ӛсуі
Кластердің қатысушылары-фирмалар жұмыс істейтін жаңа нарықтардың саны
Технологиялық кӛшбасшылық
Репутация
Жаңа ӛнімдерді әзірлеу
Мамандардың біліктілік деңгейі
Осы кластердің ғылыми-зерттеушілік әзірлемелерінің маңыз- дылығы туралы ӛнеркәсіптің бұл саласында жұмыс істейтін эксперттерден сауалнама алу
Маңызды жаңа ӛнімдердің саны
Басқа кластерлермен салыстырғанда біліктілік деңгейіндегі ӛзгерістерді зерттеу
Жаңаруға деген қабілеттілік
Жаңа фирмалардың құрылуы
Шетелдік фирмаларды іске қосу
Экономикалық белсенділіктің үлесі
Кластердің құрамындағы фирмалар санының ӛзгеруі
Кластер шеңберіндегі шетелдік инвестициялардың кӛлемі (және сапасы) [4].
Сонымен, кластерлік қатынастардың қалыптасуы жағдайында ӛндірістің тиімділігін арттырудың барлық факторларының қызмет ету мүмкіндіктері маңызды түрде кеңейе түседі.
Экономиканы құрылымдық қайта құру, экономиканың нақты, шикізаттық емес секторына кӛшу; жоғары технологиялар негізінде халық шаруашылығының аса маңызды салаларын – ӛнеркәсіпті, құрылысты, кӛлік пен байланысты модернизациялау; экономиканы қаржылық сауықтандыру; елдің әлемдік шаруашылықтық байла- ныстарға шектеулі түрде араласуы жүзеге асырылып жатыр.
Осындай жағдайларда еңбек ӛнімділігінің ӛсуін, бүкіл ӛндірістің тиімділігін кӛтеруді, экономикалық ӛсуді ынталандыра- тын нақты іс жүзіндегі құрал болып табыла алатын кластерлік экономиканы қалыптастыруға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Портер М. Конкуренция.- М.: Издат. Дом «Вильямс», 2001г.
2. Петухов Р.М. «Оценка эффективности промышленного производства: Методы и показатели», Москва, «Экономика», 2000г.
3. www.building.kz
4. Асаул Л.Н. Строительный кластер – новая региональная производственная система.//Экономика строительства.-2004., №6.