«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
113
ОӘК [004:371.67]:378.147
А.К. АЛЬЖАНОВ, К.У. НИГМЕТОВ, М.Т. АЛЬЖАНОВА
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Қашықтан оқыту саласында әлемдік тәжірибе көптеген жылдар бойы жиналған. Қашықтан оқыту АҚШ-та 60-шы жылдардың ортасынан бастап пайдаланылды. Ал Еуропада (Ұлыбританияда) қашықтан оқыту 60-шы жылдардың соңында пайда болды. Оқыту курстары негізінен телевизор және радио арқылы қолданылды. Қашықтан оқытудың маңызды идеялары, оның стратегиясы мен технологиясы 90-шы жылдары қалыптасқан. Қазақстанда қашықтан оқыту 2002-ші жылдан бері пайдаға асуда.
Әлемдік беталыстың дәстүрлі емес оқыту үлгісіне ауысу салдарынан қашықтан оқыту технологиясы бойынша жоғарғы оқу орындарының саны көбеюде. Қашықтан оқыту жүйесінде бірінші кезекте Америка мен Еуропа тұр.
Елімізде компьютерлік оқыту бағдарламалары және электрондық оқулықтар арқылы білім берудің жаңа ақпараттық технологиясына ауысу маңызды мәселе екендігі белгілі. Оқу жүйесіне компьютерлік оқыту бағдарламаларын енгізу сабақтың көрнектілігін кеңейтеді, көзге көрінбейтін құбылыстар көрсетіліп, студенттердің өзіндік талаптары бойынша оқыту жүзеге асырылады.
Компьютерлік графика пен анимацияның мүмкіндіктері көптеген пәндерді оқытуды жеңілдетеді.
Жаңа ақпараттық технологияның көмегімен студенттің оқу материалын қабылдау процесін тереңдету үшін сынақ өткізу бағдарламасын жүйелі түрде енгізуге болады.
Электрондық оқулық (ең жақсы дегеннің өзі) кітаптың орнын баса алмайды да, баспайды да.
Кітап бойынша құрылған фильмді көру және сол кітапты оқу бірдей болмайды. Электрондық оқулық оқушыны кітапты қолдануға итермелеуі керек. Электрондық оқулық жасау үшін кітаптағы мәтіндерді көшіру, көркем суреттермен және де мультимедиалық жабдықтармен безендірілуі жеткіліксіз.
Электрондық оқулық суреттер мен мәтінге, не анықтамаларға ұқсамауы керек. Оның мақсаты басқа.
Электрондық оқулық маңызды түсініктерді, тұжырымдар мен мысалдарды түсіну мен есте сақтауды барынша жеңілдету керек және де оқу үрдісіне кітаптан басқа адам қабілетін, яғни есту, эмоционалды жадыны және де компьютерлік түсіндірмені қолдануын іске қосуы тиіс. Мәтіндік құраушы шектеулі болуы керек – ол үшін кітап жеткілікті [1].
Электрондық оқулық құрудағы ұстанымдар:
1. Кванттау ұстанымы: мазмұны бойынша тұйық, көлемі бойынша минималды модульдерден тұратын материалды бөлімдерге бөлу.
2. Толықтылық ұстанымы: әрбір модуль компоненттерден тұру керек.
3. Көркемділік ұстанымы: Әрбір модуль жаңа түсіндірмелерді есте сақтауды, түсінуді оңайлататын, аз мәтін мен визуализациялы кадрлар топтамасынан құрылу керек.
4. Тармақталу ұстанымы: қолданушының басқа модульдерге мүмкінділігі болуы үшін, әрбір модуль гипермәтіндік сілтемелермен байланысу керек. Жүйелі білім алу үшін мұндай сілтемелер қолдану өте қажет.
5. Реттеу ұстанымы: студент кадрлардың ауысуын өзі реттеп отырады, яғни өзіне қажетті есебін, бақылау жұмысын, мысалдарды таңдап, кез келгенін экран бетіне шақыра алады.
6. Адаптивтік ұстанымы: оқу үрдісінде жеке әрбір қолданушының талабына сай адаптация жүру керек. Оқушының болашақ мамандығына сай оқу материалының тереңдігі мен қиындық деңгейінің арасында ауысу мүмкіндігі, қолданушыға қажет қосымша иллюстративті материал, графикалық және геометриялық интерпритациялар болуы қажет.
«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
114
7. Компьютерлік қолдау ұстанымы: жұмысының кез келген сәтінде, студентті артық жұмыстардан босататын, оқып жатқан материалына көп көңіл бөлуге болатын мүмкіндік бөлу үшін оқушыға компьютерлік қолдау көрсетеді. Компьютер кез келген деңгейдегі қиын операцияларды, графикалық құрылымдарды орындайды және нәтижені кез келген деңгейде тексеріп беруге мүмкіндік береді.
8. Жинақталу ұстанымы: Электронды оқулық оларды топтауға, жаңа мәліметтермен толықтыру, кеңейту және де әртүрлі пән бойынша кітапхана құру немесе студенттің жеке кітапханасын құру мақсатында белгілі бір форматта (пішінде) орындалуы қажет.
Электрондық оқулықтың әдістемелік құралдарының тағайындалуы мен орындалуы.
Электрондық оқулық күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге өзіндік жұмыс жасау үшін қажет, өйткені:
Оқылып жатқан материалды жеткізу әдісіне байланысты есту және эмоционалды жадыға әсер ете отырып тез үйренуге мүмкіндік береді;
Оқушының қажетіне, интелектуалды деңгейіне қарай адаптация, яғни үйрену жүреді;
Көп мысалдар қарастыру үшін, көбірек есеп шығару үшін артық, қиын жұмыстардан босатады;
Жұмыстың барлық деңгейінде өзін өзі тексеру;
Жұмысты әсемдеп, көркем түрде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік береді;
Сабырлы ұстаздың мысалы бола алады, өйткені қайтадан материалды қайталауға, жаттығуға мүмкіндік береді;
Зертханалық жұмыстарды жүргізу кезінде оқулық арнайы аудиториаларда өте пайдалы, өйткені:
Компьтерлік қолдауларды уақытты үнемдеу үшін қолайлы;
Мұғалімге өзі басқарушы бола тұрып, сабақты өзіндік жұмыс ретінде компьютерлерде отырып өткізуге мүмкіндік береді;
Мұғалімге компьютер көмегімен оқушының білімін қадағалауға, өзіне қиындық деңгейін орнатуға мүмкіндік береді;
Электрондық оқулық оқытушы үшін өте ыңғайлы, өйткені:
Өз қалауымен дәрістерге және практикалық сабақтарға аз, бірақ маңызды материалдар беруге көп мүмкіндік береді;
Өзі қиналмай, үй жұмысын тексеруді компьютерге тапсырады;
Үйге берген тапсырма мен аудиториядағы қарастырылып жатқан тапсырмалар санының қатынасын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді;
Студенттердің әрқайсысымен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді, әсіресе үй жұмысына қатысты [2].
Электрондық оқулық құрудың негізгі бөлімдері:
1. Бастамаларды таңдау;
2. Қайта өңдеу құқығы туралы автормен келісім – шарт жасау;
3. Мазмұнымен бірқатар түсіндірме жасау;
4. Бөлім бойынша модульдерге мәтіндерді өңдеу;
5. Гипермәтінді электрондық түрде жүзеге асыру;
6. Компьютерлік қолдау жасау;
7. Мультимедиалық көрініс үшін материал таңдау;
8. Дыбыстық өңдеу жүргізу;
9. Дыбыстық материалдарды жүзеге асыру;
10. Материалдарды визуализацияға дайындау;
11. Материалдың визуализациясы;
Электрондық оқулық құрудың әдістемелік ұсынымдары:
Бірінші саты
«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
115
ЭО жасау үшін бастапқыда мына сұраныстарға жауап беретін баспа және ЭБ қолдану керек:
Стандартты бағдарламаға ең сәйкес келетіні;
гипермәтінді жасауға ыңғайлы;
өзінде көп мысалдар мен тапсырмалар қамтитын;
ыңғайлы пішінде жинақталу ұстанымы;
Екінші саты
Таңдалған бастаулармен бағасы мен сапасы өзімізге ыңғайлы болса, келісім – шартқа тұру;
Үшінші саты
Мазмұны дайындалады, яғни материалды модульдерден құралған бөлімдерге бөлу және пәнді тез игеру үшін бірқатар түсіндірмелер құралады;
Төртінші саты
Мазмұнға, модуль құрылымына қарай мәтіндер өңделеді. Бастаудағы жоқ нәрселер толықтырылып, мәтіндер қосылады, анықтамалық жүйесі құрылады, модульдер арасында байланыс орнатылады.
Яғни гипермәтін жобасы компьютер арқылы іске қосу үшін толық дайындалады.
Бесінші саты
Гипермәтін электрондық түрде іске асады. Нәтижесінде оқуға қолдануға болатын қарапайым электрондық құрал пайда болды. Бірақ бұл толық ЭО емес, мұндайды студенттер сатып алмайды.
Алтыншы саты
Компьютерлік қолдау жүзеге асырылады: компьютерге қандай математикалық операциялар, қандай түрде жауап беру керек екендігі анықталады; Студенттерге қажет, аудиториалық сабақта қолдануға болатын мұғалімге де пайдалы жұмыс істейтін ЭО жасалады
Жетінші саты
Белгілі нәрселерді түсіндіруде әдістемелер ауыстырылады және мультимедиалық материалдармен ауыстыру үшін мәтіндер таңдалады.
Сегізінші саты
Оқушының есту жадысын қолдану үшін түсіну мен есте сақтауды жақсарту үшін бөлек модульдердің дыбысталған мәтіндері дайындалады.
Тоғызыншы саты
Дайындалған дыбыстық мәтіндер диктофонға жазылып, компьютерде жүзеге асырылады.
Оныншы саты
Оқушының эмоционалды жадысын қолдана отырып түсінуге көмектесетін модульдерді көркемдеп безендіру, яғни визуализацияға дайындалады.
«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
116
Он бірінші саты
Мәтіндердің визуализациясы іске асырылады, яғни сурет, графика, анимацияланған сценарилер компьютердің көмегімен жүзеге асырылады. Осымен ЭО өңделіп дайындығы бітіп, оның іске қосылуы басталады.
Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық:
Бұл жұмыс сатысының мазмұны:
1. сынақтан өткізу;
2. іске қосу бойынша белгілі инструкция дайындау;
3. әдістемелік қамтамасыздандыруды дайындау;
4. тіркеу және білім Министрлігінің грифін алуға материалды дайындау;
5. тіркеу және белгі алу. Белгі алу екі кезеңнен тұрады:
1) Федералды эксперттік кеңес ғылыми техникалық экспертиза жүргізеді, сосын ФЭК бекітетін эксперттік қорытындылау болады;
2) Білім Министрлігінің эксперттік қорытындылауы бойынша шешім қабылданады;
6. ЭО қорғау және тарату. Қорғау мәселесі әлеуметтік мәселені қарастыруға алып келеді.
Егер оқулықта материалдар толық болмаса, еңбегіміз бос кетеді, өйткені білім беру жүйесімен қабылданбайды. Сондықтан ЭО әдістемелік қамтамасыз ету өте маңызды рөл атқарады. Осыған орай, бұған көп көңіл бөлуге тура келеді. Білім беру реформасы мұғалімдер мен оқушыларға аудиторияларда да және үйде де қолдануға болатын бір компьютерлік ортаны қамтамасыз етеді. Осы жерде еуропалық білім беру жүйесін қарастырып өткен жөн. Орта ғасырларда шәкірттер ұстаздарына толық тәуелді болған, өйткені білім тек ұстазда болды [3]. Гутенберг кітап басуды ойлап тапқанда, бұл білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті. Кітап, қалам және қағаз – бұның бәрі ұстазда да, шәкіртте де, оқу орнында да әрі үйде де табылады. Дәл солай қазіргі заманға сай жаңа ақпарат көздері пайда болу керек.
Әдебиеттер
1. Денинг В., Эссиг Г., Маас С. Диалоговые системы "Человек-ЭВМ". Адаптация к требованиям пользователя. М.: Мир, 1984.
2. Башмаков А.И., Башмаков И.А. Разработка компьютерных учебников и обучающих систем.
– М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2003. – 616 с.
3. Коротеева Е. Маслов В. Щербаков С. Электронная библиотека учебников по информатике / Интернет. . – http://books.kulichki.ru/index.php