• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЭЛЕКТРЛІК ТІЗБЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕЙТІН ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЭЛЕКТРЛІК ТІЗБЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕЙТІН ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

1

О.Құрманұлы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Д.Т. Сагидолдин, А.С. Садықов, А.К. Ишангалиев, М.Т. Ұтабаев, студенттер

ЭЛЕКТРЛІК ТІЗБЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕЙТІН ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Бүгінгі студенттер, болашақта кәсіби маман ретінде шығармашылық деңгейге көтерілуі үшін, олардың екі қанаты  «білім» және «ғылым», бір базалық тұғыры  «практика»

болатындығын ескеріп, бұл ұғымдардың арақатынасына ерекше назар аудару қажет. Демек, әрбір университеттің аса маңызды базалық тұғыры  оқу зертханасы.

Әрбір мамандық бойынша студенттер шығармашылыққа икемделуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда электроника, электротехника және радиотелекоммуникация мамандықтары бойынша оқитын студенттер мен олардың басты базалық пәндерінің біріне жататын электрлік тізбектер теориясы және практикасын ұштастыру арқылы, өздерін шығармашылыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздегі әдіснамасы нақты оқу-әдістемелік нұсқаулардың негізінде ұсынылып отыр. Мұнда оқу зертханасында студенттерге электрлік тізбектердің сұлбалары беріледі.

Студенттер өздерін шығармашылыққа бастау үшін мына талаптарды орындауы керек:

1) берілген тізбекке теориялық, аналитикалық есеп жасайды;

2) тізбекті оқу зертханасында сұлба бойынша өздері құрастырып, өлшейді, өлшеу нәтижелерін теориялық есептеумен салыстырады;

3) тізбектің сұлбасын компьютерлік сұлба техникалық бағдарлама арқылы құрастырып, толық талдау және сараптама жасайды;

5) студент берілген сұлбаға ұқсас жаңа сұлбаны өз ойынан құрастырып, шығармашылық қадам жасайды;

6) шығармасының деңгейі жоғары болған жағдайда, студенттердің ғылыми конференциясында баяндауға жолдама алады.

Біздің құрастырған жаңа инновациялық оқу зертханасының құрылымдық ерекшелігіне байланысты кейбір жетістіктерге тоқтала кетейік.

(2)

2

Жаратылыстану-техникалық факультетінің конструкторлық бюросының мүшелері (ТФ-41 тобының студенттері Сагидолдин Д.Т, Садықов А.С, Ишангалиев А.К, Утабаев М.Т.) электрлік тізбекті зерттеуге арналған көптеген зертханалық макеттерді құрастырды. Олардың біреуін ғана 1- суреттен көруге болады. Бұл макетті пайдаланып, студенттер көптеген сұлбаларды тапсырма бойынша құрастыра алады.

1-тапсырма: макеттегі резисторлардың тізбектей қосылған сұлбасын сызу (2а-сурет), осы сұлбаны макетте құрастырып зерттеу (2ә-сурет).

1-сурет

R1, R2, R3, R4, R5, R6 элементтер арқылы жүретін ток күштерін I1, I2, I3, I4, I5, I6, ал оларға түсетін кернеулерді U1, U2, U3, U4, U5, U6 арқылы белгілейік. Элементтері тізбектей қосылған сұлба үшін UU1U2U3U4U5U6, II1I2I3I4I5I6 болатындығын, студенттер біріншіден өздері құрастырған лабораториялық макетті пайдаланып, екіншіден копьютерді пайдаланып виртуальдық лаборатория әдістемесі арқылы дәлелдейді.

а) ә)

2-сурет

2-тапсырма: макеттегі резисторлардың өзара параллель қосылған сұлбасын сызу (3а- сурет), осы сұлбаны макетте құрастырып зерттеу (3ә-сурет).

(3)

3 а) ә)

3-сурет

Барлық элементтері өзара параллель қосылған сұлба үшін

6 5 4 3 2

1 U U U U U

U

U       , II1I2I3I4I5I6 болатындығын, студенттер біріншіден өздері құрастырған лабораториялық макетті пайдаланып, екіншіден копьютерді пайдаланып виртуальдық лаборатория әдістемесі арқылы дәлелдейді.

3-тапсырма: макеттегі резисторлар арқылы өзара аралас қосылған күрделі сұлба сызу (4а- сурет), осы сұлбаны макетте құрастырып зерттеу (4ә-сурет).

а) ә) 4-сурет

Элементтері аралас қосылған күрделі сүлбаны зерттеу үшін алдымен аналитикалық есеп жасайды, ондағы қорытқы кедергі және ток күші мен кернеуді анықтайтын өрнектерді қорытып шығарады. Содан кейін аналитикалық есептеу нәтижелерін нақты және виртуальдық лаборатория жұмыстары арқылы дәлелдеуі керек.

4-тапсырма: студент өзінің ойлап тапқан сұлбасын құрастыру.

1. Жоғарыда келтірілген методикалық жұмыстарды атқару барысында студенттер бәсекелестікке қабілетті, шығармашыл маман ретінде кәсіби құзыреттілігі қалыптасуына нақты мүмкіндіктер жасалады:

1) берілген тізбекке теориялық, аналитикалық есеп жасап үйренеді;

(4)

4

2) тізбекті оқу зертханасында сұлба бойынша өздері құрастырып, өлшейді, өлшеу нәтижелерін теориялық есептеумен салыстырып нақты нәтижелерді игереді;

3) тізбектің сұлбасын компьютерлік сұлба техникалық бағдарлама арқылы құрастырып, толық талдау және сараптама жасау нәтижесінде заманауи зерттеу әдістемелерін игереді;

5) студент берілген сұлбаға ұқсас жаңа сұлбаны өз ойынан құрастырып, шығармашылық қадам жасайды;

6) шығармасының деңгейі жоғары болған жағдайда, студенттердің ғылыми конференциясында баяндап, жеткен жетістігін оқу процесіне ұсынады, осылайша кәсіби құзыреттілігі біртіндеп қалыптаса бастайды.

2. Арнаулы бақылаулардың нәтижесінде студенттердің бәсекелестікке қабілеттілігі мен шығармашылық қабілетінің 2006-дан 2008 жылдары қалыптасу деңгейін анықтаған едік (1- диаграмма).

Мұндағы соңғы жылдары студенттердің бәсекелестікке қабілеттілігі мен шығармашылық қабілетінің 5 балдан 50 балға дейін көтерілуі біздің ұсынып отырған теория мен практиканы ұштастыру арқылы, шығармашылыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздегі инновациялық оқыту технологияның нәтижесі деп айтуымызға болады.

1-диаграмма

Әдебиеттер тізімі:

1. Электроника. Электрониканың салалары және олардың физикалық-техникалық негіздері.

Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007215б.

2. Теория электических цепей. Учебное пособие.  Астана: ЕНУ им.. Л.Н. Гумилева. 2008 280 с.

3. Кұрманұлы О., Ерзадақызы М. Электрлік тізбектер теориясы. Оқу құралы Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2008 - 200 б.

4. Құрманұлы О. Электроника. Импульстік және цифрлік электрониканың негіздері.Астана:

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007 135 б.

0 20 40 60 80 100

2004-2005 2005-2006 2006-2007

Referensi

Dokumen terkait

Осылайша, математика курсын жоғары оқу орындарында оқытудың кәсіби бағдарының теориялық негіздерін қалыптастыру мәселелері кешенді болып табылады және әр оқу орнының жеке ерекшелігімен