1
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТІЛАШАРЛАР – ЕРТЕҢГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ НЕГІЗІ
Мұхтарбай Ӛтелбаев*, Дәуренбек Әзенұлы Әубәкір, Күнсұлу Ерғалиева
*ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев ат-ғы ЕҰУ һәм М.В.Ломоносов ат-ғы ММУ профессоры,
ҚР Мемлекеттік және «Алтын адам» сыйлықтарының иегері.
Кіріспе. Бүгіндері адам ӛміріне электроника, информатика (математикамен аралас-құралас) ӛте күрделі ӛзгерістер енгізді. Алдымыздағы жылдары информациология – ақпараттандыру дами түседі. Мысалға,
«электрондық тәржімалағыш» адам баласы бір-бірімен сӛйлесуге шексіз мүмкіндік жасайды. Әркім бір ғана – ана тілін білсе жеткілікті болады. Бұл жаһандану үрдісіндегі кедергілердің біразын алып тастайды. Кӛп елдердің жаһандануға қарсы болуына – ана тілімізден ажырап, ұмытып кетеміз деген қорқыныш себеп болып отыр. «Электрондық тәржімалағыштарға» ұлы халықтар кедергі жасауы мүмкін. Мысалы испан тілінде сӛйлесетіндер (олар 300 млн-нан астам) кечуа тілінен кез келген тілге аудара алатын аударғыш пайда болуына немқұрайлы қарайды. Себебі, олар кечуалар испан тілін қабылдап, ӛз тілін және мәдениетін ұмытып кеткенін қалайды. Қытай немесе ТМД елдер территориясында одан да тұрпайы мысалдар бар. Осындай жағдайға қарамастан, тәржімалағыштар сӛз жоқ пайда болады, бес-он жыл ішінде бізге де жетеді. Алдымыздағы жылдары бізді роботизация дәуірі күтіп тұр. Ол да электроника, математика, жасанды зерде ілімі және кибернетиканың дамуына тікелей байланысты.
Адам ӛркениеті дами береді, ӛрісі, меңгерген техникасы кеңейе береді, кеңейе береді, сӛйтіп жаңғырмалы – инновациялық тәсіл-айла, технологиялардың небір ғажайыптары арқасында ғарыш кеңістігінің тұңғиықтарына шейін ӛз-ӛзінен қалпына келіп отыратын қуат кӛздеріне негізделген ноосфералық білім мен тәсіл-айлаларға – технологияларға сүйене отырып, игеріп алады. Яғни, қол-созымдағы ертеңгінің ғылыми тірегі ноосферология болмақ [1-3]. Ал оның қарастырылып отырған мәселеге байланысты бір бағыты һәм салдары жасанды зерде, табиғи зерде ұғымдарының математикалық лингвистиканың метатеориясы арқылы бір- бірімен қабысып, үйлесім табуы болмақ.
Елімізде «электрондық үкімет – e-үкімет» (ЭҮ) жүйесі қалыптастырыла бастады. Осы үрдіске байланысты кӛкейде жүрген біраз ойларымызды ортаға салып, қалайда тӛл тіліміздің жоғары мәртебесін сақтап қалу амалын қауымдасып зерделесек деген үмітпен тӛменде ӛз ұсыныстарымызды мамандар талқысына жолдамақпыз ([4-5] әдебиет кӛздерін қосымша қараңыз!).
Ұсыныстарымыз:
Осы ЭҮ жүйесі толыққанды жұмыс істеуі үшін кӛптеген шаралар атқарылуы тиіс. Маман ретінде айтарымыз: тіл саласындағы электрондық IT-
2
технология сӛздіктер мен мәтіндік тәржімалағыштармен ғана шектелмеуге тиіс. Электрондық аудармашы – тәржімалағыштар жасау ісі ӛте күрделі және кӛп уақытты талап ететін жұмыс екенін қазір әркім түсінеді.
Сондықтан электрондық сӛздіктер жасауды:
- қалта (портативтік) компьютеріне икемделген электрондық тілашарлар – электрондық тіл ұстартқыштар, тілмаштар, сӛздіктер жасаумен;
- және де осы тұрғыдағы арнайы тәржімалағыштар жасаумен ұштастыру қажет.
Олар жалпы қолданысқа арналған және де кәсіби қолданысқа арналған – деп екіге бӛлінуі ықтимал.
Түсініктеме:
Бағдарламалық жасақталуы тиісті ыңғайға келтірілген компьютердің
«қолынан келмейтіні жоқ!» – десек болғандай. Қазірдің ӛзінде компьютерге сӛздіктер енгізуге болады. Демек, жеке-дара сӛзді компьютерге жазсақ, оның ағылшынша (немесе басқа бір тілдегі) баламасын экраннан оқи аламыз.
Сондай-ақ, қысқа сӛйлемдерді де компьютерге енгізіп сӛйлемдер базасын жасап алуға болады. Себебі компьютердің жадына триллиондаған сӛйлем енгізуге мүмкіндік бар. Адам бір секӛндте – 2 сӛз, бір тәулікте – 72000 сӛз сӛйлей алады екен, сонда жылына – 25 млн сӛз, ал ӛмір бойғы адамның сӛйлей алатын сӛздері 2,5 млрд-тан аса алмайды. Демек, компьютерге сиятын сӛйлемдер, ол адамның ӛмір бойы пайдаланатын сӛздерінен мыңдаған есе кӛп. Қазір кӛп жерде компьютерге сӛйлемдер енгізіп, мәтіндер жазып қойып, соны пайдаланып жүргендер баршылық. Әзірге кӛбінесе жазба түрінде пайдаланылады, оны мәтіндік редактор деп атап жүр. Сіздің жеке-дара кӛмпьютеріңіз болса, оны сіздің аузыңыздан шыққан сӛзді дәлме-дәл жазатын етіп үйретуге болады. Осыны пайдаланып мынадай амал істеуге болады: Менің компьютерімде қазақша-ағылшынша сӛйлемдер сӛздігі бар.
Менің компьютерім менің сӛйлеген сӛзімді жаза алады, яғни үйретемін.
Қазақша жазылған сӛйлемнің ағылшыншасын компьютер сӛйлемдер сӛздігінен табады. Содан кейін ағылшын тілінде стандартты дауыспен сӛйлейді, дыбыстап айтып береді. Сӛйлегенді мысалы ауғандық пуштунның қолындығы компьютер естиді. Сӛйлем стандартты дауыспен сӛйленгендіктен, оны пуштунның компьютері түсініп, пуштуншаға аударады (ол ӛзінің компьютеріне пуштун-ағылшын сӛйлемдер сӛздігін салып жүр деп отырмыз). Компьютер иесіне пуштунша сӛйлеп, менің айтқанымды жеткізеді. Керісінше, оның айтқанын маған компьютерім қазақша айтып береді. Демек, ұзамай он-он бес жылда осындай компьютерлік бағдарламалар істей бастауға тиіспіз. Бастапқы кезде бұл әдіс біраз қиындыққа душар болар.
Ең бастысы мұндай мүмкіндік бар екені, әлбетте, қазіргі техника деңгейіне әбден сай келеді. Әр адам ӛз жанында мӛлтек автономды жұмыс істейтін қалта компьютерін алып жүреді. Ол сымсыз Интернетпен жалғасады немесе тікелей ашық эфирге шыға алатын болады. Мұндай істі қазақтар бастай берсе
3
болар еді. Бұл жоспар іске асу үшін стандартты сӛйлемдер ағылшын тілінде сайтта – Интернетте болуға тиіс, олар стандарт дауыспен – әйел дауысы мен ер-адам дауысы арқылы жазылуға тиіс. Әр халық ӛз тіліне аударып, осы бағдарламамен пайдаланады. Осылай етуге ағылшындар да мәжбүр болады.
Себебі, олардың дауысы әлі де стандарт емес. Осы айтылғанға байланысты егемен елдердің халқы бір-ақ тіл оқуына болады. Біздің қазағымыз ӛз тілінен ажырап қалу қаупі бар. Ӛйткені қазірдің ӛзінде қазақтардың 60 пайызға жуығы қазақ тіліне қарағанда орыс тілін жақсы біледі, оның ішінде қазақша білмейтіндері де аз емес. Бай әулеттерде тәрбиеленген балалар қазақ тілін шала білетіні жиі кездеседі. Қазір қазақтар қалаға ауысып жатыр, ДСҰ-ға кірсек (ВТО), ауыл халқының қалаға ұмтылысы бүгінгіден әрі үдеуі де мүмкін, ауылдың халқы барлық халықтың 5%-10% болатын жағдайға келеміз. Қала халқы қазақ тілінде сӛйлеуді азайтқан. Себебі қалада қазақша білмейтін орыстар, басқа ұлт ӛкілдері бар. Сондықтан да болар, қала тілі – орыс тілі болып тұр. Дүкендерде, базарда, жұмыста, кӛшеде орыс тілі қолданылады.
Әлбетте, қазақ мектептері бүгіндері кӛптеп пайда бола бастады. Бірақ- та, сол мектептердің мұғалімдері де оқушылары да сабақтан тыс кездерде орысша сӛйлейді. Сондықтан, таза қазақтар тұратын ауылдарды сақтап қалмасақ, біз білімімізді мүлде бүлдіреміз, мәдениетімізден ажыраймыз.
Мысалға, бізде ӛте керемет дәстүр – айтыс бар. Бұл ӛнер түрі дамыған елдерде не болмаған, не құрып кеткен. Ал айтыс ақындары осы күнге дейін тек қана ауылдан шығып отыр емес пе? Ауылдармен бірге ол ӛнердің мәйеі –
«ӛнер алды – қызыл тіл!» де жойылары сӛзсіз.
Міне, сондықтан да тӛл тілімізді сақтап қалудың және де оны Қазақстан халқына ортақ тіл етудің бірден-бір жолы – оның шын мәнінде мемлекеттік мәртебесін құзырлау. Егемендіктің 15 жылы бұл мәселенің оң шешілуіне жеткілікті болды – деп айта алмаймыз. Иә, мұндай қажеттілікті енді-енді ғана халық болып сезінгендей межеге жеткен сияқтымыз. Оны Қазақстан халықтары Ассамблеясының биылғы XII сессиясы кӛрсетті, сондағы Елбасымыздың сӛйлеген сӛзі Елдің барша жұртына мемлекеттік тіл мәртебесін түбегейлі ұлықтап берді дей аламыз.
Қосар ойымыз бен нақты іс-қимылымыз:
«Шайтан арбаны қайта-қайта жасауға талпынғанша», дұние жүзіне ширек ғасырдың ары-берісінде тарап үлгерген, содан таралуы жағынан
«әлемдік тіл» деген дәрежеге жеткен ағылшын тілінің “тәжірибесін” неге пайдаланбасқа. Математика, жаратылыстану және техникалық, технологиялық ғылым-білім салалары үшін «Английский для математиков»,
«Английский для физиков», «Английский для химиков», «Английский для естественников» «Технический английский» – дегендейіндер ағылшын тілін сондай мәртебеге жеткізді емес пе?! БҒМ тарапынан ұсыныс түссе, біздің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де осыларға ұқсас
«Математиканың қазақшасы», «Физиканың қазақшасы», «Химияның қазақшасы», «Техниканың қазақшасы», «Технологияның қазақшасы»,
4
«Кибернетиканың қазақшасы» т. б. кәсіби ортаға бейімделген бірер оқулық құралдар жасақтауға қатысады – деп те жұртшылықты сендіре аламыз.
Жарияланып отырған ұсыныстарымызды жүзеге асыруға келтірмейтіндей кедергі бүгінгі күні жоқ деуге әбден болады.
Компьютерлендіру үрдісінің бүгінгі және жақын болашақтағы даму қарқыны біздің қолға алатын ісіміздің оң шешілетініне жеткілікті кепілдік бола алады.
Егер тек мәтіндік деңгейде қарасақ, онда мәселенің шешімі бүгіндері-ақ кӛрініп тұр десек, қателеспейміз. Бұған бір нәрсе ғана кішігірім кедергі – ол тілімізде осы күнге дейін қазақ-латын транслитерациялық жүйесінің стандартталмауы. Бұл мәселе кӛп ұзамай 2-3 жылда шешімін табатындығына сенімдіміз және де сол іске де үлес қосамыз.
Дыбыстауды қажет ететін фонемдік деңгейді алатын болсақ, қазақ- латын транслитерациялық жүйесін стандарттау кезінде тӛл тіліміздің фонетикасын һәм орфоэпиясын халықаралық стандартқа сай етіп, жӛндеп алуды да қолға алмақпыз.
Осы жұмыстардың бәріне ғылыми-технологиялық негіз болатын математикалық лингвистиканың метатеориясын жасақтау да біздің құзырда болмақ.
Қорытынды бап:
«Электрондық үкімет» біз құптасақ та, құптамасақ та болатын шаруа екен, онда соған негіз болар электрондық тілашарларды жасақтауды ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастап қолға алғанымыз лазым. Бұлай болмаған жағдайда, ЭҮ дегеніңіз жай ғана жария, жарнама ақпараттар жиынтығы болып қана қалады. Ал ондай бұйым үшін үкіметтің қыруар қаржысын тәрк ету – ұят іс.
Мемлекеттік тіл мәртебесін шын мәнінде іс жүзіне асыру жай сӛз- бұйдаға салумен шешілмейтіні барша жұртқа енді ғана түсінікті бола бастады. Ал бүгінгі IT-технологияларына қазақ тілі толыққанды енгізілсе, онда мәселе басқаша болмақ. Мемлекеттік тіл құзырлылығының тағы бір қыры – шет елдермен хат-хабар алыс-беріс, сол елдердегі елшіліктеріміздің жұмысы. Ал бүгінге дейін кӛріп жүргеніміз: қай елге Елбасымыз бармасын, баяндамасын орысша оқиды, яғни сол жердегі елшілік қызметі де орысша ұйымдастырылады деген сӛз. Ендігіде бұндай егемендігімізге, елдігімізге сызат түсіретін жәйттерден аулақ болған жӛн, әйтпесе “Жириновский синдромы” әркез алдымыздан шығып, қайталана бермек. (Оған орыс тілінде біздің Ел нота тапсырған кезде: «Міне, кӛрдіңіздер ме, қазақтар ӛз мемлекеттік тілінде осы күнге дейін нота толтыра алмайды!?» – деп, орысша жазылған қағазды лақтырып жіберген екен, бұл масқара емей – немене, сонда?..). Ұсыныстарымыз іске асқан күнде Ел ішінде һәм одан шалғай Жер шарының кез-келген нүктесінде қазақ тілі толыққанды қолданыс тауып, ортақ игілікке айналмақ. Тіптен, басқа үлкенді-кішілі тіл қоғамдастықтарына үлгі болуға лайық осынау тұжырымдалған ұсыныстарымыз түптің-түбінде оларға
5
да түйіткіл болып шықпасына кім шәк келтіре алмақ, халайық?! Сондықтан біздің ұсыныстарымызды әркім ӛз ой елегінен ӛткізіп, бір пәтуаға келсек-игі.
Әдебиеттер:
1. Әубәкір Д.Ә. Ноосферология – жаңа ғасыр ғылымы. // Нұр–Астана газеті. – 2005. – №42. – 0,5 б.т.
2. Әубәкір Д.Ә. Дүниенің ноосфералық-арқандық бейнесінің кеңістік- уақыттық тұтастығы және орнықты даму философиясы. // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – 2005. – №5(251). – 65-71 б.
3. Әубәкір Д.Ә., Асылбеков А.Н. Ноосферология и юридические проблемы обеспечения надежности технических систем. Бесперспективность технологических преступлений. // Методы и средства технической диагностики: сб. научных статей. – Вып. XXII. – Йошкар-Ола: МарГУ, 2006.
4. Ӛтелбаев М., Әубәкір Д.Ә. Тілді дамытудың кепілі – кәсібилендіру. //
Тіл және қоғам альманахы. – Астана, 2006. – 78-84 б.
5. Әубәкір Д.Ә. Ӛлеңнен ӛрдім поэма, арқаннан естім тәсілді. Инновация инновации рознь. – Семей: «Printmaster» ПК, 2006. – 250 б.